Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
68
Бір қараған адамға Ғұмар Қараштың адам өмірі туралы
көзқарастары қарама-қайшылықты, шым-шытырықты көрінері
рас. Бірақ осының өзі оның үнемі дүниетанымдық ізденісінің
бір қатып қалған жүйеде емес, тар жол, тайғақ кешу соқпағында
дамығанын көрсетеді. Ол өзі үшін ғана емес, халқының болашағы
үшін тынбастан ізденді, әртүрлі діни-философиялық ағымдардың
басын біріктіруге тырысып, қазаққа пайдалы ой түйді. Оның
туындыларының құндылығы да осында. Ұзақ жылдар бойы
«діндар ақын» аталып, шығармалары шаңға көмілген ойшылдың
туындылары халқына енді жетіп жатыр. Ғұмар Қараштың ой-
лары заман ағымымен үндестік тауып, болашағымыз не болады
деп алаңдаған халықтың да, не үшін өмір сүріп жатырмын деп
мазаланған адамның да көкірегіне керемет сенім ұялатады.
Тыңдап көріңіз: «...Бір ұлттың адамдарында үміт, қайрат-жігер
сияқты ерекшеліктер мықты болса, ол ұлт ғажайып сенімділікпен
дамып кетер еді. Керісінше, ұлт адамдарында қорқақтық,
үмітсіздік қасиеттері жол алса, дамымақ былай тұрсын, өмір сүре
алмау қаупіне душар болады. ...Келешекке үмітпен қарауымыз
керек» [19, 177 б.].
Ғұмар Қараштың философиялық ойларында XX ғасырдың
басында қазір біз өмір сүріп отырған кезеңге өте ұқсас дәуірде
өмір сүрген қазақ зиялыларының адам, өмір, өмірдің мәні тура-
лы көзқарастары айқын бейнеленіп, ортақ тұжырым тапқандай.
Қоғамдық дамудың да, жеке өмірдің қиындықтарына қарамастан
олар өмірден, болашақтан үмітін үзбеді, елін, қазақ баласын
көркейту жолында талмай еңбек етіп, бізге де, әлі талай ұрпаққа
да үлгі болар мәнді өмір кешті.
Әдебиеттер
1 Нурышева Г.Ж. Общественное сознание казахского общества кон-
ца XІX – начала ХХ век: Диссертация на соискание ученой степени кан-
дидата философских наук. – Алматы, 1992. – 25 с.
2 Қирабаев С. Жырдарияның ұлы жылғасы. // Егемен Қазақстан. –
1993. – 17 сәуір.
3 Торайғыров С. Социализм // Торайғыров С. Екі томдық шығ.
жинағы. 2-том. Алматы: Ғылым, 1993. – 200 б.
4 Шәкәрім. Мәнді сөздер. /Шәкәрім. Шығармалары. Алматы, 1992.
– 546 б.
69
I тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының
рухани мұрасын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
5 Торайғыров С. Айтыс. //Ана тілі. – 1992 . – 7 мамыр.
6 Әуезов М. Философия жайынан. //Абай. – 1918. – №3. – (8).
7 Байтұрсынов А. Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің (Вольтер-
ден). //А. Байтұрсынов. Ақ жол. – (83).
8 Дулатов М. Адамға тіршілік не үшін керек? /Дулатов М.
Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б. – (235).
9 Айтқазин
Т.
Қазақтың
қоғамдық
мұраттарына
тарихи-философиялық талдау: Филос.ғылымд.докт.ғыл. дәреж.алу үшін
дайынд.дисс. – Алматы, 1994. – (151).
10 Мырзалиев Қадыр. Құлшыну мен тұншығу // Қазақ әдебиеті. –
1989. – 28 сәуір. – (10-11).
11 Жұмабаев Мағжан. Сүйемін /Әлем. – Алматы: Жазушы, 1991. –
448 б. – (63).
12 Жұмабаев М. Өмір. //Жұмабаев М. Таңдамалы. – Алматы: Ғылым,
1992. – 272 б. – (55).
13 Жұмабаев М. ...Альбомына // Батыр Баян /Құраст. Е. Асқаров. –
Астана: Елорда, 1998. – 330 б. – (177).
14 Қараңыз. Шәріп Амантай. Қазақ символизмі // Қазақ әдебиеті. –
2000. – 9 шілде. – № 28. – (3-5).
15 Шаронов В.В. Смысл жизни: пути постижения и обретения. //
Смысл жизни. – Нижний Новгород. -1995. – (47).
16 Жұмабаев М. Қазақ оқығандары. //Халық кеңесі. – 1990. – 29 ма-
мыр.
17 Бірінің амандығын бірі тілеп / Хаттарды ұсынған Д. Қамзабекұлы.
//Егемен Қазақстан. – 1992. – 28 наурыз.
18 Кенжалиев И. Ғұмар Қарашұлы туралы кейбір тың мәліметтер. //
Ақиқат.- 1995. – №4. – (74).
19 Қараш Ғұмар. Аға тұлпар // Қараш Ғұмар. Замана/Құраст. – Қ.
Сыдиықов. Алматы: Ғылым. -1994. – 240 б. – (73).
20 Имам Ғазали. Бақытқа жету әліппесі. – Алматы: Қасиет, 1998. –
120 б. – (70).
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
70
II тарау. АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ САЯСИ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ
2.1 Ә. Бөкейханның әлеуметтік-философиялық идеялары
Алаш қозғалысы ХХ ғасырдың басы қазақ халқының Ре-
сей Империясының құрамында бүтіндей басыбайлы түрде
өмір сүрген шақтарында өріс алған еді. Әлихан Бөкейхан, Ах-
мет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай,
Мағжан Жұмабайұлы тұсындағы қазақ философиясы мен
саяси-әлеуметтік ойы шектеулі еркіндікте дамыды. Өйткені
олар дербес ұлттық мемлекеттілік жайлы мәселелерді үкіметтің
қатаң бақылауы астында жүріп жүзеге асыруға талпынды.
Әлихан Бөкейханның шығармашылығы – ХІХ және ХХ ғасырлар
тоғысындағы әлемдік деңгейде өтіп жатқан тарихи үдерістерге
саяси-философиялық тұрғыдағы талдаулар болып табылады.
Осы еңбектері арқылы ол дүниетанымдық, философиялық,
мәдени-рухани негіздерді де қозғаған болатын. Қазақ зиялылары
ұлттық тәуелсіздік, автономия, бостандық туралы көзқарастарын
демократиялық дүниетанымдарымен байланыста өрбітті. Замана
тынысын зерделей келе Алаш қайраткерлері ендігі жерде ұлттық
дамуды жетілдірудің жолдарын Империя құрамында іздестірді.
Алаш көшбасшысының ұлттың әлеуметтік-мәдени және рухани
өркендеуі жайлы көзқарастары мен ұстанымдары қазіргі кезеңдегі
ұлттық өркендеумен үндес болып отыр.
Ресей мемлекетінде болған іргелі оқиғалар сол мемлекет-
ке тәуелді елдер өміріне де өзінің әсерін тигізбей қоймады.
Қалыптасып отырған жағдайлармен байланысты Әлихан
Бөкейханның қазақ мемлекеттілігі жайлы идеялары нақ осы
жағдайлармен байланысты туындады. Санкт-Петербордың
Императорлық орман шарауашылығы институты мен Санкт-
Петербор университетінің заң факультетін бір мезгілде бітіріп
шыққан жас маман сол кездің өзінде Ресей мемлекетінің астанасы
жұртына марксизм теориясының білгірі ретінде танымал болған
71
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
еді. Оның қазақ қоғамдық қатынастарындағы қайшылықтарға
жасалған талдаулары, ғылыми сараптамалары қазақстандық
ғылым дамуына қосылған зор үлес. Энциклопедист-ғалымның
ана тілімізде жарияланған еңбектерінің дені қазақ халқының та-
рихына, экономикасына, шаруашылық жүргізу тәсілдеріне, ру-
тайпаларының шежіресіне, тұрмыс-салтына, қазақ жерлерінің
отарлану тарихы жайындағы ғылыми зерттеулер мен
публицистикалық мақалалар болып табылады. Бүгінгі таңға дейін
Алаш көшбасшысының еңбектері толық жиналып біткен жоқ. М.
Қойгелдінің құрастыруындағы публицистикалары мен ғылыми
мақалалары, аудармалары, К. Нұрпейсовтің тарихи зерттеулері
бар. С. Аққұлұлы Әлихан Бөкейханның шығармалар жинағының
жеті томдығын жарыққа шығарды.
Қазақ қоғамының осындай мүшкіл халге душар болған жағ-
дайында ұлт зиялыларының басты мақсат-мүддесі қайткен күнде де
халықтың тұтастығын сақтап қалу және ілгері кеткен жұрттардың
қатарына қосу еді. Бұл жерде ең бастысы философиялық дүниета-
нымдар мен көзқарастардың ортақ мәселесі қазақ қоғамын
жетілдіру мен ұлт тәуелсіздігі болды. Жалпыұлттық мақсатқа
жету үшін ұлтты ұйыстырудың тетіктерін, яғни ұлтжандылықты,
ауызбірлікті, ынтымақтастықты орнықтыруды алдыңғы орынға
шығарды. Алаш Көшбасшысы осы қағиданы өз іс-әрекеттерінің,
мақсаттарының, жан-дүниесінің үнемі бағыттаушы күші ретінде
ұстанды да. ХХ ғасырдың басында батыстандырылу жайылған
әлемде қазақтардың дәстүрлі құндылықтары ығыстырылып,
халық рухани күйзелуді бастан кешті. Әлемге деген өзіндік
өзгеше бір қатынас, өмірді, әлемді өзгеше түйсіну, онымен өзгеше
бір үйлесу ендігі жерде келмеске кетеді. Қазақтар өздері үшін
адамдықпен бара бар деп түсінетін, өз болмысын қалауынша өздері
анықтайтын күйден мүлдем айырылды. Көшпелілердің дәстүрлі
тұрмыс-тынысы тарылған
әлемде өркениеттер қақтығысына жол
ашылған болатын.
Заманауи қоғамдық сұраныс көрсетіп отырғандай
мемлекеттілігімізді нығайтуда ұлттық сана архетиптерін
жаңғыртудың тигізер үлесі зор. Қоғам өміріндегі келеңсіздіктер
қазіргі кезде де белең алып отырған жағдайлар. Бұл әсіресе
жаһанданудың қарқын алуымен ушыға түсетін құбылыстар болып
табылады. Осыған орай адамның рухани жетілуінің тетіктерін іске
қосу қажеттілігі туындауда. Болашақтағы қарқынды қазақстандық
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
72
қоғам халықтың санасында қазақтардың рухани құндылықтарын
орнықтыру негізінде ғана құрылуы мүмкін. Ұлттың рухани
даму мәселесі ғасыр жарым уақыт өтсе де, ұлы ойшыл Абайды
толғандырған «сол жаңғырық» күйінде, қазіргі тәуелсіз Қазақстан
жағдайында да көкейтесті қалпында қалып отыр. Өйткені мәселе
дүниетүсінікті, дүниетанымды, дүниеге көзқарастарды өзгертуде
болып табылады. Алашордалықтардың басты мақсаты тәуелсіз,
ізгілікті, зайырлы қоғам құру болатын. Қазаққа сөз үйреткен
Алаш Көшбасшысы ұлттық рухты өркендетуге арнаған салмақты
ойларын көбінесе ана тілінде жазды.
Қазақ зиялыларын айналасына топтастырып, жол көрсетіп,
ұйыта білген көшбасшыны халқы еркелетіп алаштың Әлиханы деп
атады. Алаштың Әлиханы ең алдымен ұлтты рухани жетілдірудің
жолдарын іздестірді. Мәселені философиялық тұрғыдан талдап-
тарқата келе: «Адам баласы өзге хайуаннан айрылғанда ақылды
болып, қолы шебер болып айрылады. Байлық түбі – ақыл һәм қол
ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымай-
ды» – деп жазды [1, 39 б.]. Еуропа мемлекеттерінің ұлылығын арт-
тырып отырған халықтың ақылы мен ұсталығы. Сахара жұртының
мал бағып жүрген жеріне орыс мұжығы келе салып қазына суы-
рып алып байып отыр. Негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығының
төңірегінде болған қазақтың өрісі тарылған мына заманда қандай
амалдар арқылы жаңғырту керектігін: «Өз жеріне өзі қызмет
қылмай, іске жаратпай, жер закон арқылы менікі деген башқұрт
пен қазақ, атадан қалған көп қазынаны басқан жаман бала сапа-
рында емес пе? Бұл тіршілік – үлкен талас, бір бәйге, жүйірік ала-
ды, шабан қалады. Жүйіріктік ақыл, ұсталық, жаһитшілікте» – деп
жазды [1, 40 б.]. Алдымен қоныстас жаңа көршілерден шеберлікті,
кәсібилікті, өнімді еңбек етуді үйренуге шақырды. Мейлі мал бақ,
мейлі егін сал бірақ сол істе шебер бол, мал тұқымын асылдандыр,
жеріңді өңде, салған егініңді бапта. Қандай іспен шұғылдансаң
да кәсіби шеберлік, іскерлік, білімділік қажет екендігін әрбір
мақаласында жан-жақты талдап, ғылыми тұрғыдан тұжырымдар
жасады.
Осы кезге дейін мал бағып, малының артынан еріп көшкен
қазақ сияқты халық байлық, қазына мал кіндігінде деп біледі.
Мың қойды бір-екі қойшы бағатын жұрттың сиқы «тамақ, ұйқы,
жалқаулық» – дейді. Еріншек езге жол, бәйге, сыбаға жоқ. Адам-
ды еріншектікке, жалқаулыққа, тоғышарлыққа душар еткен
73
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
олардың тұрмыс-салттары ғана емес, халықтың ғылым-білімнен
кенжелеуінен, қараңғылығынан деп білді. Халықтың көзі ашатын
мектеп-медреселер ашылып ғылымның жайылуына жол ашу,
халықтың денсаулығына күзетші ауруханалар салуды бірінші
кезектегі мәселе етіп қойды. Халықтың байлығының азайып
көбеймегіне әр жұрттың тұрмысына қарай әртүрлі себептері
болатынын, сол себептердің түп негізін Әлихан өз жұртының
экономикалық жағдайын талдаудан бастайды. Заманның
өзгеруіне байланысты дүние керегінің бәрін қолдағы алтынымыз-
ды беріп бәрін сырттан сатып алып отырмыз дейді.
Басқаларға жем болмай сауда серіктіктерін құру, әлеумет
дүкендерін ашу керектігін бірігіп іс қылуға шақырды. Яғни ко-
оператиптер құру қажет деп тапты. Тоқыраудың негізгі көзі
шаруашылықтың бір ғана түрімен айналысуда болып отырған
жоқ. Бұл жерде адам ақыл-ойы, шеберлігі қажет деп түйіндейді.
Қазақ болмысын жаңа арнаға бұруды көздеп, әлеуметтік
өзгерістерден артта қалмау үшін алдымен адам бойындағы
бойкүйездіктен арылу қажет деп білді. Дүниеде қазақтан басқа да
елдерде мал бағады. Мысалға Швейцария мен Австралия сияқты
Еуропа елдерінде де қой бағып мал шаруасымен айналысып отыр.
Олардың жері аздығына байланысты мал басын азайтып, сүйегін
асылдандырып өздері қала болып отыр [2, 144 б.].
Алаш Көшбасшысы қазақтардың осы мал шаруашылығын,
көшіп-қонуын бірден отырықшылыққа ауыстыруға болмайтынын
да негіздейді. Ақыл да, ұсталық та оқумен, істеумен жүре ұлғая-
ды. Мемлекеттің күштілігі мен әлсіздігін адамдар мен олардың
дарындылықтары анықтайды деген Вольтердің пікірімен қазақ
ойшылың ойлары тоғысқандығы көрінеді. Қазақ қоғамын сапалық
деңгейге көтеру адамдар санасын жетілдіру арқылы, ұлттық на-
мысты ояту арқылы болады деп түсінді.
Әлихан Бөкейхан өзінің сараптамалық талдауларында адам
жасампаздығы мен шығармашылық әлеуеті елдің экономикалық
жағынан ғана дамуына әсер етпейді, адамдардың интеллекту-
алды, рухани өсуінің алғы шарттары деп түсінгенін байқаймыз.
Қазақтар төл мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерін сақтай оты-
рып, Батыс өркениетінің үлгісі бойынша эволюциялық жолмен
қоғамды түбегейлі өзгерткенін қалады.
Әлихан бұл ойларын қазақтың ұлан-ғайыр даласын мекенде-
ген халқының арасында баспасөз арқылы публицистикалық
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
74
мақалалар, ашық хаттар түрінде таратты. Қазақтың көзі ашық
оқыған азаматтарын осы мәселе төңірегінде талқылауға қатысуға
шақырды. Мақсаты халықтың ұлттық сана-сезімін ояту. Жалғыз
ақпарат көзі болған газет жұмысын жандандыруды алдымен
байтақ елдің түкпір-түпкіріндегі болып жатқан оқиғалар жайы-
нан материал жинаудан бастап үйретті. «Сахара жұрты арасында
неше обласной мекеме, неше мировой судья, неше крестьянский,
уездный начальник мекемелері бар, осының әрқайсысында тым
болмаса бір қазақ переводчик бар, окружной сот переводчиктері
ғұмыр бойы қазақты аралайды. Газетаға ғұмыр айнасына әсіресе
керегі сот отчеты. Сотта ғұмыр ісі бояусыз көрінеді. Толстойдың
сот отчетын зерттеп алып роман жазатыны осы» – деп атап
көрсетті [1, 172–173 бб.)].
Жұртқа пайдалы істерді, түйткілді мәселелерді баспасөз
арқылы ақылдасу көшпелі өркениетке енген жаңашылдық бо-
латын. Сахара халқы үшін газеттің рөлі жайлы былай деп жаза-
ды: «Европа газеталарының тарихына көз салсақ көрінеді: жұрт
надан газета оқушы жоқ болса, бұған Шекспир, Толстой да түк
амал қыла алмайды.... Еуропада газета ғұмыр айнасы. Ғұмырда
не болса газетада көрініп тұрады. Газетаны оқып жұрт өзін-өзі
көреді, өзін-өзі біледі» [1, 173–174 бб.]. Салғырт, әлі де бұрынғы
көшпелі тіршіліктен арыла алмай марғау күй кешудегі халқына
жан айқайын тіптен өлең жолдарымен жолдайды:
Сипалап айналама қол сермедім,
Жастардан еріншекті мен көрмедім!
«Қазаққа» бар білгенін жазып тұрса,
Еріншек біздің жастар мен дер ме едім?
Осылар хабаршы – тілші болса, мен мұны жазамын ба?
Өзі сол газеталарға тілші, сыншы да болып қызмет атқарды.
Газетаның қашса құтылмайтын бір ісі саясат жолы. Мұнымыз
үкімет пен жұрт арасы. Жұрт үкіметпен қасыныспай, арбаспай
ғұмыр сүрмес. [2, 172–173 бб.]. Жалпы ағартушылық идеясын тара-
ту арқылы марғау қазақты саяси сауаттандыруға, белсенділіктерін
арттыруға, оятуға, өз тізгінін өзі ұстайтындай халге жетуге үндейді.
Кең байтақ дала жұрты арасына таралған осы газеталар олардың
саясат ісінен хабардар етті.
Енді осы жазылған сөз бен ойдың жүзеге асырылуы әуелі
ақыл-ой болып басталады дейді. Ақылды сөз қылу сондай қиын.
75
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Орыс жұртының асқан ақыны Пушкин бір хатын отыз қайтара
түзетіп басушы еді. Ал сөз сөйленді, сөз жазылды, бұл іс бола
қоя ма? Адам баласы сөзін жазып, тасқа басып сақтағаннан бері
түзулік, әділдік, жақсылық жол айтқан кітаптар жазылған, қані
бұл кітаптардағы сөз іс бола қойғаны!? [ 2, 118–119 бб. ].
Сөзден іске көшуді жөн көрген Алаш көшбасшысы мәселені
философиялық түйінін шешеуге талпынады. Патша үкіметі
құлағаннан кейін бостандық, теңдік орнады, енді осы еркіндікті
қалай пайдаланамыз деген мәселеде, Әлихан былай дейді: «Саба-
сына қарай піспегі болады. Жұртқа бостандық, теңдік, туысқандық
болған соң, жұрт бостандықты бұлданып, өз тізгінін өзі алып,
қағушы, соғушы, күзетуші енді өлді деп күшейуі керек еді. Жұрт
теңдікті бұлданып, ер-әйел, бай-кедей, мырза-бұқара, төре-
қара, ақсақал-жас деп бөлмей бәрін тең ұстау керек еді. Жұрт
бостандықты бұлданып, бір туған ағайын, құда тамыр, қарындас,
көрші демей барша адам баласымен ағайындық, туысқандық жо-
лына тарту еді» [2, 395]. Адамды рухани-адамгершіліктік жағынан
жетілдірудегі осы идеяларды көзі қарақты оқырман шариғаттан,
інжілден, будда оқуынан, Л.Н. Толстой философиясынан таба
алады дейді. Және осы үш ұраннан басқа адам баласына бақыт,
махаббатына жол жоқ екендігін баса айта отырып, қалғаны
хайуандыққа бастайтын жол екендігін ашық түрде жазады. Әлихан
бүкіл адамзатқа бауырмашылық, ағайынгершілік көзқарастағы
Лев Толстойдың дүниетанымдық негіздемелерін басты бағдар
етіп ұстанды. Сондықтан да екі ойшылдың жалпыадамзаттық
құндылықтар, бақыт пен махаббат жайлы ой-толғамдары бір ар-
нада түйіскен.
Ізгілік пен зұлымдық, өмір сүрудің мәні туралы орыс
ойшылының көзқарастары нағыз гуманиске тән еді. Адамшылық
қарым-қатынас орнатудағы мейірімділікті руханилықтың негізі
ретіндегі маңызын алға шығарады. Күш көрсету дегеніміз ұлы
орыс ойшылының философиялық түйіндеулерінде зұлымдыққа
пара-пар. Ол адамдар арасындағы махаббатты басқаларға
зорлық-зомбылық көрсетпеу деген болатын. Лев Толстой
түсінігіндегі махаббат адамның әлеммен, айналасындағы адам-
дармен адамгершілікті тұрғыдан қарым-қатынаста болуының
негізі. Осындай адам болмысының мәні жайындағы Толстойдың
гуманистік философиялық ойларын Әлихан Нұрмұхамедұлы
өзінің әлеуметтік-философиялық еңбектерінде әрі қарай өрбітті.
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
76
Өз заманындағы әлемде болып жатқан қан төгіс соғыстардың
себебі неде деген сұраққа, адамдық кейіптен шығу деп қорытынды
жасайды. Өйткені Толстой заманы құндылықтық сана дағдарысқа
ұшырап, адамшылық өлшемі құлдыраған кезеңдер болатын.
Бөкейханов өзінің «Ұят-ай» атты мақаласында «Дарвин, Уэлс,
Спенсерлерден бері ғылым жолы адамзат барша «туатын, өлетін»
затпен бір тұқымдас» дейді [2, 120 б.]. Адамзат екі аяқты, сөйлейтін
сөзді ұятты болып өзге қалған хайуаннан айрылады» [2, 120 б.] –
деп жазды. Әлихан Нұрмұхамедұлының адамдықтың белгісі жай-
лы пайымдаулары тек қана орыстың озық ойлы ойшылдарының
ғана емес, Вольтердің, Руссоның, Дидроның көзқарастарымен
үндес екендігін байқаймыз.
ХХ ғасыр басында Үкімет мұжыққа дүре соғуды заңдастырмақ
болғанда Лев Толстой бұл қадамды хайуандыққа қайту деп есеп-
теген болатын. Қазақ ойшылы да адамдықтың басты белгісі ұят
дейді. Мемлекетті басқару, адамды рухани-адамгершіліктік
жағынан жетілдіру, қоғам өмірін ұйымдастыру түрлеріндегі
«надандықтың» теріс салдарларын жою туралы алдыңғы қатарлы
прогресшіл ойларды қуаттап, соны қоғам өміріне енгізуге ты-
рысты. Ең бастысы Алаш көшбасшылары жоғары рухани-
адамгершілікті жетілдіруге басты назар аударды. Адамзаттың
өзге жаратылыстардан айырмашылығы «хайуанда ұят жоқ, адам
ұятты» – дейтін орыстың діни философы В Соловьевтің пікірін
толықтай жақтайтынын Әлихан ашық түрде жазған болатын. Ре-
сей мемлекетіндегі болып жатқан оқиғаларды жіті көзбен шолып,
ой елегінен өткізіп қана қойған жоқ. Белгілі дәрежеде ізгілікті
қорытынды жасап отырды.
Зерделі ғалым замана көшіне ілесе алмай, ғылым-білімнен
кенже қалған жұртының өткенінен сабақ ала біліп, болашағын
болжай алды. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің қазақ
халқының болашақ дамуына пайдалы және залалды жақтарын
жан-жақты зерделей келе Әлихан Нұрмұхамедұлы «Сайлау»
атты мақаласында қазақ қоғамындағы мерездердің себеп-салдар-
ларын талдап-тарқатады. Бұл еңбекте рухани-өнегелілік және
дүниетанымдық ұстанымдарды саралауда ғылыми тұрғыдан
дәл анықталған ұғым-түсініктерді кездестіреміз. Империялық
пиғылдағы Орыс мемлекеті қазақ даласын жағрафиялық жағынан
ғана зерттеп қоймай, әлеуметтік-саяси қоғамдық құрылысын да
зерттеу объектісіне айналдырған болатын. Әуелі халқымыздың
77
II тарау. Алаш қайраткерлерінің
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
аңғал, ақкөңіл, мәрт, жомарт, қонақжай сияқты жақсы қасиеттерін
пайдаланып, оның ішіне кірді. Халықты тұтастығынан айы-
ру басты нысана етіп алынды. «Бөлшекте де, билей бер» деген
қағиданы мықтап ұстанған орыс шенеуніктері біртіндеп өзара
алауыз болып отырған елді кедергісіз, соғыссыз жаулап ала баста-
ды. Енді, жаңа қоңсымыз жақыннан біздің осал жақтарымызды,
руға бөлінушілігімізді, мансапқорлығымызды тағы басқа толып
жатқан кемшіліктерімізді білген бойда ағайындар арасында дау-
жанжалдар туғызуға лайықты әдіс-айлалар ойлап тауып отырды.
Адамзатты аздыратын әмбебапты жаман қасиеттер қазақтарда
осы жағдайда тіптен етек жайды. Ресейге қараған кезден бастап
жалақорлық, даукестік, іштарлық, мансапқорлық сияқты келеңсіз
әдеттер сахара жұрты арасында әсіресе ел тізгінін ұстаған кісілер
бойынан көрініс бере бастады. Олар әртүрлі тәсілдер арқылы
қазақтар арасында іріткі салудың, бір-біріне айдап салу саясатын
ұстанды.
Олжас Сүлейменов Ғылым Академиясының шығарған
«ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихының құжаттары» атты екі
томдық еңбекті шолып шыққанда одан сахараның ірілі-ұсақты
ел билеушілерінің мыңдаған арыз-шағым, сөз тасу, өсек-аяң,
жалақорлық өтініштерінен басқа көз тоқтатарлық ешқандай
деректі кездестірмегендігі жайлы қынжылыс білдірген болатын.
Бұрынғы ел билеушілер өз ара таласып-тартысып, күш-қуатының
барлығын қырқысқа сарп еткен. Қазақтың осындай күйге душар
болуын Әлихан Бөкейхан біржағынан ел басшыларында әділдіктің
жоқтығынан көрсе, екінші жағынан ел ішіндегі берекесіздіктің
салдары деп түсінді. Ғасырлар бойы сахарада билік тізгіні кісілік,
тұлғалық қасиеті бар адамдардың қолдарында болған еді. Өкінішке
орай Әлихан заманында ол өлшемдер ысырыла бастады. Басқару
жүйесі жергілікті жердегі дәстүрлі қоғамның ерекшеліктеріне
қарама-қайшылық туғызды. Қазақ қоғамының әлеуметтік сыншы-
сы Абай наразы болған қазақ ішіндегі сайлау өткізудің ұнамсыз
жақтарына сыни көзқарастарын Әлихан да ортаға салды. Қазақ
қоғамын жайлап бара жатқан келеңсіздіктерді жоюға бағытталған
мақалалар жазды.
Қазақтардағы болыс сайлаумен болсын деген закон 1905 жылы
16 шілдеде шықты. Қазақ жұртының осы закон арқылы өз тізгінін
өзі алып жүретін жөні бар. Жұрттың осы законды да пайдала-
на алмауы өздерінің үлгісіз, рәсімсіз екендіктерінде. Бұған қоса
|