РАСПРОСТРАНЕНИЕ НАУЧНО-ФАНТАСТИЧЕСКИХ ИЗДАНИЙ В
СОВРЕМЕННОМ ИНФОРМАЦИОННОМ ОБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА
Общество как в микро масштабе на территории Казахстана, так и в макро масштабе –
это весь остальной мир на протяжении всей истории человечества менялось и
совершенствовалось. Бесспорно, в годы войн и катаклизмов народы терпели потрясения и на
какой-то момент останавливались в своем развитии, но… на непродолжительное время. И
после всемирных конфликтов и всемирных катаклизмов всемирное общество вновь
восстанавливалось и продолжало дальше развиваться. Мы знаем, что в последние годы
постиндустриальное общество трансформировалось в информационное общество и все
благодаря развитию информационно-коммуникационных технологий, таких как Интернет,
спутниковое, кабельное и цифровое телевидение и мобильная связь. Стремительное развитие
и динамичное распространение информации по всему миру дало положительные и
отрицательные результаты. К положительным явлениям, относится распространение
научной информации, инноваций, высокое интеллектуальное развитие отдельных личностей
и целых народов. К отрицательным явлениям относится перенасыщение излишней вредной
информацией (поверхностная реклама, пропаганда насилия, развлекательно-игровые
программы и т.д.) в Интернете, на телевидении и радио.
Информационное, современное общество появилось и развивается не без влияния
научных открытий в области информационно-коммуникационных технологий. Пожалуй
наиболее ярким событием в истории науки стало великое открытие клонирования овечки
Долли в 1996 году. «Эксперимент был поставлен Яном Вилмутом (англ. Ian Wilmut) и
100
Кейтом Кэмпбеллом (англ. Keith Campbell) в Рослинском институте (англ. Roslin Institute), в
Шотландии, близ Эдинбурга в 1996 году. Эксперимент считается прорывом в технологиях,
сравнимым с расщеплением атома»[1]. И тут следует вспомнить произведение величайшего
американского фантаста Рэя Брэдбери «Холодный ветер, теплый ветер» 1969 года (!), где
великий писатель-фантаст написал прогноз появления клонированных существ: «А из
дублинской рассветной мглы — как раз в парадные двери отеля "Ройял Иберниен", —
шаркая прямо к стойке регистрации, откуда ни возьмись прутиковый мужчина лет сорока, а
следом за ним — словно всплеск птичьего щебета — пять малорослых прутиковых юнцов
лет по двадцати»[2].
«Она
(фантастика)
толкает к изобретательству, к усовершенствованию, к
рационализации. Научная фантастика позволяет преподать науку в такой форме, что
читатель сразу может увидеть целесообразность этих сведений, читатель ощущает тогда
науку не как багаж знаний сомнительной практической ценности, а как мощное орудие,
преобразующее мир. Научная фантастика вербует новых пионеров и энтузиастов науки и
техники. И в этом ее колоссальная незабываемая заслуга. Мало того, правильно
задуманная, научно-рассчитанная, действительно научная фантастика — это не просто
фантазия или сказка, это быль будущего» [3].
Распространение научно-фантастических произведений на территории Казахстана желает
лучшего, по простой причине: малый объем тиража, отсутствие эффективного механизма
распространения в городах, районных центрах, аулах.
Хотя популяризация проводилась известными казахскими писателями-фантастами,
такими как Орынбай Жанайдаров, Раушанбек Бектибаев, Нарбинь Кенжегулова и др. «Много
лет популяризацией отечественной фантастики занимается писатель и историк литературы
Абдул-Хамид Мархабаев – автор сборников рассказов «Космический кумыс», «Цветок в
пустыне», «На берегах Арала», «Аль-Фараби», монографии «История фантастики
Казахстана» (2011) [4].
Необычные темы и развитие событий в научно-фантастических произведениях, например,
такие как: «…Снежные люди, встречи с инопланетянами, межгалактические экспедиции,
монстры, мутанты, Великие гроссмейстеры, ученые-чудаки, поломка коллайдера, формулы
гениальности, экологические проблемы, размышления об эволюции нашей цивилизации, о
войне и мире, добре и зле – в ярких образах и актуальных темах нет недостатка. Фантасты
без устали изобретают новые миры, «инструкции по эксплуатации жизни» и… идеальные
шпаргалки для сдачи текущей сессии. Будущее, которому посвящена фантастика,
многогранно и неохватно» [4].
Жанр «научная фантастика» вызывает повышенный интерес в современном казахстанском
обществе, особенно среди молодежи. И благодаря именно этому жанру у подрастающего
поколения появляются способности видеть мир в разных ракурсах, размышлять над
будущим и дать собственный прогноз относительно дальнейшего развития человечества.
Писатель-фантаст Ант Скаландис в своей статье «Романтика кризиса» (о фантастике)
считает, что существует проблема – это кризис в жанре «фантастика», то есть с момента
перестройки в бывшем Советском Союзе (нынешний СНГ) наступили времена, когда
отсутствует новизна идей и это происходит не только у нас, но и в Америке тоже.
Фантастика перестала быть научной. «Следует, правда, отметить, что есть еще не то чтобы
темы, а целые направления в научной (подчеркиваю!) фантастике, такие как: научная
фэнтези, романы-катастрофы, утопии и антиутопии, альтернативная история, киберпанк, то
есть будущее информационных технологий, психоделическая (галлюциногенная)
фантастика. И наконец, самая новомодная вещь – книги, написанные по законам
компьютерной игры»[6]. Конечно, следует согласиться с автором данной статьи – жанр
фантастики трансформировался в различные новые направления и, к сожалению, научную
фантастику в первозданном виде уже редко встретишь. Но на наш взгляд, основная задача
каждого писателя-фантаста донести свою идею до аудитории, пробудить интерес и вызвать
отклик со стороны читателя.
101
Распространение и популяризация научно-фантастических изданий в современном
информационном обществе Казахстана, несомненно, произойдет, ведь среди американского
и французского общества фантастика пользуется высоким спросом и это показатель
высокого развития народов представленных стран. И казахстанское общество последуют
примеру Америки и Франции. Несомненно, интерес и к отечественным научно-
фантастическим изданиям у нашего общества будет расти, только лишь надо помочь
потенциальным читателям в поиске необходимых книг.
..................................................
1.
ru.wikipedia.org/wiki/Долли_(овца)
2.
tululu.org/read41926
3.
fantlab.ru/article491
4.
http://kazpravda.kz/c/1357256766
5.
epizodsspace.no-ip.org/bibl/tm/2000 копия
6.
epizodsspace.no-ip.org/bibl/tm/2000...Романтика кризиса (о фантастике)
Əбдіжəділқызы
Ж.
ф.ғ.к., ҚазҰУ доценті
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ИНТЕРБЕЛСЕНДІЛІК –
АУДИТОРИЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ АЙРЫҚША ТƏСІЛІ
Қазіргі көрермен өзіне ұнамаған телеарнасын көрмейді, телеарна тетігін басқа арнаға бұра
салады. Сондықтан кез-келген телеарна үшін өзінің мақсаттық аудиториясының
көкейіндегісін дəл тауып, олардың талғамын, талап - тілегін біліп, қажетін қанағаттандыру
күн тəртібіндегі өзекті мəселеге айналды. Тұтынушы талғамына талдау жасауға мүмкіндік
беретін ішкі ақпараттық жүйені қалыптастырудың қажеттілігі арта түсті. Өйткені, тұтынушы
аудиторияны зерттеп - зерделеу шығармашылық ұжымның кəсіби деңгейін көтерумен тең
дəрежедегі маңызға ие болып отыр.
Ақпараттық технология заман ағымында көз ілеспес шапшаңдықпен сан алуан
құбылыстарыд, яғни, əлеуметтік, нарықтық, қаржылық, техникалық, өзгерістерді өмірге
енгізуде. Экономикалық əлеуеті жағынан дүние жүзі елдерінің алдыңғы қатарынан орын
алып үлгермесе де, əлемдік өркениеттің көшіне ілесуді көздеген ұмтылып келе жатқан
еліміздегі БАҚ жүйесінің жаңа технологияларды игеру бағытындағы жүзеге асқан жағымды
құбылыстардың. бірі - тележурналистикадағы интербелсенділік. "Интербелсенділік, яғни,
интерактивтілік "interaction" деген ағылшын сөзңнен шыққан, қазақ тіліне аударғанда
"тікелей қарым - қатынас" деген мағынаны білдіреді. Ал тележурналистиканың тілімен
айтқанда, бұл-телеарнаның аудиториямен, тележурналистің телекөрермендермен, студия
қонағының телекөрермендермен жəне тележүргізушімен, телекөрермендердің бір - бірімен
бір мезгілдегі қолма-қол жүзеге асатын қарым-қатынасы"/1/.
Интербелсенділік, яғни, интерактивтілік ұғымы электронды БАҚ саласының мамандары
жиі айтатын сөз болғандықтан, тіліміздің қолданыс аясына еніп, үйреншікті ұғымға айналып
та кетті. Кейбір зерттеушілердің еңбектерінде интербелсенділік, яғни, интерактивтілік
ұғымының мағынасы абстрактілі тұрғыда ғана қамтылып, нақты, дəл ,толыққанды
сипаттамасы берілмей келеді. Əлбетте, интерактивтілік ұғымы тележурналистикадан басқа
салаларда да қолданылады. Интерактивтілік біреулер үшін қалаған фильмін теледидардан
көру үшін тапсырыс беру болса, енді біреулер үшін интернет сайттары арқылы хабар алмасу,
яғни, қас-қағым сəтте жолдаған сауалына қолма-қол тез арада, шапшаң жауап алу, ал келесі
біреулер үшін эфирге шығу қиялының жүзеге асуы. Əлбетте, телекөрерменнің тікелей
эфирдегі бағдарламаға сұрақ қойып, пікір білдіру арқылы атсалысуына, көгілдір экраннан
көрінуіне толық мүмкіндігі бар, бірақ, кезөкелген адамның өз бетінше тікелей эфирге шығуы
қалай болғанда да мүмкін емес құбылыс. Өйткені, интерактивтілік, яғни, "интербелсенділік-
тележурналистиканың құзырындағы саналы түрде жүзеге асатын кері байланысқа құрылған
102
мақсатты іс-əрекет. Демек, тележурналистикадағы интербелсенділіктің екінші бір атауы-
тележурналистиканың тікелей эфиріндегі кері байланыс"/2/.
Интербелсенділік, яғни, интерактивтілік үдерісін дүниежүзілік масштабқа шығару үшін
бес миллиардтан астам кері байланыс арналары қажет екен. Ақпараттық арнадан керек
мəліметтерін алып отырған көрермендер интербелсенді телевидениені қажетсіне қоймауы
мүмкін. Дегенмен, қоғам өміріндегі айтулы оқиғаларға бей-жай қарай алмайтын көзі ашық
көкірегі ояу азаматтар мен өз мұқтажына қол жеткізу үшін төртінші билікке жүгінетін ауыл-
аймақтағылар үшін интербелсенді телебағдарламалар ауадай қажет. Оның үстіне,
байланыстың бұл түрі телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту мен телекөрерменнің
ақпарат көзіне тікелей шығуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да қазіргі таңда
интербелсенділік заманəуи тележурналистиканың міндетті қызметтерінің бірі болып
саналады. Тележурналистикадағы интербелсенділік эфирдегі қызметті техникалық жағынан
қаншалықты ауқымды, əрі жан - жақты қамтитын болса, шығармашылық тұрғыда
соншалықты орасан зор, мүлтіксіз жауапкершілік жүктейді. Шын мəнінде телеэфирде жүзеге
асатын бұл құбылыс мейлінше белсенді, мейлінше нəтижелі іс-əрекет. Өйткені, ол тек
қарапайым көрерменнің мүддесін қорғап, ұсыныс - тілектерін айтқызумен шектелмейді,
қалың бұқара көз тіккен тікелей эфирдегі кері байланыс нəтижесінде қоғамға ауадай қажет,
мемлекет
үшін
маңызды
мəселелер
шешімін
тауып
жатады.
Бұл
ретте,
тележурналистикадағы интербелсенділік БАҚ-тың төртінші билік тұрғысындағы құзіретіне
жол ашады. Сондықтан да, дəл қазіргі таңда телевизиядағы интербелсенді бағдарламалардың
рейтингі жоғары, мақсаттық аудиториясының ауқымы кең. Есесіне интербелсенді
бағдарламаларды экранға шығару процесі - бірінші кезекте техникаға тəуелді құбылыс.
Екіншіден, сол бір сəтте қисынын тауып қиыстырып, шын мəнінде, кəсіби біліктілік пен
шығармашылық тереңдікті, көз ілеспес шапшаңдық пен талғмапаз тапқырлықты талап
ететін айрықша іс-əрекет. Аты айтып тұрғандай бұл бір мезгілдегі жан-жақты жүзеге асатын
белсенді əрекеттерді бір арнаға тоғыстырып, уақыт аясына сыйғызып, тақырыптық-
мазмұндық тұрғыда мəнін ашып, бағдарламаны алға қойған мақсатына жеткізетін де,
сонымен қатар бір мезгілде кері байланыс арқылы халық пен биліктің арасына көпір салып,
мəселенің түйінін шешіп, нақты нəтижеге алып келетін де -тележүргізуші.
"Тележүргізушінің эфирдегі жұмысының табысты өтуі оның өзін-өзі қалай ұстағанына,
қандай мəнерде сөйлегеніне, сөйлеген кезде көрермендерді қаншалықты өзіне сендіре
білгеніне байланысты"/3/.
Төртінші билік деген атауына орай сан қилы сыры көп журналистика құбылыстарының
арасынан электронды ақпарат құралдарындағы тікелей эфир жəне сол тікелей эфир
аясындағы интербелсенділік, яғни, кері байланыс арқылы қоғамның алғы шептегі құралына
айналады. Мəселен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев республика
жұртшылығымен теледидардағы тікелей эфир арқылы байланысқа шығып, диалог құруды
дəстүрге айналдырған. Мұның өзі - еліміздегі демократиялық даму бағытындағы тұрақты
түрде жолға қойылған нақты бір құбылыс. Əлбетте, сол кезде теледидарға назар
аудармайтын жан қалмайды. Себебі, онда əркімнің жеке мүддесі көрініс табады, біразы
көкейінде жатқан сауалына жауап таба алады, мүмкін болып жатса, өзі де тікелей эфирге
телефон арқылы қосылып, ой, пікір, ұсынысын жеткізеді. Техниканың дамыған күнінде кері
байланыс орнатуға қолбайлау болатын нəрсе жоқ. Өткен жылғы тікелей эфирде болған
Елбасының халықпен жүздесуі кезінде Қазақстанның кез-келген өңірінен Ақордаға
шалынатын қоңыраулардың тегін жүзеге асырылуы көпшіліктің көкейіне қонды. Тікелей
эфир телефоны жарияланғаннан кейінгі 10 күн ішінде мемлекет басшысына 22 922 азамат
қоңырау шалып, тікелей өз сауалдарын қойып үлгерді. Бұл оның алдындағы жылмен
салыстырғанда екі есе көп. Сауалдардың 85 пайызы - телефон қоңыраулары арқылы, 9
пайызы-электронды байланыспен, қалғандары- поштамен, телеграммалармен жəне факспен
келген. Байқап отырсақ, тележурнлистикадағы интерактивтіліктің адымын ашатын
техникалық байланыс құралдарының барлығы дерлік журналистерге қызмет етеді. Тағы бір
ерекшелігі, "Хабар" жəне "Қазақстан" ұлттық телеарнасының тəжірибелі журналистері
103
барлық облыс орталықтарындағы Президентке өз ауыздарынан сауал, тілек жеткізгісі
келетіндерін жинақтап, тікелей эфирге кезек-кезегімен қосып отырды. Жеке журналистің
ғана емес, əртүрлі деңгейдегі, əр түрлі көзқарастағы бір топ адамды тікелей эфирге
шығарудың жауапкершілігі тым жоғары. Барлығының басын біріктіріп, арнайы бөлінген
азғантай ғана уақытты ұтымды пайдаланып, нақты сауалдарға кезек беріп, сонымен қатар,
жиналған халықтың да, студиядағы жүргізушілер мен студиядағы басты кейіпкер Елбасының
да, теледидарларының алдында əрбір қимыл мен сөзді қалт жібермей қадағалап отырған
көрермендердің де көкейдегісін дөп басып, келісімді кері байланыстың үдесінен шыға білу
асқан шеберліктің нəтижесі екені даусыз. Елбасының тікелей эфирге шығып, ел-жұртпен
жүздесуі телевидениедегі интербелсенділіктің деңгейінің жоғары, тынысының кең екендігін
дəлелдеді. Шекаралас жатқан елдердегі қандастарымыздың телефон қоңырауын шалып,
байланыс жасауы да ерекше атап өтерлік жайт.
Тележурналистикадағы интерактивті байланыс аясындағы тіл мəдениеті - күрделі процесс.
Онда сөйленген əрбір сөзді ғана емес, өзгелердің де сөзін қадағалап тізгінді ұстап отыруға
тура келеді. Тікелей эфирдің бір ерекшелігі - оның көрермендермен тікелей байланыста
болуында. Телефон арқылы хабарға үн қосқысы, пікір айтқысы келетіндердің саны аз емес.
Мəселе олардың санында емес, сапасында. Дəлірек айтқанда, телефонмен байланысқа
түсушілердің дүниетаным деңгейі, түсінігі, сөйлеу мəдениеті, сөз саптауы - əр алуан.
Сондықтан да, бір жағынан көрермендермен ой бөлісу қызық болса, екінші жағынан қиын да
бұл – қиын да, күрделі процесс.
Жалпы, тікелей эфирдің схемалық көрінісін 3 топқа бөліп қарауға болады:
1. Жүргізуші - қонақ;
2. Жүргізуші - қонақ - байланысқа шыққан көрермендер;
3. Жүргізуші - байланыстағы көрермендер.
Эфирдегі тіл мəдениетін сақтауда осы үш обьектіні басты назарда ұстау керек. Əрине,
жүргізушінің жөні бөлек. Телефон арқылы тікелей эфирге шыққан көрермен уақыттың
шектеулі екенін көбінесе ескере бермейді. Оларды нақты тақырыпқа жетелеп, қажетті
пікірлерін ғана айтқыза білу - жүргізушінің міндеті. Керек кезінде хабарласқан адамның қате
айтқан сөздерін түзеп, кейде, тіпті, техникалық көмекшілермен келісе отырып немесе
оңтайынан айлалы сөз тауып байланысты үзуге де тура келеді. Қатені түзетуде жүргізуші
өзіне сенімді болғаны дұрыс. "Эфир орынсыз айтқан сөзді көтермейді. Дөп басып айтамын
деп, шоқ басып кетуің ғажап емес" /4/.
Экран алдында көрерменді ұстап қалу үшін телеөнімді экранға шығару барысында сан
қилы кəсіби амалдар қолданылады. Мысалы: адамның қызығушылығын тудыратын
əлеуметтік, тұрмыстық, экономикалық мəселелер, отбасылық қарым-қатынастар, іскерлік
жəне тағы басқа салаларға назар аударылады. Өйткені, бұл аталып өткен проблемалар
шынайы əрі маңызды жəне олар əр адамның күнделікті өмірінде ұшырасатын жағдайлар.
Оның үстіне заманəуи аудитория жаңа пішіндер мен жаңаша əдіс-тəсілдерді қажет етеді
жəне əдеттен тыс, ерекше сипаттағы ақпараттар тасқынын күтеді. Əдетте, талғамы жоғары
көрермен тек сапалы бағдарламаны тамашалағысы келеді, сапалы ақпараттарды білгісі
келеді. Өйткені, көрерменнің өзі қалаған арнаның телебағдарламасын көруге құқығы бар
екені белгілі. Сол себепті, өз өнімінің тұтынушысы – мақсаттық аудиториясын жоғалтып
алмас үшін тележүргізуші əрдайым өзінің кəсіби шеберлігін шыңдап, əрбір бағдарламаны
эфирге ұсынарда шығармашылық ізденіспен, айрықша қолтаңбамен, өзгеше амал-тəсілмен,
қайталанбас сипатта жүзеге асырудың жолын қарастыруы керек. Түптеп келгенде,
тележурналистикадағы интербелсенділіктің нəтижесінде теледидар тек ағарту құралы болып
қана қоймай, сондай –ақ, адамдардың ойын білдіруіне жəне пікірталас тудыруына мүмкіндік
беретін пікірсайыс алаңына айналуы-шарт.
................................................
1. Интерактивность на телевидении, http:www.google.kz
2. Əбдіжəділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы: "Қазақ университеті" 2003ж. 11б.
3. Браун Л. Имидж. - Санкт-Петербург; - Москва;- Харковь; -Минск, 2000, С 192.
4.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. -Алмты: "Қазақ университеті" 241-б.
104
Жақсылықбаева
Р.С.
ф.ғ.к., ҚазҰУ доценті
ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңында ғылымның басты қызметі
хақында: «Ғылым – функциясы табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану жəне қоғамды тиімді
басқару мақсатында табиғат, қоғам жəне ойлау заңдарын зерделеу, болмыс туралы
объективті білімді тұжырымдау жəне теориялық жағынан жүйелеу болып табылатын адам
қызметінің саласы»,- депатап көрсетілген[1].
Ғылыми журналдар – ғылыми-зерттеулер мен жаңалықтарды насихаттап, жұртшылыққа
таныстырып отыратын салалық не ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар[2].Ғылыми
журналдар жедел ақпарат беру құралы ретіндегі баспасөздің бір саласы болғандықтан,
оқырмандарға ғылыми жаңалықтарды уақтылы жеткізіп тұратын, сондай-ақ жаңа зерттеу
жұмыстарын сарапқа, талқылауға жəне ғылыми айналымға ұсынатын маңызды басылымдар
болып табылады. Олардың ғылым мен техниканың дамуы мен жетістіктеріне қосатын үлесі
елеулі[3].
Қазақстанда шығатын ғылыми-көпшілік басылымның ең алғашқыларының бірі – ай сайын
шыққан «Зерде» (бұрынғы «Білім жəне еңбек») журналы.1960 жылы жаңадан ашылған қазақ
тіліндегі тұңғыш ғылыми-көпшілік, танымдық-техникалық «Білім жəне еңбек» (қазіргі
Зерде) журналының бас редакторы көрнекті публицист Камал Смайылов болды. Өзінің
редакторлық жолы тұрғысында Камал Смайылов: «Мен сонау «Лениншіл жастан» ауысып,
тұңғыш қазақ ғылыми-көпшілік журналы «Білім жəне еңбек» ашылғанда, соның бірінші
редакторы болып тағайындалдым. Ол– қазіргі «Зерде» журналы...», - деп жазады [4].
Камал Смайылов қазақ журналистикасында ғылыми публицистиканы өзінше бір
қырынан таныта білді. Ол сонау «Лениншіл жасқа» қазақтың жас ұрпағына өмір сырын,
қырын таныту, оларға білмейтінді білгізу, естімегенді естіту, көрмегенді көрсету қырынан
келді. Сол мақсатта газет беттерінде: «Бəрін білгім келеді» («ББК») деген айдарда
материалдарды тоғытты. Солар арқылы ол оқырманды тарих қойнауына сүңгітіп, Ғарыш-
Аспан құпияларына кезіктірді.
Ғылыми журналдар оқырмандардың белгілі бір тобына немесе жалпы көпшілікке
арналуына байланысты таза ғылыми журнал жəне ғылыми-көпшілік журналдар болып
жіктеледі. Таза ғылыми журналдарға ғылымның белгілі бір саласына, соған орай тек сол
саламен айналысатындар мен əуестенушілердің шектеулі тобына арналған журналдарды
жатқызуға болады. Республикада əр түрлі ғылым салалары бойынша шығатын салалық,
сонымен қатар, ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық, ғылым-педагогикалық журналдар
саны көбейді. Мысалы, «Ізденіс-Поиск», «Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
хабаршысы», «Известия Академии наук Республики Казахстан», «Вестник Академии наук
Республики Казахстан», «Қазақ тілі мен əдебиеті», «Ақиқат», «Қазақстан мектебі», т.б.Ал,
ғылыми-көпшілік журналдарға ғылыми негіздегі, бірақ тақырып аясы шектеусіз, жалпы
халыққа арналған журналдар жатады.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде
қызмет жасап, егемен еліміздің ғылымын дамытуға өзіндік үлестерін қосып жүрген, əлемдік
деңгейдегі кешенді ғылыми проблемалармен айналысып отырған ғалымдарымыздың
ғылымның барлық саласын қамтыған ғылыми-зерттеу мақалаларының үздік үлгілерін
жариялап, шет елдерге насихаттау мақсатында 2005 жылдан бастап «Қазақстанның ғылыми
əлемі – Научный мир Казахстана»халықаралық ғылыми журналы жарыққа шығуда.
Жаңа оқулықтар жазылып, тарихшыларымыз тың дерек іздеп, шетелдегі мұрағаттарда
тер төгуде. Ұлттық тарихты зерделеу бағытында жүктелген міндеттің бірі – «Мəңгілік ел»
журналын жарыққа əкелу еді. Жаңа ғылыми-көпшілік тарихи журналының алғашқы
санының тұсаукесері 2013 жылдың 25 қыркүйегінде болды. Журналдың бас редакторы
ЕрланСыдықов: «Бұл журнал жайғылыми журнал емес, ғылыми-көпшілік журнал болады.
105
Яғни, неғұрлым көп оқушысы болатындай аясы кең, оқырмандардың əлеуметтік мəртебесі
де, дəрежесі де əртүрлі адамдарды қамти алатындай, оларды қызықтыра алатындай,
таралымы кең, үштілдегі журнал шығару міндеті қойылған еді. Бұл тапсырма оңай болған
жоқ. Аз уақыттың ішінде алғашқы нөмірін əзірлеуге тура келді», - деп атап өтті.
Бұл ғылыми-көпшілік тарихи журнал үштілде жарық көріп, тек Қазақстанда ғана емес,
əлемнің
20-25
еліне
таратылады
деп
көзделуде.
Əзірге журналдың екі айда бір нөмірін шығару көзделген. «Мəңгілік ел» халықаралық
ғылыми-көпшілік тарихи журналының мақсаты - ұлттық тарихтың өзекті мəселелелері, түркі
халықтарының өркениетін талқылау, оқырмандардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру,
тарих ғылымының жария ету.
Ғылыми-танымдық «Адам. Энергия. Атом» журналын Қазақстан Республикасының
Ұлттық ядролық орталығы 2008 жылдан бері шығарып келеді. Журнал ғылыми ядролық
орталықтардың жұмыстарын, атом ғылымы мен техникасының жетістіктерін жан-жақты,
əділ ашып көрсетуге, ядролық энергетиканың мəртебесін арттыруға арналып отыр. Бұл
журнал ҚР, РФ, ЕО, Жапонияның жəне басқа да елдердің атом саласы кəсіпорындары
қызметінің шүбəсіз фактілері туралы ашық айтады, жұртшылықты атом электр
станцияларының ерекшеліктері туралы, олардың жұмыстарының бақылануы, оларды
орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар, радиацияның адам үшін қауіпті жəне
қауіпсіз деңгейлері туралы хабардар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |