«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»



Pdf көрінісі
бет18/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


Тақырыбы: Жасыл шырша жанында
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, 
балалардың Аяз атаның, Ақша қардың, Қоянның киімдеріне назар аударту; Көңілді ойындар ойнату, достық 
қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: Аяз ата, Ақша қар, Қоян, Клоун, балалар ата - аналар.
Музыка ойнап тұрады. Зал іші мереке сай безендірілген, ортада әсем безендірілген шырша тұр.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, әріптестер. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. 
Жаңа жыл баршамызға құт береке, бақыт, байлық, молшылық алып келсін. 
 Қуанатын шақ болсын,
 Дастарханға ақ толсын,
 Бізге келген Жаңа жыл.
 Құт-береке, бақ болсын!-деп отырып, ортаға №8 «Аққу» ересек тобының Бүлдіршіндерін, қол соғып қарсы 
алайық.   (Мұзыка әуенімен балалар бір қатармен залға кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар!  
 Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. 
 Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар, міне бүгін көптен күткен Жаңа жыл мерекесіде келіп жетті. Қараңдаршы балалар, ортада 
әдемі ойыншықтарымен  безендірілген, жасыл шырша тұр. Келіңдер, сән құрап қол ұстасып ән салайық.
Ән: «Шыршаға бардық»
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Бәрі: Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! (3 рет)
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! 
 Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Ақсұңқар:Әдемілеп біз ілген,
 Ойыншықтар тізілген
 Қандай жақсы шыршамыз
 Ән шырқайық баршамыз
Жасмина: Жаңа жыл, жаңа жыл
 Жаңа жылда жаңа жыр
 Жасыл шырша жанында
 Билеп барлық бала жүр
Саян: Ән саламыз би билеп
 Жырдан шашу төгілді
 Бүгін біздің Жаңа жыл
 Қандай қызық көңілді
Жасұлан: Кең пейілді, мол мейірлі 
 Сағынышпен табысқан
 О, алақай аяз ата
 Келе жатыр алыстан.
Жүргізуші: Балалар, біздің әдемі шыршамыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің 
 жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аяз ата, Ақша қар.
Жүргізуші: кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, қоян кіріп келеді.)
Қоян: Амансыңдарма балалар !Иә бұл мен Қоян Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол 
жерде тар ,әрі қап-қараңғы .Ал мұнда сондай тамаша екен !Мен сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы 
Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Қоян: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?
Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол 
 көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды,
 ха - ха - ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аяз ата, Ақша қарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Қоян: Ә, бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, 
біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
 Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар келе жатыр ғой деймін Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық, қол соғайық, болған 
қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аяз ата, Ақша қар!
 Осы кезде залға Аяз ата мен Ақша қар, аю, түлкі. 
 Ескі жыл. Жаңа жыл кіреді
125

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар
 Армысыңдар,қарақтарым,
 Армысыңдар, құлындарым!
 Жаңа жылды алып келдім,
 Ақ шырақты жағып келдім!
 Сендерге мына балаларым, 
 Тәтті сыйлық алып келдім!
  Мен   сендерді   сағына   жетіп   келдім.   Шын   тілеген     ниеттеріңнің   арқасында   Ақша   қар   екеуіміз   сонау 
солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше  көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде 
 той-думан болып жатыр.
Ескі жыл: (доңыз) Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт  әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
 Қуанышты ортамыз, сазға ұласқан
 Тілегім болсын мәңгі ашық аспан 2020 жыл қадам басқан
 Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным. 
 Келесі жыл бастауын «Тышқанға» берем
Жаңа жыл: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай  асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты
 қорықтым, Мен жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Ескі жыл: Мен тағы бір қонақпын
 Он екі жылда оралар
 Үлкендерге ақ ниет
 Сіздерге де ақниет
 Сіздерге де мың рахмет. Қош болыңдар деп шығып кетеді.
Барлығы: Қош бол, Ескі жыл, қош бол.
Ақша қар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін.  Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау 
халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің  мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Жүргізіуші: Аяз ата, Ақша қар сіз ұзақ жолдан шаршап кеген боларсыңыз, отырып дем алыңыз, біздің 
балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жүргізіуші: Жүзімізден күлкі ойнап,
 Қанаттанды жанымыз
 Жаңа жылды біз тойлап
 Шаттанамыз бәріміз,-деп отырып кезект тақпақтарға 
берейік. 
Ділназ: Тамаша, тамаша 
 Шыршамыз тұр жараса
 Басында әсем жұлдыз
 Көз тоймайды қараса.
Еркін: Дала нұр, қала нұр
 Құтты болсын Жаңа жыл
 Жасыл шырша жанында
 Билеп барлық бала жүр
Шыршаның артында сылдырмақтарын сылдырлатып күлдірген тығылып тұрады
Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар!
 Көңілді күлдірген біз сені көріп қойдық, қане ортаға шық.
 Күлдірген жүгіріп шығады.
Күлдірген: Сәлеметсіңдерме достар! Мереке құтты болсын!
Аяз ата: Амансыңба қарағым!
Жүргізіуші: Көңілді күлдірген мереке күні қандай өнерің, тартуың бар?
Күлдірген: Балалар мен сендерге әдемі сылдырмақтар алып келдім, Бұлар биші сылдырмақтар.Сендермен би 
билеиді.
 Жүзімізде күлкі ойнап,
 Қанаттанар жанымыз
 Жаңа жылды біз тойлап,
 Би билейік бәріміз –деп қане менің кішкентай бүлдіршіндерім
 Келе ғойыңыздар билейікш бүлдіршіндерім.
Би: 
Жүргізіуші: Аяз ата, біздің шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Сіз біздің шыршамыздың шамдарын жағып 
беріңіз. 
Аяз ата: жарайды жағайын, Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
 қане балалар, сендер маған көмектесіңдер,  қолдарыңызды шапалақтап отырыңдар, Қуант бізді  таңырқат 
шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Жүргізіуші: Рахмет Аяз ата, енді осы шыршаның шамдарының жарығымен 
 балалардың орындауындағы«Ақша қар» әнін тыңдаңыз.
Ән: «Ақша қар»
Жүргізіуші: Кел балалар тақпақты
 Тақылдатып айтайық
126

 Аяз ата таң қалсын
 Сыйлық алып қайтайық,-деп кезекті тағы да тақпақтарғабереіз.
Медет: Сақалы аппақ күмістей
 Тістері аппақ күріштей 
 Нұр жайнаған ажары
 Сағындым аяз атаны
 Аяз ата келеді. 
Ерасыл: Мол сыйлықпен келер ол
Шырқатып ән салар ем
Жылдамырақ келсе екен
Бізге силық берсекен. 
Жүргізіуші: Жаңа жылды тойлайық,
 Дайындалды қанша қыз,
 Ұлпа қар боп ортаға
 Би билейміз шаттанып,-деп отырып ортаға Ақшақар мен мың бұралған биші қыздарымызды шақырайық. 
Би; 
Ақшақар: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр Ойының аты Қар жыйнау
Жүргізіуші: Жүзімізден күлкі ойнап,
 Қанаттанды жанымыз
 Жаңа жылды біз тойлап
 Шаттанамыз бәріміз,-деп отырып кезект тақпақтарға берейік. 
Амин: Тамаша, тамаша
 Шыршамыз тұр жараса
 Жаңа жылда ертегі
 Келе ме біздің бақшаға
Азима: Қыстың күні көңілді
 Көп қызықты көреміз
 Шығып алып далаға
 Сырғанақты тебеміз
Ақбота: Шанамызға мінеміз
 Маз мейрам боп күлеміз
 Жарысамыз бәріміз
 Жарасып тұр сәніміз
Жүргізіуші: Аяз ата, қарша қыз Би билейміз баршамыз, -деп отырып, Кезекті «Қоян мен көжектер» биіне 
берейік.  Би: 
Жүргізіуші: Тамаша сый алып,
 Келді аяз атамыз
 Шаттанып қуанып
 Шырқап ән саламыз,-деп «Кішкентай шырша»  әнін 
тамашалаңыз.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізіуші: Жаңа жылды қарсы алып
 Жасаймыз той жылда біз
 Жарқын жарқын ән салып
 Жалғасады жырға жыр-деп кезекті тағыда  Тақпақтарға 
береміз. Бүлдіршіндерімізді шақырамыз.
Айару: Қорықпаймыз аяздан
 Шымшысада бетімді
 Аппақ қарды кешеміз
 Киіп алып етікті
Жанерке: Даламызға қаламызға
 Жаңа жыл келіп кіреді
 Қартыңызға, жалпыңызға
 Жалынды сәлем береді
Жүргізіуші: Өте жақсы балалар, мен сендерге жұмбақ 
жасырғым, келіп
 Балалар жұмбақтың жауабын табаласыңдарма?
 олай болса балалар Мені мұқйат тыңдап отырыңдар?
 Орманда жалпақ далада
 Бал іздеген бір аң жортады,
 Кіп кішкентай арадан,
 Үп үлкен боп қорқады. Балалар бұл жұмбақтың 
жауабын
 Табайықшы қанекей.
Жүргізіуші: Өте жақсы жарайсындар балалар.
 Жүзімізден күлкі ойнап
 қанаттанды жанымыз
 Жаңа жылды біз тойлап
 Шаттанамыз бәріміз,-деп отырып кезекті тақпақтарға 
берейік. 
Мадияр: Көрдің бе Аяз атаны
 Аппақ екен сақалы
 Аппақ екен мұрты да
 Аппақ екен шапаны
Айкөркем: Тілеймін мен бар әлемге 
 Дос көп болсын жанашыр
 Ата-әже, әке-ана.
 Құтты болсын Жаңа жыл
Айзере: Бүгін біз көңілдіміз
 Жаңа жылды қарсалып
 Мерекеге келгендерді
 Құттықтаймыз ән салып
Жүргізіуші: Өте тамаша. Аяз Ата, Жаңа жыл, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің ата-аналары да бізбен бірге 
көңіл көтерсе екен дейміз.
127

(Ата-Аналармен ойын) 
Аяз ата: Балаларым, сендердің мерекелеріңе келіп қуанып, біраз демалып қалдым. Өте жақсы би билеп, ән 
айтады екенсіңдер. Мен де сендерге құр қол кеген жоқпын, мен Сендерге сыйлық алып келдім, қане қабыл 
алыңыздар!   (Сыйлықтарды тарату) Ал енді балалар қош сау болыңдар
 Мені сендер сияқты балалар күтіп отыр, соларға барып, 
 Өнерлерін тамашалайын. Қош сау болыңыздар балалар.
Жүргізіуші: Құрметті ата-аналар, әріптестер және қонақтар!
 Жаңа жыл сіздердің отбасыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін!
 Осымен «Аққу»ересек тобының «Жасыл шырша жанында» атты Ертеңгілігімізді аяқтаймыз 
 Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет.
 Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
 Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты деп
Құттықтау сөз кезегін балабақша Басшысының орынбасары Бопылова С.Э. береміз.
Келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.
* * * * * * * * *
Күні:
 2 «Б» орыс тілді сынып
Мұғалімі: Кокбаева Шарбат Бапановна
Мектеп
Целиноград ауданы Ақмол ауылының № 5 орта мектебі
Сабақтың тақырыбы
Гүл сыйлаймын
Осы сабақта қол 
жеткізілетін оқу 
мақсаттары 
2.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданатын таныс сөздерден  құралған  қарапайым  
сөйлемдердің   мағынасын  түсіну.
2.2.3.1.Тілдік  нормаларды  сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы  әңгімеге 
қатысу, және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.
2.5.1.2 Сөйлеу барысында  көптік/тәуелдік /жіктік /септік жалғауларды қолдану.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы:Қарапайым сөздердің  мағынасын түсінеді
Көбі:сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады
Кейбірі: тақырыпқа қатысты сөйлем құрай алады.
Жетістік критерийлері
 Топтық тапсырмаларды орындай алады.
  Сұрақтарды түсініп,жауап береді
Сабақта қолданатын   
модульдер

Акт – ны қолдану. 

Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану

Көрнекіліктер
Тілдік құзыреттілік
Ана тілі, қазақ тілі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Сыйластық 
атмосферасын 
қалыптастыру
4 минут
«Адасқан әріптер» 
стратегиясы
1мин
«Сен білесің бе?» 
стратегиясы
2 мин
 Жаңа сөздер
2 мин
Оқушылармен амандасу, «Шаттық  шеңберін» құру
Видео ролик көрсетілімі «Лала гүл» 
-Менің қолымда не бар?/Гүлдер салынған себет
Иә.Себетте әр түрлі гүлдер бар.Балалар,сендер қандай гүлдерді білесіңдер? 
/раушан,қызғалдақ, бәйшешек/
-Жақсы,менің себетімде де осы гүлдер бар . Балалар,мен сендерге  бүгін гүл 
сыйлағым келіп тұр. /гүлдер таратылады
-Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын «Адасқан әріптер» стратегиясы 
арқылы анықтайықшы(слайд)
(Ү,Л,Г      С,Й,Ы,А, Л, Й , Ы, М, Н)  
  «Гүл сыйлаймын» (слайд)
 Сабақтың тақырыбын ,мақсатын хабарлау,сабаққа критерий қою.
Гүл сөзін үш тілде атайық-  Гүл Цветок Flower 
 Ең көп жылдық  раушанға 1000 жыл .
Ол Германияда өсіп тұр.
Бәйшешек  – 10 градус аязға төзімді
Қызғалдақтың 32 түрі бар. Қызғалдақтың Отаны-Қазақстан 
-Балалар сабаққа қатысты жаңа  сөздермен таныс болайық: сыйлаймын –подарю
кімге?-кому
туған күн-день рождения
қандай тамаша!-какой прекрасный!/ая  ;ое
Тыңдау қайталау слайд
128

Топқа бөлу
2 мин
Айтылым әрекеті
6 мин
«Серпілген сауал»
әдісі доппен
Балалар,қолдарыңдағы гүлдер бойынша топқа бөліне қойыңдар.
Әр топқа  тапсырма беріледі.
а/Гүл сөзін  сөз тіркестері арқылы сипатта.Мысалы: әдемі гүл,гүлді ұнатамын,гүл 
сыйлаймын,гүл өсіп тұр,қызыл гүл,ақ гүл т.б/Бармақпен бағалау
ә/бүгінгі тақырыбымыз бойынша гүл сыйлаймын сөз тіркесін  үш жақта жіктеп 
айтайықшы.Кім айтып береді? 
Мен гүл сыйлаймын
Сен гүл сыйлайсың
Ол гүл сыйлайды  /сигналды карталармен бағалау
б/Кімге гүл сыйлайсың? сұрағына жауап берейік/қол шапалағымен бағалау
Сабақтың ортасы 
«Санмен 
сәйкестендіру» әдісі
5 мин
Тыңдалым
5 мин
Сергіту сәті 
1 минут
«Дұрыс-бұрыс» тәсілі  
4 мин
«Өз орнын тап» әдісі  4 
мин
1- тапсырма  Суретпен жұмыс: Тыңдалым.
-Бүгін Әнелдің  туған  күні.Саша Әнелге шар  сыйлады.Анна кітап сыйлады.Қанат 
«Лего» сыйлады.мен гүл сыйлаймын.Сен не сылайсың?/слайд
Суретпен жұмыс. Сурет бойынша кім не сыйлағанын жазу./слайд/
 -Бүгін Әнелдің  туған  күні.
Саша Әнелге ...  сыйлады.
Анна ...сыйлады.
Қанат ... сыйлады.
Мен ... сыйлаймын.
Топтар бірін –бірі тексереді./Жұлдызшамен бағалау  
«Дұрыс – бұрыс» 
Гүл терезеде өсіп тұр 
Мен гүлге  сүт  құямын  
Анама гүл  сыйлаймын  
/жұлдызшамен бағалау
Қима – қағазда берілген сөздерден сөйлем құрастырамыз.
1 Терезеде үш гүл тұр.2 Маған бәйшешек ұнайды.
3Мен гүлге су  құямын./бармақпен бағалау
Аяқталуы
2 минут
Жинақтау 
Рефлексия 1 мин
Балалар,мынау ненің суреті?/тау,күн,гүл,ағаш слайдтарБұлар қоршаған ортаны 
құрай ма?/иә құрайды
 Осы суреттер арқылы қоршаған ортаны құрайық
Қоршаған ортаны сақтау,қорғау өз қолымызда екен!слайд
Бүгінгі сабағымызға қойылған мақсатқа оралайықшы /слайд Қалай 
ойлайсыңдар,қойған мақсатымызға жеттік пе? 
Ендеше, балалар,алдарыңдағы стикерлерді алып,жетістік баспалдағының қай 
деңгейінде екендеріңді көрсете қойыңдар.
Бағалау
Сабақтың соңы
1 мин
Сабақта  белсенділік танытқандары үшін оқушыларды мадақтау,бағалау
Үйге тапсырма
Оқулықтың  90 беті «Кел жаттайық»
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылы, «Қорам орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мустафаева Анар Жанабаевна
Мектеп: «Қорам орта мектебі» КММ
Күні: 15.01.2020 ж
Мұғалімнің аты-жөні: Мустафаева Анар Жанабаевна
Сынып: 8 «А» сынып
Сабақ 33
Қатысқан оқушылар саны: 
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
«Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктер
Осы сабақ арқылы 
жүзеге асатын оқу 
мақсаттары
8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды 
анықтау
8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік 
орнын, қызметін түсініп қолдану
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі  ақпаратты анықтайды; 2)  тұрлаулы және 
тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады;
Көптеген оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; 2)  
тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді мәтіннен таба алады;
Кейбір оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты  анықтайды, түсінеді;  
2)  тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің ережелерін өзгелерге  түсіндіре алады;
129

Бағалау критеийлері Оқылым мақсаты бойынша: 
1. Мәтіннен негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтайды, өз пікірлерін білдіреді;
2. «Мен нені білдім...» әдісімен мәтін бойынша алған білімдерін атап көрсетеді;
3. Қызыл кітапты ашудағы мақсат туралы сөйлегенде, өз тәжірибелерімен 
байланыстырады;
Осыған дейін 
меңгерілген білім
Жануарлардың өмір сүру ортасы
Пәнаралық 
байланыс
экология, биология, зоология
АКТ-мен байланыс  интерактивтік тақта арқылы таныстырылым тамашалау
Құндылықтармен 
байланыс
қоршаған ортаны қорғау, өмір бойы білім алу (тәрбиелік элемент)
Жоспар
Жоспарланатын 
уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Сабақтың басы
5 минут
Психологиялық ахуал
Сәлемдесу:  Әр тілде амандасу
-Неллоу      -Нихау   -Сәлем  -Здравстуй
Сабаққа дайындық; Үй тапсырмасын сұрақтарға жауап беру арқылы қайталау;
1.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2. Биоалуантүрлілік дегеніміз не?
3.Бастауыш дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
4.Баяндауыштың ережесін айт?Қандай сұрақтарға жауап береді? 
5.Қазақстанның «Қызыл кітабы» туралы не білеміз?
Сабақтың тақырыбын болжау, мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу. 
Күн ретін дәптерге жазу.
Сабақтың ортасы
   
 30 минут
«Миға шабуыл» 
«Инсерт» стратегиясы арқылы оқушылармен сұхбат. 
1.«Қызыл кітап» дегеніміз не? Мен не білемін? (Постер таратамын)
2. Мен не білдім?
Сынып үш топқа бөлінеді.
Оқылым алды жұмыс
1-тапсырма. 
Мәтінді оқып негізгі ақпараттарды анықта?
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің 
тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және алтай таулары. 
Өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы 
мәліметтер келтірілген.Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс 
Алтаймемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника 
бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, 
осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр 
анықталды.Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін 
пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен 
өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты 
өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа 
антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір 
түрлерінің жойылу процесі басталды.
Бағалау критерийлері: 
1. Мәтіннен негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтайды, өз пікірлерін білдіреді.
2. «Мен нені білдім...» әдісімен мәтін бойынша алған білімдерін атап көрсетеді;
3. Қызыл кітапты ашудағы мақсат туралы сөйлегенде, өз тәжірибелерімен 
байланыстырады;
Қалыптастырушы бағалау: Топта Оқулықпен жұмыс
5-тапсырма:
Мәтінді оқып, бастауыш пен баяндауышты анықтау
Бағалау критерийлері: 
Мәтіннен бастауыш пен баяндауышты таба алады;
Сұрақтарға жауап береді
Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Сабақтың соңы
5 минут
 Рефлекция
130

«CLIL» - ҮШТІЛДІЛІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН
 ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылы, «Қорам орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бибаева Назигуль Турсынжановна
   Өзге ұлт өкілдері мен ұлт сыныптарында қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту – білім саласындағы және 
педагогика ғылымындағы келелі мәселелердің  бірі. Қазақ  тілінің мемлекеттік  тіл ретінде дамып әлеуметтік 
міндеттердің толық мағынада іске асуы оның қолдану аясының кеңеюдің кепілі. Қазақ тіліне толық ену арқылы 
оқу   үдерісін   ұйымдастыру   сондай   бастамалардың   бірі   болып   табылады.   Орыс   тілді   оқушыны   мектеп 
табалдырығын   аттаған   сәттен   бастап   қазақ   тіліне   толық   ену   ортасын   жасаған   жағдайда   оның   екінші   тілді 
меңгеруі табиғи жолмен іске асады. Тілге толық енудің оқу ортасы қазақ тілінің екінші тіл ретінде міндеттерінің 
іске   асырудың   жаңа   мүмкіндіктерін   ашады.   Демек,   тіл   қарым-қатынас   құралы   ретіндегі   міндеттерін   іске 
асырудың жаңа мүмкіндіктерімен қоса ойлау мен таным құралы ретінде адам, қоғам және табиғат туралы білім 
мен білікті меңгеру құралы болады. Тілүйрену-белгілібіртүсінікпенбілім қалыптастырып, оларды түсіну және 
сөйлеу үшін қолдана білу. Американдық ғалым Стивен Крашен өзге тілді үйрену барысында «табиғи тәртіп» 
бар деп болжаған. Яғни грамматикалық құрылымды үйрену белгілі бір реттілікпен жүзеге асады делінген. Тілді 
үйрену грамматикалық ережелерді шектен тыс жаттау мен қайталауды қажет етпейді. Тілді үйрену үшін сол 
тілде мағыналы әрі шынайы қарым-қатынас болуы керек.
   Көптілділік біздің қоғам үшін Елбасының «үш тұғырлы тіл» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. 
Тәуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле отырып, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа  
халықтардың   тілдері   де   назардан   тыс   қалған   жоқ.   Өйткені,   мәдениет   мен   тілдердің   сан   алуандығы   –   бұл 
Қазақстанның ұлттық байлығы. Яғни, еліміздегі кез-келген этностың өкілі қай тілде білім алатынын ерікті түрде 
таңдай алады. Қоғамымызда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып 
отыр.  Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі негізінде сабақта берілетін тапсырмалар мен жұмыстар тілді дамыту  
бағытында жүреді. Яғни тілдік емес пән оқытушылары тек пәннің мазмұнына ғана емес, сонымен қатар сол пән 
арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытады. Бұл әдіс арқылы бірден екі мақсатқа жетуге болады: тіл 
арқылы сабақ мазмұнын түсіндіру және пәндерді меңгеру арқылы ғылыми тіл дағдыларын дамыту.          
   Үш тілді бірдей меңгеру әрбір қазақстандық жастың міндеті. Қазіргі білім беру саласында да үштілділікті  
енгізу   жаппай   қолға   алынуда.   Біздің   мақсатымыз   -   жан   жақты,   бәсекеге   қабілетті,   көптілді   білетін,   қазіргі 
заманға сай маманды даярлау. Осы мақсатта мен де, болашақ іс жүргізуші мамандардың үш тілді қатар меңгеруі 
бастамасын жүзеге асыруды мақсат еттім. Негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға CLIL әдісі (Content Language 
Integrated   Learning)   пән   мен   тілді   кіріктіріп   оқытуға   ықпал   етеді.   «CLIL»   терминін   1994   жылы   ғылыми 
айналыска Девид Марш оқыту жағдайларын белгілеу үшін пәндер немесе жеке бөлімдері «қосымша» тілде 
жүргізілуі   үшін   енгізген   болатын.   Мен   өз   сабақтарымды   CLILтехнологиясын   басшылыққа   ала   отырып 
өткіземін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет