Сурет Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартудың құрлымдық-мазмұндық үлгісі
Нәтижесінде: Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту негізінде іріктелген қарапайым ғылыми
білім, білік, іскерлік, дағдылар жүйесі жасалып, сол арқылы баланың танымдық қызығушылығын, ақыл-
ойын, жеке басының жан–жақты
дамуын қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
125
2.3. Қазақстан республикасының «Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
сипаттамасы
Қазақстан Республикасында үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң мектепке дейiнгi
бiлiм беру сатысында баланың жас шамасын және өзiндiк ерекшелiктерiн
ескере отырып, оның жеке адам ретiнде қалыптасуы мен дамуына жағдай
жасауға бағыт беретiн мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мiндеттi
мемлекеттiк стандартының жобасы 1998 жылы жасалды. Дер кезінде берілген
мектепке дейінгі білім әрбір бала үшін қандай маңызды болса, елдің өркендеуі
үшін де сондай құнды. Мектепке дейінгі балаларды дамыту мәселесін ұлттық
дамудың стратегиясы тығыз байланыста және мемлекеттік саясаттың ажырамас
бөлігі болып табылатынын ескерсек, қолданыстағы мектепке дейінгі білім
берудің мемлекеттік стандартын жаңарту қажеттігі туындайды.
Қазiргi уақытта бiлiм мазмұнын өзгермелi әлеуметтiк жағдайларға
сәйкестендiруге байланысты бiлiм беру сапасын көтеру мақсатында оны
жетiлдiру жұмысы жүргiзiлуде. Стандартты қайта өңдеп, жетiлдiрудiң
қажеттiлiгiнiң басты ғылыми әлеуметтiк негiздемесi - демократияландыру,
iзгiлендiру және интеграциялау негiзiнде Қазақстандағы үздiксiз бiлiм беру
деңгейiн әлемдiк деңгейге неғұрлым жақындату болып табылады.
Бұл стандарт жобасы баланың мектепке дейiнгi тәрбиесi мен бiлiм алуының
жалпы мазмұнын айқындап, меншіктiк жағынан, типтiк жағынан әр түрлi
мектепке дейiнгi ұйымдарда берiлетiн бiрыңғай мiндеттi бiлiм деңгейiн,
көлемiн, балаға қойылатын талаптарды бiр жүйеге келтiрiп, олардың
стандарттық мiндттiлiгiн заңдастыруда оң қадам болып табылды. Ол
республикада мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының жұмыстарына, жаңашыл
iзденiстерге белсендi қозғау сала алды, оларға әлеумттiк-педагогикалық
негiздеме бола алды. Дей тұрғанмен, онда төмендегiдей принциптi
талаптардың шешiмi толық қамтамасыз етiлмедi:
1. Білiм мазмұнының шектеусiздiгi оқу жүктемесiнiң ауырлауын туындатты.
Оның бiрiншiден, баланың денсаулығына керi факторлардың пайда болу көзi
болса, екiншiден, баланың мектепке дайындығында олардың ынтасын кемiтуге
әкелдi. Өйткенi, мектептегi оқуға дайындықтың тұлғалық негiздерiн
қалыптастырудан бiлiм жиынтығына ұмтылу басым болды.
2. Мектепке дейiнгi бiлiм мазмұнын сұрыптауда болашақ оқу пәндерi
логикасына бой ұру байқалды.
3. Бiлiм мазмұнында балалардың дене және әлеуметтік-тұлғалық дамуын
интеллектуалдық ақыл-ой дамуын ығыстырды.
4. Бiлiм беру үрдiсiнде мектепалды дайындык топтарында мектеп сабағы
типiн қолданудан сақтану нақтыланбады және арнайы ұйымдастырылатын
сабақтарды нормалау жүйесі қатаң айқындалмады.
Мұндай оқу үдерiсiндегi гигиеналық негiздердi қамтамасыз ете алмаушылық
ғылыми-зеттеу жұмысының проблемасы деңгейiнде қайта қаралып, стандартты
өңдеу, жетiлдiру өзектiлiгiн тудырды. Оны шешудiң жолдары ретiнде жаңа
126
ғылыми зерттеулерде бала әрекетiнiң сан түрлерiн икемдi кiрiктiрiлген
интеграциялық сабақтарға баса мән беру көзделдi.
5. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекттiк стандартын жүзеге асыру
тетiктерiн көрсету әлсiз болды.
6. Білім мазмұнының міндетті және мүмкіндікті деңгейлерде ұсынылмауы
шашырандылық пен тиянақсыздық тудырды. Білім берудің педагогикалық-
психологиялық шарттары болып табылатын негізгі компонент толық және
өзара үйлесімді қамтылмады: білім бағдарламаларына қойылатын талаптар;
педагог пен баланың жеке тұлғаға бағытталған өзара қарым-қатынас
әрекеттеріне қойылатын талаптар; баланың даму ортасына қойылатын талаптар.
Сондай-ақ, мектепке дейiнгi бiлiмнiң бастауыш мектеп бiлiмiмен сабақтастық
шектерiнiң принциптерi көрiнiс таппады.
7. Аталған стандартты дайындауда мектеп жасына дейiнгi баланың жас және
психо-физиологиялық ерекшелiктерiн жан-жақты қарастыратын ғылыми ой-
тәжiрибеге негiзделудiң жетiмсiздiгi айқын байқалды.
Заманауи ғылыми педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасай
келе білім мазмұнының теориясы мен педагогикалық әдіснамасының өзара
байланысын қарастыра отырып төмендегідей екі қағиданы ұстанатындығы
анықталды: 1. Пәндік принцип. 2. Білім мазмұнын реттеу принципі.
Бірінші принцип бойынша (И.Я.Лернер т.б) білім мазмұнының төрт
компонентін
ұсынады:
іскерлік,
дағды
қалыптастыру
тәжірибесі,
шығармашылық, ізденіс тәжірибесі, көңіл күй мотиві және тәрбие беру
тәжірибесі.
Екінші принцип бойынша (В.С.Леднев) білім мазмұнының алты компонентін
ұсынады:
ақыл-ой,
адамгершілік,
коммуникативтік,
эстетикалық,
денетәрбиесі және еңбек тәрбиесі. Бұл идеяның тұжырымы: жалпы білім
беру мазмұнының құрылымы жеке тұлғаға бағытталғандығы мен ғылыми
білім беру болып табылады. Ол ғылыми негізге сүйене отырып, білім беруді
стандарттауды қоғамдық идеалды (мұрат) көрсететін және нақты бір
тұлғаның білім беру жүйесінде осы идеалға жету мүмкіндіктерін ескеретін,
білімділіктің мемлекеттік мөлшері ретінде қолданылатын негізгі параметрлер
жүйесі деп түсіндіреді. Қазіргі таңда білім мазмұнын іріктеудің ұстанымдары
және өлшемдері мен қатар бұл мазмұнды анықтауда мемлекеттік білім
стандарты сенімді бағдар болып табылады.
90 жылдардың басынада Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу
институтында өткізілген семинарда орта мектептерде білім мазмұнын
кіріктірудің (интеграциялаудың) теориясы мен әдістемесіне жан-жақты
талдау жасалды. Мұнда отандық ғалымдар: Ж.А.Қараев, К.Ж.Жүнісова,
И.В.Баранова, А.Б.Маженова, А.А.Бейсембаева т.б.
Бұл зерттеулер, оқу пәндерін кіріктірудің дидактикалық шарттары
анықталды: оқытудың мақсаты мен міндеттері; оқытудың жалпы
дидактикалық приниптері мен әдіс-тәсілдері; білім мазмұнын меңгертудің
нысаны; ұғымдар мен терминдерді тиімді пайдалану; ғылыми білім беруде
ақпараттарды логикалық үйлесімділікпен қамтамасыз ету мәселесі
қарастырылады.
127
Туғаннан мектепке барғанға дейiнгi аралық - баланың психикалық және
физиологиялық дамуының ең қарқынды жүретiн әрi адамның бүкiл өмiрiне
қажеттi қасиеттер мен сапалардың қалыптасатын кезеңi. Бұл мектеп жасына
дейiнгi балалардың даму, қалыптасу заңдылықтары мен ерекшелiктерiн жан-
жақты
зеттеген
әйгілі
психолог,
физиолог,
педагог
ғалымдардың
(Л.СВыготский, А.В.Запорожец, В.В.Давыдов, Н.М.Поддьяков, В.А.Сохин,
Д.Н.Узнадзе, Е.А.Флерина, Н.А.Ветлугина жене тб.) еңбектерiнде ғылыми
негiзде дәйектелген. Бұл ғалымдар мектепке дейiнгi жас кезеңіндегi
балалардың өмiрдi танып бiлуге құштарлығы басым, өзіндік қарапайым
әлеуеттік мүмкiндiктерi жеткiлiктi екенiн делелдейдi. Осы орайда,
лабораторияда мұндай озық идеялар негiзiнде мектеп жасына дейiнгi балалар
бiлуге тиiстi қарапайым бiлiм негiздерiн меңгертiп, олардың ой-өрiсiн, бiлiм-
дағды деңгейiн кеңейту, сана-сезiм, таным, қабылдау әрекетiн дамыту, бiлiмге
қызығушылыққа баулып, баланың өз бетiмен еңбектену белсендiлiгiн
қалыптастыру арқылы мектепке даярлауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi
тербие мен оқытудың мемлекеттiк стандартының жобасы өңделіп, қайта
басылымнан жарияланды. Осыған байланысты алдымен мектепке дейiнгi
тербие мен оқытудың мемлекттiк стандарты ұғымының ғылыми сипаттамасы
түзiлдi.
«Стандарт» ұғымы латын сөзінен аударғанда (standard) «үлгі» (обаразец),
«норма» (өлшем) деген мағынан береді. Білім стандарты мемлекеттік білім
нормаларының сапасын, қоғамдық иедеалдар көрнісі және оған жетудегі
жеке тұлғаның мүмкіндіктерін айқындайтын негізгі параметрлер жүйесі деп
түсіндіріледі.
«Білім беру стандарты», «образовательный стандарт» ұғымы халықаралық
мәртебеге ие болған, себебі ол әлемдік білім кеңістігінде жиі қолданылады.
Кейбір елдерде ол басқаша аталуы кездеседі. Атап айтқанда: Ұлыбританияда
«ұлттық оқу жоспары» деп аталады.
Бiлім беру стандарты-деп ғылыми тұрғыдан алғанда, мемлекеттiк бiлiм
нормасы ретiнде қабылданатын, жеке тұлғаның мүмкiндiктерiн қоғамдық
мүддеге сай танытатын негiзгi параметрлер жүйесiн айтады.
“Стандарт терминiн бiлiм жүйесiнде тұңғыш рет америкалық математик
мұғалiмдердiң ұттық кеңесiнiң ұсынуымен 80-жылдардың ортасында
қолданыла бастаған. 80-жылдардың соңында АҚШ-та, Ұлыбританияда,
Нидерландияда алғашқы бiлiм стандараттары жасалды.
ТМД елдерiнде бiлiм стандарттары туралы әңгiме 90-жылдардың басында
қозғалды. Ресейде бiлiм стандаттарын жасау 1992 жылдары В.С.Ледневтiң
ғылыми жетекшiлiгiмен қолға алынды. Бұл стандарттардың негiзiн жасауда
М.Н.Скаткин, С.Г.Шаповаленко, А.М.Арсеньев, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов,
В.В.Краевский, В.Г.Онушкин сияқты белгiлi ғалымдардың ғылыми-теориялық
тұжырымдары тiрек етiлдi. Жалпы алғанда, әлемдiк тежiрибеде бiлiм стандарты:
- бiлiм берудiң мақсатын;
- оқытудың мазмұнын;
- түлектерге қойылатын негiзгi талаптарды (критерийлердi) қамтиды және
анықтайды.
128
Стандарт үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта
жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта бала меңгеруге тиісті білім,
іскерлік дағдылардың көлемі, баланың дайындығына қойылатын талаптар
белгіленген. Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі
қызметі – басқару. Ол «Білім туралы» Заңға сәйкес жасалады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру
стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. 2001 оқу жылынан бастап
тәжірибеге енгізіле бастады. Аталған стандартқа сәйкес мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға арналған бағдарламалар, оқу–әдістемелік кешендері
жарық көрді. Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартында білім
мазмұнын анықтайтын пәндер базистік оқу жоспарында белгіленді. Базистік
оқу жоспарларының салыстырмалы көрсеткіштерінен білім мазмұнын беруде
сағат сандарындағы өзгерістер мен білім мазмұнын тақырыптық принципте
жинақтап ұсынылуы жағынан өзгерістер енгізілген. Бұл мәселені зерттеудің
эксперимент жұмыстарының нәтижесін айқындауда нақтырақ аша түсетін
боламыз.
Оқу жоспары әрқайсысын оқытуға жіберілетін уақыты белгіленген оқу
пәндерінің жиынтығы, бір жағынан оқу жоспары білім мазмұнына сай, білім
беру ұйымдарына бағдар болатын, білім мазмұнындағы артықшылықтарды
бекітеді, екіншіден, олардың жүзеге асуына ықпал жасайды. Қазіргі жалпы
білім беретін мектепке дейінге ұйымдардың тәжірибесінде қолданылып
отырған базистік оқу жоспарының салыстырмалы нұсқасын ұсынамыз.
Кесте -5 - Базистік оқу жоспары
ҚР МЖМБС 1.001-2001
Балалардың оқу қызметінің түрлері
Ересектер тобы
Апталық оқу
жүктемесі
(сабақтар)
Инварианттық бөлім
Айналадағы әлеммен танысу, экология
1,0
Тіл дамыту
2,0
Қазақ тілі
2,0
Балалар көркем әдебиетімен танысу
1,0
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
1,0
Бейнелеу өнері: сурет
Мүсіндеу
Жапсыру
Көркем құрастыру
1,0
1,0
0,5
0,5
Музыка
2
Дене тәрбиесі
2
Қол еңбегі
0,5
жиыны
14,5
Вариативтік бөлік
Ана тілі, орыс тілі, шетел тілі, балалар мүдделері мен
1,5
129
таңдауы бойынша сабақтар (қазақ тілінде тәрбиеленетін
және оқытатын топтарына вариативтік бөлім 2 сағатқа
көбейтіліп, 3,5сағат болды)
жиыны
16,0
Барынша шектеулі апталық оқу жүктемесі
16,0
Сабақтардың ұзақтығы
20-25 мин
ҚР МЖМБС 1.001-2001
Балалардың оқу қызметінің түрлері
Дайындық тобы
Апталық оқу
жүктемесі
(сабақтар)
Инварианттық бөлім
Айналадағы әлеммен танысу, экология
1,5
Тіл дамыту
1,0
Қазақ тілі
3,0
Сауат ашу және жазуға үйретуге дайындық
1,5
Балалар көркем әдебиетімен танысу
1,0
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
1,5
Бейнелеу өнері: сурет
Мүсіндеу
Жапсыру
Көркем құрастыру
2,0
1,0
1,0
0,5
Музыка
2
Дене тәрбиесі
3
Валеология негіздері
1,0
Қол еңбегі
0,5
жиыны
20,5
Вариативтік бөлік
Ана тілі, орыс тілі, шетел тілі, балалар мүдделері мен
таңдауы бойынша сабақтар (қазақ тілінде
тәрбиеленетін және оқытатын топтарына вариативтік
бөлім 3 сағатқа көбейтіліп, 5сағат болды)
1,5
жиыны
22,0
Барынша шектеулі апталық оқу жүктемесі
22,0
Сабақтардың ұзақтығы
25-30 мин
2001 жылы жарияланған мемлекеттік стандартта балалардың оқу
қызметінің түрлері ересектер тобында Инварианттық бөлімде апталық
жүктеме 14,5 болса, вариаттивтік бөлікте 1,5, барынша шектеулі апталық оқу
жүктемесі 16,0 болды. Дайындық тобына Инварианттық бөлімде апталық
жүктеме 20,5 болса, вариаттивтік бөлікте 1,5, барынша шектеулі апталық оқу
жүктемесі 22,5 болды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу
жоспарында ҚР МЖМБС 1.001-2009 жылдағы өзеріс мектеп жасына дейінгі
балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі – 15 сағатқа
130
жоспарланып екі топтада сағат сандары қысқартылған. Білім мазмұны:
«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»
тақырыптарына топтастырылып ұсынылған.
Кесте – 6 - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының
базалық оқу жоспары
ҚР МЖМБС 1.001-2009
Білім беру
саласы
1
жаста
н
бастап
2
жасқа
дейінг
і ерте
жас
тобы
2
жаста
н
бастап
3
жасқа
дейінг
і 1
кіші
топ
3
Жаста
н
бастап
4
жасқа
дейінгі
2 кіші
топ
4
жастан
бастап
5 жасқа
дейінгі
ортаңғ
ы
топ
5 жастан
бастап
6 жасқа
дейінгі
ересекте
р тобы
5 жастан
бастап
6 жасқа
дейінгі
мектепалд
ы даярлық
тобы
«Денсаулық»
2
2
2
2
3
3
«Қатынас»
1
1
2
2
3
3
«Таным»
1
2
2
3
3
3
«Шығармашылық
»
3
4
4
4
5
5
«Әлеуметтік
орта»
-
-
1
1
1
1
Ұйымдастырылға
н оқу іс әрекетінің
ұзақтығы
7-10
мин
10-15
мин
15-20
мин
20-25
мин
25-30
мин
25-30
мин
Мектеп жасына
дейінгі
балалардың
ұйымдастырылған
оқу іс әрекетінің
жалпы көлемі
7
9
11
12
15
15
Мемлекеттік стандарттардың тұжырымдамалық негіздеріне ҚР мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту негізгі Ережелері, ҚР жалпы білім беруді дамыту
тұжырымдамасы, жалпы орта білім беру мазмұнының тұжырымдамасы
басшылыққа алынды. Нормативтік құжаттарда: мемлекеттік базистік оқу
жоспары, базалық білім беру аймағы, әдістемелік қамтамасыз етілуі:
бағдарламалары («Балбөбек», «Тәй-тәй», «Жеке тұлға», «Қарлығаш», «Қайнар»
т.б) оқу әдістемелік құралдар, мектепалды тобына арналған оқу-әдістемелік
кешендері (83 аталымда қазақ, орыс тілдерінде) дайындалды.
131
Мемлекеттік білім беру стандарты білім мазмұнын қалыптастыруды келесі
құжаттар арқылы іске асырады: оқу жоспары, оқу бағдарламасы және оқу-
әдістемелік құралдары мен кешендері. Оқу жоспары теориялық түсіну
деңгейінде; оқу бағдарламасы оқу пәнінің деңгейіне; оқу -әдістемелік құралдар
деңгейіне сәйкес болады. Осы нормативтік құжаттарды білім мазмұнын
жобалау тәртібімен қарастырамыз. Бұл құжаттар, әсіресе, бағдарламалар мен
оларға қатысты оқу-әдістемелік кешендер стандартқа біржақты тәуелді болмауы
тиіс. Олар нақты аймақтық жағдайларға байланысты, әрбір педагогтың
шығармашылығына қарай, мәдениет, жеке тұлғалық бағдар мақсатында
қолданылуы үшін қарастырылуы қажет.
Стандарттаудың негізгі обьектісі білім берудегі оның құрылымы, мазмұны, оқу
жүктемесінің мөлшері және балалардың мектепке дайындық деңгейі болып
табылады. Стандарттағы белгіленген өлшемдер мен талаптар білім сапасын
бағалаудағы эталон ретінде қабылданады.
Стандарттың негізгі құрамына кіретіндер: базистік (типтік) оқу жоспарлары,
инвариантты және вариативті білім мазмұнының сипаттамасы, оқушылардың
жалпы дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптар. Білім мазмұны оқу
жоспарлары мен оқу бағдарламаларында, оқулық пен оқу әдістемелік құралдарда
нақты көрсетіледі.
Мемлекеттік стандарт барлық білім беру үдерісіне қатысушыларға (балалар,
оқушылар, тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар, басқарушылар мен жұмыс
берушілер т.б) қызмет етеді және оны реттеудің құралы: білім беру үдерісі;
мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерінің өзін-өзі дамыту; білім беру
жүйесінің ұлттық деңгейін дамыту көзделген. Осыған орай, оның қызметі мен
базалық білім мазмұнының көлемі, балалардың білім мазмұнын меңгеру деңгейі
мен көлемі және оқу жүктемесі қамтылған. Бұл төмендегі Мемлекеттік жалпы
мектепке дейінгі білім беру стандарттарының салыстырмалы қызметі мен
құрылымында сипатталған.
Кесте -7 - ҚР Мемлекеттік жалпы мектепке дейінгі білім беру
стандарттарының салыстырмалы қызметі мен құрылымы
ҚРМЖМБС 1.001-2004 ҚРМЖМБС
1.001-2009
ГОСО2004
ГОСО 2009
1 Қолдану аймағы
Қолдану саласы
2 Кіріспе
Нормативтік сілтемелер
3 Негізгі ережелер
Терминдер мен анықтамалар
4 Нормативті сілтемелер
Жалпы ережелер
5 Анықтауыштар
Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың құрылымы
6 Белгілеулер мен қысқартулар
Жас кезеңдеріне бөлу
7 Жалпы ережелер
Бір жастан бастап алты жасқа дейінгі
132
балалардың оқу жүктемесінің
максималды көлемі
8 Мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа
дейінгі балалардың білім құрылымы
Бір жастан бастап алты жасқа дейінгі
балалардың дамуына қойылатын
жалпы талаптар
9 Мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа
дейінгі балалардың жас шамаларын
белгілеу
Білім беру саласы мазмұнының
базалық минимумы
10 Мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа
дейінгі балалардың біліктілік
стандарты
Бір жастан бастап алты жасқа дейінгі
балалардың дамуын бағалау жүйесі
және индикаторлар құрылымы
11 Мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа
дейінгі балалардың мазмұнының
стандарты
Педагогикалық процесті
ұйымдастыруға қойылатын жалпы
талаптар
12 Мектепке дейінгі 3 жастан 5
жастағы балалармен жұмыс істейтін
педагогтын стандарты
Пәндік дамытушы ортасын
ұйымдастыруға қойылатын жалпы
талаптар
13 Мектепке дейінгі 3 жастан 5
жастағы балалардың даму ортасының
стандарты
Ерте және мектепке дейінгі жастағы
балалармен жұмыс істейтін
педагогтарға қойылатын талаптар
14 Отбасы стандарты
Отбасылық тәрбиені ұйымдастыруға
қойылатын талаптар
15 Балалардың ерте жастағы білім
стандарттарының және 3 жастан 5
мектепке дейінгі жастағы балалардың
білім стандарттарының
салыстырмалы сипаттамасы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
ұйымдарының отбасымен
ынтымақтастығының негізгі
бағыттары
16
Қазақстан республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
стандартымен қамтамасыз ету
17
А қосымша (анықтамалық)
Библиография
Осыған орай стандарт негізіне кіретін кешендердің анықтамаларын
айқындап алуды жөн көрдік.
Оқу жоспары – білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесі мен
көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін
құжат; Оқу жоспарының базалық (инвариантты) компоненті – білім
мазмұнының міндетті білім салалары мен оқу пәндерінің тізімін анықтайтын
бөлігі.
Базистік (типтік) оқу жоспары –базистік оқу жоспары негізінде жалпы білім
беретін оқу орындарының бастауыш және негізгі сатыларындағы оқыту тілі мен
орта жалпы білім берудің жоғары сатысындағы оқытудың бағдарлау бағыты
133
ескеріліп жасалатын нормативтік құжат болып табылады. Білім мазмұнын
нақты ашып көрсететін құжат.
Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша оқытудың мазмұнын, оқушыларға
берілетін білім көлемін анықтайтын құжат. Оқу бағдарламасындапәнді оқыту
мақсаттары мен міндеттері, оқытуды ұйымдастырудың түрлерінің
ерекшеліктері мен әдістемесі т.с.с құрылады. Оқу бағдарламасындағы пәннің
негізгі мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында нақтыланады. Бағдарлама
әрбір оқу пәні бойынша меңгеруге тиісті білімнің, шеберлік пен
дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайды.
Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама – мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат.
Бағдарламалар типтік, авторлық және жұмыс бағдарламасы болып бөлінеді.
Типтік бағдарлама мемлекеттік стандарт негізінде анықталған пәндерге сәйкес
жасалады. Жұмыс бағдарламасы типтік бағдарлама негізінде жасалып,
педагогикалық кеңесте бекітіледі. Оларда мемлекеттік стандарт талаптары мен
нақты білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері ескеріле отырып жасалады.
Авторлық бағдарламалар жасауда мемлекеттік стандарт талаптарын ескере
отырып, автордың өзіндік көзқарасы мен материалдарды беруде өзіндік
логикалық үйлесімділік сақталуын қарастырады. Авторлық бағдарламалар
көбінесе таңдауы бойынша курстар мен вариативтік бөлік бойынша өткізілетін
сабақтарда пайдаланылады.
Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі білім беруді дамытудың көкейкесті
мәселелерінің бірі баланың мектепке дайындықпен келуін қамтамасыз ету
болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда мектепалды даярлық
тобындағы білім мазмұнын, ұйымдастыру формаларын бірізділікпен, жүйелі
құру көзделеді. Білім беру бағдарламалары мектепке дейінгі ұйымдарға
арналған. Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің күрт азаюына байланысты
балаларды балабақшаға қамту мүмкін болмады. Осыған орай, білім беру
ұйымдарының қысқа мерзімді вариативтік ұйымдар формалары пайда бола
бастады, бағдарламаларды осы бағыттарға пайдалану қажеттілігі туындады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың төмендегідей түрлері жұмыс жасайды:
– балалар күні бойына болатын балабақшалар;
– балалар қысқа мерзімде болатын балабақшалар;
– басқа білім беру ұйымдарының жанында болатын топтар (сыныптар);
– мәдени–білім беру немесе қосымша білім беретін орталықтардың жанында
ашылған топтар;
– ата – аналардың ерікті қоғамының қолдауымен құрылған топтар;
Қазiргi кезде мектепке дейiнгi бiлiм беру мазмұнын жаңарту бағдарын
айқындайтын негiзгi құжаттардың бiрi ретiнде Қазақстан Республикасы
мектепалды даярлық тұжырымдамасы және 1 жас пен 6 жас арасындағы
балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеудiң және оқытудың жалпы бiлiм
бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы, яғни мектепке дейiнгi тәрбие
мен оқытудың стандарты деп санауға болады. Осы құжаттарда мектепке дейiнгi
бiлiм берудiң барлық саласы қол жеткiзуге ұмтылуға тиiс нәтиже көрсетiлген.
Баланың мектепке дайындығы деңгейi қаншалықты жоғары болған сайын,
134
мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесi соншалықты нәтижелi бола түседi. Бүгiнгi
таңда мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесi баланың өзiндiк қажеттiлiктерi мен
қызығушылықтарын бағдарға алуды көздейдi. Балалар мен олардың ата-
аналарының қажеттiлiктерi негiзгi және қосымша бiлiм беру мазмұнын саралау,
ақылы қосымша бiлiм беру қызметiне кең мүмкiндiк туғызу, сондай-ақ жаңа
типтегi мектепке дейiнгi ұйымдарды құру және балалардың балабақшада
немесе мектепалды даярлық сыныптары мен топтарында икемдi режимi (қысқа
мерзiмдi) негiзiнде қамтамасыз етiлуде.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекттiк стандартының жобасын
жетiлдiру жұмыстарында төмендегідей мәселелер қарастырылды:
- балалар өмiрiн сақтау және денсаулығын нығайту, оларды салауатты өмiр
салтының құндылықтарына баулу;
- баланың жеке басын үйлесiмдi дамыту, жалпыадамзттық және ұттық
құндылықтарға баулу арқылы оның мүдделерiн қанағаттандыру мен
қабiлеттерiн дамыту;
- баланың қоғамдық-әлеуметтiк, табиғи ортада өмiр сүруi мен жемiстi
әрекеттенуiне мүмкіндiк беретiн жеке тұлғаның әлеумттiк рухани қасиеттерiн
қалыптастыру;
- баланың дамуындағы ауытқушылықтарға қажеттi түзетулердi жүзеге асыру;
- коммуниткативтiк, танымдык, ойындық және басқа да белсендiлiктердi
ынталандыру, бiлiм алудағы қажеттiлiктi қалыптастыру;
- педагог пен баланың өзара тұлға дамытушылық қарым-қатынастың негiздерiн
айқындау.
Ғылыми-зеттеу жұмыстарында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың
мемлекеттiк стандарты баланы жас және жеке ерекшелiгiне сай психологиялық,
физиологиялық жағынан мектепке дайындауға көмектесетiн және бастауыш
сыныпта қабылдауға дейiнгi дайындығын анықтауға қойылатын талаптарды
белгiлейтiн құжат болуы тиiс екендiгi ескерiлдi. Сөйтiп мектепке дейiнгi бiлiм
беру жүйесiндегi стандарттаудың негiзгi нысандары: оның құрылымы, мазмұны,
бiлiм беру жүктемесiнiң көлемi және балалардың мектепке дайындық
деңгейiнiң өлшемдері (критерийлерi) анықталды. Зерттеу барысында жалпы
бiлiм беру стандарттарын даярлауға қатысты ережелердiң негiзiнде мектепке
дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк стандартын жасауда және
жетiлдiруде басшылыққа алынатын басты талаптар белгiлендi. Яғни:
- бiлiм беру жүйесiнiң барлық сатыларына, оның iшiнде мектепке дейiнгi
тәрбиелеу мен бiлiм беру және бастауыш мектеп сатыларына арналған
стандарттарда өзара сабақтастық пен үндестiктiң сақталынуы тиiс;
- станадарттың құрылымы мен мазмұны мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен бiлiм
берудiң негiзгi мақсаттарына сай жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға
бағытталуы қажет;
- мектепке дейінгi тәрбиелеу мен оқытудың күтiлетiн нәтижесi, балада
қалыптастырылатын бiлiм, бiлiк, дағдылар көлемi белгiленедi;
135
- мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың мемлекттiк стандартын мектепке
дейiнгi ұйымдарда тәжiрибе жүзiнде тексеруден өткiзiлген нормалар ғана
енгiзiлуi тиiс.
Мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту стандартын жетiлдiрудегi маңызды
мәселенiң бiрi - мектепке дейiнгi бiлiм мазмұнының құрылымында
төмендегідей компоненттер (блоктар) қамтылды:
- ойын қызметi (желілі-рөлдiк шығармашылық ойындар және ережелi ойындар);
- дене шынықтыру (ойындар және дене тәрбиесi, валеология, экология
негiздерi);
- тiл дамыту (көркем әдебиет, сауат ашу мен жазу негiздерi, сөйлеудiң
дыбыстық мәдениетi, сөздiк қор мен байланыстырып сөйлеу);
- табиғи-ғылыми даму негiздерi (математика, музыкалык тәрбие, бейнелеу
өнерi, еңбек, құрастыру).
Бұл орайда ресейлiк ғалымдар Р.Стеркина мен Т.Н.Доронованың пiкiрлерi
негiзге алынды. Олар: мектепке дейiнгi бiлiм мазмұны төменгi компонентерден
тұруы тиiс деп есептейдi;
- ойын әрекетi арқылы дамыту;
- денсаулығын сақтау және дене сымбатын дамыту;
- тiлiн дамыту;
- бейнелеу өнерi арқылы дамыту;
- музыка арқылы дамыту;
- көркем өнерпаздық әрекет арқылы дамыту;
- құрастыру еңбегi арқылы дамыту;
- қарапайым математикалық ұғымдарын дамыту;
- жаратылыстану ғылымының негiздерiмен таныстыру;
- экологиялық мәдениетiн дамыту;
- адамның тарихтағы және мәдениеттегi орны туралы қарапайым түсiнiктерiн
дамыту.
Бала ойынының, тiлiнiң, ой-өрiсiнiң, дүниетанымының, санау, есептеу,
бейнелеу дағдыларының, эстетикалық талғамының қалыптасу заңдылықтарын
арнайы зерттеген шетелдiк психолог-педагог ғалымдардың (Л.С.Выготский,
Д.В.Эльконин, А.В.Запоржец, В.В.Давыдов, Н.М.Поддьяков, В.С.Мухина,
В.А.Сохин,
А.П.Усова,
М.А.Маркова,
А.М.Леушина,
Н.А.Ветлугина,
В.Т.Сакулина т.б.) ғылыми ой-пiкiрлерiн ескеру нәтижесiнде мектепке дейiнгi
тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттiк стандартындағы базалық бiлiм
мазмұнының құрылымы жетiлдiрiлдi. Осы жетiлдiрiлген нұсқада әрбiр пән
негiздерiнен берiлетiн бiлiм мазмұны толықтырылып, баланың мектепке
дайындығын анықтайтын талаптар жиынтығы нақтыланды.
Мектеп жасына дейiнгi балалардың әрбiр жас кезеңiндегi дамуына сәйкес
осындай психологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, баланы дамыту,
тәрбиелеу және бiлiм беру бағытында мектепке дейiнгi бiлiм берудiң базалық
мазмұны жасалды және соған сәйкес әрбiр жас топтарындағы балалардың
дайындығының мiндттi (минимум) деңгейiне қойылатын талаптар анықталды.
Мектеп жасына дейiнгi балаларға берiлетiн бiлiм мазмұны мен олардың бiлiм
деңгейiне қойылатын талаптар баланың жеке тұлғасын жан-жақты дамытатын,
136
ақыл-ойын, шығармашылығын кеңейтетiн мазмұнмен толықтырылып, олардың
мектепке дайындығының қажеттілiгiн арттыруды қамтамасыз ету көзделдi.
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Жалпы орта бiлiм
департаментi 2002 жылы 2-наурызда «1 жастан 5 жасқа дейiнгi балаларды
мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың жалпы бiлiм беру бағдарламасы
мазмұнының базалық минимумы» атты мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың
мемлекеттiк стандартын әзiрлеуге арналған конкурс жарияланып, оған стандарт
жобасының жетiлдiрiлген нұсқасы ұсынылды. Конкурс барысында iрiктелген
жобалардың бiрi ретiнде бұл нұсқа Алматы қаласында Республикалық бiлiм
беру жүйесiнiң басшы және педагог мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру
институтында өткiзiлген семинар-кеңесте талқыланып, толықтырылып, өңделiп
республика көлемiнде жаппай тәжірибеге енгізілді. Мектепке дейiнгi тәрбие
мен оқытудың мемлекеттiк стандартының жетiлдiрiлген нұсқасы мынадай
жаңашылдық сипаттарға ие болды:
1. Адам тұлғасының қалыптасуындағы мектепке дейiнгi балалық шақтың
мәндiлiгi мен жас ерекшелiк мүмкiндiктерi жаңа құндылықтар тұрғысынан
айқындалды, оны баланың жеке ерекшелiктерiмен үйлестiрiлу талаптары
белгiлендi.
2. Педагог пен баланың өзара қарым-қатынасында тең құқықтылық принципiн
сақтау, балалармен педагогикалық жұмысты тұлғалық-бағдарлы тұрғыда
ұйымдастыру негiз етiп алынды. Сөйтiп мұнда оқу-пәндiк модельден баланың
жеке тұлғасын қалыптастыруға бағдарланған ынтымақтастық модельге
басымдық берiлдi.
З. Стандарттағы бiлiм мазмұны баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға
психологиялық қолайлылық тудыратын сипатта анықталды.
4. Стандартта мектепке дейiнгi баланың тұлғалық мәдениетiнiң базисi ретiнде
бүкіл адамзттық құндылықтар алынды. Бүкiл адамзаттық құндылықтармен
баланы табыстыру тәрбие мәнiн қарайды, бұл құндылықтар өмiрге, ақиқатқа
бала қатынасын қалыптастыруға қызмет етедi.
5. Стандартта бiлiм, бiлiк, дағдыларға үйретуден, оларды меңгеру жолдары мен
мүмкiндiктерiне үйрету, сөйтiп өмiрде қолдана бiлуге баулу көзделдi.
6. Стандарттың бiлiм мазмұны мен балалар дайындығына қойылатын талаптар
олардың тұлғалық дамуын (өмірге әрекеттік-практикалық қатынасын
қалыптастыру, сезiм мәдениетiн дамыту, ерiк мәдениетi мен күш-жiгерiн
қалыптастыру) қамтамасыз етудi көздейдi. Нәтижесiнде бала қиындықтарды
жеңуге, өзiнiң жұмыс әрекетiн, мiнезiн бақылауға, нәтижелерiн бағалай бiлуге
үйренетiн болады.
7. Стандарттағы бiлiм мазмұны баланың меңгеретiн таным мәдениетi екi үлкен
әлеуметтiк институт балабақша мен отбасы арасындағы үйлесiмдiлiк пен
сабақтастыққа қолайлылық туғызуды көздейдi.
Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті елу елі қатарына ену стартегиясы
мен әлеуметтік-экономикалық жаңартудың жаңа кезеңі білім беру жүйесін одан
әрі дамыту қажеттігін анықтайды. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде өзгермелі өмірге
табысты бейімделуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға
137
жағдай жасайды. Алдыңғы қатарлы ғалымдардың көпжылдық зерттеулері адам
интеллектісінің, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуында мектепке
дейінгі жас кезеңінің маңызды болып табылатындығын дәлелдеп берді.
Мектепке дейінгі білім берудің мемлекттік стандарты балабақшадағы
балаларды тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне
қойылатын талаптар жүйесінен тұрады. Стандарт педагогикалық үдерісті
ұйымдастырудың ережелерін көрсетеді, оған қатысушылардың орны мен рөлін
анықтайды, мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы және қауымдастықпен
қатынастар жүйесін реттейді.
Мектепке дейінгі жастағыларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік
стандартын құру мен енгізудің объективтік қажеттілігі келесі факторлармен
анықталады:
- еліміздің білім беру ұйымдарының 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге
даярлығы;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын сақтау мен дамытудағы, балаларды
мектепке дейінгі біліммен барынша толық қамтудағы, балалары үй жағдайында
тәрбиеленіп жатқан отбасыларына көмек көрсетудегі қажеттілік;
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іріктеуде
бірізділікті талап ететін мектепке дейінгі білім беру формаларының
вариативтілігі;
- балалардың негізгі құзыреттіліктерін жас және жеке мүмкіндіктерін ескере
отырып қалыптастырудың қажеттілігі;
- баланы толыққанды тәрбиемен қамтамасыз ету үшін, ата-аналарды мектепке
дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерісіне тартудың жолдарын анықтау
және серіктестік механизмдерін іздестіруде мектепке дейінгі ұйым мен
отбасының өзара ықпалдастығын жетілдіру;
Аталған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мектепке дейінгі
ұйымдардағы, отбасындағы тәрбиелеу мен оқыту мазмұнына, туғаннан алты
жасқа дейінгі балалардың даму деңгейі мен олардың негізгі құзыреттіліктерді
игеруіне қойылатын талаптар мен нормалар жүйесін белгілейді. Олар:
білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типіне және түріне
қарамастан Қазақстан Республикасының барлық мектепке дейінгі ұйымдарында;
педагог кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеуді
жүзеге асыратын оқу орындарында;
мектепке дейінгі сала қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын әзірлеуде
және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда педагогикалық кадрлардың
біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары мен ғылыми-зерттеу
институттарында;
тәрбие мен оқыту сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда
білім беру саласының орталық және жергілікті атқару органдарында;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен
ұйымдары мектепке дейінгі ұйымдарды аттестаттаған және білім беру қызметін
лицензиялаған кезде пайдаланылады.
Мемлекеттік стандарт:
138
мектепке дейінгі білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты
қамтамасыз етуді қарастырады;
балалардың мектепке дейінгі сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз
етеді;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің мазмұнын білім берудің
барлық деңгейін жаңғыртумен сәйкестікте анықтайды;
білім бер салаларына құрылған және баланың әлеуеттік мүмкіндіктерін
негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы ашуға бағытталған мектепке
дейінгі туғаннан 6 жасқа дейінгі білім берудің базалық мазмұнын анықтайды;
туғаннан 6 жасқа дейінгі балалардың даму кезеңдерінің сензитивті өзара
байланысын қамтамасыз етеді;
педагогикалық үрдістің жаңашылдығымен, мектепке дейінгі жастағы
балалардың жеке дамуына бағытталған тәрбиелеу мен білім беру жұмысының
бағдарымен қамтамасыз етеді;
жас кезеңдер топтарының заттық-дамытушылық ортасының мазмұнын
мектепке дейінгі жастағыларды тәрбиелеу мен оқытудың негізгі шарты ретінде
анықтайды;
түрлі жастағы балалармен жұмыс істейтін педагогтарға қойылатын
талаптарды анықтайды;
отбасын баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін
қоғамның алғашқы әлеуметтік институты ретінде қарастырады.
Стандарттың талаптары:
білім беру бағдарламаларын жасауда;
меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан мектепке дейінгі
білім беру ұйымдарында тәрбиелеу-білім беру үдерісін ұйымдастыруда;
мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-дидактикалық құралдары
мен әдістемелік ұсынымдарды жасауда;
мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыруда;
мектепке дейінгі ұйымдар мен педагогтардың қызметін аттестаттау
мен лицензиялауда міндетті болып табылады.
Стандарт мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бағдарламаларының
келесі түрлерін: негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін,
баланы дамытудың бағыттарынан тұратын негізгі бөлігі (базалық, вариативтік);
- халықтың білім беру қызметіндегі негізгі құзыреттіліктерге сәйкес
қажеттілігін қамтамасыз ететін басым бағыттардан тұратын қосымша бөлігі;
- дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру
бағдарламаларын әзірлеуді көздейді. Стандарт:
- мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың
жаңа тәсілдерін қолдануды;
Достарыңызбен бөлісу: |