БАТЫРЛАР ЖЫРЫ ТУРАЛЫ ШОҚАН УƏЛИХАНОВ
Қазақ ауыз əдебиетiндегi тарихи аңыздар, əңгiмелер, өлеңдер мен жырлар өткен ғасырда-
ақ жинаушылар мен зерттеушiлердiң назарын аударған. Қазақстан даласына əр түрлi
себептермен келген Европашылар, миссионерлерi, белгiлi ориенталист-ғалымдары қазақ
елiнiң тарихы мен этнографиясын бiлiп, зерттеу барысында халық ауыз əдебиетi үлгiлерiн,
оның сан-салалы түрлерi: аңыздар, əңгiмелер, ертегi, шежiрелер, сондай-ақ батырлық жəне
ғашықтық жырлар, лирикалық жəне тарихи өлеңдер нұсқаларын хатқа түсiрiп жазып алып
отырған.
Белгілі ғалымдарымыз жазып алған шығармаларын жарыққа шығарып, iздену
жұмыстарына пайдаланып, тiптi арнайы түрде зерттеген де. Солардың iшiнде В. Радлов, И.
Березин, Г. Потанин сияқты ғылымға қалтқысыз қызмет етiп, қазақ фольклорын зерттеуге
көп еңбек сiңiрген қайраткерлердi бiрiншi кезекте атаған жөн.
Халқымыздың ұлы перзентi Шоқан Уəлихановтың еңбегiн айрықша атау қажет. Оның
қазақ ауыз əдебиеті туралы толғаған ой-тұжырымдарын былай қойғанда, фольклорлық
тарихи шығармаларды жинап, олар туралы маңызды-маңызды пiкiрлер айтып, зерттеулер
қалдырғанын еске алсақ та жеткілікті.
Мəселен, Ұлы жүз қазақтарының аңыздары мен əңгiмелерi атты еңбегiнде қазақ ауыз
əдебиетiнде тарихи элементтiң ерекше орын алатынын айтады. Сондықтан да шежiренi аңыз-
деп фольклорлық тарихи шындық ретiнде қарайды. Демек, Шоқан қазақ фольклорында
тарихи аңыз бен əңгiмелердiң бар екенiн бiрiншi болып байқаған зерттеушi. Шоқан бiрталай
еңбектерiнде өзi жазып алған эпикалық тарихи жырлық нұсқаларына ғылыми талдау беруге
тырысқан. Ол қазақ фольклорында тарихи жырдың жеке жанр екенiн атай отырып, олардың
бiразын iрiктеп, мысал келтiредi:
Другой джир называется Урак-батыр. В нем повествуются похождения Урак-батыра,
родом караульца, который, отправившись в пабег на Россию, был взят русскими в плен и
содержался в тюрьме 10 лет, потом женился в России, прижил детей, но соскучился по
родному аулу, опять уехал в степь и там остался... деп жазады.
205
Шоқанның «другой джир» деп отырғаны батырлық жырдан басқа дегенi, яғни ол тарихи
жырды айтып отыр. Тiптi ол «тарихи жыр» («исторический джир») терминiн де қолданған.
Демек, Шоқан тарихи жырды батырлық эпостан өзгеше, өзіндік ерекшелiктерi бар жанр
деп бiлген.
Ол ерекшелiктердiң бастысы — өмiрде болған оқиғалар негiзiнде шығатындығы, яғни
эпосқа қарағанда тарихқа жақындығы. Мiне, осыны ескерген ғалым тарихи жырды арнайы
түрде зерттеуге тырысқан. Тарихи жырға арналған еңбектерiнде Ш. Уəлиханов өмiрде деп
айтсақ. ХVIII ғасырда болған қоғамдық мəнi бар оқиғалар мен оларға белсене қатысып,
айтарлықтай ролі атқарған қайраткерлер мен батырлар жайлы тарихи фольклорды түгел
қамтып, олардың шындық негiздерiн қарастырған.i
Қазақ ауыз əдебиетiнiң барлық жанрын, оның iшiнде тарихи жыр үлгiлерiн де жинап,
жарыққа шығару iсiнде аса көп еңбек сiңiрген ғалымның бiрi — академик В. В. Радлов. Ол
өзiнiң атақты 10 томдық, жинағының.
3-томына қазақтың бiрнеше тарихи жырын енгiзген. В. Радлов тарихи жырды жеке жанр
ретiнде бөлмеген. Сондықтан ол батырлық жырды да, тарихи жырды да «Қазақтың бұрынғы
батырлары туралы сөз» деп атаған. Ал жекелеген кейбiр тарихи жырды қысқа қиссалар
тобына жатқызады.
Əрине, ХIХ ғасырдың 70-жылдарындағы фольклористиканың жағдайында қазақ ауыз
əдебиетiнiң барлық жанрын дұрыс салалап зерттеу мүмкін емес едi. Оның үстiне В. В.
Радлов қазақ поэзиясын жетiк бiлмедi жəне оның ішкі ерекшелiктерi мен –өзіне тəн
белгілерін аңғара алмады. Сол себептi ол «батырлар жыры», «ғашықтық жыр», «тарихи
жыр» деп дəлдеп бере алмады, бiр жанр деп есептедi.
Тарихи жыр нұсқалары Г. Н. Потанин архивтерiнде де бар. Ол жазып алған «Қабанбай»
жырының үзiндiсi 1972 жылы шыққан «Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина»
атты жинақта жарық көрдi.
Ал Томск архивiндегi материалдарда Г. Н. Потанин ХV ғасырда өмiр сүрген Бөгенбай,
Жанбай, Боран-Бердiқожа батырларды атап, олар туралы да өлең-жырлар бар екенiн айтады.
Эпос пен проза жанрын көп зерттеген Потанин кейбiр салыстырмалы еңбектерiнде Шыңғыс
хан, Ер-Көкше жайындағы аңыздарды пайдаланады. Бiрақ, тарихи өлең немесе жырды бөлiп
қарастырмаған жəне оларды дербес жанр ден санамаған.
Тарихи адамдар мен оқиғаларға байланысты əңгiмелер, аңыздар, прозамен берiлген жыр
мазмұндары революциядан бұрын «Дала уалаяты» газетiнде де анда-санда жарияланып
тұрған. Бұл ретiнде əйгiлi «Еңлiк — Кебек» пен «Қалқаман — Мамыр» туралы əңгiмелердi
атауға болады. Газетте бұлар проза түрiнде берiлген, көркемдiгi нашар, бiрақ оқиға мен
сюжетке айрықша назар аударылған.
Қолда бар деректерге қарағанда, тарихи жырлар мен əңгiме, аңыздарды Ə. Диваев та
жинаған. 1920 жылы Ə. Диваевтың қатысуымен болған Жетiсу экспедициясы
материалдарының есебiнде «Шыңғыс хан туралы аңыз» («Предание о Чингиз-хане»),
«Қалдан хан мен Абылай» («Алдан-хан и Аблай»), «Ақсақ құлан — Жошы-хан» («Аксак
кулан и
Джучи-хан»), «Кенен ақынның туралы өлеңi (Кенена-акына события 1916 года сияқты
атауларды кездестiремiз.
Алайда, Диваев тарихи жырды арнайы жинамаған жəне зерттемеген. Рас, кейбiр шежiреге,
жер аттарына байланысты туралы айтылған пiкiрлерi бар. Бiрақ олар тарихи фольклор деген
жалпы ұғым болмаса, тарихи поэзия (дəл айтқанда, жыр мен өлең) келе бермейдi. Осы жерде
айтатын бұл жыр көп елдiң ауыз əдебиетiнде тарихи фольклор деген атау бар. Тiптi орыс
фольклористикасы берiге дейiн тарихи ертегi деген жанрды белгілеп келдi.
Ал қазақ фольклорында белгiлi бiр кiсi, ру, жер аттары туралы (өлең мен жырдан басқа)
көптеген əңгiме, аңыз, тiптi ертегiлер де көп. Оларды қалай саралау керек, қалай атап, қайда
жатқызу керек. Мiне, бұл дəл шешуiн таппаған, ойластыруды қажет ететiн əзiрше, олардың
бұл тарихи фольклорлық шығарма деп шартты түрде қолдануға тура келедi.
206
Тарихи өлең мен тарихи жырды совет заманында зерттеген жұмыстарға шолу жасағанда,
оны қазақ совет фольклористикасы тарихынан бөлiп қарауға болмайды. Бұл жанрларды кең
түрде жинап жарыққа шығару, ғылыми тұрғыдан зерттеу iс ғылымын тек совет одағы қолға
алынды. Бұл тұста бүкiл қазақ совет фольклористикасының негiзiн қалап, қалыптастырып,
дамытуда орасан зор ролi бар М. Əуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов сынды аса көрнектi
жазушыларымыздың еңбегiн айрықша атау керек. Совет өкiметiнiң алғашқы жылдарынан
бастап, олар қазақ фольклорын саралап, 3 терминологиялық ұғымды қалыптастыру iсiн де
қолға алып, оны орнықты түрде жүзеге асыра бiлдi. Мысалы, тарихи өлең терминiн
фольклористикамызға алғаш енгiзiп, жүйелi түрде зерттеген М. О. Əуезов болды. Ол өзiнiң
қазақ əдебиетiне арналған алғаш еңбектерiнiң бiр бөлiмiн «Тарихи өлеңдер» деп атаған да,
оған Исатай, Махамбет, Бекет батыр туралы жырларды енгiзді.
Сондай-ақ қазақ ауыз əдебиетiнiң құрамында «тарихи жыр» деген жеке жанр бар екенiн,
оның батырлық жəне жырлардан ерекше өзiндiк қасиеттерi болатынын тұңғыш анықтап,
болашақ зерттеулерге жол салып берген де М. Əуезов. Ол Л. Соболевпен бiрге жазған «Қазақ
халқының эпосы мен фольклоры» атты еңбегiнде тарихи жырдың сипатын ашып бердi,
сондай бұл жанрдың шығу мерзiмiн, қалыптасу процесін айқындады.
«Қазақ эпосында батырлар жыры мен ғашықтық жырларға қоса тарихи жырлар да мол.
Бұл жырлар ХVIII жəне Х ғасырларда, əсiресе, кең өрiстеп дамыған»
М. Əуезов тарихи жырдың өз алдына жеке жанр екенiн айрықша атап көрсетедi.
..........................................
1.
Уахатова Б. Қазақтың халық өлеңдері. Алматы. 1974, 247 бет.
2.
Валиханов Ч. Собр. соч. в 5-ти т. Алматы. 1961. 220-228 бет
3.
Казахский фольклор в собрании Г.Н. Потанина. Алма-ата, 1972, 263 бет
4.
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы. 1984. 90-92 бет
5.
Тынышбаев История казахского народа. 1998. 71 бет
6.
Қазақстан тарихы. Алматы. 1998. 2-т. 328 бет.
Сұлтанова
Б.М. – ф.ғ.к.
Өмірбекова
Р.Қ. – ф.ғ.к.
ШОҚАН ЖƏНЕ ОРЫНБАЙ АҚЫН
Еліміздің ұлттық тəуелсіздік алуы қазақ халқының тарихын зерделеу жөніндегі жаңа
көзқарастарды туғызып қана қойған жоқ, сонымен қатар ұзақ жылдар бойы тоталитарлық
жүйеге орай, тек саяси жəне таптық тұрғыда талдау жасалып, теріс бағаланып келген əдебиет
тарихының көптеген мəселелерінің, соның ішінде халық мұрасының жан-жақты терең
зерттеліп, əділ бағалануына қолайлы жағдайлар туды.
Орынбай Бертағыұлы (1813, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Көлдей
елі, Дауқара ауылы – 1891) дүниеге келген. ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі ақындардың
бірі. Орынбай ақын –
айтыскер ақын, жырау, əнші, сазгер.
Əкесі Байқожа, арғы атасы
Бертағы ақын,
жыршы б
олған. Ол ел ішінде
Қарауыл Орынбай ақын деген атпен мəлім. 13-14
жасынан өлең шығарған. Шығармаларында өз дəуіріндегі əлеуметтік мəселелерге үн қосты.
Жырларында билік басына қалталылардың келіп жатқанын ашық айтты (“Бір жан жоқ
болыстыққа талас емес”), бақ-дəулеттің өткіншілігін жырлады (“Тұлпар бар ма тұяғы
майрылмаған”, “Өлген соң бай мен жарлы мал демейді”, т.б.). Сондай-ақ
“Адамның
жаратылуы туралы”, “Қырық парыз”, “Бұл дəурен тұрар ма екен сіздерге ұдай”, “Жүз
жұлдыз” атты толғаулары діни танымда жырланған. Орынбайдың “Жазы биге”, “Шоң биге
айтқаны”, “Алсай Құрақбайға айтқаны” секілді арнаулары бар.
Орынбай ақын Ш.Уəлиханов өмірден қайтқанда ата ансына көңіл айтып, шығарған «Уа,
Шыңғыс, Зейнеп ханым көтер басты» атты өлеңі кеңінен танымал
207
Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым, көтер басты,
Қай қазақ ой ойлаған сенен асты.:
Баласы Жетімомын келіп тұрмыз,
Күңіреніп босағаңа төгіп жасты.
Тарихтан талай адам білген едік,
Қызықты нелер дəурен сүрген едік.
Жасымыз мұнша жасқа келгенінше,
Шоқандай науша жасты көрмеп едік.
Қыршын жас Шоқанға ажал жеткен бүгін,
Күйзелтіп елі-жұртын кеткен бүгін.
-деп күңірене Шоқанды жоқтайды.
Ол өз тұсында Жанақ, Балта, Шөже, Тоғжан, Серəліқожа, Арыстанбай, Шортанбай, Сақау,
Қожабек
, Кемпірбай, Тезекбай, Өтеулі, Дана, Байкөкше, Нұркей, Ақан Сері, Құлтума, т.б.
ақындармен айтысқан. Поляк саяхатшысы А.Янушкевич Орынбай ақынның Жанақ
ақынмен
Аягөзде өткен айтысын таңданыспен суреттесе (1846), тегеурінді дарын иесін Шал
ақын “ақындардың төресі” атаған.
Орынбай ақын Өзбекістан, Иран елдерінде діни сопылық білім алған жəне Шоқан
Уəлихановтын Сырымбет қыстауында Шыңғыс жəне Айғанымның отбасымен тығыз
байланыста болған.
Қазақ халқының əдеби мұрасын зерттеудің көкейкесті мəселелерін Ш.Ш.Уəлиханов ең
алғаш рет қолға алып, бұл игілікті істі А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхаметұлы,
Қ.Сəтбаев, С.Сейфуллин, С.Мұқанов сынды қазақ зиялылары одан əрі дамытқан еді.
Ш.Ш.Уəлиханов халықтың ауыз əдебиетінің тамаша нұсқаларын жасаушы, кейінгі
ұрлапаққа мүлткісіз жеткізіп отыратын ақын, жыршы, жырауларға, сол сияқты олардың
ақындық жыршылық өнеріне мəн беріп, ден қоюының үстіне өлеңді суырып салма түрінде
шығарып айтушылықты ақындықтың асқан шыңы деп бағалағаны белгілі. Ол кезінде өзі
жүрген жерлерінде көптеген ақын-жыраулармен жүздесіп, жырларын тыңдаған. Шоқан
Жанақ ақынмен əлденеше рет кездесіп, бірге болған, оның дарын қабілетін жоғары
бағалаған. Ол Орынбай, Шөже ақындарды да жақсы білген. Ұзақ уақыт бойында олардың
айтқан жырларын тыңдап оларды жазып алып отырған.
Шоқан поэзияны тек көркемдік мұра ретінде ғана жоғары бағалаған жоқ, сонымен қатар
оны халықтың тарихи тағдырының шежіресі, оның басынан кешірген оқиғаларының
шынайы елестері деп білді.
Ш.Ш.Уəлиханов XVIII—XIX ғасырларда өмір сүрген Бұхар, Тəтіқара жырау, Шал, Шөже,
Орынбай, Жанақ ақындар туралы өз пікірлерін айтып қалдырған.
Біз бұл мақаламызда Шоқанмен Орынбай ақыннның ара қатынасын, шығармашылығы
туралы айтуға талпыныс жасап отырмыз. Орынбай ақын Шоқаннын жас кезіндегі
ұстаздарының бірі еді. Ол Шыңғыс үйіндегі жиын-тойларға қатысып жəне одан басқа
кездерде Шоқанға халық мұрасын көп жырлаған белгілі ақын. Академик Ə.Марғұлан
Ш.Ш.Уəлихановтың еңбектеріне жазған түсініктемелерінде Орынбай ақын туралы былай
деп жазған болатын.
«Орынбай белгілі суырып салма импровизатор ақын. Шыққан елі Көкшетау
қазақтарының ішіндегі қарауыл руынан. Ол көп уақыттар бойы аға сұлтан, кейінірек
Сібір қазақтарының советнигі Тұрлыбек Көшеновтың жанында болып, соның
мадақтаушы акынының бірі болған. Шыңғыс ауылында жиі болып Шоқан Петербургтен
келгенде қарсы алып, оған арнап ұзақ жыр айтқан. Алайда, Орынбай ақынның жырлары
Шоқанды көп| қызықтырмаған. Ол оның жырларын əрқашан сынай қараған. Себебі оның
шығармаларында мұсылман фанатизмінің сарыны көп деп бағалаған...».[1;656б].
Ал, Шоқанның Петербургтен келген күні Орынбай ақынмен кездескені туралы, оның
жақын досы И.Ибрагимов былай деп суреттеген еді.
«Вскоре Чокан распростился и ушел к себе в кибитку. Около его кибитки сидел с
балалайкой в руках известный киргизский (казахский) импровизатор Орынбай
208
окруженный киргизами (казахами). Чокан пригласил его в кибитку, и Орынбай начал в
самых пышных, красивых словах воспевать приезд молодого султана в аул отца, его
путешествие к белому царю, который полюбил Чокана, как потомка известных великих
людей, хвалил его светлый ум и проч... и проч. Чокан сделал певцу маленькое замечание,
чтобы он не мешал в казахский язык татарские слова... Чокан вечера просиживал долго,
слушая пение и рассказы киргиз (казахов)».
Бұл жерде Ибрагимов И.И. Орынбай туралы «известный казахский импровизатор» - деп
бостан босқа жазып отырған жоқ. Себебі, Орынбай ақын шын мəнінде XIX ғасырдың 1
жартысында аса белгілі ақынның бірі еді. Оны тек қазақтың белгілі адамдары ғана емес
орыстың жоғары шенді адамдары да Ресей саясатын мадақтауға пайдаланған. Мысалы, 1846
жылы генерал Вишневский Орта жүз бен Ұлы жүздің Ресейге қосылуына арналған
салтанатты жиынға шақырып халық алдында жырлатқан еді...
Қорыта айтқанда Шоқан қазақ ауыз əдебиеті мұраларын жинаумен ғана шектелмей
ХІХ ғасырдағы белгілі ақындар туралы жəне оларды басқа елдердің əдебиеттерімен қатар
қоя салыстыра, ғылыми негізге сүйене отырып, демократиялық принциптер тұрғысынан
қарап терең талдады. Ш.Ш.Уəлиханов өз дəуіріндегі ақындардың бір тарихи дəуірге,
оқиғаға деген көзқарасын, бағасын беруге тырысты.
......................................
1. Шоқан Уəлиханов. Тандамалы. А., 1985.
2. Алдаспан. А., «Жазушы» баспасы. 1970,
3. Алпысбаева К. Уəлихановтар əулеті жəне Қазақтың халық мұрасы. Журн. «Қазақ тарихы».
1994. N1.
4. Əуезов М. Уақыт жəне əдебиет. А.,
5. Байтұрсынов А. Ақжол. А.,1991.
6. Бердібаев Р. Шоқан Уəлиханов // Қазақ фольклористикасының тарихы. А.,1988.
7. Бердібаев Р. Абылай асуы //Абылай хан.А.,1993.
8. Бес ғасыр жырлайды. VIII томдық.І том.
Сюндюкова Н.
ҚазҰУ магистранты
БАТЫРЛАР ЖЫРЫН КІТАП ЕТІП ШЫҒАРУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ІЗДЕНІСТЕР
Қазақ кітаптары – мəдениетіміздің ежелден-ақ маңызды тарауларының бірі болып келеді.
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ кітаптары халықпен тағдырлас. Жетпіс жыл бойы Ресейдің
қарамағында болған халқымыз не көрсе, кітаптарымыз да соны көрді. ХІХ ғасырдың І
жартысынан бастап жарыққа шыға баста да, алғашқы кезде татар баспагерлерінің, кітап
мəтінін терушілердің кесірінен көптеген қазақ кітаптар шұбалаңқы, аралас тілде жарық
көрді. Сонымен қатар цензураға тиым салынып, əдебиет нұсқасы өңдеуден өтіп, кітап мəтіні
өзгерген болатын. «Халық жауы» деп өртеліп, жоқ болған кездері де аз емес. Осы бір
кедергілерге қарап, алғашқы қазақ кітаптарының бəрі дерлік сақталмағанына көзіміз анық
жетеді.
Батырлар жырының кітаби нұсқалары ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көре
бастайды. Фольклорымыздың үлкен саласы, ерлікті, батырлықты, тұрмыс-салтты жырлаған
эпостық жырлардың кітап болып басылуы тарихымызда ерекше орын алады. Неге десеңіз,
олар өз заманында халыққа тез таралды. Сол сияқты бұл дастандарда елін, жерін қорғау, ата–
анаға, сүйген жарға деген адал махаббат қана емес, бүкіл бір ұлттың мінезі мен ерлігі
көрсетіледі. Күнделікті тұрмысты, сан қилы қиындықтарды басынан өткерген батырлар
тағдырын жырлаған осынау дастандарды халық жанына жақын қабылдап, қағазға түспес
бұрын жаттап, ауыздан-ауызға тарата бастайды. Елге таныс бұл эпостық жырлардың кітаби
нұсқалары да сұранысқа ие болғаны сондықтан. Бұл бір жағынан, сол замандағы баспа,
баспаханалардың табыс көзі болды жəне алғашқы баспагерлердің ең ұтымды жері болды
209
десек те қателеспеген болар едік.
1862 жылы баспа бетінде тұңғыш жарыққа шыққан эпостық жыр – «Ер Тарғын» жыры.
Бұл жырдың өзіндік ерекшелігі таза қазақ тілінде шығуы екендігін Ш.Елеукенов өз
еңбектерінде атап өтеді. Алғаш жинап, қағаз бетіне түсіргендер Ш.Уəлиханов пен
Н.И.Ильминский. Марабай ақынның аузынан 1859 жылы Н.И.Ильминский жазып алып, 1862
жылы араб əрпімен Қазан университеті табиғханасында (баспаханасында) кітап етіп
бастырған. Бұл вариант 1892, 1898, 1909, 1913 жылдары Қазанда басылған. 1904 жылы
Николай Саркин деген кісі бұрынғы Қостанай уезі, Кеңарал болысы, 12- ші ауылдың қазағы
Оспан Қисықұлынан жырдың бір түрін жазып алған (қолжазба күйінде). Мұның Марабай
жырынан айырмасы жоқ. Кейіннен Марабай вариантын Ə.Диваев 1922 жылы Ташкентте
бастырады. Оқулықтарға еніп жүргені де, жұрттың пайдаланып жүргені де осы вариант.
Сонымен бірге А.Е. Алекторовтың көрсеткішіне (Алекторов А.Е. Указатель книг,
журнальных и газетных статьей и заметок о киргизах. Қазан, 1900) қосымша ретінде
берілген 15 беттік қазақ кітаптарының мазмұндалған тізімі қазақ кітабының тұңғыш
библиографиясы болумен қатар, онда көрсетілген қазақ тіліндегі елу шамалы кітапты
ғалымдар назарына алғаш ілінген, ғылыми айналымға түскен нұсқалар деп қараймыз.
Тұңғыш рет «Ер Тарғын» жырын Марабай ақынның аузынан 1859 жылы Н.И.Ильминский
жазып алып, 1862 жылы араб əрпімен Қазан университеті табиғханасында (баспаханасында)
кітап етіп бастырған жайындағы ақпаратты да аталмыш кітаптан ала аламыз. 1870 жылы Ер
Тарғынды Ер Сайын батыр жырымен бірге В.В.Радлов «Образцы народной литературы
тюркских племен...» атты көп томдық еңбегінің ІІІ томында Қырым жұртының қият–ноғай
елінен жазып алған қара сөз нұсқасын орыс графикасымен тағы басып шығарады.
Революцияға дейін 1909, 1913 жылдары, революциядан кейін де əлденеше дүркін жарық
көреді. Екіншіден, бұл қазақ кітабының ана тілімізді, туған əдебиетімізді сақтаудағы рөлі
айрықша болды. Ал 1904 жылы Николай Саркин деген кісі бұрынғы Қостанай уезі, Кеңарал
болысы, 12- ші ауылдың қазағы Оспан Қисықұлынан жырдың бір түрін жазып алған
(қолжазба күйінде). Мұның Марабай жырынан айырмасы жоқ.
Эпостық жырлардың кітаби нұсқалары азды-көпті материалдар болғанымен, олардың
бибиографиялық көрсеткіші, полиграфиялық ерекшеліктері, баспа ісі мəселелері жөнінде əлі
күнге дейін толық зерттелмеген. Қазақ кітап басу ісіндегі қаралмаған тың материалдарды
зерттеп, білімімізді толықтыру, ертедегі кітап басу ісі мен бүгінгі өмірдегі кітап ісінің
жағдайы жөніндегі ақпартты молайту үшін бұл тақырып өзекті деп ойлаймыз.
Жалпы ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде фольклорлық тақырыптардың ұзын саны
барлық тақырыптағы жарық көрген кітаптардан басым түседі, бүкіл жарияланымның жетпіс
алты процентін құрайды. Қайта басылған кітаптарды қосып есептесек, фольклорлық
басылым 600 аталымнан асып жығылады. Бұлардың ішінде қазақ фольклоры – 176, шығыс
əдебиетінен – 225, діни–уағаз тақырыбында –181 аталым. Соңғыдан 34 аталым ислами
шариғат кітаптары.
1917 жылға дейінгі жалпы фольклорлық жанр бойынша тоғыз аталым, жиыны қайта
басылғандарын есептегенде 45 басылым шыққан. Солардың он жетісінің таралымы 90800
дана.
Қазақ баспа кітабының 1917 жылғы революцияға дейінгі тарихынан түйетін бір елеулі
түйінді фольклор басылымдарының аталым саны жағынан да, жарияланым көлемі жағынан
да қай елдікіне де дес бермейтін бай кеніш, қазынамызға айналғандығы. Мысалы,
««Алпамыс батыр» жырының бірінші басылымы 1899 жылы жарық көрді. («Наследники
М.А.Чирковой» баспаханасы, 4800). Поэманың сегіз кітап басылымын Ш.Хусаинов жəне
оның мұрагерлері, үшеуін Қазан университеті (1901,1905,1907), төрт басылымын
Б.Л.Домбровский (1909,1912, 1914,1916) баспаханалары басып шығарды. Тек соңғы төрт
басылымның тиражы 20 мың данаға жетті. Поэманы жазып алып, мəтінін баспаға даярлаған
Жүсіпбек Шайхисламов болды», - деп жазады Шериаздан Елеукенов «Қазақ кітабының
тарихы» атты кітабында. Аталмыш зерттеу еңбегінде «Қамбар батыр» жырының да 1897
жылғы басылымы 10 мың данамен жарық көргендігі жөнінде де мəлімет келтіріледі.
210
«Қобыланды батыр» жыры сол кездің өзінде 2000 данамен таралған. Ғабдырахман Бектасов
деген кісінің халық аузынан жазып алынған нұсқа бойынша 1911, 1916 жылдары «Қисса–и
Құламерген» атты қаңлы–қыпшақ дəуірінің эпостық шығармасы Б.Л.Домбровский
баспаханасынан жарық көрді (таралымы тиісінше – 3000 жəне 6000 дана) Бұл тираждар саны
сол кезең үшін жетістік десек артық айтқандық емес. Ал бүгін ше? ХІХ–ХХ ғасырда жарық
көрген кітаптар мен бүгінгі басылымдардың таралым жөніндегі кемшін не артық тұстары
баршылық. «Қамбар батыр» сол дəуірде 10 мың данамен таралса, бүгін де мұндай
таралыммен батырлар жыры жайындағы кітаптар ғана емес, жалпы қазақ кітаптарын таба
алмайсыз. Ол кездегі таралым жүйесі мен қазіргі жүйе екі бөлек дүние. Сол заманда қазақ
кітаптарына жанашыр ұлты басқа да баспагерлер саны артты. Мысалы, Жүсіпбек
Шайхисламов, Ақылбек Сабалұлын атап кетуге болады. Олар ел аралап жүріп, қазақ ауыз
əдебиетін жинап өз қаражатына бастырып шығарды, яғни кітаптың жарыққа шығуына сол
баспагерлердің өздері мүдделі болды. Сонымен қатар оны өздері редакциялап толықтырып
не болмаса өз варианттарын қосып отырды. Таралымы да өзгешелеу болды. Ауыл арасында
қолдан қолға өтіп, сөйтіп оқырманын тапты. Кешегі Кеңестік кезеңде де батырлар жырының
таралым саны қуантарлық еді. Бір кітапқа жинап бастырған не болмаса əр батырлар жырына
арнап шығарылған «Батырлар жыры» кітабының тиражы сан мыңдап жарыққа шықты.
Мысалы, 1986 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Батырлар жыры» кітабы 30 000
данамен жарияланған. Ал бүгінгі тəуелсіздік алған жылдарда біз кітап таралымын ХІХ–ХХ
ғасырдағы шыққан басылымдардың тиражына жеткізе алмай отырғандығымыз қынжылтады.
Бұл бір ғана батырлар жырына қаратып айтылған жоқ. Жалпы қазақ тілді кітаптардың
таралым саны өте аз. Қандай да бір мемлекеттік баспа екі-үш мыңнан асып шығармайды. Бұл
қазақ оқырмандарын толық қол жетуіне аздық етеді. Елбасымыздың тапсырмасымен шығып
отырған «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Осы
бағдарламада «Бабалар сөзі» атты сериямен халық ауыз əдебиетінің жинақталған жүз
томдығын жарыққа шығарды. Бұл үлкен бастама. Десек те, басылымдардың таралым саны
əрі кетсе 2000-3000 данадан əрі аспайды. Республикамызда он екі мың кітапхана бар десек,
біздің кітаптардың тиражы шыққан жерінен əрі аса алмайтынына көз жеткізуге болады.
Негізінде статистикалық мəліметтерге сүйенсек, əрбір он мың қала тұрғынына бір кітап
дүкені болуға тиіс. Ал біздің шығарған басылымдар кітапханаларға жетпей жатқанда, кітап
дүкені туралы əңгімені айту да орынсыз. Сондықтан да ең асыл қазынамыз, руни
байлығымыз саналатын кітаптың тиражын көбейту керек.
ХІХ-ХХ ғасырда жарық көрген батырлар жырының кітаби нұсқаларының дизайнын да
ерекшеліктер болды. Бүгін де кітаптың дизайн мəселесі бұрынғымен салыстырғанда едəуір
дамыған. Көркемдік, түс, əріп түрлері бəрі де өзгеше болды. Мысалы, қазіргі батырлар жыры
кітаби нұсқаларында тақырыпқа сəйкестірілген суреттер беріледі. Кітаптың көркемдігін
арттыру үшін сыртқы мұқабасын түрлі түсті реңдермен айшықтайды. Бұрынғы кітап
парақтарының түсі бүгінгідей тым ашық, жарық болмады. Керісінше қоңырлау, сұры
түстерге баса мəн берді. Себебі, ашық түс көздің көру қабілетіне əсер етіп, оқылуына кедергі
жасайтынын сол кездегі мамандар жақсы білген. Сонымен қатар ол кездегі басылымдардың
мұқабалары сапалы болды. Батырлар жырының сыртқы мұқабасына батырлардың бейнесін
беруі сол кезеңнен–ақ бастау алады. Мысалы, Қазан қаласы «Үміт» баспаханасынан жарық
көрген Қобыланды батырдың кітап мұқабасына ат үстіндегі Қобыланды батыр суреті
басылған. Міне, сол кездің өзінде кітаптың дизайнына барынша көңіл бөлінген. Себебі
баспагерлер халықтың бірінші сыртқы мұқабасына да қатты мəн беретінін сол кезде-ақ
түсінген болатын. Екіншіден, ол кездегі кітаптардың форматы да өзгеше болды. Мысалы,
қазіргі басылымдардың құрылымы олардан əлдеқайда жақсара түскен. Бұрынғы
басылымдардың сыртқы мұқабасына тек аты, жылы секілді қалыпты үлгідегі жүйемен
басылып отырды. Ал бүгін барынша көркемделіп жасалады. Сонымен қатар қазіргі
кітаптардың құрылымы жүйелі өшлемге түскен. Заңдылық қалыптасқан. Мысалы, кітаптың
авторы бас жағында көрсетіліп, тақырыбы ірі əріптермен кітаптың орта бөлігіне орналасса,
кітап парағының астына шыққан баспа мен жылы ескертіледі. Сонымен қатар техниканың
211
дамуына байланысты кітаптың аудио жəне электронды үлгідегі нұсқалары да пайда болды.
Ол да бүгінгі заманның бір жетістігі.
Жалпы жоғарыдағы мəліметтерге қарап, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырда жарық көрген қазақ
кітаптарына ешкімнің салғырт қарамағанын, орыс халқының да ғұлама ғалымдарының
қызығушылық танытқанын аңғарамыз.
Сөз соңында айтарымыз, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жарық көрген
қазақ кітаптарының тарихы – əлі де зерттелуге тиіс мəселе. Өкінішке орай, революцияға
дейін кітап болып жарыққа шыққан кітаптардың түгелі сақталмаған. Ал басылып шыққан
кітап аттары кейде араб, парсы, татар тілдерінде жазылған. Кейбір авторлардың əдеби
есімдері көрсетілген. Таралымдары көрсетілмеген. Сол кезеңдегі кітаптарды оқу үшін –
бірнеше тілде қатар сөйлей білу керек. Мұны да ескеруіміз қажет. Алғашқы қазақ
кітаптарының тарихын тану, одан сайын тереңдете зерттеу мақсатында мен мынадай
ұсыныстар білдіремін:
Достарыңызбен бөлісу: |