13 - кесте - Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін
жетілдіру моделі
№ компоненттері
өлшемдері
көрсеткіштері
1
мотивациялық Білім мазмұнын
жаңартуға
қызығушылықтың,
дұрыс қатынастың
болуы, олардың
кәсіби біліктілігін
жетілдірудегі
қажеттілігін
түсінуі.
- кәсіби біліктілікті жетілдірудің
қоғамдық мәнін саналы түрде
сезінуі;
- кәсіби іс-әрекетті үнемі
жетілдіріп отыруға ынтасының
болуы;
- кәсіби іс-әрекетті жетілдіруге
қажетті білім, білік, дағдысының
болуы;
-инновациялық
технологиялардың кәсіби іс-
әрекетті жетілдірудегі маңызын
түсінуі;
2
мазмұндық
Тәрбиешілердің
кәсіби іс-әрекетінің
мәні, ерекшеліктері
және инновациялық
технологиялар
негізінде
шеберлікті
жетілдіру жолдары
туралы білімі.
• тәрбиеші іс-әрекетінің обьектісі
болып табылатын
педагогикалық үдеріс туралы
білімі;
• мектепке дейінгі білім берудің
мақсат, міндеттері, мазмұны
ұйымдастыру формалары
туралы білімі;
• балалардың іс-әрекетін
басқарудағы шеберлік туралы
166
білімі;
• инновациялық технологиялардың
жасалу жолдары туралы білімі;
• инновациялық технологиялардың
мәні, түрлері және пайдалану
ерекшеліктері туралы білімі;
3
процессуалдық Инновациялық
технологиялар
негізінде кәсіби іс
әрекетті жүзеге
асыру білігі мен
дағдысы.
• инновациялық технологиялар
негізінде оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыра білу;
• педагогикалық үдерісті басқара
білу;
• мектепке дейінгі білім беру
мазмұнын жосапарлауды,
жобалауды терең меңгеру;
• балалармен ойын-зерттеу іс-
әрекетін жүргізе білу;
• ғылыми – зерттеу іс-әрекетімен
шұғылдану білігі;
Моделдегі мотивациялық, мазмұндық және процессуалдық компоненттерді,
өлшемдер мен көрсеткіштерді балабақша тәрбиешілерінің кәсіби біліктілігін
жетілдіруде және болашақ тәрбиеші педагог мамандар дайындау барысында
басшылыққа алдық. Осыған сәйкес «Мектепке дейінгі білім мазмұнын
жаңартудың педагогикалық негіздері» атты арнайы курс дайындалып,
Л.Н.Гумилев
атындағы
Еуразия
ұлттық
унивеситетінің
Педагогика
кафедрасында «050101- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандықтары
студенттерімен және Астана қалалық ББЖКБАИ институтының мектепке
дейінгі тәрбие мамандарының тыңдаушыларының курстарында байқаудан
өткізілді.
Арнайы курстың мақсаты: студенттер мен тәрбиешілер мектепке дейінгі білім
мазмұнын жаңартудың теориялық, педагогикалық негіздерімен таныстыру,
болашақ ұрпаққа білім беруде жаңартылған негіздегі білім беру парадигмасын
құруды тиімді пайдалану.
Арнайы курстың міндеттері: - білім мазмұнын жаңартудың теориялық,
әдіснамалық, педагогикалық тұрғыдан негізделуіне талдау жасау;
- мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың құрылымы, принциптері мен
тұжырымдамалық негіздерін айқындау;
- білім мазмұнын жаңартудың мүмкіндіктерін айқындау және оны тәжірибеде
тиімді пайдалану;
14- кесте - Арнайы курстың тақырыптық жоспарын ұсынамыз.
167
№
Ұсынылатын тақырыптар
сағат
Сан
дары
Дәріс Практ. ТӨЖ
1 «Білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық
негіздері» арнайы курсының мақсаты, міндеттері.
Білім мазмұнының анықтамасы.
1
1
1
2 Білім мазмұнының мәні және оның тарихи
сипаттамасы. Білім мазмұнын қалыптастырудың
теориялық, логикалық, әдіснамалық негіздері.
1
1
1
3 Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың
тұжырымдамасы.
1
1
1
4 Білім мазмұнын арнайы іріктеудің өлшемдері.
Білім мазмұнын таңдау ұстанымдары.
1
1
1
5 Білім мазмұныны және оның мәні туралы
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың
педагогикалық негіздері.
1
1
1
6 Білім мазмұнын құрудың қағидалары.
1
1
1
7 Білім мазмұнының ғылыми негіздері және білім
мазмұныны қалыптастыру көздері. Білім
мазмұнын жаңарту және оның құрылымдық
ерекшеліктері.
1
1
1
8 Білім мазмұнындағы инновациялар. Білім
мазмұнын қалыптастыруда инновациялық
технологияларды пайдалану.
1
1
1
9 Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі
балаларға білім беру стандарты, тәрбиелеу мен
оқыту бағдарламасы мазмұнының базалық
минимумы. Оқу жоспары. Базистік оқу жоспары.
1
1
1
10 Балаларды ойын үстінде дамыту. Денсаулық
сақтау және физикалық дамуының мазмұны.
1
1
1
11 Тіл дамыту. Сауат ашу. Балалар көркем
әдебиетімен таныстыру мазмұны.
1
1
1
12 Айналамен таныстыру, экология негіздері, сезім
тәрбиесі, математикалық қарапайым түсініктерді
қалыптастыру мазмұны.
1
1
1
13 Көркем эстетикалық білім мазмұнын жаңарту.
1
1
1
14 Мектепке дейінгі кезеңдегі оқу тәрбие үдерісін
ұйымдастыру формалары мен құралдары.
1
1
1
15 Тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық
педагогикалық жағдайларын қалыптастыру
мазмұны. Білім мазмұнына бақылау мен
басшылық. Білім мазмұны сапасын анықтау
диагностикасы.
1
1
1
Барлығы - 45
15
15
15
168
Арнайы курс мазмұны 15 сағат дәріс, 15 сағат семинар және 15 сағат өздік
жұмыстарда (ОСӨЖ) қамтылды. 4 курс студенттері кәсіби педагогикалық іс-
әрекет технологиясын меңгеруде және тәрбиешінің, әдіскердің жұмысын
меңгеру кезеңдерінде болғандықтан бұл уақытта олардың білім мазмұнын
жаңартуды теориялық, әдіснамалық, педагогикалық тұрғыдан негізделуіне
талдау жасай отырып, мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың құрылымы,
принциптері мен тұжырымдамалық негіздерімен таныстырып, білім мазмұнын
жаңартудың мүмкіндіктерін айқындауды және оны тәжірибеде тиімді
пайдалануды меңгерету көзделді. Сонымен қатар студенттер инновациялық
технологияларды тәжірибеде пайдалану жолдарын қарастырып, тәжірибе
жинақтады. Арнайы курсты ұйымдастыру арқылы студенттер мен тәрбиешілер
шығармашылықпен ойлай білуге, тұтас педагогикалық үдерісті басқаруға
дайындығы қалыптасты, сондай ақ, мектепке дейінгі жаста оқу тәрбие үдерісін
ұйымдастырудың тиімді әдіс тәсілдерін меңгеріп, педагогикалық мониторинг,
психологиялық диагностика жүргізуге байланысты ұйымдастырыушылық,
коммуникативтік, конструктивтік қабілеттері, іскерлік дағдылары қалыптасты.
Болашақ тәрбиешілер мен тәжірибелі тәрбиешілердің кәсіби педагогикалық
іскерлігін шыңдау, тәрбиелеу мен білім берудің дамытушылық, білімдік және
тәрбиелік мақсаттарының жүзеге асырылуында білім мазмұнын жаңарту
мәселесіне баса назар аудару қажеттігіне көз жеткіздік. Тәрбиешілердің
бойында мұндай білім, білік, дағдыларды қалыптастырумен қатар мемлекеттік
стандартта көрсетілген міндетті пәндермен қоса арнайы курстар дың
өткізілуінің маңызы зор екендігі дәлелденді. Өйткені, арнайы немесе таңдауы
бойынша курстардың мазмұны міндетті боып табылатын пәндердегі білім
мазмұнын толықтыра түсуге және педагогикалық іс әрекеттердің кейбір
мәселелерін толықтыра түсетіндігімен маңызды болмақ. Ал біздің зерттеуімізге
сәйкес өткізілген арнайы курс білім мазмұнын жаңартудың теориясы мен
әдістемесі және оның тәжірибеде пайдалануға байланысты толық мағлұматтар
берілуімен құнды болмақ. Арнайы курс бағдарламасы Күлтегін баспасынан
жарияланып тәжірибеге енгізілді. Зерттеу нәтижелерін саралай келіп, арнайы
курсты ұйымдастыру барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік:
-
мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың тұжырымдамасы, арнайы
іріктеудің өлшемдері, ұстанымдары, қағидалары қарастырылды;
-
білім мазмұны және оның мәні, ғылыми негіздері және білім мазмұнын
қалыптастыру көздері, құрылымдық ерекшеліктері қамтылды;
-
білім мазмұнындағы инновациялар мен инновациялық технологияларды
пайдалану жолдары көрсетілді;
-
мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі балаларға білім беру стандарты,
тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы, оқу
жоспары мен базистік оқу жоспарына талдау жасалды;
-
тәрбиелеу мен оқытуда білім мазмұнына бақылау мен басшылық жасау, білім
сапасын анықтау диагностикасын жасау жолдары белгіленді;
Өткізілген зерттеулер нәтижесінде тәрбиешілердің шығармашылығын дамытуды
әр қырынан қарастыра келіп, оны білім мазмұнын жаңартудағы тәрбиешінің
169
кәсіби құзіреттілігін жетілдіру тұрғысынан келесі тармақшада қарастыратын
боламыз.
3.2 Мектепке дейiнгi бiлiм беру мазмұнын жаңартуда тәрбиешілердің
инновациялық технологияларды пайдаланудағы кәсіби құзіреттілгін
жетілдіру бағыттары
Қоғамның алға басуы көп ретте бүгінгі ұрпақтардың қандай дәрежеде білім
алып тәрбиеленуіне байланысты. Мектепке дейінгі кезеңде білім беруде
инновациялық технологияны енгізу мен таратудың көпшілігі оны зерттеуші
және таратушы ғана емес, оны қолданушы болып табылатын адамға тәуелді.
Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдар біркелкі бағдарламамен, біртектес
әдістемемен, біркелкі оқу жоспарларымен жұмыс істейді. Сондықтан
балабақша тәрбиешілері жаңа инновациялық технологияларды тиімді
қолдануға даяр емес. Тәрбиеші педагогтар қауымы заман талабы қойып
отырған ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру үшін инновациялық
технологияларды тәжірибеде қолдана білуге дағдылану керек. Тәрбиешінің
оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап алуы білім берудің нәтижелі болуына
мүмкіндік жасайды, ол үшін тәрбиеші балалардың өмір тәжірибесін, білім
қорын, іскерлік дағдыларының қалыптасуын есепке алуы қажет. Жаңаша әдіс-
тәсілдермен танысып, оны үнемі өз тәжірибесінде қолданып, жетілдіріп отыруы
шарт. Сондай-ақ, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен танысып, дамыта
оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, іскерлік ойындарды өткізу,
тренинг жүргізуді және балаларды қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізе
білуге үйрету жолдарын өздері меңгеруі керек. Балалардың ақыл-ойын
дамытып, дүниетанымдық өрісін кеңейтуде, ұлттық рух пен сана сезімін
қалыптастыруда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, тәжірибеде
тиімді пайдалану негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл міндеттің
шешімін табу үшін балабақша ұжымдары, әрбір тәрбиеші күнделікті ізденіс
арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қадам жасап,
оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді әдіс-
тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестіруі қажет. Соңғы
жылдардағы ғылым мен тәжірибені зерделейтін болсақ, балабақшалардың
дамуы мен қалыптасуында білім берудің жаңа бағыты ретінде инновациялық
технологиялар біртіндеп ендірілуде. Олар ғылыми-әдістемелік еңбектерде
«Инновация,
инновациялық
үдіріс-деп
отырғанымызды
білім
беру
ұйымдарының жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға
байланысты қызметі»-деп дәлелдеген.
Инновация ұғымын көрнекті ғалымдар: Т.И.Шамова, П.И.Третьякова,
М.М.Поташник, отандық ғалымдар: Н.Нұрахметов, Ж.Қараев, Ш.Таубаева,
С.Лактионова, С.Мұқанова т.б еңбектерінде қарастырылған. (2.41). Аталған
мәселеге сәйкес А.И.Савенковтың еңбектерінде жаңаша бағыт – бағдарлар
ұсынылған. Мектепке дейінгі жаста зерттеу жұмыстарын жүргізу жолдары өте
қарапайым, түсінікті, дәлелді түрде жас ерекшелігіне сәйкес жан-жақты талдау
жасалған. Бұл еңбекті басшылыққа ала отырып, эксперимент алаңдарындағы
170
мектепке дейінгі жастағы балалармен тәжірибелік жұмыстарды жүргізуде
тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жолдарына сипаттама
бермекпіз. Мұнда ең алдымен тәрбиеші балаларға берілетін білім мазмұнына
сәйкес зерттеу тақырыбын қалай таңдау қажеттігін анықтап алуы керек. Кез-
келген қарапайым зерттеу жұмысының басталуы – бұл әрбір баланың зерттеу
жұмысының тақырыпты дұрыс таңдауынан басталады. Тақырып таңдау қиын
емес, ол үшін бала қазіргі кезеңде өзін не қызықтыратынын нақты біліп алуы
қажет. Баланың балабақшадағы зерттеу тәжірибесі. Мектеп жасына дейінгі
баланың тәжірибесі–ол айналамен танысудың тағы бір жолы. Оны оқытудың
жай ғана бір түрі–деп қарастырмай, оны білім мазмұнын жаңартудың барынша
жақын негізгі жолы деп қарастыруымыз керек. Балабқшадағы ұжымдық
жұмыстар балалардың тәжірибе алуына мүмкіндік жасайды. Бұл сабақтарда
баланың зерттеу белсенділігіне шек қоюға болмайды. Сондықтан біз мекепке
дейінгі жастағы қарапайым ойын-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастырудағы
бірқатар
қиындықтарды
жеңу
бағытындағы
тәрбиешінің
кәсіби
құзіреттіліктерін жетілдірудің ерекшеліектеріне осы тарауда тоқталамыз.
Білім беру мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды пайдалану
арқылы тәрбиеші педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін жетілдірудің басым
бағыттарына тоқталамыз. Тәрбиеші педагогтің мектепке дейінгі ұйымдарда
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда тікелей басшылыққа алатын негізгі
құзіреттілік түрлері: инновациялық технологияларды пайдалана білу
құзіреттілігі, құндылық түсінігі құзіреттілігі, жалпымәдени құзіреттілігі,
танымдық-тәрбиелік құзіреттілік, коммуникативтік құзіреттілік, әлеуметтік-
қызмет құзіреттілігі, жеке тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзіреттілігі, ақпараттық
құзіреттілік.
Бірінші кәсіби құзіреттілікті жетілдірудің басым бағыттарына инновациялық
технологияларды пайдалана білу құзіреттілігі жатады. Мұнда білім беру
саласындағы жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы тәрбиелеу мен
білім беру үдерісінде қарапайым ойын-зерттеу іс-әрекеті дағдыларын
қалыптастыруы, түрлі тіршілік проблемаларын немесе жағдайларын сапалы
және табысты шешу әрекетін қамтамасыз ете алуы, жеке тәжірибеге енген жан-
жақты білімі, икемділігі, дағдысы, қабілеттер жүйесі, кәсіби біліктілік деңгейін
арттыру көзделеді. Осыған орай, балабақшада тәрбиешілерге жалпы
әдістемелік кеңестер беріліп, зерттеу жүргізуді арнайы педагогикалық үдеріс
тұрғысынан қарастырады. Мысалы: арнайы сабақтар, балабақшадағы ойын,
еңбек әрекеттері түрінде ұйымдастырады. Балалар зерттеуінің тақырыптары
қандай болуы мүмкін? деген сауалға жауап іздеп, зерттеу тақырыптарын үш
негізгі топқа біріктіруге болатынына тоқталдық.
Фантастикалық
тақырыптар–фантастикалық құбылыстарды өңдеуге
бағытталған. Мысалы, бала ғарыш кемесінің жобасын жасайды немесе сиқырлы
машина жасайды. Бұның бәрі ауызша түрде айтылуы мүмкін, бірақ техникалық
сурет немесе макет түрінде болуы мүмкін. Картон қағаздан жасалған.
Эмпирикалық тақырыптар-өздерінің бақылаған немесе тәжірибеден алған
тақырыптар. Бұл тақырыптар бала әрекетіндегі қызықты және перспективалық
бағытта. Әлем туралы және тағы да басқа өздерінің зерттелген тақырыптарға
171
арналған тәжірибелері мен бақылаулары зерттеу мақсатындағы ең бағалысы
болып табылады. Бұл зерттеулер үлкен тақырыпты талап етеді. Балаларадың
зерттеу тәжірибесіне барлық практикалық зерттелетін заттар адам, үй
жануарлары, табиғат құбылыстары, әртүрлі жансыз заттар, жалпы айналаны
қоршаған заттардың барлығын зерттеуге болады.
Теориялық тақырыптар - әртүрлі теориялық дерек көздеріндегі материалдар
мен фактілерді талдап қорытуға бағытталған. Бұл ақпараттарды басқа
адамдардан сұрауға немесе фильмдерден, кітаптардан алуға болалы.
Қазіргі таңда әр жастағы балаларға көптеген қызықты энциклопедиялар мен
анықтамалықтар басылып шығуда. Осы кітаптар мектеп жасына дейінгі балалар
мен теориялық зерттеулер жүргізуге ыңғайлы.
Мысалы,
әртүрлі
анықтамалар
мен
энциклопедиялардан
иттер
тұқымдарының тобы туралы, өткен ғасырлардың желкенді кемелердің
құрылғылары жайлы немесе музыкалық аспаптардың тарихы т.б. ақпараттарды
талдап қорытқаннан кейін, оны құрбыларына талқылауға ұсынуға болады.
Әдетте теориялық тақырыптарды мектеп жасына дейінгі тек дарынды балалар
категориясы өңдеуді жақсы көреді. Бірақ барлық балалар эмпирикалық
зерттеулерді үлкен ынтамен өткізеді және де көбі қызықты қиялдар арқылы
ерекше ойларды іске асырады. Тақырыпты таңдау ережесіне сәйкес зерттеу
тақырыбын таңдаудың бірнеше жалпы ескертпелерін мысалға келтірейік.
Тақырып таңдау балаға тиісті қызықты, оның елітіп әкетуге тиісті.
Зерттеу жұмысы, басқа шығармашылық сияқты ерікті негізде жүргізілсе ғана
нәтиже береді. Зерттеу нысаны бірдеңені өзіне тартқанда және қызықты болған
кезде ғана туындайды. Егер тақырып балаға өз көңілінен тыс берілсе, ол
қызықты болып тұрса да баланың іс-әрекетінен ешқандай нәтиже болмайды.
Тақырыпты таңдаудан бұрын баланың қандай іс-әрекетке бейімділігін,
қызығушылығын біліп алу керек. Ести білу, түсіну, танып білу, көру, сезіну -
күрделі, бірақ шешуге болатын педагогикалық тапсырма.
Тақырып орындалатын болу керек, зерттеуге қатысушыларға нақты пайда
әкелу керек. Баланы осы ойға әкелу арқылы өзін зерттеуші сияқты барынша
жұмысқа енгізу, өзін-өзі ортаға көрсете білу, жаңа пайдалы білім, іскерліктер
және дағдылар алу- күрделі, бірақ шешімсіз бұл жұмыс өз мәнін жоғалтады. Бір
қарағанда бұл бірінші ережеге қарсы келеді дер тұжырымдауға болады.
Негізінде қазір әр бала үшін ол - нәтиже. Педагогикалық өнердің өзі - дұрыс
таңдау жасатып, бала ол таңдау өзінікі деп білу.
Тақырып түпнұсқалы болуы қажет, онда ерекше, күтпеген элеметтер
байқалуы тиіс.
Тану, таң қалудан басталады, адамдар күтпеген нәрселерден таңқалады. Осы
жағдайдағы түпнұсқалықты – ерекше қабілет ретінде түсіну қажет, бірақ
сонымен қатар дәстүрлі заттар мен құбылыстарға басқаша қарау қарау қабілеті.
Бұл ереже шығармашылық адам мінез-құлқының дамуына және проблемаларды
көру шеберлігіне бағытталған Өнерпаз адам шығармашылық қабілеті
дамымаған адамнан жақсы танымал заттар мен құбылыстарға деген ерекше
көзқарас қабілеті арқылы ерекшеленеді.
172
Жұмыс салыстырмалы тұрғыдан жылдам орындалуы үшін, тақырып соған
сай болуы қажет. Өзінің назарын объектіге ұзақ шоғырландыру қабілеті, яғни
ұзақ уақыт бойы мақсатқа сай бір бағытта жұмыс істеу, мектеп жасына дейінгі
ересек топ балаларының өзінде төмендеу болады. Сондықтан, көбінесе
басталған істің аяғына дейін орындалмай қалғанын байқаймыз (сурет, құрау
және т.б.). Зерттеуді бір мезетте жүргізу өте қиын. Бала табиғатындағы осы
ерекшелікті ескере отырып, бірінші зерттеу тәжірибесін өткізгенде ұзақ
уақытты талап еткізбеу қажет. Сонымен қатар тақырыпты таңдауда мыналарды
ескеру қажет:
Шешім қабылдаудың мүмкіндік деңгейі. Әрине, проблема балалардың жас
ерекшелігіне тиісті талапқа сай болуы қажет. Бұл позиция тек қана проблема
таңдауда ғана емес, жеткізу деңгейіне де байланысты. Материалды таңдау мен
қалыптастырудағы шешімге де байланысты. Сол бір проблема әр жастағы
балаларда, әр оқыту кезеңдерінде әр қалай шешілуі мүмкін.
Тілектер мен мүмкіншіліктер. Проблеманы таңдай отырып, оны шешуге
қажетті материалдар мен құралдар болуын ескеру қажет. «Зерттеу базасына»
қажетті әдебиеттердің болмауы әдетте дұрыс емес шешімдерге әкеліп соғады.
(әдебиеттер тәрбиеші үшін). Дұрыс емес шешімдер «көп мылжыңдықты»
тудырады.Ал бұл көмектеспейді, керісінше шығармашылық ойлаудың дамуына
қарама-қарсы әсер етеді, осы ойлар дәлелді зерттеулер мен сенімді білімдерге
негізделген болуы шарт.
Зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспары
Бала бұрынғы тәжірибесімен қарым-қатынас жасағанда, бейнелі сөйлеген
уақытта, миында «ақпарат», «білім» болып қалыптасады деп, педагогикалық
психология сендіреді. Олай болмаған жағдайда ертегідегідей «бір құлақтан
кіріп, екінші құлақтан шығып кетеді» - дегендей болады. Сондықтан педагогтар
арнайы жүйенің болуын талап етіп отыр. Бос әурешілікпен оқыту үлкен әсер
бермейді, бұл ой арнайы зерттеулерде қайта-қайта дәлелденген. Зерттеу
жұмыстарын жүйелеу үшін, қосымшада көрсетілген тақырыптарды қолдануға
болады. Бұл тақырыптар өзгертілмейтін жағдайда емес шығармашылықпен
дамытып, толықтырылуы немесе қысқартылуы мүмкін. Біздің зерттеу
тәжірибелеріміз жүйелі, бірізді, баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болу
үшін жүргізілген тәжірибе жұмыстарының нәтижесі ретінде мектепке дейiнгi
бiлiм мазмұнын қалыптастырудағы тәжірибелік зерттеулердің мазмұны және
жүргізілген тәжірибелік зерттеу іс-әрекетінің үлгілерін ұсынамыз. (тақырыптық
жоспары қосымшада көрсетілген).
Тәрбиешінің инновациялық технологияларды пайдалана білу құзіреттілігін
қалыптастыру үшін төмендегідей бірқатар талаптарды нақты шеше алуы тиіс.
А. Балалардың ойын- зерттеу іс- әрекетін жүргізуде төмендегі ережені
сақтай білу:
1. Балаларды өз бетінше әрекет етуге үйрету.
2. Нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару.
3. Талқылау кезінде балаға баға беруге асықпау.
4. Білім алу барысында балаға көмектесу.
- өз бетінше проблеманы шығару;
173
- проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;
- пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау:
- ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;
- өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну;
5. Балаларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға,
шыдамдылық танытуға үйрету;
Балалардың зерттеу әрекетін төмендегідей бірізділікте жүргізу көзделді:
1. Зерттеу проблемасы мен бағытын анықтау.
2. Зерттеу тақырыбын таңдау. (зерттеу міндеттерін анықтау)
3. Зерттеу әдістерін анықтау.
4. Зерттеуді жүргізу.(ақпараттарды жинау және өңдеу, бақылау, эксперимент)
5. Алынған материалды талдау және тарату(алынған материалды белгілі бір
ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып құру)
6. Қортындылау. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама беру,
зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасау)
7. Презентацияны жариялау (қорғау және сұрақтарға жауап беру)
8. Аяқталған жұмыс қортындысын талқылау. Рефлексия.
Ә. Балалардың ойын-зерттеу іс-әрекетін жүргізуде мақсат, міндеттерді
дұрыс қоя білу. Балабақша тәжірибесінде қарапайым зерттеу іс-әрекетін
жүргізуде оның мақсат, міндеттерін айқындап алу тәрбиешінің кәсіби
құзіреттігін жетілдіруге ықпал етері сөзсіз. Мұнда мекепке дейінгі жасағы білім
мазмұнын жаңартуда алға қойылатын мақсат айқын және міндеттер нақты
болуы тиіс.
Мақсат: зерттеу жұмыстарын теориялық тұрғыдан негіздеу, білім беру
мазмұнын қандай пәндер арқылы жаңартуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
Бұл мақсаттарды жүзеге асрыуда төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- зерттеу тақырыптарын таңдау және жоспарын құру;
- зерттеу әдістерімен балаларды таныстыру;
- арнайы тәжірибелік жұмыстар жүргізу;
- тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқау дайындау;
Бұл міндеттерді шешу бағытындағы жұмыстардан мектепке дейінгі жастағы
балалармен зерттеу жұмыстарын жүргізу әдіс-тәсілдері, мектепалды тобында –
зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері, дербес зерттеулер жүргізу,
тәрбиешілерге
әдістемелік
нұсқау,
баланың
балабақшадағы
зерттеу
тәжірибесінен үлгі сабақ жоспарлары дайындалды. Баланың зерттеу
қабілеттерінің дамуы-бүгінгі білім беруді маңызды міндеттерінің бірі болып
табылады. Бұл міндеттерді шешу, әрбір педагогикалық міндеттерді шешу
тәрізді педагогикалық проблематиканың жалпы контекістінде қарау қажет.
Б. Балалардың ойын-зерттеу іс-әрекетін жүргізуде төмендегі зерттеу
әдістерін тиімді пайдалана білу: өздігінен дербес ойлану; басқа адамдардан
сұрау; кітаптардан қарап көру; теледидардан қарау; бақылау жасау;
эксперимент жүргізу; компьютерден немесе интернет арқылы ақпараттар
жинау; мамандардан сұрап, байланыс жасау. Осыған орай, айнала қоршаған
ортамен таныстыру және валеология сабақтарында балалармен бірлесе отырып
зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Теориялық мәліметтерді басшылыққа ала
174
отрып, балалармен өзіміздің тәжірибелік жұмыстарымыздың барысында
аталған әдістерді тәжірибелік байқаудан өткізіп, оның тиімділіне көз жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |