Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата01.12.2019
өлшемі1,86 Mb.
#52818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Жумабекова докт дисс


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әдіснамалық тұғырлар 
Білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық 
жүйесі 
Жеке тұлғалық 
Ж.Аймауытов,  Ж.Жарықбаев, 
Ә.Мухамбетжанова,    
Л.С.Выготский,В.С.Мухина. 
Тәрбиеші  жек  тұлғаны  субьект  ретінде  қарау  және  өзіндік 
ерекшелігін  ескеру.  Білім  мазмұнын  қабылдауда  жантану 
тұрғысынан жеке қасиетін, әлеуетін ескере отырып дамытуға, 
жетілдіруге бағыттау. 
Мазмұндық 
Н.Құлданова, Б.Баймұратова,  
М. Сәтімбекова, М.Ж.Жадрина, 
В.В.Краевский, В.С.Леднев, 
И.Я.Лернер, Р.Стеркина, т.б. 
Баланың  жаңа  білім  мазмұнын  түсінуі,  ұсынылатын 
материалдардың негізі жас ерекшеліктері мен бағдарламаға 
сәйкес 
болуы, 
оны 
меңгертудегі 
іс-әрекеттердің 
үйлесімділігін сақтау. 
Жүйелілік 
А.Байтұрсынов, 
М.Жұмабаев, 
Т.С.Сабыров, 
А.А.Бейсембаева, 
Н.Д.Хмель 
Білім 
мазмұнын 
жаңартуға 
жаңаша 
көзқараспен, 
қажеттілік 
тұрғысынан 
келіп, 
мақсатты-жүйелілік 
тұрғыдан ықпал ету арқылы дамыту. 
Әлеуметтік 
Ә.Нысанбаев, С.Нұрматов, 
Т.Жұмаділова, Э.Г.Юдин т.б 
Әлеуметтік  ортаға  бейімделу,  жағымды  қарым-қатынас 
орнату,  әлеуметтік  бейімделген,  шығармашыл  тұлғаны 
тәрбиелеу. 
 
Іс –әрекеттік 

 
29 
 
1-суртеттің жалғасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1  –  сурет.  Білім  мазмұнын  жаңарту  мәселесінің  теориялық  -  әдіснамалық 
тұрғыдан қарастырылуы. 
Құзіреттілік 
Б.А.Тұрғынбаева, 
Б.Р.Айтмамбетова, 
Б.Т. Кенжебеков 
И.А.Зимнаяя, Дж.Равен 
Тәрбиеші  педагогтардың  білім  мазмұнын  балаға 
жеткізуді  сапалы  және  табысты  шешу  әрекетін 
қамтамасыз  ететін  жеке  тәжірибеге  енген  жан-жақты 
білім, икемділік, дағды, қабілеттерін дамыту 
Мәдениеттанымдық 
 
М.Х.Балтабаев, 
Б.А.Әлмұханбетов, 
С.А.Ұзақбаева, 
Т.А.Қышқашпаев 
Білім 
мазмұнын 
жаңартуда 
жалпы 
адамзаттық 
құндылықтармен  қоса  мәдени,  рухани  құндылықтарды 
баланың 
бойына 
сіңіруге 
ықпал 
ететін 
жаңа 
мәдениеттанымдық идеяларды ұсыну. 
Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, 
Х.Т.Шерьязданова, 
С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, 
П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, 
Н.Ф.Талызин 
Тәрбиешінің  білім    мазмұнын  жаңартуда  өздігінен 
мақсат  қоя  білуі,  іс-әрекетті  жоспарлауы,  дұрыс 
орындай алуы, нәтижеге жете білуі. Балабақшадағы іс-
әрекет түрлерін жүзеге асыруға жағдай жасау. 
Ақпараттық 
Тәрбиеші  педагогтардың  өзіндік  білімін  жетілдіру,  өзіндік 
даму  траекториясын  қамтамасыз  ететін  ақпараттық 
сауаттылығы, 
білім 
мазмұнын 
жаңарту 
көздерін 
пайдалануға мүмкіндік туғызады. 
Т.О.Балықбаев, 
Е.Ы.Бидайбекова, 
М.С. Мәлібекова 
Г.Қ.Нұрғалиева, Ж.А.Қараев 
т.б. 

 
30 
    Зерттеудің  қарастырылып  отырған  әіснамалық  тұрғылары  мектепке  дейінгі 
тәрбие  мен  оқытуда  үздіксіз  іздену,  болашаққа  ұмтылу  барысында  өзінен 
бұрынғы теория мен тәжірибенің ең бағалы, озық жақтарын алып, сын көзбен 
қарап,  балабақшалардағы  білім  мазмұнын  жаңартуды  қайта  қарауда 
басшылыққа  алынады.  Мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  жаңарту–негізінен 
білім  мазмұнының  мәнін  ашу  және  оны  дұрыс  таңдай  білу,  бiлiм  мазмұнын 
жүйелеу, білім сапасын арттырумен және оны қалыптастыруда дәстүрлі әдіс-
тәсілдердің орнына жаңа педагогикалық технологияларды  пайдалана білумен 
де тығыз байланысты болмақ. 
 
1.2  Мектепке дейінгі білім мазмұнын дамытудың әлемдік тәжірибедегі  
мәні мен маңызы 
 
    Мектепке дейінгі білім мазмұнына байланысты шетелдердегі ғалымдар ой-
пікірлерін  зерделейтін  болсақ,  оқу-тәрбие  үдерісі  педагогикалық, 
дидактикалық  қағидаларға  негізделіп  тәрбиеленушілердің  танымдық 
белсенділігін  арттыруға,  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыруға  және 
қарапайым  білім  негіздерімен  қаруландыруға  бағытталғандығы  анықталды. 
Шетелдерде педагогикалық білім беруді реформалау 70 жылдарда басталып, 
білім  беру  сапасын  арттыруға  басым  көңіл  бөліп,  қарқынды  даму  жолын 
таңдады. Олардың ішінде Ресейдегі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру 
мазмұнының  қалыптасуы  мен  дамуы  қуатты  педагогикалық  және 
психологиялық бірлескен идеялардың ғылыми әлеуетіне негізделген жоғары 
деңгейде  дамыған  қағидалары  мен  тұжырымдамалары,  белгіленген  жүйесі, 
сол  елдің  мәдени  тарихи  тамырларына  бағытталған  мазмұны  және 
технологиялары  бар.  Мұнда  балабақша-балалар  үшін  өздерінің  талап-
тілектерін  жүзеге  асыратын,  үлкен  адамдармен  қарым-қатынас  жасайтын, 
өмір сүретін арнайы жабдықталған кеңістік орта болып табылады.  
    Шет елдерде педагогика көп жағдайда сол елдегі қолданыстағы заңнамаға 
немесе  жетекші  идеологияға  тәуелді  дамиды.  Мектепке  дейінгі  ұйымдар 
елдің  не  әлеуметтік  қызмет  көрсету,  не  денсаулық  сақтау  ұйымдарына 
немесе білім беру жүйесіне қарайтын болады. Осыған байланысты мектепке 
дейінгі ұйымдардың жұмыс бағыттары, педагогикалық дайындық деңгейлері 
өзгереді. 
Мектепке 
дейінгі 
ұйымдар 
әлеуметтік 
қамсыздандыру 
министірлігіне  қарайтын  елдерде  (Австрия,  Англия)  ата-аналар  қалауымен 
балаға  күндізгі  қамқорлық  түрінде  ұйымдастырылуы  басым  болса,  Білім 
министірілігіне  қарайтын  елдерде  (Ирландия,  Қытай)  ерте  жастан  оқыту 
үрдісі  басым.  Ал  кейбір  елдер  де  мектепке  дейінгі  білім  беру  енді-енді 
министірліктер қарамағына еніп отыр (Түркия, Жапония). 
      Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете 
отырып,  күншығыстағы  Жапония  мемлекетіндегі  балалар  тірлігін  де 
әңгімелейді. Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған 
құрал-жабдықтармен  толық  талапқа  сай  қамтамасыз  етілгендіктерін, 
Швейцарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында 
мектепке  жасы  толмаған  балалардың  үйі  бар  екендігін  және  оның 

 
31 
балалардың  жас  шамасына  сай  құралдармен  жабдықталғандықтарын 
бейнелейді.  Шотландиядағы  Эдинбург  қаласындағы  балалар  бақшасын  өз 
алдына  ерекше  етіп  көрсеткен.  Ол  жерде  күнделікті,  таңертең  ашық  далада 
балалар  бастары  қосылғанда,  кешкісін  үйлеріне  қайтарда  бір-біріне 
«Амандық  өлеңдерін»  айтады  дейді.  Автор  өз  еңбегінде  ең  бастысы  бірігіп 
ойын  ойнау,  еңбекке  дағдыландыру,  тазалыққа,  реттілікке,  ұйымшылдыққа 
баулу,  балалардың  ойынына,  жас  межесіне,  қабылдау  ерекшеліктеріне 
барлық  жұмысты  бағындыру,  дәрігерлік  бақылауда  болуын  қадағалау,  өлең 
айту,  сурет  салу  тағы  басқа  өнерлерін  дамыту  мәселелеріне  көңіл  бөледі. 
Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды. 
    Тәрбиелеу  мен  білім  сапасы  педагогтардың  кәсіби  біліктілігіне, 
шеберлігіне  де  байланысты.  Көптеген  дамыған  елдерде  тәрбиешілердің 
дайындығы жеткілікті жоғары деңгейде (Ресей, Германия, Франция, Англия, 
АҚШ т.б) болып, олар әр түрлі бағыттарда (музыкалық, дене тәрбиесі, ақыл-
ой, тәрбиесі, эстетикалық) жұмыс жүргізе алады және балалардың дамуының 
өсуін  бақылай  біледі.  Бұған  физиологияны,  балалар  психологиясын, 
әлеуметтануды терең меңгеру ықпал етеді. Әлеуметтану оларға балалармен, 
ата-аналармен жұмысты сауатты құрып тіл табысуға көмек жасайды, дербес 
және жұмысты шығармашылықпен ұйымдастыруға әсер етеді.  
    АҚШ-та  90-жылдардан  бері  қарай  даму  деңгейі  тежелген  балаларды 
қалыпты  дамыған  балалармен  интеграциялап  оқыту  тәжірибесі  кең  тараған. 
Оның  мәні:  интеграцияланған  топтық  өмір  тәжірибесі  негізінде  дұрыс 
мінезге  тәрбиелеу,  әлеуметтік-коммуникативтік  және  функционалдық 
дағдыларды  дамыту.  Интеграциялық  топтарда  арнаулы  мамандар  баланың 
даму  ерекшелігіне  қарай  әрекеттер  ұйымдастырылып,  нәтижеге  баланың  өз 
бетінше  жетуі  көзделеді.  Күнделікті  жұмыс  барысында  орындалу  сапасына 
қарай олар түзетіліп, жетілдіріліп отырылады. АҚШ-дағы білім беру жүйесі 
негізгі  үш  деңгейді  құрайды:  бастауыш  білім  беру,  орта  білім  және  жоғары 
білім  беру.  Білім  беру  бағдарламаларының  басым  көпшілігі  мектепке, 
үлкендерге немесе балалардың ерекше категорияларына кәсіптік-техникалық 
білім беруге басым көңіл бөлінеді. Ата-аналар өзінің балаларын оқыту үшін 
ақысыз мемлекеттік мектепті немесе ақылы жеке меншік мектептерді таңдап 
алады.  Жеке  меншік  мектептер  мен  колледждер  мемлекеттік  мектептерге 
қарағанда басқару жүйесінде ерешелігі болғанымен ұйымдастыру құрылымы 
мен  оқу  жоспарларында  сәйкестік  бар.  Егер  жеке  меншіктен  мемлекеттік 
мектепке немесе керісінше ауыстырылу қажет болған жағдайда ол мектептер 
бір-бірімен келісім шарт жасасып, өзара тығыз байланыстарын дәлелдейді. 
Сондай-ақ, бадарламада балаларға қажетті еңбек ету және ойын дағдыларын 
қалыптастыру  көзделеді.  Америка  мен  немістің  мектепке  дейінгі  балалар 
ұйымдарын  ортақтастырған  тенденциялар  байқалады:  оқу  курсын 
интеграциялық сипатта құру яғни жеке пәндер бойынша жіктеп оқытудан бас 
тарту; оқу процесін қатаң жоспарлаудан бас тарту; оқу топтарын бала санын 
неғұрлым аз етіп құру және олардың жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуіне, 
шығармашыльқ  түрдегі  зерттеу  әдістерін  қолдануға  ыңғайлы  болуы 
көзделеді. Жекелей оқу, еркін ойнау бәрі де бала тарапынан қалауы бойынша 

 
32 
әрі  өз  бетінше  жүзеге  асады,  педагог  тек  сұрақ  қою,  түсіндіру,  жаңа 
әректтерді  көрсету  ұсыну  баланың  мінез-құлқын  бақылаумен  шектеледі, 
мұнда бала әрекетінің неғұрлым белсенді сипат алуына жету мақсат етіледі. 
Бұлайша  оқуды  ұйымдастыру  «бала  дамуы  деңгейіне  сәйкес  тәжірибе 
арқылы  оқыту»  деп  аталынады,  ол  заттық-кеңістіктік  және  әлеуметтік  орта 
жағдайында ойластырылып жүзеге асырылады, олар күнделікті жүргізілетін 
тестілік  зерттеулерге  негізделеді.  Дейтұрғанмен,  бала  тәрбиесін  бұлайша 
ұйымдастыруда сындарлы мәселе де жоқ емес. Мысалы: біріншіден, баланың 
өз  қалауымен  ғана  жүзеге  асырылатын  «тәжірибе»  сабақтары  өзінің 
дамытушылық  мүмкіндігі  жағынан  баланың  дамуын  қамтамасыз  ететін 
деңгейде  болады  деуге  сену  қиын;  екіншіден,  тәрбиешінің  ролі  тым 
тарылғанын,  шектелгенін  айтпауға  болмайды;  Үшіншіден,  баланың  даму 
деңгейінің  қажетті  мүмкіндіктерін  анықтауда  бір  тестілік  ақпарлардан 
қорытынды шығару жеткіліксіз, мұнда тәрбиешінің бақылаулары мен ата-ана 
мүдделерін де ескеру керек болады. 
    АҚШ-та  тәжірибеге  енгізілген  «Тәй-тәй»  технологиясы  “step  by  step” 
немесе  «0-12»  жастағы  балалар  мен  оның  ата-анасына  арналған.  Бұл 
технологияда балаларға, оның ата-анасына, және педагогтарға білім берудің 
арнайы академиялық вариантын ұсынады. Бұл технологияда демократиялық 
принциптер  және  дамудық  адекватық  практикасы  болады.  «Тәй-тәй» 
технологиясың  әлемде  аналогы  жоқ.  Ол  Э.Эрикон,  Ж.Пиаже,  Выготский, 
М.Монтессори,  И.Г.Пестолоцци  сынды  ғалымдардың  теориясынан  алынған 
«Step  by  step»  өзінің  алдына  қойған  мақсаттарында:  бүкіл  өмір  бойы  оқуға 
тырысатын  адамдарды  тәрбиелеу,  бір–бірін  құрметтеу  мен  демократиялық 
принциптер  арқылы  істелетін  арнайы  білім  беру  ордасын  құруды  көздейді. 
Қазіргі кезде Қазақстанда бұл технологиямен: 420 мектепалды сыныптары, 2 
ата-аналар ассоцациялары, 147 бастауыш сыныптар құрылған, 19 жоғары оқу 
орындары және колледждер 11 тренинг орталықтары құрылған.  
    Францияда  мектепке  дейінгі  ұйым  мақсаты  бөлекше  жүйеленеді:  баланы 
ерігуден  сақтау,  белсенді  әрекет,  қуаныш  сезімін  сіңіру.  Ал  міндеттерінде 
дене  тәрбиесі,  адамгершілік  және  ақыл-ой  тәрбиесі  алдыңғы  орында,  одан 
кейін  өз  қатарларымен  қарым-қатынас  дағдылары,  одан  соң  барып  жазу, 
есептеу,  оқу  дағдыларын  меңгеру  жүзеге  асырылады.  Тәрбиешілерге  оқу-
құралдарын өз еркінше таңдауға, әдіс-тәсілдердің қалауынша қолдануға ерік 
берген.  Сондықтан  тәрбиеші  бар  оқу  құралдарын  пайдаланбай,  басқа 
ізденістер  жасауға  құқылы.  Олар  қалай  оқытқысы  келседе  өз  қалауымен 
жасайды,  балалармен  табиғи  тең  құрметтеу  қатынасы  орнатылады.  Оқу 
пәндері  іргелі  (француз  тілі,  математика-15  сағ),  дамытушы  (адамгершілік, 
бақылауға  үйрету  сабақтары,  қол  еңбегі,  музыка,  тарих,  география-6  сағ), 
дене тәрбиесі 6 сағ). Барлығы бір аптада-27 сағат жүргізіледі. Балабақшадағы 
білім  беру  Жан  Пиаже  іліміне  негізделеді:  оқу  деген  -  баланың  ортамен 
ықпалдастығының  процесі,  оның  заттық  әрекеттері,  бұлардың  барысында 
мінез  тұрақтылығы  қалыптасады.  Әдістемеде  М.Монтессори  идеялары 
қолданылады:  сөз  алдында  сурет  жүреді,  оқудан  бұрын  жазуға  үйрету 
көзделеді.  

 
33 
    Неміс  тілді  кантондарда  Ф.Фребельдің  педагогикалық  идеяларының 
ықпалы  белгілі–балалар  бақшасында  ойын  мен  баланың  жалпы  дамуына 
ерекше  көңіл  аударылады.  Франк  және  италян  тілді  кантондарда  атақты 
педагогтер  мен  психологтар  Э.Клаперед,  А.Ферьер,  М.Монтоссори, 
Ж.Декролидің  ықпалымен  балалардың  мектепалды  даярлығына  көңіл 
аударылады–балдырғандар үшін мектептер мектеп жүйесінің құрамдас бөлігі 
болып  табылады,  балабақша  бастауыш  мектептермен  кіріктірілген,  бірақ 
бөлек  ғимаратқа  орналасқан.  Швейцариядағы  мектепалды  даярлық 
сыныптарына мектепке дейінгі жастағы балалардың 99% барады.  
    Қытайда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту міндетті болып табылады. 
Ол үш жастан басталады және алты жасқа дейін созылады. Мектепке дейінгі 
мекемелер–мемлекеттік  және  жеке  меншік.  Ағартудың  әкімшілік 
органдарынан  басқа  мемлекеттік  ережеге  сәйкес  балалар  бақшасын  ашатын 
кәсіпорындарды,  өндірістік  емес  және  қоғамдық  ұйымдарды,  жеке 
тұлғаларды қолдайды.  
    Балалар  бақшасындағы  негізгі  қағида:  балалар  эгоист  болмауы  керек. 
Төбелес, жаман тәртіп, еркелік, үлкеннің талаптарына бағынудан бас тартуға 
жол берілмейді. Балалардың жанжалына бірден араласу керек: олай болмаған 
жағдайда  бала  өзінің  тәртібін  халық  қабылдап  тұр  деп  санап,  жаман  мінез-
құлқын  өмір  бойы  сақтап  қалады.  Жазалау  жоқ:  балаларды  соғуға  немесе 
бөлмеден  шығарып  жіберуге  рұқсат  берілмейді.  Мектепке  дейінгі 
тәрбиелеудің  қытайлық  жүйесіндегі  қаталдық,  әдеттен  шықпаушылық, 
балалардың  мінез-құлқы  мен  ойынын  қатаң  бақылау  сыналады.  Балалар 
сабақта  енжар,  ересектің  ырқына  бағынады,  тәртіпке  бағыну–Қытайда 
балаларға деген қамқорлық пен көңіл аудару ретінде қабылданады. Қытайда 
мектепке  дейінгі  ұйым  жүйесінде  білім  мазмұны  ең  алдымен  гигиеналық 
дағдыларды сіңіру, дене қимыл-әрекетін белсендендіру, тіл дамыту, табиғат 
және  қоғамдық  түсіністік,  математика,  музыка,  өнер,  адамгершілік  тәрбие 
сияқты құрылымнан тұрады. Адамгершілікке, отанға сүйіспеншілік, халыққа, 
отбасына, тәрбиешіге және құрбыларға, ұжымдық еңбекке, қоғамдық пікірді 
сыйлауға,  альтуризмге,  бөлісуге  ұмтылыс,  салмақтылық,  сынға  төтеп  беру, 
адалдық,  үлкенге  құрмет,  әлеуметтік  мінез-құлық,  қонақжайлылық,  сенім 
мен  оптимистік  сезімдерді  тәрбиелеу  кіреді.  Қытайдың  мектепке  дейінгі 
тәрбие  жүйесі  шектен  тыс  қаталдығы,  бір  қалыпты,  шықпайтын  кенжелеп 
қалғандығы,  қатаң  жөнділігі  үшін  сынға  ұшырап  келеді.  Тәрбиешілер 
баланың тәртібіне және мінез-құлқына аса шектеу қойып, бақылау жасайды, 
ойындарды  да  аса  тар  шеңберде  жүргізеді.  Балалар  сабаққа  өте  пассивті 
қатысады,  тәртіпке,  ересек  адамдардың  айтқанына  толық  мойын  ұсынады. 
Бірақ,  Қытайдағы  мұны  ерекше  қамқорльқ    ретінде  бағалап,  ата-аналар  да 
балалар осындай ортада тәрбиеленеді деп есептейді. Балалардың музыкалық 
қабілеттері  деп  жоғары  бағаланады.  Еңбекқорлық,  бір  беткейлік  дәстүрлі 
құндылықтар деп саналады. 
    Жапонияда  мектепке  дейінгі  ұйымдар  мемлекет  қарауындағы  Денсаулық 
сақтау  министірлігінің  қамқорында.  Жапонияда  оқу  жылы  бірінші  сәуірде 
басталады.  Бұл  күні  балабақшадан  бастап  университетке  дейін  директорлар 

 
34 
мен  ректорлар  оқу  жылының  ашылуына  арналған  салтанатты  іс-шаралар 
өткізіп,  өте  жауапкершілікпен  құттықтау  сөз  сөйлейді.  Балалар  мекемелері 
жеке  дербес  бағдарламаларымен  жұмыс  істеуге  құқылы,  алайда  олар  Білім 
министірлігінің жалпы әдістемелік құжаттарымен сәйкестендіріледі. Оларда 
да балалар 3-5жас аралығында қамтылады. Негізгі типтері: ясли (туғаннан 3 
жасқа  дейін)  ясли-бақша  (туғаннан  6  жасқа  дейін),  балабақша  (5-6 
мектепалды  дайындық),  дамуы  тежелген  балалар  үшін  (0-6  жас).  Жапон 
елінде  мектепке  дейінгі  балалар  ұйымдары  баланы  мектепке  дайындауды 
мақсат  етеді.  Олар  Еуропа,  АҚШ-тағыдай  бұл  кезеңді  дербес  даму  процесі 
деген көзқарас орын алмаған. Осы орайда оқу, негізінен, 5-6 жас аралығында 
ғана  әдебиет,  музыка,  бейнелеу  өнері,  дене  тәрбиесі,  қоғамтану  пәндері 
бойынша  жүргізіледі.  Жапониядағы  мектепке  дейінгі  ұйымдардың 
кейбіреулері  университеттердің  қарамағына  қарайды.  Мұндай  балабақшаға 
келетін  балалар  осы  университеттің  мектебінде  оқып,  емтихансыз  осы 
университетке  қабылданады.  Бұл  университетті  бітірген  мамандар  бәсекеге 
қабілетті  және  білім  министрлігіне  немесе  белгілі  фирмаларға  жұмысқа 
орналаса  алады.  Бұл  қызмет  бабында  жоғарылаудың  кепілі  болмақ. 
Сондықтан  мұндай  балабақшаларға  орналасу  өте  қиындық  туғызады.  Ата–
аналар  балабақшаға  балаларын  орналастыру  үшін  көп  ақша  төлейді,  ал 
балалар бірқатар күрделі тест тапсырады.  
    Балабақшалардағы  тәрбиешінің  негізгі  міндеттері–балаларды  үлкенді 
тыңдай  білуге  үйрету.  Балабақшадағы  басым  көпшілік  уақытта  тәрбиелік 
мәнерге  және  өмірлік  рәсімдермен  таныстыруға  назар  аударылады.  Балалар 
жапон  тіліндегі  ең  жақсы  сөздерді,  әдіптілік,  мейірімділік,  қайырымдылық 
үйреніп,  қатал  ескертулер  жасалмайды.  Мектепке  дейінгі  білім  берудің 
жапондық  жүйесі  нақты  бір  теорияны  ұстанбайды:  неғұрлым  жақсы 
жетістіктер, сәтті модельдер, тиімді әдістер басшылыққа алынады; сонымен 
бірге дәстүрлі құндылықтар басым болып қалады. 
Мектепке дейінгі мекемелердің алдына мынандай міндеттер қойылды: 
-  балаға  әлеуметтік  мінез-құлық  дағдыларын  меңгеруде  ересектер  мен 
балаларда жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектесу; 
- табиғатқа құрмет сезімін тәрбиелеу; 
- салауатты өмір дағдыларын меңгеруге көмектесу; 
-  ата-аналарға  баланы  еркелетпей,  басқа  балалармен  ынтымақтастыққа 
қабілетті етіп тәрбиелеуге көмектесу; 
- барлық балаларға бірдей жағдай жасау; 
- шыдымдылық пен төзімділік тәрбиелеу; 
- басқаларға тәуелді болу және оларды түсіну біліктілігін қалыптастыру. 
     Жапонияның 
балалар  бақшасы  білім,  ғылым  және  мәдениет 
Министрлігінің  қарамағында,  ал  күндізгі  күтім  орталықтары–денсаулық 
сақтау 
және 
әлеуметтік 
қамсыздандыру 
Министрлігіне 
қарайды.      
Жапондық  тәрбиеде  мақсатқа  ұмтылушылық  пен  табандылық  маңызды  деп 
саналады.  Балалар  қастарындағы  адамдарға,  олардың  істеріне  және  көңіл-
күйлеріне  назар  аударуға,  жалпы  ережелерге  бағыну  мен  шыдамдылыққа 
тәрбиеленеді.  Тәрбиелеудің  соңғы  мақсаты–даралық  пен  ұжымшылдық 

 
35 
сезімі  арасындағы  органикалық  үйлесімдік, міндеттерді  нақты  орындау  мен 
сезімдердің  эмоциялық  аумағын  дамыту  арасындағы  үйлесімдік,  балалар 
бақшасы,  отбасы  және  қоғам  арасындағы  қатынасты  анықтауға  баса  назар 
аударылды.  
    Австралияда  мектепке  дейінгі  тәрбие  ұйымдары  елдегі  толық  қамтуды 
көздемейді.  Балалар  бақшасы  (мемлекеттік),  отбасылар  бақшасы  және 
күтуші  сияқты  түрлері  өмір  сүреді.  Балабақшада  ата-аналар  баланың  онда 
болған уақытын әрбір сағат бойынша төлейді (күніне 3-8 сағатқа дейін), егер 
баланы  алуға  кешіккен  болса,  күтуші  оны  үйіне  алып  кетеді,  ата-ана  әрбір 
сағат үшін тағы да айып төлейді Мектепке дейінгі ұйымдары, негізінен, жеке 
меншікте.  Балалар  мектепке  5  жасынан  баратындықтан,  мектеп  алды 
дайындықты жүзеге асыру көзделмейді. Жалпы елде мектепке дейінгі тәрбие 
ұйымдарында  барлық  баланың  1/5  бөлігі  ғана  қамтылады.  Төлем  бағасы 
жоғары болғандықтан ата-аналар есепшотына мемлекет белгілі бір мөлшерде 
дотация  ретінде  ақша  аударып  отыру  тәжірибесі  қолданылады. 
Австралиядағы  мектепке  дейінгі  білім  бағдарламаларының  ерекшелігі-
баланы  қандай  да  болмасын  білімге  іскерлік  дағдыларға  үйрету  үшін  оны 
баланың өз даму деңгейіне сәйкес тапсырмалар арқылы, баланың өз күші мен 
білімге жетуіне бағыттауды көздеуінде.  
    Литвадағы  мектепке  дейінгі  білім  берудің  басты  мақсаты:  баланың  жеке 
дара  дамуына  көмек  көрсету  және  қоғам  мен  өмір  талаптарына  сай  іргелі 
іскерлік  дағдыларды  меңгерту  болып  табылады.  Литвада  екі  мемлекеттік 
бағдарлама  жасалған:  «Мектепке  дейінгі  білім  берудің  бас  линиясы»-
мұғалімдер  мен  ата-аналарға  арналған  оқу  жоспарлары  және  балабақшаға 
арналған  бағдарлама  «Verinelis-Струна»  (1993).  Оқу  жоспарында  әр  пәнді 
жеке  оқыту  көзделмеген,  мұнда  іс-әрекеттің  бірнеше  түрлерін  кіріктіре 
жүргізу қарастырылған. Атап айтқанда: бала дамуына әсер ететін: тіл, өнер, 
музыка,  ойын  және  еңбек.  Мектепке  дейінгі  білім  беру  екі  халықаралық 
жобалар: Литва және Дании (Эгмонт Петорсон) ашық қоғамдық қоры  және 
«Шаг за  Шагом».  Литвадағы  оқу жоспарларында білім беру  аясы ғана  емес 
білік,  дағды,  қабілеттілік  және  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыру  сапалары 
қамтылған.  Шетелдердегі  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  оқу-тәрбие  үдерісі 
барысын  салыстыра  келе,  түрлі  қоғамдық-әлеуметтік  жағдайларға  қызмет 
еткеннің  өзінде  бала  тұлғасының  дамуын  көздейтін  олардың  ғылыми 
негізделген  заңдылықтарда  көрініс  табатын  ортақ  белгілері  ұстанымдары 
байқалады:  отбасында,  балалар  ұжымында,  қоршаған  ортада  дүниетануда 
өзінен,  отбасынан,  балалар  тобынан  бастап  елді,  құрылықты,  жершарын, 
ғарышты  тануға  бағытталуы:  өзіне-өзі  қызмет  көрсетуінде,  шығармашылық 
табыстарында,  ұмтылыстарында  т.б.  тәуелсіз,  дербес  болуға  барған  сайын 
ұмтылу;  өз  бетінше  ойлау,  өз  ойын,  сезімін  еркін  жеткізу,  еркін  сөйлеу, 
түсініп  оқу,  түсініп  тыңдау:  балаға  шектеуге  болмайтын  тұлға  деп  қарау, 
барлық  жауапкершіліктің  ата-анаға  жүктелуі,  мектепке  дейінгі  ұйымдарды 
оларда бар қабілет икемдерді дамытады деп санаайды.  
    Англияда  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  әртүрлі  типтері  бар.  Олар 
қаржыландыру  көздеріне,  күн  тәртібінің  мақсаты  мен  мазмұнына,  балалар 

 
36 
контингентіне  және  білім  ұйымдарының  өз  іс-әрекетінің  ерекшелігіне 
байланысты болуы. Бұлар: сәбилер мектебі, білім беру ұйымы 2, 2-5 жастағы 
балаларға  арналған.  Сондай-ақ,  сыныптар,  күндізгі  балабақшалар, 
отабасылық, ойындық, нәрестелік орталықтар, ана мен бала клубтары, ойын 
топтары, ойыншықтар кітапханасы т.б. Англияда балаларға арналған кейбір 
ұйымдардың  атаулары  өте  қызықты.  Атап  айтқанда:  «Шмель», 
«Симпатичные  окошки»,  «В  ивах»  т.б.  Олар  оқу-тәрбие  процесінде  ойын 
тәсілдерін 
пайдаланып, 
мектепке  дейінгі 
ұйымдарды 
безендіруге 
пайдаланылады.  Мектепке  дейінгі  ұйымдар  мектепалды  даярлығын 
қамтамасыз  етеді.  Жеке  меншік  топтарда  жұмыс  жасайтын  күтушілер 
мемлекеттік  аккредация  алуға  тырысады.  Ата-аналарға  көбірек  ұнайтыны 
ойын  бөлмелері,  баланың  әлеуметтік  ортаға  бейімделуіне  және  дамуына 
ықпал етеді деп есептейді. Ал нәрестелік және мектепке дайындық топтары 
білім  беру  типіндегі  ұйымдар  болып  табылады.  Англияда  мектепке  дейінгі 
ұйымдар  70-80  орынға  арналған.  Топтағы  балалар  саны  олардың  жас 
ерекшеліктері мен ұйымның типіне сәйкес болады. 1-8 ден 1-30 балаға дейін 
болуы  мүмкін,  топта  екі  тәрбиеші  жұмыс  жасайды  олардың  әрқайсысына  
орташа  есеппен  13  баладан  келуі  тиіс.  Мектепке  дейінгі  білім  беру 
ұйымдарында  тәрбиеші-педагог,  тәрбиеші  және  ассисент  немесе  тәрбиеші 
жұмыс  жасайды.  Бұл  біліктілік  деңгейлері  мамандардың  дайындау  мерзімі 
мен тәжірибесіне және педагогикалық қызметіне байланысты болады. Ойын 
топтарында  топтың  жетекшісі  жұмыс  жасайды.  Ұйымда  егер  50  бала  болса 
оларды  топтарға  бөлмей,  бірнеше  үлкен  адамдар  бірге  жұмыс  жасайтын 
болады.  Мұнда  әр  түрлі  жас  ерекшеліктері  бірге  болуы  кең  тараған. 
Англияда  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  ғимараттарына  қатал  талап 
қойылмайды, ол жеке меншік үйлердің бір бөлігі немесе мектептің жанында 
болуы мүмкін. Балалар бөлмелерге қалауы бойынша орналастырыла береді. 
Оларда  сөрелерде  балаларға  арналған  кітапшалар,  ойыншықтар,  үстел  үсті 
ойындары  және  жазуға  арналған  құралдар  болады.  Құммен  суға  арналған 
арнайы бұрыштар, сурет салуға, құрлыс материалдарымен ойнауға арналған 
орындар,  қуыршақтарға  арналған  үйлер  жабдықталады.  Тыныш  демалатын 
орындар  мен  тірі  табиғат  бұрыштары,  компьютерлер,  пианино,  спорттық 
қабырғалар  болады.  Бөлменің  қабырғалары  әдемі  түрлі-түсті  плакаттармен, 
фото  суреттермен  және  балалардың  өздері  жасаған  суреттерімен 
безендіріледі. Бөлмеге жіптер тартылып оған жалаушалар мен түрлі суреттер 
ілінеді.  Мектепке  дейінгі  ұйымның  күн  режімі  оның  типіне  байланысты 
болады.  Жұмыс  уақыты  сағат  8  де  басталып  балалар  күндіз  бойы  болады. 
(сағат  18  ге  дейін).  Ойын  топтары  мен  кітапханаларға  балалар  арнайы 
белгіленген уақыттарда келеді. Мектепке дейінгі сыныптарда балалар толық 
қатысатын  болса  мектепке  дейінгі  білім  алған  болып  есептеледі.  Сонымен 
қоса қысқартылған күн топтары да болады. Күні бойына болатын балалармен 
таңертеңгі  әңгімелесу,  содан  кейі  белгілі  бір  іс-әрекеттің  түріне  сәйкес 
дидактикалық  ойындар  немесе  математикалық  қарапайым  түсініктерді 
қалыптастыру  жұмыстары  ұйымдастырылады.Мерекеге  дайындық,  табиғат 

 
37 
аясына, мұражайларға немесе бау-бақшаларға саяхат сияқты іс-әрекеттермен 
айналысады. 
    Англиядағы  мектепке  дейінгі  білім  берудің  даму  тарихында  ұзақ 
жылдардан  бері  қалыптасқын  тұжырымдамасы  бар.  Ол  негізінен  жеке 
тұлғаға бағытталған және жеке дара қарауға бағытталған. Басты орын ойынға 
беріледі,  заттық-ойын  кеңістігін  құруға  және  оның  дамытушылық  бағытта 
болуына  баса  назар  аударылады.  Тәрбиеші  дамытушылық  ортаны 
ұйымдастырушы және балалар іс-әрекетіне көмектесуші ретінде сөздік, ойын 
және көрнекілік әдістерін қолданады және балалардың тәжірибесіне сүйенеді. 
Англияда  мектепке  дейінгі  ұйымдар  жүйесін  ұйымдастыруда  балалардың 
жас мөлшері басты факторлардың бірі ретінде танылады. Мысалы, Англияда 
мектепке дейінгі білім беруде 3-5 жас аралығындағы балалар қамтылады. Ал 
5 жастан бастап олар міндетті мектептік білімге тартылады. Ал 3 жасқа дейін 
сәби  ана  тәрбиесінде болуы  дұрыс  деп  есептеледі. 3-5  жастағы  сәбидің  жас 
және психологиялық ерекшелігіне қарай мектепке дейінгі ұйымдар Англияда 
отбасы  жағдайына  неғұрлым  жақын  түрде  құрылуды  көздейтін  күндізгі 
яслилер  (муниципалды  және  жеке  меншікті),  толық  ясли  емес  яслилік 
сыныптар,  ойын  топтары,  аналар  мен  балалар  клубтары  (керегінде  анасы 
қасында  болады),  күтушілер  иниституттары,  «мүмкіндіктер»  топтары  т.б. 
әрбір  тәрбишіге  10-13  баланы  қарау  жүктеледі.  Білім  бағдарламаларында 
бала  өзінің  жеке  және  жас  ерекшеліктеріне  қарай  ойын  арқылы  қоршаған 
айналадағы  болмысты  белсенді  танып  білуші,  қоршаған  орта  жағдайын 
белсенді  пайдаланушы  ретінде  танылды,  педагог  пен  баланың  ортақ  әрекет 
етуі  көзделеді,  балаға  жеке  дара  тұрғыдан  ықпал  ету,  ізгілік  бағыт 
тұжырымдамалық  ұстаным  болып  табылады.  Мектепке  дейінгі  ұйымда 
Англияда  бірыңғай  ұлттық  бағдарлама  болмайтындықтан,  білім  мен  тәрбие 
берудің  мазмұны  түрлі  вариативте  сипат  алған.  Алайда  білім  беру 
мекемесінің  өзінде  дайындалатын  бағдарламаларының  бәрінде  де  баланың 
қуат мүмкіндіктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасау жолымен дене, ақыл-
ой,  эстетикалық,  адамгершілік  және  әлеуметтік  тәрбиенің  тікелей  жеке 
балаға  бағытталып  жүргізілуі,  жүзеге  асуы  мақсат  етіледі.  Балабақша  тек 
мектепке дайындау орны деп емес, бала өмірінің дербес те мәнді кезеңі деп 
қаралады. Сондықтан оқыту жеке пәндерге жіктелмейді. Мұнда маңыздысы 
оқуға деген мотивтің қалыптасуы деп есептеледі. Бағдарламаларда (Англия) 
әлеуметтік  тәрбиеге  жоғары  мән  береледі.  Ол  бала  бойына  қарым-қатынас 
дағдыларын, ұжымда жүріп тұруды, қоршаған әлеммен бірлестікте өмір сүре 
білуді  үйретуге  бағытталған.  Бағдарламалардың  ізгілік  бағыттары 
әлеуметтендіруді  қоршаған  адамдардың  құқылары  мен  еркіндіктеріне 
құрметпен  қарауды  төзімділік  пен  ынтымақтастықты,  барлық  балаларға  тең 
мүмкіндіктер жасауды мақсат етіп қойылуымен анықталады.  
    Баланың  мектепке  дейінгі  тәрбиесінде  ақыл-ойды  дамыту  оқу  мен  жазуға 
үйретуден  бұрын  қойылады.  Оқыту  баланың  білмейтінінен  емес,  білетінін 
қолданудан басталады, соған негізделеді, сөйтіп табысқа сүйену әдісі арқылы 
өзіне-өзі  сенімділік,  оқуға  деген  оң  мотив  қалыптасады,  баланы  өзін-өзі 
танытуға  бағыттайды.  Мектепке  дейінгі  ұйымда  сабақтың  топтың  формасы 

 
38 
қолданылмайды,  әр  баламен  жұмыс  жеке  ұйымдастырылады.  Осыған  орай 
негізгі  әдіс-ойын  болып  табылады.  Баланың  ақыл-ой  дамуы  ойын  әрекеті 
барысында жүзеге асады. 
    Ағылшын  ғалымдары  баланың  тілін  дамытудың  үш  сәтін  ұйымдастыруға 
ерекше  мән  береді:  ойын  айта  білуге,  тыңдауға  және  түсінуге  икемділік. 
Бұған  барлық  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  күш  салынады.  Ағылшынның 
мектепке 
дейінгі 
педагогикасында 
эстетикалық 
тәрбие 
баланың 
шығармашылық  бастауларын  жүзеге  асыру  жолы  деп  қаралады.  Бұл  түптеп 
келгенде,  өзіне-өзі  сенімділікке,  өз  қадір-қасиетін  сезіп  білуге,  өзін-өзі 
бақылауға,  өзін  және  айналаны  құрметтеуге  жеткізеді  деп  есептеледі. 
Эстетикалық  және  адамгершілік  тәрбиесін  осы  мақсатта  біртұтас  жүргізуге 
тырысады.  Дене  тәрбиесіне  алдыңғы  орында  мән  беріледі.  Дене  қуатының, 
организмнің толық сапалы дамуы, оны нығайту, салауатты әдеттерді, мәдени  
-  гигиеналық  дағдыларды  қалыптастыру  міндеттерін  жүзеге  асыру  жолға 
қойылған.  Ағылшын  педагогтары  баланың  сөзбен  айта  алмаған  сезімдерін 
сурет салу арқылы жеткізуге үйрету керек деп санайды. Мүсіндеуде көбінесе 
қамырды  қолданады.  Адамгершілік  тәрбиесі  жалпы  адамгершілік 
құндылықтарымен  бірге  экологиялық,  дін  және  жыныстық  тәрбие 
элементтерін сіңіруді қарастырады. Мұнда қоршаған орта, радио, теледидар, 
көркем әдебиет, көркемөнер, музыка кең қолданылады. 
    Балаларды  тәрбиелеуде  фин  қоғамының  тәжірибесі  мен  дәстүрлері 
жеткілікті  дәрежеде  әмбебап  және  бірыңғай  бағдарлама  жоқ.  Тәрбиешілер 
мен 
олардың 
көмекшілері 
өздерінің 
күнделікті 
жұмыстарында 
әріптестерімен  бірге  құрған  жоспарды,  балаларға  деген  кәсіби  қарым-
қатынасты  және    кез-келген  құралдарды  басшылыққа  алады.  Баланы  жан-
жақты  дамыту  мен  оқыту  үшін  жағымды  орта  құруға  басты  көңіл  бөлінеді, 
осы  даму  үшін  ойынның  бірегей  мазмұны  мойындалады.  Жалпы  дамудан 
басқа алты жасар балалар топтарда жұмыс істеп үйренулері, мектепте оқуға 
қажетті  дағдыларды  меңгеруі  керек.  Мектепке  дейінгі  тәрбиелеудің  финдік 
жүйесі  үшін  баланың  үнемі  жағымды  адамдық  өзара  қарым-қатынас 
атмосферасында  болуы,  оның  дамуына  ықпал  ететін  түрлі  әрекетке  кірісе 
алуы  өте  маңызды.  Жасына,  дара  қажеттіліктеріне  сай  және  жалпы  мәдени  
талаптар  мен  дәстүрлерді  ескере  отырып  баланың  дене,  әлеуметтік, 
эмоционалдық,  эстетикалық,  интеллектуалдық  пен  діни  тұлға  ретінде 
қалыптасуы да маңызды. Фин педагогтері балабақшада баланың өз бетінше, 
дербес  әрекет  еуіне  баса  назар  аударып,  жауапты,  өздігінен  ойлай  алатын 
тұлға етіп тәрбиелеуі, қоғам өміріне белсенді қатысуға дайындауға тиіс деп 
есептейді. Балалардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы ретінде ұжымда өз 
орнын  таба  білуі,  жанына  жақын  іс  пен  ойнайтын  серіктестерді  таба  білуі, 
белгілі бір міндеттерді орындай алуы, өз тілектерін саналы түрде түсінуі мен 
оны  басқаларға  зиян  келмейтіндей  қанағаттандыра  алуы  түсініледі.  Бала  өз 
мінез-құлқын байқай алуға, өз қылығына жауап бере алуға, сынай алуға және 
сынды  көтере  алуға,  жанжалды  шеше  алуға  үйренуі  тиіс.  Мектеп  жасына 
дейінгі  балалардың  өзіндік  барабарлық  пен  өзіндік  даму  үрдісіне  маңызды 
рөл бөлінеді. 

 
39 
    Финляндияның  балалар  бақшасы  әдетте  толық  күн  жұмыс  істейді,  бір 
топта  балалардың  жасына  байланысты  12-ден  21  жасқа  дейін  балалар 
тәрбиеленеді (3 жастан кіші бала ерекше көңіл аударуды талап ететіндіктен 2 
орын  алатындай  есептеледі).  Әр  топта  кем  дегенде  бір  тәрбиеші  мен  екі 
көмекші  болуы  керек.  Егер  балалар  төрт  жастан  үлкен  болса,  екі  тәрбиеші 
мен  бір  көмекші  болғаны  жөн.  Тәрбиешінің  жұмыс  күні  жеті  сағатқа,  ал 
тәрбиешінің  жұмыс  күні  сегіз  сағатқа  тең.  Жұмыс  апта,  ай,  жарты  жыл 
немесе  тіпті  жыл  көлемінде  әрекеттің  барлық  түрлерінде  жүретін 
тақырыптар  бойынша  ұйымдастырылған  (мысалы,  «Су»,  «Жануарлар», 
«Қала», «Түн», «Театр»). Прогрессивті формаларға жатады: 
- жыл көлемінде балалардың аз тобы мен тәрбиешілердің қандай да бір жоба 
бойынша бірлескен жұмысы (мысалы, ағаштың, тастың өмірі, фотографияға 
түсіру, балалар бақшасының журналын шығару); 
-  балалар  бақшасының  ғимараттарын  белгілі  бір  әрекет  түріне  бекіту  және 
бір ғимараттан екіншісіне көшу; 
-  тәрбиешілер  білім  мазмұнын  тақырыптық  топтарға  бөлу  («Театр», 
«Музыка»,  «Өнер»)  және  әрекеттің  жеке  түрлері  бойынша  белгілі  бір 
бағдарламалар құру;  
-  денені  шынықтыруға  байланысты  ірі  жобалар  бойынша  балалар  және  ата-
аналармен бірлесе жұмыс жасау;  
-  топтық  ғимарат  ішінде  әрекеттің  белгілі  бір  түрлерімен  айналысу  үшін 
аймақтар мен бұрыштар құру; 
-  белгілі  бір  жоба  бойынша  бүкіл  балабақша  мамандары  ғалымдармен 
бірлесіп жұмыс істеу:  
    Мектепке 
дейінгі  білім  берудің  финдік  жүйесінің  мақтанышы 
педагогикалық  әрекеттері  кәсіби  қабылданған  дағдыларға,  яғни  нақты 
білімге,  жұмыстың  озық  әдістеріне,  балаларға,  әріптестеріне,  ата-аналарға 
қатысты  белгілі  бір  ұстанымға  негізделген  жоғары  білімді  білікті 
тәрбиешілер болып табылады. Финляндиядағы мектепке дейінгі мекемелерге 
3  жасқа  дейінгі  балалардың  30%  және  3  жастан  бастап  мектепке  баратын 
жасқа  дейінгі  балалардың  60%  барады.  Барлық  алтыжасар  балалар 
бақшасының  даярлық  тобында  немесе  мектептің даярлық  сыныбына  баруға 
құқылы  екендігі  туралы  заң  қабылданды.  Әлеуметтанушылардың 
мәліметтері  бойынша  финдік  отбасылардың  көпшілігі  мектепке  дейінгі 
мекемелерге риза. Оларды тәрбиешілердің тұлғасы, мінездері және олардың 
әрекет мазмұны, балалар ойынының саны мен сапасы қанағаттандырады.  
    Германияда  мектепке  дейінгі  тәрбие  4-5  жастағы  балаларды  қамтиды.  Ол 
көбіне тұрмысы төмен отбасыларға жеңілдік жасау жүйесі тұрғысында төлем 
ақысыз  балаларды  қабылдауға  арналған.  Германияда  мектепке  дейінгі 
ұйымдар  үшін  бірыңғай  ұлттық  бағдарлама  жоқ.  Әр  балабақша  өз 
бағдарламасын  жасайды.  Алайда  балабақша  тәрбиешілерінің  дайындық 
деңгейлеріне  ерекше  көңіл  бөлініп,  аса  жоғары  талаптар  қойылады. 
Тәрбиешіге  оның  қандай  деңгейдегі  маман  болуына  қарамастан,  керекті 
сапалар  айқындалған.  Олар;  шығармашылық  өнерінің  болуы  (ағаштан, 
қағаздан,  темірден,  балшықтан  т.б.түрлі  қызықты  жұмыстар  жасай  білу 

 
40 
міндетті),  отбасылармен,  әртүрлі  орталықтармен,  балалармен  әлеуметтік 
жұмыс  жүргізу  дағдыларын  меңгеруі,  дұрыс  тәрбиелеу  жөнінде  белгілі 
әдебиеттерді білу. Өз бетінше бағдарлама жасай алу, эмпатияға қабілеттілік 
(жанашырлық сезіміне), пікірталастарда даудан қайтпау, оларды шеше білу, 
икемнің  болуы  т.б.  Оқу-тәрбиеде  күштеу  қолданылмайды.  Ол  балалардың 
шығармашылығын қолдай отырып, ойнауға, өзара қарым-қатынасқа көбірек 
көңіл  бөледі.  Германиядағы  оқу-тәрбие  мәселесінде  Вальдорф  мектебін 
айтпай 
кету 
мүмкін 
емес. 
Вальдорф 
педагогикасының 
негізін 
антропософияны  ойлап  тапқан  неміс  философы  және  педагогы  Рудольф 
Штайнер (1861-1925) қалаған болатын. Ол өзінің тәрбие тұжырымдамасында 
«Халық  педагогикасының  курсы»  туралы  болашақ  мектеп  адамның  терең 
таным  түсінігін  және  адамды  қалыптастыруға  бағытталуы  тиіс  деп  атап 
көрсеткен. Адамның дамуы мен білім алуы антропософиялық баяндалуында 
оның  тән,  жан  және  рухани  салаларының  сыртқы  ортаның  баламалы 
салаларымен тұтас әрекеттестік ретінде қарастырылады.  
    Вольдорф  педагогикасы.  Р.Штайнер  өзінің  мектебіне    антропософияны 
енгізді.  Ол  адамның  танымға  деген  қабілетін  дамыту  арқылы  адамды 
жетілдіруге  болады  дейтін  философиялық  ілім.  Антропософияда  идеолизм 
мен  хрестиандықтың  элементтері  бар.  Вольдорф  педагогикасындағы  бала-
мәні бар рухани нәрсе. Бұл вольдорф педагогикасы «еркін тәрбиелеу», ізгілік 
педагогикасы  идеяларын  ұстанады.  Вольдорф  педагогикасының  негізгі 
ережелері: 
- еркін тәрбиелеу мен оқыту, еркіндік-тәрбиенің құралы болу; 
-  табиғаттың  басымдылығы  яғни  адамның  мінез-құлқының  жаратылысына 
байланыстылығы; 
- тәрбие мен оқу балаға бейімделеді; 
- бала өзі оқу процесінде адамзаттың даму тарихын жүріп өтеді; 
- оқыту мен тәрбие бір-бірінен бөлінбейді; 
- денсаулық экология, денсаулықты пір тұтуы; 
- шығармашылықты, шығармашыл тұлғаны пір тұтуы; 
- өнер арқылы жеке тұлғаны дамытуы; 
- педагог пен оқушылардың біртұтас өмірі. 
   Вольдорфтық педагогиканың ерекшелігі, ең бастысы баланың денсаулығына, 
мұғалім- ата-ана көңіл бөлу, өзіндік басқаруына көңіл бөледі. 
-  білім  беру  интеллектуалды,  эстетикалық  еңбек  аспектілерінің  үйлесуіне 
негізделеді; 
- қосымша ағарту ісі кеңінен жүргізіледі (театр, музей); 
- міндетті түрде өнердің оқытылуы маңызды орын алады; 
- оқу жоспарында еңбек тәрбиесіне үлкен орын берді. 
    Ресейде қазір де «Мәскеу еркін Вольдорф» мектебі бар, онда директор, оқу 
ісінің меңгерушісі, т.б. басқа мектептегідей әкімшілік жоқ. Жұмысты балалар, 
ата-аналар, мұғалімдерден сайланған комиссия басқарады. Жұмыс сыныптан 
тыс,  сыныптағы  деп  бөлінбейді.  Негізгі  сабақтан  соң  бірінші  сыныптан 
бастап  көркем  өнер,  музыка,  тіл,  қол  өнер  және  вольдорф  мектебіне  тән 
пәндер:  формаларды  бейнелеу,  графика,  күрделі  оюды  салу,  өрнек  салу 

 
41 
жүргізіледі.  Программасында  ауыл  шаруашылығы  циклы,  ағаш  үй  салу, 
жоғарғы  сыныптарда  темірмен  жұмыс  жасау  бар.  Барлық  балалар  ісі    және 
кесте  тігуді  үйретеді.  Бұл  педагогиканың  негізінде  И.Гете  түрлену 
(метаморфоза)  ойлары  жатыр.  Мысалы,  тұқымға  өсімдіктің  барлық  өмірі 
жинақталған.  Тұқым  жерге  егілсе,  уақыт  өте  келе  оның  алғашқы 
жапырақтары  қылаң  ата  бастайды.  Одан  кейін  өсімдік  бұтақтары  бой  алып, 
жаңа  тұқымда  тұрақталып  болғанша,  жапырағы  жайыла  береді.  Тәрбиеші 
мен  мұғалімнің  міндеті–баланың  бойындағы  осы  түрленулерді  бақылап, 
олардың  жүруіне  қолайлы  жағдайлар  жасау  болып  табылады.  Вальдорфтық 
педагогтар адамның бойындағы жасырын табиғи нышандарын «ояту өнерін» 
өздерінің міндеті санайды. Вальдорфтық педагогика адам еркіне тікелей әсер 
етуге тыйым салады; адамның еркі дұрыс ойластырылған қосалқы әсерлердің 
нәтижесінде  ғана  дұрыс  жетіледі.  Оны  жүзеге  асырудағы  жалпы  ұстаным–
адамға әуелі көркем, сезім және рухани түрде әсер ету, содан кейін ғана–ой-
өрістік (зияткерлік) әсер ету болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет