Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
78
ауызбіршілігі мен шынайы ақ пейілділік сияқты жақсы қасиеттерін
жоғалтқан, керісінше екіжүзділік, күндестік, көрсеқызарлық
сияқты жаман әдеттерді бойларына жұқтырған жаңа қазақтар
қалыптасты. Қырда азды-көпті жаңаша хат танитындар көздерін
домалақ арыз жазумен ашты. Сайлау науқаны әкені балаға, ағаны
ініге қарсы қойып, руластардың арасына іріткі туғызды. Бірі асқа,
бірі атқа сатылып сандалады дейді. Абай елге болыстық басқару
жүйесі енгізіліп, ел ішінде болыстыққа таласып, партияласып
алауыздық өршіп тұрған кезеңді ащы мысқылмен: «Болыс бол-
дым мінеки», «Мәз болады болысың» деген өлеңдерінде ашық
түрде ажуалаған еді.
Әлеуметтік өмірдегі осындай қайшылықтар Абай мен
Әлиханның көзқарастарын бір арнаға тоғыстырды. Екі ойшылдың
дүниетанымы мен дүниетүсінігінің үйлесімділігі негізінде сол
кездегі қазақ қоғамдық қатынастарының философиялық түйінді
мәселелері шешімін тапты. Әлиханның Абай философиясының
тереңіне бойлағанын, оның саяси-әлеуметтік ой-түйіндеулерінен
анық байқауға болады. Абай шығармашылығының тұңғиығына
терең бойлаған Әлихан «Ұрпақ үшін Мұхтаржан Абайды жаз»
деп Мұхтар Әуезевке «Абай жолы» эпопеясын жазуға итермеле-
ген еді. 1906 жылы Абайдың қайтыс болуына байланысты «Семи-
палатинские областные ведомости» газетінде «Абай (Ибраһим
Құнанбаев)» атты мақала жариялау арқылы орыс жұртшылығына
Абайды алғаш таныстырған да Әлихан болатын. Осылайша өзінің
айналасындағы үзеңгілес жүрген қазақ зиялыларына бағдар
беріп, ұлттың мәдени-рухани кемелденуінің қажеттіліктерін тап
басып көрсете білді.
ХХ ғасыр басындағы ел басқаруға енгізілген жаңашылдық –
сайлау науқаны қазаққа келген бір жұт болды. Осы құбылыстың
әлеуметтік өмірдегі залалды кесірлерін кезінде Абай өзінің ащы
мысқылдарымен сын тезіне салып, поэтикалық түрде пайымда-
улар жасаған болатын. Ендігі жерде малын шашып, пара беріп,
өлерменденіп, қалай болғанда да билікке ие болуды көздеген
жұртты аздырған осы құбылыстың себебі мен салдарын Әлихан
Бөкейхан ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашып берді. Сайлау кезіндегі
ахуалды қадағалаған сарапшы, қазақтар арасындағы сайлау мен
орыс мұжығының сайлауын салыстырмалы түрде қарастырады.
Закон бір болғанмен екі жұрттың: қазақ пен мұжықтың ғұмыры,
жүріп-тұрысы, терінің оң жақ, теріс жағындай екі түрлі. Орыс
79
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
мұжығының мінезінде маңдайы терлемей, табан ауырмай, қол
дүмбімей мал табылмайды. Мұжық білуінше жұмыс қыла
білмеген кісі адам емес, сабантас ұстай білмеген адам ер есебінде
емес. Болыс, би, ауылнай һәм елу басы болмақ, патшалық салған
ауыр бір міндет, жұрт үшін қылатын қызмет. Мұжық ішінде
болыс, ауылнай һәм елубасы болған шылғи залал. Мұжық
таласпақ түгіл патшалық салған қызметтен қашады [1, 39 б.].
Мына жаңа заманда болыс, би, ауылнай және елубасыларды
әрқайсысын өз орнында халыққа пайдалы деп сайлау керек.
Әлихан түсінуінше қазақтарды соншалықты әбігерге салатын сай-
ланатын қызметке ынтызарлықтың себебі, олардың қол еңбегіне
деген қырсыздықтарынан. Бұл жерде тереңнен біліне бермейтін
дүниетанымдық тұрғыдағы өзгерістер әрине құндылықтарды
қайта бағалауда болып табылады. Өзеріне тән өзгеше мәдени-
әлеуметтік кеңістікте өмір сүріп жатқан қазақтарға мүлдем жат
құндылықтар таңылды. Жатжұрттықтардың көздеген мақсаты кең
байтақ жердің асты-үсті байлығын иемденіп, халқына үстемдік
етуге негізделген болатын. Этникалық субьектілердің құқықтық,
саяси, мәдени құндылықтарын жойып ұлттық ерекшеліктерінен
бас тартуға мәжбүрледі. Субьектілердің ішкі әлемін – олардың
дүниетанымдық, дүниеге қатынастық деңгейлерін құлдыратпақ
болды.
Адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы қоғамның алға
жылжуына тікелей қатынасады. Адам өзін өзі жетілдіре оты-
рып қоғамды да жетілдіреді. Қазақ қоғамының сұңғыла
зерттеушісі дәстүрлі қоғамдағы қоғамдық қатынастардың өзіндік
ерекшеліктерінің ұтымды тұстарын елдің болашақ дамуында пай-
далану қажеттілігін атап көрсетті. Оның қырағы көзі мен ақыл-
пайымы дүние жүзіндегі барлық дамыған елдердің қоғамдық
жүйелерін шолып шыққандығын, оның сол жылдардағы
ғылыми-публицистикалық мақалаларынан байқаймыз. Олардың
бай тәжірибелерін әбден сарыла сараптаған білімпаз өз елінің
болашақ дамуына жарайтындарын ала да білді. Сондықтан
Әлиханның: «Әділ би құдайдан басқа адамнан қорықпаса бол-
ды. Әділ билік рәсімге сүйенсе орнына келеді. Англия биін жұрт
сыйлайды, атақты билер оқу оқитын медресені бітірген, жасы
толған, ғұмырында қылған ісінде кірі жоқ кісіні би сайлауын
ешкім бекітпейді һәм бұл би ешкімнен мақтау, шен алмайды,
сот тергемей орнынан түспейді. Қызметіне алатын хақысы ми-
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
80
нистрлер алатын хақыдан кем емес. Би алдында патшаның соқа
басынан басқа бар адам құрдас. Англияда би болмақ зор дәреже,
жұрт көзіне зор құрмет. Міне, Англия билігіне қарасақ, бұлардың
әділдігі жазып шығарған закон емес, жұрт рәсімі арқылы болған.
Қазақ орысқа қараған соң бәйге аттай, жақсы жорғадай туысы-
нан болатын шешен озған би жоғалды. Кім орысқа жағымтал
болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болды. Бұрынғы
жүйірік шешен билерден келе жатқан әз, әділ билік жорасы жа-
ман қарапайым тұғыр би парасына аяқ асты болды. Пара беріп
ақты қара, қараны ақ қылатын күн туды» [1, 167–168 бб.] – деген
байыптауларынан халықтың ғасырлар бойы қордаланған әдет-
ғұрыпқа негізделген басқару тетіктерін іске қосуды қалайтыны
айқындалған. Англия мемлекетінің сот жүйесіндегі үздік, озық
үлгілерді қазақ жұртының билер билік құрған кезеңдерімен салы-
стыра зерттеген Әлихан дәстүрлі билер институтының сақталуын
дұрыс деп тапты.
Билік құру қазақ қоғамында жазалаушы ғана орган болған
жоқ, ол тәрбиелеушілік қызметін де қоса атқарды. Қазақ би-
лер институты атқарған ұлы істер адамды рухани жетілдіруге
бағытталғандығымен де құнды. Билер билік құрған кезеңдерде
қазақ ортасында «пара беру» деген ұғым болмаған. Қазақты
орыс судьясына қаратуды да, шариғатқа қаратуды да жақтап
қол қоймаймыз дегенде, қазақта өзінің әдет-құқығы мен билер
институтының үлгісі қалыптасқандығына сүйенген еді. Қазақ
елінің далалық демократиялық ұстындарын жетілдірудегі билер
институтының рөлін Әлихан жоғары бағалады. Өйткені олардың
басты ұстанымы әділеттілік болатын.
Ресей қол астына қараған соң биді, билікті жоғалтып, қазақты
орыс судьясына қаратамыз десек, олар жергілікті халықтың
тілін білмегендіктен даугер мен жауапкердің сөзін өз құлағымен
естімесе, тәмам ортасынан не жақсы билік шығады. Тілмаш арқылы
болған соң бұл дауда не қасиет қалады. Көшпелі жұрттың елдік,
мемлекеттік тұтастығын қамтамасыз еткен ел билеу тетіктерін
қолдану аясын бұзбай қазақ биін орыс судьясына аударамын
дегеннің еш қисыны жоқ. Алайда қоғамдағы ірі өзгерістер мен
жаңашылдық халық жадынан өзінің тарихын, дәстүрлерін жоққа
шығара отырып жүзеге асырылды. Түркі мәдениетінің тарихы-
на теріс көзқарас қалыптастырды. Оның архаикалық түбірлерін
«ескіліктің қалдығы» деп тұқыртып ұмыттыруға, қолданыс аясын
тарылтуға күштеп көндірді.
81
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Ұлттың рухани бастауларының негізгі тіректерінің бірі
дін екені белгілі. Шариғатқа қазақтардың күнделікті тұрмыс-
салты, діни санасы, дәстүрлері негізделгендігін байқау да қиын
емес. Қырдағы діни ахуалды әбден зерделеген ойшыл шариғат
заңдарын қазақтар өміріне жаппай енгізудің қисынға келмейтінін
дәлелдеп көрсеткен болатын. Ал дін басылары болса билікті
шариғатқа қарату керек дейді. Алайда Әлихан бұған да қарсы
болды. Өйткені қазақ мұсылманмын дегені болмаса, шариғатты
ұстанып отырғаны белгілі. Жұрт рәсімге құл.
Алаш Көшбасшысы өзіндік төлтума рухани мәдениетің озық
үлгілерін сақтап қалуды басты назарда ұстаған болатын. Ұлт та-
рихын зерттеуді дұрыс жолға қоюды кезек күттірмейтін маңызды
іс деп білді. Өзге жұрттардың қатарында қазақ халқының асылы
тексеріліп, тарихы жазылмағанын, осы мәселені бүгіннен бастау
қажеттігін дер кезінде жазған болатын. Алаш Көшбасшысы, та-
рих бұрынғы өткен заманның жайынан сөйлейтін, халықты түзу
жолға сілтейтін бағдар дейді. Тарих не айтады? – десеңіз, оның ай-
татыны мынау: «...біздің бұрынғы бабаларымыздың кім екендігі;
олардың дүниеде не істеп, не бітіргендігі; қандай қуаты барлығы,
ол қуатты не орынға жұмсағандығы; істеп жүрген ісінің қайсынан
пайда, қайсысынан зарар көргендігі; бұрынғы бабаларымыздың
досты-дұшпаны кім екендігі; не себеппен бағы тайғандығы және
соған ұқсас істердің барлығын тарих сөйлеп түсіндіріп тұрады [2,
375 б.]. Бабаларымыздың құты олардың салауатты өмір салттарын-
да болған. Сахара жұрты орыспен көрші болмай тұрғанда арақ-
шарап дегенді білмеген. Оның дәмін татқан соң сол көршілерінен
асып түсті.
Халқының өткенін, өмір сүріп отырған кезеңін, болашағын
болжай отырып ұлтты ұйыстыратын,
ынтымақтастыратын
белгілеріне тоқтала келе құтының неден қашқанын іздестіреді.
Құт – береке-бірлігі бар елге қонады. Бұрынғы бабаларымыздың
басынан кешкен жақсы- жаман қандай уақиға бар болса, оның
бәрі де өткендегі бір істің нәтижесінен туған болады. Сол секілді,
келешекте біздің басымызға түсешек бір уақиға, осы күнде қылып
жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы. Тарих оқысақ, оның сөзін
оқысақ қандай істен қандай нәтиже туатынын анық білетін бола-
мыз: жақсы істен жақсылық, жаман істен – жамандық тумақшы
деген [3, 375–376 бб.]. Сондықтан да халықты түзу жолға сілтеуші
тарих болса, оған дүниеде түзушіліктің кітабы, тіршіліктің жол-
басшысы деген анықтама жасайды.
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
82
Болашақты болжауға тарих анық құрал болады. Өткенен
сабақ алу мен ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың жалғасуы
үзілмес желі болу керек деп ой түйіндейді. Өз тарихын біліп, со-
дан тағылым алу әсіресе қоғамның дұрыс жолмен дамуына зор
әсерін тигізеді. Халқының осынша бейшара күйге түсіп, бағының
таю себептерін іздестірді. Ойшылды толғандырған мәселенің
философиялық астарлары еді. Ел ішіндегі жүрген шала мол-
далар, надан қожалардың халықты түзу жолдан адастырып
отырғандығын дәлелді және батыл түрде ашып жазды. «Құдай
не жазса соны көреміз деу – соқырлықтың белгісі. Тағдырда
жазғаны болар деу ақымақтықтың белгісі» дейді. Адамдардың
өз тағдырын өзгерту жолында осындай дәрменсіздік танытуы-
на қарсы болды. Алаштың Әлиханы осы мәселені өз уақытында
қозғап «Қазақ» газетінің екінші нөмірінен бастап қазақтың нақты
шежіресін жазуға кірісу керектігін жазған болатын. Өзіне дейінгі
арабша, түрікше, орысша дерек көздердегі қазаққа қатысты
жазылғандарды сынаған еді. Орысша оқыған қазақ жастарын
әуелі осы кезге дейінгі тарих жазушылардың қателігінен болған
«қырғыз» деген жаңылыс атты қойып «қазақ» деп жазуды бұйырған
да Әлихан болатын. «Орыстың атты әскері казак атанғандықтан
біздің қазақ өзінің атынан айрылып, қырғыз атанып жүрмекші
емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» – дейді. [1, 19
б. ]. Осылайша ғылыми айналымға «қырғыз-қайсақ» деп жүрген
тіркесті жойып, «қазақ» деп түзету енгізген болатын.
Қазақтың тарихына байланысты орыс этнографтарының
жазған пікірлерін Алаш зиялылары мақұлдай салған жоқ. Ұлттық
тарихымыздың шындығын бұрмалауға ғылыми тұрғыдан дәлелді
түрде қарсы тұра білді. Қазақтар арасында олардың генеологи-
ясына қатысты мәселе өте қатаң сақталған. Осы мәселе жөнінде
Мұстафа Шоқай да өз сын пікірін жазды: «... рулық құрылымның
ғылыми классификациясымен шұғылданудың орнына, ұлыс,
арыс буындардың аттарын ретсіз түзумен әуреге түскен. Қазақ
рулары хақында біршама толық мағлұмат беретін кітаптар
жазған Аристов, Городиков және Крафтар – патшалық Ресейде
көрнекті әкімшіл орындар иеленген адамдар болатын. Аристов
– Жетісу әскери уәлиінің орынбасары, Городиков – Сырдария
облысының уәлиі, Крафт – Торғай уәлаятының әкімі еді. Олар
өздерінің «ғылыми тұжырымдарын» жергілікті шенеуніктердің
жолдаған материалдары негізінде жасайтын. Ал ауыл, болыс
83
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
бастықтарының анкеталарды қалай толтыратынын біз жақсы
білеміз.... Мұндай тәсілмен жасалған материалдар қайшылықтарға
тола болатын. ... Жүйесіздік болған жерде ғылыми түсінік те болуы
мүмкін емес» [4].
Ұлтымыздың тарихы осы кезге дейін әрқандай бұрмаланды
да. Әркімге қандай болғаны қолайлы болса солай икемдеп жаза
берді. Дәстүрлі қоғамдағы шежіре айту үрдісі тоқталып, са-
хара тарихын бұрмалауға соқтырған тұстары да аз кездескен
жоқ. Бүгінгі таңда еліміздің тарихшыларына үлкен міндеттер
жүктеліп, ұлттық тарихымызды тәуелсіз сана тұрғысынан қайта
қарастыру объективті қажеттілік болып отырғаны барлығымызға
мәлім. Қазіргі жаһанданып бара жатқан әлемде жастарымыздың
ұлттық-мәдени мұрадан мақсатты түрде ажырату мен буын-
дар арасындағы байланыстардың үзілетіндігіне алаңдаушылық
білдірген зерттеушілер ежелден қалыптасқан бейімделу және
өзін-өзі тану тетіктері мен өлшемдерді бұзу деп есептейді.
Кеңестік идеология ұлттар мен ұлыстардың ақиқат тарихын
бұрмалап, шындықты көмуге тырысты. Халықтардың тұтас тари-
хы мен рухани дүниесі өз бастауларын жоғалтып, сабақтастығын
үзді. Егер революцияға дейінгі қазақ жерінде тек Семейдің
жергілікті география қоғамындағы архив болса, 1924 жылдың
аяғында барлық губерниялар мен уездерде кітапханалар ашылды.
Кеңестік кезеңде Архив социализмді дәріптеудің иеодологиялық
құралы болды. Республикадағы барлық құжаттар айналымының
он пайызға жуығы коммунистік құндылықтар тұрғысынан
мұқият сұрыпталып, мемлекеттік сақтауға Архивке жинақталды.
Құжаттардың біржақты іріктелуінің салдарынан Қазақстанның
шынайы тарихын бейнелейтін аса бағалы деректер архив-
ке түспей, біржолата жойылып отырды. Ал, архив қорындағы
құжаттардың басым бөлігі түрлі жасанды шектеулер қою арқылы
зерттеушілерге берілмеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарға
әр халық өз жетістігімен үлес қосады. Ондай болса ұлттық
тарихымыздың шындық беттерінен қателіктіміз бен мінімізді
түзеуді қолға алу керек. Еліміздің ғасырлар қойнауынан сыр
шертетін тарихи жәдігерлері жоңғар шапқыншылығынан қирап,
өртелгенімен қоймай, одан кейінгі Ресейге қараған кезден бастап
орталыққа жөнелтілгені белгілі. Әлихан Ресей патшалығының қол
астындағы мұсылман халықтарының рухани мекемелерінде ресми
қағаздар татарша жазылсын, деген мұсылман сиезі қараған закон
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
84
жобасына қарсы пікірін білдірген болатын. Бұл жерде түрік затты
халықта қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың отырған іргелі ел
жоқ екендігін және қазақтардың татар тіліне шорқақтығын айғақ
етеді. Рухани мекеме қағазы әр облыста өз тілімен жазылғаны
дұрыс болады деген пікірін таласқа салып, ақыры «татар-түрік»
тілінде жазылсын деген заңға дауыс береді. Ғұмыр жүзінде біздің
қазақ тілі өз бәйгесін алар деп болашақтан үміт етеді. Абайды,
Ахметті. Мир Якупты, Шаһкерім, Тарғыннан бұл көрініп тұр
ғой. Қазақтың тілін осылардай ақыны бар, бір жерде тізе қосып
отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады [2, 191 б.].
Әлемдік ой деңгейіне көтерілген ойшыл ұлттық мемлекетті
жетілдірудің әрбір тетігін мұқият зерттеп-зерделейді. Оған оның
сұңғыла зерттеушілігі мен парасаттылығына қоса білімділігі
қызмет етті. Әлихан Бөкейхан 1894–1926 жылдар аралығында төрт
түрлі ғылыми-зерттеу экспедициясының жұмысына қатысты: «То-
был» экспедициясы; В.А. Щербинаның жетекшілігімен жасалған
экспедициялар; С.П. Швецов басқарған статистика-экономикалық
экспедиция; сондай-ақ 1926 жылы КСРО Ғылым академиясының
антропологиялық экспедициясына қатысады. төңкеріске дейін
төрт газетті ұйымдастырып, шығарып отырған. Оның үшеуі
орысша «Омич», «Иртыш», «Голос степей» газеттерінде өзі ре-
дактор болса, қазақ тілінде тұңғыш рет жалпыұлттық «Қазақ»
газетін ұйымдастырды. Ал, төңкерістен кейін «Темірқазық» жур-
налын шығарды. 1896 жылғы Орыс үкіметінің Ф.А. Щербина
бастаған экспедициясына мүше болып қатысқан Әлихан көшпелі
шаруашылықтың жер пайдалану әдіс-тәсілдерінің заңдылықтарын
тереңірек зерттеп-үйренді. Экспедицияның мақсаты қазақтарды
қауымдық қоғамға бөліп, оларды шаруашылық жүйе бой-
ынша жіктеу, сол жеке шаруашылықтарға қажет төрт түлік
малдың көлемін есептеп шығару, әр түліктің керекті жайылым
мөлшерін жер нормасын анықтау сондай-ақ, этникалық жағынан,
жағрапиялық ерекшелігі мен тарихи даму тұрғысынан зерттеуді
көздеген еді.
1896–1903 жылдар аралығында бұл экспедиция осы
облыстардың он екі уезінен жинаған материалдар бойынша 13
томнан тұратын ғылыми зерттеу еңбегін басып шығарды. Осын-
дай іргелі ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатыса жүріп,
қазақ даласына байланысты Орыс Үкіметі нені көздейтіні,
олардың мақсат-мүддесі қандай екендігіне қанығады. Осы жыл-
85
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
дар Әлиханның терең философиялық әлеуметтік-саяси ой желісін
басқа арнаға түсірген еді. Елін құлдықтан, қараңғылықтан,
надандықтан құтқарудың жолына түсті. Ел тізгінін қолға алу,
еркіндік идеясынсыз оған қол жеткізу мүмкін емес-тін. Ол өзінің
артынан ерген қазақ зиялыларының арасында саяси күрескерлік
үрдіс қалыптастырды. Өз үзеңгілестерін рухани-адамгершіліктік
және дүниетанымдық ұстанымдары тұрғысынан алға қойған
мұрат-мақсаттары төңірегінде топтастыра алды да.
Алты Алаштың арысы атанған Әлихан ұлттық тәуелсіздік
жолындағы күресте оларды баулып, жетекшілік жасап артынан
ерте білді. Жалпыадамзаттық озық ойлар мен тәжірибелерден
үлгі алуды насихаттады. Ол Жапония, Германия, Америка, Ан-
глия, Дания, Швейцария, Аустралия елдерінің бай тәжірибелерін
зерттеп-зерделеді. Алаштанушы ғалым С.Аққұлұлы өз
зерттеулерінде: «Артта қалған феодалдық, аграрлық Күншығыс
елінің 1868–1889 жылдар аралығында ... әлемнің ең қуатты да
жетекші мемлекетіне айналған өте жемісті тәжірибесін Әлихан
мен оның жақын үзеңгілестерінің жіті зерттегені анық бола-
тын.... Егер жапондардың қайта өрлеу бағдарламасы тарихта
«Мэйдзи жаңғыруы» «Мэйдзи төңкерісі» деген атуларымен та-
нылса, ал «Алаш» бағдарламасы – сол «Мэйдзи жаңғыруының»
қазақша баламасы болатын» [5, 6 б.] – деп тұжырым жасайды.
Дегенмен отар елдер мен тәуелсіз елдер даму бағдарламаларын
жасауда біршама айырмашылықтардың болатынын ескеретін
болсақ, алаштықтардың бағдарламасы қазақтардың ұлттық иде-
ясын толықтай қамтитын болашақтың даму жолы болғандығын
айтар едік. Қазақ қоғамында орын алып отырған экономикалық
және әлеуметтік дағдарыстардан шығудың әр түрлі жолдарын
қарастырды. Осы тоқыраудың көлеңкелі жақтарын байқап қана
қоймай, одан шығудың жолдарын да көрсетіп отырды.
Жүз жыл бұрын айтылған осы ойдың өзектілігі қазіргі
қазақстандық қоғамда сол қалпында сақталып отыр. Қазіргі
кезеңде бәсекеге қабілетті елдердің қатарында даму үшін алдымен
адамның әлеуеті, білімділігі мен біліктілігін арттыру басты ныса-
нада болуы қажет. Әлемде елдің индустриалды-инновациялық
дамуы қызметкерлердің жоғары сапалы өлшемдерімен сипатта-
латын жаңа тәртіп орнауда. Бұдан біздің еліміз де тыс қала ал-
майды. Еркін бәсекелестікке негізделген нарықтық экономиканың
дамуы адамнан жауапкершілікті, жігерлілікті, белсенділікті та-
лап етуде. Онсыз адам табысқа жете алмайды. Қазіргі кезеңдегі
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
86
қоғамдық прогрестің негізгі мақсаты мен қажетті жағдайы ол –
адамды дамыту. Бұл бүгінгі таңда да, алыс болашақта да нағыз
ұлттық басымдылық болып табылады.
Алаштықтардың басты мақсаты халықтың тұтастығын сақтау
және оның еркіндігін жүзеге асыру болды. Алаш туының асты-
на қазақ зиялыларын топтастырған идеяның алдына қойған
мақсаттарының ең бастысы жер мәселесі болатын. Өйткені қазақ
мемлекеттілігін негіздеу территориялық тұтастық идеясынсыз
мүмкін емес-тін. Екіншіден, Алаш автономиясының жер үсті
және жер асты байлығы, суы алаш мүлкі болуға тиіс. Үшіншіден,
экономикалық тұрғыдан басыбайлы болмауы керек. Төртіншіден,
халықтың тілі, діні, ділі сақталуы қажет деген идея болса,
бесіншіден ұлттық демократиялық мемлекет құру еді. Қазақтың
жерге қатынасы олардың өмір болмысын анықтайды. Жер мен ел
егіз. Бүгінгі таңда елімізде жер туралы заңдарды қабылдау бары-
сында көптеген пікір-таластар туындап отырғаны шындық. Егер
өзіміздің өткенімізден тәжірибе алмасақ, оны сараламасақ, онда
сол қателіктерді қайталап отырымыз әбден мүмкін.
Халқымыздың тарихы өте ауыр да қиын кезеңдерге, қайғылы
оқиғаларға тола болды. Жоңғарлармен болған жүз елу жылға
созылған соғыстар, колонизаторларға қарсы үш жүз жыл
бойғы көтерілістер, кеңес билігінің репрессиялары мен әдейі
ұйымдастырылған аштық. Бірақ осы соққылардың барлығы да,
қандай болмасын сырттан болған еді. Халық төзді, сақталды,
әйтеуір өзінің ішкі бірлігін сақтап қалды. Ресей әкімшілігінің
шенеуніктері Ә. Бөкейханның жер қатынастары мәселесінің білгір
маманы екендігін мойындап, ол кісіден ақыл-кеңестер алып тұрған.
Ол ұлтымыздың дәстүрі мен тарихының білгірі, өлкетану жағынан
нағыз энциклопедист-ғалым болатын. Қалыптасқан экономикасы
негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі халықты
бірден егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа айналдырудың
асығыстық екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп көрсеткен бо-
латын. «Мемлекет қазақты өзінің баласының бірі қылса, қазақты
осы тұрған шаруасын бұзбай орналастырар еді. Сонда қазақ неше
жылда эволюция жолымен бірте-бірте отырықшы болар еді» –
деп қорытындылайды [1, 28 б.].
Әлихан Бөкейханның өрелі ой-тұжырымдарының негізгі
алтын қазығы еркіндік идеясы болды. «Жұрттың тірлік күйде,
я өлімтік күйде өмір шегуі өзінің жігерінен болады» [1, 65 б.]
|