ОК батырмасын басыңыз.
Парақшада сілтеме белгішесі пайда болады:
Белгішені шерткен кезде көрсетілген сілтеме ашылатын Web-шолушы
терезесі ашылады.
Жаттығу 4.4.
Веб-сайттардың мекен-жайлары да, флипчарттар да өзгереді. Кейде
сілтемені өшіру немесе қайта редактрлеу қажет болады. Төменде осы
әрекетті қалай жасауға болатыны көрсетіледі.
Сілтемені өшірудің екі түрлі тәсілі бар. Тышқанның оң жақ батырмасын
объектіге, суретке немесе мәтін жолына шертіңіз де:
Осы элементті флипчарт қоқыс жәшігіне апарыңыз.
Контексттік менюден Удалить командасын таңдаңыз.
Немесе:
Сілтемені тышқанның оң жақ батырмасы арқылы шертіңіз.
41
Контексттік менюден Іс-әрекет шолушысын
таңдаңыз.
Терезенің астындағы Удалить существующую батырмасын
басыңыз.
Жаттығу 4.5.
Сілтемені тышқанның оң жақ батырмасы арқылы шертіңіз.
Жанама менюден Іс-әрекет шолушысын
таңдаңыз.
«Іс-әрекет қасиеттерінде» URL-адресті таңдап, оны өзгертіңіз.
Применить изменения батырмасын басыңыз.
Сабақ 5. Тігінен қозғалыс
Тік қозғалыс қажет болатын мысал қарастырайық. Оқушылардың назарын
белсенді етуге көмектесетін мына мысалды қарастырып көрейік.
Мысалдың мәні сұрақтардың қажетті санын дайындап, оларды флипчарт
шекарасынан тыс жасырудан тұрады. Сыртына біз маркерді ғана, мысалға,
сұрақтың реттік нөмірін қалдырамыз. Кездейсоқ сұрақты таңдағанда оны
маркер астынан алып шығып, флипчарт парақшасына әкеліп оқимыз.
Сонымен кірісейік.
Жаңа флипчарт құрыңыз
.
Түсті таңдап беттің фонын
өзгертіңіз. Мен ашық көк түсті таңдадым.
Сұрақтың мәтінін ұқыпты және тартымды көріну үшін дөңгелек нөмірленген
маркер орнатылған тіктөртбұрышқа орналастырамыз.
Фигура
құралының көмегімен төмендегі суретте көрсетілгендей етіп
фигура саламыз:
42
Тіктөртбұрыштың көлемі сұрақ мәтіні толығымен орналасуы үшін ыңғайлы
болуы керек. Сұрақты жазамыз.
Тікбұрыштың ішіне сұрақ мәтінін
, ал дөңгелек маркерге сұрақтың реттік
нөмірін жазамыз.
Алынған фигураны топтастырыңыз
. Бізге әрбір сұраққа осындай
фигуралар қажет болады. Манипуляторлар панеліндегі Дубликат
батырмасы арқылы осы фигураның 5 көшірмесін жасаймыз.
43
Бізде 6 бірдей объект пайда болды. Сұрақ мәтіні мен реттік нөмірін өзгерту
үшін объектілердің топтастыруын алып тастау қажет емес. Текст
құралын алып, мәтін жолын екі рет шертіңіз. Осы кезде ол баптау режиміне
көшіп, жанында мәтіндік блоктың өлшемі мен орналасуын өзгертуге
мүмкіндік беретін екі маркер пайда болады.
Нәтижесі келесідей болуы тиіс:
Енді сұрақтарымызды флипчарттың төменгі шекарасының артына
жасырамыз, бетте тек маркер ғана қалуы тиіс:
44
Енді әр сұраққа тек вертикальды түрдегі қозғалыс белгілейміз, сұрақты
абайлап жоғары шығарып, оны қайта жасыру үшін.
Бұл үшін кездейсоқ таңдау
құрылғысымен барлық көрініп тұрған
шеңберлерді ерекшелейміз. Бұл бір ғана әрекетті бірнеше рет қайталамау
үшін қажет.
Шолушы қасиеттерін
ашамыз. Шектеуіштер бөлімінің тізімінен
Орын ауыстыруға болады белгішесін Тік (Вертикальды) деп таңдаймыз.
45
Беттің кез келген бос жерінен шерту арқылы объекттерді ерекшелеуді алып
тастаңыз
.
Номерленген маркері арқылы тартып, сұрақты шығарып көріңіздер. Біз
объекттің тек тік орын ауыстыратынын байқадық.
Сіздің бетіңіздің сыртқы келбетін әдемілеу үшін, оған тақырып және сурет
қоюға болады.
Біз суретті Ортақ ресурстар – Тақырыптар – Негізгі ақпараттар –
Ойыншықтар
ресурстар кітапханасының бөлімінен алдық.
Қойылған сурет бұған дейінгі фигуралардан жоғары орналасқандықтан, егер
біз оларды тартып алып шықсақ, олар суреттің астында қалады. Жанама
мәзірдің Переупорядочить – На задний план бұйрығының көмегімен оны
артқы жаққа ауыстырыңыз.
46
Беттің негізгі мазмұнынан көңілді аудартпау үшін суретті мөлдір етеміз. Бұл
үшін шолушы қасиеттерін
ашамыз, пазл бейнеленген суретті шертіп,
Көрініс бөлімінде жүгіртпенің орнын ауыстыру арқылы суреттің бозғылт
бейнесін аламыз. Менде – 103 болды.
Беттің негізгі мазмұнынан – сұрақтар орналасқан фигуралардан көңілімізді
аудартпау үшін алынған сурет жарқырап тұрмауы тиіс.
Бейнені блоктап қойыңыз.
47
Суретті блоктаңыз.
Ал енді, әр оқушы үшін кездейсоқ таңдау әсерін қою үшін ойын сүйегі
құралын қолданамыз.
Бұл үшін арнайы құралдар
тақтасының Математикалық құралдар
бөлімінен Ойын сүйегін лақтырушы
құралын таңдаймыз.
Пайда болған терезеде ашылмалы тізімде 1-ді таңдаймыз – бұл
лақтырылатын сүйек саны. Бізге біреуі жетеді, себебі бізде алты сұрақ, ал бұл
сан бір ойын сүйегіне тең келеді.
Свернуть батырмасын шерту арқылы сүйектің лақтырылуы жүзеге асады,
алынған сан бойынша біз оқушыға қойылатын сұрақтың номерін анықтай
аламыз. Флипчартты сақтаңыз.
48
Сабақ 6. Бір объектке арналған контейнерлер.
Контейнерлерді пайдалану сіздің флипчартыңызға интерактивтіліктің
элементтерін қосуға мүмкіндік береді. Контейнерлердің көмегімен
жаттығулардағы тапсырмалардың дұрыс орындалмағандарына қарсылық
көрсету арқылы тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалайтындай етіп
құруға болады.
Контейнер – бұл белгіленген критерийлерді қанағаттандыратын болса, өзінің
құрамына бір немесе бірнеше басқа объектілерді қамти алатын объект.
Контейнердің құрамына енетін объектілерге контейнер болатын объектінің
қасиеттері беріледі. Контейнерлердің бапталуы Обозреватель свойств
бөлімінде Контейнер – ді таңдау арқылы жасалады.
Осы терезенің опцияларын қарастырайық:
Может содержать – контейнердің жұмыс істеу ережесін қояды:
Ничего – үнсіз келісім бойынша қойылатын мән – бұл объект
контейнер болып табылмайды, демек құрамына өзге объектілерді енгізе
алмайды.
Все, что угодно – объект-контейнерге көшірілетін кез келген
объектілер құрамына енгізіледі.
Определенный объект - контейнердің құрамына енгізуге рұқсат
етілетін бір объектіні білдіреді. Бұл опцияны таңдағанда Может
содержать объект қасиеттерінде осы объектіні көрсету керек.
Ключевые слова – бұл жағдайда контейнер көрсетілген кілттік сөзі
бар объекттерді ғана құрамына енгізе алады. Бұл опцияны таңдаған
кезде кілттік сөздер Может содержать слова қасиеттерінде көрсетілуі
қажет.
Может содержать правило – контейнерге орналастырылғаннан
кейінгі объектінің тәртібін анықтауға мүмкіндік береді: Центры
должны совпадать немесе Полностью заключенный.
Вернуться на место, если не содержится – егер контейнер оларды
қабылдамаса, өздерінің алғашқы алғашқы позициясына оралу үшін
контейнерге енгізілмейтін объектілерге орнатылады. Егер бұл опцияны
49
орнатпаса, контейнер қабылдаудан бас тартқан жағдайда объект
флипчартта контейнер үстінде қалып қояды да, бір қарағанда
контейнер оны қабылдағандай көрінеді.
Звук успешной операции – егер Истина болған жағдайда,
контейнерге объект ақиқат енгізілуі керек болып дұрыс қойылса
дыбыстық файл таңдауға мүмкіндік береді. Дыбыстық файл
Размещение звука успешной операции қасиетінде көрсетілуі керек.
Егер Ложь болған жағдайда, онда дыбыстық файл өшірілген болады.
Қосу ережелері
Ескертпелерден өзге объекттердің барлық типтері контейнер құрамына
енгізіле алады.
Контейнер құрамына енетін объект жоғары сатыда орналасуы қажет,
демек контейнердің үстінде орналасуы қажет.
Объект-контейнердің құрамына енетін объекттің көлемі кіші болуы
тиіс.
Объект өзі контейнер болса да, контейнердің құрамына енгізіле алады.
Мысал құрайық, мұнда бірнеше геометриялық фигураларды фипчартта
сәйкес орындарға орналастыру қажет. Егер таңдау дұрыс жасалмаса, фигура
бастапқы орнына қайтады.
Сонымен, кірісейік.
Жаңа флипчарт құрыңыз.
Түсін таңдап, беттің фонын
бояңыз. Мен сары түсті таңдадым.
Бетің тақырыбын қоюмыз және фигуралардың аты бар бірнеше жазба.
50
Фигура құралының көмегімен тікбұрыш салайық, ол контейнер болады:
Объект модификаторы панеліндегі Дубликат құралының көмегімен оны
тағы үш рет дубликаттаймыз.
51
Флипчарт бетінің төменгі бөлігіне ресурстар кітапханасынан жазбаларға
сәйкес фигураларды аламыз және оларды кездейсоқ орналастырамыз.
Фигуралардың көлемі контейнерлерден қарағанда кішірек болуы қажет, яғни
ақ тікбұрыштардан.
Дайындық кезеңі аяққталды.
Флипчартты сақтаңыз.
52
Енді контейнерлерді құруға кірісейік.
Біз геометриялық фигураны ақ тікбұрыштың ішіне орналастырмақшымыз.
Егер фигура дұрыс орналастырылған болса, тікбұрыш оны қабылдауы қажет.
Әйтпесе, ол автоматты түрде кері қайтарылады.
Бұл жағдайда ақ тібұрыштар контейнер болады, себебі геометриялық
фигураларды дәл соларға орналастыру қажет.
Объект контейнер болуы үшін, ол өз құрамына енгізетін объекттен «төмен»
орналасуы тиіс. Тексерейік. Ол үшін кез келген фгураны ақ тікбұрыштың
үстіне орналастырайық. Біз фигураларды кейінірек орналастырдық,
сондықтан тиісінше олар жоғарырақ тұр. Егер сіздің фигураларыңыз ақ
тікбұрыштың астында жасырылса, оны контексттік менюдің көмегімен
алдыңғы планға ауыстырыңыз.
Бірінші тікбұрышты шертіп, Қасиеттер шолушысын ашыңыз.
Контейнер бөлімін ашыңыз.
Қамтуы мүмкін тізімінен Анықталған объект таңдаймыз. Қасиеттер
өрісінде Объектті қамтуы мүмкін
батырмасын шертіңіз және фигураны
таңдаңыз – қызыл тікбұрыш, себебі мына контейнерге тек осы ғана енгізілуі
тиіс.
Ереже қамтуы мүмкін тізімінде Толығымен қосылған таңдаймыз.
Енді екінші тіктөртбұрышты шертіп, оған да дәл сол әрекекетті орындауға
болады, енгізілетін фигура ретінде шаршыны көрсетеміз, үшіншіге –
үшбұрыш және төртіншіге – бесбұрыш.
Енді бұрыс енгізілмеген фигурамен не істеу қажеттігін көрсету керек.
53
Бір геометриялық фигура үшін Қасиеттерді шолушы терезесін ашамыз.
Контейнер бөліміндегі Вернуться на место, если не содержится қасиетіне
Истина деп таңдаймыз.
Қалған үш фигура үшін де қайталаңыз. Жылдамырақ орындау үшін – жай
ғана барлық фигураларды бірге ерекшелеп, осы қасиетті бірден барлығы
үшін бір-ақ рет орнатамыз.
Енді геометриялық фигуралардан өзге барлық фигураларды ерекшелеп,
блоктауға болады. Геометриялық фигураларды блоктамаймыз, өйткені олар
орын ауыстыра алулары қажет
Флипчартты сақтаңыз.
Тексерейік. Үшбұрышты сәйкес жазбасы бар тіктөртбұрышқа орналастырып
көріңіз. Көріп отырғандай, үшбұрыш тікбұрыштың ішіне орналасты.
Ал енді бесбұрышты «Шаршы» деген жазбасы бар тіктөртбұрышқа
орналастырып көріңіз. Көріп отырғандай, бесбұрыш бұл орынға орналаспай,
орнына қайтады!
Тапсырманы орындауды қайталау үшін ең алдымен бетті қалпына
келтіру батырмасын шертіңіз.
Сабақ 7. Бір, екі, үш, төрт, бес...
Қазір біз объекттердің флипчарт бетіндегі қозғалысын шектеудің тағы
бірнеше әдісіне мысал қарастырамыз.
Шоттар жасайық. Нақ өзіндей, сүйектерімен. Бұл жағдайда бізге сүйектердің
54
қозғалысын шектеу қажет. Біріншіден, олар тек горизонталь бойынша ғана
қозғала алады. Екіншіден, сүйектер бір-бірінің үстіне және шекара сыртына
шығып кетпеулері тиіс.
Сонымен, кірісейік.
Жаңа флипчарт жасаңыз
.
Осы жолы бетті ресурстар кітапханасындағы дайын жобалау үлгілерін
пайдалану арқылы жасап көрейік. Ресурстарға шолушыны
ашыңыз.
Общие ресурсы – Действия и шаблоны - Шаблоны – Общие сведения
бөлімін ашыңыздар, суретте көрсетілген бетті таңдап, оны флипчартқа
орналастырыңыз.
Енді беттің негізгі бөлігінде шотты жасауға кірісейік.
Фигура
құралын қолдана отырып, рамка құрайық:
55
Енді бір сүйекше мен ол қозғалатын бір таяқша өзегін енгіземіз. Ол үшін
кітапхана ресурстарын қолданамыз
.
Барлық сүйекше тастар бірдей формада және бірдей өлшемде болуы керек,
сондықтан объектінің манипуляторлар тақтасындағы қайталау құрылғысын
қолдану арқылы, дайын тасты бірнеше рет қайталап, көшіреміз. Ол үшін
тасқа басып, объект манипуляторлар тақтасындағы Дубликат
батырмасын 9 рет басамыз, барлығы 10 тас болуы керек:
56
Енді барлық тасты бір сызық бойымен көлденең орналастыру керек.
Барлығын бірақ белгілеп, түзетеміз. Бұл үшін рамасын іліп кетпей,
барлығын тышқанмен белгілейміз. Бірақ сіз белгілемеңізге басқа фигураның
яғни, тастармен қоса өзегінің де түскендігін байқайсыз.
Оны белгілеу тобынан шығару үшін клавиатурадан Ctrl батырмасын басып
тұрып, өзек бойымен тышқанның сол жақ батырмасын еппен бассаңыз, ол
топтан шығарылады.
Енді белгіленген объектіде тышқанның оң жақ батырмасын басамыз
57
(объектінің бос жерінде емес, тура фигуралардың біреуінің үстінде басу
керек, әйтпесе бөліп алған алынып қалады да, бәрін қайта бастау қажет
болады). Контекстілі менюден Преобразовать - Выровнять – Выровнять
по верхнему краю командасын орындаймыз, сонда барлық тас бір
горизонтальді сызықта орналасады.
Енді тастар тек горизонтальді сызық бойымен қозғалуы үшін, белгілеуді
алмай шектеу қоюымыз керек. Ол үшін тастардан белгілеуді алмай тұрып
Обозревать
свойств
бөлімін
ашамыз.
Свойства
и
действия терезесінің Ограничители бөлімінің Можно перемещать
тізімінен Горизонтально таңдаймыз. Тастар бірінің үстіне бірі шығып
кететіндіктен бұнымен шектелмейміз. Бұндай жағдай болмас үшін Можно
блокировать қасиетінен Истина анықтамасын таңдаймыз.
Енді барлық тас горизонтальді бағытта ғана қозғала алады. Олардың орынын
ауыстырып көріңіз. Бірақ бір кемшілігі, олар қазір шегінен шығуы мүмкін.
Бұл кемшілікті жою үшін вертикальді тіреуге басқа объекттерді бұғаттау
мүмкіндігін беруге болады.
Оны орындау үшін Редактор свойств
қолданып, сол жақ вертикальді
тіреуге Можно блокировать қасиетін қойып, Ограничитель тобынан
58
Истина командасын таңдаңыз.
Оң жақ шекараға да дәл осылай қайталаймыз.
Тастарды жылжытып көріңіз. Одан біз олардың шоттар шекарасынан
шықпағандығын көреміз. Яғни шекараға тиген тастар бұғатталады.
Енді қозғалып кетпес үшін шоттың шекарасын есебін бұғаттаңыз. Ары қарай
бір сызық бойымен қозғалған тастарды көреміз. Егер тышқанмен тасты
белгілесеңіз, олардың домалақпен бірге қозғалатынын көресіз.
Белгіленген барлық элементтерді топтастырыңыз.
Егер сіз тасты белгіленген сызық бойымен бірге көшіргіңіз келсе, онда бір
мәселе туындауы мүмкін. Бірінші сызықтың астынан жаңа сүйекшелері бар
сызық орналастыруға болмайды. Себебі тасты төмен немесе жоғары емес,
тек горизонталь бойымен ғана қозғауға болады. Бұл шектеуді уақытша жою
үшін келесі амалды орындауға болады. Ол үшін флипчарт терезесінің оң жақ
бұрышындағы көк тетікшені басып,
флипчартты құрастыру режиміне
ауыстыру керек. Объектке басып, оң жақ батырмамен Копировать (немесе
клавиатурадан Ctrl+C) командасын таңдаңыз. Біз объекттер тобын көшірдік.
Енді көшірмені қою үшін, беттің кез келген жеріне тышқанның оң жақ
батырмасын басып Вставить (немесе клавиатурадан Ctrl+V ) командасын
орындаңыз. Тастар тізбектелген тағы бір сызық пайда болды. Оны керекті
орынға ауыстыруыңызға болады. Қанша тас жолдар керек болса, сонша рет
қою командасын орындаңыз.
59
Өзектердің соңын жабу үшін шоттың жиегін алдыңғы планға қойыңыз.
Флипчартты демонстрациялау режиміне қосыңыз
.
Тастың әр тобын топтастыруды алып тастаңыз , әйтпесе барлығы бірдей
қозғалады. Біз оларды көшіруге оңай болу үшін ғана топтастырған
болатынбыз.
Горизонтальді сызықтар байқаусызда қозғалып кетпес үшін, оларды
бұғаттаңыз. Флипчартты сақтап, нәтижесін көріңіз.
Сабақ 8. Бірнеше объектіге арналған контейнер.
Контейнерлерді
қолдану
флипчартқа
интерактивтілік
береді.
Контейнерлердің арқасында тапсырманың дұрыс орындалмауына жауап
беретін
жаттығулар
жасауға
болады.
Контейнер – бұл объект, оның ішінде бір немесе бірнеше объектілер салуға
болады, егер олар берілген критерийлерді қанағаттандырса. Контейнердің
ішінде орналастырылатын объектілер, контейнер болатын объектінің
қасиеттерінде беріледі. Контейнерлер баптаулары объектінің Қасиеттер
60
шолушысында,
Контейнер
бөлімінде
жүргізіледі.
Осы терезенің опцияларын қарастырайық:
Может содержать – контейнердің жұмыс істеу ережесін қояды:
Ничего – үнсіз келісім бойынша қойылатын мән – бұл объект
контейнер болып табылмайды, демек құрамына өзге объектілерді
енгізе алмайды.
Все, что угодно – объект-контейнерге көшірілетін кез келген
объектілер құрамына енгізіледі.
Определенный объект - контейнердің құрамына енгізуге рұқсат
етілетін бір объектіні білдіреді. Бұл опцияны таңдағанда Может
содержать объект қасиеттерінде осы объектіні көрсету керек.
Ключевые слова – бұл жағдайда контейнер көрсетілген кілттік
сөзі бар объекттерді ғана құрамына енгізе алады. Бұл опцияны
таңдаған кезде кілттік сөздер Может содержать слова
қасиеттерінде көрсетілуі қажет.
Может содержать правило – контейнерге орналастырылғаннан
кейінгі объектінің тәртібін анықтауға мүмкіндік береді: Центры
должны совпадать немесе Полностью заключенный.
Вернуться на место, если не содержится – егер контейнер оларды
қабылдамаса, өздерінің алғашқы алғашқы позициясына оралу үшін
контейнерге енгізілмейтін объектілерге орнатылады. Егер бұл опцияны
орнатпаса, контейнер қабылдаудан бас тартқан жағдайда объект
флипчартта контейнер үстінде қалып қояды да, бір қарағанда
контейнер оны қабылдағандай көрінеді.
Звук успешной операции – егер Истина болған жағдайда,
контейнерге объект ақиқат енгізілуі керек болып дұрыс қойылса
дыбыстық файл таңдауға мүмкіндік береді. Дыбыстық файл
Размещение звука успешной операции қасиетінде көрсетілуі керек.
Егер Ложь болған жағдайда, онда дыбыстық файл өшірілген болады.
Қосу ережелері
Ескертпелерден өзге объекттердің барлық типтері контейнер құрамына
енгізіле алады.
61
Контейнер құрамына енетін объект жоғары сатыда орналасуы қажет,
демек контейнердің үстінде орналасуы қажет.
Объект-контейнердің құрамына енетін объекттің көлемі кіші болуы
тиіс.
Объект өзі контейнер болса да, контейнердің құрамына енгізіле алады.
Достарыңызбен бөлісу: |