Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата01.12.2019
өлшемі1,86 Mb.
#52818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Жумабекова докт дисс


 
Мектепке дейінгі білім 
мазмұнын жаңартудың  
басым бағыттары 
 
 
 
Жаңа 
технологияларды 
пайдалану 
деңгейіне қарай 
 
педагогикалық 
негізіне қарай 
 
Психологиялық 
даму факторына 
қарай 
 
дамытудың 
тұжырымдамасы
на қарай 
 
Мазмұндық 
сипатына қарай 
 
Ұйымдастыру 
формасына қарай 
 
Балаға қатынас 
амалына қарай 
Балабақшаны 
басқару стиіне 
қарай 
 
Балалардың жас 
ерекшелігіне 
 
Басымдық 
танытатын 
әдісіне қарай 
Мектепке 
дейінгі 
педагогика
лық 
Гумандық 
Әлеуметтік, 
психологилық 
 
Дамытушылық 
Білімдік, 
тәрбиелік 
Шағын 
топтар 
жүйесі 
Сабақтық, 
топтық, 
жеке 
Тұлғалық 
бағдарлық 
Отбасының 
сұранысына 
қарай 
Жас 
топтарына 
қарай 

 
67 
1.4 Білім мазмұнын жаңартуда бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру 
логикалық-психологиялық проблема 
 
    Білім  берудегі  басты  бағдар–адам  бейнесі.  Барлық  педагогикалық  жүйенің 
бас идірер нәтижесі, мақсаты–адам. Л.Н.Толстой адам, бәрінен бұрын еркіндік 
иесі десе, Н.Ф.Федоров–өз тамырына бойлай білетін, тарихи ойлай білуші және 
ықпал  етуші  деп  ой  түйіндейді,  ал  В.Соловьев  пен  П.Л.Флоренский:  сүйе 
білетін, биікке талаптанушы дейді, Д.Л.Андреев адамның игі бейнесінің әрбірін 
сипаттап көрсетті. К.Э.Циалковский қазіргі адам болашақ жаңғырған адамзатқа 
айналады дейді. Адам болу дегеніміз-айналадағы адамдар мен заттарға адамша 
қарауға,  іс–әрекет  жасауға  үйрену  деген  сөз.  Бала  ересек  адамдардың 
басшылығымен  қоғамдық  тәжірибені,  адамзат  мәдениетінің  жетістіктерін 
игергені  туралы  айтқанымызда,  олардың  адам  қолымен  жасалған  заттарды 
дұрыс  қолдана  білетінін,  қоғамдық  мораль  ережелеріне  сай  іс–әрекет 
жасайтынын,  тілдің  көмегі  арқылы  басқа  адамдармен  қарым–қатынаста 
болатынын ғана емес, есте сақтау, ойлау әдістерін де ескереміз. Балаға қажетті 
психикалық  сапалар  мен  өзіндік  қасиеттерді  адамның  іс–әрекетін  және  мінез–
құқын  меңгеру  процесінде  ғана  игереді.  Тәрбие  процесінде  бала  іс–әрекеттің 
сан  алуан  түрін  игереді.  Бұл  іс–әрекеттер  белгілі  бір  сыртқы  нәтижеге 
бастайтын  практикалық  іс–әрекет.  Сонымен  бірге  баланың  іс–әрекеті  де 
қалыптасады,  оның  көмегімен    балалар  заттарды  қарайды,  оның  қасиеттерін 
анықтайды,  олардың  бір–бірімен  қалай  байланысты  болып  тұрғанын  ашады, 
суреттің, әлде не тұрғызудың түпкі ойын табады, суреттерді естерінде сақтайды.  
    Зерттеушілердің  еңбектерінде  бірлескен  оқу  іс–әрекетіндегі  әр  түрлі 
психикалық  қызметтердің  қылыптасуының  заңдылықтары  (Г.Г.Кравцов, 
Т.А.Матис,  Ю.А.Полуянов,  Г.А.Цукерман),  оқу  жұмысының  топтық  және 
ұжымдық 
формаларына 
тәуелді 
тұлғалық 
дамудың 
ерекшеліктері 
(А.В.Петовский)  бірлескен  оқу  іс–әрекетінің  өнімді  формалары  (В.Я.Ляудис, 
И.П.Негурэ, В.П.Панюшкин) талданған. 
    Бірлескен іс–әрекетті ұйымдастыруда баланың психикалық дамуының негізгі 
мазмұны:  қабылдау  (перцепциялық  іс–әрекет),  ойлану,  елестету,  есте  сақтау 
яғни  психикалық  іс–әрекеттер  болып  табылады.  Олар  баланың  өзін  қоршаған 
дүниені  бағдарлауын,  практикалық  іс–әрекет  жасалатын  жағдайлармен 
танысуын  қамтамасыз  етеді,  сондықтан  да  бағдарлаушы  іс–әрекеттер  деп 
аталады.  Бағадарлаушы  іс–әрекеттер  әдетте  практикалық  іс–әрекеттен  бұрын 
орындалады, оларды әзірлейді. Мысалы:  Баланың арықтан секіріп өткісі келді 
дейік,  ол  секірмес  бұрын  алдымен  арықты  мөлшерлеп  көреді.  Бұл  мөлшерге 
арықтың  енін  анықтау,  оның  өзінің  секіру  мүмкіндігімен  салыстыру  және 
ақырында  секіруге  әзірлік  түріне  еніп,  бүкіл  қажетті  бұлшық  еттер  топтарын 
тиісті  дәрежеде  ширықтыру  кіреді.  Осының  бәрі  секірудің  бағдарлаушы, 
әзірлену  фазасын  құрайды,  осы  кезеңде  атқарылған  іс–әрекет  бағыттаушы 
болып  табылады.  Оның  барысында  жасалатын  іс–әрекет  жағдайды  пайда 
болған міндет тұрғысынан тексеруге, оның бар мүмкіндіктерімен арақатынасын 
белгілеуге  және  міндетті  шешуге  әзірленуге  мүмкіндік  береді.  Әзірлену 
фазасынан кейін атқару фазасы–секіру, ол практикалық жұмыс іс–әрекеті.  

 
68 
    Мектепке  дейінгі  жаста  баланың  жаңа  ішкі,  психикалық  іс–әрекеттерді 
игертетінін,  ол  әрекеттердің  балаларға  неғұрлым  күрделі  әрі  алуан  түрлі 
тапсырмаларды  орындауға  мүмкіндік  беретінін  көреміз.  Мұндай  іс– 
әрекеттердің қайнар көзі сыртқы бағыттаушы іс–әрекеттер болып табылады. Әр 
түрлі іс-әрекеттерді игеруді үйрету мен тәрбиенің әсері арқылы өте тұрса да, ол 
тек  ересектердің  қалауына  ғана  байланысты  емес:  бала  кез  келген  іс–
әрекеттерді  кез  келген  күйінде  игере  бермейді.  Бұл  екі  себеппен  анықталады. 
Біріншіден, әуелі неғұрлым қарапайым, содан соң мейлінше күрделі қимылдар 
үйретіледі  және  баланың  қабылдауына  мүкіндігі  бар  күрделілік  дәрежесі 
әрқашан  бұрынғы  қол  жеткен  дәрежемен  шектеледі.  Екіншіден,  бала  жаңа  іс–
әрекетке  үйренуі  үшін,  ол  баланың  қажетіне  және  мүддесіне  сай  келуі,  оны 
қызықтыратын болуы керек. Мектепке дейінгі жаста балаларға жаңа іс–әрекет 
ойын түрінде көрсетілсе, және ойын түрінде пайдаланылса, басқа жағдайлардан 
гөрі  едәуір  жақсы  және  жеңіл  игеріледі.  Осы  жаста  балалар  іс–әрекеттің  үш 
негізгі  жетекші  түрін:  қарым–қатынас,  заттық  іс–әрекет  және  ойын  әрекетін 
ғалымдар  бөліп  көрсетеді.  Баланың  үлкендермен  эмоциялы  қарым–қатынас 
жасауы  оның  заттармен  қарапайым  іс–  әрекеттер  жасауынан  бұрын  пайда 
болады.  Сәби  бала  сөзді,  үлкендердің  мінез–құлқын  түсінбейді,  бірақ  осының 
бәріне  қуанады,  ересектерге  ұзақ  уақыт  бойы  қарап  отыруға,  өзіне  арналған 
сөзге үн қатуға, жымиып күлуге әрқашан әзір. Бұл кезде, әдетте бала назарын 
заттардың  өзі  емес,  үлкендердің  әсер  етуі  аударады.  Баланың  мұндай 
үлкендерге  көңіл  бөлуі  заттарға  ауысып,  ол  заттық  іс–әрекетке  көшеді. 
Заттарды  қолдануды  игере  отырып,  бала  неғұрлым  тәуелсіз  болады, 
үлкендердің іс–қимылына еліктеуге, солармен бірге әрекеттенуге, өзінің кейбір 
іс–әрекеттері  жайлы  белгілі  көзқарас  білдіруді  (көңіл  бөлуді,  қолдауды)  талап 
етуге мүмкіндік алады. Келесі қадам–рөлді ойынға көшу. Бала мұнда дербестік 
көрсете  бастайды,  ол  өзінше  үлкен  болуға,  оның  рөлін  орындауға,  заттар  мен 
уақиғаларға ересектерше билік жүргізуге тырысады. Әрине, әзірге олар мұның 
бәрін  «жорта»,  шынайы  бұйымдарды  ойыншықтармен,  нағыз  іс–әрекеттерді 
еліктеумен алмастырып қана орындай алады. Баланың қажеті мен құштарлығы 
үнемі  үлкендермен  байланысты.  Олардың  мүмкіндігі  артқан  сайын  бұл 
байланыс  жаңа  формаға  ие  болады.  Жетекші  іс–әрекеттің  жаңа  түрлерінің 
пайда болуына негіз болып табылатын тың қажеттіліктер дүниеге келеді. Жаңа 
іс–әрекеттерді  игеру  баланың  мүмкіндігін  арттырады  және  жетекші  іс–
әрекеттің тың түрлерінің пайда болуы үшін алғы шарт болып табылады. Жаңа 
жетекші іс– әрекетке ауысу оларға үлкендердің үйреткеніне ғана емес, сонымен 
бірге  баланың  қоғамдағы  өмір  жағдайының  бүкіл  жүйесіне  байланысты.  Іс–
әрекеттің  жетекші  түрінде  баланың  басты  қажеттіліктері  мен  құштарлықтары 
көзге  түседі,  іс–әрекеттің  осы  түрінде  әр  жас  мөлшеріне  лайық  неғұрлым 
маңызды  қимылдың,  психикалық  сапаның  және  жеке  бастың  қасиеттерінің 
қалыптасуы  жүзеге  асады.  Бірақ  баланың  іс–әрекеті  жетекші  түрлерімен 
шектелмейді.  Бұлармен  қатар  іс–әрекеттің  басқа  түрлері  де  пайда  болып, 
өркендейді  және  олардың  әрқайсысы  баланың  психикалық  дамуына  өз  үлесін 
қосады.  

 
69 
    Мектепке  дейінгі  жаста  оқу  және  еңбек  іс–әрекеттері  біртіндеп  қалыптаса 
бастайды. Ойын іс–әрекеті мектеп жасындағы балаларда жетекші орын алады. 
Еңбек–үлкендер  жұмысының  негізгі  түрі.  Іс–әрекеттің  осы  түрлерінің 
әрқайсысы  күрделі  құрылымға  ие  және  адам  психикасына  жоғары  талаптар 
қояды.  Бұларды  табысты  орындау  үшін  мектепке  дейінгі  жастағы  балада  әлі 
қалыптасып  үлгермеген  психикалық  қасиеттер  мен  қабілет  болуы  қажет. 
Жүйелі оқуға және келешек өнімді еңбекке араласуға даярлық мектепке дейінгі 
жастағы  тәрбиелеу  мен  оқытудағы  негізгі  міндеттердің  бірі.  Бұл  даярлық 
негізінен  ойын  мен  іс–әрекетің  жемісті  түрлері  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Әйтсе де осымен қатар үлкендер балалардың алдына оқу мен еңбекке тән нақты 
тапсырмаларды қояды, балалар осы тапсырмаларды орындағанда олардың оқу 
мен  еңбек  іс–әрекеттері  үшін  қажетті  белгілі  бір  психикалық  іс–әрекеттерді 
игеруіне бірте–бірте қол жеткізеді.  
    А.Н.Леонтьев  пен  оның  мектебінің  зерттеулері  ең  алдымен  іс–әрекет 
құрылысын  зерттеуге,  жеке  психикалық  процестердің  олардың  іс–әрекет 
құрылымындағы  алатын  орынына  тәуелділігін  анықтауға  бағытталған. 
Олардың  көрсетуінше,  психика  мен  сыртқы  іс–әрекет  бірлігі  екеуінің  де  іс–
әрекет  екендігінен,  іс–әрекеттің  бұл  екі  түрінің  құрылысы  бірдей  екендігінен 
байқалады.  Сыртқы  практикалық  іс–әрекет  пен  психикалық  іс–әрекеттің 
бірлігінің  басқа  аспектісін  А.Н.Леонтьев  өзі  ұсынған  ішкі,  психикалық  іс–
әрекет екендігі туралы қағидасында белгіледі.  
    Бұл  жағдайға  сәйкес  психикалық  іс–әрекет  жай  қалыптасып  қана  қоймайды, 
ол  практикалық  іс–әрекет  нәтижесінде  қалыптасады.  Психикалық  іс-әрекеттің 
генезисін  бұлай  түсіну  психиканы  болмысқа  қатысты  екінші  деп  түсінуден 
және психиканы іс–әрекет ретінде түсінуден шығады. Психика іс–әрекет болып 
табылатындықтан, оған тек идеалды заттар (көзқарастар, түсініктер) ғана емес, 
идеалды  операциялар  да  енеді.  Бейнелер  үшін  сырқы  заттар  алғашқы, 
материалдық  болып  табылады.  Жаңа  психикалық  әрекеттер  үшін  сыртқы, 
материалдық  әрекеттер,  басқа  адамдардың  емес,  субьектінің  өзінің 
материалдық  әрекеттері  алғашқы  болып  көрінеді,  себебі  сөз  әрекеттің 
бейнесінің емес, идеалдық әрекеттердің қалыптасуы туралы болып отыр. (122). 
Бұл  принциптің дамуы  жаңа  ішкі  әрекеттер  қалай  қалыптасатындығы  туралы, 
олардың  сыртқы,  практикалық  әрекеттен  өзгертілуінің  нақты  жолдары  қандай 
екендігі  туралы,  әрекеттің  кез  келген  іс–әрекеттің  бірлігі  ретіндегі  негізгі 
сипаттамалары қандай екендігі туралы, қандай нақты әрекеттер жүйесінен ішкі 
психикалық  іс–әрекеттің  әр  түрлері  жасалатыны  туралы  сұрақтарға  жауапты 
талап  етті.  Барлық  осы  сұрақтарға  жауап  тапқан  ақыл–ой  әрекетінің  кезеңдеп 
қалыптасуы  теориясын  жасаған  П.Я.Гальперин  болды.  Ол  келтірілген 
принциптер  мен  кеңестік  психологияда  жинақталған  эксперименттік 
мәліметтерге 
Б.Г.Ананьев, 
В.И.Аснин, 
Е.В.Гурьянов, 
Л.В.Занков, 
А.В.Запорожец,  Б.В.Зейгарник,  П.И.Зинченко,  Г.С.Костюк,  А.Н.Леонтьев, 
А.Р.Луря, 
Н.А.Менчинская, 
А.А.Смирнов, 
Б.М.Теплов, 
П.А.Шеварев, 
Д.Б.Эльконин  т.б  еңбектеріне  сүйене  отырып,  психикалық  және  практикалық 
іс–әрекеттің, ішкі және сыртқы іс–әрекеттің бірлігі принципінің ары қарай даму 
жолын белгіледі.  

 
70 
    Адамдардың  қоғамдық  өмір  сүру  салтына  орай  адамзат  прогресі 
биологиялық  емес,  әлеуметтік  заңдармен  анықтала  бастады.  Адамның  түрлік 
тәжірибесі  тұқым  қуалушылық  механизмдерінің  көмегімен  белгіленуін 
тоқтатты.  Ол  материалдық  және  рухани  мәдениеттің  өнімдерінде  өзіндік 
әлеуметтік тәсілдермен бекітіле бастады. Адамдық индивидтердің дамуы тұқым 
қуалаушылық негізінде қалыптасқан түрлік тәжірибенің өрістеу жолымен емес, 
өндіріс  құралдарында,  кітаптарда,  тілде  т.б  бекітілген  сыртқы  қоғамдық 
тәжірибені  меңгеру  жолымен  өтті.  Адам  ойлаудың  дайын  тәсілдерімен,  әлем 
туралы  дайын  білімдермен  тумайды  және  ойлаудың  логикалық  заңдарын  да, 
қоғамға  әйгілі  табиғат  заңдарын  да  қайта  ашпайды–бұлардың  барлығын  ол 
үлкен  аға  ұрпақ  тәжірибесі  ретінде  меңгереді.  Әрине,  адам  тәжірибені 
көбейтеді,  бірақ  бұны  да  ол  тек  қоғамдағы  бар  тәжірибені  меңгеруден  кейін 
ғана  және  оның  негізінде  жасайды.  Сонымен,  өткен  ұрпақтардың  тәжірибесін 
меңгеру индивидтің қалыптасуында анықтаушы рөл атқара бастады. Оқыту мен 
тәрбиелеу–алдыңғы  және  кейінгі  ұрпақтардың  бірлескен  іс–әрекеттерінің 
арнайы  ұйымдастырылған  түрі,  оның  барысында  соңғылары  алдыңға 
ұрпақтардың  тәжірибесін  меңгереді.  Бұл  әрине,  тұқым  қуалаушылықтың 
механизмдерінің көмегімен бекітілген табиғи алғышарттар мәнсіз болып қалды 
деген сөз емес, керісінше олар адамның психикалық дамуының қажетті шарты 
ретінде көрінеді. 
    Л.С.Выготскийдің,  А.Н.Леонтьевтің,  С.Л.Рубинштейннің  және  олардың 
ізбасарларының  жұмыстары  40  жылдардың  соңында  кеңестік  психологияның 
негізін құрайтын үш негізгі принципке:  
1.Психиканы іс –әрекет ретінде түсінуге; 
2.Адам психикалық іс–әрекетінің әлеуметтік табиғатын мойындауға; 
3.Психикалық  іс–әрекет  пен  сыртқы  психикалық  іс–әрекеттің  бірлігін 
мойындауға алып келеді.  
    Бұл  принцип  психиканы  сананың  құбылысы  ретінде  емес,  субьектінің 
әлеммен  өзара  әрекеттестігі  процесіндегі  арнайы  міндеттерді  шешуді 
қамтамасыз  ететін,  оның  өмірлік  іс–әрекет  формасы  ретінде  түсіндіруді 
білдіреді.  Адам  психикалықтың  қоймасы  емес,  белсенді  бастама  ретінде 
көрінеді.  Ол  тек  сыртқы  практикалық  әрекеттерді  ғана  емес,  сонымен  қатар 
психикалық  әрекеттерді  де  орындайды.  Психика–бұл  тек  әлемнің  суреті, 
бейнелер жүйесі ғана емес, сондай–ақ, іс–әрекеттер жүйесі және бір мотивпен, 
мақсатпен біріккен операциялар.  
    Соңғы  жылдарда  шет  ел  психологиясында  балалардың  интеллектілік 
тапсырмаларды шешуінің жеке дара және бірлескен тәсілдерінің салыстырмалы 
тиімділігін  зерттеу  жұмыстары  пайда  болды.  Бұл  еңбектерде  тиімді  топтық 
жұмыстағы үлкендердің рөлі, олардың жұмыс сапасын бағалаулары т.б тәрізді 
мәселелер  зерделенеді.  Бұл  зерттеулерде  топтық  әсер  балалардың  бірлескен 
жұмыстарының  нәтижелері  бойынша  өлшенеді.  Бірақ  бұндай  критерийлер 
бойынша  жеке  дара  дамудағы  прогресс  туралы  айтуға  болмайды.  Әсіресе, 
В.Дойз  бен  Г.Магнидің  жұмыстарында  гетерогенді  топтың  (екі  қатысушы 
интеллектілі даму деңгейі бойынша ажыратылады) жұмыс сапасының бір ғана 
критерийлері  бойынша  біршама  «әлсіз»  сыңардың  интеллектілі  дамуындағы 

 
71 
қозғалыстары  туралы  пайымдауға  болмайтындығы  туралы  көрсетілген.  Өзара 
әрекет  процесінде  «әлсіз»  балада  әрекеттер  кординациясына  және  саралауға 
деген  қажеттілік  үнемі  туындай  бермейді,  өйткені  оған  ең  басында  оның 
біршама «күшті» сыңарының дұрыс көзқарасы «таңылған» болуы мүмкін.  
    Бірлескен  іс–әрекетке  баланың  интеллектілі  және  тұлғалық  дамуының 
детерминанты ретінде екінше бағытты қарастыратын зерттеулердің теориялық 
негізі  Л.С.Выготскийдің  әлеуметтік  арқылы  жеке  даралыққа  психикалық  даму 
туралы  тұжырымдамасы  болды.  Ол  басқаларға  деген  тікелей  және  жанама 
қатынасты  ажырата  отырып  үлкендер  мен  баланың  өзара  әрекеттерінің 
әлеуметтік  мәдени  механизміне  шешуші  мән  берді.  Ол  адамның  мінез  құлық 
пен  психиканы  реттеу  тәсілін  белгіні  пайдаланумен  байланыстырады.  Ерекше 
белгілік  обьектілерді  құрастыру  және  қолдану  барлық  жоғары  психикалық 
қызметтерді қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады. Психиканы іс–
әрекет  деп  түсіну  психологияның  пәнін  түбегейлі  өзгертеді.  Енді  ол  жеке 
бөлшектенген психикалық қызметтерді (зейін, ерік, эмоцияларды т.б) емес, іс–
әрекет  жүйесін  зерттеуі  тиіс.  Жеке  қызметтер  іс–әрекетке  ене  отырып,  онда 
белгілі  құрылымдық  орынға  ие  болады,  қандай  да  да  бір  қызметтік  рөл 
атқарады. 
Іс–әрекеттің 
заңдылықтары 
оның 
жеке 
элементтерінің 
заңдылықтарына  немесе  сол  заңдылықтардың  қосындыларына  теңестірілуі 
мүмкін  емес.  Басқаша  айтқанда,  психология  пәнінде–іс–әрекет  өз  табиғаты 
бойынша  жүйе  ретінде  зерттелуі  қажет.  Сол  себептен  психиканы  іс–әрекет 
ретінде  зерттеуге  көшу  терминдерді  қарапайым  алмастыру  жолымен  жүре 
алмайды: зейіннің қызметінің орнына зейіннің іс–әрекеті, эмоциялық қызметтің 
орнына  эмоциялық  іс–әрекет  т.б.  Терминдердің  бұлайша  ауыстырылуы 
мағынасы  бойынша  ештеңе  өзгертпейді,  себебі  жеке  қызметтер  ешқашан  іс–
әрекетті жасамайды. 
    Психика  іс–әрекет  болып  табылатын  болғандықтан,  оның  талдауын  іс–
әрекеттің  барлық  өзіндік  ерекшеліктерін  сақтайтын  бірліктерге  енгізу  қажет 
болады.  Ондай  бірлік  ретінде  әрекетті  алуға  болады.  Әрекеттің  құрылымы  іс–
әрекетпен бірдей: ол бағытталған мақсат, мотив, обьект, әрекетті іске асыратын 
операциялардың  белгілі  бір  жинағы,  субьект  оны  орындайтын  үлгі,  оның 
шынайы  өмірінің  актісі  болып  табылады.  Әрекет  іс–әрекет  сияқты,  субектіге 
жатады,  үнемі  нақты  тұлғаның  белсенділігі  түрінде  көрінеді.  Л.Н.Рубинштейн 
талдаудың  мұндай  бірлігін  таңдауды  негіздей  отырып,  былай  деп  жазды:  көп 
бейнелі психикалық құбылыстарды олардың мәнді ішкі өзара байланыстарында 
түсіну  үшін  «ең  алдымен  психологияның  барлық  элементтерін  олардың 
бірлігінде ашуға болатын «жасушаны» немесе «мәнін» табу керек». Кез келген 
әрекет  оның  іс–әрекетінің  бірлігі  ретінде  сондай  клетка  болып  табылады. 
Практикалық  та,  теориялық  та  іс–әрекеттің  актісі  бола  отырып,  «әрекеттің 
психологиялық мазмұнына алынған, іс-әрекеттің «бірлігі» ретіндегі әрекет–бұл 
белгілі  бір  мотивтерден  шығатын  және  белгілі  бір  мақсатқа  бағытталған  акт; 
бұл  мақсатқа  қол  жеткізілетін  жағдайларды  есепке  ала  отырып,  әрекет 
индивидттің  алдында  тұрған  тапсырманы  шешу  ретінде  көрінеді».  Осылайша, 
психологиялық  талдаудың  бірлігі  ретіндегі  әрекет  кеңес  психологиясына 
психиканы  ерекше  түрлі  іс–  әрекет  ретінде  мойындаумен  бірге  енді.  Бірақ, 

 
72 
психиканы  бұлай  түсінудің  жалпы  мойындалғандығына  қарамастан,  әрекет 
талдаудың  бірлігі  ретінде  нақты  психологиялық  зерттеулерде  кеңінен 
пайдаланылған  жоқ.  Сол  себептен  оқыту  теориясын  жасауда  іс-әрекетпен 
үйрету  процесін  жай  мойындау  ғана  емес,  сондай–ақ,  ол  үдерісті  әрекеттер 
бірліктерінде талдау да маңызды.  
    Ғалымдар  тәрбиелеу  мен  білім  беруді  бала  дамуының  бастауы  ретінде 
қарастыра  отырып  оқыту  үдерісіндегі  дамытудың  тиімділігін  тікелей 
анықтайтын  буынды  ажырату  қажет  дейді.  Л.С.Выготский  бойынша  оқыту 
өзінің жеткші рөлін меңгеріліп отырған тапсырмалардың мазмұны арқылы іске 
асырады:  оқытуға  дамудың  өзекті  деңгейінде  емес,  жақын  даму  аймағына 
бағытталған  мазмұнды  енгізу  керек.  Егер  тек  дамудың  қалыптасқан 
ерекшеліктеріне  ғана  бағытталсақ,  онда  оқыту  дамуды  өз  артынан  ергізбей, 
оның  артынан  өзі  еретін  болады.  Алайда  жақын  даму  аймағына  есептелген 
білімдер  де  балалар  тек  сол  білімдердің  мазмұнына  барабар,  танымдық 
әрекеттерді  орындайтын,  яғни  олардың  мәнді  қасиеттерін  ашуға  бағытталған 
жағдайда ғана даму тиімділігін береді. Мұнда оқыту мен тәрбиелеу үдерісі тек 
бала  мен  тәрбиешінің  қарым–қатынасымен  ғана  шектелмей,  тәрбиешінің  іс–
әрекеті  білім  мазмұнын  құрайтын  білімдерді  беру  онсыз  мүмкін  емес  болып 
табылатын  заттар  әлеміне  бағытталуы  тиіс.  Басқаша  айтқанда,  әлемді  және 
ондағы осы білім беріліп отырған адамның тәжірибесін жоққа шығара отырып, 
әлем туралы білімді беруге болмайды. Аға ұрпақ бар білімді кіші ұрпақпен тек 
сөйлесу  қарым–қатынасы  жолымен  немесе  саналардың  тікелей  қатынас 
жолымен ғана бере алмайды.  
    Адамзат  жинақтаған  және  қалыптасқан  ойлау  формаларының,  ғылыми 
түсініктердің, заңдардың жүйесімен берілген барлық идеалды байлықтар келесі 
ұрпаққа  дайын  түрінде,  бір  бастан  екіншісіне  «орын  ауыстыру»  жолымен 
табысталуы  мүмкін  емес.  Жаңа  ұрпақ  бұның  барлығын  тек  заттар  әлеміне 
бағытталған  өзіндік  іс–әрекеттің,  біз  бергелі  отырған  білімдер  көмегімен  ғана 
меңгере алмайды. Жаңа білімдерді заттар әлемінен және онымен әрекеттен тыс, 
бірден  сөздік  формада,  бір  ғана  сөздік  қарым  –қатынас  жолымен  беруге 
талпыныс,  психиканы  философиялық  тұрғыда  сыртқы  әлемнің  емес,  адамдар 
санасының бейнеленуі ретінде қарастыру дегенді білдіреді.  
Аға  ұрпақтың  рөлі–ол  жаңа  білімдердің  заттар  әлемімен  іс–әрекетін  оның 
алдында  меңгерілуі  тиіс  қырлары  мен  заңдылықтарын  ашатындай  етіп 
ұйымдастырылуында.  Сонымен,  әрбір  жаңа  ұрпақ  әлем  туралы  білімдерді  тек 
әлеммен  байланыс  жасау  арқылы  ғана  алады,  бірақ  бұнда  білім  қайтадан 
ашылмайды, аға ұрпақтан заттар көмегімен және осы заттармен жаңа ұрпақтың 
іс–әрекетін арнайы ұйымдастыру арқылы беріледі. Сондықтан тиімділік, оқыту 
мен  тәрбиелеу  және  даму  балаларды  қоршаған  әлеммен  байланыстыратын 
олардың іс–әрекеттерінің тікелей нәтижесі болып табылады. Оның сипаты бір 
жағынан,  онымен  балаларды  басқару  деңгейі,  ал  екінші  жағынан  оқытудың 
дамушы  тиімділігін  меңгерудің  сапасын  арттырудың  басты  жолы.  Жоғарыда 
айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады, аға ұрпақ жаңа ұрпаққа 
тек  қоғамдық  материалдық  және  идеалдық  заттардың  жиынтығын  ғана  емес, 
сонымен  қатара  олармен  әрекеттің  қоғамдық  қалыптастырылған  тәсілдерін  де 

 
73 
береді.  Қоғамда  әрбір  зат  өзінің  қоғамдық  бекітілген  қызметін  атқарады,  әрі 
олардың әрқайсысына олармен әрекет етудің арнайы тәсілдері бекітілген. Адам 
осы тәсілдерді меңгергенде ған белгілі бір затты қолына алады. Мысалы: бала 
қасықты  дұрыс  ұстауды  үйренгенде  ғана,  яғни  онымен  әрекеттің  қоғамда 
қалыптасқан  тәсілін меңгергенде ғана қасықты «тамақ ішудің арнайы құралы» 
ретінде  пайдалана  алады.  Адам  ойлау  операцияларының  белгілі  бір  жүйесіне 
енетін,  белгілі  бір  тәртіппен  орындалатын  тиісті  логикалық  тәсілдерді,  әрекет 
тәсілдерін  меңгерген  кезде  ғана,  түсініктерді  заттарды  классификациялау, 
оларды  салыстыру  үшін  пайдалана  алады.  Сөйтіп,  әрекет  тәжірибені  меңгеру 
процессінде жетекші компонент болып табылады. 
А.Н.Леонтьев: меңгеру процесі тура айта отырып «адам іс–әрекетінің нәтижесін 
меңгеру үшін сол нәтижеге енген нәрсеге барабар іс–әрекет атқаруы тиіс» деп 
атап көрсеткен. 
    Л.С.Выготский  мен  А.Н.Леонтьевтен  кейін  П.Я.Гальперин  психикалық  іс–
әрекеттің  жаңа  түрлері  алғашында  сыртқы,  материалдық  формада 
меңгерілетінін,  одан  кейін  ішкі  психикалық  формаға  өзгеретінін  көрсетті.  Бұл 
өзгеру  тәуелсіз  сипаттамалар  (параметрлер)  жүйесі  бойынша  жүреді,  олардың 
сапалы  өзгерулерінің  сәйкестігі  заңды  ауысуы  сыртқы  материалдық  іс–
әрекеттің  ішкі,  психикалық  іс–әрекетке  айналу  процесін  құрайтын  бірқатар 
кезеңдерден  тұрады.  Осы  процестің  барысында  іс–әрекеттің  сыртқы  заттары 
олардың  бейнелерімен–көзқарастармен,  түсініктермен  алмастырылады,  ал 
практикалық операциялар ақылдық, теориялық операцияларға өзгереді. 
    П.Я.Гальпериннің 
теориясы 
психикалық 
іс–әрекеттің 
өзін 
нақты 
психологиялық  зерттеуге  жол  ашты,  оның  формалары  мен  түрлерін 
құрастырудың  құралына  айналды.  Оның  қосқан  үлесі  мынада:  ол  іс–әрекет 
туралы  жалпы  жағдайлармен  шектеліп  және  әрекетті  психикалық  іс–әрекет 
талдауының бірлігі ретінде бөліп қана қойған жоқ, сонымен қатар психикалық 
іс–әрекетті зерттеу әдісі арқылы ақыл–ой әрекетінің генезисін зерттей бастады 
және  өз  алдына  психикалық  іс–әрекеттің  нақты  түрлерін  оларды  құрайтын 
ақыл– ой әрекеттері тұрғысынан талдау міндетін қойды. 
А.Н.Леонтьев  пен  оның  мектебінің  зерттеушілері  ең  алдымен  іс–әрекет 
құрылысын  зерттеуге,  жеке  психикалық  процестердің  олардың  іс–әрекет 
құрылымындағы  алатын  орнына  тәуелділігін  зерттеуге  бағытталған.  Олардың 
көрсетуінше, психика мен сыртқы материалдық іс–әрекет бірлігі екеуінің де іс–
әрекет екендігінен байқалады. Сыртқы практикалық іс– әрекет пен психикалық 
іс–әрекеттің  бірлігінің  аспектісін  А.Н.Леонтьев  өзі  ұсынған  ішкі,  психикалық 
іс–әрекет  өзгертілген  сыртқы,  материалдық  іс–әрекет  екендігі  туралы 
қағидасында  белгіледі.  Оқу  іс–әрекетінің  негізгі  ерекшелігі  оның  мақсатының 
сыртқы  нәтижеге  қол  жеткізуі  ғана  емес,  жаңа  білім,  іскерліктер  мен 
дағдыларды игеру болып табылады. Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, 
алдыңғы  ұрпақтардан  жинақталған  тәжірибені  беру  арқылы  жүзеге  асырыла 
тұрса  да,  білім  мен  дағдының  көбін  балалар  үлкен  адамдармен  араласудан, 
олардың  талаптарын,  кеңестерін,  нұсқауларын  орындаудан,  сондай–ақ, 
ойындардан,  сурет  салудан,  құрастырудан,  әртүрлі  себептерге  байланысты 
келетін  күнделікті  қарым–қатынастан  меңгереді.  Үлкендер  мен  бала  қарым–

 
74 
қатынасының  көптеген  түрлері  үйрету  ісіне  толы.  Дегенмен  баланың  даму 
дәрежесіне қарай үйрету барған сайын неғұрлым жүйелі сипат алады. Мектепке 
дейінгі  ұйымдарда  білім  мазмұнын  игерту  бағдарлама  бойынша  жүргізілетін 
арнайы  сабақтарды  ұйымдарстыру  арқылы  үйретіледі.  Сабақтарда  балаларға 
білім  мен  дағдыны  үйретудің  толықтығы  мен  сапасына,  тәрбиешінің 
нұсқауларын  тыңдай  және  орындай  білуге  қатысты  белгілі  талаптар  қойыла 
бастайды.  Сабақтардағы  үйрету  қарапайым  білім  мазмұнымен  қаруландырып, 
оқу  іс–әрекетінің  бастапқы  элементтерін  игертуде  маңызды  мәнге  ие  болады. 
Оқу  іс–әрекетінің  элементтерін  игеруге  танымдық  ынталарды  қалыптастыру 
мен оқу іскерліктерін үйрену кіреді. Айналадағы дүние туралы баланың алатын 
сан  түрлі  мәліметтері–үлкендердің  көрсеткендері  мен  әңгімелегендері,  өзінің 
көргендері.  Бұл  әуестікті,  барлық  жаңа  атулыға  құмарлықты  тудырады. 
Мектепке  дейінгі  шақта  балалардың  әуестігінің  өсуі,  әсіресе  балалар  қоятын 
сұрақтардың  саны  мен  сипатының  өзгеруінен  байқалады.  Егер  үш  төрт  жаста 
сұрақтардың  аз  ғана  бөлігі  жаңа  білім  алуға,  түсініксіз  нәрсені  анықтауға 
бағытталса,  мектепке  дейінгі  ересек  жаста  балаларда  мұндай  сұрақтар 
басымырақ  келеді,  балалар  сан  түрлі  құбылыстардың    себептері  мен  олардың 
арасындағы  байланыстарды  білуге  ынтығады.  Жаңбыр  неге  жауады? 
Өсімдіктерді  суғару  үшін  не  керек?  Жұлдыздар  қайдан  пайда  болған?  Егер 
кішкене үйді доңғалақтардың үстіне орнатса, оны трактор сүйреп әкете алама? 
Егер судың бәрі теңізге қарай ақса, кейін ол қайда кетеді?–міне алты жастағы 
баланың  әдеттегі  сұрақтарының  тізімі  осындай.  Бірақ  әуестік  бұл  әлі  оқуға 
жүйелі  білім  алуға  даярлықты  қамтамасыз  ете  алмайды.  Қандай  да  бір 
құбылысқа деген ықылас балада жылдам пайда болады да жылдам ұмытылады, 
басқамен  алмасады.  Болмыстың  сан  түрлі  саласына  жататын  құбылыстарды 
баланың  білуге  ынтығатыны  жоғарыда  келтірілген  сұрақтардың  тізімінен 
көрініп  тұр.  Осыған  орай,  білім  мазмұны  мектепке  дейінгі  жаста  қалай 
берілетініне  тоқталамыз.  Бұл  кезеңдерде  білім  мазмұнын  беру  тәрбиеші  мен 
балалардың  бірлескен  іс–әрекеті  негізінде  жүзеге  асырылады.  Әсіресе,  сабақ 
үстінде болмыстың әр саласына тән құбылыстардың негізгі қасиеттері балалар 
алдында жеке де шашыраңқы мәліметтер түрінде берілмей, білімнің белгілі бір 
жүйесі  түрінде  берілсе,  математикаға,  тілге,  жанды  және  жансыз  табиғатқа 
деген  ынтасы,  тиісті  дәрежеде  балалардың  бәрінде  де  пайда  болатынын 
зерттеулер көрсетті. 
Адамның  психикалық  өмірінің  жан-жақты  дамуы  белгілі  әрекетпен 
айналысуына  байланысты  болады.  Адам  өмір  сүру  барысында  өз  психикасын 
түрлі  жолмен  жарыққа  шығарады.  Мәселен,  мектеп  жасына  дейінгі  бала  өз 
психологиясын  ойын  арқылы  білдірсе,  ересек  адам  өзіне  тән  ерекшеліктерін 
еңбек  процесінің  сан  алуан  салаларында  көрсетеді.  Әрекет  дегеніміз–түрлі 
қажеттерді  өтеуге  байланысты  белгілі  мақсатқа  жетуге  бағытталған  процесс. 
«Әрекет  дұрыс  болу  үшін-біздің  соған  баратын  жолымыз  қандай  болу  керек 
екенін анықтап алуға тиіспіз» дейді Әл-Фараби.  
    Адам  іс-әрекеті–күрделі  процесс.  Оның  құрамына  жеке  амалдар  мен 
қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет (деятельность) ұғымынан 
әрекет  (действие)  ұғымын  ажырату  қажет.  Өйткені  мұның    1-шісінің  ауқымы 

 
75 
аса кең, ал  әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, бірлігі. 
Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция 
деп аталады. Адам іс-әрекеттің  белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы 
ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады. 
    Іс–әрекет түрлері–білім беру мазмұнын қалыптастыру көзі. Әрекет–қоғамдық 
өмірдің  негізі.  Сондықтан,  заманауи  білім  беру  мазмұнының  басты 
мақсаттарының  бірі–қалыптастырылатын  жаңа  адамды  жаңа  тәуелсіз 
мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын әрекеттердің негізгі түрлеріне қатысуға 
қабілетті болуға баулу көзделеді. Әрекет түсінігі–«өз мақсатын көздейтін адам». 
Адамдардың өзара әрекеттерінің өнімі ретіндегі қоғам педагогиканы қоғамның 
дамуы  мен  жұмыс  істеуін  тікелей  қоғамдық  өмірдің  нақты-тарихи  заңдарын 
көрсетуді  қамтамасыз  ететін  әрекет  жүйесін  ескеруге  бағдарлайды.  Әрекет 
түрлеріне  нақты-тарихи  тұрғыдан  қарағанда  қоғамдық  өмірдің  негізгі 
салаларын ашу қарастырылады: 
- материалдық өндіріс; 
- рухани өндіріс;  
- қоғамдық-саяси өмір; 
- басқару; 
- адамдарды әлеуметтік жаңғырту. 
    Бұл 
салаларға 
негізінде 
материалдық-өндірістік, 
рухани-өндірістік, 
әлеуметтік-саяси,  басқарушылық,  отбасы-тұрмыстық  және  т.б.  әрекет  түрлері 
жатыр.  Бұл  жүйе  әр  адамды  қоғамдық  өмір  әрекетінің  негізгі  аумағына  тарту 
мүмкіндігін  қамтамасыз  етеді,  өмірді  толыққанды  және  тұтас  етеді,  тұлғаның 
жан-жақты  дамуына  ықпал  етеді.  Сонымен  қатар  қоғамның  дамуы  мен  тиімді 
жұмыс  істеуінің  шартарын  қамтамасыз  етеді.  Осы  сияқты  әрекет  жүйесі 
педагогикалық  мақсат  ретінде  әрекет  түрлерінің  жүйесін  анықтауға  негіз 
болады.  Әрине,  ол  үшін  әрекет  жүйесі  балалардың  психологиялық, 
физиологиялық және оқу мүмкіндіктеріне қарай педагогикалық тұрғыдан қайта 
қарастырылуға  және  іштей  саралануға  тиісті.  Әрекеттің  барлық  түрлерін  үш 
типке  топтауға  болады:  материалдық-практикалық,  әлеуметтік  және  рухани. 
Қоғамның әрекет түрлерін бұлай жіктеу философияның негізгі диалектикалық-
материалистік шешімін ескереді. Білім беру мазмұнының құрамындағы әрекет 
ол  білім  беру  мазмұнын  қалыптастыру  деңгейлеріне  сәйкес  әрекет  түрлерінің 
жүйесі  білім  беру  мазмұнының  құрамының  элементтерінен  көрінеді:  әрекет 
түрлері  туралы  білім  мен  оларды  жүзеге  асыру  тәсілдерінен;  әрекет  түрлерін 
жүзеге асыру іскерлігі мен дағдыларынан; әрекет түрлерін шығармашылықпен 
жүзеге  асыру  тәжірибесінен;  әрекет  түрлеріне  эмоционалды-құндылық 
тәжірибесінен.  Білім  беру  мазмұнының  құрамындағы  әрекет  түрлерін, 
құрылымын  және  іс-әрекет  т.рлері  мен  оның  ерекшеліктерін  айқындау  үшін 
әдіснамалық бағдар болуы, әрекеттің әрбір типінің құрылымын білу қажет, яғни 
материалдық  пен  рухани  операциялар  жүйесі  арқылы  жүзеге  асатын  әрекет 
объектісі  мен  әрекет  құралдарының  байланыстарын  білу  керек.  Бұл 
операцияларды  балалар  қойылған  педагогикалық  мақсаттар  негізінде  жүзеге 
асырады. Оның салыстырмалы ерекшеліктерін төмендегі кестеде өрнектедік. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет