Жалпы педагогика


 Негізделген оқыту əдістерінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата27.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52450
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
posobie zhalpy pedagogika


16.2  Негізделген оқыту əдістерінің сипаттамасы 

  1.Дəстүрлі  сыныптамасы.  Өзінің  басын  ежелгі  философиялық  жəне 

педагогикалық    жүйелерде  құралған,  ал  қазіргі  кезде  нақтыланған  оқыту 

əдістерінің  сыныптамасы  болып  табылады.  Жалпы  бөлінудің  негізгі  белгісі 

білім көзі. Бұл сыныптама төмендегі кестеде көрсетілген. 

 

Əдістер 



Тəжірибелік 

Көру əдісі 

Сөздік 

Кітаппен 

жұмыс 

Видиоəдістер 

Тəжірибе 

Жаттығу 

Оқу-өндірістік 

еңбек 

Иллюстративті 



Демонстрациялау 

Бақылау 


Түсіндіру 

Əңгімелеу 

Əңгіме 

Инструктаж 



Дəріс 

Дискуссия 

Диспут 

Оқу 


Зерттеу 

Реферат жазу 

Шолу 

Цитата жазу 



Мазмұндау 

Жоспар құру 

Конспектілеу 

Қарастыру 

Оқу 

“Электронды 



мұғалім” 

бақылауымен 

жаттығу 

Бақылау 


    2.  Бағытталуы    бойынша.  Негізгі  сыныпталу    көзі  жəне  белгісі  ретінде 

этаптар қарастырылады, яғни: 

       -  білімді қабылдау

       -  дағдылар мен іскерліктің қалыптасуы; 

       -  білімді тəжірибеде қолдану; 

       -  шығармашылық іскерлік; 

       -  бекіту; 

       -  білімді тексеру

3.  Танымдық  іскерлік  типі  бойынша  оқыту  əдістерін    И.Я.  Лернер  жəне 

М.Н. Скаткин қарастырған болатын: 

       -  түсіндірмелі-иллюстративті; 

       -  репродуктивті; 

       -  мəселелі мазмұндау; 

       -  бөліктік-ізденушілік (частично-поисковый) 

       -  зерттеу (исследовательский) 

Түсіндірмелі-иллюстративті    əдістің  мəні  оның  келесі  белгілері  арқылы 

көрінеді: 

1) Студенттерге білім “дайын түрде” ұсынылады; 



 

76

2)  Мұғалім осы білімді студенттер оны жоғары деңгейде қабылдау үшін əр 



түрлі əдістерді ұйымдастырады; 

       3 )  Студенттер бұл білімді өздерінің жадыларында сақтайды. 

      Репродуктивті əдіс келесі белгілер арқылы көрінеді: 

      1)  Студенттерге білім “дайын түрде” ұсынылады; 

   2)  Мұғалім  тек  қана  ақпаратты  беріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оны 

түсіндіреді; 

      1) Студенттер бұл білімді өздерінің жадыларында сақтайды; 

    2)  Қабылдаудың        беріктігі    білімді      бірнеше    рет      қайталау      тəсілімен 

қамтамасыз етіледі. 

Бөліктік-ізденушілік  (частично-поисковый)  немесе  эвристикалық  əдіс 

келесілермен ерекшеленеді: 

-   білім студенттерге дайын түрде ұсынылмай, оны өз бетімен іздеу керек; 

-  мұғалім  ақпарат  пен  білімді  баяндамай,  бұл  білімді  іздеуде  қандай 

құралдарды, жолдарды қолдау керектігін баяндайды; 

-  студентер мұғалім басшылығымен өз бетінше білімді талқылап, əр түрлі 

пайда болған мəселелерді шешеді. 

4. Дидактикалық мақсаттар бойынша оқыту əдістері 2 топқа бөлінеді: 

  1. Оқу материалының біріншілікті қабылдауына əсер ететін əдістер; 

  2. Алған білімнің жетілдірілуі жəне бекіту əдістері. 

5.  Оқыту    əдістерінің  бинарлы   жəне   полинарлы   сыныптамалары   бар. 

Олардың  сыныптамасы 2 негізгі  белгілері  арқылы  топтастырылады:  яғни 

оқытудың əдістері мен оқу əдістері. Оқыту əдістерінің бинарлы сыныптамасын 

Махмутова  М.И.  қарастырған  болатын.  Бұл  белгілер  төмендегі  кестеде 

көрсетілген: 

Оқыту əдістері 

Оқыту əдістері 

Оқу əдістері 

Ақпаратты 

Түсіндірмелі 

Инструктивті тəжірибелі 

Түсіндірмелі-тудырушы 

Тудырушы 

Орындаушы 

Репродуктивті 

Продуктивті-тəжірибелі 

Бөліктік-ізденушілік 

Ізденушілік 

 

Полинарлы  оқыту  əдістері  сыныптамасында  білім  көздері,  танымдылық-



білімділік  деңгей,  сонымен  қатар  оқу  танымының  логикалық  жолдары  

байланысты болады. Бұл əдісті Паламарчук В.Ф. мен Паламарчук В.И ұсынған 

болатын. Оқыту əдістерінің басқа əр түрлі белгілері бойынша сыныптамалары 

бар. 


16.3 Оқыту əдістері жəне оларды жіктеу проблемалары 

       ХХ   ғасырдың    20-жылдарында    белгілі   педагог-ғалымдар   Б.Е. Райков,  

К.П. Ягодовский, М.М. Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, 

эвристикалық, зерттеу, лабораториялық əдістерін жасады. 

30-жылдары  М.М.  Пистрак,  П.Н.  Шимбирев,  И.Т.  Огородников  оқытудың 

жаңа  əдістерін  ұсынды.  Бұларға  əңгіме,  əңгімелеу,  көрсету,  демонстрация, 

лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады. 


 

77

50-жылдардан  бастап  оқыту  əдістерінің  жіктеу  проблемасына  айрықша 



көңіл    бөлінді.  Грузин    педагогы  Д.О.  Лордкипанидзе  оқыту    əдістерін 

топтастыруға əрекет жасады. Ол əдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге 

алды. Д.О. Лордкипанидзе оқыту əдістерін үшке бөлді: сөздік əдістер, кітаппен 

жұмыс істеу əдістері, оқыту-практикалық сабақтар əдістері. 

50-жылдардың  аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары  Е.Я. Голант, 

С.Г.  Шаполенко,  Н.М.  Верзилин  білім  көзін    негізге  ала  отырып    оқыту 

əдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді: 

  Сөздік əдістер тобы: əңгімелеу, əңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс. 



Əңгімелеу.  Мұғалім  оқу  материалын  бірізділікпен  баяндайды.  Ол  үшін 

материалды  айқын,  сенімді  етіп  бейнелейді.  Фактыға  негізделген  мəліметтер 

əңгімелеу  түрінде  сөз  етіледі.  Əңгімелеуде    талдау,  жинақтау  тəсілдері 

пайдаланылады.  Əңгімелеу  əдісі  көбінесе  тіл,  əдебиет,  тарих  сабақтарында  

қолданылады. 

Сабақтың 

қалған 

уақытында 



оқушылар 

мұғалімнің 

басшылығымен əр түрлі жұмыстарды  өз бетінше орындайды. 

Əңгіме  əдісі  сабақта  сұрақ-жауап  формасы  түрінде  қолданылады. 

Сондықтан  оқытушы  алдын-ала  жоспар  жасап,  онда  сұрақтардың  жүйесін 

мұқият  ойластырады.  Бұл  білім  алушылардың  білімін  тақырып    бойынша 

логикалық  бірізділікпен  анықтауды  қамтамасыз  етеді.  Əңгімені  осылайша 

өткізу  оқушылардың  ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты жəне өте 

маңызды  мəселелердің    мазмұнын,  өзара    байланысын    анықтауға  

талаптандырады.  Оқушыларды    болжауға  бағыттайды,  өз  ойларын  дəлелдеуге  

мəжбүр етеді. Əңгіме əдісінің  барлық процесі  өтілген оқу материалын жүйеге 

келтіруге  жəне жинақтап қорытуға  мүмкіндік береді. 

Түсіндіру.  Мұғалім  оқу  материалын  баяндауда    оқушылардың  

белсенділігіне,  ынтасына,  білім  деңгейіне    сүйенеді,  материалдың  мазмұнын 

дəлелдейді,  кейбір  ережелердің,  ұғымдардың,  заңдардың    мəнін  ашады. 

Материалдарды  түсіндіруге    түрлі  құралдарды,  есептер  шығаруды,  жазып 

алуды  кең  түрде    қолданады,  оқушылар  баяндау  процесінде    мұғалімнің  

сұрақтарына  жауап береді, дəлелдеуге тырысады.  



Лекция.  Басқа  əдістерге  қарағанда  лекцияның  көлемі,  күрделілігі, 

логикалық  құрылысы  жағынан    өзгешелігі  бар.  Сондықтан  лекцияны  бастар 

алдында  оқушыларға нақты сұрақтардан  тұратын оның жоспары ұсынылады. 

Лекция  сұрақтар  бойынша  логикалық  бірізділікпен    баяндалады.  Əрбір 

сұрақтан  кейін  қорытынды  жасалады.  Лекцияда  кейбір  тың,  құнды  ғылыми 

əдебиеттерде    осы  уақытқа  дейін  жарияланбаған  мəселелер  баяндалады. 

Сонымен  бірге    талас  жəне  жалған  теориялар  жөнінде  нанымды  түсініктер 

беріледі.  Оқушылар  баяндалған    материалдардың  мазмұнын,  дəлелдемені,  

нақты мысалдарды, негізгі қорытындыларды жазып алады. 

Кітаппен  жұмыс.  Оқу  жұмысында  қолданылатын  құралдардың  бірі – 

оқулықтар. Олар білімді тереңірек игеру үшін пайдаланылады. Оқулықтардың 

көмегімен  оқушылар  сабақта  немесе  оқудан  тыс  түрлі  жаттығуларды 

орындайды.  Оқушылар  мұғалімнің  көрсетуімен    білімдерін  толықтыру  үшін  

жаңа  ғылыми  мəліметтерді    басқа  баспа  құралдарын  іздестіру  қажет.  Олар: 


 

78

түпдеректер материалдары, ғылыми кітаптар мен журналдар, энциклопедиялар, 



жинақтар, анықтамалар. 

2. Көрнекілік əдістер тобына демонстрация, иллюстрация, бақылау əдістері 

жатады. 

Демонстрация  əдісі  тəжірибелерді,  приборларды,  препараттарды,  табиғи 

объектілерді, кинофильмдерді т.б. демострациялауға байланысты.  



Иллюстрация  əдісінің  көмегімен  оқушыларға  иллюстративті  құралдарды 

көрсетуге болады (плакаттар, карталар, суреттер, таблицалар, схемалар). 



Бақылау əдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз 

бетімен  бақылау  жұмысын  жүргізеді.  Бақылау  мəліметтерін  оқушы  үнемі  

жазып  отырады,  ал  оның  нəтижесі  сабақта  талқыланады.  Бұл  əдіс  жоғары  оқу 

орнындағы  көбінесе  физика,  химия,  биология  факультеттерінде  кеңінен 

қолданылады. 

3.  Практикалық  əдістер  тобы:  лабораториялық,  практикалық,  графикалық 

жұмыстар, əртүрлі  

Лабораториялық  жұмыстар.  Бұл  əдістер  жабдықталған  аудиторияларда  

мұғалімнің  басшылығымен  оқушылар  табиғи    құбылыстарды,  заттарды 

зерттейді. 

Практикалық жұмыстар. Бұл əдіс оқушылардың əр түрлі іс-əрекеттерінде 

қолданылады. Жоғары оқу орындарында бұл əдіс жоғарыда айтылып кеткендей  

техникалық  маңызы  бар,  яғни  физика,  химия  сабақтарында  кеңінен 

қолданылады. 



Графикалық  жұмыстар.  Олар  оқушыларды  шыдамдылыққа,  дəлдікке, 

материалды  графика  арқылы  бейнелеуге  үйретеді.  Сонымен  қатар,  олардың  

шығармашылық қиялын, ойлау қабілетін дамытады. 

Өзіндік  жұмыс.  Озіндік  жұмыстар  оның  тапсырмасы,  мұғалімнің  

əдістемелік басшылығымен, оның тікелей қатысуынсыз орындалатын жоспарға 

негізделген  өзіндік  жұмыстары.  Бұл  жұмыстарды  орындау  барысында 

студенттердің  шығармашылық,  танымдық  іс-əрекеттері  дамиды,  өздерінің 

болашақ  мамандықтарына  ынталандыру    проблемалары  шешіледі,  ең  негізгісі  

өзінің уақытын ұтымды ұйымдастыра алады. 



Үй тапсырмасы. Студенттердің іскерлік қабілеті, дағдысы үй тапсырмасын 

орындау процесінде қалыптасады. 

М.Н.  Скаткин  мен  И.Я.  Лернер  жасаған  оқыту  əдістері  жіктеуінен  кейбір 

ерекшеліктерін  байқауға  болады.  Олар  студенттердің    танымдық  немесе 

логикалық  ойлағыштық  іс-əрекетін,  əдістерді  топтастырудың  негізгісі  деп 

қарастырады.  И.Я.  Лернер  мен  М.Н.  Скаткин  оқытудың  мынадай  əдістерін 

ұсынады: 

1.  Түсіндірме – иллюстративті əдіс 

2.  Репродуктивті əдіс 

3.  Проблемалы баяндау əдісі 

4.  Ішінара  баяндау немесе эвристикалық əдіс 

5.  Зерттеу əдісі 



Түсіндірме – иллюстративті    əдісті  ақпараттық-рецептивті    əдіс  деп  те 

атайды, өйткені ол мұғалім  мен оқушылардың  іс-əрекетін бейнелейді. 



 

79

Мұғалім  ауызекі    сөздердің,  көрнекі  құралдардың,  практикалық 



жұмыстардың көмегімен оқушыға  білім берудің іске асырады. Педагогикалық 

процесс  барысында  оқушылар  педагогты  тыңдайды,  көреді,  бақылайды,  əр 

түрлі тапсырмаларды орындайды. 

Репродуктивті  əдіс – бұл  əдістің  негізгі  белгісі  еске  түсіру  жəне 

тапсырмасы бойынша іс-əрекетінің тəсілін қайталау болады. 

Көрсетілген  іс-əрекеттің  тəсілдерін  жəне  оқушыларға  жарияланған  білімді 

бірнеше  рет  еске  түсіру  арқылы  тапсырмалар  жүйесі    бойынша  мұғалім 

олардың іс-əрекетін ұйымдастырады. Мұғалім мазмұны  əр түрлі тапсырмалар 

береді. Түсіндірме – иллюстративті  жəне репродуктивті əдістері оқушыларды 

біліммен, 

іскерлікпен, 

дағдымен 

байытады, 

олардың 

ойлағыштық 

операцияларын  қалыптастырады.  Бірақ  олардың  шығармашылық  қабілеттерін 

дамытудың  кепілі бола алмайды. 



Проблемалы баяндау əдісі. Сабақта мұғалім тақырып бойынша оқушыларға 

проблема – сұрақ  қояды,  проблеманы  өзі  шешеді.  Сонымен  бірге  оларға 

шешудің  түсінікті  ғылыми  жолдарын  көрсетеді.  Проблемалы  баяндауға 

мұғалімнің  іс-əрекеті  оқушыларға  проблемалық    ситуация  туғызатын 

проблемалар  сұрақтар  қою,  танымдық  есептер,  тапсырмалар  беру.  Бұл 

оқушыларды əр түрлі ой-əрекетін орындауға ойландырады. 

Проблемалы  сұрақтарды  қолдануға  негізделген  тиімді  оқыту  процесін 

ұйымдастыру проблемасы баяндаудың мəнін құрайды. 

Ішінара  іздену  немесе  эвристикалық  əдіс.  Бұл  əдіс  бойынша  оқушыларды 

бірте-бірте  проблемаларды  өз  бетінше  шешуге  жақындату  үшін    алдын-ала 

зерттеудің  жеке  кезеңдерін  орындауға  үйрету  қажет.  Мұғалім  ізденудің  жеке 

кезеңдерін  орындау  үшін  оқушылардың  қатысуын  ұйымдастырады.  Мұны 

ішінара іздену əдісі дейді. Кейбір əдіскерлер бұл əдісті эвристикалық əдіс деп 

атайды.  Мұғалім  тапсырманы  құрастырады,  іздену  кезеңдерін  жоспарлайды, 

проблемалық  міндеттерді    жеке  проблемаға  бөлшектейді,  ал  оқушылар  бұл 

кезеңдерді  орындайды.  Оқушы  материалдарды  мұғаліммен  бірігіп  талдайды, 

оның көмегімен жаңа ұғымның  мəнін ашады. 

Зерттеу  əдісі  еліміздің  алғашқы  жылдарынан  бастап  оқыту  практикасында 

кең  түрде  қолданыла  бастады.  Зерттеу  əдісінің    мəні  жаңа  проблемаларды 

шешуге  байланысты    оқушылардың  іздену,  шығармашылық  іс-əрекеті  

тəсілдерін ұйымдастыру. 

Проблеманы өз бетінше зерттеу үшін мұғалім оқушыларға теориялық жəне 

практикалық  тапсырма  береді.  Оқушылар  бұрын,  бірақ    оларға  таныс  емес 

проблемаларды  шешеді.  Басқаша  айтқанда,  оқушылардың  зерттеу  жұмысы 

ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысы сияқты кезеңдерге бөлінеді: фактілерді 

жинау, бақылау, оларды талдау, жазып жинақтау жəне т.б. 

Зерттеу үшін оларға əр түрлі тапсырмалар беріледі. Зерттеу жұмыстарының  

мынандай түрлері бар: 

А) оқушылар эксперименті; 

Ə) ғылыми экспериментке қатысу; 

Б) саяхат жəне фактілерді жинау; 

В) архив мəліметтерін зерттеу; 



 

80

Г) рефераттар, баяндамалар даярлау; 



Д) қосымша əдебиеттерді зерттеу т.б. 

Зерттеу  əдісі  бойынша  ауызша  жəне  баспа  сөздер,  көрнекі  құралдар, 

практикалық  лабораториялық  жазба  жəне  графикалық  жұмыстар,  натуралды 

объектілер жəне олардың  шын жəне символдық бейнеленуі қолданылады. 

Ю.К.  Бабанский  бірсыпыра  Ресей  ғалымдарының  оқыту  əдістері  жіктеуіне 

сүйеніп, оларды үш топқа бөлуді ұсынды. 



1.  Оқу-танымды  іс-əрекетін  ұйымдастыру  жəне  іске  асыру  əдістері: 

сөздік  əдістері  (əңгіме,  əңгімелеу,  лекция);  көрнекілік  əдістер  (жазба 

жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар, тəжірибе жəне бақылау, 

оқушылардың  өндірістік    жұмыстары);  индуктивті  жəне  дедуктивті  əдістер; 

репродуктивті,  проблемалы  ішінара  іздену  əдістері,  өз  бетінше  жұмыс  істеу 

əдістері. 

  Оқу-танымды     іс-əрекетінің    ынталандыру    əдістері    оқушылардың 

танымдық  ықыласын  қалыптастыру  əдістері;  оқудағы  жауапкершілік  жəне 

міндетті  ынталандыру  əдістері;  оқудың  қоғамдық  жəне  жеке  адамның 

маңыздылығын түсіндіру, оқыту талаптарын қою, мадақтау, ұялту. 



 

Оқу-танымды іс-əрекетінің тиімділігін  бақылау  жəне  өзін-өзі  бақылау 

əдістері: ауызша бақылау əдістері; жазбаша  бақылау əдістері; лабораториялық 

бақылау əдістері; өзін-өзі бақылау əдістері. 

Сонымен,  қазіргі  қоғам  өмірінің  барлық  салаларын  жаңарту  кезеңінде  

оқыту  əдістерін  терең  зерттеп  олардың  ғылыми  негізделген  жіктеуін  жасау 

ғалымдардың алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. 

16.4 Оқыту əдістерін таңдау жəне қолайлы етіп пайдалану  

Оқыту жұмысының  нəтижелі болуы оқыту əдістерін үйлесімді етіп таңдап 

ала  білуге  байланысты.  Оқыту  əдістерін  таңдап  алу  үшін  төмендегі 

критерийлерді басшылыққа алған жөн: 

1.  Əдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сəйкестігі; 

2.  Əдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сəйкестігі; 

3.  Оқыту əдістерінің тақырып мазмұнына сəйкестігі; 

4.  Оқыту əдістерінің оқушылардың  оқу мүмкіндіктеріне  (жас жəне дербес 

ерекшеліктеріне) сəйкестігі; 

5.  Əдістердің  мұғалімдердің  мүмкіншіліктеріне    сəйкестігі  (тəжірибесі, 

білімі, қабілеті, жалпы білімдарлығы); 

6.  Оқыту  əдістерінің  мектептің  материалдық  жəне  техникалық  базасына 

сəйкестігі; 

Оқыту əдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне  сəйкестігі. Бұл жерде 

олардың жас дербес ерекшеліктері еске алынады.  

Оқыту  əдістерінің  дидактикалық  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сəйкестігін  

мына кестеден көруге болады: 

 

 



 

 

81

Дидактикалық мақсат 



Оқыту əдістері 

 

 

 

1. Оқушылардың жаңа білімді қабылдауы 



1.  Мұғалімнің сөздік əдістерімен 

білімді баяндауы. 

2.  Оқушылардың өз бетінше істейтін 

жұмыстары. 

-  кітаппен жұмыс  немесе 

басқа əдебиеттермен жұмыс 

-  бақылау жəне тəжірибе 

2. Білімді, іскерлікті, дағдыны бекіту 

-  Материалды қайталап оқу 

-  Қайталау жаттығулары 

-  Қайталау  қорытындындылау 

əңгімесі 

3. Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру 

  -  Ауызша сұрақ 

  -  Жазбаша бақылау жұмысы 

  -  Лабораториялық,  практикалық  жəне 

графикалық жұмыстар 

 

Оқыту  процесінде  дəстүрлі  жəне  дəстүрлі  емес    əдістері  қолданылады. 



Дəстүрлі  əдістер 1965 жылдан  бастап  қолданылып  келеді.  Олардың  барлығы 

классикалық  сабақ  негізінде  қарастырылады,  яғни  педагогика  ғылымының 

жетістіктеріне  сүйеніп, сабақты өтуге бағытталған. 

Дəстүрлі  оқыту  əдісі  ХХ  ғасырдың    соңында  өте  жақсы  жүзеге  асырылды 

жəне олардың негізінде ХХ1 ғасырдың талабын орындауға мүмкіндік жасады. 

Бүгінгі  күнде    дəстүрлі  емес  əдістер  кең  таралған.  Дəстүрлі  емес  əдістерді 

жетілдіру  үшін  жоғары  оқу  орындарында    болашақ    мамандарды  осы 

əдістермен  таныстырып,  оның  əдістемесін  үйрету  қажет.  Себебі,  орта  мектеп 

мұғалімі сол əдістеме негізінде  дəстүрлі емес əдістерді таңдай біледі. 

Дəстүрлі емес əдістердің бірнеше түрі  бар: 

-  бағдарламалап оқыту

-  миға шапқы; 

-  пинборд; 

-  жағдайлық ойындар əдісі; 

-  проблемалық оқыту əдістері. 

Оқыту  əдістерін  таңдау  мəселесі    сабақта  қойылған  мақсат,  мазмұны  жəне 

шешілетін  міндеттерге  байланысты.  Оқыту  əдістерін  жəне  құралдарын 

үйлесімді  пайдалануда  оқу  пəндерінің  ерекшелігі,  түрлі  көрнекі  құралдармен 

қамтамасыз етілуі ескеріледі. 

 

 



 

 

82

3 БӨЛІМ. МЕКТЕПТІҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСІН 



БАСҚАРУ 

 

17-тарау.  Мектеп туралы нормативтік құжаттардың сипаттамасы 

 

17.1  Қазақстан  Республикасының  Конституциясындағы  білім  беру 

мəселелері. Білім жүйесіне жалпы сипаттама 

Мемлекеттің  құрылымынан  тəуелсіз  түрде  кез  келген  қоғам  елдің  дамуын 

қамтамасыз  ету  үшін  өндіру  жəне  қайта  өндіру  функцияларымен  қатар  өзінің 

мүшелеріне  білім  беру  функциясын  да  атқарады.  Осы  мақсатпен  қоғам  білім 

беру  жүйесін  құрады.  Білім  жүйесіне  мектепке  дейінгі  тəрбие  мекемелері, 

жалпы орта білім беретін мектептер, балалар үйлері, мектептен тыс оқу-тəрбие 

мекемелері, кəсіби орта жəне жоғары білім мекемелері мен басқару органдары 

енеді. 


Қазақстанның білім беру жүйесінің негізі Кеңес Одағы кезінде қалыптасты. 

Кеңестік  білім  жүйесі  көптеген  жетістіктерге    жетті.  Тарихи  қысқа  кезең 

аралығында сауатсыздық жойылды, жалпы орта білім жəне кəсіби білім беретін 

оқу орындары ашылды. 1930 жылдары білім саласында үлкен өзгерістер болды. 

1931 жылы ВКП (б)  «Бастауыш жəне орта мектеп туралы» қаулы қабылдады. 

Ол  қаулы  бойынша    мектепті  пəндік  бағдарламаларға  көшіру  жобаланды. 30-

шы жылдардың аяғында қалаларда жалпы 7 жылдық оқыту енгізілді.  

Ұлы  Отан  соғысынан  кейінгі 1945-50 жылдары  білім  саласындағы  саясат 

жалпыға міндетті бастауыш жəне  жеті жылдық білімді енгізу болды.  

1958 жылғы білім саласындағы реформа бойынша  7-жылдық мектептен 8-

жылдық мектепке көшу жоспарланды жəне ол 1961-1962 оқу жылы толық іске 

асырылды.  

60-шы  жылдардың  ортасынан  бастап  жалпы  орта  білім  жүйесіне  көшу 

мектеп саясатының ең өзекті мəселесіне айналды. 1975 жылы 8 сынып бітірген 

оқушыларды 96% толық  орта  білім  беретін  оқу  орындарында  оқуларын 

жалғастырды.  

ЮНЕСКО  жасаған  білім  берудің  сандық  жəне  сапалық  критерийлері 

бойынша  Кеңес  Одағының  білім  жүйесі  əлемде  алдыңғы  қатарда  болды. 

Сондықтан  ол  тəжірибенің  озық  үлгілерін,  позитивті  жақтарын    ұлттық  білім 

жүйелерін  реформалауда  əлі  де  пайдалануға  болады.  Дегенмен 70-ші 

жылдардың соңында Кеңес Одағының білім жүйесінде дағдарыс басталды. Сол 

кездегі  білім  жүйесіндегі  шектен  тыс  идеологизация,  əлемдік  тəжірибені,    

тарихи-мəдени  жəне  этнопедагогикалық  факторларды  ескермеу  жəне  т.б. 

кемшіліктер  болды.  Осы  дағдарыстан  өтуге  арналған 1984 жылғы  білім 

реформасы сəтсіз болды.  

1990-шы  жылдардың  басында  Қазақстан  Республикасы  тəуелсіздк  алғанда 

бұл дағдарыс күшейе түскен еді. Мектептің  қоғамның білімге деген өсе түскен 

қажеттіліктерін өтеу мүмкіндігі төмендей берді. 

 

 

 



 

83

17.2  Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы, оның негізгі 



қағидалары 

       Қазақстан 

демократиялық 

реформаларға, 

əлеуметтік-экономикалық 

құрылымын  түбірімен  өзгертуге  бет  бұрған  өтпелі  кезеңде  білім  беру  жүйесін 

де  қайта  құру  қажеттігі  туындады.  Ол  реформалар  білім  беру  саласында 

жиналған мол оң тəжірибені сақтай отырып оның əрі қарай дамуына жағдайлар 

жасауы керек еді. Бірақ тəуелсіздіктің алғашқы жылдары қалыптасқан жүйеден 

бірден  бас  тартып,  толығымен  батыстың  білім  жүйесі  үлгісін  енгізбек 

əрекеттері болды.  

Білім  саласы - ерекше    сала.  Оны  реформалауда  жіберілген  қателіктерді 

түзеу көптеген қиындықтармен шартталады. Соның негізгісінің бірі - оның өсіп 

келе  жатқан  жас  ұрпақты  оқытумен  жəне  тəрбиемен  байланыстылығы. 

Сондықтан білім саласындағы бұрынғы кеңестік тəжірибені,  əлемнің алдыңғы 

қатарлы  мемлекеттерінің  тəжірибесін  жан-жақты  талдауға  тура  келді.  Білім 

берудің  құқықтық  базасы  жасалды.  Білім  туралы  заңдар (1992, 1999) 

қабылданды, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы, орта 

білімді дамыту концепциясы, білім берудің мемлекеттік стандарттары  жəне т.б. 

қабылданды. 

1999  жылдың 7 маусымында  қабылданған  «Білім  туралы»  Заңында  білім 

беру саласындағы мемлекеттік саясаттың келесі принциптері бекітілген: 

1)  Қазақстан  Республикасының  барлық  азаматтарының  білім  алу 

құқықтарының теңдігі; 

2)  əрбір  азаматтың  интеллектуалдық  дамуы,  психикалық-физиологиялық 

жəне жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге 

қол жеткізуі; 

3) білім берудің зайырлы сипаты; 

4) жеке адамның білімділігін ынталандыру жəне дарындылығын дамыту; 

5)  білім  беру  сатыларының  сабақтастығын  қамтамасыз  ететін  білім  беру 

процесінің үздіксіздігі, оқыту мен тəрбиенің бірлігі; 

6)  білім  беру  ұйымдарының  меншік  нысаны  бойынша,  оқу  мен  тəрбиенің 

нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы; 

7)  білім  беруді  басқарудың  демократиялық  сипаты  жəне  білім  беру 

ұйымдарының акдемиялық бостандықтары мен уəкілеттілігін  кеңейту; 

8) білім берудің ізгілік жəне дамытушы сипаты; 

9) білімнің, ғылымның жəне өндірістің интеграциялануы; 

10) оқушыларды кəсіптік бағдарлау; 

11) білім беру жүйесін ақпараттандыру.  

Аталған  Заңда  білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  ретінде  ұлттық  жəне 

жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде 

жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  жəне  кəсіби  шыңдауға  бағытталған 

білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау  анықталған.  Білім  беру  жүйесінің 

басымды міндеттері көрсетілген: 

1)  білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау; 

2)  жеке   адамның   шығармашылық,   рухани   жəне   дене    мүмкіндіктерін 



 

84

дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін 



қалыптастыру,  жеке  басының  дамуы  үшін  жағдай  жасау  арқылы  интеллекті 

байыту; 


3)  азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына 

сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рəміздерді  құрметтеуге,  халық  дəстүрлерін 

қастерлеуге, Конституцияға қайшы жəне қоғамға қарсы кез келген көріністерге 

төзбеуге тəрбиелеу; 

4)  республикалық   қоғамдық-саяси,    экономикалық   жəне  мəдени өміріне 

қатысу  қажеттігін,  жеке  адамның  өз  құқықтары  мен  міндеттеріне  саналы 

көзқарасын қалыптастыру; 

5)  əлемдік  жəне  отандық  мəдениеттің   жетістіктеріне баурау, қазақ халқы 

мен  республиканың  басқа  да  халықтарының  тарихын,  əдет-ғұрпы  мен 

дəстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру; 

6)  білім    ұйымдарының    еркіндігі,   дербестігін   кеңейту,  білім  беру  ісін 

басқаруды демократияландыру жəне орталықсыздандыру; 

7)  оқытудың  жаңа  технологияларын   енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 

халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу; 

8)  еңбек  рыногында  бəсекеге  қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар 

даярлау, оларды қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру; 

9)  жұмыстан   босатылған   қызметкерлерді  жəне  жұмыспен   қамтылмаған 

халықты қайта оқыту жəне қайта даярлау; 

      10) алуан    түрлі  жəне  көп   қызметті    білім    беру   ұйымдарының   тиімді 

дамуына жəрдемдесу. 

Заң  бойынша  білім  беру  ұйымдары  бір  немесе  бірнеше  білім  беру 

бағдарламаларын  іске  асыратын  жəне  (немесе)  білім  алушылардың, 

тəрбиеленушілердің күтімі мен тəрбие алуын қамтамасыз ететін заңды тұлғалар 

болып табылады.  

Білім  беру  ұйымдарын  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес 

заңды жəне жеке тұлғалар (құрылтайшылар) құрады. 

Білім  беру  ұйымдары  мемлекеттік,  мемлекеттік  емес  (жеке  меншік,  заңды 

тіркелген  қоғамдық  жəне  діни  бірлестіктердің    білім  ұйымдары)  жəне 

халықаралық болуы мүмкін.  

Білім  беру  ұйымдары: 1) мектепке  дейінгі,  мектептен  тыс,  арнаулы  жəне 

жетім балалар мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 

ұйымдар; 2) жалпы  орта,  кəсіптік  бастауыш,  кəсіптік  орта,  кəсіптік  жоғары, 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  кəсіптік  жəне  қосымша    кəсіптік  білімнің  білім 

бағдарламаларын  іске асыратын оқу орындары болып бөлінеді. 

ҚР келесі білім деңгейлері бар: 

1)  мектепке дейінгі тəрбиелеу мен оқыту; 

2)  орта білім беру; 

3)  кəсіптік жоғары білім беру, 

4)  жоғары оқу орнынан кейінгі кəсіптік білім беру. 

ҚР  азаматтарына  мемлекеттік  оқу  орындарында  тегін  орта  білім  алуға 

кепілдік  беріледі.  Орта  білім  алу  міндетті.  Жалпы  орта  білім  үш  сатылы: 


 

85

бастауыш (1-4 сыныптар),  негізгі (5-9 сыныптар)  жəне  жоғары (10-11 



сыныптар). 

Жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдардың  түрлері:  жалпы  білім  беретін 

мектеп, гимназия жəне лицей. 

Жалпы  білім  беретін  мектеп  –  негізгі  жəне  қосымша  жалпы  білім 

бағдарламаларын  іске  асыратын,  əрқайсысы  дербес  жұмыс  істей  алатын  үш 

сатыдан  тұратын:  бастауыш,  негізгі  жəне  жоғары  сатылардан  тұратын  жалпы 

білім беретін оқу орны. 



 Гимназия – негізгі жəне қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске 

асыратын,  оқушыларды  олардың  бейімділігі  мен  қабілетіне  сəйкес  тереңдеп, 

салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы, орта білім беретін оқу орны. 

Лицей  -    негізгі  жəне  қосымша  жалпы  білім  бағдарламаларын  іске 

асыратын,  жоғары  сатыдағы  оқушыларды  кəсіби  бағдарлап  оқытуды  жүзеге 

асыратын оқу орны. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет