Жалпы педагогика



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата27.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
posobie zhalpy pedagogika


Психологиялық 

Педагогикалық 

1.  Пренатальдық кезең 

2.  Жаңа туған сəби (6 аптаға дейін) 

3.  Емшектегі бала (1 жылға дейін) 

4.  1 – 3 жас аралығы 

5.  Мектепке дейінгі кезең (3 – 6 жас) 

6.  Мектеп жасы (6 – 11 жас) 

7.  Пубертаттық кезең (11 – 15 жас) 

8.  Жастық шақ (15 – 20 жас) 

1.  Сəбилік (1 жыл) 

2.  Мектепалды  жасқа  дейінгі  кезең (1 – 3 

жас) 


3.  Мектепалды жасы (3 – 6 жас) 

Кіші мектепалды жасы (3 – 4 жас) 

Орта мектепалды жасы (4 – 5 жас) 

Үлкен мектепалды жасы (5 – 6 жас) 

4.  Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас) 

5.  Орта мектеп жасы (10 – 15 жас) 

6.  Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас) 

Педагогикалық  кезеңдеудің  негізін  бір  жағынан  дене  жəне  психикалық 

дамудың кезеңдері, екінші жағынан тəрбие жүргізілетін шарттар құрайды. 

Оқытуды  жəне  тəрбиелеуді  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  есепке  ала 

отырып  жүргізу  оң  нəтиже  береді.  Дамудың  табиғи  сатыларын  есепке  алмау 

немесе теріске шығару кез келген əлеуметтік тəжірибені, кез келген білімдерді, 

біліктер мен дағдыларды кез келген жаста  беру мүмкін деген қате тұжырымға 

жəне  əдістеме  таңдауда  қателікке  алып  келеді.  Əлеуметтік  даму  үрдісінің 

жылдамдауы,  түрлі  ақпараттық  көздерге  кең  қол  жеткізу  мүмкіндігі  адамның 

мүмкіндіктерін  біраз  ұлғайтады,  дегенмен,  ол  мүмкіндіктер  шексіз  еместігін 

ескерсек, жас ерекшеліктері дамуда өз шарттарын қояды.  

Я.А.  Коменский  алғашқылардың  бірі  болып  оқу-тəрбие  үрдісінде 

балалардың  жас  ерекшеліктерін  қатаң  есепке  алуды  ұсынды.  Ол  табиғатқа 

сəйкестілік  принципін  негіздеді,  яғни  табиғаттағыдай  тəрбие  процесінде  де 

барлығы өз орнымен жəне кезегімен жүріп отыруы тиіс.  

Жас  ерекшеліктерін  есепке  алу – педагогикалық  принциптердің  ішіндегі 

негізгілерінің бірі. Оған сүйене отырып, мұғалімдер оқу жүктемесін белгілейді, 

еңбектің əр түрімен қамтуды қалыптастырады, дамуға оң мүмкіндік беретін күн 

тəртібін  анықтайды.  Жас  ерекшеліктері  оқу  пəндерін,  əр  пəндегі  оқу 

материалын таңдау жəне орналастыру мəселелерін дұрыс шешуді міндеттейді. 

Сол  сияқты  олар  оқу-тəрбие  іс-əрекетінің  формалары  мен  əдістерін  таңдауда 

негізгі роль атқарады. 

Жас  ерекшеліктерін  кезеңдеудің  шекаралары  қатып  қалған  жағдай  емес, 

өйткені əр адамның жеке дамуының ерекшеліктерімен қатар, əр толқынның да 

дамуында  алдыңғыларымен  салыстырғанда  өзгешеліктер  болуы  мүмкін. 



Акселерация – балалық  жəне  жеткіншектік  шақта  дене  жəне  ішінара 

психикалық дамудың жылдамдауы. Биологтар оны организмнің физиологиялық 

пісіп-жетілуімен,  психологтар – психикалық  функциялардың  жетілуімен, 

педагогтар – тұлғаның 

рухани 

дамуымен 



жəне 

əлеуметтенуімен 

байланыстырады. 

Акселерацияның  негізгі  себептері:  өмірдің  жалпы  темпінің  жылдамдауы, 

материалдық жағдайдың жақсартуы, тамақтанудың жəне медициналық бақылау 

сапасының көтерілуі, ерте жастан балаларды күтіп-бағудың жақсаруы, т.б. 



3.2 Түрлі жастағыларды оқыту жəне тəрбиелеу ерекшеліктері 

Кіші  мектеп  жасы (6 – 10 жас).  Алты  жастағы  баланы  өмірдегі  үлкен 

өзгеріс күтеді. Мектеп жасына өту оның іс-əрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, 



 

20

басқа  адамдармен  қатынасындағы  өзгерістермен  байланысты.  Жетекші  іс-



əрекет – оқу болады, жаңа міндеттер пайда болады, айналадағылармен қатынас- 

та жаңа деңгейге көтеріледі. 

Биологиялық  жағынан  алғанда  кіші  мектеп  жасындағылардың  бой  өсуінің 

жылдамдығы  азаяды,  салмақ  қосу  көбейеді;  қаңқасы  сүйектенеді,  бірақ  бұл 

процесс  əлі  де  болса  аяқталмайды.  Бұлшық  ет  жүйесі  қарқынды  дамиды, 

білектің  ұсақ  бұлшық  еттерінің  дамуына  байланысты  бала  жазу,  сызу  сияқты 

қимылдарды бекем орындауға мүмкіндік алады. 

Осы  жаста  нерв  жүйесі  жетіле  түседі,  мидың  үлкен  жарты  шарларының 

қызметтері  қарқынды  дамиды,  ми  қабының  талдау  жəне  синтездеу  қызметі 

күшейеді.  Ми  салмағы  үлкен  адамдікіне  жақындайды,  орташа  алғанда 1400 г. 

құрайды.  Баланың  психикасы  жылдам  дамиды.  Сезім  мүшелері  жұмысының 

дəлдігі артады.  

Кіші  мектеп  жасындағы  оқушының  танымдық  іс-əрекеті  негізінен  оқу 

процесінде  жүреді.  Қарым-қатынас  сферасының  кеңеюі  де  маңызды  роль 

атқарады. Осы жастағы оқушыларда қалыптастыру жəне дамыту қажет болатын 

жылдам  жүретін  даму,  жаңа  сапалардың  көптігі  педагогтарға  барлық  оқу-

тəрбие іс-əрекетін қатаң түрде мақсатты жүргізуді міндеттейді. 

Орта  мектеп  жасы (10-11-ден 15 жасқа  дейін) – балалықтан  жастыққа 

өтпелі  кезең.  Ол  мектептегі  оқудың  екінші  сатысына  дəл  келеді  жəне 

организмнің  терең  өзгерістерімен  жəне  өмірлік  іс-əрекеттердің  жалпы 

көтерілуімен  сипатталады.  Бұл  кезең  жеткіншек  үшін  де,  айналасындағылар 

үшін  де  күрделі  кезең,  себебі  «жеткіншек  балалықтан  кеткен,  бірақ  əлі 

ересектікке жетпеген» (Н.К. Крупская) кезі. 

Бұл  жаста  бойдың  тез  өсуі  жүреді  (ұлдар  əсіресе 15 жасында,  қыздар 13 

жасында),  қаңқаның  сүйектену  процесі  жалғасады,  сүйектер  берік,  қатты  бола 

түседі.  Бұлшық  ет  күші  жылдам  өседі.  Ішкі  органдардың  өсуі  бірқалыпты 

жүрмейді,  қан  тамырларының  өсуі  жүрек  өсуінен  кейіндеп  қалады,  сол 

себептен оның жұмысы бұзылып, жүрек соғуы жылдамдайды. Дене дамуының 

бір қалыпты жүрмеуі жеткіншектің сыртынан білініп тұрады: ол шамадан тыс 

қолын сермелеп, жүргенде теңселуі мүмкін, қозғалысы қалыпсыз. 

Жеткіншектік жастың өзіндік ерекшелігі – организмнің жыныстық жетілуі. 

Қыздарда ол 11 жастан, ұлдарда 12 – 13 жастан басталады. 

Бұл жаста да нерв жүйесінің дамуы жалғасады, жеткіншектің миы салмағы 

мен көлемі жағынан үлкен адамдікінен айырмашылығы көп болмайды, сананың 

ролі артады. 

Орта  мектеп  жасындағы  жеткіншектің  қабылдауы  кіші  мектеп  жасымен 

салыстырғанда  едəуір  мақсатты,  жоспарлы  жəне  ұйымдасқан  кезде  ол 

тереңдігімен таң қалдырса, кейде тым қарапайым болады. Айналадағы ортаны 

қабылдау мен оқу материалын байланыстыра алмау – осы жастағы балалардың 

ерекшелігі. 

Жеткіншек  назарының  ерекшелігі – оның  таңдамалылығы,  яғни  қызық 

сабақтар  немесе  қызық  жұмыстар  оқушыны  бірден  тартып  əкетеді.  Бірақ 

жылдам қозу, əсіресе қызығушылық оның назарын тез аударуға мəжбүр етеді. 



 

21

Жеткіншектік  кезеңде  ойлау  əрекетінде  де  даму  жүреді.  Ойлау  жүйелі, 



тізбекті,  жетілген  бола  түседі.  Абстрактілі  ойлауға  бейімдік  арта  түседі,  сыни 

тұрғыдан  ойлау  пайда  болады.  Ол  мұғалім  немесе  оқулық  беделіне  нық 

сеніммен  қарамайды,  өз  пікірі  болады,  пікірталасқа,  қарсылық  жасауға  бейім 

болады. Орта мектеп жасы шығармашылық ойлауды дамытуға өте қолайлы. 

Ойлаудың  дамуы  жеткіншектің  сөйлеуінің  өзгерісімен  байланыста  жүреді. 

Сөйлемдері  бейнелі,  мазмұнды  бола  түседі.  Жеткіншектік  жаста  тұлғаның 

адамгершілік  жəне  əлеуметтік  қалыптасуы  қарқынды  жүреді,  бірақ  оқушы 

басшылыққа алатын дүниеге көзқарас, адамгершілік идеалдар, бағалау жүйесі, 

моральдық  принциптер  əлі  болса  да  берік  қалыптаспаған,  достарының  пікірі 

мен өмір қайшылығынан тез бұзылады. 

Орта  мектеп  жасындағы  балалардың  тəрбиесі – қазіргі  кездегі  ең  күрделі 

мəселелердің  бірі.  Педагогтарға  осы  жас  ерекшеліктерін  терең  меңгеру,  өзін 

баланың  орнына  қоя  білу  міндеті  қойылады.  Жеткіншек  пікір  алмасуда 

дəлелдерге  мойын  ұсынады.  мектеп  өмірін  демократияландыру,  ұжымды, 

айналысатын істерді, оқылатын пəндерді, оқу орнын еркін таңдау – мұның бəрі 

жеткіншектің  өзін-өзі  көрсетуіне,  үлкендермен  жəне  құрдастарымен  тіл 

табысуына жетелейді, осының бəрі нəтижесінде адамгершілік жəне əлеуметтік 

қасиеттердің қалыптасуына əкеледі. 



Ересек  мектеп  жасы (15 – 18 жас).  Бұл  жаста  жалпы  деңгейде  адамның 

дене  дамуы  аяқталады:  бой  өсуі  мен  қаңқаның  сүйектенуі  аяқталады,  бұлшық 

ет күші өседі, осы жастағылар жоғары дене жүктемелерін орындай алады. Қан 

қысымы қалыпқа түседі, ішкі секреция бездері қалыпты жұмыс жасайды. Осы 

жаста  жыныстық  жетілу  аяқталады.  Мидың,  оның  үлкен  жарты  шарлары 

қабығының дамуы жалғасады. Организмнің жалпы пісіп-жетілуі жалғасады. 

Жастық  шақ – бұл  дүниеге  көзқарастың,  мінез-құлықтың,  өмірлік 

бағдардың  қалыптасу  кезеңі,  өзіндік  сананың  белсенді  өсуі,  ізденіс,  үміт, 

армандау уақыты.  

Жоғары  сынып  оқушыларында  оқу  пəндеріне  деген  қатынас  таңдамалы 

болады.  Қабылдау – мақсаттылықпен,  назар – тұрақтылықпен,  ес-  логикалық 

сипатпен сипатталады. Ойлау қабілеті біртіндеп теориялық жəне сыни бағытқа 

ие бола бастайды. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  ойлау  қабілеті  гүлдену  кезеңінде  болады, 

олар табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарының мəнін білуге, олардың өзара 

байланысы мен өзара тəуелділігін түсіндіруге ұмтылады.  

Егер  жеткіншектер  дене  күшін  көбірек  бағаласа,  жоғарғы  сыныптықтар 

интеллектуалдық сапаларды жоғары қояды. Осы жаста адамды кешенді бағалау 

білігі  қалыптасады,  ақылы  мен  дене  күші  үйлесімді  дамыған  адамдарға 

табынады, оларға еліктеу өзін-өзі тəрбиелеуге ынталандырады. 

Жастық  кезеңде  этикалық  мəселелерге  қызығушылық  күшейеді.  Мінез-

құлықта  саналы  мотивтер  күшейеді.  Тұлғаның  ұжымдағы  жағдайы,  ұжым 

мүшелері арасындағы қатынас сипаты маңызды орын алады. 

Мамандық таңдау алдында тұрған ересек мектеп жасындағылардың өмірлік 

жоспарлары, құндылық бағытталуы қызығушылықтары жағынан ерекшеленеді, 

бірақ бəрі де өмірден өз орнын алуды көздейді.  



 

22

3.3 Оқушы тұлғасының дара ерекшеліктеріне сипаттама   

Адам дамуында жалпы жəне ерекше белгілер анықталады. Жалпы белгілер 

белгілі бір жастағы адамдарға тəн, ерекше белгілер жеке адамдарға тəн болып 

келеді.  Адамдағы  ерекшелікті  дара  ерекшелік  (индивидуальды),  дара 

ерекшеліктері  анық  көрінетін  тұлғаны – даралық  (индивидуальность)  деп 

атайды. 

Даралық 


тұлға 

оны 


басқа 

адамдардан 

ерекшелендіретін 

интеллектуалдық,  ерік-жігерлік,  моральдық,  əлеуметтік  қасиеттерімен 

сипатталады. Əр адам - өз даралығы тұрғысынан алғанда қайталанбас, жалғыз. 

Даралық  дара  ерекшеліктерден  көрінеді.  Дара  ерекшеліктерге  сезінудің, 

қабылдаудың, 

ойлаудың, 

естің, 

сананың 


өзіндік 

ерекшеліктері, 

қызығушылықтардың, 

қабілеттердің, 

темпераменттің, 

мінез-құлықтың 

ерекшеліктері жатады. Дара ерекшеліктер тұлға дамуына əсер етеді.  

Тəрбие  мен  оқытуда  дара  ерекшеліктер  есепке  алынуы  керек  пе  деген 

сұраққа педагогтар екі  жақты жауап  береді: біреулері балалардың арасындағы 

айырмашылық, ерекшеліктер есепке алынбауы керек, барлығына бірдей ықпал 

жүргізілуі  керек  десе,  екіншілері  оған  кері  позицияда  тұр,  яғни  тəрбие  мен 

оқыту  даралық  ерекшеліктерге  барынша  сүйену  керек  дейді.  Даралық  ықпал 

педагогиканың маңызды принципі ретінде адам тұлғасының ерекшеліктері мен 

өмір шарттарын терең білуге негізделген оның дамуын басқаруға бағытталады. 

Даралық  ықпал  педагогикасы  тəрбие  жəне  оқытудың  негізгі  мақсаттары  мен 

мазмұнын жеке оқушыға ыңғайлау деген сөз  емес, бұл – жобаланған деңгейді 

қамтамасыз ету үшін педагогикалық əсер ету формалары мен əдістерін даралық 

ерекшеліктерге ыңғайлау. Даралық ықпал танымдық күштердің, белсенділіктің, 

қабілеттер мен дарындылықтың дамуына жағымды жағдай туғызады. Даралық 

ықпал əсіресе «қиын» балалар мен нашар оқитын оқушылар үшін, сол сияқты 

даму жағынан артта қалған балалар үшін өте қажет. 

                                                                                                                                                          

4-тарау.  Мұғалімнің ғылыми-зерттеу мəдениетін қалыптастыру 

 

4.1  Педагогика  ғылымының  дамуы  жəне  мұғалімнің  педагогикалық  іс-

əрекетіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі 

       Тəрбие  практикасы    өз  бастауларын  адамзат  өркениетінің  бірінші 

қадамдарымен  байланыстырады.  Тəрбие  алғашқы  адамдармен  бірге  пайда 

болды.  Ол  замандары  бала  ешқандай  педагогикасыз-ақ  тəрбиеленген.  Тіпті 

адамдардың  ол  жөнінде  хабары  да  болмаған.  Тəрбие  жөніндегі  ғылым 

геометрия, астрономия, басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан. 

      Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт 

-  өмір  қажеттігі.  Кейін  тəрбие  идеялары  адамдар  өмірінде  аса  маңызды  рөл 

атқара  бастады.  Себебі  əр-түрлі  қоғамда  өсіп  келе  жатқан  əулетке  берген 

тəрбиесіне  орай  өмір  қажеттігі  де  жылдам  немесе  шабан  дамитыны  белгілі. 

Осыдан  тəрбие  тəжірибесін  топтастыру  жəне  қорытындылау,  арнайы  оқу-

тəрбие  мекемелерін  ұйымдастырып,  жастарды  өмірге  дайындаудың  қажеттігі 

туындады.  

      Ежелгі  дүниенің  Қытай,  Индия,  Египет,  Греция  сынды  аса  дамыған 

елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді. Ол кезде 


 

23

табиғат,  адам,  қоғам  жөніндегі  барша  білімдер  философия  шеңберінде 



жинақталатын,  алғашқы  педагогикалық  тұжырымдарда  сол  ғылыми  аумақта 

дүниеге келді.  

      Барша 

дəуірлерде 

педагогтар 

балалардың 

табиғаттан 

берілген 

мүмкіндіктерін  іске  асырып,  жаңа  сапаларды  қалыптастырудың  тиімді 

жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті 

білімдер  тырнақтап  жиналып  педагогикалық  жүйе  негізге  келді,  тексерілді, 

қажет  болмаған  тұстары  қолданымнан  шығарылды,  ақырында  өміршең,  ең 

пайдалы  педагогикалық  идеялар  сақталып,  бүгінгі  күнімізге  жетті.  Бірте-бірте 

басты  міндеті  ғылыми  білімдерді  топтастыру  жəне  жүйеге  келтіру  болған 

тəрбие  жөніндегі  ғылым  пайда  болды.  Ұзаққа  созылған  даму  жолын  бастан 

кешірген  бүгінгі  заман  педагогикасы  адам  тəрбиесі  заңдылықтары  жөніндегі 

ғылымға айналды.  

      Педагогика  мұғалімдерді  белгілі  жас  тобындағы  балаларды  тəрбиелеу 

ерекшеліктері  жөніндегі  кəсіби  білімдермен  қаруландырып,  əрқилы 

жағдайлардағы  оқу-тəрбие  процесін  болжастыруға,  жобалауға  жəне  іске 

асыруға,  оның  тиімділігін  бағалауға  үйретеді.  Тəрбие  процесін  ұдайы 

жетілдіріп  отыру  қажет,  себебі  адамдардың  өмір  жағдайлары  өзгермелі, 

ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын 

күрделеніп барады. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан 

əулетті  оқыту,  тəрбиелеу  жəне  оған  білім  берудің  жаңа  технологияларын 

құрастырумен жауап береді. 

       Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға 

байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Сондықтан 

да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы 

қажет.  Педагогиканың  дамуына  себепші  көздер – адамдардың  өмір  салтында, 

дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, 

іс-қызметтері;  философиялық,  қоғамтану,  педагогикалық  жəне  психологиялық 

еңбектер;  əлемде  жəне  елімізде  жүріп  жатқан  тəрбие  практикасы;  арнайы 

ұйымдастырылған  педагогикалық  зерттеу  деректері;  жаңа  идеялар,  жаңарған 

бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің 

тиімді соңғы технологиялары.  

        Мұғалім  қызметі  өзінің  сипаты  жағынан  ғалым  еңбегіне  ұқсас.  Педагог 

шəкіртін  тиімді  оқыту  мен  тəрбиелеу  үшін  оның  жеке  өзін  жəне  рухани 

қалыптасу  процесін  үнемі  зерттейді.  Практикалық  педагогикада  ең  бастысы 

тəрбие  ықпалының  нəтижесінде  балада  нендей  өзгеріс  болғанын  мұғалім 

жұмысының қандай тəсілдері мен амалдары оқушының белсенділігіне ықпал 

еткені білім мен практикалық тəжірибені терең де, тиянақты меңгерудің төте 

жолы қайда екендігін əрқашан көре сезе білуде. 

Көптеген  мұғалімдер  өзі  оқытатын  ғылымнан  байыпты  зерттеулер 

жүргізеді.  Журналдар  мен  жинақтарда  ғылыми  мақалалар  жазатын,  оқу 

құралдары  мен  монографиялар  шығаратын  көптеген  мұғалімдер  есімі 

белгілі.  Мұғалімдер  тартымды  педагогикалық  диссертациялар  жазуда. 

Зерттеуші  мұғалімнің  творчестволықпен,  əрі  нəтижелі  жұмыс  істейтіндігі 

байқалады. 


 

24

Ғылыми  еңбек  белгілі  қабілеттілікті  қажет  етеді,  ал  оның  өзі  кез - келген 



студентте  болады.  Əрине  оны  белгілі  бір  бағытта  əрі  ұдайы  дамытып  отыру 

қажет.  Зерттеушілік  қабілет - бұл  ақыл - ойдың  белгілі  бір  қасиеті,  бірінші 

кезекте  проблеманы  көрушілік.  Резерфорд  былай  деген  екен  «Егер  оның 

қарамағында жас ғалым істесе жəне ол екі жылдан кейін бұдан əрі не істеймін 

деп  сұраса,  ұстазы  оған  ғылыми  жұмысыңды  таста

»

  деп  кеңес  береді. 



Творчестволық  ақыл - ой  қарапайым  нəрседен  кереметті,  өзгелер  байқамаған 

сұрақты  көре  білуі  тиіс.  Венгер  ғалымы  А.  Сент  -Дьердьи  былай  деп  жазды; 

«Жаңалық  ашу - демек  бəріміз  көріп  жүргенді  көре  білу,  бірақ  осыған  дейін 

ешкімнің ойына келмегенді ойлай білу

»

. Ал Д. Бернал былай деп түсіндіреді: 



«Проблеманың  шешімін тапқаннан гөрі оны көре білу əлдеқайда қиын. Оның 

алғашқысына іскерлік, ал екіншісіне қиял қажет

»



Мəңгі  өлмейтін  жəне  сарқылмайтын  таным  көзі  -педагогикалық  тəжірибе, 



мектеп  пен  мұғалімнің  ойдағыдай  жұмыс  істеуі  де  болып  саналады. 

Педагогикалық  қызметті  бақылау,  ондағы  жаңа  мен  қызғылықты  нəрсені 

аңғарту сөйтіп жетістікке жететін жағдайларды ойластыру қажет. 

Алайда  нақты  мəселе  бойынша  ғылымда  не  істелгенін  білмей  тұрып, 

зерттеуді  бастауға  болмайды.  Жарияланған  материалдар  тасқынына  батып 

кетпес  үшін  түпнұсқаларды  мұқият  таңдай  білу  қажет.  Мақалалар  мен 

монографияларды  жай  ғана  оқып  қоймай  оның  текстеріне  терең  үңілу  қажет. 

Ортағасыр  ойшылы  Абдуль-Фарадж  мынадай  кеңес  береді:  Кітаптарда 

тұжырымдалған  ойлар  біздің  негізгі  байлығымыз,  ал  өзімізде  пайда  болған 

ойлар - сол кітаптардың жемісі болуы тиіс. 

Қазіргі нарық экономикасы тұсындағы басымдықтар мен құндылықтардың 

ауысуы  қоғамның  жаппай  ақпараттануы,  мəдениеттің  постиндустриалдық 

парадигмаға  көшуін,  білім  философиясының  жаңаруы,  білімді  адамның 

əрекетшіл,  бейімді  адам  парадигмасына  бетбұрыс  жасалуы,  білім  мен 

мəдениеттің 

жуықтасуы, 

білім-мəдениет-менталитет 

мəселелерін 

еуразиялық идея тұрғысынан қарастыруды да қажет етеді. 

Қазірдің өзінде қоғамдық қатынастардағы парадигмалық өзгерістер үздіксіз 

білім беру жүйесіне ықпал ете бастады. Ғылыми айналымға түскен еуразиялық 

ұғымдарға  педагогикалық  тұрғыдан  түсініктемелер,  анықтамалар  мен 

сипаттамалар  да  қажет  дер  едік.  Еуразиялықтарға  ортақ  философия,  ортақ 

тəрбие мақсаттары, еуразиялық басымдықтар мен құндылықтардың тағылымы, 

тұлғаның дамуындағы рационалдық пен иррационалдықтың теңесуі, қазақ 

жəне  қазақстандық  мəдениетімізді  еуразия  мəдениетіне  көтеру,  еуразиялық 

мəдениет  үлгілерін  игеру  студент  жастардың  еуразиялық  мəдениетін 

қалыптастыру  еуразиялық  мəдени-ақпараттық  дамытушы  ортамен  түлғаның 

өзара  ықпалдастығы,  болашақ  мамандарды  еуразиялық  кеңістіктегі 

əлеуметтік  серіктестік  пен  кəсіби  бəсекелестікке  дайындау  т.б  мəселелер 

зиялы қауымды толғандырып, арнайы зерттеуге сұранып тұрғандай. 

4.2 Ғылыми-педагогикалық зерттеудің əдіснамалық негіздері 

 «Əдіснама»  педагогикадағы  ғана  емес,  жалпы  ғылымтанудағы  күрделі, 

көпмəнді  түсініктердің  бірі.  Көптеген  педагогтардың  санасында    «əдіснама» 

өмірмен  байланысы  аз,  абстрактілік,  педагогика  теориясы  мен  практикасынан 



 

25

алыс  жатқан  философиялық  мəтіндердің  жинағы  болып  көрінеді.  Мұндай 



түсінбеушіліктің    себебі  педагогикадан  алыс  жатыр.  Өйткені,  əдіснаманың 

өзінің əр деңгейі бар.  

Педагогика  əдіснамасының  мəнін  ашпастан  бұрын  жалпы  əдіснама 

дегеніміз  не?  Соған  жауап  берелік.  Қазіргі  кездегі  ғылымтануда  əдіснаманы 



ғылыми зерттеушілік іс-əрекет əдістері, формалары жəне оны құру (жүргізу) 

принциптері туралы оқу деп анықтайды. 

Соңғы  жылдары  əдіснама  туралы  оқу  өте  тез  даму  үстінде.  Əдіснаманың 

зерттеушілерге  көмегі,  нормативтік  бағыттылығы  артты.  Оның  басты 

міндеттерінің  бірі – зерттеу  жұмыстарын  əдіснамалық  қамтамасыз  ету. 

Əдіснамалық білімдерсіз кез келген, соның ішінде педагогикалық зерттеулерді 

де сауатты жүргізу мүмкін емес. 

Э.Г.  Юдин  əдіснамалық  білімдердің 4 деңгейін  көрсетеді:  философиялық, 

жалпы  ғылымилық,  нақты  ғылымилық  жəне  технологиялық  немесе  зерттеу 

əдістемесі. 

1-ші,  философиялық  деңгей – танудың  жалпы  принциптерін  анықтайды. 

Философиялық білімдер əдіснамалық функция атқарады. 

2-ші,  жалпы  ғылымилық  əдіснама – барлық  немесе  бірнеше  ғылымдарда 

қолдануға болатын теориялық концепциялар. Мысалы, қоршаған шындықтағы 

құбылыстар  мен  процестерді  бір-бірімен  байланыста,  тұтас  объект  ретінде 

жүйелілік тұрғыдан қарастыру. 

3-ші,  нақты  ғылымилық  əдіснама – арнайы  бір  ғылым  саласында 

қолданылатын  зерттеу  принциптері,  əдістері  жиынтығы.  Педагогика 

ғылымынан  оған  келесі  мысалды  келтіруге  болады.  Зерттеу  пəнін  тұлғалық 

тұрғыдан  қарастыру.  Оның  мəні:  кез  келген  процесті,  индивидтің  жағдайын, 

қасиеттерін оның тұлғалық ерекшеліктерін ескерусіз дұрыс түсіну мүмкін емес. 

4-ші  деңгей – нақты  зерттеуді  жүргізу  əдістемесі.  Зерттеуді  жүргізу 

əдістемесі – ақиқат,  шын  білімдерді  алуды  қамтамасыз  ететін  əдістер  жəне 

процедуралар. 

Педагогика  əдіснамасына  В.В.  Краевский  келесі  анықтама  береді: 



педагогика əдіснамасы – педагогикалық шындықты көрсететін білімдерді алу 

əдістері  мен  принциптері,  педагогикалық  теорияның  құрылымы  жəне  негізі 

туралы  білімдер  жүйесі,  сонымен  қатар  осы  білімдерді  алу  жəне  зерттеу 

бағдарламасын,  логикасы  мен  əдістерін  нақтылайтын,  зерттеу  жұмысының 

сапасын бағалайтын іс-əрекет жүйесі.  

Бұл анықтамадан əдіснаманың екі аспектісін көреміз: білімдер жүйесі жəне 

ғылыми-зерттеу іс-əрекет жүйесі. Ғылыми-эерттеу іс-əрекетінің 2 түрін айтуға 

болады: əдіснамалық зерттеу жəне əдіснамалық қамтамасыз ету. 

Əдіснамалық  зерттеудің  міндеттері  педагогика  ғылымының  даму 

тенденцияларын,  заңдылықтарын  ашу,  педагогикалық  зерттеулердің  сапасы 

мен тиімділігін арттыру принциптерін құру. 

Зерттеуді  əдіснамалық  қамтамасыз  ету - əдіснамалық  білімдерді  зерттеу 

бағдарламасын құрғанда, зерттеу сапасын бағалағанда қолдану. 

Педагогика ғылым ретінде 4 белгімен сипатталады: 

1)  мақсаты; 


 

26

2)  арнайы объектісі болуы; 



3)  танудың арнайы құралдарын қолдануы; 

4)  терминдердің бір мəнділігі. 

Педагогикалық  зерттеудің  сапасын  анықтайтын 11 сипаттамаларды 

көрсетуге  болады.  Олар:  проблема,  тақырып,  көкейтестілігі,  объектісі,  пəні, 

мақсаты,  міндеттері,  гипотеза  жəне  қорғайтын  қағидалар,  ғылыми  жаңалығы 

(новизна), теориялық маңыздылығы, практикалық маңыздылығы. 



Проблема  қою  «Бұрын  зерттелмеген  нені  зерттеу  керек?»  деген  сұраққа 

жауап  беру.  Проблема  қарама-қайшылықтан  туындайды.  Мысалы,  жоғары 

мектептің  оқытушысының  кəсіби  іс-əрекетіне  деген  педагогикалық  талаптар 

мен  олардың  арнайы  педагогикалық-психологиялық  даярлығы  болмауы 

арасындағы қарама-қайшылық. 

Тақырыбы – зерттейтін проблемамызды қалай атау керек екендігін анықтау. 

Объект – зерттеуде  не  қарастырылатынын  анықтау.  Бірақ  объект  туралы 

толық,  жан-жақты  білім  алу    мүмкін  емес.  Сондықтан  объектінің  қай  жағы, 

қандай  қыры,  байланыстары,  қызметтері  қарастырылады,  соны  көрсеткенде 

зерттеуші зерттеу пəнін анықтайды. Масалы, зерттеу тақырыбы - «Сыныптан 



тыс жұмыстарда оқушылардың моральдік жауапкершілігін тəрбиелеу».  Бұл 

тақырып бойынша зерттеу объектісі -  оқушылардың адамгершілік тəрбиесі. 

Ал  зерттеу  пəні  –моральдік  жауапкершілікті  қалыптастыруға  бағытталған 

сыныптан тыс жұмыстар жүйесі. 

Зерттеу мақсаты – жұмысты орындау барысында алынатын нəтиже. 

Зерттеу  міндеттері – осы  мақсатқа  жету  үшін  не  істеу  керек  екендігін 

анықтау. 



Гипотеза  –  ақиқаттылығы,  шындығы  əлі  анықталмаған,  дəлелдеуді  қажет 

ететін ғылыми болжам, ғылыми тұжырым. 



Ғылыми  жаңалығы – қандай  нəтиже  бірінші  рет  алынып  отыр,  бұрын 

істелмеген не істелді? деген сұраққа жауап беру. 



Теориялық  маңыздылығы  (мəнділігі)  - ғылымдағы  қандай  концепцияға, 

қандай теорияға өзгеріс, жаңалық енгізілді? 



Зерттеудің  практикалық  маңыздылығы  (мəнділігі)    -  алынған  зерттеу 

нəтижесі қандай практикалық проблеманы шешуге мүмкіндік беретіні.   




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет