Мысалы,
io.seekg(5, ios::cur) – оқу барысында маркерді ағымды орынынан 5 байтқа
жылжыту;
io.seekg(-7, ios::end); - маркерді соңынан бастап 7 байтқа жылжыту
керектігін білдіреді.
Аргументтер:
Io::cur – ағымды орынынан; Io::beg – файл басынан;
Io::end - файл соңынан жылжытылатынын білдіреді.
Файлдық лектің күйін анықтау функциялары:
Функция
Түсініктеме
eof()
Файл соңын кездестірсе, 0-дік емес мән қайтарады
fail()
Лекте қате кездессе 0- ден өзге мән қайтарады
bad()
Енгізу-шығару барысында мағыналы қате кетсе, нөлден өзге
мән қайтарады, онда лекпен жұмыс тоқтатылғаны дұрыс. Лек
күйінің биттік мәндері анықталмаса, 0-ге тең емес мән береді.
rdstate()
Мына тұрақтылардың бірін, яғнм лектің ағымды күйін
анықтайтын мәнді қайтарады:
Ios::goodbit - қате жоқ
Ios::eofbit – файл соңына жетті
Ios::failbit – форматтау немесе түрлендіру қатесі
Ios::badbit - маңызды қате
clear()
0-ге тең болса тазарту
12.2. Файлдық енгізу-шығару
Файлдан оқығанда Pascal-дағы секілді,
fprinf(fin,’формат’, <айнымалы>);
fscanf(fin,'формат', <айнымалы>);
fseek() функциясы:
Жалпы форматы:
Int fseek (FILE *str, long offset, int orig)
М, fseek (f, K, r)
Fseek функциясы f Көрсеткіші арқылы берілген файлдағы ағымды көрсеткішті К
байтқа жылжытады. Жылжыту:
- файлдың басынан (r=0)
- ағымды көрсеткіш тұрған (r=1)
- файлдың аяғынан (r=1) басталуы мүмкін.
Си- де r-дің мәні ретінде көрсету үшін қолданылатын 3 const қарастырылған:
SEEK_SET (файл басынан жылжу)
SEEK_CUR(ағымдағы позициядан бастау)
SEEK_END(файл соңынан)
Fseek() функциясы қызметі сәтті аяқталса 0-ді, әйтпесе EOF мәнін қайтарады.
Ftell()-функциясы файл басынан бастап ығысқан шамамен анықталады, яғни long
типті мән қайтарады, ағымды көрсеткіштің рынын анықтайды.
Ж.Т: long ftell(FILE*str)
Ftell(f)
Rewind функциясы ағымды көрсеткішті файлдың басынан орындайды.
rewind(FILE*str);
rewind(f) мынаған сәйкес мәнді қайтарады;
fseek(f, ol, seek_set);
Әдебиеттер
1. Керниган Б., Ритчи Д.,- Язык программирования Си. – М.: Финансы и
статистика, 1985 г.
2. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных: Пер. с анг.- М.: Мир, 1989 г.
3. Д.Кнут Искусство программирования для ЭВМ. Основные алгоритмы. М.:
Мир, 1976. 3.
4. Н.Культин., С/С++ в задачах и примерах – БХБ-Петербург, 2002 г.
5. Крис Паппас., Программирование на С и С++ - BHV, Киев, 2000 г.
6. Т. А. Павловская, А. Ю. Щупак С/С++ Структурное программирование:
Практикум- СПб.: Питер, 2005
7. Уэйт М . Язык Си. Руководство для начинающих: Пер. с англ. – М., Мир, 1988
г.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемелететтік университеті
«050704-ЕТ және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы
күндізгі бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған
«Программалау технологиялары» пәнінен
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Ақтөбе, 2011
III. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУДЫ ҚҰРАСТЫРҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН
Орындаушы
Информатика және ЕТ кафедрасының
Доценті, п.ғ.к. ______ Байбақтина А.Т.
«___»__ 2011 ж.
Жауапты орындаушы
Информатика және ЕТ кафедра
меңгерушісі _____________ Сарсимбаева С.М.
«___» _ _2011 ж.
II.
КАФЕДРАНЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК
СЕКЦИЯСЫНЫҢ
ОТЫРЫС
БАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № _ «__» _____2011 ж.
III. СЫН-ПІКІР БЕРУШІ
___АЖ кафедрасының аға оқытушысы _________ _____Жахина Р.У.
«_ _»_________2011 ж.
IV.
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА
ФАКУЛЬТЕТІ
ӘДІСТЕМЕЛІК
КОМИССИЯСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ
Хаттама № __ «___» _ _ 20__ ж.
V.
Қ.ЖҰБАНОВ
АТЫНДАҒЫ
АМУ-НІҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
СЕКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА МАҚҰЛДАНҒАН
Хаттама № __ «___» _ _ 20__ ж.
VІ. АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ
2012 жыл
ҚАЙТАЛАП ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ
2 жыл
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС №1
Тақырыбы: С/С ++ ТІЛДЕРІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ
КОМПОНЕНТТЕРІ
Мақсаты: - ІDE (interated development environment) біріктірілген құралдар
ортасының жұмысын түсіндіру;
- оның негізгі компоненттерімен таныстыру;
- С/С ++ тіліндегі программаның өңделуін: енгізу, тестілеу,
компиляциялау реттерін үйрету.
Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДК, С/С++ тілінің IDE ортасы,
лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Лабораториялық жұмыстың мазмұны және орындалу реті:
1. С/С ++ тілінде программалау ортасының негізгі компоненттерімен танысу
және жұмысын меңгеру.
2. Ұсынылған мысалды орындау және талқылау.
3. Қарастырылған жеке тапсырмалардың оқытушы ұсынған нұсқасын орындау.
4. Лабораториялық жұмыстың есебін (отчет) дайындап тапсыру.
Негізгі әдістемелік нұсқаулар:
Программалау ортасы – IDE–біріктірілген программалау ортасы – құралдар
жиынтығынан
тұрады.
Ол
құралдар:
программаны
жазуға,
өңдеуге,
компиляциялауға, құрастыруға (компановка) және жөндеуге (отладка) арналған.
Сонымен қатар, ортада мынадай қосымша мүмкіндіктері арастырылған:
Монитор экранында бірнеше терезені бейнелеп және оның өлшемін қажетінше
өзгертіп, орнынан жылжытып қарауға болады;
«Мышь» манипуляторын қолдану;
Диалогтар блогы бар;
Текст фрагментін өшіру және орналастыру мүмкіндігі бар;
Басқа программаларды шақырып қолдану мүмкіндігі;
Редакторда макротіл қолданылады.
IDE ортасының негізгі 3 компоненті бар: С/С ++тілдерінің кең тарағаны turbo C++
(Borland фирмасынан шыққан) ортасына қатысты сипаттау беріледі:
- Экранның жоғарғы бөліміндегі менюлер жолы;
- Экранның ортасындағы жұмысшы алаңы;
- Экранның төменгі бөлігінде қалыпты-күй жолы.
Менюлер жолы:
Менюден кейбір элементті таңдағанда диалогты блоктар экранға шығарылады.
Менюлер жолы менюдегі барлық командаларды қолдану жолын алады. Ондағы
қажетті менюді мышпен шерту немесе F10 тетігін басып қажетіне жылжып бару
арқылы екпінді етуге болады. Екпінді менюден басқару тетіктері мен Enter пернесін
басу арқылы команда таңдалады.
Команда таңдалғанда ішкі меню (команда қасында үшбұрышты символ болса)
немесе диалогты блок (команда қасында көп нүкте тұрса) ашылуы мүмкін, ал
команда қасында ештеңе болмаса ол тікелей орындала бастайды.
Диалогты
блокта
параметрлерді
анықтау
мынадай
негізгі
басқару
құралдарының: таңдау көрсеткіштері, күйін ауыстырғыштар, әрекеттер түймесі,
енгізу блогы, тізімдер блогы арқылы жүзеге асырылады.
Жүйеде меню екі түрде қатысуы мүмкін: толық немесе азайтылған. Мұның
қажетін орындау үшін:
Options\Full Menus командасы қолданылады, сәйкесінше OFF немесе ON
күйлері орнатылады.
Жүйеде кез-келген әрекет нақты бір терезеде орындалады. Бір уақытта бір
терезе екпінді бола алады, бірақ бірнеше терезе ашық болуы мүмкін. Терезенің
бірнеше түрі бар, оның әрқайсысының мынадай элементтері болады:
- тақырыптар жолы;
- терезені жабу маркері;
- айналдырғыш сызғыш;
- терезе өлшемін өзгерту бұрышы;
- экранға терезені толығымен ашу маркері;
- терезе мөлшері (1-ден 9-ға дейін).
Қалыпты күй жолы:
Экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Төмендегідей функцияларды атқарады:
Екпінді терезедегі орындалып отырған әрекетке байланысты қолдануға болатын
негізгі пернелер туралы мәлімет беріп отырады;
Нақты көрсетіліп тұрған әрекетті орындау үшін менюден команданы таңдаудың
орнына перне белгісіне мышь Көрсеткішін қойып, сосын шерту арқылы
жеңілдету мүмкіндігі бар.
Программада қандай әрекет орындалып отырғандын хабарлайды.
Менюден таңдалған команда немесе диалогты блок элементтері туралы қосымша
бір жолдық кеңестер мен ұсыныстар береді.
Терезенің жүйелік менюі:
ALT – пробел пернелер комбинациясын басу арқылы терезенің сол жақ жоғарғы
бұрышында орналасқан жүйелік меню ашылады. Мұнда төмендегідей
командалар орналасқан:
About - бұл команда таңдалғанда диалогты блок ашылады, мұнда TURBO
C++ версиясы туралы және авторлық құқығы жайында информация беріледі. Бұл
терезе ESC немесе ENTER пернелерін басу арқылы жабылады.
Clear Desktop - командасы арқылы ашық терезелердің бәрі жабылып,
тізімдегі барлық анықтама өшіріледі. Жаңа проект құру барысында қолданған
тиімді.
Repaint Desktop - экрандағы бейнені регенерациялауды жүзеге асырады.
Transfer ішкі менюінің элементтері:
Options/Transfer командасының көмегімен шақырылып ашылған диалогты
терезеден анықталып, орнатылған барлық прграммалардың аттары көрсетіледі.
Қажет программаның атын жүйелік менюден таңдап жүктеу керек.
File(ALT F) менюі терезелерге программаларды ашуға, енгізуге және өңдеп
сақтауға, сонымен қатар файлдарға әрекет қолдануға және DOS операциялық
жүйесі ортасына уақытша көшіп жұмыс жасауға, TURBO C++ ортасының жұмысын
аяқтауға мүмкіндік береді.
FILE\OPEN командасын таңдағанда диалогта блок ашылады да, мұнда ашылатын
файл көрсетіледі.
Ашу үшін мынадай әрекеттің бірі орындалады:
1) Файлдың толық атын көрсетіп, REPLACE немесе OPEN түймесінің бірін басу
керек.
Open түймесі басылса, онда файл Edit редакторының жаңа терезесінде ашылады,
ал Replace түймесін басу үшін екпінді терезе болуы тиіс және нәтижесінде
таңдалған файл сол терезедегі программа орынына ашылады.
2) Файл аттарын метасимволдармен беру. Бұл жағдайда файлдар тізімін
спецификациясына байланысты елеп алуға болады.
Бұған дейін енгізілген файлдар спецификациясы тізімінен таңдау үшін ? таңбасын
қолдану керек.
3) Басқа файлдар мазмұнын қарауға болады, ол үшін файлдар тізімінен басқа
каталог атын таңдау қажет.
Енгізу блогында файл атын нақты немесе шаблондар арқылы енгізуге болады,
нәтижесінде файл бар болса ашады, әйтпесе сол атпен жаңа файл құрады. Курсор
енгізу блогында тұрған сәтте ? пернесі басылса, онда бұған дейін қолданылған сегіз
файлдың тізімі беріледі.
File\ New командасы NONAMExx. С (хх дегеніміз 00 -ден 99-ға дейінгі сан).
NONAME атауымен аталған файл редакциялауға арналған уақытша буфер болып
табылады, файлды сақтарда файлға нақты атау беріледі.
File\ Save командасы редактордың екпінді терезесіндегі файлды дискіге
жазады. Егер нақты атауы болмаса (NONAMEOO.Cжәне т.с.с.) TurboC++ Save
Editor File диалогты блогын ашады да, сол блокта атауы мен сақталатын орыны
көрсетілуі тиіс.
File\Save As... екпінді терезедегі файлды басқа атпен сақтауға мүмкіндік береді.
File\Change Dir жұмысшы каталогты өзгерту, яғни атауы мен жолын көрсетуге
мүмкіндік береді. Жұмысшы каталог дегеніміз - Turbo C++ файлды сақтағанда
немесе іздегенде қарайтын каталогы.
File\Print Turbo C++ - дегі екпінді терезенің мазмұнын баспаға шығарады.
Текстің тек белгіленген бөлігін Ctrl-K P пернелер комбинациясын басу арқылы
баспаға шығаруға болады.
File\Get Info командасы ағымдағы каталог туралы информация блогынан тұрады.
Get Info блогының мәндері кестесі:
МӘНІ МАҒЫНАСЫ
Current directory - Каталогтың қалыпты аты
Current file - Екпінді терезедегі файл аты
Extended memory usage - Turbo C++ -ге бөлінген қосымша жады мөлшері
Expanded memory usage - Turbo C++ - ге арналған кеңейтілген жады мөлшері
Lines compiled - Компиляцияланған жолдар саны
Total warnings - Жүйенің ескертпе хабарламаларының саны
Totals errors - Генерацияланған қателер саны.
Total time - Программаның соңғы рет орындалған уақыты.
Program loaded - Өңдеу статусы
Program exit - Соңғы аяқалған программадан қайту коды.
Available memory - Қолданылатын жады көлемі DOS (640 К)
Last step time - Өңдеу барысындағы соңғы қадамның орындалған уақыты
File\ DOS Shell Turbo C++ ортасынан уақытша шығып DOS командаларын
орындауға мүміндік береді. Turbo C++ ортасына оралу үшін клавиатурадан EXIT
командасын енгізіп Enter басу керек.
Берілген команданы орындау барысында жады мөлшері жетпей қалса, онда
Run\Program Reset (Ctrl-F2) командасының көмегімен өңдеуді тоқтату қажет.
File\Quit командасы Turbo C++ жүйесінен шығып, оны жадыдан өшіріп, басқару
билігін DOS ОЖ-не береді. Егер терезелерде сақталмаған өзгертулер жасалған
болса, оларды сақтау туралы сұранымдар жасалады.
Edit(Alt-E) менюі:
Редактор терезелеріндегі текстке өзгертулер, енгізулер, өшірулер жүргізеді.
Сонымен қатар текстік буфер мазмұнын қарауға да болады. Тексті белгілеу
дегеніміз - оны өзге түске бояу. Ол үшін:
1) Shift пернесін стрелкалармен бірге басу;
2) Ctrl-K B пернелерін қатар басу арқылы белгіленетін текст блогының басын
көрсету, сосын курсорды белгіленетін блок соңына қойып Ctrl-K K басу керек.
3)Жолды белгілеу үшін Ctrl-K L басу қажет.
Фрагмент белгіленген соң ғана Edit менюіндегі командалар қолданылады және
Clipboard буферін пайдаланады.
Restore Line командасы соңғы орындалған команданы кері қайтарады.
Cut (Shift-Del) командасы белгіленген фрагментті құжат текстінен өшіреді де оны
буферге орналастырады.
Copy (Ctrl-Ins) командасы
белгіленген
фрагменттің
көшірмесін
буферге
орналастырады. Оны Paste командасының көмегімен басқа текстке қоюға болады.
Сол секілді Help терезесінен фрагмент алуға болады.
Paste (Shift-Ins) командасы буфердегі тексті жұмысшы терезенің курсоры тұрған
жеріне орналастырады.
Show Clipboard командасы басқа терезелерден көшірілген және өшірілген текст
фрагменттері орналасқан Clipboard терезесін ашады.
Clear (Ctrl-Del) командасы тексттегі белгіленген фрагментті өшіреді.
Search (Alt-S) менюі:
Search менюі тексті іздеу, функцияны сипаттау және файлдағы қате жіберілген
орында іздеу әрекеттерін орындайды.
Search\Find (Ctrl Q F) командасы Find диалогты блогын ашады, мұнда іздеу
үлгілерін және параметрлерін беруге болады.
Replace (Ctrl Q A):
Search Replace командасы текстегі ізделінді фрагментті және оның орынына
қойылуға тиіс фрагментті көрсетуге мүмкіндік беретін диалогты терезені ашады.
Search\Again (Ctrl L) командасы Find немесе Replace командаларының соңғы
әрекетін қайталайды. Мұнда соңғы орнатылған параметрлері қолданылады.
Run (Alt-R)
менюі:
Бұл меню
командалары программаны орындайды және өңдеу сеансын
инициялизациялайды, аяқтайды.
Run(Ctrl-F9)
Run командасы Run Arguments командасы көмегімен берілген аргументтерді
пайдаланып программаны орындайды.
Тrace Into(F7) командасы программаны операторлап орындайды. Және функция
шақырылса, оны толығымен бірден орындаудың орынына оның да операторларын
біртіндеп орындайды.
Run\Program Reset(Ctrl-F2) командасы программаның ағымды өңдеу сеансын
тоқтатады, программа жадысын тазалайды және программада қолданылған барлық
файлдарды жабады.
Run\Step Over командасы ағымды функциядағы келесі операторды орындайды,
Step Over командасын функцияны операторлап орындату барысында басқа
қолданылатын
функцияларға
кірмей
орындату
керек
болған
жағдайда
пайдаланыңыз.
Run\Arguments
командасы
орындалатын
программада
командалық
жол
аргументтерін DOS ОЖ-де қандай түрде берілсе, сондай түрде анықтауға мүмкіндік
береді. Мұнда DOS енгізу-алу командалары қарастырылмайды.
Compile (C) менюі командалары екпінді терезедегі программаны және
проектіні толығымен немесе таңдап компиляциялауға қолданылады.
Compile\ Make EXE File - EXE-файл құруға арналған проектілер менеджерін
шақырады.
Compile\Link EXE File командасы ағымды OBJ и LIB-файлдарын қолданады
және оларды и жинақтайды.
Debug (Alt F9) менюі командалары біріктірілген өңдегіштің барлық
мүмкіндіктерін басқарады.
Debug Inspect (Alt F4) командасы арқылы мәліметтер элементтерін талдап,
жөндеуге мүмкіндік беретін Inspector терезесін ашуға болады.
Options(Alt-O) менюі
командалары
Turbo
C++
ортасының
негізгі
функцияларының стандартты параметрлерін қарауға және өңдеуге мүмкіндік
беретін командалардан тұрады.
Көп файлдық проекттерді басқару
Қазіргі программалау технологиясы бойынша бір тұтас программалық жабдық
– паралелль дайындалған бірнеше программалық файлдардан тұрады. Сондықтан
бірнеше файлдан проект құру мүмкіндігі болуы керек. Бұл үшін С ++ ортаснда
қосалқы проектілер менеджері (ПМ) қолданылады. ПМ құрылатын проектіні
құрайтын файлдарды анықтайды және проект рекомпиляцияланғанда проект
файлында сақталған информацияны жаңартады. Проект файлында мынадай
информациялар сақталады:
- проектке енетін барлық файл аттары;
- олардың дискідегі маршруттар;
- алдымен компиляцияланатын файлдармен олардың басқа файлдармен байланысы;
- программаның әрбір бөлігінің құрылуы барысында қажетті компиляторлар түрлері
мен командалық жолдарының параметрлері анықталады;
- нәтижелік программа қайда орналастырылатыны;
- соңғы рет компиляцияланғанда анықталған код өлшемі, мәліметтер өлшемі мен
жолдар саны.
Проект құру үшін мынадай әректтер орындалады:
1) Проект файл атын таңдау, ол үшін: Project / Open Project командасы
орындалады;
2) Проектіге құрамына енетін файл аттарын қосу, яғни Project / Add Item
командасын таңдау арқылы;
3) Жүйеге файлды компиляциялау командасын беру, ол үшін: compile\Make
EXE немесе F9 басылады;
4) Соңынан программаны орындауға жіберу керек, яғни Run\Run немесе
CTRL+F9 пернелер комбинациясы басылады.
Кейін де мынадай әрекеттерді орындауға болады:
Проектіге тағы да файлдар қосып немесе алып тастау;
Проектіге енгізілген файлдарға қатысты параметрлер беруге;
Проектіге нақты бір файлға енгізілетін файлдар мазмұнын қарау.
Өзіндік жұмыс т а п с ы р м алары:
Қарапайым программа енгізіп, оны еске сақтап, оның текстін арнайы
командалар арқылы редакциялап көріңіз. Turbo C++ ортасының қызыметін
толығымен меңгеруге арналған мысалдар қараңыз.
Блиц- тест:
1. С++ тілінің IDE ортасында төмендегі компоненттердің қайсысы жоқ?
a. қалыпты күй жолы.
b. менюлар жолы.
c. саймандар тақтасы.
d. терезе.
2. С++ тілінің IDE ортасында бір терезелердің бірінен біріне көшу үшін мына
перделер комбинациясын басу керек:
a. shift + a
b. ctrl+a
c. alt+1
d. alt+терезе нөмірі
e. ctrl+ терезе нөмірі
3. C программалау ортасында текст блогын өшіріп тастау үшін қандай пернелер
комбинациясы қолданылады?:
a. Ctrl+del
b. Ctrl+shift
c. Ctrl+ins
d. Ctrl+end
e. Shift+del
C программалау ортасында текст блогын өшіріп тастау үшін қандай пернелер
комбинациясы қолданылады?:
a. Ctrl+del
b. Ctrl+shift
c. Ctrl+ins
d. Ctrl+end
e. Shift+del
Бақылау сұрақтары:
1. Turbo C++ ортасының негізгі элементтері қандай?
2. Диалогты блок дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |