Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Қажылық ғибадатының дұрыс орындалу



Pdf көрінісі
бет26/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


Қажылық ғибадатының дұрыс орындалу 

шарттары

1.  Мұсылман  болу.  Қажылық  ғибадатының 

парыздығының  әрі  орындалуының  дұрыстығының 

шарты.


396

Ислам ғылымхалы

2.  Арнайы жерлер: Арафат және Қағба.

3.  Арнайы  уақыт.  Зиярат  тауабының  уақыты  – 

құрбан айт таңынан бастап, өмірінің соңына дейін. Бірақ 

зиярат тауабын құрбан айттың алғашқы үш күнінде 

орындау уәжіп болғандықтан, кімде-кім бұл уақыттан 

кешіктірсе, қажылығының дұрыс болуы үшін құрбан 

шалуға міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты 

– Арафа күні түс ауғаннан кейін құрбан айт күні таң 

намазының уақыты кіргенге дейінгі уақыт.

4.  Ихрам. Қажылық немесе умра яки екеуін бірге 

жасау  ниетімен,  басқа  уақытта  халал  болған  кейбір 

істерді, қажылық немесе умра уақытында кісінің өзіне 

харам қылуы.



Қажылықтың парыздары

1.  Ихрам

2.  Арафатта тұру

3.  Тауап ету



Ихрам  

(қажылықтың бірінші парызы)

Ихрам дегеніміз не?

Қажылық, умра немесе екеуін бірге жасау ниетімен, 

басқа  уақытта  істеуіне  рұқсат  кейбір  іс-әрекеттерді 

қажылық, умра уақытында өзіне харам қылуды – ихрам 

деп айтамыз.

Ихрамға қалай кіреді?

Ихрамға қажылық түрлерінің қайсысын орындайтын 

болса, соны жүрегімен ниет етіп, тәлбия айту арқылы 


397

Қажылық

кіреді. Бірақ ниетті тілмен айту – мұстахап. Ихрамға 

кірудің шарттарының бірі ғана болып табылатын «рида» 

және «изар» деп аталатын екі бөліктен тұратын сүлгі 

немесе оған ұқсас тігісі жоқ мата халық арасында «ихрам» 

деп аталғанымен, Ихрам мағынасын толық қамтымайды. 

Орындайтын қажылық түрін ниет етпей, тәлбия дұғасын 

айтпай, тек қана үстіне ақ, тігіссіз мата оранумен ихрамға 

кірген болып саналмайды. Өйткені ниет пен «тәлбия» 

дұғасы ихрамның шарттарынан.



Қажылық түрлері

(Барлық  қажылық  түрлері  алда  кеңінен 

түсіндірілетіндіктен бұл жерде қысқаша берілді)

1. Ифрад қажылығы

Миқатта ихрамға кірер кезде тек қана қажылық 

ғибадатының  атқарылуы  ниет  етілсе,  бұл  қажылық 

түріне «ифрад» қажылығы делінеді. Ифрад қажылығында 

умрасыз тек қана қажылық ғибадаты жасалады. Ақаба 

жәмрасына (Үлкен шайтан тас) тас лақтырып болғаннан 

кейін қаласа құрбан шалады. Өйткені ифрад қажысын 

орындағандарға құрбан шалу уәжіп емес. Сосын шашын 

алғызып немесе қысқартқызып ихрамнан шығады.

2. Тәматтуғ қажылығы

Қажылық  айларында  умра  үшін  ихрамға  кіріп, 

умраны  бітірген  соң,  сол  жылғы  Зилхижжа  айының 

сегізінші күні немесе одан да бұрын қажылық үшін 

қайтадан ихрамға кіру арқылы жасалатын қажылық түріне 

«тәматтуғ қажылығы» дейді. Тәматтуғ қажылығында 

умра және қажылық үшін бөлек-бөлек ихрамға кіреді. 

Бұл қажылықтың тәматтуғ қажылығы болып саналуы 



398

Ислам ғылымхалы

үшін умра мен қажылықтың қажылық айларында сол 

жылда жасалуы шарт. Тәматтуғ қажылығында умра мен 

қажылықты бірге орындағандықтан шүкір құрбанын 

шалу  –  уәжіп.  Қазақстандықтар  көбінесе  тәматтуғ 

қажылығын орындайды.



3. Қиран қажылығы

Миқатта қажылық пен умраны бірге ниет етіп, бір 

ихраммен істелетін қажылыққа – «қиран» қажылығы 

делінеді.  Умрасын  тәмамдағаннан  кейін  ихрамнан 

шықпай қажылық амалдарын да сол ихраммен аяқтайды. 

Қиран  қажылығында  умра  мен  қажылықты  бірге 

орындағаны үшін шүкір құрбанын шалу – уәжіп.

Тәлбия дегеніміз не?

Тәлбия – ихрамға кірер алдында айтылуы уәжіп 

болған  және  ихрамды  болған  уақытта  молынан 

қайталанып айтылатын сүннет дұға.

 َةَمْعِّنلاَو َدْم َحْلا َّنإ . َكْيَّبَل  َكَل  َكيِرَش لا  َكْيَّبَل , َكْيَّبَل َّمُهلَّلأ  َكْيَّبَل{

} َكَل  َكيِر َش لا  َكْلُمْلاَو  َكَل



«ЛәббайкАллаһумма  ләббайк,  ләббайка  ләә 

шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанни’мәтә ләкә 

уалмулка  ләә  шәрика  ләк»

410

.  Қазақша  мағынасы: 

«Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға келдім, сенің 

әміріңе бой ұсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, сенің 

әміріңді орындау – менің борышым. Күмәнсіз барлық 

мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет сенікі. 

Сенің еш серігің жоқ».

410


 Бухари, Хаж /26, Муслим, Хаж /147, Тирмизи, Хаж/ 97.

399

Қажылық

Ихрамның уәжіптері

1.  Ихрамға  белгіленген  миқаттардың  біреуінде 

кіру.

2.  Ихрамда тыйылған нәрселерді жасамау.



Миқат дегеніміз не?

Қажылыққа немесе умраға баратын адамдардың 

ихрамға оранбай өтуге болмайтын жерлерге «миқат» 

делінеді. Қасиетті Қағбаны қоршап тұрған мекендер 

«Харам», «Хил», және «Әфақ» деп үш аумаққа бөлінеді. 

Қажылық және умра ғибадатын орындауға келетін адам-

дар осы аумақтарға қарай ихрамға кіреді.

1. Харам аумағы

Жебірейіл періштенің көрсетуі арқылы Ибраһим 

(а.с.) тарапынан белгіленіп, кейіннен Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) тарапынан қайтадан білдірілген, өсімдіктерінің 

жұлынуына және аңдарының, жалпы жан-жануарларына 

зиян  тигізуге  тыйым  салынған  Мекке  және  оның 

айналасындағы қасиетті мүбәрак жерлер «Харам аумағы» 

делінеді.

Меккеліктер қажылыққа Харам аумағының ішінде 

ихрамға  кіреді.  Ал,  умра  үшін  Харам  аумағының 

сыртындағы  Хил  аумағына  ең  жақын  орналасқан 

Тан’имға барып ихрамға кіреді.



2. Хил аумағы

Харам аумағы мен Миқат жерлерінің ортасындағы 

мекен – Хил аумағы. Бұл аумақта тұратындар Харам 

аумағының сыртынан өздерінің тұрып жатқан жерлерінен 

ихрамға кіреді.


400

Ислам ғылымхалы

3. Әфақ аумағы

Харам  және  Хил  аумақтарының  сыртындағы 

аумақтар  –  Әфақ  аумағы.  Әфақ  аумағынан  Харам 

аумағына  немесе  Меккеге  келетіндердің  ихрамсыз 

өтулеріне болмайтын бес жерді Пайғамбарымыз (с.а.у.) 

миқат ретінде белгілеген.

Бұл бес миқат:

1.  Мәдина  жағымен  баратындар  үшін  – 

«Зулхулайфә», Мәдина қаласына 10 км жақын. Қазір 

бұл жер – «Әбәр Али» деп аталады (Қазақстандықтар 

көбінесе осы жерден ихрамға кіреді).

2.  Мысыр және Сирия тарапынан баратындар үшін 

– «Жухфа», Меккеден 187 км ұзақ.

3.  Нәжд және Кувуейт тарапымен баратындар үшін 

– «Қарнул-Маназил», Меккеден 96 км ұзақ.

4.  Йемен жағымен баратындар үшін – «Иаламлам», 

Меккеден 54 км ұзақ.

5.  Ирак жағымен баратындар үшін – «Зәтул-ғирқ», 

Меккеден 94 км ұзақ.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадистерінде осы 

жерлерді миқат ретінде тағайындаған

411


. Міне, сондықтан 

қажылыққа немесе умраға баратын адам бұл жерлердің 

қайсысынан өтсе, сол жерден ихрамсыз өтуге болмайды. 

Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ешкім миқаттан их-



рамсыз өтпесін», – деп бұйырған. Бұл жерлерге жетпес 

бұрын ихрамға кіріп алуға да болады.

Сырттан  қажылық  және  умра  үшін  келгендер 

миқаттан ихрамсыз өтіп кеткен жағдайда, құрбан шалады 

немесе кері қайтып, миқатта ихрамға кіреді.

411


 Бухари, 1/206.

401

Қажылық

Ихрамға кірген адамға тыйылған нәрселер

1. Ихрамға кірген адамның денесіне 

байланысты тыйымдар:

•  Шашын, сақалын, мұртын алу немесе қысқарту

•  Қолтықтың  астындағы  және  жалпы  денедегі 

түктерді қыру немесе қысқарту

•  Тырнақ алу

•  Шаш, сақал және мұртқа май жағу немесе бояу

•  Әйелдердің боянулары (лак, далап, т.б.)

•  Денеге немесе ихрамға хош иіс себу және иіс 

сабын қолдану

2. Киімге байланысты тыйымдар:

•  Тігілген киім кию. Тігілген киімдерді суықта 

иыққа  жабуға  немесе  денеге  жабуға  болады.  Бірақ 

жапқан уақытта қолын киіп, түймелерін түймелеуге 

болмайды.

Изар мен риданың

412

 шеттерін сөгітіліп кетпеу үшін 



тігуге,  жыртығын  жамауға  рұқсат.  Ақша  салу  үшін 

тігілген  арнайы  қапшық,  белдік  сияқты  нәрселерді, 

ыстықтан қорғану үшін тігілген қолшатырды қолдануға 

болады.


•  Басты немесе бетті жабу. Тақия кию, сәлде орау, 

т.б.


•  Қолғап, шұлық кию

Киімге байланысты тыйымдар тек қана еркектер 

үшін. Әйелдер әдеттегідей киінеді.

412


 Изар  –  белден  төмен  қарай,  рида  –  белден  жоғары  қарай 

жабатын  сүлгі  немесе  мата.  Бұлардың  түсі  ақ  және  жаңа 

болғаны жөн.


402

Ислам ғылымхалы

3. Харам аумағына байланысты тыйымдар:

Мекке қаласының және жан-жағындағы «Харам» 

деп аталатын аумақтың аңдарын аулау, өсімдіктерін 

жұлу немесе шабу ихрамды адамдарға да, ихрамсыз 

адамдарға да харам.

4. Жалпы тыйымдар:

•  Әйелімен  жыныстық  қатынас  жасау,  сүйісу, 

құшақтасу, жалпы нәпсіні қоздыратын барлық нәрселерді 

істеу.


•  Дінде харам болған істерді жасау.

•  Мұсылман бауырымен таласу, ерегесіп, ұрысып, 

төбелесу, жаман сөз айту, біреуді ренжіту. Аллаһ Тағала 

Құранда былай дейді: «Қажылық белгілі (Шәууал, 



Зилқағда, Зилхижжаның алғашқы он күні) айларда. 

Кімде-кім бұл айларда қажылықты міндеттенсе (мы-

наларды білсін!) әйелімен жақындасуға, күнә істеуге 

және жанжалдасуға болмайды»

413

•  Аң аулау.



Ихрамдағыға рұқсат істер

•  Иіс сабын қолданбау шартымен жуыну

•  Көлеңкеде отыру немесе қолшатыр қолдану

•  Дененің түктерін түсірмеу шартымен қасыну

•  Сынған тырнақты түсіру

•  Тіс пастасымен тіс жуу және көзге сүрме жағу

•  Ихрам киімдерін жуу немесе ауыстыру

•  Жүзік, сырға, қол сағат қолдану

•  Әтір сататын дүкенде отыру

•  Гүлді немесе жемісті иіскеу

413

 Бақара, 2/197.



403

Қажылық

•  Басын және жүзін жаппау шартымен денесін 

көрпемен жабу

•  Зияны тиетін жәндіктерді өлтіру

•  Белдік тағу, иыққа сөмке асу

Ихрамның сүннет және мұстахаптары

1.  Толық жуыну. Ихрамға кірмес бұрын денені 

толық жуу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ихрамға 

кірмес бұрын толық жуынған.

2.  Ихрамға кірмес бұрын тырнақ алу, шаш түзету, 

қолтықтың  асты  және  ұятты  жердің  түктерін  алу  – 

мұстахап.

3.  Ер  адамдар,  тігілген  киімдерін  шешіп,  изар 

және рида деп аталатын екі таза матаға оранады. Из-

армен кіндіктен төмен қарай оранып, ридамен жоғарғы 

денесін орайды. Бастарына еш нәрсе кимейді. Аяқтарына 

сүйретпе аяқ киім киеді.

Ихрамға  кірген  әйел  адам  әдеттегі  киімдерін 

шешпейді. Бастары жабық күйде, тек қана жүздері ашық 

болады. 

4.  Ихрамды болып жүрген уақытта парыз намаз-

дардан кейін, топтасып жүрген басқа қажыларға кезде-

скен уақытта, жоғары не төмен түсіп-шыққанда және 

сәресі уақыттарында, жалпы мүмкін болған әр жағдайда 

көтеріңкі дауыспен тәлбия айту – мұстахап. Әйел адам 

тәлбия айтқан уақытта даусын қатты шығармайды. 

5.  Тәлбия айтқаннан кейін көбірек салауат айтып, 

артынан дұға жасап, тілек тілеу.

6.  Ихрамға  кірместен  (ихрамға  кіру  –  ихрам 

киімдерін киюмен емес, қажылыққа немесе умраға, яки 

екеуіне бірдей ниет ету мен тәлбия айту арқылы болады) 



404

Ислам ғылымхалы

бұрын  денені  әтірлеу  –  сүннет.  Айша  анамыз  мына 

хадисті риуаят еткен: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) ихрамға 

кірерде мен оған ең жақсы әтірін жағатынмын»

414

.  

Бірақ ихрамға кіріп қойғаннан кейін әтір жағуға бол-

майды.

7.  Ихрам намазы



Денені толық жуғаннан кейін немесе дәрет алғаннан 

кейін,  ихрамға  кірместен  бұрын,  екі  рәкат  намаз 

оқылады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Зулхулайфада екі 

рәкат намаз оқып, сосын ихрамға кіргені риуаят етіледі. 

Бұл намаздың бірінші рәкатында – «Кафирун», екінші 

рәкатында – «Ықылас» сүресін оқу сүннет.



Арафатта тұру 

(қажылықтың екінші парызы)

Арафа күні түс ауғаннан кейін құрбан айттың бірінші 

күні таң намаздың уақытына дейін, Арафат тауында бір 

мезет болса да тұру – қажылықтың негізгі парызының 

біреуі. Сондықтан кімде-кім Арафатта бір мезет болса 

да тұрмаса, қажылық ғибадатын орындамаған болады. 

Келесі жылы қайтадан орындау керек. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) «Қажылық дегеніміз – арафат, кімде-кім арафатқа 

үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады», – деп, Арафат-

та тұрусыз қажылық ғибадатының қабыл етілмейтінін 

ескерткен.  Арафат  тауының  «Уранә»  сайынан  басқа 

барлық  жерінде  тұруға  болады.  Пайғамбарымыз 

(с.а.у.): «Арафаттың барлық жері уақфа орны», – дейді. 

Арафаттың  «Жәбәлул-рахмә»  деген  жерінде  тұру 

абзалырақ. Арафат тауында арафа күні күн батқанға дейін 

414


 Бухари, Хаж,21; Муслим, Хаж,1-3.

405

Қажылық

болу уәжіп. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай 

істеген. Сондықтан арафа күні күн батпай қайтқан адам-

дар жаза ретінде құрбан шалады.

Арафатта тұрудың дұрыс болуы үшін ниет және 

дәретті болу, тіпті ояу болу шарт емес. Дәретсіз, жүніп, 

хайыз, нифас күйіндегі адамдар да Арафатта тұра алады. 

Айша анамыз Пайғамбарымыздың бұйрығы бойынша, 

хайыз күйінде Арафатта уақфа (тұру) жасаған.

Арафа күні және Арафатта тұрудың 

сүннеттері

Арафа күні күн шыққаннан кейін Арафат жаққа 

• 

қарай бет алу



Намира мешітінде түскі намаздан бұрын Имамның 

• 

екі хұтба оқуы



Аузы берік болмау (ораза тұтпау)

• 

Күн тал түстен ауғаннан кейін мүмкіндік болса, 



• 

ғұсыл құйыну

Арафатта тұруға бар ықыласпен дайын болу

• 

Бесін  және  намаздыгер  намаздарын  бесін 



• 

уақытында бірге қосып оқу. Намаздың осылай 

бесін уақытында біріктіріліп оқылуын «жамғу – 

тақдим» деп атайды.

Бұл намаздардан кейін дереу уақфа жасау

• 

Уақфа жасаған уақытта дәретті болу



• 

Уақфаны «Жәбәлул-рахмә» деген төбенің қара 

• 

тастарында жасау



Уақфа жасаған уақытта құбыла жаққа бет бұрып, 

• 

түрегеп тұру



Арафатта бар ықыласпен өзі үшін, әке-шешесі 

• 

және  жалпы  мұсылман  бауырлары  үшін  дұға 



406

Ислам ғылымхалы

жасау,  тілек  тілеу.  Өйткені  Пайғамбарымыз 

(с.а.у.): «Дұғалардың ең қайырлысы – Арафа күні 

жасалған дұға»

415

,  – деп бұйырған.

Күні бойы тәлбия, тәкбір, зікір, тәсбих, салауат 

• 

айтып, күнәларына кешірім тілеу



Арафаттағы жолдарда уақфа жасамау

• 

Күн батқаннан кейін Арафаттан баяу жүріспен 



• 

түсу


Бесін намазы мен намаздыгер намазы бір 

уақытта қосылып, қалай оқылады?

Арафа күні бесін азаны оқылғаннан кейін бесін 

намазының алғашқы төрт рәкат сүннеті оқылады, сосын 

қамат  түсіріліп,  бесін  намазының  парызы  оқылады. 

Сосын қайтадан қамат түсіріліп, намаздыгер намазының 

парызы оқылады. Уақфа болғандықтан, бесін намазының 

соңғы сүннетін оқу – мәкрүһ. Әр екі намаздың парызда-

рынан кейін ташриқ тәкбірі айтылады. Осылайша бесін 

мен намаздыгер намаздары бір азан, екі қаматпен бесін 

уақытында қосылып оқылады.



Зиярат тауабы 

(қажылықтың үш парызының біреуі)

Тауап дегеніміз не?

Тауап – араб тілінде зиярат ету, бір нәрсені айналу 

сияқты  мағыналарды  білдіреді.  Ал  шариғаттағы 

терминдік мағынасы – Қасиетті Қағбаны жеті рет ғибадат 

ниетімен  айналу.  Тауап  Аллаһ  Тағаланың  аршының 

айналасында тауап ететін періштелер тәріздес Аллаһ 

415

 Жамиғу-сағир, 3/471.



407

Қажылық

Тағалаға деген сүйіспеншілікпен, тағзыммен жасалатын 

ғибадат. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тауаптың намаз тәріздес 

ғибадат екенін білдіреді: «Байтуллаһтың



416

 айналасында 

тауап жасау – намаз оқу сияқты. Ерекшелігі тауапта 

сөйлеуге болады, бірақ тауап жасап жүріп кім сөйлесе, 

қайырлы сөз сөйлесін»

417

Қағбаның  оңтүстік  жағындағы  бұрышында 

«Хажарул-Әсуәд» деп аталатын қасиетті қара тас бар. 

Тауап осы қара тастың қарсысынан басталады. Қағбаны 

жеті рет айналады. Әрбір айналымға «шаут» делінеді. 

Жеті рет айналғанда, бір тауап толық бітті деп са-

налады.  Тауапта  айналымдарды  бірінен  кейін  бірін 

істеу шарт емес. Тауап толық бітпей жатып, ортасында 

дәрет алып, намаз оқып, қайтадан айналуды одан әрі 

жалғастыруға болады.

Тауап жасап жатқан уақытта парыз намаздары үшін 

қамат айтылса, тауапты тоқтатып, жамағатпен бірге 

намазға тұру керек. Қалған айналымдарды намаздан 

кейін жалғастырады.



Тауап түрлері

Тауап бес түрге бөлінеді.



1. Қадум тауабы

Бұл – сырттан келетін адамдардың Меккеге келген 

уақытта Қағбаға сәлем ретінде жасайтын алғашқы тауап. 

Бұл тауапты жасау – сүннет.

416

 Қасиетті Қағба.



417

 Тирмизи, Хаж,112.



408

Ислам ғылымхалы

2. Зиярат тауабы

Қажылардың Арафаттан қайтқаннан кейін жасайтын 

тауабын зиярат тауабы немесе «ифада» тауабы дейді. 

Бұл тауапты жасау – қажылықтың үш парызының бірі. 

Зиярат тауабындағы жеті айналымның төртеуі – парыз, 

үшеуі – уәжіп. Зиярат тауабын жасамаған адам қажылық 

жасаған болып саналмайды. Зиярат тауабының дұрыс 

орындалуының  бірінші  шарты:  Арафатта  уақфаның 

жасалған болуы. Екінші шарты: Бұл тауаптың белгілі 

уақытта жасалуы. Бұл уақыт – Құрбан айттың бірінші 

күні таңның атуынан бастап, өмірінің соңына дейінгі 

уақыт. Бірақ Әбу Ханифаның пікіріне сүйенсек, бұл 

тауаптың  Құрбан  айттың  1,2,3-күндерінің  біреуінде 

жасалуы – уәжіп. Осы күндерден кешіктірілсе, жаза 

ретінде құрбан шалу керек. Ал Әбу Юсуп пен Мұхаммед

418


 

бойынша, бұл тауапты құрбанның 1-2-3 күндері жасау 

уәжіп емес, сүннет. Сондықтан бұл тауап айт күндерінен 

кейін жасалған жағдайда ешқандай жаза керек емес. 

Бірақ зиярат тауабын Құрбан айттың алғашқы күні жасау 

абзал, әрі сауабы мол.



3. Уадағ (қоштасу) тауабы

Қажылықта Минада шайтанға тас лақтырғаннан 

кейін, Меккеге қайтқан кезде жасалатын тауап. «Садәр 

тауабы» деп те аталады. Қажылыққа сырттан келгендер 

үшін бұл тауапты жасау – уәжіп. Бұл тауапты жасау 

арқылы қажы амалдары тәмамдалады. Тауаптан кейін 

қажылар Қағбамен қоштасып, отандарына қайтады.

418


 Ханафи мәзһабының негізгі ғұламалары.

409

Қажылық

4. Нәпіл тауабы

419

Мекке мұсылмандарының әрдайым жасап тұратын 

тауабы. Сырттан келгендерге де жасауға болады. Нәпіл 

тауап жасау, нәпіл намаз оқудан да абзал. Өйткені на-

мазды әр жерде оқуға болады. Ал, тауап Қағбада ғана 

жасалады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) тауаптың кереметтігін 

былай  деп  сүйіншілейді:  «Кімде-кім  Байтуллаһқа

420

 

тауап жасаса, анасынан жаңа туылғандай күнәларынан 

арылып, тазарады

421



5. Умра тауабы

Умраға барғанда жасалатын тауап. Бұл тауаптың 

алғашқы  төрт  айналымы  –  умраның  парыздарынан, 

міндетті түрде жасалуы керек. Жасалмаса, умрасы дұрыс 

емес. Қалған үш айналым орындалмаса, арнайы жаза 

өтеледі (қажылықта істелетін кемшіліктер және олардың 

жазасы бөліміне қараңыз).

Тауаптың дұрыс орындалуының шарттары

1.  Ниет.  Ниет  –  істелетін  амалдың  жүрекпен 

бекітіліп белгіленуі. Ниетті тілмен айту – мұстахап. 

Ниетсіз жасалған тауап дұрыс емес. Ниетте жасалайын 

деп жатқан тауаптың түрін белгілеу шарт емес. Жалпы 

ғибадат ниетімен тауап жасауды ниет етсе жеткілікті. 

Умра тауабы үшін былай ниет етіледі: «Аллаһумма 



инни уриду тауафа байтикал-харам, уа иассирһу ли 

уа тақаббалһу минни саб’ата ашуатин тауафа ‘умрати 

лилләһи Тағала а’зза уа жәлла» Қазақша мағынасы: 

419


 Парыз және уәжіп болмаған тауап.

420


 Қағба.

421


 Тирмизи, Хаж,41.

410

Ислам ғылымхалы

«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін Қағбаны жеті рет 

айналу арқылы умра тауабын жасауды ниет еттім. Оны 

маған жеңілдет және менен қабыл ал». Қажылық тауабы 

үшін «тауафа ‘умрати» деудің орнына «тауафал-хаж» 

делінеді. Ниетті арабша айту шарт емес.

2.  Тауапты Харам Мешітінің ішінде жасау. Адам 

тығыз болмаса да Мәсжидул-Харамның ішінде Қағба 

мен өзінің арасында дуал болмау шартымен Қағбадан 

алыстау жерде тауап жасауға болады. Бірақ Мәсжидул-

Харам мешітінің сыртынан жасауға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет