Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет30/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


Өкілдік шарттары

Парыз болған қажылықтың өкіл арқылы атқарылуы 

үшін төмендегі мына шарттар болуы керек

1.  Өкіл жіберетін адамға қажылық парыз болуы 

керек. Парыз болмай тұрып өкіл арқылы орындалған 

қажылық  нәпіл  қажылығы  болып  саналады.  Парыз 

болмай тұрып өкіл жіберткен адам балиғатқа толып, 

қажылық парыз болғаннан кейін, қайтадан қажылыққа 

бару керек.

2.  Өкіл жіберетін кісі қатты кәрі болу, жазылуы 

мүмкін емес ауру секілді себептер салдарынан өмірінің 

соңына дейін қажылыққа бару мүмкіншілігінен мақұрым 

болу керек. Басқа біреуді ауру кезінде өзінің орнына 

қажылыққа  жіберіп,  орындатқаннан  кейін  ауруынан 

айығып жатса, өзінің қайтадан қажылыққа баруы тиіс.

Өзі қажылық ғибадатын орындауға шамасы жете 

тұра  басқа  біреуді  орнына  қажылыққа  жіберсе,  бұл 

қажылық нәпіл болып саналғандықтан, мойнындағы 



460

Ислам ғылымхалы

парызынан құтылуы үшін өзінің тікелей қажылыққа 

баруы керек.

3.  Өкіл  жіберуші  өкілдің  қажылыққа  баруына 

рұқсат беруі керек. Егер өкіл ретінде баратын адам өкіл 

жіберушінің өтініші мен рұқсатынсыз қажылыққа барса, 

ол қажылық өкіл жіберушінің мойнындағы парызды 

түсірмейді.

4.  Өкіл жіберуші кісі қажылық қаражаттарын өзі 

көтеруі керек. Егер өкіл өз қаражатымен барған болса, 

өзінің орнына қажылыққа барғанға жатады. Ал егер 

өкілдің жұмсаған қаржысы өкіл жіберген кісінің берген 

қаржысынан  аз  болса,  өкіл  жіберушінің  мойнынан 

қажылық парызы түседі. Мирасқорлардың үкімі бұл 

үкімге кірмейді. Белгілі бір адамның артында қалған 

мирасқоры өзінің қаржысымен оның орнына қажылыққа 

баруына болады.

5.  Қажылық  –  ғибадат,  сондықтан  қажылыққа 

біреуді жалдап, өзінің орнына өкіл ретінде жіберуге 

болмайды. Жіберген жағдайда өкіл өзінің мойнындағы 

қажылық ғибадатын атқарған болады.

6.  Өкіл  ретінде  баратын  адам  балиғат  шағына 

жеткен, ақыл-есі дұрыс, қажылық ғибадатының қалай 

орындалатынын білуі тиіс.

7.  Өкіл ретінде жіберілген адам ихрамға кірмес 

бұрын өзін жіберген адамның атынан қажылық жасауды 

ниет етуі  керек.

8.  Өкіл ретінде жіберілген адам қажылық ғибадатын 

тікелей өзі жасауы керек. Әр түрлі себептерге байланы-

сты өзінің орнына басқа біреуді өкіл жасауына болмай-

ды. Бұлай істелген жағдайда қажылық қаражаттарын 

өкіл жіберушіге қайтарып беру керек. Өйткені, негізгі 



461

Қажылық

өкіл жіберуші өкілінің өкіліне қажылыққа баруға рұқсат 

берген жоқ. Бірақ негізгі өкіл жіберуші адам өкіліне басқа 

біреуді орныңа жіберсең болады немесе «қалағаныңды 

істе» деп кеңдік жасап, рұқсат беріп жатса, басқа біреуді 

орнына жіберуіне болады.

9.  Өкіл  ретінде  жіберілген  адам  өзін  жіберген 

адамның тапсырмаларын бұлжытпай орындауы керек. 

Мысалға, жіберген адам өкілден «ифрад» қажылығын 

жасауды талап етсе, өкіл «ифрад» қажылығын жасамай 

«тәматтуғ» қажылығын жасаса, өкіл ретінде жіберілген 

адам өзінің орнына қажылық жасаған болады. Бұндай 

жағдайда өкіл ретінде жіберілген адам алған қажылық 

қаржыларын иесіне қайтарып беруі керек.

Өкіл жіберуші адам өкіліне қажылықтың қай түрін 

орындауын тағайындап тапсырмай, қажылық жасауын 

талап  еткен  жағдайда,  ифрад  қажылығы  орындалуы 

керек. Ал егер «қалаған қажылық түрін жаса» деп өкіліне 

кең ауқымды рұқсат берсе, қалаған қажылығын жасайды. 

Өкіл ретінде жіберілген адам жіберуші адамның орнына 

қажылық ғибадатын орындағаннан кейін, өзі үшін умра 

жасауына мүмкіндігі бар.



Қасиетті Мәдина қаласындағы Хазіреті                

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірін зиярат ету

Мүміндердің көзінің нұры, жаратылыстың гүлзары, 

екі жаһанның асыл тәжі Пайғамбарымыз Мұхаммедтің 

(с.а.у.)  Мәдинадағы  нұрлы  қабірін  зиярат  ету  – 

мүміндер үшін сауапты да ардақты іс. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) өзінің бұл дүниеден мәңгілік өмірге қайтуынан 

кейін үмметтеріне өзінің нұрлы қабірін зиярат етудің 

сауаптылығын көптеген хадистерінде білдірген:



462

Ислам ғылымхалы

«Кімде-кім сауап үшін мені Мешітімде зиярат етсе, 

ол менің көршім болады. Қиямет күні оған шапағат 

етемін»

446

 ُهاَو ِس اَميِف ٍةلا َص  ِفْلأ  ْنِم  ُل َضْفأ اَذَه يِد ِج ْسَم يِف ٌةلا َص{

  ِفْلأ ِةأِم  ْنِم  ُل َضْفأ ِماَر َحْلاِد ِج ْسَمْلا يِف ٌةلا َصَو َماَر َحْلا َد ِج ْسَمْلا َّلاإ

}ُهاَو ِس اَميِف ٍةلا َص

Қазақша  мағынасы:  «Менің  осы  мешітімде 

оқылған бір намаз – Мәсжидул-Харамнан тыс басқа 

барлық мешіттерде оқылған мың намаздан да (сауап 

жағынан) артық. Ал, Мәсжидул-Харамда оқылған бір 

намаз–барлық мешіттерде оқылған жүз мың намаздан 

да артық»

447

 

 يِد ِج ْسَم َو ُماَر َحْلاُد ِج ْسَمْلأ :َد ِجاَسَم  ِثَلاَث َّلاإ ُلا َحِّرلاُّدَشُت َلا{



}ي َصقلأاُد ِج ْسَم َو اَذَه

Қазақша мағынасы:



«Осы үш мешіттен басқа (намаз және ғибадат 

үшін) ешқандай мешітке жолға шығу дұрыс емес. Бұл үш 

мешіт: Мәсжидул-Харам, Мәсжидул-Ақса, Мәсжидул-

Нәби (Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мешіті»

448

 

«Үйім  мен  мінберімнің  арасы  –  жәннат 

бақшаларынан бір бақша»

449

Иә,  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  қабірін  зиярат 

ету  –  мүміндер  үшін  парыз  болмаса  да  сауабы  мол 

маңызды  іс.  Уақыттың  ыңғайына  қарай  қажылық 

446

 Кәшфул-хафа, 2/250.



447

 Бухари, 2/56.

448

 Бухари, 2/56.



449

 Бухари, 2/57.



463

Қажылық

амалдарынан  бұрын  немесе  кейін  Мәдина  қаласына 

барып, Пайғамбарымыздың мешіті мен қабірі зиярат 

етіледі. Зиярат жасаған уақытта әдеттегісінен де көбірек 

Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) салауат және сәлем 

айтады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Маған сәлем 



берген әрбір адамның сәлемін Аллаһ Тағала менің рухыма 

білдіреді»

450

, – деген.

Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  мешітіне  «Бәбус-

Сәлем» немесе «Бәбул-Жибрил» есігінен әдепті түрде 

Салауат және Сәлем айтып кіреді. Егер мәкрүһ уақытқа 

сәйкес келіп қалмаса, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) нұрлы 

қабірі мен мінберінің арасында екі рәкат тахйиатул-

мәсжид  (мешітке  сәлем)  намазы  оқылады.  Өйткені, 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Үйім мен мінберімнің арасы 

жәннат бақшаларынан бір бақша, ал мінберім – қиямет 

күні  маған  сыйланатын  кәусәр  бұлағының  үстінде 

болады»

451


 – деп, мінбері мен қабірі арасындағы жердің 

қасиеттілігіне  назарымызды  аударған.  Тахийатул-

мәсжид намазын оқығаннан кейін Пайғамбарымыздың 

(с.а.у.) мешітін зиярат ету бақытына кенелгендігі үшін 

екі рәкат шүкір намазын оқып, намаздың соңынан өзіне, 

әке-шешесіне және күллі мұсылман бауырларына дұға 

жасап, тілек тілейді. Сосын Пайғамбарымыздың (с.а.у.) 

нұрлы  қабіріне  баяу  жүріспен  барып,  зиярат  етеді. 

Пайғамбарымыздың  бас  жағына  барып,  «Әссәләму 

а’лайка әюһан-нәбию уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ. 

Әссәләму а’лайка иа саийди иа расулулаллаһ» деп сәлем 

және салауат айтып, Аллаһ Тағалаға жалбарынып, дұға 

жасап, тілек тілейді. Бұларды жасаған уақытта айғайлап, 

450


 Әбу Дәәуд, Мәнасик,96.

451


 Муслим, Хаж, 502.

464

Ислам ғылымхалы

бақыруға  және  қабірінің  темірлерін  сүюге,  сипауға, 

қабіріне  сәжде  жасауға  болмайды.  Өйткені,  бұндай 

істерді істеу – бидғат. Дініміз бұндай әрекеттерге тыйым 

салған.

Одан  кейін  оң  жаққа  қарай  бір  метрдей  жүріп, 



Хазіреті Әбу Бәкірдің қабірінің басына барып, «Әссәләму 

а’лайка  йа  Халифата  расулиллаһ»  деп  сәлем  беріп, 

Құран бағыштайды. Сосын оң жаққа қарай тағы бір 

метрдей  жүріп,  Хазіреті  Омардың  қабірінің  басына 

барып, «Әссәләму а’лайка йа Әмирал-мүминин» деп 

сәлем  беріп,  құран  бағыштап,  Пайғамбарымыздың 

басына қайта келіп, салауат және сәлем айтып, Аллаһ 

Тағаладан қайыр тілек тілеп, дұға жасайды. Міне, осы-

лайша Пайғамбарымыздың мешіті мен нұрлы қабіріне 

деген зиярат тәмамдалады.

  

Қажылықта оқылатын сүннет дұғалар және 

олардың оқылатын орындары

Тәлбия дұғасы

Тәлбия – ихрамға кірер алдында айтылуы уәжіп 

болған және ихрамда болған уақытта молынан қайталанып 

айтылатын сүннет дұға. Тәлбия дұғасы:

 َةَمْعِّنلاَو َدْم َحْلا َّنإ . َكْيَّبَل  َكَل  َكيِرَش لا  َكْيَّبَل , َكْيَّبَل َّمُهلَّلأ  َكْيَّبَل{

} َكَل  َكيِر َش لا  َكْلُمْلاَو  َكَل



«ЛәббайкАллаһумма  ләббайк,  ләббайка  лә 

шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанни’мәтә ләкә 

уалмулка  лә  шәрика  ләк»

452


  «Қазақша  мағынасы: 

«Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға келдім, сенің 

452


 Бухари, Хаж, 26, Муслим, Хаж,147, Тирмизи, Хаж,97.

465

Қажылық

әміріңе бой ұсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, сенің 

әміріңді орындау менің борышым. Күмәнсіз, барлық 

мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет сенікі. 

Сенің еш серігің жоқ».

Тауаптың барлық айналымдарында

Рукнул-Йәмәни мен Рукнул-Хажарул-Әсуәдтің ара-

сында оқылатын дұға

 َو .ِراَّنلا باَذَع اَنِق َو ًةَن َس َح ِِةَر ِخلآا يِف َو ًةَنَس َح اَيْنُّدلا يِف اَنِتآ اَنَّبَر{

} َنيِمَلاَعْلا  َّبَر اَي ,ُراَّفَغ اَي ُزيِزَع اَي ,ِراَرْبلأا َعَم َةَّن َجْلااَنْل ِخْدأ

«Раббәна әәтина фид-дуниа хасанатан уа фил-

әәхирати хасана, уа қина ‘азабән-нар. Уа адхилнал-

жәнната ма’ал-әбрар, Иа ‘Азиз иа Ғаффар. Иа раббәл-

’аламин». Мағынасы: «Раббымыз, бізге бұл дүниеде 

де, ақыретте де тек жақсылығыңды беріп, бізді от 

азабынан сақта! Бізді жақсы, игі құлдарыңмен бірге 

жәннатқа кіргіз. Уа, ғазиз, уа, аса кешірімді Ғаффар, 

уа, бүкіл әлемнің Раббысы».

Сафа мен Мәруада

Сафа  және  Мәруадағы  әрбір  айналымда  жүзді 

құбылаға бұрып, тәкбір, таһлил айтылады.

Тәкбір дегеніміз:

}ُرَبْكأ ُ َّلأ{

 «Аллаһу әкбар» деп айту, 

ал, таһлил болса:

 َوُه َو ُدْم َحْلا ُهَل َو  ُكْلُمْلا ُهَل , ُهَل  َكيِر َش لا ُهَد ْحَو ُلا َّلاإ َهَلإ لا{

}ُريِدَََََََََََََََق ٍء ْيَش ِّلًك يَلَع



«Лә иләһә иллаллоһу уахдаһу ла шәрика ләһ, 

ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа ‘ала кулли шайин 

қадир» – деу. Мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ. 

466

Ислам ғылымхалы

Ол – жалғыз, серігі жоқ. Барлық иелік Оныкі және 

күллі мадақ оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті 

жетеді».

Шайтан тасқа әрбір тасты лақтырған 

уақытта оқылатын дұға

}ِهِبْز ِح َو ِناَطْيَّشلِل اًمْغَر ُرَبْكأ ُلأ, ِلا ِم ْسِب{



  «Бисмиллаһи,  Аллаһу  әкбар,  рағман  лиш-

шайтани уа хизбиһ» – деп айтып, лақтырады. Мағынасы: 

«Аллаһ  ұлы,  шайтан  және  оған  ергендер  қаламаса 

да».

Тәшриқ тәкбірі

Арафа күні таң намазының парызынан кейін баста-

лып, құрбан айттың төртінші күні намаздыгер уақытына 

дейінгі болатын әрбір парыз намаздың соңынан оқылуы 

уәжіп дұға:

 ِ َََّ ِلَو ُرَبْكأ ُ لأ ,ُرَبْكأ ُلاَو ُلا َّلاإ َهَلإ لا ,ُرَبْكأ ُ لأ ,ُرَبْكأ ُ لأ{

} ُد ْم َحْلا

 «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә иләһә иллаллоһу 

уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд». 

Мағынасы:  «Аллаһ  ұлық  (2  рет),  Аллаһтан  басқа 



тәңір жоқ! Аллаһ ұлық (2 рет), Барлық мадақтар мен 

мақтаулар тек Аллаһқа тән».

467

VI БӨЛІМ

ҚҰРБАН

«Намаз оқы және құрбан шал»

«Кәусәр» сүресі

«Адам баласы құрбан айт күнінде 

(құрбан шалып) қан ағызудан да 

сүйікті басқа іспен Аллаһ Тағалаға 

жақындаған емес. Қаны ағызылған 

мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары 

және жүндерімен келеді. Ағызылған 

қан жерге тамбай жатып, Аллаһ 

Тағаланың құзырында үлкен мақамға 

жетеді. Сондықтан құрбандарыңды 

көңіл ризашылығымен шалыңдар»

Хадис шәриф

468

469

Құрбанның танымы және  

Ислам дініндегі орны

Құрбан (араб тілінде) – «жақындау» деген мағынаны 

білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Аллаһ 

Тағаланың  ризашылығына  жақындау  ниетімен 

құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың 

аты.

Құрбан шалудың пайдалары мен 

хикметтері

а) Аллаһ Тағаланың әмірлерін орындау әрдайым 

ризашылығына жақындатып, ақыретте сый-сыяпатына 

кенелтеді. Құрбан шалу да Аллаһ Тағаланың арнайы 

әмірі болғандықтан бұл әмірді ықыласпен орындаушы 

Раббысының  ризашылығына  қауышып,  ана  дүниеде 

жүзі  жарқын  болып,  мол  сауабына  шомары  сөзсіз. 

Пайғамбарымыз  хадисінде  бұл  ақиқатты  былай  деп 

түсіндіреді: «Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан 

шалып)  қан  ағызудан  да  сүйікті  басқа  іспен  Аллаһ 

Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет 

күні  мүйіздері,  тұяқтары  және  жүндерімен  келеді. 

Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың 

құзырында  үлкен  мақамға  жетеді.  Сондықтан 

құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар»

453

Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа хадистерінде Аллаһ 



ризашылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылы 

453


 Тирмизи, Адахи,1.

470

Ислам ғылымхалы

үшін сауап бар екенін былай деп сүйіншілеген: «Саха-



балар Расулімізге (с.а.у.):

– Уа, Аллаһтың Елшісі, құрбандық деген не? – деп 

сұрақ қойды.

–  Құрбандық  –  сендердің  Ибраһим  (а.с.) 

бабаларыңның сүннеті, – деді.

– Одан бізге қандай сауап бар?

– Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.

– Қойдың жүнінен ше?

– Қойдың жүнінің әрбір тал қылшығына да сауап 

жазылады»

454

Шындығында,  Аллаһ  Тағала  біздің  шалған 

құрбандарымыздың  ағызылған  қанына  немесе  етіне 

мұқтаж  емес.  Біздің  шалған  құрбандарымыздың  еті 

немесе  қаны  Аллаһ  Тағаланың  құзырына  жетпейді. 

Бірақ біздің оның әмірін ләббайк деп орындауымыздағы 

ықыласымыз  бен  ниетіміздің  Аллаһ  Тағалаға  жетіп, 

ризашылығына себеп болары сөзсіз. Бұл шындықты 

Құран Кәрім былай деп баяндайды: «Олардың (құрбан 

малдарының) еттері де, қандары да Аллаһ Тағалаға 

жетпейді. Бірақ Оған сендердің тақуалықтарың ғана 

жетеді»

455

ә)  Құрбан  шалу  –  Ибраһим  пайғамбарымыздан 



(а.с.)  жалғасып  келе  жатқан  сүннет.  Иә,  Ибраһим 

пайғамбарымыз  (а.с.)  Аллаһ  Тағалаға  берген 

сөзінде  тұрып,  бауыр  еті  баласы  Исмайылды  Ұлы 

Жаратушысының жолында пида ете алатындығын паш 

етіп, қиын сыннан өткен еді. Міне, құрбан шалу сол бір 

ғибратты оқиғаның ұмытылмас көрінісі.

454

 Ибну Мажә, Сәуәбул-адахи, 3118.



455

 Саффат, 37/107.



471

Құрбан

б) Адам баласы құрбан айтта құрбан шалу арқылы 

Ұлы Жаратушысының өзіне берген сансыз нығметтерінің 

шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді.

в) Руханияттан алшақ болған мына материалдық 

дүниенің қыспағында қалып, тарыққан ішкі дүниеміз 

бен  көкірек  сарайымыз  құрбан  айттағы  шалынған 

малдардың  өзендей  аққан  қандарын  әр-әр  жерден 

көрген  уақытта  психологиялық  тұрғыдан  әсерленіп, 

бойындағы ауырлықтан жеңілдеп, көкірегіндегі қайғы-

қасіретін  ұмытып,  адами  табиғатында  болатын  ыза, 

кек, дұшпандық сияқты сезімдерден арылып, өне бойы 

жеңілдеп, сергіп қалады.

г) Жаратылысында өзімшілдік, сараңдық сияқты 

кейбір жаман сипаттардың дәнегі бар жалпы адам баласы 

құрбан айтта тек қана Аллаһ Тағаланың ризашылығы 

үшін кедей бауырларына жәрдем беру арқылы атал-

мыш болымсыз сипаттардың дәнегінің түбін балтамен 

шауып, оның орнына бойындағы бауырмалдық, жомарт, 

кішіпейіл сияқты кәмілдіктің белгісі саналатын сипаттар 

дәнегінің өніп-өсіп, жетілуі үшін су себеді.

д) Дүние жүзінде жылына миллиондаған мал сой-

ылуда. Бірақ бұл сойылған малдың еттерінен көптеген 

кедей-кепшік мақрұм қалуда. Міне, құрбан айтта осы 

кедей, жағдайы нашар адамдардың жүзіне күлкі кіріп, 

шаттық  байрағы  желбірейді.  Бір  адамның  көңіліне 

шаттық беріп, жүзіне күлкі кіргізу қандай бақыт... Аллаһ 

Тағала ақыретте бәріміздің жүзімізді жарқын қылып, 

көңілімізді шаттандырсын! Әмин!


472

Ислам ғылымхалы

Құрбан айтта құрбан шалудың үкімі

Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткен-

дерге құрбан шалу – уәжіп.

Уәжіптігінің дәлелдері:

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Намаз оқы және 



құрбан  шал»

456


  –  деп,  әмір  етіп,  құрбан  шалудың 

уәжіптігін білдіреді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кімде-кім мүмкіншілігі 

бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге 

жақындамасын!» – деп бұйырған. Әрине, бұндай қатаң 

ескерту, кем дегенде, құрбан шалудың уәжіптігін білдірсе 

керек.

Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  «Құрбан  шалыңдар! 



Өйткені ол Ибраһим әкелеріңнің сүннеті», – деуі құрбан 

шалудың уәжіптігіне теріс емес. Өйткені «сүннет» жолы 

деген  мағынаны  білдіреді.  Яғни,  бізге  уәжіп  болған 

құрбан шалу – Ибраһимнің (а.с.) жалғаса келген жолы 

деген мағынаны меңзейді.

Құрбан шалу кімдерге уәжіп?

Құрбан шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін 

төмендегі шарттар керек.

1.  Мұсылман болу

2.  Құрбан айт уақытында жолаушы болмау

3.  Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі 

қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын 

яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты 

құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен 

малға бір жыл толу шарт емес.

456

 Кәусар, 108/3. 



473

Құрбан

Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету 

керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, 

тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.



Құрбан шалудың уақыты

Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші 

күні айт намазынан кейін басталып, айтың үшінші күні 

ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Үзір себеп-

терге байланысты құрбан айт намазына бара алмай қалған 

адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін 

құрбанын шала беруіне болады. Пайғамбарымыздан 

(с.а.у.) құрбан шалудың уақытына байланысты бірнеше 

хадис риуаят етілген. Бәрә ибну А’зибтің риуаяты бой-

ынша:


«Аллаһтың  Елшісі  (с.а.у.):  «Біздің  бұл  күнде 

алғашқы жасайтын – ісіміз намаз оқу, сосын қайтып 

келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе біздің 

сүннетімізге ергені. Ал кімде-кім бұдан бұрын құрбанын 

шалатын болса, бұл құрбанының отбасына берілген 

еттен айырмашылығы жоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін 

емес». Басқа бір хадисте: «Кімде-кім намаздан бұрын 

құрбанын шалса, қайтадан шалсын», – деп, намаздан 

бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін 

ескертеді.

Құрбандыққа шалуға болатын малдар

Тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана 

құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын 

қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, 

түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы 


474

Ислам ғылымхалы

бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа 

шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың 

ұрғашысын шалу абзал.

Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, 

үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды.



Бірігіп құрбан шалу

Қой немесе ешкіні тек қана бір адам құрбан ретінде 

шала алады. Ал сиыр немесе түйені яғни, ірі қараны 

бір кісінің жалғыз өзі үшін шалуына болатын сияқты 

жеті кісіге арнап, ортақ шалуларына болады. Құрбанды 

ортақтасып шалған уақытта әрбір адам құрбан шалу 

ниетімен ортақтасуы керек. Бір кісі құрбан үшін, ал 

екінші бір кісі тек қана етін алу ниетімен ортақтасса, 

шалынған  мал  барлық  ортақтар  үшін  құрбан  болып 

есептелмейді.



Құрбандыққа жарамайтын малдар

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  құрбандыққа  жарамай-

тын мал турасында: «Соқырлығы анық белгілі соқыр, 

ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмайтындай дәрежеде) 

ақсақтығы белгілі болған ақсақ және жілігі көрінетіндей 

өте  арық  малдар  құрбандыққа  жарамайды»,

457


  – 

деген.


Ханафи мәзһабының ғалымдары хадисте айтылған 

құрбандыққа жарамайтын малдардағы кемшіліктерге 

қиас  (салыстыру)  жолымен  басқа  да  кемшіліктерді 

қосқан. Ол кемшіліктер мыналар:

Бір көзі соқыр

• 

457



 Тирмизи, Адахи,5.

475

Құрбан

Сойылатын  жерге  жете  алмайтын  дәрежеде 

• 

әлсіз


Құлағы  немесе  құйрығы  тумадан  жоқ  немесе 

• 

басым бөлігі кесілген



Тістерінің көбі түсіп қалған

• 

Емшектерінің басы жұлынып қалған



• 

Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған

• 

Құрбан шалуы уәжіп болған кісінің құрбандық ма-



лында аталмыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан 

кейін пайда болса немесе алған малы өліп қалса, қайтадан 

құрбандыққа жарайтын мал сатып алып шалуы керек. Ал 

өзіне құрбан шалу уәжіп болмаса да, сауап үшін шалуды 

ниет еткен кедей адамның сатып алған құрбанында бір 

кемшілік пайда болса, сол малды шала береді. Тіпті 

құрбан  шалуы  уәжіп  болмаған  кедей  адам  бойында 

кемшілігі бар малды сатып алып, құрбан ретінде шалуы-

на болады. Өйткені, кедей адамның шалған құрбандығы 

– нәпіл құрбан. Нәпіл ғибадатта кешірім бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет