Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет18/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


Тиләуәт сәждесі

Құранда он төрт жерде сәжде аяты бар. Бұларды 

оқыған, естіген адамның сәжде етуі – уәжіп. Тиләуәт 

сәждесін  жасайтын  адамның  дәреті,  әурет  жерінің 

жабық болуы тиіс. Ниет етіп, құбылаға қарап, қолдарын 

көтермей «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Үш рет 

«субхана раббиал-ала» дегеннен кейін қайта «Аллаһу 

әкбар» деп орнынан тұрады. Бұлай істеу – сүннет. Бірақ 

артынан «Ғуфранака рәббәнә уа иләйкал-масир» деу – 

мұстахап. «Аллаһым! Кешіріміңді тілеймін. Сөзсіз саған 

қайтамыз».

Кісі бір жерде тұрып, бір сәжде аятын бірнеше мәрте 

қайталаса, бәріне бір сәжде жеткілікті. Бірақ бір жерде әр 

түрлі сәжде аятын оқыса, әрқайсысына жеке-жеке сәжде 

қажет. Аятты радио, телеарнадан естуі мен жанындағы 

адамнан естуі арасында ешқандай айырмашылық жоқ. 

Хайыз  бен  нифастағы  әйелдерге  сәжде  аяты  уәжіп 

емес.


Сәжде аяттары: Ағраф, 7/206, Рағыд, 13/15, Нахыл, 

16/50, Исра, 17/109, Мәриям, 19/25, Хаж, 22/18, Фурқан, 



269

Намаз

25/60, Нәмл, 27/25, Сәжде, 32/15, Сад, 38/24, Фүссиләт, 

41/37, Нәжм, 53/62, Иншиқақ, 84/20, Алақ, 96/19.

Шүкір намазы және сәждесі

Бір  қиыншылықтан  құтылған  уақытта  немесе 

жетістікке,  яки  нығметке  бөленген  уақытта  шүкір 

ретінде  екі  рәкат  намаз  оқу  немесе  сәжде  жасау  – 

сүннет. Ислам дұшпаны Әбу Жәһил өлтірілген уақытта 

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) екі рәкат намаз оқығаны 

жайлы риуаят бар.

Ал шүкір сәждесі тиләуат сәждесі сияқты жасалады. 

Құбылаға қарап, қолын көтермей тәкбір айтып сәждеге 

барады. Сәждеде мадақ, тәсбих, шүкір айтқаннан кейін 

тәкбір айтып тұрады.

Шағымдануға еш қақымыз жоқ

Бір  адам  Мәулана  Жәләладдин  Румидің  алдына 

келіп, өзінің кедейлігін айтып шағымданады. Ғұлама 

одан: «Егер саған, денеңнің бір мүшесін кесіп алып, 

орнына мың алтын ұсынса, разы болар ма едің?»,- деп 

сұрайды. Жаңағы кісі: «Жоқ, разы болмас едім»,- деп 

жауап береді. Сол кезде Мәулана оған ойлана қарап: «Ба-

уырым, олай болса, неге өмір қиыншылықтарын айтып 

шағымданасың? Ешқандай алтынның құны жетпейтін 

осыншама мүшелерің орнында, денің сау бола тұра, со-

ларды саған тегін берген Аллаһ Тағалаға шүкіршілік 

етудің орнына «кедеймін» деп мұң шағу дұрыс па екен?!» 

деп төмен қаратқан екен.


270

Ислам ғылымхалы

Аллаһ Тағаланың «Егер құлым қолындағы ырыстың 

шүкірін өтесе, оның ырысын арттыра түсемін» деген 

сөзін ұмытпау керек.



* * *

Жаназа намазы

Өлім – негізінде жоқ болу, мәңгілік есінен танып, 

шіріп кету деген нәрсе емес. Өлім – рухтың тәннен айры-

лып, ғұмырдан арғы бетіне өтуі. Әһли сүннет бойынша, 

рух өлмейді, жоғалмайды.

Абай атамыздың айтқанындай:



Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Бірақ ол ойнап, күліп, қайта келмес,

«Мені» мен «Менікінің» айрылғанын

Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес.

Денеден  шыққан  жан  фәни  мен  бақи  әлемнің 

арасындағы қабір атты күту әлеміне кетеді. Жақсы мен 

жаман бір емес. Екеуінікі екі бөлек дүние. Жақсылар 

жәннатқа ұқсас әлемде, жамандар жаһаннамның бір 

шұқырына түсіп, қайта тірілгенше рухы азап шегеді. 

Шейіттер болса, мүлдем басқа ғажайып әлемде өмір 

сүреді. Олардың қабір әлеміндегі адамдардан ең басты 

айырмашылығы – өлілер өздерінің өлгендерін біледі, 

шейіттер бұл фәниден өткенін білмейді. Өздерін тірі 

деп ойлайды. Құранда Аллаһ Тағала: «Аллаһ жолында 

өлгендерге (шейіт) «өлі» демеңдер. Керісінше, олар 

тірі. Бірақ сендер сезе алмайсындар»

300

, – дейді.

300


 Бақара, 2/154.

271

Намаз

Өлім тақағанда жасалатын нәрселер

Соңғы сәт таянғанда кісіні оң жағымен жатқызып, 

құбылаға қарату керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) 

Қағба жайында: «Өлі мен тірілердің құбыласы»

301

, – деген. 



Өлім аузындағы кісінің аузына қасық немесе саусақпен 

су беріледі. Науқас қатты қиналса, оған жақындары 

көмектесуі  керек.  Оның  жанында  тұрып,  «шәһадат 

кәлимасын» қайталап, оның айтуына көмектесу – сүннет. 

Бірақ бұл сөзді зорлап айтқызуға болмайды. Өйткені 

Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ескерткен: «Ләә илаһә иллаллаһты» 

айтуға көмектесіңдер. Өлім сәтінде оны айтқан жанды 

осы сөз жаһаннамнан құтқарады». «Ақырғы сөзі «Ләә 

илаһә иллаллаһ» болған адам жәннатқа кіреді»

302


.

Кісі  қайтыс  болған  кезде  аузы  жабылып,  таза 

шүберекпен таңылады. Бір матамен басын байлайды. 

Көздерін жұмады. Қолдары жанына қойылады. Одан 

кейін өліктің үстін матамен жабады. Өлген кісінің жа-

нында жуылғанға дейін Құран оқу – мәкрүһ.



Жаназаның жуылуы

Жаназаның жуылуынан көмілуіне дейін жасала-

тын істерге – «тәжһиз» (әзірлеу) дейді. Исламда өлген 

адамның ең қысқа мерзімде жуылып, кебінделіп, жаназа 

намазы оқылып көмілуі керек. Бұл – мұстахап.

Мәйіттің  жуылуы:  Мәйітті  жоғары  бір  жерге 

шалқалап жатқызып, әурет жері жабылады. Ер кісіні 

– ерлер, әйел затын – әйелдер жуады. Мәйітті жуған 

бір кісіге тағы бір кісі су төгіп көмектеседі. Мәйіттің 

301


 Әбу Дәәуд, Уәсайә,10.

302


 Муслим, Жанаиз, 1-2.

272

Ислам ғылымхалы

басы мен денесінің басым көпшілігі бар болса жуылады. 

Егер де басы болмай тек қана жартысы болса, немесе 

кеудесінің  басым  көпшілігі  жоқ  болса,  жуылмайды. 

Кебінделмейді, намаз да оқылмайды. Бір матаға орап 

көміледі. Мәйітті жуу – оған ғұсыл мен дәрет алдыру. 

Ғұсыл алуды білетін адам өлікті жуа алады.

Жуатын адам қолына бір мата орап, мәйіттің әурет 

жерін жуып, тазалайды. Осыдан кейін мәйітке дәрет 

алдырады. Дәрет алдырған уақытта аузына, мұрнына су 

құймайды. Тек қана саусақтарымен мәсіх етіп сүртеді. 

Бетін және қолдарын жуып, басын мәсіх етеді. Аяқтарын 

жуады. Осыдан кейін мәйіттің үстіне су төгіп, басы мен 

денесін  сабындалған  сумен  тазалап  жуады.  Оң  мен 

солына кезек-кезек ауыстырып жуады. Әр мүшені жуған 

кезде үштен аз жумау – сүннет. Осыдан кейін жаназаны 

отырғандай етіп, өзіне тартып, қарнын басады. Асты-

нын бір нәрсе шықса, тек сол жерді ғана жуып таза-

лайды. Қайта дәрет алдырудың қажеті жоқ. Бәрі біткен 

кезде мәйітті сүлгімен сүртіп, кебіндейді. Одан кейін 

басына, жүзіне, сақалына әтір жағады. Мәйіттің шаш 

пен тырнақтары алынбайды. Мәйітті жабық жерде жуу 

керек. Мәйітті өзіне ең жақын адамның немесе жаназа 

жууды жақсы білетін адамның жуғаны жақсы. Әйел 

ерін жуа алады. Бірақ әйелді жуатын әйел кісі болмай 

қалған жағдайда ері өлген әйеліне тек қана тәйәммүм 

алдыра  алады.  Қатты  ісіп  кетіп  жарылғалы  тұрған 

немесе жуылуы мүмкін емес мәйіттің үстіне су төгілсе, 

жеткілікті. Жуатын кезде жууға ниет етіп, «бисмиллаһ» 

деп бастайды. Жуған уақытта «ғуфранака иа Рахман», 

«Аллаһым кешір» деген дұғана қайталап отырады. Егер 

су табылмаса тәйәммүм жасалады. Бөтен еркектер ара-

сында өлген әйел мен бөтен әйелдер арасында өлген 


273

Намаз

еркектерге тәйәммүм жасалады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) 

былай дейді: «Әйел өзінен басқа әйел болмай еркектер 

арасында өлсе, еркек өзінен басқа еркек болмай әйелдер 

арасында өлсе, екеуі де тәйәммүм жасалып көміледі. 

Екеуінің жағдайы да су табылмаған болып санала-

ды».

Шейіт жайында

Соғыс кезінде кәпірлердің қолынан өлген шейіттер 

жуылмайды.  Тек  қана  кебіндікке  лайық  көйлекпен 

кебінделеді.  Олар  қандарымен  қоса  көміледі.  Яғни, 

қандары жуылмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) 

былай дейді: «Шейіттер жуылмайды. Өйткенң, әрбір 

жарасы мен әрбір қаны қиямет күні айналаға миск секілді 

жайылады


303

. Аллаһ Елшісі Ухуд шейіттерін қандарымен 

қоса  жерледі.  Оларды  жумады  әрі  намаздарын  да 

оқымады. Ханафилар бойынша, жаназа намазы оқылады. 

Шейіттерге  жаназа  намазы  оқылмауының  хикметі  – 

жаназа намазы өлілерге оқылады. Шейіттер болса тірі. 

Құранда  оларға:  «Аллаһ  жолында  өлтірілгендерді 

(шейіттерді) өлі демеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіп 

біле алмайсыңдар»

304


, – деп айтылады.

Жаназаның кебінделуі

Мәйіт  жуылғаннан  кейін  кебін  суланбау  үшін 

құрғатылады. Ер адамның кебіні үшеу:

Әуелгі екеуі: «Изар» мен «Лифафә» бастан аяққа 

дейін ұзын болады. Лифафә ең үстінде, бас пен аяқ 

ұштарынан буылатындықтан изардан ұзын тұрады.

303

 Ахмед ибн.Ханбәл,ІІІ, 299.



304

 Бақара, 2/154.



274

Ислам ғылымхалы

Ақырғысы: «Қамис». Мата екі қабатталып барып, 

ортадағы тұйық жерден бас сыярлықтай жыртылады. 

Бас шығарылатын жыртық екі иыққа қарай жыртылған 

жөн. Ұзындығы мойынның түбінен аяққа дейін.

Әйел  адам  үшін  орамал  мен  кеуде  жамылғыш 

қосылғандықтан әйелдің кебіні – бес қабат.

Жаназа намазы

Бұл – жуылып тазаланған мәйіт үшін мұсылмандардың 

дәрет алып, құбыла жаққа қарап, түрегеп тұрып оқыған 

намаз бен мәйіт үшін жасайтын дұға. Жаназа намазы 

– кифая парыз. Яғни, бір аймақта бірнеше мұсылман 

жаназы  намазын  оқыса  жетіп  жатыр.  Егер  оқымаса, 

барлығы бірге жауапкер және күнәлі. Жаназа намазының 

шарты – ниет. Бұл ниетте мәйіттің ер немесе әйел, ер бала 

немесе қыз бала екені білдіріледі. Имам Аллаһ ризалығы 

үшін жаназа намазын оқуға және сол мәйітке дұға етуге 

ниет етіп, «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алып, намазды 

бастайды. Жамағат та ниет етіп, имамға ұйиды. Мәйіт 

еркек болса, «Мына ер үшін», әйел болса, «Мына әйел 

үшін» деп ниет етеді. Балалар үшін де осы түрде ниет 

етеді. Жамағаттан бір адам мұны біле алмаса, имаммен 

бірге намаз оқуға ниет қылады.

Жаназа намазының парызы – тәкбірлер мен қиям. 

Бұл намазда рукуғ, сәжде, Құран оқу, тәшәһһүд жоқ. 

Шарттары алты:

1.  Мәйіттің мұсылман болуы.

2.  Өзінің және қойылған жердің таза болуы.

3.  Жамағаттың алдында болуы.

4.  Дене мүшелерінің басым көпшілігінің немесе 

басы, денесінің жартысының бар болуы.

5.  Жерге қойылуы.


275

Намаз

6.   Намаз оқитын адамның себепсіз бір нәрсеге 

мінбеуі немесе отырмауы. Жаназа намазында жамағат 

шарт емес. Бір ер мұсылман немесе бір әйел мұсылманның 

оқуымен парыз орындалады.

Жаназа намазының сүннеті

Имам жаназаның көкірек тұсында тұруы.

Бірінші тәкбірден кейін «субханака Аллаһумма» 

дұғасын  «уа  жәллә  сәнәәука»  бөлімімен  бірге  оқу 

керек.

Екінші тәкбірден кейін Пайғамбарымызға (с.а.у.) 



салауат айту.

Үшінші тәкбірден кейін мәйітке, өзіне және күллі 

мұсылман  қауымына  дұға  ету.  Пайғамбарымыздың 

(с.а.у.) мына дұғасын оқу абзал

305

.

 َو اناَثْنُا َو انِرَكَذ َو انِبِئاَغ َو انِدِها َش َو انِتِّيَم َو انِّي َحِل ْرِفْغا َّمَهللأ{



  ْنَم َو ِملا ْسلاا  َىلَع ِهِي ْحَاَف اَّنِم ُهَتْيَي ْحَا  ْنَم َّمُهللا .انِريبَك َو انِريغ َص

} ِناميلا ىَلَع ُهَّفَوَتَف َاّنِم ُهَتْيَّفَوَت



  Оқылуы:  «Аллаһуммәғфир  ли  хаййнәә  уә 

мәййтинәә уә шаһидинәә уә ғаибинәә уә зәкәринәә 

уә унсәнәә уә сағиринәә уә кәбиринәә.

Аллаһуммә мән ахиәйтәһу миннәә фә ахиһи ‘алал-

исләм уә мән тәуәффәйтәһу миннәә фа тәуәффәһу 

‘алал-иман»

Мағынасы: «Аллаһым! Тірілерімізге, өлілерімізге, осы 



жердегілерге және мұнда болмағандарға, ерлерімізге, 

әйелдерімізге, кішіміз бен үлкенімізге кешірім ет!

305


 Әбу Дәәуд, Жанаиз, 38.

276

Ислам ғылымхалы

Аллаһым! Бізден кімге өмір берсең, соған ислами өмір 

нәсіп ет! Ал арамыздағы ажалы жеткен құлдарыңның 

жанын иманмен ала гөр!».

Осы  дұғадан  кейін  жаназаға  қарай  төмендегі 

дұғалардың бірі оқылады:

Егер жаназа ер кісі болса мына дұға оқылады:

  ِناو ْضِّرلا َو ِةَرِفْغَمْلا َو ِة َحاَّرلا َو  ِحْوَّرلاِب  َتْيَمْلا اذَه  َّص ُخ َو{

 ْزَواجَتَف ًائي ِسُم َناك  ْنِا َو ِهِنا َس ْحِا ىف ْدِزَف ًانِس ْحُم َناك ْنِا َّمًهللأ ,

 َم َحْرَا اي  َكِتَم ْحَرِب ىَفْلُّزلا َو َةَماَرَكْلا َو ىَر ْشُبْلا َو َنْمَلاا ِهِّقَل َو ُهْنَع

} َنيم ِحاَّرلا



Оқылуы: «Уә хуссә Һәзәл-мәйитә бир-раухи уәр-

рахати уәл-мәғфирәти уәр-ридуан.

Аллаһуммә ин кәнә мухсинән фәзид фи ихсәниһи 

уә ин кәнә мусииән фә тәжәуәз ‘анһу уә лаққиһил-әмнә 

уәл-бушрәә уәл-кәрәмәтә уәз-зулфәә бирахмәтикә иә 

архамар-рахимиин».

Мағынасы: «Раббым! Әсіресе мына өліні, рақымға, 



рақаттыққа,  кешірімділікке  және  бақыттылыққа 

жеткіз.

Аллаһым! Бұл өлі кісі ізгілік істеген адам болса, Сен 

оның жақсылығын арттыр. Егер бұл өлі жамандық 

жасаған болса, жазасын бермей рақым ет. Күнәларын 

кешір.

Бұл  өліні  қорқыныштан  сақта.  Рақым-

шарапатыңмен сүйіншіле. Оны ақыретте бақыттылыққа 

бөлеп, жоғары мәртебеге шығар. Ей, рақымдылардың 

рақымдысы Аллаһ Тағалам!»

277

Намаз

Егер жаназа әйел болса мына дұға оқылады:

 َّمًهللا ِناو ْضِّرلا َو ِةَرِفْغَمْلا َو ِة َحاَّرلا َو  ِحْوَّرلاِب َةَتْيَمْلا هذَه  َّص ُخ َو{

 اهْنَع ْزَوا َجَتَف ًةئي ِسُم  ْتَناك  ْنِا َو اهِنا َس ْحِا ىف ْدِزَف ًةنِس ْحُم  ْتَناك ْنِا

 َم َحْرَا اي  َكِتَم ْحَرِب ىَفْلُّزلا َو َةمارَكْلا َو ىَر ْشُبْلا َو َنْمَلاا اهِّقَل َو

}  َنيم ِحاَّرلا



«Уә хуссә һәзиһил-мәйтәтә бир-раухи уәр-раахати 

уәл-мәғфирәти уәр-ридуан.

Аллаһуммә  ин  кәнәт  мухсинәтән  фәзид  фи 

ихсәниһә уә ин кәнәт мусиәтән фә тәжәуәз ‘анһәә уә 

лаққиһәл-әмнә  уәл-бушрә  уәл-кәрәмәтә  уәз-зулфә 

бирахмәтикә уә архамар-рахимиин».

Бұл дұғаның мағынасы да, ер кісі үшін оқылатын 

дұғаның мағынасымен бірдей.

Жаназа ер бала болса мына дұға оқылады:

 َو ًاعِفاش انل ُهْلَع ْجاَو ًار ْخُذ َو ًار ْجَا انل ُهْلَع ْجاَو ًاطَرَف َانَل ُهْلَع ْجا َّمًهللأ{

}ًاعَّف َشُم



Оқылуы:  «Аллаһуммәж’алһу  ләнәә  фәрәтан 

уәж’алһу  ләнәә  әжрән  уә  зухрән  уәж’алһу  ләнәә 

шаафи’ан уә мушаффа’ан.

Мағынасы: «Аллаһым! Бұл баланы жәннатта бізді 



қарсы алушы және ақырет сыйы ет!

Аллаһым! Бұл баланы бізге шапағатшы ет және 

шапағатын қабыл ет!».

Жаназа қыз бала болса, мына дұға оқылады

 انل اهْلَع ْجاَو ًار ْخُذ َو ًار ْجَا انل اهْلَع ْجاَو ًاطَرَف َانَل اهْلَع ْجا َّمًهللأ{

}ًةَعَّف َشُم َو ًةعِفاش



278

Ислам ғылымхалы

«Аллаһуммәж’алһә  ләнәэ  фәрәтан  уәж’алһә 

ләнәә әжрән уә зухрән уәж’алһә ләнәә шафи’атән уә 

мушаффа’атән».

Мұның  да  мағынасы  ер  балаға  оқыған 

дұғаның  мағынасымен  бірдей.  Дұғаны  білмесе 

«Аллаһуммағфирли уә ләһу уә лил-мумининә уәл-

муминат». «Аллаһым! Мені және барлық мұсылмандарды 

кешір» – дегенді ғана айтады. Осы дұғалардан кейін 

имам төртінші тәкбірді алып, оң мен солға сәлем береді. 

Жамағат та құпия сәлем береді. Жаназа намазына кешігіп 

жеткен адам имамға ниет етіп, имаммен бірге тәкбір 

алады. Имам сәлем бергеннен кейін дұға оқымай, тек 

тәкбірлердің қазасын қатар-қатар өтейді. Бірнеше жаназа 

болса, жеке-жеке оқыған абзал. Ең алғаш келтірілгенінің 

намазы оқылады. Бәрі бірге келсе, ең жақсы немесе 

тақуа  болғаны  –  бірінші  оқылады.  Бәріне  бір  намаз 

оқыса да болады. Намаз оқуға мәкрүһ үш уақытта: яғни, 

күн шығып келе жатқан күн тас төбеде тұрғанда, күн 

батуға айналған кезде жаназа намазы оқылмайды. Бірақ 

бұл уақытта оқылса қазасы керек емес. Мазарда және 

мешіт ішінде жаназа намазы оқылмайды. Бірақ имам 

мен жамағаттың кейбірі–мешіт ішінде, кейбірі– сыртта 

тұрып оқыса болады. Намазды бұзатын нәрселер жаназа 

намазын да бұзады.

Тірі  туылып,  сосын  өлген  сәбиге  ат  қойылып, 

жуылып, кебінделіп намазы оқылады. Өлі туған балаға 

да ат қойылып, жуылып, бір матаға орап, жаназа намазын 

оқымай көмеді. Өлген екі қабат әйелдің құрсағындағы 

бала қимылдамаса, іші жарылып, бала алынады. Әдейі 

немесе  қастандықпен  ата-анасын  өлтірген  баланың 

немесе өлтірілген қарақшының намазы оқылмайды.


279

Намаз

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  мәйіт  хақында  «Намаз 



оқылғанға дейін жаназада болған адамға – бір қырат, 

көмілгенге дейін болғанға – екі қырат сауап бар». «Екі 

қырат деген не?» – деп сұрағанға, «Екі үлкен таудай» 

– деп жауап қатты

306

.

Ханафилар бойынша, жаназа намазын алыстан сырт-



тай оқу жақсы емес.

Жаназаның апарылуы мен жерленуі

Мәйітті  қабірге  дейін  апару  –  сол  мұсылманға 

ең  соңғы  жасалған  қызмет.  Сүннет  бойынша,  өлікті 

табыттың төрт жағынан төрт адам ұстап апарады. Он 

адам ұстау–мұстахап. Жаназаның басы-қасындағылар 

жолда орынсыз сөйлемеу керек. Дауыстап зікір айтыл-

майды, Құран да оқылмайды. Өлім мен ақыретті ой-

лайды. Жаназаны қабірге қойған кезде жүзін құбылаға 

қаратып, оң жағымен жатқызады. Кебіннің бас пен аяқ 

жағындағы түйіні шешіледі. Мәйіт қабірге қойылып, 

үсті топырақпен жабылғаннан кейін сол жердегі кісілер 

қабірдің үстінен үш уыс топырақ алып біріншісінде, 



«сендерді осыдан жараттық», екіншісінде, «сендерді 

қайтадан  топыраққа  қайтарамыз»,  үшіншісінде, 

«сендерді тағы да қайтадан топырақтан шығарамыз 

(тірілтеміз)» аяттарын оқып салу – мұстахап. Қабірдің 

үйілген  топырағының  биіктігі  нар  түйе  өркешіндей 

ғана болғаны жөн. Қабір екендігі белгілі болсын деп 

басын тастан тұрғызып, атын жазудың оқасы жоқ. Ай-

наласын қарапайым етіп темірмен қоршауға да болады. 

Құраннан «Мүлк» сүресі сияқты кейбір сүрелерді оқуға 

болады. Өлік иесіне көңіл айту, жиі-жиі қабірді зиярат 

306


 Бухари, Жанаиз, 59

280

Ислам ғылымхалы

ету – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) әр жылдың басында 

Ухудтағы шейіттерді зиярат етіп: «Әс-Сәламу алайкум 

бимә сабартум фә ни’мә уқбад-даар» – дейтін. (Сабыр 

еткендерің үшін сендерге сәлем! Саламатта болыңдар!). 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) мазарға зиярат еткен кезде былай 

дұға ететін:

  َنوق ِحَلا ْمُكِب ُلا َءاش  ْنِا اَّنِا َو نينِمؤُم ِمْوَق َراد ْمُكْيَلَع ُملاَّسلا{

}َةَيِفاعْلا ُمُكَل َو َيِل َلا  ُلَئ ْسَا

 «Әс-сәламу а’лайкум дәрә қауми муминин уә 

иннә иншаа Аллаһу бикум лахиқун. Әсәлуллоһә лии 

уә ләкумл-’афиәта» (Ей, мұсылман елінің тұрғындары! 

Сәлем сендерге. Біз де иншаллаһ сендермен қауышамыз. 

Аллаһтан өзіме де, сендер үшін де кешірім, ақырет 

қорқынышы  мен  қиыншылықтарынан  амандық 

тілеймін).

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  алғашқы  кезде  қабірді 

зиярат етуге тыйым салды. Кейін сахабалар мағрипат 

дәрежесіне жеткен кезде, мазаратқа зиярат етуге рұқсат 

берді. «Қабірге зиярат етулеріңе тыйым салған едім. 

Бұдан былай қабірді зиярат етіңдер. Зиярат сендерге 

өлімді еске түсіреді»

307


.

Мәйіт көмілместен бұрын немесе кейін жылауға 

болады. Бірақ даусын көтеріп, Аллаһқа қарсы келетін 

жаман сөздер айтпау керек. Өйткені, Аллаһ Елшісі ұлы 

Ибраһим үшін жылаған. Себебін сұраған кезінде ол 

«Бұл – құлдарының жүрегіне салған Аллаһ Тағаланың 

рақымы. Рақымды құлдарына ғана Аллаһ рақымдылық 

жасайды»

308

.

  



307

 Тирмизи, Жанаиз.

308

 Бухари, Жанаиз, 44.



281

Намаз

НАМАЗДА ОҚЫЛАТЫН КЕЙБІР СҮРЕЛЕР 

МЕН ДҰҒАЛАР

«Фатиха» сүресі

}1{ ِِمي ِحَّرلا ِنم ْحَّرلا ِلا ِم ْسِب

}2{  َنيِمَلاَعْلا  ِّبَر ِ ّل ُدْم َحْلا

}4{  ِنيِّدلا ِمْوَي  ِكِلاَم }3{ ِمي ِحَّرلا ِنـم ْحَّرلا

اــــَنِدْهِا }5{  ُنيِعَت ْسَن َكاَّيِإو ُدُبْعَن َكاَّيِإ

َتمَعنَأ  َنيِذَّلا  َطاَر ِص }6{ َميِقَتسُملا  َطاَر ِّصلا

ْمِهيَلَع  ِبو ُضْغَملا ِريَغ ْمِهيَلَع

}7{  َنيِّلا َّضلا َلاَو

Оқылуы:

«Бисмиллаһир-рахмаанир-рахим,  әл-хамду 

лилләһи  раббил-’аләмин,  әр-рахрмаанир-рахим, 

мәәлики  иәумид-дин,  ийаака  на’буду  уа  ийаака 

нәста’ин.  Иһдинас-сираатал-мустақим,  сираатал-

ләзина ән’амта ‘аләйһим, ғайрил-мағдууби ‘аләйһим 

уәладаал-лин».

Мағынасы:

Рахман һәм Рахымды Аллаһтың атымен бастай-

мын.


Барлық  мадақ  пен  мақтаулар  әлемдердің  Раббы 

Аллаһқа тән.

Ол Рахман һәм Рахымды.

Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.



282

Ислам ғылымхалы

(Ей, жын мен адамзат ендеше былай деңдер) «Саған 

ғана  ғибадат  етіп,  Сенен  ғана  жәрдем  тілеп,  көмек 

сұраймыз.

Бізді тура (Саған қас қағым сәтте болсын ауытқымай, 

адаспай тіп-тіке, тұп-тура апаратын) жолға сал. (Сол 

жолда тұрақты ет. Діттеген межемізге, Саған жеткенге 

дейін бізді қорғаныңнан шығарма.)

Бізді өзіңнің ырыс-береке, ізгі-жақсылықтарыңды, 

ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның 

жолымен жүргіз. Ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен 

тура жолдан тайып, адасып қараңғыда қалғандардың 

жолына  емес.  (Ондай  күйге  түсуден  сақта  бізді,  ей, 

күллі жаратылыс әлемнің тізгінін қолына ұстаған Ұлы 

да Құдіретті, әлемнің жалғыз Иесі, Рахман һәм Рақымды 

Аллаһым).

Әмин! Дұғамызды қабыл ет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет