«Қатынас» білім беру. Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын
меңгерген, мемлекеттік және басқа да тілдерде мәдени әлеуметтік өзара
қатынасқа дайын, айналадағылармен вербальды және вербальды емес
құралдармен жұмыс істеуге қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны
тәрбиелеу
Сәбилік шақ (туғаннан 3 жасқа дейін). «Қатынас» білім беру мазмұны
коммуникативтік-тілдік құзыреттілікті дамытуды көздейді, соның ішінде:
- сөйлеу тілі даму деңгейінің жас кезеңінің талаптарына сәйкестігі;
- қарым - қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын игеруі;
- сөздік қорының тез және белсенді толуы;
- дұрыс грамматикалық құрылымды сөйлеу тілін меңгеруі;
- жалпы сөйлеу икемділігін көрсетуі (сөйлеу кезіндегі тыныс алу,
темп, сөйлеу ырғағы, мақамы).
Мектепке дейінгі кіші жас ( 3-5 жас). «Қатынас» білім беру коммуникативтік-
тілдік құзыреттілікті дамытуды көздейді, соның ішінде:
- байланыстырып сөйлеуі;
- шығармашылық сөйлеу әрекетінің қарапайым дағдыларының іске
асыруы;
- сөйлеу тілінде дыбысты жеткілікті қабылдауының деңгейі;
- дыбысты дұрыс айтуы.
Мектепке дейінгі үлкен жас (5-6 жас). «Қатынас» білім беру коммуникативтік-
тілдік құзыреттілікті дамытуды көздейді, соның ішінде:
-
байланыстырып сөйлеудің деңгейінің жас кезеңіне сәйкестігі;
-
мазмұнды диалог пен монолог құрастыра білуі;
104
-
сөйлеу шығармашылығын көрсетуі;
-
сөйлеу әрекетіне тән қабілетінің дамуы;
-
сауат ашуға және ауызша оқи білуге дайындығы.
«Таным» білім беру. Мақсаты: танымдық әрекеттің дағдыларын игерген,
әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді
шешуде қолдануға қабілетті тұлға қалыптастыру.
Сәбилік шақ (туаннан 3 жасқа дейін). «Таным» білім беру: сенсорлы-
танымдық құзыреттілікті қалыптастыруды көзейді, соның ішінде;
қоршаған ортадағы заттарды белсенді тануға ұмтылуы;
заттың қызметі мен оны қолдану арасында байланыс орната білуі;
табиғат құбылыстарының байланысы туралы түсінігінің болуы;
өсімдіктер мен жануарларды күтудің қарапайым дағдыларын меңгеруі;
сенсорлық
эталондардың
жүйесі
(спектрдің
негізгі
түстері,
геометриялық фигуралар) туралы қарапайым ұғымдардың қалыптасуы;
заттарды сенсорлық белгілерін (форма, түс, көлем) қарай топтау
қабілеті.
Ұсынылған базалық білім мазмұны бағыттарына сәйкес мектепке дейінгі
ұйымдар мамандары тәрбиелеу мен білім берудің әдіснамалық және әдістемелік
негіздерін меңгеруі, жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиенің мазмұны мен,
нысандарын, әдістерін және құралдарын жетік меңгеруі тиіс.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын жаңартуда нәтижеге жетудің
төмендегідей әлеуметтік – экономикалық шарттарын анықтап алу қажеттігі
туындады:
- білім мазмұнын жаңарту қоғамның, әлеуметтік ортаның сұраныстарын
қанағаттандыратын болуы;
- білім мазмұнын таңдауда еркіндік, дербестік құқығының берілуі;
-
мекепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту арқылы әлемдік
білім беру кеңістігіне кіру мүмкіндігі;
-
білім беру мазмұнын жаңартуға арналған оқу-әдістемелік
еңбектердің дайындалуы;
Тұжырымдаманы іске асыруда күтілетін нәтижелер:
Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру
жүйесі үзіліссіз білім берудің алғашқы буынында білім мазмұнының қол
жетімділігін және сабақтастығын қамтамасыз етуге негіз болуы; Нәтижеге
бағдарланған толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім берудің қамтамасыз
етілуі. Барлық басқа әлеуметтік салалармен және экономика салаларымен
салыстырғанда мектепке дейінгі білім беруді жеделдете дамытуды, қоғамдық
пікірді қоғамдық дамудың барлық салаларындағы әлеуметтік – экономикалық
прогрестің маңызды шарты ретінде білім берудің алғашқы сатысының
басымдықтарының пайдасына қалыптастыруды; Мектепке дейінгі ұйымдардың
материалдық – техникалық базасын нығайтуды; Арнайы кәсіби мамандар
даярлаудағы әлеуметтік әріптестікті дамытуды; Ғылыми және инновациялық
105
қызметті дамытуды; Тұжырымдаманы іске асыру білім беру жүйесінің тиімді
жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік және құқықтық негіздерін құруға
мүмкіндік беретіндігі. Тәрбиеші–педагогтардың тәжірибелік қызметінде
жаңартылған білім мазмұнын пайдалануға теориялық, тәжірибелік және
адамгершілік, психологиялық дайындығы жүзеге асырылады. Сонымен біз
дайындаған мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуға арналған
тұжырымдамада айтылған теориялық тұғырлардағы түйінді ой–пікірлерге
сәйкес мектепке дейінгі білім жүйесіндегі оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге
асырылғанда өз нәтижесін береді деп ойлаймыз.
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері: Бірінші кезең: Білім беруді
дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне сай жаңа заңнамалық және
нормативтік – құқықтық база құру және білім берудің жаңартылған мазмұнын
енгізуді жоспарлау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде мектепке
дейінгі білім берудің міндеттерін тек қана балаларды мектепке даярлау емес,
сонымен бірге әйелдерге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және әлеуметтік
жағынан қорғалмаған әрі аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау
көрсететін әлеуметтік институт ретінде іске асыратын балабақшалардың
желісін дамыту бойынша ғылыми - әдістемелік негіздерді әзірлеу көзделеді.
Ауылдық мектептерді ашық әлеуметтік институт және көп функциялы білім
беру ұйымы ретінде қайта құрылымдау бойынша оларда “мектеп –балабақша”
кешендерін, жеке меншік балабақша ашу, қысқа мерізімдік топтар құру,
маусымдық балабақшалар ашу, мектепке дейінгі тәрбиенің ақысыз шағын
орталықтарын құру мақсатында нормативтік – құқықтық актілер әзірлеу
көзделеді.
Екінші кезең: Тұжырымдаманы толық көлемде іске асыруда мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің әулеті мен ресурстарын дамыту, бұдан
былай олар балаларға ерте білім берудің бағдарламаларын іске асыру үшін
ұтымды және барынша тиімді пайдаланатын болады.
Білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын өзгерту –
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жеткілікті желісін жасау арқылы
іске асырылады.
Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі жастағы балаларға білім
беру стандарттарын тәжірибеде жүзеге асыруда нәтижеге қол жеткізіледі.
Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде мектепке дейінгі
ұйымдардың тиімді жұмыс істеуіне және арнайы мамандар даярлаудың сапалы,
жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады.
Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасын жүзеге
асыру шарттары
Осы тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар мектепке
дейінгі ұйымдар тәрбиешілері, әдіскерлері, меңгерушілері, педагогикалық
колледж, педагогика институттардың арнайы мамандар дайындау бөлімінің
оқытушылары, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты ұйымдар
106
болып табылады. Тұжырымдаманы жүзеге асыруда бірқатар нақты шараларды
орындау қажет. Олардың бастылары төмендегідей:
1. Тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды белгілеу,
мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру жүйесін дамытудың әдістемелік
негіздерін жасақтау, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің нормативтік
құқықтық құжаттарын даярлау. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа
әдістемелік жүйесін жасау, оның ішінде барлық пәндер бойынша білім
мазмұнын жаңартуды қамтамасыз етілуі шарт.
2. Білім мазмұнын жаңарту үшін мектепке дейінгі ұйымдардың
материалдық-техникалық базасын нығайту және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
қамтамасыз етудің жаңа әдіс-тәсілдері іздестірілуі қажет. Мектепке дейінгі
ұйымдарды ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету (компьютерлер, интернет,
интерактивті тақта т.б)
3. Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың қуатты факторларының бірі
тәрбиеші педагог мамандарды қайта даярлау, біліктілігін арттыру және қайта
даярлау жүйесін қайта құру, білім жетілдіруде жаңа технологияларды пайдалану
мамандардың құзіреттілігін арттырып, нәтижеге жетуге ықпал етеді. Кез келген
білім бағдарламаларының дайындалуы және ондағы ұсынылған білім
мазмұнының жаңартылуы, олардың тәжірибеде табысты орындалуы тәрбиешіге
тікелей байланысты. Олардың кәсіби шеберлігі, нысаналы бағдарламаны да, оқу
жоспарларын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби
дәрменсіздігі істі құлдыратады. Осыған орай, тәрбиешілердің шығармашылық
еңбегін ынталандыратын қаржы-құқықтық тиісті құжаттар әзірлеу.
4. Жоғары оқу орындарының білікті тәрбиеші педагог мамандарын
даярлауда қоғам мен мектепке дейінгі ұйымдар алдында жауапкершілігін
күшейту және мамандар дайындауда педагогикалық арнаулы білім берудің
жаңаша тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану кезек күттірмейтін мәселе. Соған сәйкес
университеттер мен педагогикалық институттарда, педколледждерде тәрбиеші
педагог мамандарды кәсіптік тұрғыда даярлау үшін жағдай жасау керек.
5.Ең
өзекті
мәселе–мектепке
дейінгі
ұйымдарға
арналған
бағдарламалардың мазмұнын жаңарту және оны өз деңгейінде жүзеге асыру
жаңартылған білім мазмұнын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен, ойымызды
қорытындылай келе, мектепке дейінгі білім әрбір бала үшін қандай маңызды
болса, елдің өркендеуі үшін де сондай құнды. Мектепке дейінгі балаларды
дамыту мәселесін ұлттық дамудың стратегиясымен тығыз байланыста
қарастырып, мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатынын
ескерсек, қолданыстағы мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандартын,
бағдарламалары мен оқу әдістемелік құралдарының мазмұнын жаңарту
жолдарын қарастыру біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін айғақтайды.
Тұжырымдаманың мәнділігі ондағы тәрбиелеу мен білім берудің негізгі
қағидаттары адамдық жалпы құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың
107
басшылыққа алынуы, тұлғаға бағдарланған тәсілдерді пайдалану мен
тәрбиелеудің ізгілік парадигмасына көшуінде. Тұжырымдама тәрбие идеясын
белгілейді, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын таңдаудың және жаңартудың
негізі болмақ.
2.2. Мектепке дейінгі кезеңдегі білім беру мазмұнын жаңартудың моделі
Болашақ бүгіннен басталатынын тереңнен зерделесек, жас ұрпақтың тағдыры,
оның келешегі, жан - жақты азамат етіп тәрбиелеу мәселесі қашан да
халқымыздың басты арман, мұраты болып келгені даусыз. Осыған орай,
қоғамда бiлiм беру және ғылым саласына елеулi өзгерiстер енгiзiлiп жатқан
қазiргi кезеңде мектепке дейiнгi ұйымдарда бiлiм мазмұнын жаңарту, баланың
жеке басын дамыту, жас ұрпаққа бiлiм беру мен тәрбиелеуді жаңа сапалық
деңгейге көтеру мiндетi тұр. Білім мазмұны - әлеуметтік мәдени феномен
ретіндегі әлеуметтік тәжірибенің бірлескен көрнісі, яғни кешенді жүйе. Осы
білім мазмұны арқылы мәдениеттегі ұласымдылық және қоғамның әлеуметтік
дамуы жүзеге асырылады. Осыған орай, тарихи дәуірлердің қай кезеңдерінде
болмасын аталған мәселе өзінің көкейкестілігін әлі күнге дейін жойған жоқ.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық өзгерістер мен жаңа білім беру кеңістігінде
жаңартуларға қатысу маңызды жауапкершілік жүктейді. Барлық ТМД
елдеріндегідей мектепке дейінгі білім беру жүйесі өте күрделі кезеңдерден өтіп,
тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту және оны жүзеге асыру бүгінгі
күннің үлесінде. Білім мазмұны дәстүрлі педгогикалық модель тұрғысынан
алып қарағанда ол білім, білік, дағды деп қарастырылған. Ал қазіргі кезеңдегі
көзқарас тұрғысынан алып қарағанда бұл, барлық мәдениеттің құрамындағы
педагогикалық интерпретация деп тұжырымдалған. Бұл түсінік білім
мазмұнының құрылымында: мектепке дейінгі кезеңдегі қарапайым білім
мазмұнын беруге арналған пәндер жиынтығын жалпы білім беру
мазмұнындағы орны мен рөлін, оқу материалдарының логикалық
үйлесімділігін анықтауда маңызды рөл атқарады.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың моделін құрмас бұрын
«модель» сөзінің мағынасына тоқталғанды жөн көрдік.
Модель түсінігі ғылымда бір-біріне ұқсас болып келетін бірнеше
анықтамалармен беріледі. Оның ішінде В.В. Краевский моделді белгілі бір
құрылымды қамтитын құбылыстың ішкі, нақты қатынастары мен
байланыстарын көрсететін оның элементтері деп түсіндіреді.
Осыдан біз мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың моделін
анықтау үшін оның құрамына кіретін элементтерін, олардың өзара қатынастары
мен қызметіне тоқталамыз.
Оқу іс-әрекетінің құрылымына байланысты зерттеу жүргізген Г.Б. Мокотрова
төмендегідей компоненттерді жатқызады: гносиологиялық, технологиялық,
тұлғалық, шығармашылық .
Автордың осындай компоненттерін ажыратуына негіз болған оқу іс-әректіне
берілген анықтама. Оқу іс-әрекеті дегеніміз – балалардың өздерін мазалайтын,
өздері қызығушылық танытатын, әлем, табиғат, қоғам, адамзат туралы
108
білімдерді тәрбиешінің басшылығымен, тәрбиелеу мен білім берудің
қарапайым әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, дүниетанымдық көзқарастарын
кеңейтуге, іс-әрекеттің аталмыш түріне бейімделіп, тұлғалық қабілеттерін
дамытуға, шығармашылық жұмыс жасауға көңіл бөлінеді. Осы анықтамадан
алынған жоғарыда аталған іс-әрекеттің компоненттерін жеке-жеке атап өтетін
болсақ, онда:
Гносиологиялық – балалар іс-әрекет барысында қарапайым білім мазмұнын
игеруімен сипатталады. Білім мазмұнының гносиологиялық компоненті жеке
тұлға үшін түрлі мақсаттарды шешуге бағытталуы мүмкін. Мысалы,
дүниетанымдық, білімділік, тәжірибелік. Ол баланың жеке тұлғасына, білімі
мен икемділіктеріне байланысты. Яғни, бала білім мазмұнын меңгерту
барысында дүниетанымдық көзқарастары кеңейіп, түрлі қиын мәселелерді
шешуде тәжірибе жинақтайды. Білім мазмұнының осы компоненті толық
жүзеге асуына бірден бір себеп баланың бойындағы қабілеттері. Ол қабілеттер
құрамына Э.Г. Гельфман және М.А.Холодныйдың жеке тұлғаның
интеллектуалдық мүмкіндіктеріне байланысты атап өткен қабілеттерін
жатқызамыз,
олар:
құзіреттілік,
ынта-ықыласы,
қызығушылығы,
шығармашылық, өзін-өзі реттеу ойлау қабілетінің ерекше қалыптасуы. Аталған
жеке тұлғаның қабілеттері балалардың бойынан табылып, оларға іс-әрекетпен
айналысуға мүмкіндіктер тудырады.
Білім мазмұнын қалыптастырудың келесі компоненті технологиялық
компонент. Технологиялық компоненттің жүзеге асуы балалардың қарапайым
ғылыми таным әдістерін пайдалануымен байланысты. Технологиялық
компонент дегеніміз - балалардың таным әдістерін білуімен сипатталады деген
қорытындыға келдік. Тәрбиеші қабылдау, ойлау есте сақтау, зейінін
шоғырландыру, қиялын дамыту сияқты психикалық процестерге сүйене
отырып, білім мазмұнын қалыптастырудың жолдарын білулері керек. Тәрбиеші
білім мазмұнын жаңарту барысында зерттеудің эмпирикалық әдістерімен
(бақылау, эксперимент және т.б) қатар теориялық әдістерін де қоса
пайдаланады (индукция, дедукция, аналогия, болжау, моделдеу және т.б).
С.В. Кривых пен Л.Л. Тимофеевалар өз зерттеулерінде педагог ғылыми
таным әдістерін игеру барысында олардың пайдаланатын дағдылары мен
икемділіктерін атап көрсеткен.
Аталған ғалымдардың ой-пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз білім
мазмұнын жаңартуда технологиялық компонентті төмендегідей білімдер
жиынтығынан және дағдылар мен икемділіктерден тұрады деп қарастырдық:
1. Тәрбиешінің алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-әрекетті жоспарлай білуі.
Яғни, қиындықтарды тани білу дағдысы, проблемалық жағдайды ажырата алуы,
алға қойылған жұмыстың мақсатын тиісті терминдермен бере алу, туындаған
қиындықтарды жеңу мақсатында әрекетін басқаша жоспарлай алу, алға қойған
міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өзінің тәжірибесі мен біліміне сүйене
алуы.
2. Ғылыми таным әдістері мен тәсілдерін пайдалана алуы. Яғни, білім
мазмұнын жаңарту мәселесіне байланысты зерттеудің тиісті әдіс-тәсідерін
109
таңдай алуы, әдістерді пайдалану мүмкіндіктерін есепке алу, оларды
пайдалануда бірізділік сақтай білу.
3. Тәрбиешілердің оқу құралдары, оқу-әдістемелік кешендері және қосымша,
арнайы әдебиеттермен жұмыс жасай білуі. Мәселеге сәйкес зерттеу жүргізуге
қажетті әдебиеттерді таңдай білуі, оқығанын түйіндеп, қорытындылай алуы,
мәтінге сұрақ қоя алуы.
4. Эксперимент жасауға дайындық жүргізе білуі. Эксперимент барысында
жүзеге асатын әрекеттер жүйесін жоспарлай алу, эксперимент жүргізуге
қарапайым құрылғыларды дайындай және таңдай алуы, эксперимент
барысында қауіпсіздік ережелерін ескере алуы.
5. Эксперименттік жұмыстарын жүргізуге қажет дағдылары мен икемділікері.
Бақылауды ұйымдастыруға қажет дағдыларының болуы, эксперименттің тиісті
жағдайда жасаудың мүмкіндігін анықтай алуы, эксперименттің шарттарын
түзете алуы.
6. Жұмысты қорытындылау, рәсімдеуге қажет дағдылар мен икемділіктер.
Баланың өзінің зерттеу жұмысының қорытындысын ойды жүйелеп, нақтылай
отырып, қағазға түсіріп, оны көпшілік алдында баяндау дағдыларының болуы.
Аталған талаптарды орындау үшін тәрбиешіге әрине шығармашылықпен
әрекет ету керек, осыған байланысты біз мектепке дейінгі ұйымдардың
мамандарына тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастырудың басты
компоненттерінің бірі ретінде шығармашылық компонентті танып отырмыз.
Теориялық мәліметтерге сүйенсек тәрбиеші шығармашылығының нәтижесі
қандай да бір жаңа нәрсе өндірумен тығыз байланысты болып келеді, сонымен
қатар шығармашылықтың өзіндік деңгейлері де бар. Тәрбиешінің білім
мазмұнын жаңартудағы іс-әрекетімен айналысу деңгейі де осы шығармашылық
әрекетінің жүзеге асуымен байланысты болса керек. Өйткені тәрбиеші мектепке
дейінгі жастағы балалардың іс-әрекетінің жаңа қырынан көрінуіне баса назар
аударады. Ал жаңалықтың барлық түрі шығармашылық әрекеттің нәтижесінде
көрінеді.
Я.А. Пономорев шығармашылықты талап ететін мәселелерді шешу үшін
адам «ойша әрекет етуі керек» деген. Соған байланысты қандай да бір жаңа
нәрсе табу үшін балалар шығармашылық әрекет ететін адамның (тәрбиелеу мен
білім беруді ұйымдастырушы – тәрбиеші) үлгісін көріп, соған еліктей отырып,
бала өз бетімен дербес әрекет етуге бейімделуі керек.
Тәрбиешінің білім беру мазмұнын жаңарту іс-әрекетімен айланысуы
барысында осындай шығармашылық танытуы олардың әр қайсысының өз
жұмысына іштей дайындығына байланысты. Мысалы: тәрбиешінің өзінің
шығармашылық белсенділігінің арқасында білім беру мазмұнын жаңарту әдіс-
тәсілдерін меңгеру дәрежесі, балалардың қызығушылықтарына сай оқу-тәрбие
жұмыстарының тақырыптарын таңдай білуі, жұмыс барысында кездесетін
қиындықтарды жеңуде ерекше қыр таныта алуы, бойында жинақталған
тәжірибені орынды пайдалана алуы.
Тәрбиеші мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуда өздігінен ізденіс
жасауда ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып үйренуге, идеялар базасын
құруға, библиографиялық көрсеткіштер жасап, педагогикалық басылымдардан
110
тұрақты түрде ақпараттық хабарлама дайындауға дағдылануы керек. Білім
мазмұнын балаларға жеткізуде тиімді әдіс-тәсілдерді, көрнекі құралдарды:
бейне
таспалар,
үн
таспалар,
фонотека,
фильмотека,
видиотека,
демонстрациялық, дидактикалық құралдарды т.б тиімді пайдалануы шарт. Озық
педагогикалық
тәжірибелерді
насихаттап,
жаңа
педагогикалық
технологияларды өз тәжірибесінде қолдануға үйренуі тиіс. Сондай-ақ, білім
беру мазмұнын жаңартудың нормативтік-құқықтық негіздеріне жан - жақты
талдау жасап, тәжірибеде қолдана алуы маңызды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі 15 жыл ішінде жалпы
үздіксіз білім беру саласында оның ішінде мектепке дейінгі білім беру
жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақстан Республикасы Білім беру туралы
Заңы (1999 ж), Мектеп және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
тұжырымдамасы (1995 ж), Үкіметтің Балаларды міндетті мектепалды
даярлығының мәселелері туралы №1762 қаулысы (1999ж), Мектепалды
даярлық тұжырымдамасы (1999 ж), сондай-ақ, еліміздегі білім беру жүйесінің
дамуының 2015 жылға дейінгі бағыттарын айқындайтын мемлекеттік Білім
бағдарламасы т.б құжаттардың қабылданып, күшіне енуі мектепке дейінгі
ұйымдарға арналған республикалық вариативтік бағдарламалардың жасалуына,
тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңартуға, инновациялық педагогикалық
технологиялардың дамуына басты негіз болды. Осыған орай, бүгінгі таңдағы
білім берудің баламалығы мен көптүрлілігі жағдайындағы оқу-тәрбие
үдерісінің сапалы болуын қамтамасыз ететін, балаларды шамадан тыс
жүктемеден сақтайтын және білім мазмұнының міндетті минимумы мен
балалардың, оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар деңгейін
белгілейтін мамлекеттік құжат-стандарт дайындау мәселесі күн тәртібіне
қойылды. Мемлекеттік білім стандартын тәжірибеге енгізудің мәні-оның білім
беру кеңістігінің біртұтастығын қамтамасыз етуінде және Республикадағы білім
жүйесінің дамуына қолайлы жағдай туғызылуында. Осы орайда нормативтік
құқықтық
құжаттарды
пайдалану
компоненттерін,
өлшемдері
мен
көрсеткіштерін төмендегі кестеде сипаттадық.
Кесте – 9 - Білім мазмұнын жаңартудың нормативтік-құқықтық және
Достарыңызбен бөлісу: |