И 08. 14/02 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Материалдар және құрылғылар



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата09.12.2019
өлшемі3,21 Mb.
#53264
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
baibaktina 6


Материалдар және құрылғылар: тақта, бор,  «жолдармен жұмыс жасауға арналған 
функциялар  –  string.h,  stdlid.h  файлдары»  «символдарды  түрлендіру  және    тексеру 
функциялары – ctype.h, stdlid.h файлдары» кестелері. 
 
Жұмыстың мазмұны және орындалу тәртібі 
1.  Тапсырманы орындау мысалын қарау. 
2.  Ретімен келесі тапсырмаларды орындау.  
3.  Орындалған практикалық жұмыс туралы есепті дайындау. 
 
Тапсырманы орындау мысалы 
 
Клавиатурадан  енгізілген  жолда  орыс  алфавитінің  кіші  әріптерін  бас  әріпке 
ауыстыратын программа жазыңыз.   
 
#include 
#include 
 
void main() 

unsigned char st 80 ; // мәтіндік жол  
int i;  //қарастырылатын символ нөмірі 
clrscr(); 
puts(" \n Жолды енгізіңіз және Enter  пернесін басыңыз"); 
gets (st); 
i=0; 
while (sti) 

if ((sti=’a’ && sti=’z’  )  (sti=’a’ && sti=’п’ ) ) sti-=32; 
else if (sti=’р’ && sti=’я’  ) sti-=80; 
i++; 

printf("\n %s\n", st); 
puts("\n Аяқтау үшін  Enter  пернесін басыңыз "); 

 
 
 
getch(); 

 
Студенттердің өз бетімен орындауға арналған тапсырмалары 
1.  Сіз енгізген жолда b әрпінің ену санын есептейтін программа жазыңыз. 
2.  Жолды    енгізетін  және  1  символ  қалғанша  жолды  1  символға  қысқартып 
шығаратын программа құрыңыз. 
3.  «а»  әрпінен  аяқталатын  бірінші  септіктегі  зат  есім  берілген.  Осы  сөзді  барлық 
септікте шығаратын программа құрыңыз.   
4.  Берілген  сөзден  оның  соңғы  әрпімен  сәйкес  келетін  әріптерді  алып  тастайтын 
программа құрыңыз.   
5.  Екі  сөз  берілген.  А  сөзінің  әріптерінен  В  сөзін  құрауға  болатынын  немесе 
болмайтынын анықтайтын программа құрыңыз. 
6.  Х  және  У  сөздерінде  бірдей  орында  тұрған  бірдей  әріптердің  санын  есептейтін 
программа құрыңыз. 
7.  Клавиатурадан  енгізілген  жолдан  алғашқы  бос  орындарды  жоятын  программа 
құрыңыз. 
8.  Нүктемен  аяқталған,  орыс  алфавитінің  бас  әріптерінен  тұратын  бос  емес  жол 
берілген.  Осы  әріптер  алфавит  бойынша  реттелген  бе,  жоқ  па,  анықтайтын 
программа құру керек.  
9.  Мәтін берілген. Егер мәтінде  * символы болса, оныөзгеріссіз қалдырып, әйтпесе 
бірінші  кездескен  *  символының  алдындағы  латын  кіші  әріптерін  3  цифрына 
ауыстыратын программа құру керек.   
10. n  (n  <=  1000)  натурал  саны  берілген.  Осы  санды  сөзбен  жазып  шығаратын 
программа құрыңыз.  
 
 
Практикалық жұмыстың орындалуы туралы есептің формасы  
Есепте болуы қажет: 
Кез-келген орындалған тапсырма үшін    
1.  Есептің шешімінің математикалық моделі; 
2.  Есептің шешімінің алгоритмі; 
3.  Есеп шешімінің алгоритмі орындалған программа. 
 
Блиц-тест 
1. Жолдармен жұмыс жасау функциялары анықталған кітапхананы көрсетіңіз 
a)  conio.h                   
b)  string.h                
c)  math.h 
d)  stdio.h            
e)  ctype.h 
2. Қандай функция жолдың ұзындығын соңғы нөлдік байтсыз қайтарады? 
a)  strlen     
b)  strlwr      
c)  strcmp     

 
 
 
d)  strcpy 
e)  strset 
3. Қандай формат командасы жолды экранға шығаруды анықтайды? 
a)  %c                 
b)  %i                       
c)  %d 
d)  %s                                                   
e)  %f                                                  
 
Бақылау сұрақтары: 
1.Оперативті жадыда символдық мәліметтерді бейнелеу тәсілдері.  
2.Оперативті жадыда жолдық тұрақтыларды бейнелеу тәсілдері.  
3. Оперативті жадыда жолдық айнымалыларды бейнелеу тәсілдері.  
4. Си тілінде жолдарды сипаттау тәсілдері. 
5. Си тіліндегі символдармен жұмыс жасауға арналған функциялар. 
 
Глоссарий 
Егер  программада  жолдық  мәліметтерді  өңдеу  қажет  болса,  онда  оны 
символдар  массив  ретінде  қарастыру  қажет.  Мұндай  массивте  жолдың  әр  элементі 
үшін жеке ұяшықтар бөлінеді және ең соңғы элементі ретінде жолдың соңы таңбасы 
(\о) қойылуы тиіс. 
  Символдық  массивті  енгізу  және  инициализациялау  мысалдарына  программа  
келтірейік: 
#include  
main () 

 
char pan[12], razm[5]; 
 
 
static char opr[11]=”информация”; 
 
razm[0]=’б’; 
razm[1]=’а’; 
razm[2]=’й’; 
razm[3]=’т’; 
razm[4]=\o’; 
 
printf(“\n   информатика сөзін енгізіңіз:“); 
scanf(“%s”, pan); 
 
printf(“\n  %s \n”, pan); 
printf(“\n %s \n”, razm); 
printf(“\n %s \n”, opr); 
   

 

 
 
 
Көріп  отырғанымыздай  символық  массивке  енгізілетін  жолдық  мәннің 
ұзындықтары  бірге  арттырылып  алынып  отыр.  Ол  орын  жолдың  соңы  таңбасына 
арналады. Инициализациялау барысында ол таңб арнайы қойылады. 
 
 
 
 
Әдебиеттер 
1.  Керниган Б., Ритчи Д.,- Язык программирования Си. – М.: Финансы и 
статистика, 1985 г. 
2.  Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных: Пер. с анг.- М.: Мир, 1989 г.  
3.  Д.Кнут Искусство программирования для ЭВМ. Основные алгоритмы. М.: 
Мир, 1976. 3.        
4.  Н.Культин., С/С++ в задачах и примерах – БХБ-Петербург, 2002 г. 
5.  Крис Паппас., Программирование на С и С++ - BHV, Киев, 2000 г. 
6.  Т. А. Павловская, А. Ю. Щупак С/С++ Структурное программирование: 
Практикум- СПб.: Питер, 2005   
7.  Уэйт М . Язык Си. Руководство для начинающих: Пер. с англ. – М., Мир, 1988 
г. 
 
 
Практикалық жұмыс №6.  
 
Тақырыбы: Ішкі программалар. Функциялар. 
 
Сабақ мақсаты: Ішкі программаларды ұйымдастыру принциптері мен қажеттілігін 
түсіндіру.  С/С++  тіліндегі  функцияларды  қолдану  дағдысы  қалыптастыру. 
Рекурсивті алгоритмдерді құру машығын қалыптастыру. 
Қажетті  материалдар  мен  жабдықтар:  практикалық  сабақтарды  орындауға 
арналған нұсқаулар, тақта. 
 
Жұмыстың мазмұны және орындалу реті: 
 
1.  Тапсырмаларды орындау мысалдарын қарастыру. 
2.  Ретімен берілген тапсырмаларды орындау. 
3.  Практикалық жұмысты талапқа сай орындап тапсыру. 
 
Тапсырманы орныдау мысалдары 
“Факториалды”есептеу  функциясын  құру  факториалдар  кестесін  экранға  шығару 
үшін осы функцияны қолдану программасын жазу. 
 Факториалды есептеу формуласы : 
n
n
*
*
3
*
2
*
1
!



 
#include 
#include 

 
 
 
 
unsigned int factor(int x) 
{ unsigned int f=1;for (int i=2; i=x; i++)  f*=i;  return(f); 

void main() 

unsigned int f;  
clrscr(); 
puts(" \n Факториалдар кестесі"); 
for (int n=1; n=8; n++) 

 
f=factor(n); 
 
printf("%2i   %u\n", n, f); 

getch(); 

 
 
Практикалық жұмыстың есебін дайындау формасы: 
 
Берілген тапсырманың әрқайсысы үшін төмендегілерді орындау:    
4. 
Есептің математикалық моделін анықтау; 
5. 
Есептің алгоритмінің блок-схемае сызу; 
6. 
Есептің алгоритміне сәйкес программасын жазу. 
 
Блиц-тест 
 
1.  Функциия жұмысын аяқтау функциясы? 
a)  return                 
b)  exit                    
c)  go to                                        
d)  continue 
e)  break. 
 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.  Ішкі программа дегеніміз не? 
2.  Функция аргументі қандай типті бола алады? 
3.  Функция қандай типті мәндер қайтара алады? 
4.  Рекурсияның қандай түрлері бар? 
5.  Функцияның жергілікті аргументі қайда сипатталады? 
 
 
 
Глоссарий 

 
 
 
Си-дегі  кез-келген  программа  -  бұл  айнымалылар  сипаттамасы  мен 
функциялар жиынтығы. 
 
Функциялар  арсындағы  байланыс  мән  қайтаратын  аргументтер    мен  сыртқы 
айнымалылар арқылы орнатылады. 
        Return  инструкциясы  нәтижені  шақыратын  функциядан  шақырған 
функцияға  қайтару  механизмін  орындайды  және  return  сөзінен  кейін  кез  келген 
өрнек тұруы мүмкін. 
Return <өрнек>;   
Си-гі  кез  келген  функцияның  прототипі  болуы  тиіс,  яғни  функция  аты, 
аргументтерінің  типі  және  қайтарылатын  нәтиже  типі  көрсетілген  тақырыбы 
хабарланады.  Прототипі  программа  денесінде  немесе  бөлек  тақырыптар  файлында 
айқындалады.  Функция  прототипі  компиляторға  функция  туралы  информация 
береді  де,  сәйкесінше  компилятор  типтер  сай  келуін  тексереді.  Функция  әртүрлі 
типті мән қайтара алады. 
Кез келген функцияны анықтау үшін форматы: 
 
<тип нәтиже> <функция аты> (параметр тізімі) 

<функция денесі> 
Кез келген функцияның формалды аргументтер тізімі болады (болмауы да мумкін).  
Программадан функция шақырғанда аргумент тізімі беріледі. 
С++-те  аргументтерді  беру  барысында  көрсеткіш  орнына  тікелей  сілтеме 
беруге  болады.  Сілтеме  де  аргументке  сілтейді,  бірақ  көрсеткішті  айқындау 
операторын қолдануды қажет етпейді. 
Аргументтерінің айнымалы-мән ретінде берілу тәсілі: 
Аргументтер  мән  ретінде  берілгенде  функцияның  ішінде  аргумент  аттас 
жергілікті  айнымалы  құрылады  да  оның  мәні  функцияда  өзгеруі  мүмкін,  бірақ 
аргументтің мәні өзгермейді. 
 
Айнымалы-сілтеме арқылы берілу тәсілі: 
Аргументтегі  айнымалы  сілтеме  арқылы  берілгенде  функция  аргументтің 
мәнін  емес,  оның  адресін  алады.  Ал  мұнда  құрылған  жергілікті  айнымалы 
көрсеткіш  болады.  Бұл,  жадыны  үнемдеуге  мүмкіндік  береді  және  функцияның 
орындалу  барысында  айнымалы  аргумент  мәні  өзгереді.  Бұл  жағдайда  функция 
аргумент айнымалы сілтеме арқылы бірнеше мән қайтара алады. 
 
  
Өзін өзі шақыратын функция рекурсия деп аталады. 
Рекурсия  тереңдігі  дегеніміз  –  функция  мәнін  есептеуде  өзін-өзі  шақыру  саны. 
Рекурсивті программалау стек принципіне сүйенеді. 
 
Рекурсия түрлері мынадай: 
  сызықтық рекурсия; 
  параллель рекурсия; 
  қосалқы рекурсия; 
  жоғары ретті рекурсия. 
 

 
 
 
 
Әдебиеттер:[ 
 
1.  Керниган Б., Ритчи Д.,- Язык программирования Си. – М.: Финансы и 
статистика, 1985 г. 
2.  Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных: Пер. с анг.- М.: Мир, 1989 г.  
3.  Д.Кнут Искусство программирования для ЭВМ. Основные алгоритмы. М.: 
Мир, 1976. 3.        
4.  Н.Культин., С/С++ в задачах и примерах – БХБ-Петербург, 2002 г. 
5.  Крис Паппас., Программирование на С и С++ - BHV, Киев, 2000 г. 
6.  Т. А. Павловская, А. Ю. Щупак С/С++ Структурное программирование: 
Практикум- СПб.: Питер, 2005   
7.  Уэйт М . Язык Си. Руководство для начинающих: Пер. с англ. – М., Мир, 1988 
г. 
 
 
 
Практикалық жұмыс №8. 
Тақырыбы: Көрсетекіштер. Көрсеткіштерге қолданылатын амалдар 
 
Сабақтың  мақсаты: 
Динамикалық  құрылымды  мәліметтермен  жұмыс  жасау 
дағдыларын 
қалыптастыру, 
көрсеткіштерге 
қолданылатын 
арифметикалық 
амалдарды үйрету. 
 
Материалдар және құрылғылар: тақта, бор. 
 
Жұмыстың мазмұны және орындалу тәртібі: 
1.  Тапсырманы орындау мысалын қарау. 
2.  Ретімен келесі тапсырмаларды орындау.  
3.  Орындалған практикалық жұмыс туралы есепті дайындау. 
 
 
Тапсырманы орындау мысалы 
Нақты  типті  элементтерден  тұратын  массивті  тез  сұрыптау  әдісімен  реттейтін 
программа құру. 
#include 
#include 
 
int main() 

const int n=20;   
float arrn, middle, temp; 
int *stackl=new int n,   *stackr=new int n,  sp=0; 

 
 
 
int i,j, left, right; 
clrscr(); 
cout <<" массив элементтерін енгізіңіз "); 
for (i=0, i>arri; 
// Сортировка 
sp=1; stackl 1=0;   stackr 1=n-1;    
while (sp>0) 

// Соңғы сұраныс стегінен таңдау  
left= stackl sp; 
right= stackr sp; 
sp--; 
while (left< right) { 
// Разделение 
i= left; j= right; 
middle= arr( left+ right)/2; 
while (i< j) { 
while (arri< middle) i++; 
while (middle if (i <=j) { 
temp= arri; arri= arrj; arrj=temp; 
i++; j--; 


if (i < right) { 
// Оң жақтағы сұраныс стегін жазу 
sp++; 
stackl sp=i;   stackr sp= right;    

right=j; 
// Енді left және right сол жақ бөлікті шектейді 


// Нәтижені шығару 
for (i=0, icout<return 0; 

 
Студенттердің өз бетімен орындауға арналған тапсырмалары 
1.  Нақты типті n элементтен тұратын массивтегі соңғы теріс элементтің оң жағында 
орналасқан элементтердің қосындысын есептейтін программа жазыңыз.     
2.  Нақты  типті  n  элементтен  тұратын  массивтегі  алғашқы  оң  элементтен  кейін 
орналасқан элементтердің қосындысын есептейтін программа жазыңыз.       

 
 
 
3.  Тізім  берілген.  Оның  ақпараттық  бөлігі  оң  сандардан  тұрады.  Ең  үлкен  санды 
табу керек.  
4.  Ақпараттық  бөлігі  студенттердің  фамилиясынан  тұратын  тізім  құру  керек.  Тегі 
«Петров» болып келген студенттер санын табу керек. 
5.  Ақпараттық  бөлігі  нақты  сандардан  тұратын  тізім  құру  керек.  Тізімнің  оң 
элементтерінің көбейтіндісін табу керек. 
6.  Ақпараттық  бөлігі  бүтін  сандардан  тұратын  тізім  құру  керек.  Олардың 
қосындысын табу керек.   
7.  Ақпараттық  бөлігі  бүтін  сандардан  тұратын  тізім  құру  керек.  Тізімнің  2-ге  еселі 
элементтерінің санын табу керек. 
8.  Кітап  атауларының  реттелген  тізімі  берілген.  Тізімдегі  реттілікті  сақтай  отырып 
жаңа кітап туралы ақпарат қосу керек.   
 
Практикалық жұмыстың орындалуы туралы есептің формасы  
Есепте болуы қажет: 
Кез-келген орындалған тапсырма үшін    
1. 
Есептің шешімінің математикалық моделі; 
2. 
Есептің шешімінің алгоритмі; 
3. 
Есеп шешімінің алгоритмі орындалған программа. 
 
Блиц-тест 
1. С++ тілінде көрсеткіш дегенімі не?  
a)  мәліметтер регистріні нөмірі           
b)  оперативті жадыда стек сегментін анықтаушы 
c)  басқа айнымалының адресі бар айнымалы 
d)  жіберуді басқаруды анықтайтын белгі          
e)  кейбір пернетақтада жоқ пернелерді бейнелейтін символдар тізбегі 
2. Стек- бұл бір бағытталған тізімнің дербес түрі, мұнда:  
a)  элементті басына қосуға, ал соңынан кез-келген элементті жоюға рұқсат 
етіледі; 
b)  шыңы деп аталатын бір шетіне элементтерді қосуға және жоюға рұқсат 
етіледі; 
c)  бірінші және соңғы элементтер арасында байланыс анықталған; 
d)  элементті соңына қосуға және басынан жоюға рұқсат етіледі; 
e)  аталған нұсқалардың кез-келгені; 
3. Сызықты байланысқан структураға жатады:    
a)  Стектер, ширеттер, тізімдер 
b)  Ағаштар, желілер  
c)  Стектер, ағаштар 
d)  Ширеттер, тізімдер, желілер  
e)  Тізімдер, желілер  
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Статикалық айнымалылар мен динамикалық айнымалылар арасындағы 
айырмашылықты көрсетіңіз. 

 
 
 
2.  Көрсеткіштермен жұмыс жасау кезінде базалық типтің рөлін түсіндіріңіз.  
3.  Динамикалық айнымалылардың қолданылу себептерін көрсетіңіз. 
4.  Қолданушы анықтаған типті базалық тип ретінде қолдануға бола ма? 
5.  Динамикалық жады шектелген бе? 
 
Глоссарий 
 
Көрсеткіштер дегеніміз - басқа айнымалыларының адресінен тұратын айнымалы. 
 
Көрсеткіш - адрес сақтаған ұяшықтар тобы (2 н/се 4 ұяшық). 
 
Ұяшықтардың  нақты  адрестерін  қолдану  үшін  арнайы  операторлар 
қарастырылған: 
  &  унарлық операторы объектінің адресін береді. 
 Р=&C    -  инструкциясы  С  ұяшығының  адресін  Р  айнымалысынаа 
меншіктейді немесе Р айнымалысы С-ға сілтейді деп аталады. 
* унарлық операторы көрсеткішті сипаттауда қолданылады.  
Көрсеткіш 
бұл операторды қолданылғанда осы көрсеткіш сілтейтін объектіні береді. 
Си  тілінде    функция  өз  аргументі  ретінде  параметр-мәнді  қабылдайды,  сондықтан 
шақырған  функцияның  айнымалысын    шақырылған  функция  денесінде  отырып 
өзгерту мүмкін емес. Мұны орындау үшін мәнге көрсеткіштерді қолдану керек. 
  Көрсеткіш    бұл  айнымалы,    сондықтан  оны  р=a    немесе    р++    деп    жазуға 
болады. Ал, массив аты тұрақты ретінде қатысады, яғни айнымалы емес, сондықтан 
оны а=p немесе а++ деп жазуға болмайды. 
               
 
Көрсеткіштерді инициализациялау 
  Көрсеткіштерді сипаттау барысында инициализациялауға болады. 
  Көрсеткіштегі адресті кез-келген бүтін санды қосу және алу арқылы өзгертуге 
де болады. Мысалы, адресті 14 ұяшыққа жылжыту үшін prb=prb+14; 
  Көрсеткіштен  бүтін  мәнді  шегеруге  де  болады,  бұл  жағдайда  ағымды 
ұяшықта  тұрған көрсеткіш солға қарай  көрсетілген шамаға ығысып, сондағы 
элементке сілтейді. 
  Бір  көрсеткішті  екінші  көрсеткіштен  шегеруге  болады  (2кКөрсеткіш  те  1 
массивке  сілтеуі  тиіс)  мұның  нәтижесі  олар  сілтеп  тұрған  ұяшықтар 
арасындағы  элементтер  санына  тең  болады.  Егер  бұл  өрнекте  екі  әртүрлі 
типті  көрсеткіш  қарастырылса  және  олар  әртүрлі  массивке  сілтесе  амал 
орындалғанда нәтижесі мағынасыз (түсініксіз) мән қайтарады. 
  Көрсеткіштерді  салыстыру  амалы  қолданылады.  Бұл  <=,  =,  >=  операторлары 
көмегімен  салыстырылады  нәтижесінде  false  немесе  true  мәндерін 
қабылдайды.  Бұл  мәнді  шартты  өрнектерде  қолдануға  болады  және  бүтін 
типті айнымалыға меншіктетуге болады. 
  Көрсеткішті  нөлмен  салыстыруға  болады.  Егер  нөлге  тең  болса,  онда  оның 
ешқандай  объектімен  байланыспағанын  білдіреді.  Нөлді  кезкелген  типті 
көрсеткішке меншіктетуге болады. 
  Көрсеткішті нәтижесі нөлге тең тұрақты өрнекпен салыстыруға болады. 
  Сол секілді void типті басқа көрсеткішпен де салыстыруға болады. 
  Көрсеткіштерді бір-біріне қосуға, бөлуге және көбейтуге болмайды. 

 
 
 
 
Әдебиеттер 
1.  Керниган Б., Ритчи Д.,- Язык программирования Си. – М.: Финансы и 
статистика, 1985 г. 
2.  Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных: Пер. с анг.- М.: Мир, 1989 г.  
3.  Д.Кнут Искусство программирования для ЭВМ. Основные алгоритмы. М.: 
Мир, 1976. 3.        
4.  Н.Культин., С/С++ в задачах и примерах – БХБ-Петербург, 2002 г. 
5.  Крис Паппас., Программирование на С и С++ - BHV, Киев, 2000 г. 
6.  Т. А. Павловская, А. Ю. Щупак С/С++ Структурное программирование: 
Практикум- СПб.: Питер, 2005   
7.  Уэйт М . Язык Си. Руководство для начинающих: Пер. с англ. – М., Мир, 1988 
г. 
 
Практикалық жұмыс №8.  
Тақырыбы: Структуралар. Бірігулер.  
 
Сабақтың мақсаты: Мәліметтердің қосымша типтерімен жұмыс жасау дағдыларын 
қалыптастыру. 
 
Материалдар және құрылғылар: тақта, бор. 
 
Жұмыстың мазмұны және орындалу тәртібі: 
1.  Тапсырманы орындау мысалын қарау. 
2.  Ретімен келесі тапсырмаларды орындау.  
3.  Орындалған практикалық жұмыс туралы есепті дайындау. 
 
 
Тапсырманы орындау мысалы 
Келесі өрістерден тұратын STBOAT структурасын беретін программа жазыңыз: 
 
модель 
 
тіркеу нөмірі 
 
жасалған жылы 
 
мотосағаттар саны 
 
құны. 
#include 
#include 
struct stboat 

char szmodel 15; 
char szserial 20; 
int iyear; 
long lmotor_hours; 
float fsaleprice; 

 
 
 
} stused_boat; 
int main(void) 

clrscr(); 
printf("\n Қайықтың моделін енгізіңіз- "); 
gets (stused_boat. szmodel); 
printf("\n Қайықтың тіркеу нөмірін енгізіңіз - "); 
gets (stused_boat. szserial); 
printf("\n Қайықтың жасалған жылын енгізіңіз - "); 
scanf (“%d”, &stused_boat.iyear); 
printf("\n Қозғалтқыштың жұмыс жасаған мотосағаттар санын енгізіңіз - "); 
scanf (“%d”, &stused_boat. lmotor_hours); 
printf("\n Қайықтың құнын енгізіңіз - "); 
scanf (“%a”, &stused_boat. fsaleprice); 
printf(“\n\n”); 
printf("\n  Қайық  %s%d  жылы  дайындалған  тіркеу  нөмірі  №  %s,  \n  ",  stused_boat. 
szmodel, stused_boat. iyear, stused_boat. szserial ); 
printf("Орындалған мотосағатта %d р", stused_boat. lmotor_hours); 
printf("%8.2f $ сатылды \n", stused_boat. fsaleprice); 
puts("\Аяқтау үшін  Enter басыңыз "); 
getch(); 
return (0) 

 
Студенттердің өз бетімен орындауға арналған тапсырмалары 
1. 
Келесі өрістерден тұратын DOC тип атаулы  структураны сипаттаңыз: 
 
Құжат жолының нөмірі; 
 
Жол мәтіні. 
Структураны анықтайтын айнымалыны S деп атаңыз. 
2. 
Мектеп  мәліметтер  қорына  арналған  ақпараттан  тұратын  BAZA  тип  атаулы  
структураны сипаттаңыз: 
 
Оқушының жеке нөмірі ; 
 
ТАӘ; 
 
Туған жылы; 
 
Мекен-жайы. 
 
Структураны анықтайтын айнымалыны Inf деп атаңыз. 
3. 
Топ  оқушыларының  геометриядан  алған  бағаларынан  тұратын  Geometr  тип 
атаулы структураны сипаттаңыз: 
 
ТАӘ; 
 
Тоғыз айда алған бағалары, бір айда ең көбі 20 баға. 
Структураны анықтайтын айнымалыны Dig деп атаңыз. 
4. 
Қоймада  30  күннің  орташа  температурасы  туралы  ақпараттан  тұратын  Data  тип 
атаулы структураны сипаттаңыз:  
 
Ай нөмірі; 
 
Температура. 

 
 
 
Структураны  анықтайтын  айнымалыны  Zamer  деп  атаңыз.  Структураға  келесі 
бастапқы  мәндерді  меншіктеңіз:  ай  аты  «маусым»,  бірінші  күннің  температурасы 
9,5.    
5. 
Пошта  мәліметтер 
қорындағы  газет-журналдарға  жазылушылар  туралы 
ақпараттан тұратын  Post тип атаулы структураны сипаттаңыз: 
 
ТАӘ; 
 
Мекен-жайы; 
 
Газет-журналдар атауынан тұратын 10 жол. 
Структураны  анықтайтын  айнымалыны  G  деп  атаңыз.  Өрістерге  келесі  мәндерді 
меншіктетіңіз: ‘Петров И.В.’, ‘Мәскеу қ., Горький к., 5’, ‘Московский комсомолец’, 
‘Спорт’  
6. 
Достардың  телефон-анықтамалығын  сипаттайтын  структуралар  массивінен 
тұратын  программа  құрыңыз.  Онда  мәліметтерді  енгізуге,  фамилиясы  бойынша 
телефон  нөмірін  іздеуге,  «компьютер  ойындарымен  әуестенетін»  барлық 
абоненттерді  есептеп,  тізімін  шығаруға  болады.  Структурада  әрбір  дос  үшін  келесі 
мәліметтер берілген:тегі, аты, телефоны, хоббиі. 
7. 
Химиялық  элементтер  кестесін  сипаттайтын  программа  құрыңыз.    Онда  келесі 
мәліметтерді  көрсетіңіз:  атауы,  символдық  белгіленуі,  атом  массасы,  атомдық 
ядроның  заряды,  негізгі  химиялық  қасиеттер  тізімі.  Программа  көрсетілген 
символдық  белгіленуіне  байланысты  химиялық  элемент  туралы  мәліметті 
шығаруды,  ең  үлкен  массалы,  ең  кіші  ядро  заряды  бар  элементті  табуды  орындауы 
қажет. 
8. 
Үй  тұрғындары  структурасы  массивін  сипаттайтын  программа  құрыңыз.  Онда 
әрқайсысы үшін келесі ақпараттар берілген: пәтер нөмірі, тегі, аты, жасы, 18 жастан 
асқан  тұрғындар  үшін  қызмет  түріне  байланысты  (оқу,  жұмыс,  зейнет)  –  жұмыс 
орны  және  еңбек  өтілі  туралы,  зейнеткерлер  үшін  зейнетке  шыққан  жылы  туралы 
жазба болуы керек. Программа мәліметтерді енгізуді, тұрғындар саны ең көп пәтерді 
іздеуді,  ең  жас  және  ең  кәрі  тұрғынды  табуды,  студенттер  мен  зейнеткерлерді 
іздеуді жүзеге асыруы керек.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет