Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата16.01.2020
өлшемі2,73 Mb.
#55981
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
4 5883336246050160998


 
 
 
СЫЛТАУ 
 
     Өмірде ұстанатын қағидаларымның бірі – сыл- 
тау айтпа. Бір іс қолымыздан келіп жаста
«мен істедім», «мен мықтымын» деу, ал болмай жатса, 
оны жұрттан көру біздің қоғамға тән. Орынды-орын- 
сыз екеніне қарамастан, әркім өте көп сылтау айтады. 
«ата-анам бай емес», «көшеде пробка», «ұйықтап қал- 
дым», тағы да басқа. 
 
     Осы сылтауға қатысты бір мысал келтірейін. «MEGA 
Silk Way» орталығында үлкен «Rumi» мейрамханасын 
аштық. Сол жердегі галереямен өтіп келе жатқанда, қарсы 
жағымызда орналасқан кофеханада адам өте көп көрін- 
ді, ал бізде адам аз секілді. Операциялық директорымыз 
Қарақат ханымнан: «Неге оларда адам көп, ал бізде аз?» 
деп сұрадым. Қарақат ханым болса: «Олардың мейрамха- 
налары кішкентай, сондықтан адам көп секілді көрінеді. 
Ал біздің мейрамхананың аумағы үлкен. Негізінде адам 
саны бірдей сияқты» деп сылтау айта бастады. Мен біздің 
және қарамағымыздағы жаңағы мейрамхананың адамда- 
рын санап шығуға ұсыныс жасадым. Сөйтсек біздің 
«Rumi»-де отыз сегіз, ал елу оларда адам отыр екен. Сол 
кезде «неге оларда адам көп?» емес, «бізде де адамдар 
дың санын қалайша көбейтуге болады?» деген сұрақ 
туындады. Әріптесім Айдос мырза кез келген сұрақтың 
жауабын таба алатын адам. «Неге оларда адам көп, біліп 
келіңізші, Айдос аға» деп, сол кофеханаға оны жібердім. 
Бұл жағдайда, менің «Несіне уайымдаймын? Олардың 
кофеханасы 50 адамға арналса, біздің «Rumi» 150 адамға 
арналған» деп өзімді ақтап алуыма болатын еді. Негізі 
 
 
 

 
36
 
бұнда ешқандай «проблема» жоқ, бірақ мен оны өзіме- 
өзім жасап алдым. Айдос мырза 27 минуттан соң қай 
тып келді. «Қуаныш, біріншіден олардың қызметкерлері 
баяу жұмыс жасайды, сол үшін 20 минутта шығып кетем 
деген адам 40 минуттай отырады. Бірақ, ол жер жарық 
екен, сонысы жақсы» деді. Өзіміздің мейрамханаға қа- 
радық, шынында да оларға қарағанда қараңғылау. Сыл- 
тау айтқан жоқпыз, мәселені шешуге кірістік. Сол күні 
Қарақат ханым мамандарды шақырып, қалай болу керек 
деп сұрап, қажетті жарықты қосты да, барлығын тәртіп, 
яғни заң бойынша жасады. Келесі күні саудамыз өсті. 
Сылтау айтудың қажеті жоқ. Жалпы, ешқашан сылтау 
айтпаймын, сені де соған шақырамын. Бұнда мен сылтау 
туралы үлкен трактат немесе сылтау айтпаудың жолда- 
рын жазбаймын. Тек бір мәселені түсінуге және қабыл- 
дауға, өмірде қолдануға шақырамын, ол – сылтау айтпау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
НЕГЕ БАТЫС 
КІТАПТАРЫ БІЗГЕ 
КӨМEKTЕСПEЙДІ? 
 
 
     Бойымыздағы проблемалардың барлығын тізбек- 
теп шықтық, анықтап алдық. Мақсат қоя алмай- 
мыз, эго, сенімсіздік, тағысын-тағы – осының барлығы 
адам өмірінде бір дискомфорт (жайсыздық) туында- 
тады. Бұл сезімнен адамның құтылғысы келіп тұрады. 
Сол кезде, бас сауғалап Батыс методикасын (әдістеме) 
іздейді. Батыс авторларының бұл туралы «Мақсатқа 
жетудің елу бір жолы», «Өзіңді дамытудың сексен сегіз 
жолы», «Арман табудың он алты жолы» сияқты кітап- 
тары өте көп. 
 
Триггер
14
 деген түсінік бар, мысалы, адам өзін кедей- 
мін деп сезініп жүрсе, сол кедейлік туралы әңгіме естice, 
ойында ұстап, бірден оны миына қабылдап алады. Адам 
триггерлерге ілініп қалады да, сол триггерлерді іздей 
бастайды. Тура солай, адамдар Батыс методикасын ізде- 
стіре бастайды. Әрине, Батыс кітаптары мен методика 
лары жұмыс істейді және олар пайдалы, бірақ олар сол 
жақтың азаматтары үшін, сол қоғамға бейімделген. Ал 
бізде, өзіміздің қоғамға тән, осы ортадан шыққан ауру- 
ларымыз, проблемаларымыз немесе әке-шешеміздің бо- 
йымызға сіңірген аурулары бар. Батыс кітаптары көмек 
теспейді емес, көмектеседі, егер біз қойған талап соған 
сәйкес болса. Ал біз қойған талаптар, күнделікті өмірдегі 
қателіктеріміз бен кемшіліктер болғандықтан, Батыс реа- 
лиясы (өмір салты) бөлек, ал біздің реалиямыз бір бөлек. 
Біздегі дизельді автокөліктер нашар, дұрыс жұмыс істе- 
___________ 
14
Тригтер (жалпылама ұғымда) – қандайда бір оқиғаның орын алуының негізгі 
себепшісі. 
 

 
38
 
мейді дейді, өйткені бізде дизель нашар. Ал ол автокөлік 
шетелдік жолдар мен солардың дизеліне арналған. Бай- 
қасаңыз, Батыс көліктерінің сипаттамасында сегіз литр 
бензин «жейді» десе, бізде шамамен он бір литр бензин 
кетуі мүмкін. Себебі, бізде жанармай сапасы нашар. Қай- 
тадан батыс реалиясы мен біздің реалияның екі түрлі 
екеніне көз жеткіземіз. Сол сияқты, Батыс кітаптары да, 
солардың ішкі дүниесіне арналған. 
     Ізденіс жолында жүргенімде Бодо Шефер
15
, Роберт 
Кийосаки
16
 сияқты авторлардың кітаптары қолыма бірін 
ші болып түсті. Олар шынында да, мықты мотивация 
береді, болашаққа сенім сыйлайды, ертеңгі өмірің қан- 
дай болатынын әдемілеп, әсерлендіріп суреттеп береді. 
Бірақ, бұл кітаптардың бірінші «минусы», олар сенің ер- 
тең қандай болатыныңды айтады. Арманда, мақсат қой, 
мотивацияң болу керек, еңбектен, сонда жетістікке же- 
тесің дейді. Алға қадам жасауға дайын тұрғаныңда, неден 
бастайтыныңды білмей қаласың. Яғни, бұл кітаптар нені 
және қалай жасау керегін белгілеп бермейді. Көбіміздің 
мотивацияны жинап алып, іске келгенде еш нәрсені жү- 
зеге асырмауымыздың себебі осында. Тауды да қопарып 
тастауға дайын болғаныңда, не істейтініңді білмейсің. Ал 
мен өзім көп ойландым, көп зерттедім. Батыс моделін- 
дегі кітаптардың көбі мотивация беру үшін жарамды 
екені күмәнсіз, бірақ менің түсінгенім, қазақтарға, әр 
қадамның жазылғаны, неден кейін нені жасайтыны бел- 
гіленіп, айтылғаны жағады. «Біріншіден, компанияның 
атын ойластыр, екіншіден, салаңды таңда, үшіншіден, 
нарықты зертте» дегендей. Сондықтан да жылдар бойы 
өзім қолданған, өзіміздің менталитетке сай жеңіске же- 
тудің «қазақша» моделін ойластырдым. Ұзақ жыл бойы 
өзімді дамыту, минустарыммен күресу, армандау, тағы да 
басқа барьерлер (кедергілер) мен дайындықтар арқылы 
өтіп, қазіргі күні жеңіс жолында келемін. 
_____________ 
15
  Бодо  Шефер  –  Еуропадағы  нөмірі  бірінші  қаржы  кеңесшісі,  жазушы  және 
бизнесмен. 
16
 Роберт Кийосаки америкалық бизнесмен, инвестор, жазушы әрі ұстаз. «Бай 
әке», «Кедей әке» атты кітаптары арқылы танымал болған 

 
БАТЫСТАҒЫ 
МОДЕЛЬ VS ҚАЗАҚША МОДЕЛЬ 
 
     Батыста идеалды әлемдi құрып, оны сенің әле- 
міңмен байланыстырады. «Барлығы өз қолыңда», 
«Сен мықтысың», «Визуализация жаса» дейді, мотива- 
ция береді. Адам армандайды, соның барлығын қалайды, 
көз алдына елестетеді, бірақ бұдан нәтиже шықпайды. 
Оның салдары – депрессия! 
 
     Ал негізінде бізде қалай? Қазіргі сен мен сенің мін- 
сіз нұсқаң бар. Яғни, сен идеалды әлемге ұмтылмайсың, 
керісінше бойындағы адыраспандармен, кемшіліктермен 
күресіп, өзіңді дамытып, мінсіз нұсқаңа ұмтылып, әрда- 
йым даму үстінде жүресің. 
 
 
 

 
40
 
     ЖЕТІСТІК ЖОҚ – ЖЕҢIC БАР. Батыстағы жал- 
пы жетістік теориясы бізге көмектеспейді, өйткені олар 
жетістікті басты мәселе етіп қарастырады. Жетістіктің не 
екенін біз біріншіден, түсінбейміз, екіншіден, бізде мақ- 
сат жоқ, онда жетістік қайдан болсын? Мысалы, семіз 
болдың, арықтадың, демек, жетістікке жеттің, ал арықтау 
сенің мақсатың еді. Демек, мақсат болмаса, жетістік бол- 
майды.  
Батыстық жетістікке жету жолы 
 
Жалпы жетістік 
теориясы 
 
 
 
     
 Орыс тілінде «успешный человек», қазақшасы
 
«жетістікке жеткен адам», бірақ біздің менталитет үшін, 
бұл соншалықты мықты ұғым емес. Ол қазақтардың жүре 
гіне жетпейді. Мысалы, «Қуаныш Шонбай – жетістікке 
жеткен адам» десе, арғы жағында «не істеді?», «қалай 
жетістікке жетті?», «соншама кім екен ол?» деген сұрақ 
туындайды. Ал, «Қуаныш Шонбай – Қазақстан бойынша 
оннан астам мейрамхананың басшысы, мейрамханалар 
 
 

желісінің негізін қалаушы» десе түсінікті және миға қо- 
нымды. 
     Таңертең тұрғанда, «мен жетістікке жеткен адам бо- 
ламын» емес, «бір межеге жетейін, жеңейін» деп тұрсаң, 
ол бізге жақындау, біздің менталитетке сай келеді. Оған 
қоса, жетістік қазақтар үшін қауіпті нәрсе. Бізде, қа- 
зақтардың арасында ең мықты спорт түрлерінен екі дүр- 
кін олимпиада чемпиондары жоқ. Қазақстандықтар бар
бірақ қазақ емес. 
     «Неге жоқ?» деген сұрақ туындайтын шығар. Өйткені, 
олар өз ісін ұмытып, жетістікке жеткеннен кейін, депутат, 
әкім немесе директор болып кетеді. 
     Жетістік пен жеңістің айырмашылығы бар, көзге 
көрінбеуі мүмкін, бірақ уақыт өте келе оны түсінесің. 
Бір көзбен қарағанда, ол екеуі бірдей нәрсе болуы мүм- 
кін. Мысалы, айталық, «Land Cruizer» автокөлігін алу 
біреу үшін тағы бір жеңіс, одан кейін күштірегін алады, 
тағысын-тағы. Ал біреу үшін барлық өмірінің арманы, 
оған қол жеткізіп, бұл жеңіс жүрегіне түседі, «болды, 
жетістікке жеттім» деп, сол бір орында қалып қалады. 
Не істейді? Іше бастайды, тойлайды, құмар ойындарға 
беріледі, тағысын-тағы. Бұл – көзге көрінетін салдары. 
Көрінбейтіндерден, адамда «қолымнан барлығы келеді», 
«мен мықтымын» деген сезім пайда болады. Бір жетістік, 
адамға үлкен күш-қуат береді, ал оның жақсы жағына 
қарағанда жаман жағы басым болуы мүмкін. Біз үшін 
бұл өте қауіпті. Ал Батыста олай емес, мысалы, Майкл 
Фелпс
17
 – жиырма үш дүркін олимпиада чемпионы. Оған 
«депутат болшы» десең болмайды, себебі, өзі бейімдел- 
ген, таңдап алған саласы бар. Оларда тәрбие басқа, ал 
бізде берілетін тәрбие басқа. Сондықтан бізге жетістікке 
жетуге болмайды, жеңіске жету керек! 
     Бізде 90% адамда мақсат жоқ, бірақ әрқайсысының 
бір жауы бар: «осы досыма мен әлі көрсетемін» дейтін. 
Бәрінің біреуге реніші бар, сол адам бізге нысана. Әрине, 
__________ 
17 
Майкл Фелпс – АҚШ-тың атақты жүзушісі. Олимпиада ойындары тарихындағы медаль 
саны бойынша абсолюттік рекордсмен. 
 
 

 
42
 
көшпенді халықтың ұрпағы болғандықтан, бәлкім, ныса- 
на белгілеу бізге оңайға түсетін шығар. 
     Бізге нақты нысана керек. Қазір адамдардың мақсатын 
сұрасаң, олар «ақша табу», «көтерілу» деп жауап береді, 
барлығы абстракциялық нәрселер. Нысана деген – бұл 
нақты көзделген объект. 
 
Алдыңа мақсат қою қиын. Бірақ, осы мақсатқа 
қол жеткізген соң, көп адамдар жұлдызды ауруға 
ұрынып, босаңси бастайды. Сондықтан үлкен 
жетістікке емес, оның жолындағы кішігірім 
жеңістерге ұмтылу керек. 
 
     «МАҚСАТ ҚОЮ»  ӨЗІҢДІ ШЕКТЕУ. Жақында 
ғана Астана қаласында оныншы мейрамхананы аштық. 
«Сегіз, он немесе жиырма мейрамхана ашамын» деп ал- 
дыма мақсат қойып, өзімді шектеген жоқпын. Кім біледі 
мүмкін мен елу мейрамхана аша алатын шығармын? 
     Ең бастысы, мақсатқа апаратын жолда жүру «Rumi 
Group»-ты ашқанда алдыма қойған мақсатым: «Quality to 
mass – сапаны қолжетімді ету» – болды. Сапалы Internet- 
ті, сапалы майлықтарды қол жетімді ету. Неге оның 
барлығы қымбат мейрамханаларда болады, неге біздің 
мейрамханада да сапалы сусабын қолданбасқа, елге са- 
палы тағам ұсынбасқа? Осындай мақсат пен арманның 
аясында, «Rumi Group» та дамыды. Ал егер он мейрам- 
хана ашуды мақсатым деп алсам, арманыма жетіп қойған 
болатын едім. Ал негізгі мақсатым он мейрамхана ашып 
алу емес, осы мейрамханалардың қызметі арқылы сапаны 
халыққа беру, оны қолжетімді ету. Ал бұл жолда, бәлкім 
елу немесе жүз мейрамхана ашу бұйыратын шығар. Сон- 
дықтан есте сақтаңыз, «Мақсат қою – адамды шектеу» 
деп айттым. Яғни ол сандық немесе материалды болмауы 
керек, ол бір миссиямен, арманмен өрілген мақсат болуы 
керек. Мысалы, «XA-XA show»-дағы Ақсұлтан бауырым 
бар. Ол «Менің мақсатым – қазақ тілін сәнді қылу» дейді. 
Бұл, менің ойымша, керемет мақсат. Оның аясында ол ав- 
токөлік те алуы, басқа да материалды құндылықтарға қол 

 
жеткізуі мүмкін. Ал егер де біз, өз мақсатымызды тең- 
гемен немесе басқа бір эквиваленттермен өлшеп қойсақ, 
онда мақсатқа қол жеткізген кезде, әрі қарай қайда бара- 
рымызды, қалай жүрерімізді білмей, қиналып қаламыз. 
 
Мақсатты емес, мақсатқа апарар жолды белгілеп 
алу керек. Ал, нысана сол жолдағы әр кезеңде 
белгілі бір мәселелерді шешу. Сондықтан да 
мақсат емес, нысана белгілеп ал, сол кезде жеңіс 
жолында жүресің. 
 
     Ақыл-кеңес сұрайтын, тренингке қатысатын адамдар- 
дың көпшілігі «мотивация үшін келдім» дейді. 
     Internet кеңістігінде мотивациялық видеолар мен 
мақалалардың, дүкен сөрелерінде мотивациялық кітап 
тардың толып тұрғанына қарамастан, халыққа мотива- 
ция жетпейді. Себебі, мотивацияның жарамдылық мерзі- 
мі – үш-ақ күн. Мен әрдайым айтып жүремін, тіпті менің 
визитный карточкам болып кеткен шығар, бұл сөздерім: 
«Есекке мотивация берсең, ол тұлпарға айналмайды, мо- 
тивациясы бар есек болады». 
     Мотивацияның чемпионы – Брайн Трейсидің тренин- 
гінің құны 960 мың теңге. Сол тренингке қатысқан жігіт- 
терді білемін, олар үш күннен кейін-ақ сөніп қалды. Мо- 
тивация – құрал, оны мақсатқа айналдыруға болмайды. 
Мен сол үшін оны шабытқа алмастырдым. 
 
Шабыт – қазаққа етене жақын ұғым, бұған 
келісесің деген ойдамын. 
Шабыттансаң, айтыскер ақындарымыз сияқты 
бірнеше көлікке қол жеткізесің, кітап жазасың, 
музыка шығарасың, 
бизнес жасайсың. 
     Батыс теориясында армандау – «big dream» үлкен 
орын алады. Олар: «арманың бар ма?», «арманда!», «арма- 
нына қол жеткіз!» – деп айтады. Ал бізде, көп армандайтын 
адамды қияли деп атайды. 

 
44
 
     Мысалы, бір жігіт кинорежиссер болуды армандап, 
алдына мақсат қояды. Үйдегі ата-анасы мен туыстары 
күліп, «одан да дұрыс жұмысқа тұр» – дейді. Себебі, 
олар режиссерлықты жақсы, тұрақты жұмыс деп біл- 
мейді. Осылайша, жас жігітті жан-жағынан ақыл айтып, 
түртпектеп, алған жолынан тайдырады. Сөйтіп, шабыты 
жоқ жігіттің бұл арманына қол жеткізуі екіталай. Туыста- 
ры қинап тұрып, оны экономист, заңгер немесе менеджер 
етіп шығарады.  
 
 
Осы QR-кодты сканерлеп, 2018 жылдың қаңтар айында 
Versus академиясы өткізген «Мақсат жоқ, нысана бар» 
тренингінің видео нұсқасын сатып алсаңыз болады 
 
     МОТИВAЦИЯ ІЗДEME, ШАБЫТ ІЗДE. Ол үшін 
қайталаудан жалықпаймын, кітап оқы, фильмдер мен се- 
риалдар көр, музыка тыңдап, серуенде, саяхатта. 
     ҚАЙТАЛАУ: Сонымен, 
     Жетістік жоқ – жеңіс бар. 
     Мақсат жоқ – нысана бар. 
     Мотивация жоқ – шабыт бар. 
 
ТАРАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КITАПТАР 
МЕН ФИЛЬМДEP TІЗIMІ 
 
     • «Несмотря ни на что» фильмі. 
     • Вик Джонсон. «52 понедельника. Как за год добить- 
ся любых целей». 
     • Стивен Кови. «Семь навыков высокоэффективных 
людей». 
     • Бернард Рос. «Привычка достигать». 
     • Дэйл Карнеги. «Как перестать беспокоиться и на- 
чать жить», «Как завоевать друзей и оказывать влия. 
ние на людей» 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІII ТАРАУ 
 
 
ЖЕҢICTI 
АЛЫСТАТАТЫН 
АДЫРАСПАНДАРЫМЫЗ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
46
 
 
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЖЕҢICKE ЖЕТУ 
ФОРМУЛАСЫ 
 
 
     «Екінші болма!» деп аталатын авторлық тренингім 
бойынша қазақтардың жеңіс формуласы: жеңістің 
адыраспандарынан, барьерлерден (кедергілерден) және 
жеңіске апарар жолдан тұрады. 
 
 
 
     Жеңіс жолының осы негізгі үш бөлігі, жеңіске 
апарар баспалдақтар секілді. Біріншісін, яғни жеңістің 
адыраспандарын аттап кетіп, бірден барьерлерге немесе 
жеңіске апарар жолға өтіп кете алмайсың. Асықпай, бір- 
бірлеп басқан қадамдарың ғана тұрақтылыққа, аңсаған 
арманға, қаржылық тәуелсіздікке алып келеді. 
     Осы бөлімнен бастап, санаң, өзіңе деген көзқарасың 
өзгере бастайды. Бірақ, бір міндетті шарт бар: сен бұны 
шынымен қалауың керек. Барлық кемшіліктеріңді 
мойындауға, менімен ашық, бүкпесіз әңгімеге, кітапты 
көз жүгіртіп емес, түсініп, қабылдап оқуға дайын болсаң, 
келесі тақырыпқа өтейік! 
 

ЖЕҢICТІҢ АДЫРАСПАНДАРЫ 
 
 
     
Адыраспан – жын-шайтаннан, жаман нәрседен 
аластайтын шөп деп сенеді халқымыз. Ал 
сызбада көрсетілген бұл сезімдер жеңістен аластайды. 
Комплекс, қырсықтық, сенімсіздік, эго, сасық көкірек, 
жалқаулық - бұл байдың да, кедейдің де, студенттің 
де, кәсіпкердің де – барлығының бойынан табылатын 
жаман мінездер. Ал бұл мінездер бар жерде, жеңіс 
адамды айналып өтеді. 
 
     Ең қиыны, әрбір адам «иә, мен қырсықпын» немесе 
«жалқаумын» деп мойындай бермейді. Ал негізінде, бұл 
сен және сенің ар-ожданың арасындағы әңгіме. Осы 
тақырыпты ұзақ зерттедім, көп оқыдым, сондықтан  
бірден айтамын, адыраспандардан арылудың жолдары 
өте қиын. 
 
Жеңістің 
адыраспандары 
 
 

 
48
 
 
     Комплекс туралы «Ішкі комплекс – жеңіс үшін 
таптырмас қазына» деген тарауда егжей-тегжейлі жаздым. 
Есіңде болсын, комплекс – диагноз және таптырмас 
қазына. Егер онымен күресе білсең, ол сені алға қарай 
итермелейтін мықты күшке айналады. 
     Сенімсіздік әдетте, балалық шақтан бастау алады. 
Сондықтан құрметі ата-аналар, балаңызға тәрбие 
бергенде, оны өзіне сенімді етіп өсіріңіз. Ол өз 
мүмкіндіктеріне, ақыл-парасатына, күшіне сенімді болуы 
керек. Ертеңгі күні, әрдайым балаңыздың орнына шешім 
қабылдап, оның артынан жүгіріп жүрмейсіз ғой. «Балам, 
саған сенемін. Бүгін 3 алыпсың, бірақ кішкене ғана 
тырыссаң, ертең 5 деген баға аласың», – десеңіз, оның 
өзіне деген көзқарасы өзгере бастайды. Нәтижесінде, 
ертең өскенде бір адыраспан кемиді. Өмір жолында 
адамдардың барлығы да қиындықтарға тап болады, 
әрбіреуі онымен күреседі. Бұл өмірде тек сен ғана өзіңе 
сенімсізсің, сенің ғана қолыннан келмейді, ал басқалар 
мықты деп ойлама. Әр адамның бойында қорқыныш, 
үрей, өзіне деген сенімсіздік болады, оны жеңіп шығу, 
жеңіске жету жолын жалғастыруға мүмкіндік береді. 
Ата-ананды, қоғамды, тағдырды бұл үшін кінәлама, ал да 
жаса, яғни күрес. Бір-екі рет ұрынғаннан кейін иммунитет 
пайда бола бастайды, сенімділік артады. 
     Бір күні үлкен ғұлама адам тыныш жерде ойлангысы 
келіп, көлдің жағасында отырған екен. Жанына бір ит 
келіп, су ішпекші болады. Суга жақындайды да, қайта 
артқа қашады. Бірнеше рет суга келеді, қайтадан 
шегінеді. Бір кезде шыдай алмай, шөлдегені соншалық 
суга секіреді. Сонда, ол ит өзінің судағы бейнесінен өзі 
қорыққан екен. 
     Сенімсіздікті қазір жеңсең, ертеңгі күні ол саған 
ешқандай қиын мәселе тудырмайды, барлығы өз қолыңда. 
Өзіне сенімді болсаң, нәтиже де болады. Сенімсіздікті 
жеңу бұл бір сапар сияқты. Себебі, оны бір рет жеңу 
жеткіліксіз, бір іс қолыннан келмесе, бір нәрсе ойыңнан 
 

 
 
шықпаса, бірден өзімізге сенімсіз болуға бейімбіз ғой. 
Бұл жолдағы үлкен жанармайымыз – майда жеңістеріміз. 
Мысалы, бұзылып жүрген ұйқыңның режимін дұрыстау, 
кешігу әдетінен арылу, паразит сөздерді қолданумен 
күресу, жаңа тіл үйрену, кітапты оқып бітіру, тағы 
да басқа. Бұл жеңістер кішкентай болғанымен, оның 
артындағы сезімдер үлкен. Сондықтан да, сенімсіздік пен 
комплексті жеңудегі бір және бірегей таптырмас құрал  
майда жеңістер. 
     
Қырсықтық екіге бөлінеді: адам мінезіндегі қырсықтық 
және үйренуге деген қырсықтық (жаңаны қабылдамау). 
Мен тез сөйлеймін, кейбір адамдар не айтып жатқанымды 
түсінуге үлгермей қалады. Сондықтан дикция, дауыс қою 
дәрістеріне жазылдым. Бірақ, бұл кемшілігімді (деп атайық), 
сегіз мейрамханам болғанда ғана түзеуге бел будым. Осы 
уақытқа  дейін  оны  комплекс  деп  есептемедім  және  ол  маған 
мейрамхана ашуға, бизнес жасауға кедергі болған жоқ. Егер 
қырсығып, арнайы дәрістерге бармасам, өзіммен жұмыс 
жасамасам, бәлкім тренингтеріме бес жүз адам келмес еді 
ғой. 
     Танысым болуы мүмкін, ақшам болуы мүмкін, бірақ
 
егер қырсығып, «мен мықтымын, қалай болсам, солай 
қабылдаңыз» деген принципті ұстанып, түсініксіз, тез 
сөйлесем, QAZAQSTAN телеарнасында реалити-шоу 
ұйымдастырып, оны жүргізуге мүмкіндігім болмайтын 
еді.  
     Тағы бір мысал: інім Дархан екеуіміз приставкамен 
үйде отырып футбол ойнағанды жақсы көреміз. Дархан 
әр ойын сайын ұта беретін, мойындауым керек, ол 
маған қарағанда жақсы ойнайтын. Сол кезде жеңістің 
адыраспандарын зерттеп жүрген шағым еді. «Жұмыс 
істеймін, уақытым жоқ, сондықтан жақсы ойнай алмай 
жүрген шығармын», – деп өзіме адвокат болып, өз 
өзімді ақтаймын. «Дарханның FIFA ойнауға уақыт тауып 
жүргеніне қарағанда, жұмысы соншалықты қиын емес 
шығар» деп оған прокурор болдым. Сөйтіп жүріп, 
 

 
50
 
 
 
мәселенің жай-жапсары өзімді ақтап, оны даттауда емес, 
өзімде шығар деп ойландым. Бір күні қонаққа бөлем 
келді де, Дархан екеуімізді қоса сегіз рет қатарынан 
ұтты. Намыстанып, шыдамай, ойыннан шығып кеттім. 
Дархан қызуқанды жігіт, әрі қарай ойынды жалғастырды, 
бірақ жеңіліп қалды. Ойындары аяқталғаннан кейін, 
бөлемді шақырып алдым да: «Үйрет», – дедім. Сөйтсем, 
еш қиындығы жоқ. Екі-үш айла-тәсілі бар екен, үйреніп 
алдым. Бірнеше күн өтті, бөлеміз үйіне қайтты, жеңілген 
Дарханның ашуы тарқады. «Қуаныш жүр футбол 
ойнайықшы», – деп шақырып алды. «Жарайды», – деп 
келісе кеттім. Қатарынан бес рет менен ұтылды. Егер, 
Дархан да мен сияқты, бөлемізден ойын тактикасын 
үйреніп алса, бәлкім, жеңілмес пе еді? Бірақ, бөлең сенен 
кішкентай болғандықтан, одан сұрағың, әлсіздігіңді 
көрсеткің келмейді ғой. Сондықтан қырсықтығың ұстай 
бастайды. 
     Кейін Дархан да әдіс-айланы үйреніп алды, қазір 
футболды керемет ойнайды. 
     Айтайын дегенім, осы жеңiстiң адыраспаны сені 
жеңіске жету жолында бөгейді. Бұл жаман қасиетті 
мойындау керек және оны жеңу үшін әрекет жасау керек. 
     Кез келген спорт түрінде, ойында жеңіске жете 
алмаған адам, өмірде де ешқандай нәтиже көрсетпейді. 
Бұл «смартфондарыңа ойын жүктеп, күні-түні ойнаңдар» 
деген сөз емес. Мәселе – адамның мінезінде. Егер ол, 
намыстанып, тырысып, талпынып, ойында, спортта 
белгілі бір дәрежеге жетсе, өмірде де солай болады. 
     Осман империясында эгоның кесірінен, «өзімді 
көрсетемін» деген сезімнің кесірінен дұрыс шешімдер 
қабылданбай қалуы мүмкін деген себептен генералдарды 
соғысқа жібермес бұрын, олардың эгосымен күресу 
үшін дәретхананы жуып шығуды тапсырады екен. 
Рас-өтірігін білмеймін, бірақ бұл мысалда әңгіменің 
шындығы маңызды емес, алуға болатын сабағы 
маңызды. Сарайдағы адамдар генералдардың дәретхана 

 
жуатынын біліп, «генералдың соншалықты төмендеп 
кеткені ме, әлде қатты қателескені ме» деп ойлапты. 
Адамдардың ол ойын көздерінен оқып қойып, әп-сәтте 
эгосы «ұстап қалганын» түсінген генерал, дәретхананы 
сақалпымен жуып шығады екен. 
     ЭГО, ҚЫРСЫҚТЫҚ, САСЫҚ КӨКIPEK – адамға 
осы жаман мінездердің тигізетін залалы, нашақорлық, 
алкоголизммен тең, одан асып түспесе кем емес. 
     Осы жаман әдеттерді біздің қазақ кейде «мінез» дейді. 
«Мінезі ауыр», «мінезі үшін жұмыстан шығып калды», 
«мінезі бар жігіт қой» және т.б. Білесіз бе, осы «мінез» үшін 
талай адам генерал болған жоқ, осы «мінез» талай адамды 
банкротқа ұрындырды, мінездің кесірінен талайы әкім  
бола алмады. Оқыған адам, ақылды, өз ісінің шебері, 
белгілі бір жеңіске қол жеткізуі керек еді, бірақ нәтиже 
жоқ, мінез кедергі болды. 
     ЖАЛҚАУЛЫҚ ПЕН ЕРІНШЕКТІКТІҢ айырма- 
шылығын білесің бе? Бір карасаң, бірдей секілді. Бір ғана 
мысал келтірейін: Ерлан – жалқау. Қанша айтсаң да әрекет 
етпейді, жұмыс істемейді, айтқаныңа көнбейді, бұл жерде 
жалқаулық ауру індет сияқты. Ал осы Ерлан: «Әке, мен 
ерініп тұрмын» десе, әкесі оның тас-талқанын шығарып, 
ерінудің неге алып келетінін көрсетеді. Көп ерінсең, 
жалқау боласын. Демек, жалқаулық – еріншектіктің 
ең жоғарғы сатысы. Онда, неге жалқаулықты жеңе 
алмаймыз? Себебі, жалқаулық – жоқ нәрсе. Көп 
ойландым, неге орысша «ленивый», ағылшынша «Іazy», 
түрікше «tembel» – бірақ сөз. Сөйтсем, еріншектіктен 
жеңіліп қалу біртүрлі, сондықтан еріншектікті ақтап алу 
үшін, бiздiкiлер жалқаулық» деген сөзді ойлап тапқан. 
     Спортшы достарың бар болса, білетін шығарсың, олар 
қарсыласын әрдайым мақтайды. «Ол күшті», «Спорт 
шеберінің кандидаты», «Үш дүркін чемпион», яғни 
жеңілсе – күшті қарсыластан жеңілгенін көрсетеді, 
ал жеңсе – өзінің одан да мықты екенін дәлелдейді. 
Бұл – психология. Сол сияқты, «еріншектіктен жеңіліп 
 
 

 
52
 
 
қалдым» десең – бір түрлі, ал жалқаулықты жеңе алма 
саң – барлығы түсінікті. 
     Кітаптың бұл бөлімінде жеңістен алыстататын 
адыраспандарды тізіп шықтым. Енді олармен күресу 
жолын қарастырайық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет