Байланысты: planir zemlep kurs lekcij na kaz yaz 2
1.2 Жерге орналастыруды жоспарлау туралы түсінік және оның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес,
Жер пайдалануды
Жоспарлау
жүйесі Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуына
бағытталған жер қатынастарын реттеу, тиімді ұйымдастыру, жерді ұтымды
пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге арналған кешенді іс-шаралары
жүйесі болып табылады.
Жер пайдалануды жоспарлау меншік және шаруашылық жүргізу
нысандары түрлеріне қарамастан барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды
жүргізу нәтижесінде белгіленген жоспарлау, жерді пайдаланудың нысаналы
мақсаты, жерді пайдалану режимі және оларды қорғау, шектеулер мен
ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, осы жердің сапасы мен саны
туралы және басқа да деректер заңнамада қаралған және бекітілген тәртіпте,
жер құқығы қатынастары субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып
табылады.
Жер пайдалануды жоспарлау міндеттері 1 суретте келтірілген.