- білім беру мазмұнына, оның деңгейі мен сапасына қойылатын талаптарды
реттеуді;
- мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін баланың денсаулығы мен
дамуына қарай ұйымдастыру бағдарын;
139
- әр жас кезеңінде дамудың әлеуметтік ситуацияларды іске асыру
жағдайларын қамтамасыз етуді;
- мектепке дейінгі жастағы жас кезеңдері арасындағы сабақтастық
негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін сақтауды;
- балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық байланысты
реттеуді;
- мектепке дейінгі жастағы тұлғаның толыққанды дамуында дамыту
ортасының педагогикалық-психологиялық негіздері мен отбасының әлеуетін
қолдануды қарастырады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаты:
Мектепке дейінгі жастағы баланың табысты әлеуметтенуіне және
жалпыадамзаттық
және
ұлттық
құндылықтарға
негізделген
негізгі
құзыреттіліктерді игеруіне ықпал ететін баланың жеке дамуының кешенді
ұйымдастыру және толыққанды кеңістігін құру, қоғамдадағы жағымды
қатынастарға қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі
міндеттері:
- Қазақстан халықтарының ұлттық дәстүрлері негізінде салауатты өмір
салтының құндылықтарын қалыптастыру, баланың өмірін сақтау және
денсаулығын нығайту, денесін шынықтыру;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде педагогикалық үдерісті қоғам
талаптарына сәйкес жаңғырту;
- балада қоршаған әлем, табиғат, өзі және айналасындағы әлеуметтік ортасы
туралы алғашқы түсінігін қалыптастыру;
- баланың танымын дамыту, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру,
танып білуге қызығушылығы мен құштарлығын арттыру;
- баланың сөйлеу тілі мен ана тілін, таным және ойын әрекеті негізінде
дамыту;
- баланың дұрыс дыбыстауын, байланыстырып сөйлеуін, қатынас мәдениетін,
сауат ашу негіздерін игеруге даярлау;
- мектепке дейінгі жастағылардың құндылық бағдарын адамның жағымды
әлеуметтік мінез-құлқы мен нормаларында, жүріс-тұрыс тәртібінде,
қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүр үлгілерінде
қалыптастыру;
- қоршаған әлемге ізгілік қатынасқа, отбасына, туған өлкесіне, Отанына
сүйіспеншілікке, түрлі ұлт өкілдеріне, мемлекеттік рәміздерге құрмет
көрсетуге тәрбиелеу;
-
баланың эстетикалық сезімін, айналасындағының шынайылығына
эстетикалық қатынасын және бейнелеу, көркемдік-тілдік, музыкалық
әрекеттерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дейінгі ұйымдардың
практикасына енгізуде білім беру үдерісіне ерте жастан қамту.
Мектепке дейінгі білім беру құрылымы:
Стандарт мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің төмендегідей негізгі
институттарының қызметін реттейді. Олар: Отбасы тәрбиесі; Мектепке дейінгі
ұйымдар: мемлекеттік, жеке меншік, ведомстволық (түрлері мен типтері);
140
Туғаннан 4 жасқа дейінгі икемделген күн тәртібімен жұмыс істейтін топтар,
сондай-ақ 4-тен 6 жасқа дейінгі мектепалды топтар мен сыныптар құруға
болатын заттық-кеңістікті ортасы мен санитарлық-гигиеналық жағдайы бар
білім беру ұйымдары; Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды
сыныптарының толымдылығы 25 баладан, мектепке дейінгі топтарының
толымдылығы 20 баладан аспауы тиіс. Жалпы білім беретін шағын комплектілі
мектептерде мектепке дейінгі және мектепалды топтарының толымдылығы
жергілікті атқарушы биліктің келісімімен белгіленетін болды.
Білім мазмұны үнемі жаңартуды талап ететін үзіліссіз үдеріс ретінде сол
тарихи кезеңдегі қоғамдық құбылыстарға байланысты болады. Мектепке
дейінгі білім мазмұнының шектен тыс көбейтілуі, тәрбиешінің қызметі оқу–
тәрбие үдерісін ұйымдастыруға бағытталып, баланы іс–әрекеттің обьектісі
ретінде
қарайтындығы
айқындалды.
Тәрбиешінің
іс–әрекеті
білім
мазмұнының құрылымын дамытудың интенсивті жолдарын таңдап, білім
мазмұнын жаңартуда «іс–әрекеттік» тұрғыдан келу қарастырылады. Білім
беру салалары мазмұнының базалық минимумын анақталып балаларға
берілетін білімнің мазмұны баланың дамуы мен жеткен жетістігін бағалаудың
нәтижесіне қарай құрылды. Бір жас кезеңінің білім беру саласының мазмұны
келесі жас кезеңінің білім беру саласының мазмұнымен сабақтасады. Баланың
құзыретті дамуын бағалау жүйесінің негізіне сыртқы тәжірибе түсінік
тұрғысынан ішкі тәжірибеге өту үрдісі алынған, сондықтан құзыреттілікті
дамытудың үш шартты деңгейі анықталды: 1 деңгей – бала осы не басқа іс-
әрекетті жасағанда; 2 деңгей – бала не істейтінін түсінгенде; 3 деңгей – бала
өзінің білетінін қолданғанда. Бала құзыреттілігінің даму деңгейін қадағалап
байқау үшін педагогикалық диагностика жүргізуге және баланың жеке
дамуының жоспарын құруға мүмкіндік беретін индикаторлар жүйесі
қолданылады. Осы жүйені басшылыққа ала отырып төменде білім мазмұнын
жаңартудағы өзгерістерге тоқталамыз.
Кесте – 8 - Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудағы өзгерістер
Жас
ерекшелігі
білім беру саласы,
мақсаты
Білім мазмұнындағы
өзгерістер
Мектепке
дейінгі кіші
жас (3-5 жас)
«Денсаулық»
саласы:
Мақасаты:
өз
денсаулығына
саналы
көзқарасын
тәрбиелеу,
денсаулықтың
адамға
табиғаттың берген басты
құндылығы екенін түсіну,
- «Денсаулық»
білім
беру
саласының мазмұны денсаулықты
сақтау және жалпы қимыл-қозғалыс
құзыреттіліктерін қалыптастыруды
көздейді, соның ішінде:
- гигиеналық
шараларды
өз
бетімен орындауы;
- негізгі
қимылдарды түсініп
орындауы;
- саптық
және
спорттық
жаттығуларды
меңгеруі,
өз
денесін
білуі;
қимыл-
141
қозғалыстың
жеткілікті
белсенділігі;
- салауатты
өмір
салтының
қарапайым
дағдыларын
меңгеруі.
Мектепке
дейінгі
ересек жас
(5 – 6 жас)
Мақасаты:
өз
денсаулығына
саналы
көзқарасын
тәрбиелеу,
денсаулықтың
адамға
табиғаттың берген басты
құндылығы екенін түсіну,
қозғалыс
белсенділігін
дамыту және физикалық
қасиеттерін
қалыптастыру;
«Денсаулық» білім беру саласы
денсаулықты сақтау және жалпы
қимыл-қозғалыс құзыреттіліктерін
қалыптастыруды көздейді, соның
ішінде:
-
негізгі қимыл түрлерін өз
бетінше
шығармашылықпен
орындауы;
-
дене және ерік-жігер қасиеттерін
көрсете білуі;
-
өз
денесінің
мүмкіндіктерін
түсінуі;
- салауатты
өмір
салтының
ережелерін саналы сақтауы.
Мектепке
дейінгі кіші
жас
(3-5
жас)
«Қатынас» білім беру
саласы
Мақсаты: ана тілінің
базалық құндылықтарын
меңгерген,
мемлекеттік
және басқа да тілдерде
мәдени әлеуметтік өзара
қатынасқа
дайын,
қабілетті мектеп жасына
дейінгітұлғаны тәрбиелеу
«Қатынас» білім беру саласы
коммуникативтік-тілдік
құзыреттілікті дамытуды көздейді,
соның ішінде:
-
байланыстырып
сөйлеуін;
-
шығармашылық
сөйлеу
әрекетінің
қарапайым
дағдыларының іске асыруы;
- сөйлеу
тілінде дыбысты
жеткілікті қабылдауының деңгейі;
- дыбысты дұрыс айтуы.
Мектепке
дейінгі
үлкен жас
(5-6 жас)
Мақсаты: ана тілінің
базалық құндылықтарын
меңгерген,
мемлекеттік
және басқа да тілдерде
мәдениәлеуметтік өзара
қатынасқа
дайын,
айналадағылармен
вербальды
және
вербальды
емес
құралдармен
жұмыс
істеуге қабілетті мектеп
жасына дейінгі көптілді
тұлғаны тәрбиелеу
«Қатынас»
білім
беру
саласы
коммуникативтік-тілдік
құзыреттілікті дамытуды көздейді,
соның ішінде:
-
байланыстырып
сөйлеудің деңгейінің жас кезеңіне
сәйкестігі;
-
мазмұнды диалог пен
монолог құрастыра білуі;
- сөйлеу шығармашылығын көрсетуі;
-
сөйлеу әрекетіне тән
қабілетінің дамуы;
-
сауат ашуға және хат тануға
дайындығы.
142
Мектепке
дейінгі кіші
жас
(3-5
жас)
«Таным»
білім
беру
саласы
Мақсаты:
танымдық
әрекеттің
дағдыларын
игерген, әлемнің тұтас
бейнесін түсінуге және
ақпаратты
өмірлік
маңызды
мәселелерді
шешуде
қолдануға
қабілетті
тұлға
қалыптастыру.
«Таным» білім беру саласы
танымдық
және
ақпараттық
құзыреттілкті
қалыпиастыруды
көздейді, соның ішінде:
-
жалпылау негізінде жатқан
басты белгілері туралы түсінігі;
-
конструктивтік
әрекет
тәсілдерін игеруі;
-
қарапайым
ізденіс
пен
эксперименттен
өткізу
әрекетін
жүзеге асыра білуі;
-
тіршілік иелері ретінде
адамның,
жануардың
және
өсімдіктің негізгі қасиеттері мен
белгілерін, олардың тіршілік ету
ортасымен байланысы, өсу мен
даму талаптары туралы білуі;
-
баланың түрлі әрекетінде
пайдалануына арналған заттар мен
материалдарға
сенсорлық
талдаудың
барлық
тәсілдерін
қолдана білуі;
-
заттардың
қызметі,
құрылысы,
жасалған
материалдарының
арасындағы
қарапайым
себеп-салдар
байланысын түсінуі;
-
қарапайым
еңбек
дағдылары;
-
қолайлы
көздерден
(кітаптар, журналдар, ересектердің
әңгімесі, теледидар) ақпарат ала
білуі:
Мектепке
дейінгі
ересек жас
(5-6 жас)
Мақсаты:
танымдық
әрекеттің
дағдыларын
игерген, әлемнің тұтас
бейнесін түсінуге және
ақпаратты
өмірлік
маңызды
мәселелерді
шешуде
қолдануға
қабілетті
тұлға
қалыптастыру.
«Таным» білім беру саласы
танымдық
және
ақпараттық
құзыреттіліктерді қалыптастыруды
көздейді, соның ішінде:
- баланың түрлі әрекетінің
дамуына ықпал ететін қоршаған
орта ның шынайылығы туралы
жинақталған білімінің қалыптасқан
жүйесі;
- материалдық
мәдени
заттарды түсіну мен бағалауға
ұмтылысы;
143
- модельдеуге,
эксперименттеуге
қабілеті,
қарапайым
ізденіс
әрекетімен
айналыса білуі;
- табиғатты қорғаудың кейбір
тәсілдерін игеруі;
- салыстыру,
жинақтау,
талдау қабілеттері;
- түрлі
ақпарат көздерімен
жұмыс істей білуі.
Мектепке
дейінгі кіші
жас
(3-5
жас)
«Шығармашылық» білім
беру саласы
Мақсаты:
мектепке
дейінгі
жастағылардың
сезім-эмоционалдық
жүйесі мен эстетикалық
талғамын қалыптастыру;
«Шығармашылық»
білім
беру
саласы
көркем-эстетикалық
құзыреттіліктерді қалыптастыруды
көздейді, соның ішінде:
- көркем
ойлаудың
қарапайым
дағыларын көрсетуі;
- көркем
бейнелерді
өзара
салыстыра білуі;
- бейнелеуде,
мүсіндеуде,
музыкада бейнелерге тән жалпы
белгілер мен кейбір детальдарды
жеткізе білуі;
- таныс әндер мен пъесалардың
дыбысталуына қарап ажырата білуі;
-
музыкалық
аспаптарда
ойнаудың қарапайым дағдыларын
меңгеруі;
-
өнер бұйымдарының қызметі
мен оларды жасаушылар туралы
білуі;
- живописьтің бейнелі мазмұнына
эмоционалды көңіл бөлуі мен
көркем бейнелердің көңіл-күйін
түсінуі;
- халықтық-қолданбалы өнерінің
кейбір түрлері туралы білуі;
- шығармашылықпен
бейнелеу,
декоративтік
іс-әрекеттің
дағдылары мен білігінің болуы.
Мектепке
дейінгі
ересек жас
(5-6 жас)
«Шығармашылық» білім
беру саласы
Мақсаты: 5-6 жастағы
балалардың
сезімді-
эмоционалдық
ортасын
және әсемдік талғамын,
«Шығармашылық» білім беру
саласы жеке-шығармашылық және
көркем-эстетикалық құзыреттілікті
қалыптастыруды көздейді, соның
ішінде.
- живописьтің жанрлары мен
144
шығармашылық
ойлауының
мәдениетін
дамыту мен эстетикалық
талғамын қалыптастыру
өз халқының қолданбалы өнер
түрлерін ажырата және айта білуі;
- музыкалық және көркем-
мәнер құралдарын ажырата және
айта білуі,
- бейнелердің
сипатына
сәйкес бейнелеудің техникалық
тәсілдерін өз бетімен таңдай білуі;
- өзіндік би және музыкалық
бейнелердің көңіл-күйін, сипатын
жасау
үшін
дауысын,
дене
қимылын,
аспаптарда
ойнау
тәсілдерін қолдана білуі;
- көркем, музыкалық, сөйлеу
әрекеттерінде
шығармашылық
белсенділік танытуы;
- түрлі іс-әрекеттерде жеке
шығармашылық
бейнелеу,
декоративтік әрекеттер дағдылары
мен біліктерін игеруі.
Мектепке
дейінгі кіші
жас
(3-5
жас)
«Әлеумет» білім беру
саласы
Мақсаты:
әлеуметтегі
жағымды
мінез-құлық
пен қатынасқа қабілетті
әлеуметтік-бейімделген
шығармашыл
тұлғаны
тәриелеу,
Отанға
сүйіспеншілік тәрбиелеу,
үлкендерді құрметтеу.
«Әлеумет» білім беру саласы
әлеуметтік және құндылық-мәнді
құзыреттілікті
қалыптастыруды
көздейді, соның ішінде:
- айналадағы адамдарды түсіне
білуі, оларға тілектестік көңіл-
күй танытуы, өзара әрекет пен
қарым-қатынасқа ұмтылуы;
- жүріс-тұрыс пен қарым-қатынас
мәдениетінің нормалары мен
ережелеріндегі
қалыптасқан
әлеуметтік
бағдары;
құрбыларымен, жақындарымен
қарым-қатынас
мәдениетін
игеруі;
- жаңа әлеуметтік рөлдерді
орындау қабілеті;
- ізгі және мәдени мінез-
құлықтың
қарапайым
дағдыларын игеруі;
- жылы сезімдер мен өзара
қарымқатынастың,
жағымды
қылықтардың оң тәжірибесі.
Мектепке
дейінгі
«Әлеумет» білім беру
саласы
«Әлеумет» білім беру саласы
әлеуметтік және құндылық-мәнді
145
ересек жас
(5-6 жас)
Мақсаты:
әлеуметтегі
жағымды
мінез-құлық
пен қатынасқа қабілетті
әлеуметтік-бейімделген
шығармашыл
тұлғаны
тәриелеу,
Отанға
сүйіспеншілік тәрбиелеу,
үлкендерді құрметтеу.
құзыреттіліктерді қалыптастыруды
көздейді, соның ішінде:
- үлкендермен,
құрбыларымен
қарым-қатынас
және
қоғамдық
орындарда жүріс-тұрыс мәдениеті
дағдыларын игеруі;
- отбасы және туыстық қатынас
жөнінде қалыптасқан көзқарас;
- өзінің
іс-әрекетін,
айналадағылармен
қарым-
қатынасын өз бетімен бақылау мен
реттеудің қарапайым дағдыларын
меңгеруі;
- түрлі
іс-әрекеттегі өзіндік
талаптары мен қызығушылықтарын
іске асыру қабілеті;
- өзі туралы, гендерлік тәрбие
мен
жыныстық
ерекшеліктер
туралы білімі болуы, өзін тұлға
ретінде «Мен-адаммын» деп сезінуі;
- Қазақстан
Республикасында
тұратын өз халқының және басқа да
халықтардың
мәдени
құндылықтарын білуі.
Ұсынылған
білім мазмұнын іске асыруда педагогикалық үдерісті
ұйымдастыруға, заттық-дамытушы ортаға, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға
және мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасайтын педагогтарға
қойылатын талаптарға тоқталамыз.
Педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
- педагогикалық үдеріс баланың жас ерекшеліктерін, талаптары мен
қызығушылықтарын
есепке
ала
отырып
негізгі
құзыреттіліктерді
қалыптастыруды қамтамасыз ететін құзыреттілік тәсілдері негізінде
ұйымдастырылады;
- педагогикалық үдеріс білім беру салалары арқылы жүзеге асырылады;
- педагогикалық үдеріс оның инновациялығы мен тұтастығын қамтамасыз
ететін ұйымдастырудың жеке, шағын топтық және топтық түрлерінің үйлесімді
байланысының негізінде құрылады;
- педагогикалық үдеріс қарым-қатынас, ойын, ізденіс-эксперименталдық
әрекеттің, еңбек, үлкендермен және құрбыларымен ынтымақтастығы негізінде
ұйымдастырылады;
- педагогикалық үдеріс пәнаралық, қызметаралық, өзара әрекеттестік сипатта
болады, оның әр қатысушысының өзін-өзі танытуына және өзін-өзі
нақтылауына қолайлы мүмкіндік туғызады;
146
Педагогикалық үдеріс тәрбиешінің бағыттаушы рөлін қарастырады және
келесі қызметтерді іске асыруды көздейді:
- болжау, жобалау және педагогикалық үдерісті құру;
- педагогикалық қызметтің нәтижесін объективті диагностикалау;
- ғылым мен тәжірибе арасындағы сабақтастықты жүзеге асыру.
Педагогикалық үдеріс әр баланың даму деңгейі мен өзекті жағдайы туралы
ақпарат алуды қамтамасыз ететін және оның дамуының жеке траекториясын
жасайтын психологиялық-педагогикалық диагностика негіздерінде құрылады.
Ойымызды қорытындалай келе, мемлекеттік стандартты жетілдіру оның мақсат,
міндеттерін, әдіс-тәсілдері мен құралдарына өзгерістер енгізу білім мазмұнын
жаңартуға негіз болмақ.
3. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын жаңартуда инновациялық
технологияларды пайдалану мүмкіндіктері
3.1 Білім беру мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды
пайдалану арқылы тәрбиешілердің шығармашылығын дамыту
бағыттары
Қазақстан
Республикасының
тәуелсіздікке
қол
жеткізіп,
әлемдік
ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен
даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде дербес танылуы Отандық білім
берудің алдында жаңа міндеттер мен талаптар қойып отырғаны белгілі. Қай
кезде болмасын ізгі мақсаттарға, асыл мұраттарға жету ізденістер мен
шығармашылық әрекеттер және инновациялық технологияларды тәжірибеде
тиімді пайдалануға да тікелей байланысты болмақ.
Педагогикалық зерттеулердің кез-келгені дидактикалық принциптердің
жүзеге асуының тиімді жолдарын қарастырады. Педагогика ғылымы
қалыптасып, дидактикалық принциптер анықталған соң ХХ ғасырға дейін
барлық зерттеулер дидактиканың тек оқыту мен тәрбиелеу принциптерін
жүзеге асыру жолдарын қарастырды десек қателеспейміз. Ал дамытушылық
принципті жүзеге асыру жолдары жан-жақты қамтылмады. Ғылымның, оның
ішінде педагогика ғылымының дамуының жаңа кезеңінде инновациялық
бағыттарды көрініс тауып отыр. Соған байланысты жоғарыда атап өткен оқу-
зерттеу іс-әрекетінің беретін нәтижелерін ескере отырып, біз осы әрекет
дидактиканың дамыту принциптерін жүзеге асырудың бір жолы ретінде
қарастырып отырмыз.
Мектепке дейiнгi ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану
арқылы тәрбиешінің шығармашылығын дамыту ерекшеліктерін қарастыра
отырып, осы іс-әрекеттің жүзеге асуына ықпал ететін факторлардың бірі
ретінде танылған тұлға – тәрбиешіге қатысты бірқатар талаптар мен
мәселелерді ашу міндетімен қатар олардың бұл жұмысты жүргізуге байланысты
дайындығы және шығармашылығы қандай дәрежеде болу керек деген сұрақтың
шешімін табу кезек күттірмейтін мәселе деп ойлаймыз. Қазіргі қоғам жеке
адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап
147
етеді. Өйткені, адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын қызметі, сол
қоғамның дамуымен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім
беру саласының ең негізі талабы: кең дүниетанымдық көзқарас, толық
құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға қалыптастыру. Қоғамда
«орындаушы» адамнан гөрі «шығармшылық» адамға деген сұраныстың көп
екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Әсіресе, білім саласында қызмет
ететін адамдар, оның ішінде тәрбиешілер шығармашылықпен жұмыс жасай
білулері керек деген талап қояды.
Адамның шығармашылығы-нәтижесінде қандайда бір жаңа, қайталанбайтын
ерекше туынды беретін әрекет. Ал педагогикалық шығармашылық – педагогтің
оқу-тәрбие мәселелерін жоғары тапқырлықпен, ерекше тиімділікпен шешуі
және оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасының толығуына үлес
қосуы. Бұл тәрбиешілерден өте жоғары тапқырлықты, шеберлікті, білімнің жан-
жақтылығын, педагогикалық қызметке деген үлкен ынтаны талап етеді.
«Шығармашылық» сөзінің шығу төркінін психолог Л.C.Выготский бойынша
«шығу», «ойлап табу» және ол жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіреді.
Педагогтардың шығармашылық қабілеттеріне қатысты зерттеулер жүргізіп,
еңбектер жазған зерттеушілер: Ю.К.Бабанский, Е.П.Белозерцев, В.И.
Загвязинский, В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандрова, Ю.Л.Львова, В.Н. Шадриков
және т.б. Аталған зерттеушілердің еңбектерінде педагогикалық үдеріске
қатысушылардың шығармашылық жұмысына байланысты ойлар айтылған.
Осыған байланысты В.А.Кан-Калик: Педагогикалық шығармашылық объектісі
– тірі адам, оқушы немесе тәрбиеленуші. Бұл шығармашылықтың басқа түрінде
кездеспейтін, қайталанбас жағдай туғызады. Шын мәнінде мұнда бір адам
өзінің жеке, азаматтық тәжірибесіне сүйене отырып, басқа адамды өзгертеді-
дейді. Сонымен қатар педагогикалық шығармашылыққа төмендегідей анықтама
береді: педагогикалық шығармашылық - педагогикалық үдерістің ең басты
шарттарының бірі, мұғалімнің қызметіндегі объективті кәсіби қажеттілік.
Ал В.Ф.Шаталовтың тәжірибесінде педагогикалық шығармашылықтың
құрылымы жалпы адам шығармашылығының логикасы арқылы анықталады:
а) ойдың, проблеманың пайда болуы;
ә) мақсаттарды ойластыру, сезіне білу;
б) бақылаудың қорытындыларын жинақтау;
в) қойылған мақсаттарды шешудің тиімді жолдарын анықтау;
г) шығармашылық үдерістің нәтижесі және бағасы. Егер бұл құрылымды
педагогикалық шығармашылық құрылымына келтіретін болсақ, онда: а)
тәрбиешінің оны алдын-ала сезінуін, күрделілігін бағалауын қажет ететін оқыту
мен тәрбиелеудің мәселелері қойылады. ә) аталған мәселелерге қатысты
мақсаттарды айқындау қажеттілігі туындайды. б) объектіге бақылау жүргізіп,
ол туралы ақпараттар жинақтау; в) мақсатты жүзеге асыруда пайдалануға
болатын мүмкіндіктердің ең тиімдісі таңдалынып алыну; г) педагогикалық әсер
етуге талдау жасалынып, ол сыни көзқараспен бағалану.
К.С.Станиславский осындағы мақсат қоя білуді маңызды деп санап: «Мақсат
қоя білу - шығармашылықты жүзеге асырудың ең басты міндеті. Мақсатты
148
анықтау педагогтің алдына педагогиканың көкжиегін алып келеді» - деп жалпы
мақсаттардың ішінен негізігісін анықтау керектігін көрсетеді.
Өз кезегінде В.С.Кукушин нағыз педагогті дайындап, тәрбиелеп шығаруға
болады деген жалпыға ортақ пікірмен келіспейді. Оның ойынша, нағыз педагог-
өзі дамытып отыратын адам. Сондай-ақ, тәрбиешінің қызметіндегі жағымды
және жағымсыз жақтарды аша отырып, оның шығармашылықпен жұмыс жасай
алуын, сондай мүмкіндіктің болуын оң позитивтер қатарынан көрсетеді.
Тәрбиешінің педагогикалық мәдениетінің жалпы құрылымында кәсіби
дағдылардан кейін шығармашылықпен жұмыс жасай алу тәжірибесі орын
алады. Автордың айтуынша тәрбиешінің кәсіби дайындығы, білімі мен
біліктері оқу үдерісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет
арқылы жүзеге асады. Шығармашылық біліктер төмендегідей мүмкіндіктерді
қамтиды:
–тәрбиешінің өз бетімен педагогикалық міндеттерді шеше білуі;
–балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта алатын педагогикалық
мақсаттар қойып, оны шешеуде балаларды қызықтыруы;
–оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда оқытудың дәстүрлі әдістерінен басқа
әдістерді кеңінен әрі үлкен шеберлікпен пайдалана білуі маңызды деп көрсетеді.
Мұндағы тәрбиешінің педагогикалық міндеттерді өз бетімен шеше білу
қабілеті оның берілген нұсқауларға жалтақтамай өзіндік тәжірибесіне сүйене
ортырып, кез-келген қиын жағдайлардан жол таба алуымен байланысты
болатын болса, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты
мақсаттар қою тәрбиешінің өзінен үлкен шығармашылық ізденіс пен талапты
қажет етеді. Оқытудың дәстүрлі әдістерімен шектелген тәрбиеші оқытудың
дамытушылық принциптерін толық жүзеге асыра алмайтындығы белгілі.
Тәрбиешінің
шығармашылығының
дамуына
жоғарыда
аталған
мүмкіндіктермен қатар Н.А.Морева өз еңбегінде олардың тәжірибесін атап
өткен жөн деп есептейді. Өз іс-әрекетінде жаңа жолдар мен әдістер іздеуіне
оның тәжірибесі көп мүмкіндіктер туғызады және педагогикалық тәжірибе
кәсіби білім, біліктер мен дағдылар сонымен қатар оқытуда тиімді нәтиже
беретін әдеттерді қамтиды. Тәрбиеші өзінің кәсіби білімін тиімді, шебер әрі
үлкен шығармашылықпен пайдалана алуы керек. Сондай-ақ, кәсіби білім және
тәрбиешінің тәжірибесі педагогикалық шығармашылықтың нәтижесінің тиісті
дәрежеде болуына ықпал етеді. Тәрбиешінің шығармашылығының жеткілікті
дәрежеде көрініс табуы, тиісті нәтиже беруі мынадай факторларға байланысты.
Олар: а) нақты мақсатқа бағытталған, бірізділікте құрылған, арнайы жүйемен
байланысты, тәрбиешінің объективті іс-әрекеті;
ә) тәрбиешінің субъективті мүмкіндіктерімен байланысты. Түрткі,
құзіреттілік, қабілеттері басты рөл атқарады.
б) кәсіби ортаның ұйымдастырылуына байланысты.
Ал нәтижесі төмен дәрежеде сипатталатын шығармашылық тек әкімшілік
тарапынан берілген тапсырмалар, ережелерді жетекшілік ететін тәрбиешілердің
іс-әрекетінен байқалады. Өз қызметінде жеке мақсаттарын өзінің
тәрбиеленушілерінің
қызығушылықтарынан
жоғары
қойып,
айналасындағыларды өзіне қаратуды көздейтін тәрбиешінің жұмысында
149
шығармашылық нәтиже болмайды. Осыған байланысты әрбір тәрбиеші өзінің
білімін, іскерлігін, дағдыларын тиісті талаптарға сай дамытып отыруы керек.
Ол білім саласындағы өзгерістерге, жаңаруларға жалпы қоғамның дамуына
байланысты жүреді. Педагогтың білімін дамытып, шығармашылығын шыңдауы
үлкен еңбек пен талапты қажет ететіні сөзсіз екендігін мойындай келе,
шығармашылықты дамытудың төмендегідей кезеңдерін ұсынады:
Кәсіби даму – шығармашылықтың өте қарапайым түрі, тәрбиешінің өзінің
жіберген қателерін қайталамауға бағытталады.
Арнайы әдістемелік – тәрбиешінің баршаға танымал әдістемелермен
танысуы және өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, сол тәжірибелерді күнделікті
іс-әрекетінде пайдалана алудағы шығармашылығы.
Жоспарлау– тәрбиешінің әріптестерінің тәжірибесін пайдалана отырып,
өзіндік жұмыс жасау жүйесін құрай алу шығармашылығы.
Оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру – тек жоспарлаумен шектелмейтін, тұтас
педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді қағидаларын ескере отырып
жүзеге асатын шығармашылық түрі.
Ғылыми ұйымдасқан іс-әрекет – шығармашылықтың дамуының ең жоғарғы
деңгейі.
Педагогтің шығармашылығының бұл деңгейіне барлық тәрбиеші дерлік жете
бермейді, осы дейгейге жетуді маңызды санап, осыған байланысты зерттеулер
жүргізген ғалымдар: С.И. Архангельский, Ю.К. Бабанский, В.Е. Гмурман, М.А.
Данилов, В.И. Журавлев, Л.В. Занков, В.И. Загвязинский, Ф.Ф. Королев, В.В.
Краевский, Н.В. Кузьмина, М.Н. Скаткин, В.М. Полонский, Я.С. Турбовской,
Н.Д. Хмель, В.С. Черепанов, В.С. Шубинский, Г.П. Щедровицкий және
отандық зерттеушілер: А.Е.Әбылқасымова, М.А. Құдайқұлов, И.Н. Нұғыманов,
Т.С. Сабыров, Ш. Таубаева және т.б. Олардың ойынша педагогтардың ғылыми-
зерттеу жұмыстары тұтас педагогикалық үдерісті тиімді ұйымдастыруда
маңызы зор. Сонымен қатар әр тәрбиеші осы іс-әрекет арқасында білімін
толықтырып, қоғамдағы өзгерістер мен талаптарға сай қызмет атқара алады
балалардың бойында шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру деңгейі
біршама көтеріле түседі. Тәрбиешінің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы
оның кәсиби мәдениетінің дамуына жол ашады деп танып, зерттеушілік
мәдениетті
әрқырынан
қарастырған
ғалымдар:
зерттеу
мәдениетін
педагогикалық қабілет деп көрсеткен - М.И.Скаткин, зерттеу туралы білімі,
білік дағдысының болуы керек деген - Л.Горбунова, педагогикалық қызметтегі
кәсіби шеберлік ретінде- И.Д.Богаева, педагогикалық шығармашылық -
В.И.Скляной,
зерттеушілік
іс-әрекет–Н.В.
Кухаров,
А.И.Кочетов,
педагогикалық мәдениеттіліктің бір бөлігі–А.А.Молдажанова, ғылыми-
шығармашылықтың синонимі–И.Я. Понаморев, мұғалімнің методологиялық
мәдениетінің бір бөлігі–В.А. Сластенин, В.Э.Тамарин, педагогикалық ойлаудың
белгілі бір деңгейі–Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская, мұғалімнің кәсіби-зерттеу
мәдениеті–З.А. Исаева, зерттеу еңбегінің құралы–П.Т. Приходько, кәсіби
құзіреттіліктің даму деңгейі–А.К. Маркова, кәсіби мәдениеттілік - В.А.
Сластенин, методологиялық ойлаудың пайда болуы–О.С.Анисимова, ғылыми
қызметкердің еңбек ету мәдениетінің пайда болуы–К.М. Варшавский, зерттеу
150
қабілеттілігі–Е.И. Регирер, оқу үдірісінде зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру -
Т.И. Шамова, инновациялық әрекетің құралы–Л.С.Подымова, И.И.Циркун,
педагогикалық технологияларды меңгеру факторы–Г.К.Селевко, мұғалімнің
кәсіби іс-әрекетке іргелі дайындығы–З.А.Исаева, М.С.Молдабеков, рухани
мәдениеттің бір бөлігі – М.М.Мухамбетова.
Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-
қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етiп, оларды оқу процесiн
жетiлдiру
бағытында
қолдану
мәселелерiмен
отандық
ғалымдар:
Д.М.Жүсiбалиева, Б.Ә.Әбдiкәрiмұлы, М.С.Мәлiбекова, Г.Қ.Нұрғалиева, Қ.
Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Т.Таубаева,т.б өз зерттеулерiнде қарастырған.
Дегенмен, жоғарыда айтылған мәселелердiң барлығы бiлiм беру мазмұны
сабақтастығын сақтауда инновациялық педагогикалық технологияларды
пайдалану мүмкiндiктерiн нақтылау қажеттiгiн айқындай түсуде. ғылыми
ортада және тәжiрибелi мамандар арасында үзiлiссiз бiлiм берудiң әрбiр
сатысындағы
бiлiм
мазмұнын
жаңарту
барысында
инновациялық
педагогикалық технологияларды пайдалану мәселесi де күн тәртiбiнен түспей
үнемi талдану үстiнде.
Ресей ғалымдары: балабақша мен бастауыш мектептегі білім беру
мазмұнының
сабақтастығы
тұрғысынан:
Л.А.Венгер,
Т.К.Воробьева,
В.В.Давыдов, В.Т.Кудрявцова, Л.А.Парамонова, Е.Ю.Пратасова, Г.К.Широкова,
мектептегi бiлiм мазмұны сабақтастығын Г.В.Дорофеева, Ш.И.Ганелина,
М.Н.Лебедева, кәсiптiк бiлiм беруде С.М.Годник, А.М.Новиковалар қарастырса,
орта мектеп пен жоғары мектептегі білім беру мазмұны мәселелерін
Г.Н.Александрова, О.В.Кузнецова, Ю.А.Кустова, т.б. зерттеген. Олардың
пiкiрiнше, балабақша мен бастауыш мектептiң арасындағы бiлiм беру мазмұны
сабақтастығының сақталмауының басты себептерi:
- iстiң жайының бiр–бiрiне байланыссыз "екi жақты" шешiлуi және олардың
өзiндiк тұрғыдан жеке қарастырылуы;
- оқыту мен тәрбиелеу мазмұнының жиi қайталануы және олардың жас
ерекшелiгiнiң нақты ескерiлмеуi;
- мектепке дейiнгi ұйымдарда тәрбиешiлердiң, бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң
арнаулы мамандар болмауы;
- кәсiби бiлiктiлiктің жеткiлiксiздiгi;
- "сабақтастық" ұғымын бiржақты түсiну;
- бiлiм беру тиiмдiлiгiн арттырудағы сабақтастық сақталуының маңызын жете
сезiне алмау;
- екi жақты дамытушылық ортаның және материалдық базаның толық
жабдықталмауы;
- ата-аналардың педагогикалық мақсаттылыққа сәйкес бала тәрбиесiне, бiлiм
алуына ықпал ете алмауы, т.б обьективтi және субективтi факторлар ықпал
етуде деп ой түйiндейдi.
Бұл кемшiлiктердi жоюдың жолдарын қарастырғанымызда балабақша,
отбасы және мектептiң бiрлескен еңбегiнiң нәтижесiнде қол жеткiзуге
болатындығы байқалды. Балабақша мен бастауыш мектепте бiлiм мазмұны
сабақтастығын қалыптастыруда баланы мектепке дайындауда осыған дейiн 6-7
151
жасты қамтыса, ендi 5-6 жасты толық қамтамасыз ету, оларға жағдай жасау
қажеттiлiгi туындап отыр. Бiлiм мазмұны сабақтастығын айқындайтын негiзгi
факторлардың бiрi - оның мазмұнына талдау жасау. Мұнда берiлетiн бiлiм
мазмұнын саны жағынан көбейту емес, мазмұнды тереңдету, қарастырып
отырған фактiлер мен құбылыстардың өзара заңдылығы мен байланыстылығын
және сол байланыстың басты себеп-салдарларынан тек мағлұмат берiп қана
қоймай негiзгi түсiнiктердi беруге көңiл бөлу қажет деп ойлаймыз.
Көптеген ғалымдар тарапынан сан түрлі бағытта сипатталған тәрбиешінің,
шығармашылық әрекет етуді талап ететін шарттарға негізделіп, олардың
шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашады. Сондай жағдайда тәрбиеші
тек қана оқу үдірісін тиісті дәрежеде ұйымдастыруды ғана меңгермей, сонымен
қатар ғылымдағы жаңалықтардан қалыс қалмай, ұдайы білімін жетілдіруге
мүмкіндік алады. Яғни, балалардың қарапайым ойын зерттеу іс-әрекеттерін
қалыптастыруға лайық болады.
Ойымызды нақтылай түссек, мектепке дейiнгi ұйымдарда инновациялық
технологияларды пайдалану арқылы тәрбиешінің шығармашылығын дамыту
үшін шығармашылықтың ең жоғарғы деңгейде қалыптасуын қамтамасыз ету
шарт. Өйткені тәрбиеші балалардың тәрбиелеу мен білім беру іс-әрекеттерін
ұйымдастыру барысында: олардың шығармашылықпен дербес әрекет етуін,
қарапайым тәжірибелер жасай білу әдістерімен таныстыру, олардың өздерін
жетілдіруге жол ашу, өзін-өзі және құрбыластарын бағалай білу т.б күрделі
мақсаттарды көздейді. Соған байланысты балаларды іс-әрекетке қызықтыра
білу, олардың қызығушылықтары мен танымдық түрткілерін анықтау, өздеріне
деген сенімділік тудыру сияқты міндетерді тәрбиеші тек қана педагогикалық
іскерлік дағдылар мен өзінің шығармашылығының арқасында және
ғылымының негізін игеруі арқылы жүзеге асырады.
Тәрбиеші шығармашылық ізденіс таныта отырып педагогикалық дағылар
мен іскерліктерінің арқасында, ғылыми бағытта жұмыс жасай алуы -
балалардың ойын-зерттеу іс-әрекеті ғылымның қарапайым логикасы мен
зерттеу әдістері арқылы жүзеге асатындығына байланысты басты талаптардың
бірі болып саналады. Тәрбиеші осы мәселелерді меңгеру мақсатында,
балалардың қызығушылықтарын толық қанағаттандыру үшін жан-жақты білім
жинауда ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыса алуы керек. Осы мәселеге
қатысты А.В.Леонтович: балалардың оқу-зерттеу жұмыстарына жетекші
тәрбиешінің жоғары кәсіби педагогикалық дайындығының болуы, сонымен
қатар ғалым ретінде ғылымның маңызын түсініп, біз жоғарыда атап өткен
шығармашылықтың жоғарғы деңгейі болып саналатын ізденіс жұмыстарын
жүргізе білуі маңызды деп санайды. Бұл мәселе төмендегі кестеде қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |