Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
114
2.3 Ж. Аймауытовтың әлеуметтік-философиялық және
этикалық көзқарастары
2.3.1. Ж.Аймауытов көзқарастарындағы адам, заман, оқу-
білім, тәрбие мәселелері
Өз заманының жарқын бейнелі тұлғасы, энциклопедист,
мәдениет және қоғам қайраткері, жастайынан сусындап нәр
алған, халық ауыз әдебиетін, халықтың мақал-мәтелдерін, наным
сенімдерін, әдет-ғұрпын, мәдениетін жете білген Ж.Аймауытов
сол туған халқының сана-сезімі мен болмысын жаңа ғасыр, жаңа
заман, жаңа қоғам талаптарына сай қалыптастыру үшін жан-
жақты ізденістер жүргізді. Ағартушылық философиясының идея-
ларын терең игеріп қана қоймай, оны жүзеге асырудың жолдарын,
әдістерін іздестірді. Халыққа әсер етудің, сана-сезімін жетілдірудің
ең қолайлы құралы әдебиет болғандықтан, қазақ даласындағы
ғасырлар бойы қалыптасқан даналық пен данышпандық, өнер
мен білім әдеби туындылар арқылы берілгендіктен, Жүсіпбек
өзінің елдің болашағы үшін күресін әдебиеттен бастады.
Жүсіпбек Аймауытов – сөз тұтастығын сақтаған, өлең мен қара
сөзді бір-бірінен бөлмеген қаламгер. Мұндай шеберлікке оқып-
үйреніп, жаттығып, дағдыланып жетуге болмайды. Ол адамға
берілген ерекше қасиеттер. Оны біз табиғи талант, дара дарын
дейміз. Сірә, талант табиғаты қарапайым ақылмен таныларлық
шаруа емес. Оның сыры өзінде, тұңғиық болса керек.
Қайраткердің «Қартқожа» романы өте жеңіл оқылады,
оқырман қиналысқа түсіп шаршамайды. Бірақ, мәселе роман
оқылып біткеннен соң басталады. Сонда бұл не нәрсе, жазушы не
айтқысы келді. Қартқожа деген кім? Міне, осындай философиялық
мағынадағы сұрақтар ой түбіне шөге бастағанда жауап іздеп
қиналасың.
Шығармада қазақы болмыс барынша табиғи мәнінде бейне-
ленген. Жүсіпбек қазақы тұрмысты қаз-қалпында сөйлеп берген.
XX ғасыр басындағы қазақ түрмысын дәл Жүсіпбектей дәлме-дәл
бейнелеген қаламгер табу қиын. Себебі, Жүсіпбек сол заманның
түлегі, көзі көрген дәуір куәсі. Бұл біріншіден. Екіншіден, ғажап та-
лант иесі, ғылыми тілмен жеткізе алмайтын істерді сөз өрнегімен
емін-еркін бере салған. Осыны натурализм десек, бізге керегі осы.
Ал Қартқожа образына келсек, мәселе өзгешелеу. Біреулер
Қартқожа жазушының өз бейнесі дегенді айтады. Жалпы мы-
115
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
нандай жай есте болуы шарт. Қаламгердің қолынан шыққан
шығармадағы барлық кейіпкерлерде суреткердің өз бейнесі
болады. Жазушы не жазса да өз ұғым-түсінігінен, өзінің қадір-
қасиетінен, бітім-болмысынан алыс кете алмайды. Бұл осы
суреткердің дүниетанымдық субъективизмі.
Әрине, Қартқожа зиялы қауымға үлгі боларлық тұлға емес.
Оның терең ойлары да жоқ. Ол кейбір мәнді-мәнді істерден
тыс, сырттан бақылаушы сияқты көптеген істер оның ешбір
қатынасынсыз, өздігінен болып жатыр. Тіптен, 1916 жылғы
көтеріліске деген Қартқожа түсінігі өте бұлыңғыр. Ол көтерілістің
себебін де ойластырған жоқ. Бірақ онда ынта мен талап бар, ол
оқу, орысша білуге құлшыныс бар. Қартқожа ойынша орысша
білсе ғана ел санатына ілінуге болатынын түсінеді. Сол үшін ол
Кереку, Омбы, Семейлерді кезеді.
Автордың осылайша суреттеп, баяндағаны кездейсоқ нәрсе
ме, әлде жазушының өзгеше мақсаты болды ма екен? Бұлай
дейтін себебіміз Жүсіпбектің өз басы заманындағы Қазақстандағы
елеулі істерден шет қалмаған. Оға бір ғана мысал, Мұхтар екеуі
бірігіп «Абай» журналын шығарудың өзі қандай жетістік.
Сондықтан Жүсіпбек Қартқожа образына тегін келмеген деп ой-
лаймыз. Біздің ойымызша, Жүсібек заманында Әлихан сияқтылар
емес, Қартқожалар көбірек болғанға ұқсайды. Қартқожалар
жетекшілер емес, жетекке ерушілер, тек қана айтқанды істегені
болмаса, өзіндік бастамалары әлі жетіле қоймағандар.
ХХ ғасырдың басындағы бұл білімге ұмтылған қазақтардың
жай-күйі десек ақиқатқа жақынырақ болар еді. Себебі, әбден
бодандықта тапталып, езгіге ұшыраған халықтан қоғадай көктеп,
жаңбырдан кейінгі саңарауқүлақтай көсемдердің қауырт көбейіп
шығуы мүмкін емес еді. Оянудың алғашқы сатысы білімге, орыс-
ша білуге ұмтылу, әрине бұл түсінікті де, орынды талап. «Неден
жапа шексең, сол іспен барынша айналыс» деп тұрғандай.
Ал Әлихан Бөкейханов сияқты орталықта білім алғандардың,
оған ергендердің мұраттары өзгеше, әрі биік және асқақ болатын.
Алаш мемлекетін құрам деп талпынған қазақ көсемдерінің бетіне
от шарпытқан большевиктер болса, халық ішінде жеткілікті
мөлшерде қолдау таппағаны, білім жолына түсем деушілер
деңгейі Қартқожамен шамалас болатын. Қартқожаның болмы-
сында жоқ нәрселер: жігер, қайрат, намыс. Олар оның жанұя
тәрбиесінде де болмаған. Момын әке, момын шеше, бірақ олар-
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
116
да рухани жан тазалығы бар. Әдетте, мұндай тазалық намыс
дегенімен айқындалмаса елеусіз қала береді.
Осындай елеусіз, жаны таза жандар өз қасиеттерін баласы
Қартқожаға берген. Сондықтанда Қартқожа көзге түсе бермейді,
тіптен әрбір тұстарда бөгде жан сияқты күй кешеді. Оған өзі
іштей қиналады, бірақ амалы жоқ, шарасыз Қартқожаның барша-
ма болмысынан осы бір шарасыздықты ұшырата береміз. Оның
себебі неде? дегенге келсек, әрине сол кездегі қоғам дамуындағы
қазақтың сана-сезімінің деңгейіне байланысты деп тұжырымдауға
болады. Сондықтанда, Қартқожаның жасаған әрекетінің өзі өте
үлкен жетістік. Оның оқу іздеуі, оған әрекеттенуі кұптарлық іс.
Бірақ бізге, халқымызға болашақ үшін, жетілуіміз үшін керек
адам Қартқожа ма?
Әрине, бізге салса аламан істің басы қасында жүрген от на-
мысты, өр тұлғалы қазақ образын көргіміз келеді. Бұл ниет,
мұрат талабы. Шындыққа үңілсек, жазушымен бірге ел араласақ
кездестіретініміз – Қартқожалар. Сонда мүмкін «тұрмысқа ке-
рек жандар Қартқожалар ма?» деп ойлаймыз. Себебі, саясат,
өнер қайраткерлері халық емес, халықты басқарушылар, бастау-
шылар, ол көп, жұртшьшық ынтасы саясатта емес, өнерде емес
күнделікті тұрмыста емес пе? Бәрінен биігі тұрмыс, қарапайым
өмір, Картқожа болса осы жағында. Алайда ел ішін бір желік енді.
Адамдар тұрмысқа емес, әлдебіреулер бастаған саяси істерге ара-
ласа бастады. Осы тұсқа келгенде Жүсіпбектің өзі де дағдарысқа
түскені аңғарылады. Бұл жағдайларды жазушы қоғамдағы үрдіске
қатысты қазақ азаматтарының көңіл-күйлерінің түсіңкілігімен,
ерекше жабығумен астастырады.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің ұлы оқытушыларының бастап
берген бағытын талмай, шаршамай одан әрі қарай дамытты және
заман өзгерген сайын жетілдіріп, түрлендіріп отырды. Оның қоғам
өміріндегі қызыметінің қай саласын, қай бағытын алсақ та адамға
бұрылған – адам қажеттігі, адамның жан дүниесі, оның әсемдікті
түсінуі, талай философтардың ойлау тірегі болған адамның
жақсылық пен жамандыққа көзқарасы. Ұлы гуманизм мектебінен
өткен Жүсіпбектің алға қойған мақсаттарынын да ең бастысы
осы адамға арналады. Адамды тәрбиелеу, оны қоршап тұрған
дүниенің зандылықтарын білуге, өмір сүріп жатқан қоғамды
түсінуге, түсіне отырып өркениетті қоғам құруға шақыру, – осыны
мақсат тұтады, сол үшін күреседі.
117
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Біздің Кеңес мемлекеті кезіндегі қалыптасқан ойлау
стереотипіне салып, Жүсіпбектің қоғамдық-саяси көзқарастарын,
дүниетанымын аяғына дейін түсініп білу қиын. Өйткені
оның арнайы жазған философиялық шығармалары болған
жоқ. Ал, енді оның жазған романдарын, повестерін, пьеса-
ларын, сын мақалаларын қарасақ, онда көтерген мәселелері,
оның кейіпкерлерінің өмірі мен жүріс-тұрысы, ойлау желісі
қоғамдық өрекеттері тұнып тұрған философия деуге болады.
Ағартушылықты өзінің ұраны қылып алған Жүсіпбек жаңа
рухта жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік, жақсы мінез-құлық
қалыптастыру қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде іске асырып
қоймай, бұл мәселерді теориялық тұрғыдан да терең зерттеген.
Жүсіпбек Аймауытовтың қызметі жан-жақты: үлкен роман
жазған прозашы, психологиялық зерттеулер жасаған ғалым, пье-
салар қойған режиссер, әртүрлі пьесалар жазған драматург, ау-
дармашы, публицист. Шығармашылық өнерінің қайсысында бол-
масын Жүсіпбек жемісті еңбек ете білді. Оның қоғамдық-саяси
ойлары мен гуманизмі ойшылдың әртүрлі жанрларда жазған
еңбектерінен көрініс береді және оның дүниеге көзқарасының
ағартушылық ойлау жүйесі жүйеленген.
Дүниетанымын толық түсініп, толығымен қабылдаған
Абайдан үнемі сусындаған, оның жан-жақты да күрделі
дүниетанымын өз заманында өте жақсы түсінген, ұлы Абайтану-
шы М. Әуезовпен көп мәселелерді түсінуде терезесі тең Жүсіпбек,
өзінің шығармашылығы мен қоғамдық қызметін Абай өсиеттерін
жүзеге асыруға қолынан келген бар мүмкіншіліктерін өмірінің
соңғы күндеріне дейін аянбаған.
Абайды өзінің ең үлкен, ең негізгі ұстазы деп санаған Жүсіпбек,
Абай тағлымының қазақ елінің ертеңі үшін әлі де берері көп
екенін жақсы түсінген, сондықтанда «Абай» журналын шығаруға
ат салысып, бар қолынан келген күш жігерін аямаған. Абайдан
алған үлкен сабақтарын өзінің қысқа да болса жемісті еңбек еткен
өмірінде үздіксіз пайдаланып отырған.
Абайдың шығармалары мен асыл сөздерінен алған сабағын
былай түсіндіреді: «Ақылды дана, рахымды әділ, шынға сусаған,
қыңырды жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтық пен
алысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жан берген: сөздің
сырын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған, ақындық
сыншылдық бірдей дарыған, Абай еді. Өнер тап, оқы, харекет қыл,
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
118
тәрбие ал, ынсапты адал бол деп қақсап өткен Абай еді. Халықтың
қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет де-
ген Абай болатын. Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл,
білім, сезім, терең ойлылығына қарағанда Абай қазақтан шыққан
философ (данышпан)» [1].
Дәл осылай Абайды терең ұғыну, оның дүниеге көзқарасын
тап басып, дәл де баға беру, «философ» деп, «данышпан» деп
бөкпесіз тура айту, біздіңше ең алғаш осы Жүсіпбек Аймауытовтың
қолынан келген. Оның бұл пікірі тек байқаусызда айтылып
қалған оғаш сөз ғана емес, Абайды, оның дүниетанымын, оның ой
толғауын, жан дүниесін жете ұғыну, сол Абай жеткен ой биігіне
қол созып, сол деңгейде ой кеше білу. Абайдың жеткен ой биігіне
қол созып, сол деңгейде ой кеше білу. Абайды «философ деп,
хакім» [2] деп, енді-енді ғана танып, біліп жатқанда, бұдан 90 жыл
бұрын Абайдың кім екенін, соның дәлелін келтіріп тұрып бады-
райта айтушы Жүсіпбек Аймауытовтың да ойлау дәрежесінің
жоғарылығын, көзқарасының жан-жақтылығын, білімінің
терендігін анық білдіріп тұр.
Адам мен адамгершілік мәселелерін қазақтың ағартушы-
демократтары мен ақын-жазушыларының шығармашылығында
жиі кездестіруге болады. Әсіресе, бұл мәселені философиялық
дәрежеде жан-жақты шешкен Абай еді, өйткені оның қай
шығармасын алсақ та «Адам бол» деген лебіз бар. Абайды біз
таза адамгершілік ойшыл, гуманист деуіміз керек, себебі, оның
шығармалары негізінен адам болу принциптеріне арналған. Абай
өз шығармаларында адам болудың біртұтас кодексін жасады.
Олардың негізгілері: ақылды дұрыс пайдалану, талап, еңбек, терең
ой, қанағат, рақым, білім алу, дүние тану, әр нәрсенің өлшемін
білу, өз арының алдында жауап беру, күрес, әділ, сыншыл болу,
жамандықтан бойын аулақ ұстау және т. б. Ал, Жүсіпбек болса
өзінің бар болмысымен осы көзқарастарды түгелімен қабылдап,
өзінің өмірлік кредосына айналдырды.
Адам мәселесінің өзегі Жүсіпбек Аймауытовтың көзқарасы
бойынша мәдениет, оқу-білім, тәрбиеге келіп тіреледі. Бірақ бұл
соңғыларын ол адам болудың қажетті шарттары деп есептей отыр-
са да, оларға ерекше мән бере қарастырады: мысалға мәдениеттің
де мәдениеті бар, ғылым мен білімнің, тәрбиенің де өз мәнісі бо-
луы керек. Бұлардың мән-мәнісін ол адамгершілік пен руханилық
деп түсінеді: адамға имандылық қалайтын көп оқу мен білім,
119
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
адамның сыртқы қылығын ғана көздеп, ішкі сырын байытпайтын
тәрбие, адамдық маңызы жұтам, оған жат мәдениет шын мәнінде
жетпеген жартыкеш болып келеді.
Қоғамның қанша дамығанымен ғылыми жетістіктерге
жеткенімен, табиғаттың тылсым күштерін жете игергенімен, адам-
да руханилық пен адамгершілік жетіспесе, қандай жетістіктер
болмасын адамзатқа рахат пен ләззат әкелмейтінін ол былай
көрсеткен: «Бұрын адам хайуан қалпында жүргенде тамаққа та-
ласып, қандай алысып жұлысса, бұл күнде жетіліп, мәдениетті
болған адам да сол халден ұзап шыға алмай отыр. Мәдениеттің
ілгері басқышындағы халықтар ғылымның жемісін зорлық,
зомбылық, қиянат, озбырлыққа жұмсап отыр» [1].
Ж. Аймауытов қорытпа сөзінде қазіргі кезде аса өзекті
болып отырған ой жатыр. Батыс мәдениетінде, дүниетаны-
мында табиғаттың зандылықтарын танып біл, ғылымды арт-
тыр, сөйтіп дүниені игер, табиғатты өзіңе бағындыр де-
ген сияқты үрдістер бар. Адам сол табиғаттың қожасы,
неғұрлым
қоғамның
өндіргіш
күші
артқан
сайын
адамда күшейіп, айнала қоршаған кеңістікті баурап алып,
үстемдігін жүргізеді. «Мәдениет» дегенде ол негізінен осы батыс
мәдениетін айтып отыр. Расында, XX ғасырда осы бір жақты
мәдениеттің, осындай ой кешудің кейбір зардабын адамзат
толығымен басынан кешіруде.
Міне мұның бәрі – сол батыстық мәдениеттің ұлы жемістері
деуге болады. Осы «жемістерді» – «зорлық, зомбылық, қиянат,
озбырлық», – деп атап Ж. Аймауытов көрегендікпен дәл көрсетіп,
XX ғасырдың бас кезінде-ақ жазып кеткен. Тек ғылыми білімге
сүйеніп, оның жетістіктерін игеріп, табиғатты қайтсе де өз
ырқына көндіруге пайдалану, адамды, адамгершілікті ұмытуға,
рухани жұтаңдыққа әкеліп соғатындығын нәтижесінде хайуандық
қалыптан оздырмайтынын әбден білген.
Сонда да ғылым мен білімсіз ілгерілеу мен қозғалыстың
қиындығын жете түсінген Жүсіпбек білім алудың, оның қазақтың
сана-сезімін ояту үшін ауадай керек екендігін мойындай отырып:
«Ғылымды кісінің білімі де күшті, білегі де күшті, надан кісі осал,
құр қол кісі сияқты-алыса кетсе айлалы, азулы кісі нашар кісіні
алып соғатыны ап-анық. Бұлай болған соң басқаның аузында кет-
пей, тіршілік қылайын деген жұрт мәденилікке жармаспасқа ша-
расы жоқ» дейді [1]. Әрине мұндай азулы, ыза мен кек қайнаған
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
120
дүниеге осындай «мәдениет» пен осыңдай «мәденилік» ке-
рек шығар, бірақ автор бұлардың хайуандық сипатын іштей
жақтырмай, адамға, адамгершілікке сай деп қарамайды, халқын
барынша сақтандырады.
Қазақ елінің ерекшелігі мен болмысын жете түсінген
Жүсіпбек басқа қоршаған елдерде ғылым мен білім бар екен
деп еліктей бермей, оларды қайталай бермей өзіміздің де озық
жетістіктерімізді сақтауға шақырады, оларда жоқ жаңалықтарды
өзімізде ашуға шақырады, бүл ойларды біз Жүсіпбектің мынан-
дай көзқарастарынан көре аламыз: «Европаға еліктей бермей өз
бетіміздің, жұрттығымыздың белгісін көрсеткеннен не кемдік та-
былады? Қаза, тексере берсек, Европаның өнеге қылуға жарамай-
тын жерлері де бар» [1].
Шығыс мәдениеті дәстүрінде тәрбиеленген әрі Батыс
мәдениетіне де қанық Жүсіпбек Аймауытовтың бұлай деуіне әрине
құқығы әбден бар. Ол Батыс мәдениетін қазақ халқына мүлдем
керексіз демейді, оны да игеру керек, бірақ соған беріліп, соның
жетегінде кетіп, өз нақыштарын жоғалтып алмауға мегзейді. Ба-
тыс тұрғысынан артта қалған, мәдениеті төмен. Мұның бір себебі
қазақтың шығыстық өз тіні мен ділі (менталитеті) барлығында
болса, басқа да себептері бар екенін ол ашады да: «Қазақ мәдениет
жөнінде ерте туып, кеш қалған халық. Кенже қалғанымызда,
әрине көп себеп бар: жер, тұрмыс, ғұрып, әдет, надандық (фана-
тизм), партия, өтірік, мақтан – міне бізді ілгері бастырмаған осы
сияқты себептер» [1], – деп жазды.
Ғылым, оқу-білім мен мәдениет аралығында бұларға ада-
ми мән-маңыз беретін, дүрыс бағыт беретін тәрбие болуы керек.
Оқыту, тәрбие беруді өзінің кәсіби мамандығы («мұғалім») деп
санаған Жүсіпбек Аймауытов, осы мәселелерге шығармаларында
көп көңіл бөліп, ғылыми зертеулерінде де, публицистикалық және
әдеби туындыларында да олар негізгі мотив, басты арқау болған.
Осы тұрғыдан алғанда, жазушының мынау төменде келтірілген
сөздерде көп мән жатыр: «Өнер, ғылым, қаражатпен табылады.
Өнер, ғылым қаражат табады. Қаражат жан асырайды, халықтың
өнерлі болып жетілуіне де байлық керек,- дейді ол. Жалаңаш
кедейге өнер үйрен деу өгізбен жарысып бәйге ал деген сияқты.
Надан болсақ та, бай болайық десек, ғылымсыз байлық баянсыз
болмақ, бұлай болған соң ғылым мен байлық екеуісі де керек,
ғылым білімге қанады. Ғылымсыз білім сыңаржақ: ғылым білімді
121
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
ұлғайтады; ғылымсыз білім тым құрғақ, білімді орнына жұмсау
керек. Білімді орнына жұмсайтын не? Ол – тәрбие» [3].
Жоғарыда көрсетілген осы қысқа ғана үзіндіден көптеген
ұғымдардың басы шалынып, олардың арақатынасы, өмірлік мәні
сөз болады. Автор терең ойлап байлық пен кедейлік, байлық пен
надандық, ғылым мен білім, тәрбие мен білім қандай қатынаста
болу керектігін диалектикалық тұрғыдан шебер шешеді, – бұл
ойлардың осы кезге дейін теориялық та, практикалық та маңызы
зор десек еш қатесі жоқ. Өнерлі, білімді болу үшін рухани азықты
арқалау үшін қаражат керек, яғни байлық керек, бай болу ке-
рек. Бұл, әрине пролетарлық көзқарасқа сиыса бермейтін ой.
Бірақ байлықтың да өз орны, өз сыны мен міні бар: «байлық
пен надандық жараспас ондай байлық тұрлаусыз, баянсыз, яғни
байлық ғылым мен біліммен сиыспақ. Байлығың болса, ғылымға
құлаш ұр, білім ал, біліммен ұштасқан байлық баянды болмақ,
өйткені ғылым мен білім байлықтың сарқылмас көзі.
Сонымен байлықтан ғылым, ғылымнан білім туындайды.
Ғылым мен білім надандықтан сақтайды, шынайы мәдениеттілікке
бастайды, егер білім тәрбиелі адамнан шығып, тәрбиелі адамға
қонса, сондықтан тек тәрбие ғана «білімді орнына жұмсай алады».
Білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге бай-
ланысты. Тәрбиесіз білімді адам білімін оңды-солды адамзаттың
игілігіне де сорына да жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни
иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орны-
на, игілікке, адам байлығына, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды...
Міне, осындай-осындай ізгі ойларға жетелейді Жүсекең.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің төл мамандығы – ағарту ісіне өте
көп көңіл бөлген, халықты өнер-білім ісіне салуды мақсат тұтқан. Ол
қалың қазақ халқының надандықтан шығуының бірден-бір жолы
елді ағарту, білім-өнерге тарту деп ұғады. Осы себептерден де ол
өзінің саналы өмірін, еңбегін, барлық шығармашылығын негізінен
осы іске арнайды. Бала кезінің өзінде-ақ ауылға демалсықа барғанда
бала оқыту ісімен шұғылданғанын біз білеміз. Ал, семинария
бітіргеннен кейін де қанша қоғамдық жұмыстарда істегенімен, ол оқу
ісінен бас тартқан емес. Оқу тәрбие жұмыстарының мұқтаждығын
өтеу үшін жазған көптеген мақалаларымен окулықтары бар. Ол
педагогика мен (психология саласында жемісті еңбек етіп, көлемді
оқулықтар жазды. Олар мыналар: «Тәрбиеге жетекші» (Орын-
бор. 1926 ж.), «Псиқолоғия» (Ташкент, 1927 ж.), «Жан жүйесі және
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
122
өнер таңдау» (Москва. 1929 ж.), «Сабақтың комплекстік жүйесінің
әдістері» (Қызылорда. 1929 ж.).
Жүсіпбектің педагогикалық көзқарастары адамға, оны
тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сеніммен басталады. Өзінің
«Тәрбие» деген мақалаларында Жүсіпбек, адамның хайуаннан
айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып, адам бойындағы
ұнамсыз мінез-құлықтарының барлығы тәрбиенің кемдігінен деп
қорытынды жасайды. Оның айтуынша адам табиғаттың емес
тәрбиенің құлы болуы керек. Адам өміріндегі тәрбиенің рөлін зор
бағалаған және ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиемен
байланыстыра отырып, былай деп жазады: «Алғашқы екі ғасырдай
Афиняндар құлықты, ғылымды күшті жұрт болған, неге? Да-
нышпан Солонның жасаған ережесімен тәрбиеленгендіктен. Рум
халқын атақты, күшті қылған кім? Тәрбие. Ескендірді даныш-
пан хакім қылған кім? Аристотельдің тәрбиесі. Неронды залым
қылған кім? Философ Сенеканың қате тәрбиесі» [3].
Жүсіпбектің тәрбие туралы бұл ойларымен келіспеу қиын,
себебі ол тарихи тұлғалар жөнінде мысал келтіре отырып, дәлелді
баяндалған. Осы аталған мақаланы қарасақ Жүсіпбектің тәрбие
мәселесімен терең шұғылданып, тек қана Ресейде кездесетін
әдебиетпен емес, Европа елдерінің де ойшылдарының осы
мәселеге деген көзқарастарымен таныс болғанын білеміз.
Мысалы, Жүсіпбек атақты ағылшын философы әрі педа-
гогы Дж. Локктың: «Баланың ақылы да, жаны да туғанда таза
тақтадай болып туады. Таза тақтаға қандай жазу жазса да
жазушының еркінде» деген көзқарастарын келтіре отырып, оған
келіспейтіндігін білдіреді. «Адамда жаратылысынан әртүрлі
мінездің ұшығы болып туады» [3], – дей отырып, ол соның қай
жағын дамыту тәрбиеден екенін, басқаша түсіндіргенде, тәрбие
әр адамның жеке басына тән ерекшеліктерді ескеруте тиіс деген
қорытындыға келеді.
Тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген ол тәрбиешіні
дәрігермен ғана салыстырады, соның өзінде одан жоғары қояды.
«Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің
көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын бол-
са, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» [3]
– дейді. Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін
жете түсініп, тіпті: «Тәрбиешіге отанның келешек өмірін тапсыруға
болады, себебі тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе отанның
күзетшісі, қорғаны» [3], – деп атап өтеді.
123
Достарыңызбен бөлісу: |