«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»


«Оқуды және оқытуды бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілін пайдалану»



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


«Оқуды және оқытуды бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілін пайдалану»
 тақырыбы бойынша мектеп тренері Нук Еркегулдің қысқа мерзімді коучинг жоспары
Сабақ тақырыбы «Оқуды және оқытуды бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілін пайдалану 
Сілтеме 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 96-97 бет
Жалпы мақсаты Мұғалімдер топтарының арасында тәжірибені жетілдіру құралы ретінде Lesson Study -ді қалай 
пайдалануға болатының көрсету
Күтілетін нәтиже Lesson Study -ді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын 
біледі; Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінеді. 
176

Негізгі идеялар Lesson Study -дің мәнін түсіну. 
Тапсырмалар 
1.
 «Мен үшін......» тренингі. 
2.
 Психологиялық ахуал қалыптастыру. 
3.
 «Lesson Study тарихы»таныстырылымы 
«Lesson Study тиімділігі»атты қысқа бейнежазбаны қарау
Теориямен танысу Ұстаздардың мінзінің сипаты бойынша топқа бірігу.
Мысалы: 
1.Ең батыл.
1.
 Ең ақылды. 
2.
 Ең шығармашыл. 
3.
 Ең креативті.  
1 Ойын арқылы мұғалімдердің көңілін көтере отырып, топқа бөлу
Жүргізілетін жұмыс.
Уақыты Коучтің іс-әрекеті. Әріптестердің іс-әрекеті.
5мин І. Ұйымдастыру кезеңі.
Әріптестермен амандасу. «Мен үшін тренингі» 
Әріптестер тренингке қатысу арқылы жұмысқа ынталанады және топқа бөлінеді
10 мин Бейнежазбамен таныстыру Бейнежазба туралы пікірлерін тыңдау
15 мин  Қызығушылықты ояту. «Ашық микрафон» әдісі. 
1.
 Ашық сабақтардың мектептегі рөлі қандай? 
2.
 Ашық сабақтар кімге керек? 
3.
 Ашық сабақ дегеніміз не? 
Постер қорғау. 1-топ. Ақ қалпақ. Фактілер. Статистикалық мағлұмат. Лессон стади тәсілінің жазылу тарихы, 
қашан, қайда?
2-топ. Көк қалпақ. Аналитикалық (Неге?Не үшін? Қажеттігі? Деген сұрақтарға жауап іздейді. Жалпы түсінігін 
жазады.
3-топ. Сары қалпақ. Позитив.Сәттілік. Лейсон стади тәсілінің сәтті тұстары.
4-топ. Қара қалпақ. Жағымсыз. Сәтсіздік. 
5-топ. Жасыл қалпақ креатив. Шығармашылық. Жаңа заманда жаңаша көзқарас, жаңашыл идеялар. Болжамдар 
айту. А,В,С оқушының жетістіктері мен табыс критерийлеріен анықтайтын сабаққа қатысу формасын құру.
6-топ. Қызыл қалпақ. Түйсік.Ескілік білім дәстүрінен бас тартып, жаңашылдыққақадам басу. «Ашық микрафон» 
стратегиясы.
«Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы
15 мин «Жайқалған гүл» әдісі. Жайқалған гүл әкелінеді.Гүлді бүгінгі коучингпен қалай байланыстырады? Гүл 
өсіп, жапырағын тереңге жаяды. Гүл сияқты мектептің жайқалуы (Лейсон стади) ұстаз,оқушы арасындағы 
байланысты сипаттайды. «Жайқалған гүл» әдісі
  5 мин Бағалау.   Коучингтен алған әсерім..... 
Жетістіктер алаңы..... 2 жұлдыз 1 тілек арқылы бағалайды
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар. Пікірлерін жазады.
 Пaйдaлaнғaн әдебиеттер:
1.Мұғaлімге aрнaлғaн нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші бaсылым(2014) Aстaнa. «Нaзaрбaев 
зияткерлік мектептері ДББҰ 2014 » 
* * * * * * * *
АРАЛДЫҢ ТУМАСЫ ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВКЕ 
95 ЖЫЛ  ТОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Қызылорда обл. Арал ауданы. Қамыстыбас а/о № 21 орта метебінің 
бастауыш сынып мұғалімі Ибайдуллаева Ильмира Қожакелдіқызы 
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: 
Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыз Әбдіжәмілдің өмір жолы мен шығармаларының тарихи мазмұны мен 
мағынасы туралы білімдерін жетілдіру. Оқушыларға шығармашылығының табиғатын таныту, 
Дамытушылық: 
Сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлық, поэзия сөйлеу мәдениетін, шешендік 
өнерге деген құштарлық, поэзияға деген қызығушылықтарын ояту.
Оқушылар дүниетанымын кеңейту. Кітапты сүйіп оқуға баулу.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен өз бетінше ізденуге баулу. Отанына адал еңбек ететін 
177

жаапкершілігі мол азамат тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Әбдіжәміл Нұрпейісов кітаптары, суреті, тақырып бойынша слайд, плакат, стикер, маркер
 Тәрбие сағатының барысы:
Ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты әр топ постер құрап, оны қорғау
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды 
поселкесінің Үшкөң ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан 
суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагері, Оңтүстік және 
Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде 
Балтықмаңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан
Үрленген түрлі – түсті шарлардың ішінде кітапхана жайында, кітапханаға келгенде нені ескеру керектігі және 
кітап, оны күтіп ұстау ережелері жайындағы сұрақтар берілген.
Әр оқушы бір шарды 
Әр топ осы шығарманың өздері жаттаған бөлімдерінің шумақтарын сайыс талабына сай ретімен қойып шықты. 
Ретімен қойып шығу барысында оқушылар бастапқыда шатасып, шумақтардың орындарын ауыстырып алып 
жатты. Оқушыларға осы сайыс өте қызық болды.
1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген 
жерде туған.1942-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы М.Горький атындағы Әдебиет 
институтын бітірген, 1962-1964 жж. "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды. Қазір халықаралық Қазақ 
ПЕН клубының президенті.Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастады. 
Тұңғыш шығармасы - Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған "Курляндия" романы 1950 жылы жарық көрді. 
Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. 
"Курляндия" романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы "Күткен күн" деген атпен қайта жариялады. 
"Қан мен тер" трилогиясы (1-кітап - "Ымырт", 1961; 2-кітап - "Сергелдең", 1964; 3-кітап - "Күйреу", 1970) және 
"Сең" (1983), "Соңғы парыз" (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. 
"Қан мен тер" романы бойынша жасалған инсценировкасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма 
театрының (1974 жылдан) репертуарынан тұрақты орын алды, экранға шығарылды. Таңдамалы әдеби-сын 
мақалалары "Толғау" (кейіннен "Жүрегі толы жыр еді") деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап боп 
шықты (1972). 
НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік 
сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жеделхат жолдады, 
деп хабарлайды Ақордада. Яғни елімізге танымал Арал тумасының кітаптары жетерлік. Балаларға өмір жолы 
мен шығармалары туралы айту. Мемлекет басшысы жазушының "Қан мен тер", "Соңғы парыз" романдары қазақ 
көркем сөзінің алтын қазынасына еніп, әлем әдебиетінде өзіндік орны бар рухани құндылыққа айналғанын атап 
өтті. Жазушының жалпыадамзаттық мәселелерді арқау еткен шығармалары арқылы халқымызды бүкіл дүние 
жүзі танығанына да тоқталған.
Қазіргі кезі 
"Баршаны алаңдатқан Аралдың ахуалы Сіздің қайталанбас туындыларыңызда көрініс тапты. Ел мүддесін 
жаһандық деңгейге жеткізіп, оқырманның шексіз ықыласына бөленіп келесіз",– деп жазды Тоқаев.
* * * * * * * *
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Алматы қаласы Түркісіб ауданы Азаматтық авиация академиясы 
Авиация колледжінің Информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Улмекен Абиловна
Оқытудың   ақпараттық   –коммуникациялық   интерактивтік   технологиялары   –жеке   тұлғаның   ақпараттық   –
коммуникативтік   құзырлығын   қалыптастыру   негізі   Қазіргі   заман   талабына   сай   адамдардың   мәлімет 
алмасуына,қарым–қатынасына   ақпараттық–коммуникациялық   технологиялардың   кеңінен   қолданысқа   еніп, 
жылдам   дамып   келе   жатқан   кезеңінде   ақпараттық   қоғамды   қалыптастыру   қажетті   шартқа   айналып   отыр. 
Ақпараттық   қоғамның   негізгі   талабы   –   оқушыларға   ақпараттық   білім   негіздерін   беру,логикалық   ойлау   –
құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияныпайдалану дағдыларын қалыптастыру және 
оқушы   әлеуметінің   ақпараттықсауатты   болып   өсуі   мен   ғасыр   ағымына   бейімделе   білуге   тәрбиелеу, 
яғниақпараттық қоғамға бейімдеу. 
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтарын айтып өтетін болсақ:
1.   Олар   оқытудағы   тақырып   шеңберіндегі   немесе   белгілі   бір   уақыт   аралығында   айтылуға   тиіс   мәліметтер 
көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуымен оқу сапасын арттырады. 
4. Білім алушылардың өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
178

5. Оқушының танымдық іс –әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артып отыр.
 
Бүгінгі Қазақстандық қоғам білім беру жетекші орында тұрған қоғамдық модернизациялаумен және әлемдік 
интеграциялық   процестерге   енумен   сипатталады.Осыған   байланысты   ұлттық   білім   беру   жүйесі   бәсекеге 
қабілетті, жоғары сапалы болуы тиіс. Қазіргі мектептің алдында заманауи өмірге бейімделетін және өзін жүзеге 
асыра алатын оқушыларды даярлау міндеті тұр. Егер мұғалімнің өзі тез өзгермелі әлемнің жағдайларына дайын 
болмаса, бұл мақсатты бағындыру мүмкін емес .Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту белсенді болуы, 
коллаборативті орта жағдайында ұйымдастырылуы, оқытуды саралау, пәнаралық байланыс жүзеге асырылуы 
көзделеді. Кәзіргі уақытта сабақты жоспарлауда «Кері дизайн » әдісі жаппай қолданылуды.Елімізде қарқынды 
іске   асырылып   жатқан   «Білім   беру   мазмұнын   жаңару   аясындағы   оқу   бағдарламасы»   кері   дизайн   моделіне 
бағытталған. Ол өз зертеуінде білім алушылардың белгілі бір мақсатқа қол жеткізгенін анықтау үшін , мақсатты 
дұрыс қойып , тапсырмаларды мақсатқа байланысты жоспарлауды ұсынған. «Кері дизайн » әдісі әдетте үш 
кезеңді қамтиды:

Тиімді болатын дәлелдерді анықтау

Қалаулы нәтижені анықтау

Оқу тапсырмалары мен нұсқауларды жоспарлау
  Сондай-ақ   АКТ   қолдану,   диалогтық   оқыту,   зерттеу   әдістері   жүзеге   асырылуы   және   оқушылардың 
қажеттіліктеріне   уақытында   жауап   беру   міндетті   болып   табылады.   Блум   таксономиясы   бойынша   оқу 
мақсаттарының иерархиясы; бір білім беру аясында және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында 
«ортақ тақырыптардың» берілуі; оқу үдерісін ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру; 
оқытудың   АКТ   әлеуетін   арттыру,   оқушының   адамгершілік-рухани   қасиеттерін   қалыптастыру;   білім   беру 
деңгейлері   аралығында   пәндік   сабақтастықты   ескеруге   мүмкіндік   беретін   толық   оқу   курсы   бойынша 
педагогикалық мақсат қою; бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, 
әлеуметтік   дағдыларды   қалыптастыруға   назар   аударылуы;   оқытудағы   жүйелі-әрекеттік   ұстаным   (оқушының 
білім   алу   үдерісіне   белсенді   қатысуы).   Жаңартылған   білім   беру   мазмұны   оқушылардың   оқу   дағдыларын 
(оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым), ойлау дағдыларын (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау), 
шығармашылық ойлау, логикалық ойлау, сыни ойлау, алгоритмдік ойлау, проблемалық ойлау, технологиялық 
ойлау дағдыларын қалыптастырады. 
Ақпараттық–коммуникациялық   технологияны   дамыту   білім   берудің   бір   бөлігі.   Соңғы   жылдары   заман 
ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже 
беруде.   Білім   беру   жүйесі   электрондық   байланыс,   ақпарат   алмасу,   интернет,   электрондық   пошта, 
телеконференция, On –line сабақтар арқылы іске асырылуда.Сабақтардағы танымдық белсенділік деңгейлері 
өнімді,   интерпретациялық,   шығармашылық   болып   бөлінеді.   Аталмыш   танымдық   белсенділік   деңгейлеріне 
стандарттық, стандарттық емес, аралас тапсырмалар сәйкестендіріледі. Жаңартылған білім мазмұнында оқушы 
мен мұғалімді белгілі бір шеңберге қоятын бағалау жүйесі болмайды. Кейде баланың оқу жетістігін бағалау  
қиын болады. Жаңартылған білім мазмұнының ендірілуіне байланысты бұл проблема маңызды емес болып 
қалды. Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен оқушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. 
Оқушыларда   сабаққа   қызығушылық   және   жауапкершілік   пайда   болады,   жеке,   топтық   жұмыс   дағдылары 
қалыптасады.   Толеранттылық,   өзара   көмек,   ұжымшылдық   сезімдері   тәрбиеленеді.   Жаңартылған   білім 
мазмұнында рефлексия тиімді оқытудың шарты болып табылады. 
Жаңа   форматтағы   сабақтар   бірін-бірі   алмастыратын   түрлі   іс-әрекеттен   тұрады,   сондықтан   оқушылар   бір 
мезгілде сан алуан іс-әрекет түрлеріне тартылады. Оқушыларда тілдік әрекеттің төрт түрін дамыту арқылы 
олардың   ересек   өмірге   бейімделуіне   көмектесетін   қарым-қатынас   дағдылары   қалыптасады.   Сонымен,  білім 
беру мазмұнын жаңарту шеңберінде жүзеге асырылып жатқан барлық іс-шаралар кешені тұлғаның үйлесімді 
қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталады. 
  Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа 
мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін 
айтуға, өз құқықтарын қорғай бі луге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Қорыта   айтқанда,   ақпараттық-коммуникативтік   технология-оқу   материалын   терең   түсінуге,   оқу 
мотивациясының   артуына,   алған   білімнің   ұзақ   уақыт   есте   сақталуына,   білім   беруге   жұмсалатын   уақыттың 
азаюына ықпал етеді.Сондай-ақ, ақпараттық  – коммуникативтік  технологияларды оқу үрдісінде қолданудың 
нәтижесінде оқушылар жинақталған тәжірибиесін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады. Жалпы 
заман талабына сай білім беру қашан да өзектілі мәселе.
* * * * * * * *
179

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫН ҮЙЛЕСТІРУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ШЕБЕРЛІГІ»
Шығыс Қазақстан облысы «Бородулиха ауданының Білім бөлімі»ММ 
«Краснопол орта мектебі» КММ. Бастауыш сынып мұғалімі
Әлімбекова Гүлжан Серікқалиқызы
Мақсаты: Үрдіс пен нәтижеге сай қызметкерлердің кәсіби мәдениетіне
 педагогикалық бағыттың өсуіне ықпал жасау.
Ұстаз дегенің өзі-биік атауға  тең. “Болмасаң да ұқсап бақ, бір  ғалымды көрсеңіз!”-деп ұлы данышпан Абай 
Құнанбаев айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі-адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам 
болуы ,қазір жаңалықтар легімен енген соңғы технология, технологиялық дәуір ,осыған орай қазіргі кезеңнің 
талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті,ұшқыр ойлы, Отанын жан-тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне 
тәрбилеу және осыған жетелеудің өзі  педагогикалық шеберлік демекпін.
Педагогикалық технология   — бұл қатысушыларға жағымды жағдай туғыза отырып, нақты қорытындыға 
жету   мақсатымен   білім   беру   үрдісін   жобалау   (жоспарлау),   ұйымдастыру,   бағыттау   және   оқушылар   мен 
мұғалімнің қосыла жасаған іс-әрекеттерінің үрдісті жүйесі.
Мұғалім шеберлігінің төрт негізгі бөліктерін атауға болады: балалардың жеке және ұжымдық іс-әрекетін 
ұйымдастыру шеберлігі, өз ой-пікірін мақұлдату шеберлігі, білім беру және тәжірибе қалыптастыру шеберлігі 
және педагогикалық техниканы меңгеру техникасы.
Мектеп алды даярлық тобында ойын технологиясын қолданамын Өйткені осы жастағы балалар  өзінің күш-
жігерін жаттықтырып,еңбек дағдысын,қоршаған орта туралы түсініктерін ойын арқылы қабылдайды.Сондықтан 
да  ойынның   сан  алуан  түрлерін   қолдану тиімді.  Ойынның   өзі  дидатикалық,сюжеттік-рөлдік,қимылды  және 
театыр ойындары деп бөлінеді.Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: “Ойын баланың 
жетекші әрекеті” деген сипаттама береді   өйткені ойын баланы ақыл-ой   жағынан да, дене жағынан да алға 
жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп,бойын өсіреді. Ойын барысында белгілі бір әрекет жасай отырып, 
балалар қоғамдық өмірге қатысудың алғашқы үлгісін алады.
 Сабақтың ойын түрінде өтуін жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар жүзеге асырылған:
Оқушыларға дидактикалық мақсат ойын түрінде қойылады.
Оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады.
Оқу іс-әрекетінде дидактикалық мақсатты ойын мақсатына айналдыратын жарыс элементтері енгізіледі.
Дидактикалық тапсырманың табысты орындалуы ойын қорытындысымен байланыстырылады.
Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?

Қисынды ой-қабілетін дамытады

Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді

Сөздік қоры баийды, тілі дамиды

Зейіні қалыптасады

Байқампаздығы артады

Өзара сыйластыққа үйретеді

Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды

Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды

Сабаққа қызығушылығы артады.
Ойын ұйымдастыру формасына қарай:
Жалпы сыныптық, барлық оқушылар қатысады.
Топтық   Жеке
Дидактикалық ойындар.  
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Дидактикалық ойындар оқу процессінде 
екі түрлі мақсатпен қолданылады: 
Оқу танымдық.
Ойын ойнау мақсатында.
Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру, қайталау, жаттығу сабақтарында пайдалануға болады. 
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой -өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, өтілген 
тақырыпты саналы да берік меңгеруге әсер етеді.
Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай 
ойындарды қолданамын. Олар:  «Саңырау телефон», «Кім тез?», «Не артық?», «Кім болам?», «Орнын тап»,  
«Қарап ал да есіңе сақта», «Қай әріп жоғалды», «», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны» т.б. ойындар
Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.
Рөлдік ойындар:
Мектепалды даярлық сыныпта рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын – оқушылардың тілді үйренуге деген 
сезімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-
180

қатынасқа түсіп сөйлеседі. Оқушылар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият 
тыңдап өздерін және бірін-бірі бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады.
Педагогикалық ойындардың тиімділігі: 
         Оқушының ойын жетілдіреді.

Тілін дамытады.

Сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырады.

Ой - өрісін дамытады.

Ойлау қабілетін арттырады.

Материалды зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі

Адамгершілік қасиеттер қалыптасады.

Шығармашылығы артады.

Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.
Қорытынды:
     Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
                                 Жай мұғалім хабарлайды
                                 Жақсы мұғалім түсіндіреді,
                                  Керемет мұғалім көрсетеді,
                                  Ұлы мұғалім шабыттандырады,-дегендей
Нағыз ұстаз бейнесін Әбу Насыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесем “Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай 
болуға тиіс:ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті  
өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның 
ғылымына   шәкірті   селқос   қарайтын   болады.   Ұстаз   тарапынан   барынша   ынталылық   пен   табандылық 
қажет.Өйткені олар жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді. Жаңа ғасырдағы мектеп 
алдындағы міндет- егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. Қорыта келгенде, 
бүгінгі   талапқа   сай   мектепте   білім   берудің   жаңа   саласына   жету-мұғалімнің   мейірімділігімен, 
білімімен,шеберлігімен   тығыз   байланысты.   Өз   мамандығына   жан-жүрегімен   берілген   ұстаз   ғана   ұстаздық 
этиканы да,ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
* * * * * * * *
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
3. Адамгершілік-асыл қасиет
Мектеп: № 50 Абай  атындағы орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Сартаева Зульфия Репиновна 
Сынып: 5
Қатысқандар:
Қатыспағандар: 
Сабақтыңтақырыбы
3.А.Байтұрсынұлы.«Егіннің бастары» мысалы
Осы сабақта қол 
жеткізілетін оқу 
мақсаттары (оқу 
бағдарламасына сәйкес)
5 Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын 
сипаттау.
5 Т\Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Сабақтың мақсаты
Өлеңнің өзіндік ерекшелігі мен сюжеттік дамуын қарастыра отырып, негізгі 
идеясын анықтау.
Бағалау критерийі
Өлеңнің идеялық мазмұнын аша біледі.
Өлеңнің сюжеті арқылы композициялық  құрылымына талдау жасайды.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады: Сөздердің  тура және ауыспалы мағынасын 
түсінеді.
Пәнге қатысты сөздік қор:
Тәккаппар,тағзым,шекірейіп,кекірейіп,сұқтанбау
Талқылауға арналған сұрақтар:
Өмірде бидай секілді адам бойында мінездер кездесе ме?
Олардың іс- әрекетінен өмірлік сабақ алуға бола ма?
Әке өсиетінен қандай ой түйіндеуімізге болады?
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік ел» идеясының негізінде рухани және адамгершілік құндылықтарға 
баулу.
Пәнаралық байланыс
Тарих, қазақ тілі, өзін-өзі тану
181

Алдыңғы білім
А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан және «Аққу,шортан һәм 
шаян» мысал өлеңінен  түсініктері бар.
Сабақ барысы
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері
Сабақтың басы
        5 минут
5  минут
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жағымды ахуал туғызу.
«Шаттық шеңбері» тренингі
Оқушылар өз есімін мінезімен байланыстырып, сөз тіркесін айтып шығады.
Сыныпты топқа бөлу.
«Пазл»  әдісі. Тәкаппар, мақтаншақ,ақылды
Мысалы: 
Үй тапсырмасы:
«Ақиқат, жалған» әдісі
Сұрақтар
Ақиқат
Жалған
1.А.Байтұрсынұлы 1873 жылы 5 қыркүйекте 
дүниеге келген.
2. Крыловтың «Балықшы мен балық» 
шығармасын аударған.
3.Мысал дегеніміз –жер- су аттарына байланысты 
аңыз.
4. Өлеңдегі «Адамдықтың диқаншысы» -егінші.
5.Өлеңнің негізгі идеясы -жаңа өмірге, білімге 
ұмтылу. 
6.А.Байтұрсынұлы балаларға арнап «Қазақ
хрестоматиясын» жазды.
ҚБ.Смайликтер
Тыңдалым алды тапсырмасы.
«Дауыстап айтылған ой» әдісі
Суретпен жұмыс
Бұл суреттер жайлы не ойлайсыздар?
Сурет пен адам мінезінде қандай ұқсастықтар бар?
Топ аттарын қандай мінездерге жатқызуға болады?
ҚБ. Мадақтау(жарайсың,керемет,тамаша) 
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.
Сабақтың ортасы
5 минут
10 минут
Тыңдалым кезіндегі тапсырма
Мәтінді тыңдау
Аудио таспадан мәтінді тыңдайды.
«Стоп кадр» әдісі
Мәтінді өз ойымен аяқтау.
Оқушы ойларын тыңдап болған соң, өлең аяғына дейін тыңдалады.
 ҚБ. От шашу
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма  )
1-топ.«Әдеби үйірмелер» әдісі
1.Баяндап беруші- өлең мазмұнын өз көзқарасымен қысқаша мазмұндау.
2.Зерттеуші- мәтіндегі таныс емес сөздерді жазады.
3.Сұрақтар құрастырушы- өлең мазмұны бойынша 2 сұрақ даярлайды.
4.Сілтемелер табушы- шығарма құндылығын ашатын сілтеме (мақал- мәтел,тұрақты 
тіркестер) жазады.
5.Бейнелеуші- суретші-кейіпкерге ауызша сипаттама беру.
6.Дәнекер-оқиғаны бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Дескриптор:
1.Шығарма мазмұнын түсініп,таныс емес сөздерді жаэады.
2.Шығарма мазмұнынан сұрақтар дайындап,сілтеме табады.
3.Кейіпкерге суреттеме беріп,өмірмен байланыстырады.
2-топ.Өлеңнің композициялық-сюжеттік құрылымына талдау
182

5 минут
1.Шығарманың басталуы
2.Шығарманың байланысы
3.Шығарманың дамуы
4.Шығарманың шиеленісуі
5.Шарықтау шегі
6.Шығарманың шешімі
Дескриптор:
1.Өлеңнің басталу кезеңі мен байланысын анықтайды.
2.Оқиғаның дамуына негіз болған әрекетті табады.
3.Шиеленісу мен шарықтау шегін  айқындап, қорытындылайды.
3-топ. «Екі жақты түсіндірме күнделігі» әдісі
Мақал мен мысалдың байланысын дәлелдер келтіре отырып талдау
Кітаби сөз
Оқушы түсіндірмесі
Бидайдың басын көтергені – дақылының жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы
Дескриптор:
1.Ортақ шешім шығара алады.
2.Мақалдың мағынасын аша алады.
3.Мақал мен мысалдың байланысын дәлелдермен ашады.
Кері байланыс: 
Топтағы қарым- қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?
 ҚБ. Екі жұлдыз, бір тілек
Сергіту сәті. «Санамақ» ойыны
ЖТ.  «Тұжырым кестесі» әдісі
Жанры
Тақырыбы
 мен идеясы 
Кейіпкер-лер
Іс-әрекеті
Тұжырым
Дескриптор:
1.Өлеңнің идеясын анықтайды.
2.Кейіпкер бейнесін ашады.
3.Тұжырым жасайды. 
Кері байланыс: Жұптық жұмыста кедергілер кездесті ме?
ҚБ. Мен -  саған,  сен – маған
Сабақтың соңы
5 минут
Рефлексия
Рефлексия. «Қосу. Алу. Қызықты» әдісі
Қосу
Алу
Қызықты
Сабақта барлығы ұнады: 
сабақ мазмұны, жұмыс 
түрлері
Ұнамады, түсініксіз 
болып қалды
Барлық деректер мен 
әдістер қызықты
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек 
қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға 
қарағанда қабілетті оқушыларға қандай 
тапсырмалар бересіз? 
Бағалау – Сіз оқушылардың 
материалды игеру деңгейін қалай 
тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және 
қауіпсіздік 
техникасын сақтау
Пәнаралық байланыс
Қарым-қатынас  формалары бойынша 
саралау жүргізіледі.Бұл жерде қабілеті 
орта оқушылар топтағы қабілеті жоғары 
оқушылардан көмек алуға мүмкіндік 
алады.
Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы 
саралау жүргізіледі. Бәріне бірдей 
тапсырма беріледі. Ішінде кейбір оқушыға 
аралап жүріп, арнайы көмек «көпірше» 
арқылы көрсетіледі.
 Диалог негізінде саралауды 
жүргіземін.Оқушылардың қабілетіне қарай 
«Өзара бағалау», «Смайликтер», «От 
шашу», «Мадақтау»,«Екі жұлдыз, бір 
ұсыныс», «Мен - саған, сен - маған» 
арқылы бағаланады.Осы 
қалыптастырушы бағалау арқылы 
оқушылардың жетістіктерін 
айқындаймын.
Оқушылардың оқу мақсаттарына 
жету қадамдарын анықтау үшін 
дескрипторлар беріледі.
Рефлексия  «Қосу.Алу.Қызықты»
Оқушылар «Қосу» бөлімінде сабақта  
Өзін-өзі тану,тарих 
пәнімен байланысады. 
Оқуды жақсарту үшін 
АКТ қолданылады, 
сұрақтар көрсету 
үшін интербелсенді 
тақта қолданамын.
183

сұрақтар қойылады.
Тілдік қор, қолданылатын тілдің 
мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының 
қабылдау деңгейіне сай ескеріледі.
Нәтиже және жауап бойынша саралау 
жүргіземін.Топтағы оқушыларға бірдей 
тапсырма беріледі және бірдей талап 
қойылады.Әр оқушы өз деңгейінде жауап 
береді.
ұнаған кезеңдердің  барлығы 
жазылады. «Алу» -оқушының 
пікірінше, бұл ақпарат ол үшін 
керексіз, пайдасыз. «Қызықты»  
оқушылар қызығушылық тудырған 
деректер мен әдістерді, ол туралы 
басқа дерек көздерінен көбірек білгісі  
келгендіктері туралы жазады.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, 
қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер 
оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп 
ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? 
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау 
үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз 
маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап 
беріңіз. 
Оқушылар оқу мақсатына жетеді деп 
ойлаймын,дегенмен алдағы сабақтарымда, 
әріптестерімнің берген көмегі арқылы бұдан  
да жақсы сабақ жоспарлаймын деп сенемін.
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
Сабақта белсенді оқудың әдістерін пайдалау тиімді болады деп ойлаймын.Оқушы ынтасын арттыру үшін 
қалыптастырушы бағалау түрлерін пайданалу тиімді
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
Келесі сабақтарда оқушыларға ой салып, ынталандыратын тапсырма түрлерін қолданамын.
 Оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыруды қолға аламын
Осы   сабақтың   барысында   мен   сынып   туралы   немесе   жекелеген   оқушылардың 
жетістіктері/қиыншылықтары   туралы   нені   анықтадым,   келесі   сабақтарда   не   нәрсеге   назар   аудару 
қажет?
 
Батыс Қазақстан облысы, Шынғырлау ауданы, Сегізсай ауылы,  Сегізсай негізгі ОББМ
Мектепалды даярлық тәрбиешісі Жантаушева Нурсауле  Мухитовна
Тобы/сыныбы:
Мектепалды даярлық сыныбы
Білім беру саласы:
«Таным»
ҰОҚ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы:
Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын
Бөлім:
3.Геометриялық фигуралар
Бөлімше:
3.1.Фигуралар мен денелер
Оқу мақсаты:
0.3.1.1.Геометриялық фигуралар 
(дөңгелек,сопақша,үшбұрыш,шаршы,тіктөртбұрыш) мен денелерді 
(шар,текше,цилиндр) дұрыс атап,ажырату
ҰОҚ мақсаты:
Геометриялық фигуралар мен денелерді ажыратып,дұрыс атай білуді,құрастыруды 
менгерту.
Күтілетін нәтиже:
Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш ) 
мен денелерді (шар,текше,цилиндр) дұрыс атап,ажырата біледі.
Қолданылатын 
әдіс – тәсілдер:
Саралау әдісі,ойын,жұптық,топтық,ұжымдық жұмыс,бір – бірін мадақтау,сұрақ – 
жауап әдісі.
ҰОҚ жоспарлау
ҰОҚ жоспарын жүзеге 
асыру кезеңдері/ 
уақыты
ҰОҚ жоспары бойынша іс - әрекет
ҰОҚ басталуы:
2 минут
Психологиялық ахуал тудыру сәті.
Шаттық шеңбері:
Күнге сәлем,
Қуан,шаттан,алақай,
Атқан таңға,шыққан күнге
Сәлем беріп,
Тілейік бақыт,баршаңызға осындай!
Гүлдердің түсі арқылы топтарға біріктіру.
184

Негізгі бөлім:
15 минут
1 – тапсырма
«Ой қозғау» әдісі.
Аудижазба «Бәрінен де кім күшті?»ертегісі. 
Жетелеуші сұрақтар.
 - Сен фигуралардың орнында болсаң не істер едің?
-Қалай ойлайсыңдар осы ертегінің ішінде цилиндр бар ма?
- Геометриялық фигуралардың ішінен цилиндр бойынша не құрастыруға болады?
Бала үні.  Балалар өз пікірін айтып,сұрақтарға жауап береді.
Саралау:қызығушылықты ояту.  
Бақылау.
Жетелеуші сұрақтар қою арқылы бақыладым.
Бақылау кезінде кейбір балалар   туралы біледі.
Кейбір балаларды сурет арқылы әңгімеге тарттым.
Бағалау. Балалар «Бас бармақ»әдісі арқылы бір - бірін бағалайды.
Тәрбиеші: «Көңілді смайликтер» арқылы бағалаймын.
Сергіту сәті: «Жақсы серігіп қаламыз»
Кел,балалар,кел бері,
Қыздырайық денені.
Орнымыздан тұрып-ақ,
Жүгірейік бір уақ.
Аяқты алға созайық,
Тік көтеріп,қозғайық.
2 – тапсырма
«Пішіндер көрмесі» әдісі.
(4К креативті)
 І – топ. Кеңістік фигураларын атау.Оларды суреттеп ұқсас заттармен 
сәйкестендіру. 
ІІ – топ. Дөңгелек,сопақша,үшбұрыш,шаршы,
тіктөртбұрыш мен денелерді (шар,текше,цилиндр) сәйкестендіру.  
Топтар өз ойларын әңгімелейді.
Саралау.Қарқын,жылдамдық.
Бақылау.
Уақыт  шектеп тапсырманы аяқтау.
Кейбір балаларды кеңістік фигураларын атау  қажеттілігін біледі.
Ал кейбір балаларға қолдау көрсетемін.
Бағалау: Балалар «Үш шапалақ» арқылы топтарды бағалайды.
Тәрбиеші: «Көңілді смайликтер» арқылы бағалаймын.
3 – тапсырма.
«Күн мен түн» қимылды ойыны.
Күн белгісін көрсеткенде – күледі,жүреді,секіреді.
Түн белгісін көрсеткенде – қозғалыстарын тоқтатып,бәрі ұйқыға кетеді.
Саралау.Нәтиже.
Түрлі тапсырмалар балалар  геометриялық фигуралар мен денелерді 
ажыратып,дұрыс атай білуді,құрастыру  қажеттілігін түсінеді.
Бақылау.
Белгілі бір әрекетке арналып іске асырылатын әртүрлі жұмыс беріледі.
Барлық балалар геометриялық фигуралар мен денелерді ажырата алады.
Кейбір  геометриялық фигуралар мен денелерді ажырата алмаған балалармен 
жұмыс жасаймын.
Бағалау. 
Өзара бағалау, эмоциялы гүлдер арқылы мадақтау. 
Тәрбиеші: «Көңілді смайликтер» арқылы бағалаймын.
Қорытынды рефлексия 
3 минут
 Сабақты қорыту.
«Ауа - райы» әдісі арқылы рефлексия жүргізу.
 Мен.......... түсіндім (шуақты )        
 Мен.......... бұлтты   (жартылай түсіндім)     
 Мен.........  жаңбырлы (түсінбедім)   
185

Батыс Қазақстан облысы, Шынғырлау ауданы, Ақшат ауылы,  А.Тихоненко атындағы 
ОЖББМ. Мектепалды даярлық тәрбиешісі Кенжебекова Нургул Мухитовна
Тобы/сыныбы:
Мектепалды даярлық сыныбы
Білім беру саласы:
«Қатынас»
ҰОҚ
Сауат ашу 
Тақырыбы:
  Саматтың ойыны. С дыбысы мен әрпі.
Бөлім:
3. Жазылым
Бөлімше:
3.2. Пунктуациялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты:
0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі 
сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу.
ҰОҚ мақсаты:
С дыбысын сөз арасынан табу, С дыбысын жаздыру
Күтілетін нәтиже:
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, дауыстылар) 
ажыратады, жазады.
Қолданылатын 
әдіс – тәсілдер:
Саралау әдісі,ойын,жұптық,топтық,ұжымдық жұмыс,бір – бірін мадақтау,сұрақ 
– жауап әдісі.
ҰОҚ жоспарлау
ҰОҚ жоспарын жүзеге 
асыру кезеңдері/уақыты
ҰОҚ жоспары бойынша іс - әрекет
ҰОҚ басталуы:
2 минут
Психологиялық ахуал тудыру сәті.
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, ұстазым
Қайырлы таң,  достарым
Шеңберге тұрайық
Жылулық сыйлайық
Добрый утро учитель
Добрый утро друзья
Посмотрите друг на друга 
Пожелейте добра
Good morning, good morning
Good morning to you
Good morning our teacher
We are glad to see you!
Өткен сабаққа шолу
 Дыбыс дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Қандай әріптермен біз таныстық? 
Негізгі бөлім:
15 минут
1 – тапсырма
«Ой қозғау» әдісі.
 «Суретпен жұмыс»
–  Суреттен не болып жатыр деп ойлайсыңдар?
Сурет бойынша балалар «Менің отбасымның бір күні» тақырыбында әңгіме 
құрайды. Тәрбиеші балаларға кебіс, мәсі сөздерінің мағынасын түсіндіреді. 
«Саматтың осы қылығы дұрыс па?» деген сұрақ қойып, балалардың пікірлерін 
тыңдайды. Аудижазба «Бәрінен де кім күшті?»ертегісі. 
Жетелеуші сұрақтар.
 - Сен Саматтың орнында болсаң не істер едің?
Тәрбиеші балаларға кебіс, мәсі сөздерінің мағынасын түсіндіреді. «Саматтың осы 
қылығы дұрыс па?» деген сұрақ қойып, балалардың пікірлерін тыңдайды
Бала үні.  Балалар өз пікірін айтып, сұрақтарға жауап береді.
Саралау:қызығушылықты ояту.  
Бақылау. Жетелеуші сұрақтар қою арқылы бақыладым.
Бақылау кезінде кейбір балалар   мәсі, кебіс туралы біледі.
Кейбір балаларды сурет арқылы әңгімеге тарттым.
Бағалау. Балалар «Бас бармақ»әдісі арқылы бір - бірін бағалайды.
Тәрбиеші: «Көңілді смайликтер» арқылы бағалаймын.
2 – тапсырма«Апта күндері»
(4К креативті)
 І – топ.  Самат қай күндері бақшаға бармайды деп ойлайсың? (Балалар апта 
күндерін бояйды).
ІІ – топ.  Балалар апта күндерін атауларымен атап, санап шығады.
ІІ – топ. Апта күндерін атайды Апта күндеріндегі «С» дыбысы естілмейтін апта 
күнін табады.Топтар өз ойларын әңгімелейді.
ІІІ топ. Саматтың неше жаста екенін табады?
Саралау.Қарқын,жылдамдық.
Бақылау. Уақыт  шектеп тапсырманы аяқтау.
Кейбір балалар апта күндерін атау  қажеттілігін біледі.
Ал кейбір балаларға қолдау көрсетемін.
Бағалау: Балалар «Үш шапалақ» арқылы топтарды бағалайды.
186

Тәрбиеші: «Көңілді смайликтер» арқылы бағалаймын.
Сергіту сәті. 
Саусағымда сақина
Санап көрші кәнеки
1,2,3 бір,екі,үш
Демалайық жинап күш
-Балалар, әліпбиден бізге қонақ келіпті. Бейне баян көрсетіп, балалардың 
назарын аудару
С» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы.
-Ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан «с» дыбысы 
қысылып шығады
-С дыбысы созып айтылама?
- -Ұзақ айтыла ма екен?
-Сондықтан «с» дыбысы дауыссыз дыбыс 
С әрпімен таныс болайық.
Педагог   М.   Әлімбаевтің   өлеңін   оқып береді.
Балалар өлеңді не туралы екенін мазмұндайды.
Суреттегі   айдың,   орақтың   суретіне   қарап   С әрпінің бейнесіне ұқсайтынын 
айтады.
Балалар С әрпіне ұқсайтын  тағы басқа бейнелерді табады.
Бағалау  С дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясын меңгереді
Дискриптер
С дыбысын дұрыс айтады
 Бағалау  Смайликтермен бағалау
3-тапсырма   Сынған сағатты жөндейміз.
Суреттегі сағаттың  қандай сандары жетіспейтінін анықтайды. 1, 2, 3, 6 
цифрларынан басқа сандарды атайды. 
8 санының неден тізілгенін айтады.
Қандай сандарда С әрпі естілетінін анықтайды.
Сегіз, бес сандарын атайды.
С әрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.
 «Күн мен түн» қимылды ойыны. 
 Күн белгісін көрсеткенде – күледі,жүреді,секіреді.  Түн белгісін көрсеткенде – 
қозғалыстарын тоқтатып,бәрі ұйқыға кетеді.
Саралау. Нәтиже.  Түрлі тапсырмалар балалар  орындау арқылы «С» дыбысын  
ажыратады,,дұрыс атай білуді, құрастыру  қажеттілігін түсінеді.
Бақылау.  Белгілі бір әрекетке арналып іске асырылатын әртүрлі жұмыс беріледі.
Барлық балалар дауысты және дауыссыз дыбыстарды  ажырата алады.
Кейбір  дауысты және дауыссыз дыбыстарды  ажырата алмаған балалармен 
жұмыс жасаймын.
Бағалау.   Өзара бағалау, эмоциялы гүлдер арқылы мадақтау. 
Тәрбиеші: «Көңілді смайликтер» арқылы бағалаймын.
Қорытынды рефлексия 
3 минут
 Сабақты қорыту.
І топ. «Сәбіз» құрастыру, сөзді буынға бөлу,
 с дыбысын табу, сөйлем құрау
ІІ топ; «Орнын тап» сөз арсынан
 с дыбысын табу
ІІІ топ; «буындарды оқу» 
«Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия жүргізу.
 Мен.жасыл.. түсіндім 
 Мен..сары........ жартылай түсіндім     
 Мен қызыл.........  түсінбедім     
187

Алматы қаласы,  Медеу ауданы,  Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейінің
Балаларды Физио-Пульмонология оңалту орталығына қарасты мектептің 
география және биология пәні мұғалімі Кельдинова Гульнара Турсынбаевна
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бөлім 3.Физикалық  география 3.1 Литосфера
Мектеп: Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің БФПОО-на қарасты мектеп
Күні:                   Мұғалімнің аты-жөні: Кельдинова Гульнара Турсынбаевна
Сынып: 8         Қатысқандар:                            Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Жер бедерінің  жіктелуі
Осы сабақта қол 
жеткізілетін оқу 
мақсаттары (оқу 
бағдарламасына сәйкес)
8.3.1.2-жер бедері түрлерін жіктейді
8.3.1.3-жер бедері турлерін жоспар бойынша сипаттайды
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың   басым  бөлігі:  Жер бедері  түрлерін   жіктейді,   жер  бедерінің 
ерекшеліктерін әңгімелеу.
      Оқушылардың   көпшілігі   орындай   алады:Жер   бедерінің     дамуы   мен 
қалыптасу факторларын түсіндіру
Кейбір   оқушылар:  Қазіргі   жер   бедерінің   қандай   күштердің   әсерінен 
қалыптасқанын түсіндіру. Картадан ірі таулар мен жазықтарды көрсету.
Бағалау критерийі
Білу: Жазықтар мен тауларды есте сақтау
Түсіну: Жер бедерінің  қалыптасу  себептері мен пайда болу ерекшеліктерін 
түсіндіру
Қолдану:Жер бедерінің жазық жерлерін шаруашылықта пайдалану 
ерекшеліктерін көрсету
Тілдік мақсаттар
Термин сөздермен жұмыс: тектоникалық құрылымдар, 
плиталар,геосинклинальдар мен антисинклиналь т.б
Айтылым:Жер бедерінің жіктелуі туралы  айтылады
Оқылым:Жазықтар мен таулардың пайда болуын оқулық мәтінен оқиды.
Жазылым:Кескін картаға жер бетіндегі ірі таулар мен жазықтардың атарын 
белгілейді
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік ел»құндылықтары:Қазақстандық патриотизм және  азаматтық 
жауапкершілік тақырыбы аясында:
Оқушыларға  патриотизм және азаматтық жауапкершілікке баулу,  топтық 
жұмыс арқылы  сыныптастарының жауаптарын тыңдауға,қорытынды жасауға, 
бірін- бірін құрметтеуге баулу.
Пәнаралық байланыс
Физика пәнімен:Жер қыртысының қалыптасуы  кезіндегі ішкі және сыртқы 
күштердің әрекетін айтуы,                                                         
 Математика пәнімен:жазықтардың ауданы  мен таулардың биіктігін 
есептегенде сипаттауы,
Биология пәнімен: тау жыныстарының үгіндісінде  кездесетін өсімдіктер мен 
жануарлардың шығу кезеңдерін анықтай алуы
Алдыңғы білім
8.3.1.1-жер бедерінің қалыптасуы және таралу заңдылықтары
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақтың 
жоспарланған кезеңі
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
4 минут
Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.
Сергіту сәті:  Сыныптағы барлық окушылар шеңбер болып 
тұрады, жүрекше беру  арқылы бірін- біріне жақсы тілектерін 
білдіреді.
Топқа бөлу:   Оқушылар жер бедерінің суреттері арқылы 
бөлінеді. 
1.Солтүстік Қазақ жазығы, 2.Тұран жазығы, 3.Тянь-Шянь 
таулары, 4.Сарыарқаның суреттерін алып топтарға бөлу. 
   «Жер шарының қалыптасу  кезеңдері»
 Бейнемәтін көру арқылы жаңа сабақты бастаймыз.
Жүрекше суреті
https://www.
youtube.com/
watch?
v=7pl2bK
2wJyc
3 минут 
188

1 – тапсырма. жұптық жұмыс. 
«Миға   шабуыл». 
Оқушылар   оқулықтағы   мәтінмен 
танысады,негізгі ұғымдарды  ажыратады.
Сабақтың   негізгі   ұғымдарын   түрткі   сұрақтар   арқылы 
анықтайды.
  Түрткі сұрақ қою әдісі:
-Таулардың пайда болу ерекшелігін түсіндіріңдер?
-Қандай ірі тауларды білесіңдер ?
 Жазықтардың пайда болу  себептерін  түсіндіріңдер ?
- Қандай ірі жазықтарды білесіңдер?
Бағалау критерий
Дескриптор
Жазықтар мен тауларды 
есте сақтау
--Жазықтар   мен   таулардың 
пайда   болу   себептерін 
әңгімелейді
--   Ірі   жазықтарды   картадан 
картадан көрсете алады,
--ірі   тауларды   картадан 
көрсете алады,
-   Таулардың   пайда   болу 
ерекшелігін еске түсіре алады.
ҚБ-«Үш шапалақ» әдісімен бағалайды
Мақсаты:Оқушылар бірін- бірі қол соғу арқылы 
бағалайды.Егер оқушы бір рет қол соқса, қанағаттанарлық 
деген соз, екі рет қол соқса жақсы үш рет қол соқса өте 
жақсы деген сөз.
Оқулық 54-55 
беттері
Үлестірмелі 
материал
Түсіну: 15 мин
2-тапсырма: «Белгілі бір жердің жер бедерін сипаттау 
жоспары:  Әрбір топ өздерінің таңдаған суреттері бойынша 
жер бедерін сипаттайды:
1.Жер бедерінің жалпы сипаты қандай?
 
2.Жер бедерінің негізгі ірі пішіндері қалай орналасқан?Тау 
жоталарының орналасу бағыттары қандай?
3.Теңіз деңгейінен ең төмен,ең жоғары жатқан бөліктері.
4.Жер бедерінің кең тараған пішіндері қандай?
5.Жер бедерінің қалыптастырған күштерді анықтау.
I- топ « Тұран»  ойпатын  сипаттау:
II- топ «Солтүстік Қазақ» жазығын сипаттау : 
III- топ « Тянь-Шань» тауын сипаттау:
IV- топ- « Сары арқа» үстіртін сипаттау :
Бағалау 
критерий
Дескриптор
Жер бедерінің  
қалыптасу  
себептері мен 
пайда болу 
ерекшеліктерін 
түсіндіру
--Жер бедерінің жалпы сипатын 
түсіндіре алады,
--Жер бедерінің негізгі ірі пішіндерін 
көрсете алады,
--Тау жоталарының орналасу 
бағыттарын анықтай алады,
--Теңіз деңгейінен ең төмен,ең жоғары 
орналасқан нүктесін көрсетеді
--Жер бедерінің кең тараған 
пішіндерін түсіндіреді
--Жер бедерінің қалыптастырған 
күштерді анықтайды
ҚБ-Смайликтер жабыстыру арқылы бағалау.        
Оқулықтың 56 беті
 Атлас 3 бет
Қолдану:   10мин
3 – Тапсырма. Жеке жұмыс.
  «Үшіншісі артық» әдісі:  оқушыларға таратпа материалдар 
беріледі,танысады,негізгі
 
ұғымдарды
 
анықтайды, 
жазықтарды  кескін картаға  жазады.
Таратпа материал
189

         Оқушылар  тізім бойынша артық элементті табуы тиіс. 
Дұрыс немесе қате жауаптың болмауы мүмкін, болмаса кез 
келген   сөз   артық   болуы   ықтимал.   Сондықтан,   оқушылар 
неліктен   ол   сөзді   таңдағаны   туралы   дәйекті   және   нақты 
жауап   бере   отырып,   тізімдегі     сөздердің   арасынан 
жазықтарды
 
көрсетеді. 
Мысалы:Аппалач,Анд,Туран,Чад,Дунай,Шығыс 
Европажазығы,Алтай,Сарыарқа,Қазақ 
жазығы,Бетпақдала,Ертіс,Тұран,Сауыр-Тарбағатай т.б
Бағалау критерий
Дескриптор
Жер бедерінің жазық 
жерлерін шаруашылықта 
пайдалану ерекшеліктерін 
жоспарлау
--Жер бедерінің  жазық 
жерлерін картадан көрсетеді,
   --Жазықтардың 
шаруашылықта қолдануын 
зерттейді,
-- Жазықтарды 
ерекшеліктерін  қарай жіктеп 
суреттейді,
--Оларды кескін  картаға 
белгілейді
Кескін карта
Дүниежүзінің 
физикалық 
картасы
Кері байланыс
5 мин
БББ- білемін, білгім келеді, білдім
Оқушылыр кері байланыс парағына өз ойларын берілген 
сөйлемді жазады.
Максаты: Кері байланыс арқылы оқушының тақырыпты 
қаншалықты меңгергендігін білу,қолдану.
Саралау 
Сіз оқушыларға қандай 
тәсілмен көмектесесіз?Сіз 
басқаларға қарағанда қабілетті 
оқушыларға қандай 
тапсырмалар бересіз?
Бағалау
Сіз оқушылардың материалды 
игеру деңгейін қалай тексеруді 
жоспарлап отырсыз?
Пәнаралық байланыстар,
Денсаулық және қауіпсіздік 
техникасын сақтау
ақпаратты коммуникацияық 
технологияларды қолдану.
Такырып бойынша оқу 
мақсаттарына қол жеткізу үшін 
сараланған тапсырмалар 
беремін.
№ 3 тапсырма«Үшіншісі артық» 
әдісі:  арқылы  жеке  
оқушыларымен саралау 
жұмыстарын жүргіземін.
 №3 – Тапсырма. Жеке жұмыс.
 «Үшіншісі артық» әдісі: 
оқушыларға таратпа 
материалдар  беріледі, 
танысады, негізгі ұғымдарды 
анықтайды, жазықтарды  
кескін картаға  жазады. 
Оқушылар  тізім бойынша 
артық элементті табуы тиіс.         
Оқушылардың тақырыпты 
меңгеруін тексеру бағытында 
ойлау деңгейлеріне сәйкес 
берілген  тапсырмаларды 
бағалау критерии және 
қалыптастырушы бағалау 
арқылы жүргізіледі. ҚБ-«Қарлы 
кесек әдісі», БББ- білемін, білгім 
келеді білдім әдісі, -«Үш 
шапалақ» : ҚБ-Смайликтер 
жабыстыру арқылы бағалау
Оқушылардың денсаулығын 
сақтау сабақ барысында сергіту 
сәттері, дене шынықтыру 
жаттығуларының жасалуымен 
орындалады.
Сабақ барысында АКТ 
колданамын
190

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ
БОЛАШАҚТАҒЫ САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов  ауданы, Көгершін ауылы  «Ақтоған шағын 
орталықты орта мектебі» КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Балгимбекова Гулнур Богембаевна                       
Бүкіл әлемде   білім беру жүйелерінің   келешек   ұрпаққа   қандай   білім беретіні   туралы көптеген   мәселе 
туғызды. Осы мәселе аясында  «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың 
тиімді әдістері қандай?» деген сияқты сұрақтар туындайды.   Бұл сауалдар   оқу   бағдарламасымен   және оқу 
бағдарламасын   жүзеге   асыруда   қолданылатын   педагогикалық   тәсілдермен   тығыз   байланысты.   Мен 
«жаңартылған  мазмұнда» курста оқып жүргенде барлық оқушылар өздері өмір сүретін әлемде жұмыс істеуге 
дайын  болуы  керек  екенін  ұқтым. Оқушылар  күн сайын  жаңа  дағдылар  және  түрлі  технологиялар арқылы 
орасан   зор     ақпаратпен   танысатындықтан,   тыңдалым,   айтылым,   оқылым   және   жазылым   дағдылары 
оқушыларды   жаһандану   жағдайындағы   қоғамда   қарым-қатынас   жасауға   дайындайды.     Біріншіден     бұл 
дағдылар   қазақ   тілі   мен   қазақ   әдебиеті   бойынша   сапалы   білім   алу   оқушылардың   өздерінің   ойлары   мен 
эмоциясын басқаларға жеткізе алу үшін еркін оқуына және жазуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге оқылым 
және тыңдалым   арқылы басқалар да олармен қарым-қатынас жасай алады.   Оқушылар оқу арқылы мәдени, 
эмоциялық,   зияткерлік,   әлеуметтік   және   рухани   жағынан     дамуға   мүмкіндік   алады.     Жаңартылған     оқу 
оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне, сонымен қатар алған білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді. 
Менің ойымша қоғамның  толыққанды мүшесі болу үшін адамдарға барлық тілдік дағдылар маңызды. 
Оқу  бағдарламасында  ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру 
саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сонымен 
қатар инновация мен көшбасшылықты талап етеді.  Жаңартылған  оқу бағдарламасы  мен  бағалау  жүйесін  оқу 
мекемелеріне  енгізген.  «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары 
да осы үдерістің  құрамдас бөлігі  болып  табылады. Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың  оқылым, 
жазылым,   айтылым,   тыңдалым   дағдыларын   дамытуға   көмектеседі.   Оқушылар   әр   жылы     келесі     сыныпқа 
ауысқан сайын ақпаратты бағамдау, дәлелдерді қабылдау және өз дәлелдерін ұсыну, тапсырмаға, аудитория мен 
мақсатқа сай келетін терең жазбаша дағдыларын қолданады.  Олар  алған білімдері мен үйренген дағдыларын 
кез келген орта жағдайында, ресми /іскерлік ортада қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдана алады. 
Қай  қоғамда болсын,  жеке тұлғаның  қалыптасуы   ұстаздың еңбегінен  бастау  алады. «Ұстазы  жақсының –
ұстанымы  жақсы» деп  халқымыз  бекер  айтпаған.  Білім саласындағы заман талабына сай өзгерістер ұстаздан 
үлкен  жауапкершілікті талап  етеді.   Өйткені   қоғамдағы     жаңа   өзгерістер   ұстаздың    кәсіби   біліміндегі  
жаңашылдықты қажет етеді.Қазіргі кезде  еліміздегі  білім  беру жүйесін  әлемдік  деңгейге  көтеру аса маңызды 
мақсаттардың   біріне     айналып     отыр.   Әлемдік       білім     беру   кеңістігіне     ықпалдастырылған   және   қоғам  
қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Әлем өзгеруде. Әлемді 
жаһандану жайлауда.  Ғылым мен  техниканың шапшаң дамып  жатқан  заманында  ұялы телефон мен ғаламтор 
желісіне тәуелді   болған   баланың   қолына оқулық ұстатып,оны   жан –жақты тәрбиелеу   мұғалім   еңбегінің  
өзекті  мәселесі  екені шындық. Бәсекеге  қабілетті  елдің қатарына білімді ұрпақ қана апара алатыны тағы да  
шындық. Сондықтан да әр  ұстаз  жоғары шығармашылық деңгейде  ізденіп,  сапалы  білім беру  жолында  жан  
–   жақты   жұмыс     істегенде   ғана   өз   еңбегінің   жемісін   көреді.   Бүгінгі     таңдағы     оқыту   үрдісі   жаңа   әдіс-
тәсілдерді,жаңаша   идеяларды   қолдануды   талап   етеді.   Әр     мұғалім   өз     істәжірбиесінде     көптеген 
қиындықтармен, кедергілермен   кездеседі. Ол   заман   көшіне ілесу   өз   білімін     жетілдіріп   отыруы   қажет.  
Өйткені, қарыштап дамыған әлемдік  білім  жүйесіндегі  жаңарулар мен толығулар , толассыз ақпараттар  ағыны 
еліміздегі   білім   беру жүйесінің алдына да жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы   орайда   аталған   талаптарға  
жауап бере   алатын   жаңа тұрпатты мұғалімдер даярлау –бүгінгі күннің кезек күттірмес күрделі мәселесіне  
айналуда. 
Мұғалім атты киелі  мамандықтың иесі  болғаннан кейін, бар  саналы ғұмырымды ұрпақ тәрбиесіндегі ізгілік 
жолына арнап, оларға қайтсем тиянақты сапалы білім беремін деген ой  әруақытта мені  мазалайтын. "Алға 
талпыну – тыныштықты  жоғалту, бір  орында қалып қою – өзіңді – өзің жоғалту"- деп, Серен Обо Кьеркегор  
айтқандай, бір орында тоқырап қалмаудың амалын тапқандай болып, алдымен педагог кадрлардың біліктілігін 
арттырудың үшінші деңгей бағдарламасы курсын аяқтадым. Осы курстан  алған әсерім мол. Шын  мәнінде  бұл 
оқу менің  кәсіби өсуіме, дамуыма шеберлігімді  шыңдауыма ықпал етті. Ойыма ой қосты. Осы уақытқа  дейін 
көшбасшы   мұғалім   ретінде   курстағы   оқып   –   білгенімді   мектеп   тәжірибесіне   енгізе   отырып,   бүкіл   мектеп  
шеңберінде   өзгеріс   жүргізілуіне   ықпал   жасап,   мектепті   дамыту   үдерісіне,   мұғалімдерге   қолдау   көрсетіп 
келдім.Мектебімнің өзгеріске бейім мұғалімдер қатарының көбейіп жатқанына қуандым. Ұрпағы білімді елдің 
болашағы   жарқын.   Олай     болса,   білімді     ұрпаққа   қол   жеткізу   үшін   мұғалім   өзі   қандай   болмақ   ?   Кезінде 
«Қазақтың     қаны   бір,   жаны   бір   жолбасшысы   мұғалім».   «Алты     алаштың   баласы   бас   қосса   қадірлі   орын 
мұғалімдікі»,-   деп   Мағжан   Жұмабаев     бізге   қандай   баға   беріп   еді?   Осы   теңеуге     лайықпыз   ба?   Мен   өз 
мектебімнің мұғалімдерінің осы теңеуге  лайық   болуын, оқыту  ісінде мектебім табысты мектепке айналуын 
қалаймын. Ал   қазіргі таңда кәсіби біліктілігімді арттыруға жаңыртылған білім беру курсына келдім.   Менің 
191

осы   курстан   түйгенім,   жаңашыл   мұғалім   ретінде   міндетіміз   –   оқушыларды   оқыту   үдерісінде   жас   ұрпақты 
жылдам   өзгеріп   жатқан   әлемде   өзіне   сенімді   және   табысты   болуға   мүмкіндік   беретін   дағдылары   мен 
түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін,сыни ойлауға үйретуді 
қамтамасыз етуге көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту.Жаңашыл білім бағдарламасы спираль 
тәріздес құрылымға негізделген. 
Бұл  курстан өту мен үшін қызықты болып жатыр. Мен осы курс  барысында талай  қызықты мәліметтермен,  
әріптестерімді,  яғни   ересек   оқушыларды   осы   бағдарлама   мақсатымен,   материалдарымен   таныстыратын   өте 
тиімді   жаңа   әдіс-тәсілдермен   таныстым.Оқытудың   сапасын   арттыру   үшін   өте   тиімді,   қазіргі   таңда   әлем 
мойындаған, дүниежүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған және орта білім беру 
саласында   қолданып   жүрген   тәсілдердің   теориялық   негіздерімен   әріптестерімді   таныстыра   отырып,   бұл 
әдістерді мектеп өміріне енгізетін боламыз. Атқарылған   жұмыстардың   нәтижесі қандай болғанын анықтау 
үшін мен өзіңе-өзің есеп беріп, рефлексия жасаудың маңызының зор екенін, ал рефлексия дұрыс болу үшін, 
жұмысты алға қарай итермелеп, дамыту отыру үшін шынайы жазылған кері байланыс алудың тиімді екенін 
білдім.     Мен     алдағы   уақытта   оқушыларыммен,   ересек   оқушыларыммен   үнемі   кері   байланыс   жасап, 
жұмысымдағы   жетістіктерім   мен   кемшіліктерімді   анықтап,   кемшіліктерімді   жойып,   Тренер   үйреткен 
дәрістеріміз, біздің өмірімізге елеулі өзгеріс енгізеді деп ойлаймын және сеніммен айта аламын. Осы алған 
білімімізбен  кездесетін  кедергілерді  бірге    жеңетінімізге  сенімім мол.. Топтасып, жұптасып,   жеке   жұмыс 
жасауымызға мүмкіндіктер жасап қолдап отыратын ол тренеріміз .Сондықтан алдағы ұстаздық жұмысымызда 
осы үйренген әдістерді тиімді пайдалану жолдарын қарастырамын. Тиімді  жоспарлау нәтижеге жетудің тиімді 
сатысын анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ  мүшелерінің шығармашылық және ізденіс қабілеті көрінуі топ 
жұмысында ынтымақтастық, қызығушылық, бірізділіктің болуы. Аудиторияда жағымды жұмыс атмосферасы, 
шынайы     нақты     ұжымдар   қалыптасты.   Тақырыпта   теориялық   және   практикалық   жағынан     барынша 
меңгерілді. « Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды»  демекші, ұстаз 
қай  кезде  де мектептің  жүрегі,    қоғамның  тірегі.    Қоғам    тұлғаны  қаншалықты жетілдірсе, жетілген  тұлға 
қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.   Сондықтан   қоғам   дамуында білім беру – ең маңызды мәселе  
болып табылады. «Келер ұрпақ  алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір  мемлекеттің өсіп – өркендеуінің, 
бәсекеге  қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Ендеше  осындай бәсекеге  қабілетті, рухы 
биік, ұрпақ тәрбиелеу, жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Оқулық-Алматы.
2.
Сөздік-словарь, 2005жыл
3.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
4.
Қазақ тілі: Әдістемелік нұстаулық
5.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытылатын 
мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.
* * * * * * * *
ТІЛДІК  ҚАТЫНАС  БАРЫСЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫН  ДАМЫТУ  ЖОЛДАРЫ
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов  ауданы Көгершін ауылы 
«Ақтоған шағын орталықты орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып  мұғалімі: Кушекбаева Жаныл Амангоскызы
Бүгінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тіл мен әдебиет  пәнін  оқыту жүйесі түбегейлі өзгерістерге 
ұшырап   отыр.   Бұл   өзгерістер   уақыт     талабынан     келіп     туындаған,     жылдар     бойы   қалыптасқан     жүйені  
қоғамның  қарыштап даму талаптарына  сәйкес  бейімдейтін  үдеріс болып табылады.  Еліміздің  Білім туралы 
Заңында  «Білім  беру жүйесінің  басты  міндеті - ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен  
практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және кәсіби  шыңдауға бағытталған  білім   алу 
үшін қажетті   жағдайлар   жасау,   оқытудың   жаңа   технологияларын   енгізу,   білім   беруді   ақпараттандыру, 
халықаралық  ғаламдық коммуникациялық  желілерге  шығу» екендігі   айтылған.  Бүгінгі  мектепте  оқушы  
ақпаратты   өте   көп     біліп,     меңгергенімен,   оны   қолдану,   өз   қажетіне     жарату     жағдайында   қиындықтарға 
кездесетіні     ешкімге   де     жасырын     емес.     Соңғы   уақыттарда     мектеп   оқушыларының     функционалдық 
сауаттылығы   туралы   жиі, әсіресе,   тілдік   дағдыларды дамытудың   өзекті   мәселелері   қарастырылып   жүр. 
Мектеп     оқушылары     өз     сөздерін   дәйектеп,   дәлелді     пікірлер   айтуда,     жинақтап,     қорытынды     жасауда, 
қиындықтарға тап болып  жатады.  
Тілдік     кемшіліктермен     қатар,     орфографиялық,   пунктуациялық   қателерді де   жиі   жібереді.   Мектеп  
мұғалімдері  оқушылардың  сауаттылығымен  жылдар  бойы   жұмыс  істегенімен, өкінішке  орай сол  қателер 
192

дағдыға  айналып  қалып қояды, түбегейлі  жойылмайды.  Бұл  білімнің  болғанымен, қолданылуының төмен 
деңгейде  екендігін  көрсетеді.  Сондықтан да  білім  мазмұнын жаңарту- уақыт күтпейтін талап. 
«Қазіргі  заманда  жастарға   ақпарттық   технологиямен   байланысты  әлемдік  стандартқа  сай жаңа  білім 
беру өте қажет»,- деп ел   Президенті   атап   көрсеткендей, оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін, ақпарттық-
коммуникативтік   технологияларды   мектеп   өміріне  кеңінен  енгізу – жаңаша  білім  берудің  бірден - бір  
шарты.  Оқыту  үрдісін оңтайландыру ,  соның  ішінде  қазақ  тілін  оқыту   жұмыстарын  жандандыру – ұдайы 
жалғасып, дамып  отыратын  жұмыс.  Қазіргідей   ақпараттық   технологиялар  қарыштап  дамыған  тұста, оның 
озық үлгілерін  қазақ  тілін  оқыту барысында да тиімді  пайдаланудың  маңызы  зор. Сондықтан  қазақ тілін 
оқытуда тек жазба мәтіндермен шектеліп қалуға болмайды.
Өкінішке  орай, біздің  бұрынғы тәжірибемізде тыңдалым  дағдысына  жеткілікті  мән берілмейді.  Вокзалда, 
әуежайда,     кез   келген   мекемеде   радиорубкамен   айтылған   хабарландыруға   көпшілік   өз   көзімен   көріп 
оқымайынша сене бермейді.  Берілген хабарламаны бір – бірінен   қайталап сұрап,  нақтылығына көз жеткізіп 
жататыны  жиі  байқалады. Сол  себепті қазіргі  білім   саласында, әсіресе тілдік  пәндерді  оқытуда «тыңдалым» 
дағдысына баса  назар аударылып отыр.     
Тыңдалым -  соңғы кезде  көп сөз болып жүрген және оқу үдерісінде кеңінен орын  алған  маңызды сөйлесім 
әрекетінің бірі. Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін  мағынасы – «есту арқылы түсіну».  Біз  
тыңдау   арқылы   қоршаған   ортада   орын   алып     жатқан   оқиғалар   жайында   ақпарат     алумен       бірге, 
дүниетанымымызды,   тілдік   қорымызды     байытып,   қабылданған   ақпаратқа     талдау     жасап,   өз   пікірімізді 
білдіреміз. Тыңдалым  оқушының  сөйлеу әрекетінің  дамуына  серпін бере отырып оқытуды қамтамасыз  етеді. 
Оқушы  тыңдалым арқылы  жаңа тілдік, сөйлеу  және елтанымдық материалдармен танысып, сөйлеу әрекетінің 
барлық түрлеріне қатысты дағдысы мен шеберлігін дамытады. Тыңдалым  дағдысы  арқылы оқушының белгілі 
мәтіндегі негізгі ойды түсіне  білуі, ақпарттың маңызы мен мағынасын анықтай білуі және түсінгенін іс жүзінде 
қолдана   алуы   бағаланады.   Коммуникативтік     әрекеттерді     дамытуға   бағытталған   тапсырмалар   өзіндік 
ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым  дағдысын жүзеге  асыру үшін 
тыңдалым алды, 52 тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі  тапсырмалар  ұйымдастырылуы  тиіс. 
Тыңдалымға   арналған   сабақ   құрылымы:   Тыңдалым     алдындағы   тапсырма:     тақырыпты     таныстыру; 
тыңдалымдағы тірек сөздерді тапқызу,   тақырыпқа   қатысты   сұрақтар құра   отырып,     сол   тақырыптағы  
оқушыбілімінқозғау. -    Тыңдалым   тапсырмасы:  әртүрлі  тыңдалым  дағдыларын  қалыптастыруға  арналған 
жаттығулар тобы.  Олар   жалпы  мазмұнын  түсінуден  бастап,  детальді  түсінуге  бағытталады.
Тыңдалымнан   кейінгі  тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және сұрақтарға өз 
көзқарастарын   білдіріп,   тәжірибелерімен   байланыстыра   отырып   жауап   берулері   тиіс.   Сонымен     қатар 
сұрақтарға     жауап   беру   барысында   тыңдалымдағы   сөздерді   пайдалана   алатындай   құрылуы   қажет.   Өз 
тәжірибемде  тыңдалым дағдысына арналған  төмендегі белсенді жұмыс түрлерін жиі пайдаланамын. 
1.Суреттеу.   Оқушылар аудиожазбаны тыңдай отырып, мағынасына қарай сөзді суретпен бейнелейді. Осы 
арқылы  оқушылардың зат пен атауды байланыстыра алу қабілеті қалыптасады. 
2.   «Дұрыс   -   бұрыс»     әдісі.     Оқушылар   аудиожазбаны   тыңдап,   өздеріне   ұсынылған   пікірлердің   дұрыс   - 
бұрыстығын анықтайды. Осы арқылы оқушының тыңдалым дағдысы менкөзқарасықалыптасады. 
3.   «Сәйкестендіру»   әдісі.     Оқушылар     мәтінді   екі   рет   тыңдайды.   Олардың     алдында   жазбадағы 
сөйлеушілердің   айтқан  пікірлері таратылады.  Оқушылар  сөйлеуші мен оның сөзін  сәйкестендірулері  керек.  
Бұл  әдістің  белгілі бір ақпаратты қабылдау дағдысын дамытудағы маңызы үлкен. Осы арқылы  оқушылардың  
тыңдау  әрекеті мен сөздік қоры дамиды.  Айталық,  мәтінде «жанар» деген сөз  болуы  мүмкін, сіз тапсырманы  
бергенде мәтіннен «көз» сөзіне синоним табуын сұрайсыз. 
6.«Болжау» әдісі.  Тапсырма:  «Алдар Көсе – өнер күші» мультфильмінің бастапқы бөлігін көріп, аяқталуын 
өздеріңіз   болжап,   ерекшелігінкестеге   толтырыңыздар.     Болжау     кестесі:   Мәтін     бөлімдері     Қандай   мәселе 
көтеріледі? (не болады?) Шындығында  қандай мәселе көтерілді?  (не болды?)  2 сөйлемнен кем емес  болжау  2  
сөйлемнен  кем  емес  ақпарат 
7. «Төрт  сөйлем»   тәсілі.   Белгілі  бір   тақырыпқа  мәтін  тыңдап,  тапсырманы орындаулары тиіс:  1 .Пікір.  
Тыңдаған мәтін бойынша  өзіндік  пікірлеріңізді бір сөйлеммен  жазыңыздар. 
2. Дәлел.  Пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер. 
3. Мысал . Осы өмірмен  байланыстырып,  мысал  келтіріңіздер. 
4. Қорытынды.  Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз. 
8. «ПОПС» формуласы.  Мысалы,  белгілі бір тақырыптағы мәтінді тыңдағаннан кейін, оқушылар өздерінің 
ойларын жүйелі жеткізіп, пікір айтып, бірін – бірі бағалайды.
 - Бірінші сөйлем:  «Менің ойымша,...» - Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» - Үшінші  
сөйлем:   «Оны   мен   мына   фактілермен,   мысалдармен   дәлелдей   аламын...»   -   Төртінші   сөйлем:   «Осыған 
байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» 
Тыңдалым  дағдысы бойынша тапсырмалар берген кезде сын тұрғысынан ойлауға байланысты сұрақтардың 
қамтылуы өте маңызды.  Мұндай  сұрақтар оқушылардың өзіндік көзқарасын, ойын, дүниетанымын дамытуға 
септігін тигізеді.   Қорыта   айтқанда, тілдік білім беру жалпы өркениеттік деңгейдегі нәтиже ретінде білім 
алушыда өмірге деген жаңа көзқарасты қалыптастыруды, ақпараттық мәселелерге толы өмірде жұмыс істей 
білуге даярлығы мен қабілеттілігін қалыптастыруды, ұжым өкілдерімен түрлі формаларда қарымқатынас жасай 
193

білуді  және қажетті шешім қабылдай  білуді, оны бәсекеге қабілетті жанжақты дамыған  жеке тұлға ретінде 
қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 
                   
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас.  Оқулық  -Алматы: « Сөздік –Словарь », 2005жыл. 
2.
Қазақстан   Республикасында  орта  білім  мазмұнын   жаңарту  аясында  қазақ  тілінде оқытатын  
мектептердің  қазақ  тілі   мұғалімдерінің   біліктілігін   арттыру   бағдарламасы.  « Назарбаев  
Зияткерлік  мектептері »   ДББҰ  Педагогикалық   шеберлік  орталығы, 2016 жыл. 
3.
« Қазақ  тілі  мен  әдебиеті »  журналы.  №9/  2015 жыл .  28-29-бет. 
4.
10 - 11- сыныптардағы   «Қазақ тілі» (Т1) пәнінің  жаңартылған  мазмұны  бойынша дидактикалық  
материалдар.  Әдістемелік  құрал. Ы.Алтынсарин  атындағы Ұлттық  білім академиясы, - Астана, 
2014жыл.
5.
Қазақ тілі:  Әдістемелік  нұсқау.  Жалпы  білім  беретін  мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған 
құрал.- Алматы:Мектеп, 2018 жыл. 265-266-бет.
* * * * * * * 
КГУ «Средняя школа №1»
 
Акмолинская область, Ерейментауский район,город Ерейментау
КГУ «Средняя школа №1» Учитель русского языка и литературы
Сарсекеева Карлыгаш Акремхановна
КГУ «СШ  №1
г.Ерейментау»
Учитель: Сарсекеева К.А
Класс 8 «а»
Дата: 
Предмет: русский язык


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет