Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


қорқытып, жаманшылық жасауды бұйырады. Ал



Pdf көрінісі
бет23/34
Дата15.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#53609
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
ИСЛАМ ҒЫЛЫМХАЛЫ


қорқытып, жаманшылық жасауды бұйырады. Ал 

Аллаһ сендерге өз тарапынан кешірімі мен кеңшілігін 

уәде  етеді…»

371

,  «Аллаһ  өсімнің  берекетін  кетіріп 

370


 Кашфул-хафаа, 1/361

371


 Бақара сүресі, 268-аят.

347

Зекет

жояды, ал садақасы берілген малды берекеттендіріп 

арттырады»

372

 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  бір  хадисінде  берілген 



садақаның байлықты азайтпайтынын айтады: «Садақа 

малдан ештеңе азайтпайды»

373

11. Зекет берген адамның жан жүрегін, ішкі сезімін 

керемет  қуаныш  билеп,  ерекше  ләззат  құшағына 

кіргендей  күй  кешеді.  Өмірдің  қысымынан,  дүние-

мүліктің ауыртпалығынан, жүректің қаттылығынан ары-

лады. Батыс елдерінде материалдық өмірмен етене бай-

ланысып кеткендіктен рухани тоқырауға ұшырағандарға 

психологтар жаңа емнің түрі ретінде мұқтаж адамдарға 

көмек көрсетуді ұсынуы кісі ойлантарлық. Хақ Тағала 

әр жақсылықтың есебін қолма-қол жүрекке рухани рахат 

құю арқылы сездіреді. Бұны ешбір материалдық рахаттан 

алу мүмкін емес.

Зекеттің мұсылмандарды жалқаулыққа, масылдыққа, 

жатып ішерлікке тәрбиелеп дағдыландырмайтындығын 

айта кеткеніміз жөн болар. Өйткені, Пайғамбарымыз:    

}يَلْف ُّسلاِدَيْلا َنِم ٌرْي َخ اَيْلُعْلا ُدَيْلأ{

 «Береген қол – алаған қолдан 

қайырлы» – деп мұсылмандарды әрқашан тер төгіп, 

еңбек етуге шақырады.



Зекет ғибадатының үкімі

Зекет ғибадаты Ислам дініндегі негізгі бес ғибадат-

тың ішінен орын теуіп, Һижреттің екінші жылы Рамазан 

оразасынан кейін Шәууал айында парыз болды.

372

 Бақара сүресі, 276-аят.



373

 Муслим, бирр/69.



348

Ислам ғылымхалы

Парыздығының дәлелдері 

(Құран Кәрім, Сүннет, Ижмағ)

1.  Құран-Кәрім:

«Намаз оқыңдар, зекет беріңдер…»

374

 «Олардың 

күнәларынан  тазаланып,  малдары  көбейіп 

берекеттенуі  үшін  олардың  (мұсылмандардың) 

малдарынан садақа (зекет) ал …»

375

 «Шын мәнінде 

садақалар  (зекеттер)  кедей-кепшіктіктерге,  түгі 

жоқ  міскіндерге,  зекетті  жинауға  тағайындалған 

адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат етілгендерге 

(жаңа  мұсылмандарға  т.б.),  құлдарды  азат  етуге, 

қарызға батқандарға, Аллаһ жолына және қиналған 

жолаушыларға  берілуі  Аллаһ  тарапынан  парыз 

етілді»

376



2. Сүннет

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:



«Ислам діні бес негізден тұрады: Аллаһтан басқа 

тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Аллаһ 

тарапынан жіберілген елші екендігіне куәлік келтіру, 

намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы 

келсе қажылыққа бару»

377

  

3. Ижмағ

378

Жаппай барлық Ислам ғұлама, мүштаһиттері зекет 

ғибадатының парыздығына бірдей көзқарас білдірген. 

374


 Бақара сүресі, 34,83-аят.

375


 Тәубе сүресі, 103-аят.

376


 Тәубе сүресі, 60-аят.

377


 Тирмизи, Иман,36; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман, 217.

378


 Ижмағ: Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің үкімінде 

ортақ көзқараста болуы.



349

Зекет

Тіпті  сахабалар  зекетті  бермейміз  дегендерге  қарсы 

соғыс ашу керек деген пікір айтқан.

Кімде-кім  зекет  ғибадатының  парыздығын 

қабылдамаса, діннен шығады. Ал, парыздығын қабылдап 

орындамаса, күнәһар болады.



Байлығының зекетін өтемегендердің 

ақырет күні тартатын азабы

Қолдарындағы байлықтарының зекетін бермеген 

адамдардың ақыретте тартатын азаптарының өте ауыр 

екендігі туралы Әбу Һурайрә (р.а.) Пайғамбарымыздың 

(с.а.у.) былай деп айтқанын риуаят етеді:

«Зекетін  бермеген  адамның  байлығы  ақырет 

күні  ірі  жылан  пішініне  кіреді.  Екі  көзінің  үстінде 

(қорқыныштылығының белгісі ретінде) қап-қара екі 

домалақ дағы бар. Осы жылан қиямет күнінде иесінің 

мойнына оралады. Сосын аузымен иесінің екі жағынан 

ұстап: «Мен сенің дүниедегі (қатты жақсы көрген) 

байлығыңмын, мен сенің (жинаған) қазынаңмын, – дейді. 

Сосын Пайғамбарымыз (с.а.у.) мына аятты оқыды: 

«Аллаһтың кеңшілігінен өздеріне берілген нәрселерін 

(басқаларға бермей) сараңдық істегендер бұл істерін 

өздеріне қайырлы деп ойламасын. Жоқ, тіпті (бұл 

істері)  өздері  үшін  ең  үлкен  жамандық.  Ақырет 

күні  сараңдық  жасаған  дүниелері  мойындарына 

оралады»

379


 Басқа бір аятта Аллаһ Тағала сараңдарды 

ақыреттің күйзелтуші азабынан былай деп ескертеді:



«Алтын,  күмісті  жинап,  оны  Аллаһтың  жо-

лында  жұмсамағандарды  күйзелтуші  азаппен 

379


 Әли – Имран сүресі, 180-аят.

350

Ислам ғылымхалы

сүйіншіле. Жиналған алтын мен күміс тозақ отында 

қыздырылып, онымен маңдайлары, қабырғалары 

және арқалары таңбаланатын қиямет күні оларға: 

«Міне, мынау – өздерің үшін жиған дүниелерің. Ал енді 

қанеки, жинағандарыңның дәмін татыңдар!»

380



Зекетті өтемегендердің дүниедегі тартатын 



жазасы

Зекетті өтемегендер бұл дүниеде жоқшылық пен 

аштыққа кіріптар болады. Пайғамбарымыз бұл турасында 

былай дейді: «Зекет бермеген қауымдарды Аллаһ Тағала 



міндетті түрде жоқшылық пен аштыққа ұшыратады». 

Басқа  бір  хадисінде  былай  дейді:  «Байлықтарының 

зекетін бермесе, көк жаңбырынан құр қалады. Жан-

жануар болмағанда олардың үстіне жаңбыр жаумас 

еді».

Зекет кімдерге парыз?

Зекеттің  белгілі  бір  адамға  парыз  болуы  үшін 

төмендегі шарттардың орындалуы тиіс.

1. Мұсылман болуы

Басқа  ғибадаттар  сияқты  зекет  ғибадатында  да 

беруші адамның ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен, 

азат мұсылман болуы шарт. Мұсылман мемлекетінде 

өмір сүретін басқа дінді ұстанушыларға және балиғат 

жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместерге 

зекет беру парыз емес.

Ханафи мәзһабынан тыс басқа мәзһабтарда балиғат 

жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс еместер-

380


 Тәубе, 34-35.

351

Зекет

ге де зекет беру парыз. Олардың малдарының зекетін 

уалийлері береді.

381


 

2. Нисап көлеміне жететін немесе одан да 

көп байлыққа ие болу

Зекеттің парыз болуы үшін күнделікті тіршілікте 

қолданылатын негізгі қажеттер мен қарыздардан тыс, 

нисап  көлеміне  жететін  байлыққа  ие  болуы  керек. 

Нисап дегеніміз – зекетті парыз ететін белгілі байлық 

мөлшері.


Зекеті берілетін байлықтың  түрлері мен 

зекет  беруді парыз ететін нисап көлемі

1.  Алтында: жиырма динар, яғни, 85 грамм

2.  Күмісте: екі жүз дирһам, яғни, 595 грамм

3.  Түйеде: бес

4.  Сиырда: отыз

5.  Қой мен ешкіде: қырық

6.  Сауда заттарында: 85 грамм алтын немесе 595 

грамм күмістің құнына тең болса.

7.  Ақшада:  85  грамм  алтын  немесе  595  грамм 

күмістің құнына тең болса

8.  Бау-бақша және егіс өнімдері

Күнделікті тіршілікте қолданылатын 

негізгі қажеттерге нелер жатады?

1.  Тұратын үйі, үй жиһаздары мен аспаптары;

2.  Ғылым  адамдарының  кітаптары  мен  өнер 

адамдарының аспаптары;

381

 Уалий:  оларға  қарауға  міндетті  жақындары  мен  туған-



туыстары.

352

Ислам ғылымхалы

3.  Өзі және әйелі, балаларына жететен бір айлық 

(басқа бір риуаятта бір жылдық) азық-түліктері;

4.  Өзі және отбасының киетін киімдері;

5.  Дәрі-дәрмектер. Дінімізде денсаулықты сақтау 

парыз  саналғандықтан  отбасыға  күтімге  міндетті 

адамдарға қажетті дәрі-дәрмек, емхана қаржылары негізгі 

қажеттіліктерге саналып, олардан зекет алынбайды

6.  Егістікпен  шаруашылықпен  айналысатын 

адамдардың трактор, комбайн сияқты құралдары мен 

аспаптарынан зекет алынбайды. Бірақ бұл құралдармен 

басқаларға жұмыс істеп, ақша табатын болса, тапқан 

ақшадан зекет алынады.

3. Зекеті берілетін байлықтың өсімділігі

Зекеті берілетін байлықтың өсімді болуы оларды 

күнделікті  өмірде  қажетімізге  қолдану  мақсатымен 

емес, иесіне кіріс кіргізу мақсатымен қолға ұсталуы. 

Мысалға, сауда заттарының сауда жасау арқылы, мал-

жануарлардың төлдеу арқылы, егіс, бау-бақшаның жеміс 

беру арқылы иесіне кіріс кіргізуі сияқты. Алтын, күміс, 

ақша, әшекей бұйымдармен сауда жасап, кіріс кіргізуі 

мақсат етілмесе де, олардан зекет беру парыз. Яғни, 

олардың өсімді болуы шарт емес.



4. Зекеті берілетін байлыққа бір жыл 

толуы

Зекеті берілетін байлыққа ай санауымен бір жыл 

толуы керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: 

«Бір жыл толмай байлыққа зекет берілмейді»

382


, – дейді. 

Бір жыл – зекеті бірілетін дүние, малдардың көбейіп, 

өсетін уақыты.

382


 Әбу Дәәуд, Зекет, 5.

353

Зекет

Жыл  толу  мәселесінде  Имам  Әбу  Ханифаның 

көзқарасына сүйенсек, зекеті берілетін байлық екіге 

бөлінеді.

а) Алтын, күміс, барлық ақша түрлері және жылдың 

көбінде қырда жайылатын малдар мен сауда заттары.

ә) Барлық егістік, бау-бақша өнімдері мен қазба 

байлықтар.

Бірінші  бөлімдегі  зекет  берілетін  заттар  мен 

дүние-мүлік, малдардың зекеті берілу үшін толық бір 

жыл толуы шарт. Өйткені, малдардың төлдеп, сауда 

заттарының кіріс кіргізетін уақыты кем дегенде бір жыл. 

Ал екінші бөлімдегі зекеті  берілетін дүниелердің зекеті 

берілуі үшін бір жыл толуы шарт емес. Өйткені, егіс 

пен бау-бақшадан бірнеше айда өнім алуға болады. Сол 

сияқты қазба байлықты бір жылда бірнеше рет алуға 

болатындықтан, бұларға нисап мөлшері мен бір жыл толу 

шарты қосылмайды. Ал Әбу Юсуп пен Мұхаммедтің бұл 

мәселедегі көзқарасына сүйенсек, шамамен бір тоннаға 

жетпейтін және қолда бір жыл сақтауға шыдамайтын егіс 

өнімдері мен жеміс-жидектерден зекет алынбайды.

Зекет парыз болу үшін ханафи мәзһабында нисап 

көлемі жылдың басында әрі жылдың аяғында толық 

болуы шарт. Мысалға, бір адам негізгі қажеттерінен 

тыс 100 грамм алтынға ие болса, бір жыл толғаннан 

кейін 50 грамға азайса, бұл адамға зекет беру парыз емес. 

Бірақ жылдың ортасында азайып, жылдың аяғында нисап 

көлеміне қайта жетсе, зекет беріледі. Мысалға, алты 

айдан кейін 50 грамға азайса, бірақ жылдың аяғында 120 

грамға шықса, жылдың басындағы 100 грамның немесе 

жылдың  ортасындағы  50  грамның  зекеті  берілмей, 

жылдың аяғындағы 120 грамның зекеті беріледі.



354

Ислам ғылымхалы

Зекеті  берілетін  байлық,  мал-дәулет  бір  жыл 

толғаннан кейін көбейіп өссе, көбейген бөлімінің зекеті 

дәл сол жылы берілмейді. Көбейген бөлімінің зекеті 

келесі жылы дәл сол уақытта беріледі. Мысалға, бір 

адамның қолында өткен жылғы Рамазан айының он 

бесінде 100 мың теңге болса, бұл көлем биылғы жылы 

Рамазан айының он бесіне дейін 140 мың теңгеге көбейіп, 

Рамазан айының жиырмасында 160 мыңға жетсе, 140 

мың теңгенің ғана зекеті сол жылы беріледі.

Зекеттің парыз болуы үшін малға бір жыл толуы 

керек дедік, бірақ пақыр кедей-кепшіктердің жағдайын 

ойлап, бір жыл толмай да зекет бере беруге болады. Бірақ 

бір жылда екі рет зекет берілмейді.



5. Қарыз болмауы

Адамдарға болған қарыздың барлық түрі – зекеттің 

парыздығына бөгет жасайды. Мысалға, бір адам негізгі 

қажеттерінен тыс 100 грамм алтынға ие болды делік. 

Бірақ бұл адамның басқа біреуге 20 грамм көлемінде 

қарызы болса, бұл адамға зекет парыз емес. Өйткені, 

қарыздан тыс қалған малдың мөлшері нисап көлеміне 

(85гм шамасындағы алтынның құны) жетпейді.



Алдыңғы бір жыл немесе бірнеше жыл үшін 

берілмеген зекет есесі қарызға жата ма?

Бір  жыл  немесе  бірнеше  жыл  үшін  берілмеген 

зекет есесі қарыз болып саналады және міндетті түрде 

өтелуі тиіс. Өтелгеннен кейін қалған ақшаның құны 

нисап мөлшеріне жетіп жатса ғана сол жыл үшін зекет 

беріледі


383

383



 Фатауий һиндия.

355

Зекет

Қарыз иесі борыштының қарызын кешкен 

жағдайда...

Қарыз иесі қарызын борыштыдан кешкен жағдайда, 

кешілген қарызды қосқанда барлық ақшасының мөлшері 

нисап мөлшеріне жетіп жатса, зекет беру парыз. Қарыз 

иесі қарызын кешкен күнге бір жыл толғаннан кейін 

зекет береді.



Құрбандық, пітір садақа, кәффарат, 

қажылық сияқты мұсылманның мойнындағы 

қарыздар зекеттегі нисап мөлшеріне әсерін 

тигізе ме?

Аталмыш қарыздар Аллаһ пен құлдарының ара-

сында болғандықтан, зекеттің нисап мөлшеріне әсерін 

тигізбейді. Мысалға, біреудің байлығы нисап мөлшеріне 

жетіп тұрса, бірақ мойнында аталмыш қарыздары болса, 

және бұл қарыздарды өтеген жағдайда, қалған ақшасы 

нисап  мөлшеріне  жетпей  қалса  да  зекет  беру  парыз 

болып қала береді.



6. Зекеті берілетін байлыққа толық ие болу

Зекеті берілетін байлыққа зекет беруші адам толық 

ие болуы керек. Яғни, иесінің иелігінде және қолында 

тұрып, қалаған уақытта қолдана алатындай мүмкіндікте 

болуы керек. Мысалға, басқа біреуге кепілдікке берілген 

затқа зекет берілмейді. Өйткені, кепілдікке берілген зат, 

иесінің иелігінде десек те қалаған уақытында қолдана 

алмайды.


Сатып алынып, әлі қолына тие қоймаған затқа зекет 

беріледі. Өйткені, сатып алынған заттың сатып алған 

адамның қолына тию пайызы басымырақ.


356

Ислам ғылымхалы

Табылған дүние, байлыққа  жоғалған 

жылдары үшін зекет беріле ме?

Жоғалып, қайта табылған дүние, байлыққа жоғалған 

жылдары  үшін  зекет  берілмейді.  Пайғамбарымыз 

хадисінде былай деген: «Димар малға зекет берілмейді»



384

.  


Димар мал дегеніміз: иелігінде бола тұра қайта қайтып, 

қолына тиюі үміт етілмеген зат, байлық, яғни, иелігінде 

бола тұра қолданылуы мүмкін емес дүние.

Зекеттің дұрыс орындалуы үшін қосылған 

шарттар

1. Ниет

Жалпы  ғибадаттар  сияқты  зекет  ғибадатында 

да  ниет  ету  шарт.  Зекетті  басқа  нәпіл  садақалардан 

ерекшелендіретін де осы ниет екені сөзсіз.

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  хадисінде  былай  деген: 

«Барлық амалдар ниетке байланысты»

385

. Зекет есесін 



кедейлерге берген уақытта немесе зекет есесін бөлген 

уақытта  бұның  зекет  екендігін  жүрегімен  ниет  ету 

керектігі туралы төрт мәзһаб ғалымдары бір көзқараста. 

Тілмен ниет ету шарт емес. Кедейге зекет беру ниетімен 

бір нәрсе берген уақытта көңіліне келмес үшін бұл саған 

берген сыйлығымыз деп, тапсырса зекеттің дұрыстығына 

еш зиян келтірмейді.

Зекет берілген адам да өзіне тапсырылған зекеттің 

зекет  екенін  біліп-білмеуі  маңызды  емес.  Басқа 

мұсылмандарға  үлгі  болу  үшін  зекетті  жария  түрде 

берген жөн.

384


 Малик Муатта, 18.

385


 Муслим, Имара, 155. Бухари, Бәдул – Уахи,1.

357

Зекет

Бір нәрсені кедейге берген уақытта зекет ниетімен 

бермей, сосын барып берілген зат жылдық зекетімнің 

орнына жүре берсін деп ниет еткен жағдайда, берген 

нәрсесі әлі жұмсалмай кедейдің қолында болса, зекеті 

ретінде қабылданады. Ал, егер жұмсалып кетсе, қайта 

зекет беруіне тура келеді.

Бір адам зекет есесін бөліп қойғаннан кейін жоғалып, 

ұрланып немесе басқа бір жағдаймен жойылып кетсе, 

зекет парызы мойнынан түспейді. Өйткені, зекет есесі 

– кедейлерге иелендіру арқылы берілген жағдайда ғана 

зекет ретінде қабылданады.

Бір адам зекетті ниет етпей анда-санда кедейлер-

ге бір нәрселер беріп тұрса, зекет парызы мойнынан 

түспейді.

Зекет тек қана Аллаһ ризашылығы үшін берілуі 

тиіс. Зекетті адамдарға көрсету үшін немесе мақтану 

үшін  беруге  болмайды.  Берген  зекетін  міндетсіп, 

паңданатындардың  зекеті  Аллаһтың  алдында  қабыл 

болмайды.



«Ей,  иман  еткендер!  Аллаһқа  және  ақырет 

күніне сенбестен, тек қана адамдарға (мақтанып,) 

көрсету  үшін  мал  жұмсаған  адамдарға  ұқсап, 

берген садақаларыңды (берілген адамға) міндетсіп, 

ренжіту арқылы бұзбаңдар! Оның (берген садақасын 

міндетсіп,  берген  адамдарды  ренжіткендерің) 

мысалы, үстінде топырағы бар тайғанақ тас сияқты, 

оған нөсер жауа қалса (топырағын шайып), құр тас 

күйінде қалдырады. Бұндай адамдар істеген ешбір 

істерінің сауабы мен қарымын ала алмайды. Аллаһ 

қарсы келген елді тура жолға салмайды»

386

. 

386


 Бақара, 2/264-аят.

358

Ислам ғылымхалы

2. Иелендіру (тамлик)

Зекет ғибадатының дұрыс болуының тағы бір шарты 

– зекет есесін Құранда белгіленген адамдарға иелендіру 

арқылы беру. Сондықтан дастарқан жайып, кедейлерге 

тамақ беру зекет емес, жай ғана садақа ретінде есептеледі. 

Өйткені, тамақтандыру кедейлердің тамақ жеулеріне 

рұқсат қана болып, иелендіру деп есептелмейді.

Зекет кімдерге және қандай орындарға бері-

леді?

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Маған зекет 

бер» – деген адамға былай жауап берген:

«Ұлы Аллаһ зекеттің берілетін орындары жайында 

пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, 

өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың 

ішінде болсаң, саған есеңді беремін»

387

Иә, зекеттің берілетін орындарын Аллаһ Тағала 

«Тәубе»  сүресінің  алпысыншы  аятында  тағайындап 

білдіреді: «Шын мәнінде садақалар (зекеттер), кедей-



кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға 

тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат 

етілгендерге (жаңа мұсылмандарға), құлдарды азат 

етуге, қарызға батқандарға, Аллаһ жолына және 

қиналған жолаушыларға берілуі Аллаһ тарапынан 

парыз етілді»

388

387


 Әбу Дәәуд, Зекет, 24.

388


 Тәубе, 60.

359

Зекет

Бұл аятта айтылған сегіз топты былай 

түсіндіруге болады:

1-2. Пақырлар мен міскіндер

Пақыр деп – нисап мөлшеріне жететін байлығы жоқ 

адамдарға, міскін деп – түгі жоқ адамдарға айтылады.

3. Зекет жинауға тағайындалған арнайы 

адамдар

Зекеттердің жиналуы, сақталуы, есептеліп, лайық 

адамдарға таратылып, тапсырылуы сияқты жұмыстар 

үшін  мемлекет  тарапынан  тағайындалған  адамдар. 

Бұларға  зекеттен  белгілі  есе  аталмыш  еңбектерінің 

қарымына айлық ретінде берілгендіктен тағайындалған 

адамдардың  бай  болулары  зекеттен  мемлекеттің 

белгілеген мөлшерін алуларына бөгет емес.



4. Муәллафатул-қулууб

Мұсылман болу бақытына әлі кенелмеген кейбір 

адамдардың жаманшылығынан сақтану үшін және Ислам 

дінін жаңадан қабылдаған иманы әлсіз адамдардың, тіпті 

әлі Исламды қабылдамаған кейбір адамдардың көңілін 

жібіту  үшін  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  кедей  болсын, 

ауқатты  болсын,  оларға  зекеттен  белгілі  есе  беріп 

отырған. Міне, осы аталмыш үш топ Құранда айтылып, 

зекеттен белгілі бір есе тағайындалған «муалләфатул-

қулууб» тобына жатады.

Бірақ Хазіреті Омар дәуірінде бұл топқа берілетін 

зекет есесі тоқтатылған. Тоқтатылуының басты себебі, 

Ислам дінінің дүниеге қанат жайып қуаттанғаннан кейін 

бұлардың көңілін Исламға жібітіп, жаманшылықтарынан 

сақтанудың қажеті болмай қалуында еді. Бірақ кейбір 


360

Ислам ғылымхалы

ғалымдардың  фәтуасына  сүйенсек,  қажет  болған 

жағдайда, қайтадан бұл топқа беруге болады.

5. Құлдар

Қожайынынан  азат  болу  үшін  белгілі  ақшаға 

келіскен құлдарға зекет беріледі. Міне, бұл Ислам дінінің 

құлдарды азат ету жолында жұмсаған еңбектерінің бір 

көрінісі.

6. Қарызға батқандар

Қарызынан  тыс  нисап  мөлшеріндегі  малға  ие 

болмаған немесе басқасында алатын қарызы болып, 

қайтарып  алуы  мүмкін  болмағандар  «қарызды 

адамдардың» тобына жатады. Пақырға зекет бергеннен 

гөрі қарызынан қиыншылық көріп жатқан адамдарға 

зекет беру – абзал. Өйткені, қарызынан құтылу – қарызы 

бар үшін басты міндет.



7. Аллаһ жолында

Бұл топқа Аллаһ ризалығы үшін ілім іздеушілер, 

Аллаһ  Тағаланың  дінін  қорғау  және  жастарымызды 

имандылық,  адалдық,  адамгершілік,  әділдік  сияқты 

жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін, жалпы қоғам пай-

дасына шешілетін қайырлы істер үшін бар күштерін 

салып еңбек етушілер кіреді.

8. Қаржылары бітіп, жолда қалғандар

Бұларға негізгі тұрғылықты жерлерінде ақшалары 

барлар жатады, яғни, бай болса да оларға зекет беріледі 

(қажылар, ілім ізденушілер, т.б. сияқты).



361

Зекет

Бір адамның зекеті осы сегіз топтың 

барлығына берілуі шарт па?

Ханафи  мәзһабындағы  ғалымдардың  көпшілік 

пікіріне сүйенсек, зекет есесін сегіз топтың барлығына 

бірден беру шарт емес. Яғни, осы сегіз топтың біреуіне 

ғана берілсе де, зекет ғибадаты орындалады.

Зекеттің бәрін бір адамға түгелдей беруге 

бола ма?

Ханафи және Шафиғи мәзһабында бір адам зекетін 

толық немесе бірнеша адам зекеттерін жинап бір пақырға 

яки міскінге берулеріне болады. Бірақ бір адамға нисап 

мөлшерінде немесе нисап мөлшерінен артық беру – 

мәкрүһ.


Егер зекет есесі бірнеше адамға бөлініп берілген 

жағдайда  әрқайсысына  өте  аз  үлес  тисе,  берілген 

адамдардың ешқайсысына татымайтындай болса біреуіне 

ғана берген жөн.



Күйеуі – әйеліне, әйелі – күйеуіне 

малдарының  зекеттерін бере ала ма?

Әйелдің  нәпақасын  қамтамасыз  ету  –  күйеуінің 

міндеті. Күйеуі пақыр әйеліне малының зекетін бере 

алмайды. Имам Әбу Ханифа хазіреттің пікіріне сүйенсек, 

бай әйел малының зекетін мұқтаж күйеуіне бере ал-

майды. Ал, Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхаммедтің 

пікіріне сүйенсек, беруіне болады.

Қайын ата және қайын ана – күйеу балаларына, 

күйеу балалары – қайын аталары мен қайын енелеріне 

малдарының зекеттерін берулеріне болады.



362

Ислам ғылымхалы

Әкесінің мұқтаж туған-туыс

бауырларына, нағашыларына және өзінің 

бауырларына малдарының зекетін беруге 

бола ма?

Өзінің  зекетін  аталмыш  адамдар  кедей  болып 

жатса, беруге болады. Тіпті мұқтаж аталмыш туыстарға 

зекет берудің абзал екенін Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір 

хадисінде: «Кедейлерге берілген садақа – бір садақа, ал, 

туыстарға берілген садақа – екі садақа. Біреуі – садақа. 

Екіншісі – туыстарға жасалған жақсылық»

389

, – деп 

білдіреді.



Байға зекет малынан жеуге рұқсат па?

Байға зекет алуға болмайды, бірақ кедейге берілген 

зекет малынан жеуіне болады. Мысалға, кедей адамға 

зекет беріліп, кедей де берілген зекетті бай көршісіне 

жегізсе,  немесе  сыйласа,  сыйды  алуына  болады. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл турасында былай деді: « 



Бес кісіден басқа, бай кісіге – садақа адал емес. Олар 

мыналар:

1 – Аллаһ жолында соғысқа шыққан

2 – Садақаны (зекетті) жинауға тағайындалған

3 – Қарызданған

4 – Садақа малын өзінің ақшасымен сатып алған

5  –  Кедей  көршісі  өзіне  берілген  садақадан  бай 

көршісіне сыйласа».

389


 Тирмизи, Зекет,26; Насаи, Зекет,82; Ибн Мажә, Зекет, 28.

363

Зекет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет