Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


  Жеті  айналымның  кем  дегенде  төртеуін



Pdf көрінісі
бет27/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


3.  Жеті  айналымның  кем  дегенде  төртеуін 

жасау. Қалған үшеуін жасау уәжіп болғандықтан, жа-

салмай қалған жағдайда да тауабы дұрыс деп есептеледі. 

Бірақ жасалмаған әр айналым үшін арнайы жазасы бар. 

Бұл парыз және уәжіп тауаптарға ғана байланысты. Ал 

сүннет және нәпіл тауаптарда қанша аз жасалса да жаза 

керек емес.



4.  Парыз және уәжіп тауаптардың әрқайсысын 

арнайы белгіленген уақытында жасау.

Тауап уәжіптері

1.  Тауап еткен уақытта әрқашан дәретті болу. Дәрет 

бұзылған жағдайда, тауап тоқтатылып, дәрет алынады. 

Сосын қалған айналымдар толықтырылып, тәмамдалады. 

Жүніп, хайыз және нифас күйінде тауап жасауға бол-

майды.


411

Қажылық

Әйелдер қажылық уақытында 

хайыз күндерін кешіктіру үшін дәрі 

қолдануларына бола ма?

Әйелдер  хайыз  күнінде  Қағбаны  тауап  жасай 

алмайтындықтан, хайыз күндерін кешіктірулері үшін 

денсаулықтарына зияны тимейтін дәрі қолдануларына 

болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде кейбір 

әйелдер «а’рәк» деп аталатын су ішу арқылы хайыз 

күндерін белгілі бір уақыт кешіктіретін-ді. Қазіргі заман-

да әйел адамдардың денсаулыққа зияны тимейтін арнайы 

дәрілер арқылы қажылық уақытында хайыз күндерін 

кешіктірулеріне болады.



Қажылықтың үш парызының біреуі 

саналатын зиярат тауабының уақыты 

әйелдердің хайыз күндеріне тура келіп 

қалған жағдайда, бұл парызды қашан 

атқарады?

Меккеде  хайыз  күндерінің  бітуін  күтеді.  Хайыз 

күндері біткеннен кейін міндетті түрде зиярат тауабын 

атқарулары керек. Зиярат тауабын кешіктіргендері үшін 

жаза өтелмейді. Егер зиярат тауабын хайыз, нифас яки 

жүніп күйінде жасап қойған жағдайда, әлі Меккеде болса, 

қайтадан жасау керек. Қайтадан жасамаған жағдайда, 

жаза ретінде түйе немесе сиырды Харам аумағында 

шалады.

2.  Әйелдер мен еркектердің шариғатта әурет деп 



саналатын мүшелерінің жабық болуы. Негізінде әурет 

жердің жабық болуы әрқашан парыз. Тауапта уәжіптігінің 

себебі, ашық болған жағдайда белгілі бір жаза мен тау-

апты қайтадан жасауды қажет еткендігі үшін. Парыз 



412

Ислам ғылымхалы

және уәжіп тауаптарында әурет деп саналатын кез келген 

мүшенің төрт те бірі ашылса, жаза ретінде құрбан шалу – 

уәжіп. Төрт те бірінен аз болса, құрбан шалу уәжіп емес. 

Нәпіл тауаптарда әурет мүшелерінің біреуінің төртте 

бірі ашылса, жаза ретінде садақа беріледі. Әйелдің қолы, 

жүзі және аяқтарынан басқа барлық жерлері әурет жері 

саналады. Ал еркектің әурет жері – кіндігі мен тізесінің 

арасындағы тұс.

3.  Тауапқа  Хажарул-Әсуәддің  (қара  тастың) 

қарсысынан бастау

4.  Тауап еткен уақытта Қағбаны сол жаққа алып, 

оң жақпен жүру

5.  Тауапты «Хатим» деген жердің сыртынан жасау. 

Өйткені «Хатим» деген жер Қағбаның бір бөлігі сана-

лады.  Хатимнің  сыртынан  жасалмаған  айналымдар 

(шауттардың) қайтадан жасалуы тиіс.

6.  Алғашқы төрт айналымы парыз болған Ифада, 

Умра, Уадағ тауаптарын жеті айналыммен (шаутпен) 

тәмамдау – уәжіп.

7.  Тауапты жаяу жасау. Ауруына немесе кәрілікке 

байланысты жүре алмайтындар арнайы зембілдер арқылы 

тауап еттіріледі.

8.  Барлық тауап түрлерінен (парыз,уәжіп,нәпіл) 

кейін екі рәкат намаз оқу. Мәкрүһ уақыттардан тыс барлық 

уақыттарда екі рәкат намазды тауаптан кейін дереу оқу 

– абзал. Кейін оқыса да болады. Бір тауаптан (Қағбаны 

жеті рет айналу бір тауап) кейін, екінші тауапты екі рәкат 

намаз оқымастан жасау – мәкрүһ. Мүмкін жағдайда атал-

мыш екі рәкат намазды Ибраһим мақамында оқыған жөн. 

Мүмкін болмаған жағдайда, Мәсжидул-Харамның кез-

келген жерінде оқуға болады. Ибраһим мақамында ғана 



413

Қажылық

оқимын деп адамдарды жаншып, таптауға қатаң тыйым 

салынады.

Тауап сүннеттері

Тауаптың  сүннеттерін  орындау  –  сауап,  бірақ 

орындалмаған  жағдайда  да  тауап  дұрыс  болып 

есептелінеді.

1.   Денеде немесе киімде намазға бөгет жасайтын 

нәжістің болмауы

2.  Тауапқа бастаған уақытта және әр айналымның 

соңында Хажарул-Әсуәдді (қара тасты) сүю немесе сәлем 

беру.

Кейбір адамдар қара тас сүйілмей қалған жағдайда 



немесе қолмен ұстамаған жағдайда, қажылық ғибадаты 

қабыл болмай қалады деген қате түсінікпен, адамдарды 

итермелеп, жаншып-таптап, тіпті ренжітіп, жанжалда-

сып, сүюге тырысып жатады. Әрине, бұл іс-әрекеттер 

дінді  дұрыс  білмегендіктен.  Әйтпесе  қасиетті  қара 

тасты сүю – сүннет, ал, адамдардың мазасын алмау, 

ренжітпеу  –  парыз.  Істелмей  қалған  жағдайда  күнә 

болмайтын сүннет амалын істеу үшін парызды тастап, 

күнәға батуға болмайды. Өйткені парызды істемеген 

уақыттағы күнә сүннеттің сауабынан басым. Олай болса, 

адамдардың тығыз, көптігіне байланысты қасиетті қара 

тасқа бара алмағандар алыстан бұрылып, сәлем береді. 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  кейде  қасиетті  қара  тастың 

қарсысына келіп, қолындағы таяғымен сәлем бергендігі 

риуаят етілген.

1.  Зиярат тауабын жасаған уақытта дененің үстіңгі 

жағындағы «рида» деп аталатын жапқыштың бір ұшын 

оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң 



414

Ислам ғылымхалы

қолды иықпен бірге ашық тастау. Ихрамды бұлай ора-

нуды «изтиба» дейді. Әйелдер изтиба жасамайды.

2.  Зиярат тауабының алғашқы үш айналымында 

иықтарды сілтіген бойда қысқа адымдармен жылдам-

жылдам жүру. Бұлай жүруге «рәмәл» делінеді.

3.  Тауаптың  айналымдарын  бірінен  кейін  бірін 

істеу. Дәрет алу үшін айналымды тоқтатуға болады.

4.  Ер адамдардың мүмкіндіктеріне қарай Қағбаға 

жақын  тауап  жасаулары,  ал  әйелдердің  еркектердің 

арасына  араласпайтындай  жерден  тауап  жасаулары 

сүннет.


Қажылықтың уәжіптері

Қажылық ғибадатында қажылықтың парыздары мен 

шарттарынан басқа уәжіп міндеттер бар. Қажылықта 

уәжіптерді  шариғатта  үзір  саналатын  себептерсіз 

тастау – тахриман мәкрүһ яғни, харамға жақын мәкрүһ. 

Қажылықтың  парыздары  орындалып,  уәжіптері 

істелмеген жағдайда, қажылық дұрыс деп есептелінеді. 

Бірақ шариғатта үзір саналатын себептерден тыс, басқа 

себептермен уәжіптер орындалмай қалса, қажылықтың 

дұрыс болуы үшін әрбір орындалмаған уәжіп үшін жаза 

ретінде құрбан шалу керек. (Қажылықта және умрада 

істелетін кемшіліктер және өтелетін жазалар бөліміне 

қараңыз).

Істелмей қалған уәжіп қайтадан жасалған жағдайда 

жаза өтелмейді. Мысалы, тауаптың парызы саналатын 

төрт айналымды жасағаннан кейін, уәжіп үш айналымды 

жасамаса, орындалмаған әр айналым үшін жаза беру 

керек. Бірақ тауапты қайтадан толық жасаған жағдайда 

жаза өтелмейді.


415

Қажылық

Ханафи мәзһабында үзір саналатын 

себептер

Ауру,  қатты  кәрі  болу,  қатты  әлсіз  болу,  талып 

қалу, әйелердің хайыз болуы сияқты самауи

422


 себеп-

тер. Мысалға, Арафатта уақфа жасап жатқанда талып, 

құрбан  айттан  кейін  оянған  адамға,  қажылықтың 

уәжіптерінен саналатын Муздәлифә уақфасын, шайтанға 

тас лақтыруды тәрк еткені үшін және шаш алғызуды 

немесе қысқартуды кешіктіргені үшін жаза өтеу қажет 

емес.  Қажылығы  дұрыс  атқарылды  деп  есептеледі. 

Бірақ себептер адамдардың қалауымен болса, мысалға, 

бір қылмыс істеп, түрмеде тұтылса, орындай алмаған 

уәжіптері үшін жаза өтеу керек.



Муздәлифәда уақфа жасау  

(қажылықтың бірінші уәжібі)

Муздәлифә  –  Арафат  пен  Минаның  ортасында 

орналасқан  жердің  аты.  Қажылықта  Арафа  күнінің 

құрбан айтқа қараған түнін толық Муздәлифәда өткізу 

– сүннет, уақфа (бір мезет ғибадат ниетімен тұру) жасау 

– уәжіп. Муздәлифәның «мұхассар» деген жерінен басқа 

барлық жерінде уақфа жасауға болады.

Уақфаның дұрыс орындалуының 

шарттары

1.  Қажылық жасау ниетімен ихрамды болу

2.  Арафат уақфасын жасаған болу

3.  Уақфаны Муздәлифә аумағында жасау. «Ма’шар-

Харам» жақта жасау – сүннет.

422


 Адамның қалауынсыз, еркінен тыс себептер.

416

Ислам ғылымхалы

4.  Құрбан айт күні таңның атуынан бастап, күннің 

шығуына дейінгі уақытта жасау. Кімде-кім таң атпа-

стан кетіп қалып, қайтып Муздәлифәға келмесе уақфасы 

дұрыс болмайды. Бұл – Ханафи мәзһабында. Ал Шафиғи, 

Ханбали мәзһабтарында уақфаның уақыты түннің екінші 

жартысынан басталады. Бұл мәзһабтарда таңның атуы-

мен уақфа уақыты шығып, таң атқаннан кейін жасалған 

уақфа дұрыс болмайды.

Түнді Муздәлифә аумағында өткізіп, таң намазын 

ертерек оқып, намаздан кейін тәкбір, зікір айтып, дұға 

жасап, уақфаны жарық болғанға дейін жалғастырып, күн 

шықпастан Минаға қарай бет алу – сүннет.

Ақшам және Құптан намаздарын «жамғу-

тахирмен» оқу

Жамғу-тахир – бірінші намаздың уақыты шыққаннан 

кейін екінші намаздың уақытында екі намазды бірге 

қосып оқу. Арафа күні ақшам және құптан намаздарын 

құптан  уақытында  Муздәлифәда  бірге,  қосып  оқу  – 

уәжіп. Азан оқылып, қамат түсірілгеннен кейін ақшам 

намазының парызы оқылады. Сәлем берген соң, тәшриқ 

тәкбірі айтылады. Сосын азан шақырылмастан, қамат 

түсірілместен  құптан  намазының  парызы  оқылады. 

Сәлемнен кейін тәшриқ тәкбірі айтылады. Осылайша 

ақшам мен құптан намаздары бір азан, бір қаматпен 

құптан уақытында оқылады. Сосын құптанның соңғы 

сүннеті мен үтір уәжібі оқылады. Ақшам намазының 

парызын оқығаннан кейін сүннетін оқу – мәкрүһ.



417

Қажылық

Шайтанға тас лақтыру  

(Қажылықтың екінші уәжібі)

Шайтанға тас лақтыру: Қажылардың құрбан айт 

күндерінде  Минада  бір-біріне  жақын  арақашықта 

орналасқан тіктеулі тұрған үш шайтан тасқа кішкентай-

кішкентай тас лақтырулары – қажылықтың уәжіптерінің 

біреуі. Бұл тіктеулі тастар: Кішкентай шайтан (жәмра), 

Орта  шайтан  (жәмра)  және  Үлкен  шайтан  (Ақаба 

жәмрасы).



Шайтанға тас лақтырудың уақыты

(Шайтанға тас лақтыру уақыты – Құрбан айттың 

төрт күні)

Айттың алғашқы күні 

(Зилхижжаның 10-ы)

Айттың алғашқы күні тек қана Үлкен шайтанға 

(Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Алғашқы 

тас лақтырылысымен қажылықтың басынан айтылып 

келе жатқан «тәлбия» дұғасы тоқталады. Бұдан кейін 

тәлбия айтылмайды. Айттың бірінші күні шайтанға тас 

лақтырудың уақыты – таң атысымен басталып, ертесі 

күні таң атқанға дейінгі мерзім. Айттың бірінші күні күн 

шықпастан шайтанға тас лақтыру – мәкрүһ, күн шыққанан 

кейін түске дейін лақтыру – сүннет, түстен кейін күн 

батқанға дейін лақтыру – жәйіз (рұқсат етілген), себепсіз 

күн батқаннан кейін лақтыру – мәкрүһ. Адамдардың 

тығыздығына байланысты күн батқаннан кейін лақтыру 

мәкрүһ саналмайды. Күн батқаннан кейін лақтырудың 

мәкрүһ  болуының  себебі,  лақтырылған  тастардың, 



418

Ислам ғылымхалы

қараңғы болғандықтан шайтан тасқа тимей қалуы және 

басқа адамдарға зиян тию қаупі болғандықтан. Бірақ қазір 

арнайы жарықтандыру жүйелері қолданылғандықтан, 

аталмыш себептер кездеспей және күндіз адам тығыз 

болғандықтан,  күн  батқаннан  кейін  лақтырудың  еш 

мәкрүһтігі жоқ.

Айттың екінші және үшінші күндері 

(Зилхижжаның 11-і және12-сі)

Айттың екінші және үшінші күндері әр үш шайтан 

тасқа (кішкентай, орта және үлкенге рет-ретімен) жеті 

жетіден  –  21  тас  лақтырылады.  Бұл  күндердегі  тас 

лақтыру уақыты – түстен кейін басталып, ертесі күнгі 

таң атқанға дейінгі уақыт. Бұл екі күнде түске дейін тас 

лақтыруға болмайды.



Айттың төртінші күні 

(Зилхижжаның 13-ші)

Айттың  төртінші  күні  үш  шайтан  тастың 

әрқайсысына жеті-жетіден 21 тас лақтыру абзал, бірақ 

лақтырмаса да болады. Лақтырылмаған жағдайда барлық 

лақтырылған  тастың  саны  –  49.  Ал,  лақтырылса,  70 

болады. Лақтырмайтын жағдайда, Минадан таң атпай 

қайту керек, алайда төртінші күні де тас лақтыру уәжіп 

болып  қалады.  Минаның  Мекке  жақтағы  шекарасы 

Ақаба жәмрасы (Үлкен шайтан тас) болуда. Сол Ақаба 

жәмрасынан өту арқылы Минадан шыққанға санала-

ды.


Ханафи мәзһабындағы Имам Әбу Юсуп және Имам 

Мұхаммедтің пікіріне сүйенсек, айттың төртінші күні тас 

лақтырудың уақыты түстен кейін басталады. Түске дейін 


419

Қажылық

лақтыруға болмайды. Ал Әбу Ханифаның айтуынша, 

таңның атуымен басталып, күн батқанға дейінгі уақыт. 

Таң атқаннан күн шыққанға дейін – мәкрүһ, ал, күн 

шыққаннан түске дейін лақтыру – жәйіз

423


, түс ауғаннан 

кейін күн батқанға дейін лақтыру – сүннет.

Төртінші күні тас лақтыру уақыты күн батқаннан 

кейін бітеді. Лақтырылмай қалған әр күннің тасын сол 

күні күн батқанға дейін лақтыру – уәжіп.

Лақтырылатын  тастарды  Муздәлифәдан  немесе 

Мұхассир жолынан немесе нәжіс (лас) болмаған кез 

келген жерден жинауға болады. Пайғамбарымыздың 

(с.а.у.)  бұйрығы  бойынша,  Ибну  Аббас  тастарды 

Муздәлифәдан жинаған.



Шайтанға тас лақтырудың дұрыс орындалу 

шарттары

1.  Тастарды  өз  қолымен  лақтыру.  Тастарды 

құралмен атуға немесе лақтырмай қолдан-қолға беріп, 

шайтан тастардың үстіне қоюға болмайды.

2. Ханафи мәзһабында лақтырылатын нәрселердің тас 

немесе құрғаған балшық сияқты топырақ түрінен болуы. 

Шафиғи мәзһабында тек қана тас лақтырылады.

3.  Жеті тас бөлек-бөлек лақтырылуы тиіс. Барлығы 

бірге лақтырылса, бір тас болып есептеледі.

4.  Тастарды тігілген шайтан тасқа тигізу немесе 

айналасындағы белгіленген орынға түсіру.

5.  Лақтырылған  тастар  белгіленген  орынға 

лақтырушының  іс-әрекетімен  жетуі.  Мысалға,  тас 

лақтырылған уақытта біреудің денесіне тиіп, сосын ол 

423

 Рұқсат.


420

Ислам ғылымхалы

адам тасты ары қарай лақтырып жеткізсе, дұрыс емес. 

Қайтадан лақтыру керек. Жерге тиіп немесе бір нәрсеге 

соғылып барып белгіленген орынға тиіп немесе түсіп 

жатса, дұрысқа есептеледі.

6.  Тастарды  арнайы  белгіленген  уақытта 

лақтыру.

7.    Шамасы жеткендердің тастарды өздері лақтыруы. 

Тұрып  намаз  оқи  алмайтындай  дәрежедегі  аурулар 

орындарына басқа біреуді өкіл етіп, лақтыртуларына 

болады.

Шайтанға тас лақтырудағы сүннеттері

1.  Тастарды 3-4-5 метр арақашықтан лақтыру

2.  Жеті тасты бірінен кейін бірін лақтыру

3.  Айттың 2,3,4-ші күндері, бірінші – Кішкентай 

шайтан тасқа, екінші – Орта шайтан тасқа, үшінші – 

Үлкен шайтан тасқа жеті-жеті тастан лақтыру

4.  Әрбір тасты лақтырған сайын «Бисмиллаһи, 

Аллаһу әкбар, рағман лиш-шайтани уа хизбиһ» деп 

айту. Мағынасы: «Аллаһ ұлы, шайтан және оған ергендер 

қаламаса да».

5.  Лақтырылатын  тастардың  жүгеріден  үлкен, 

жаңғақтан кішкене болғаны дұрыс.

6.  Тастарды айттың алғашқы күні түске дейін, қалған 

күндері түстен кейін күн батқанға дейін лақтыру

7.  Кішкентай  және  Орта  шайтан  тастарға  тас 

лақтырғаннан кейін бір шетке тұрып, әке-шешесіне және 

діндес бауырларына дұға жасап, тілек тілеу.

8.  Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тастар-

ды Меккені оң жағына алып, Минаны сол жағына алып 



421

Қажылық

лақтырады. Қалған екі Орта және Кіші шайтан тасқа 

тастарды кез-келген жақтан лақтыруға болады.

Шайтанға тас лақтырудың мәкрүһтері

1.  Белгіленген  орынға  жетпей  қалған  тастарды 

алып қайтадан лақтыру

2.  Шайтан тастан басқалардың лақтырған тастары-

нан жинап алып лақтыру

3.  Нәжіс тиген тастарды лақтыру

4.  Бір  тасты  сындырып,  бірнеше  тас  жасап 

лақтыру


5.  Бір шайтан тасқа бір күнде жетіден артық тас 

лақтыру


6.  Шайтан  тасқа  аяқ  киім,  шүберек  сияқты 

нәрселерді лақтыру



Шайтанға тас лақтыруда өкілдік

Ислам – жеңілдік діні, сондықтан түрегеп тұрып намаз 

оқи алмайтындай дәрежеде ауру не кәрі кісілер өздерінің 

орнына  басқа  адамды  өкіл  жасап,  лақтыртуларына 

болады. Өкіл адамдар бірінші өздері үшін лақтырып, 

содан  кейін  басқасының  орнына  лақтырады.  Бірақ, 

күндіз лақтыра алмағандар түнде лақтыра алатын болса, 

күндіз басқа біреуге лақтыртуға болмайды. Түнде өздері 

лақтырады.

Лақтырылмай қалған тастардың қазасы 

бола ма?

Уақытында лақтырылмаған тастардың тас лақтыру 

күндері қаза етіліп, лақтырылуы уәжіп. Тас лақтыру 

күндері айттың төртінші күні күннің батуымен аяқталады. 



422

Ислам ғылымхалы

Төртінші  күні  күн  батқаннан  кейін  лақтырылмаған 

тастар  қаза  етілмейді.  Әбу  Ханифаның  айтуынша, 

лақтырылмаған тастар айттың төртінші күні күн батқанға 

дейін қаза етілсе де, жаза өтеу түспейді. Ал Имам Юсуп 

пен Имам Мұхаммедтің айтуларынша, жаза түседі.



Сафа, Мәруа төбелерінің арасында жүгіру 

(қажылықтың үшінші уәжібі)

Сағи (араб тілінде) – шапшаң жүру, жүгіру деген 

мағынаны  білдіреді.  Ал  шариғаттағы  терминдік 

мағынасы: Мәсжидул-Харам жақта орналасқан Сафа 

және Мәруа төбелерінің арасында Сафа төбешігінен 

бастап, Мәруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш рет 

қайтып келу. Сафадан Мәруаға бару – бір рет, Мәруадан 

Сафаға қайтып келу – тағы бір рет болып есептеледі.

Сафа мен Мәруаның арасында сағи ету – қажылық 

уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 

158-аятында: «Сафа және Мәруа Аллаһтың нышан-

дарынан, кімде-кім қажылық немесе умра жасау 

ниетімен Қағбаны зиярат етсе, Сафа мен Мәруаны 

тауап етуінде күнә жоқ», – деп сағидің маңыздылығын 

білдірген.

Қажылық үшін жасалған сағи – қадум яки зиярат 

тауаптарынан кейін орындалатыны сияқты, умра үшін 

жасалатын  сағи,  умра  тауабынан  кейін  жасалады. 

Сағи әрқашан тауаптан кейін істеледі. Сағиді тауаптан 

кейін дереу жасау – шарт болмағанымен өте маңызды 

сүннет.


423

Қажылық

Сафа, Мәруа төбелері және зәмзәм суы

Ибраһим  (а.с.)  Аллаһ  Тағаланың  бұйрығымен 

зайыбы Ажар анамызбен емшектегі баласы Исмайыл-

ды қазіргі Зәмзәм құдығының орналасқан жеріне әкеліп 

тастап  кетті.  Ол  уақытта  қазіргі  Мекке  қаласының 

орналасқан  жерінде  ішер  судың  жоқтығынан  тірі 

жан  мекендемейтін-ді.  Ибраһим  (а.с.)  зайыбы  мен 

ұлы Исмайылға қорек ретінде азғантай құрма мен су 

тастап, Аллаһ Тағалаға деген тәуекелін берік ұстап, 

ол жерден ұзақтай түсті. Қорек пен суға тапшы мына 

шөлде Ажар анамыз бен баласы Исмайылға өмір сүру 

күннен-күнге қиындай түсті. Бірақ өздерін сол жерге 

қалдырып кетуді жаратқан иелері Аллаһ Тағаланың өзі 

бұйырған болса, Ажар анамыздың бостан-бос қам жеп, 

уайымдауы орынсыз еді. Өйткені, әлсіз құрт, құмырсқа 

сияқты жәндіктерге ризық берген Аллаһ оларды жапан 

далаға тастап, ұмыт қалдыруы мүлдем мүмкін емес. 

Міне,  сондықтан  Ажар  анамыз:  «Аллаһ  Тағала  бізді 



қорғайды,  мына  сусыз  шөл  далаға  бізді  жалғыздан 

жалғыз, жәрдемсіз тастамайды» – деп, Ұлы Жарату-

шысына деген сенімін берік ұстап, пайғамбарша тәуекел 

етті. Уақыт жылжыған сайын Ибраһимнің (а.с.) тастап 

кеткен азғантай суы таусылып, жас сәби Исмайыл су 

сұрап жылай бастады. Ана байғұс сәбиінің шырылдауына 

шара таба алмай шарқ ұрып, зыр жүгіруде. Анасы басқа 

не істесін, емізейін десе, омырауында сүт жоқ, су берейін 

десе, тамызықтай су да тапшы. Баласы Исмайылдың 

шырылдауына шыдап тұра алмаған ана өтіп бара жатқан 

тірі жанды кездестіріп қалармын деген үмітпен Сафа 



424

Ислам ғылымхалы

төбесіне шықты. Бірақ ешқандай тірі жанның қарасы 

көрінбегеннен кейін Сафа мен Мәруа төбешіктерінің 

арасында алқынса да, «үмітсіз шайтан» дегендей ерсілі-

қарсылы жүгіре бастады. Мәруа төбешігіне жетінші рет 

шыққан кезінде құлағына беймәлім бір дауыс естіліп, 

қалт тоқтайды. Ажар анамыз: «Ей, дауыс иесі! Бізге 

даусыңды естірттің, егер бізге көмектесе алатындай 

күшің болса, көмектес», – деді. Ажар анамыздың осы 

мінәжаты бітісімен Зәмзәм бұлағының жанында періште 

Жебірейіл (а.с.) көрінді. Жебірейіл (а.с.) жерді қазып 

жатыр екен. Әне-міне дегенше су көрініп, аға бастады. 

Бұл құбылысқа қатты қуанып кеткен Ажар анамыз су 

ақпасын деген мағынада «зәм-зәм» дейді. Судың алдын 

бекітіп,  кішігірім  хауыз  жасады.  Ыдысына  су  алған 

сайын,  орнына  су  қайнап  шыға  берді.  Ыдысты  суға 

толтырғаннан кейін мүбәрак судан қанып ішіп, ұлы Ис-

майылды емізе бастады. Жебірейіл (а.с.) Ажар анамызға 

былай деді: «Жоқ болып құрып кетеміз деп қорықпаңдар. 

Міне, мына жер – Бәйтуллаһтың (Қағбаның) орны. Оны 

мына сәби мен әкесі салады. Аллаһ Тағала бұл үйді са-

латындарды зиянға ұшыратпайды».

Міне, Зәмзәм суының шығу тарихы осылай. Қазіргі 

кездегі қажылардың Сафа мен Мәруа төбелерінің ара-

сында жүгірулерінің хикметі – Ажар анамыз бен ұлы 

Исмайылдың басынан өткен осы бір ғибратты оқиғаны 

сезіну және жандандыру.

Зәмзәм суы – мүбәрак және киелі су. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) зәмзәм суының қасиеттері жайында:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет