Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
40
Батыс пен Шығысты қосатын көпір де емес. Шынында да, қашанғы
Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпір бола бермекшіміз?
Біз, әркім үстімізден өте беретін жол емеспіз ғой? Біздің өз
мәдениетіміз бен өркениетімізді, ұлттық құндылықтарымыз бен
қадір-қасиетімізді әлемдік аренаға көтеретін шақ келген сияқты.
Жол, көпір ұғымдары екі жағаны жалғастырушы мағынасына ие,
сонда әлемдік өркениет өресінде біздің алатын орнымыз осы көпір
ұғымымен шектеліп қана қала ма? Бұл жерде көпір, жол ұғымдары
екі мағынаны аңғартатындай. Бірі, егеменді Қазақстанның
жалғастырушы мәдени көпір ғана емес, сан ғасырлық шежіресі,
өзіндік төлтума мәдениеті мен өркениеті бар, іргесі кең, еңселі
ел екендігі болса, екіншісі, кез-келген үғымды тарихи айналымға
ендірмес бұрын, сол ұғымдардың теріс пікір тудырмайтындығына
көз жеткізіп, дұрыс мағынада қолдан-ғанымыз жөн. Жалпы
қазақ өркениетінің рухани тірегі ретіндегі қазақ философиясы
кешеуілдеп зерттеліп жатқаннан болар, көптеген ұғымдар мен
аудармалар оқырман қауым арасында кері түсінікке ие болып,
басқаша ойлауға түрткі болып жүр. Демек, қазақтың ұлттық са-
насын зерттеуді ең алдымен ұғымдарды дұрыс қолданып, ғылыми
айналымға дұрыс енгізуден бастау керек сияқты. Өйткені, дәстүрлі
мәдениетіміздің іргетасы осы ұғымдармен тікелей байланысты
қаланбақ.
Жаншылған сана қайта бас көтерген 1986 жылғы Желтоқсан
көтерілісінен кейінгі өтпелі кезеңді қамтыған бастапқы жылдар
ішінде аномиялық деңгей байқалғанымен, өткен ғасырдың аяғы
мен осы XXI ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап, жылдамырақ
өрлеу деңгейі байқалады. Себебі соңғы жылдардың көлемінде
қазақ ұлты белсенді түрде ояну үдерісін басынан өткеріп жатыр.
Жоғала жаздаған тілі, діні, ділі, мәдениетін қайта қалпына келтіру
үшін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жасалып
жатқан ауқымды ғылыми зерттеу жұмыстары соның айғағы. Мұның
үстіне, зер салған адамға қазір қазақ ұлтының рухани жаңарып,
өшкенін жандырып, өлгенін тірілтуге тырысып жатқандығы көрінер
еді. Осыған қарап қазіргі кездегі ұлттық пассионарлық кернеудің
шамасы – шындығында да өрлеу сатысында екендігіне толық көз
жеткіземіз. Демек, келесі пассионарлық жарылыстың да этностық
кеңістік үшін уақыты аса алыс болмауы керек.
Қазіргі тарихи жаһандану кезеңінде, яғни ХХI ғасырдың ба-
сында қазақ халқының ұлттық санасы мен дүниетанымы жаңарып,
өзiн-өзi жүйелі түрде тану, сөйтіп өзiн басқаға таныту, өзiнiң бай
41
I тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының
рухани мұрасын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерiн қастерлеу
мен құрметтеу, ұлы тұлғалар мен ойшылдарын бүкiл дүниеге
таныту, бай рухани және мәдени қазынаны әлемдiк өркениетпен
ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылып жатыр және
атқарыла бермек. Дегенмен осы заманауи маңыздылығы бар нағыз
рухани қайта түлеу мағынасындағы іс-әрекеттердің іргетасы со-
нау ХХ ғасырдың басындағы әйгілі қазақ зиялыларының шынайы,
халық сүйгіш қызметтерімен астасып жатады, солардан бастау
алады. Сондықтан ұлттық намыс пен тарихи тамырластықтың
көрінісін жандандыру арқылы өте бай этностық мәдени
мұрамыздың рухани келбетін өзектендіре түсеміз, данагөй ой-
шылдар мен тұлғалардың есімін халық жадында сақтаймыз.
Осындай ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықтың арқасында
тарихи көпірлер жалғасатыны белгілі.
Осындай антологиялық ұстынмен, ғылыми ұстаныммен
жүйелеу философиялық пайымдау қисынына сай келетін
құрылым немесе бағдар болады [19].
Қазақ халқының сан ғасырлардан бері өз уақытын куткен ру-
хани түлеуге, әлеуметтік жаңғыруға, этникалық бұлқынысқа деген
ұмтылысы және сонымен қатар ұлттық болмысындағы әмбебап
дүниетанымдық мәселелерді терең пайымдауға деген талпыны-
сы, негізінен, іргелі мағынада XX ғасырдың басына дөп келген еді.
Сол тарихи кезеңде қазақ болмысында біршама сауатты, әлемдік
тарихи процестен жан-жақты түсінігі бар, этникалық өзіндік са-
насын жетілдіруге ұмтылған ұлттық интеллигенция қалыптаса
бастайды. Сөйтіп, қазақ қоғамында алғашқы рет кең-байтақ
еліміздің әлеуметтік-этникалық кеңістігінде өркениеттілікті,
тұтастанған ұлттық дамуды мақсат еткен зайырлы қоғамның
принциптері қалыптаса бастаса, екінші жағынан, ислам дінінің
кұндылықтары қоғамды санада жаңғырып, әлеуметтік және саяси
мәселелермен астасып, жаңаша маңыздылыққа ие бола бастайды.
Діннің догматтық түрдегі таралуынан гөрі, жүрекке жайлы бола-
тын, адамның рухани көзін ашатын формасына қажеттілік арта
түседі.
Қоғамдық сананың жаңа кейпі ретіндегі, исламды
қабылдаудағы реформизм сияқты, жәдидизм бағытының қазақ
жерінде орныға түсуі ежелден келе жатқан сопылыққа де-
ген құрметпен бірге орныға бастайды. Сонау араб жеріндегі
мұсылмандықтың орталығы болған Меккеге, яғни Қағбаны ны-
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
42
сана етіп алған қажылық жасау үрдісі нығайып, оған баратын
қазақтардың саны көбейе түсті. Бұл процестердің тереңінде
қазақ қоғамының өзін өзі танып-білуге, әлеуметтік дүниені
өзгертуге деген үлкен талпынысы жатқаны белгілі болатын. Енді
осы мәселелердің кейбір теориялық тұстарына тоқтала кетелік.
Ол үшін әлемдік философия тарихына, оның ішінде қазақ
философиясының тарихына қатысы бар мәселелер төңірегінде
кейбір ойларды да ортаға салуды жөн деп санаймыз.
Ә дебиеттер
1 Нұрышева Г.Ж. Общественное сознание казахского общества на-
чала XX века. Алматы, 2001. – 74 с.
2 Нұрмұратов С.Е. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі саяси-
әлеуметтік ахуал // Қазақ даласының ойшылдары (XVIII–XIX ғғ.). 4-кітап.
Алматы: Философия және саясаттану институтының компьютерлік ба-
спа орталығы, 2004. – 309 б.
3 Нысанбаев Ә.Н, Ғабитов Т.Х, Нұрмұратов С.Е. Кіріспе // «ХХ ғасыр
басындағы қазақ философиясы». Жиырма томдық. 11-том. Астана: Ау-
дарма, 2008. – 445 б.
4 Құрманғалиева Ғ.Қ. Ш.Ш.Уәлихановтың әлеуметтік прогресс иде-
ясы және қазіргі маңызы // Қазақ философиясының тарихы (Ежелгі
дәуірден қазіргі заманға дейін). Қазақтың ағартушылық философиясы.
Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты,
2015. – 390 с.
5 Жұмабайұлы Ж. Педагогика. – Алматы, 1992. – 115 б.
6 Бөкейханов А., Байтұрсынов А., Дулатов М. «Алаш» партиясының
программасы // Қазақ. 1917. – 251 б.
7 Baurzhan Moldagaliev, Murat Smagulov, Bakhytzhan Satershinov and
Ayazhan Sagikyzy. Synthesis of tradicional and Islamic values in Kazakhstan
/ European Jornal of Science and Theology. October 2015 Vol. 11 No. 5 ISSN
1841 – 0464. P. 217–231.
8 Сатершинов Б.М. Қазақстан мәдениетінің тарихы мен теориясының
кейбір мәселелері. – Алматы: Сорос-Қазақстан қоры – Атамұра, 2001. –
160 б.
9 Абай. Қара сөз. Поэмалары. – Алматы: Ел, 1993. – 272 б.
10 Ошақбаева Ж.Б. Қазақ зиялыларынының руханилықты қалыптас-
тырудағы рөлі // Қазақ руханияты: тарихи-философиялық және этно-
мәдени негіздер. Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2013. – 375 с. 258–274 бб.
11 Құлсариева А. Фетхуллах Гюлен өркениеттер диалогы туралы
//
http://www.fethullahgulen.com/kz/buqaralyq-aqparat-quraldarynda/
bak/28892-dialog.html
43
I тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының
рухани мұрасын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
12 Almasbek Shagirbaev, Kerim Shamsheddin, Alau Adilbaev, Bakhitzhan
Satershinov. Islam and modernism in Kazakhstan Nashkur Zhusups religios
views / European Jornal of Science and Theology. August 2015 Vol. 11 No.45
ISSN 1841 – 0464. P. 189–197.
13 Қараш Ғ. Өмір пәлсапасы // Замана. – Алматы, 1994. – 240 б.
14 Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 80 б.
15 Нысанбаев А. Средневековый арабоязычный перипатитизм и ис-
ламская религиозная традиция // Вопросы философии. 2002. – № 3. – С.
118–128; Ә. Нысанбаев. Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі.
– Алматы, 2015.
16 Дулатұлы М. Шығармалары. Алматы, 1996. 1 т.
17 Құдайбердиев Шәкәрім. Мұсылмандық шарты ...
18 «Қазақ», 1917, № 238, 31 маусым
19 Нұрмұратов С. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамы:
құндылықтық бағдарлар // «Саясат». – № 9, 2005. – 21–25 бб.
1.2 Қазақ зиялыларының рухани мұрасындағы өмір мәні
мәселесі
Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім сынды ғұламалардың жал-
пы адам баласы, оның ішінде қазақ жұрты туралы философиялық
толғаныстары ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ілі-
мінде де, әлеуметтік қызметінде де сабақтастқпен жалғасын тапты.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының қоғамдық
болмысындағы түбегейлі өзгерістер ұлттық сананың оянуының,
жаңа идеялар қалыптасуының негізін салды. Қарапайым адамдар-
дың бәрі бірдей қоғамдық сананы өзгертуге қатыса алмайтындығы
белгілі. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сананың арасындағы
байланысты жүзеге асыру сананы өзгерту мәселесімен түбегейлі
айналысатын интеллектуалдар тобының ғана қолынан келеді [1,
17 б.]. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясы да осын-
дай интеллектуалдардың қайталанбас жұлдыздар шоғы еді.
Әлеуметтік өзгерістер кезеңінде қоғамдағы интеллигенция-
ның белсенді қызметі аса күшті қарқынмен дамитындығын тарих
дәлелдеп отыр. Себебі, интеллигенциясының басым көпшілігі
қоғамда болып жатқан өзгерістерді интеллектуалдық-теориялық
деңгейде қорытып, қоғам болашағын болжай алады, шындық
үшін күресте өз халқына берілгендік пен азаматтық ерлік таныта
алады. Басым көпшілігі деп отырғанымыз кездейсоқ емес. Шын
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
44
интеллигент пен білімділігінің арқасында «интеллигент» атын
жамылушы адамның арасындағы айырмашылық жер мен көктей.
Өзінің жеке басы мен үй-ішіндегі туысқандарына ғана қызмет
ететін интеллигенцияны К. Маркс «утилитарлық интеллиген-
ция» деп дұрыс атаған болатын. Адамдардың бұл тобы әділдік
жолында күресуге қабілетсіз, себебі ең алдымен өз ошағының
тыныштығын ойлайтындар олар үшін бұл іс өздеріне, отбасына
зиян тигізуі мүмкін.
Ал нағыз интеллигент, зиялы адам өзінің бүкіл интеллек-
туалдық және рухани күш-қуатын объективтік ақиқатқа, қоғам-
дық әділеттілікке, биік адамгершілікке жетуге, ең бастысы – өз
халқының бостандығы, тәуелсіздігі және бақыты үшін жұмсайды.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ойшылдары осын-
дай нағыз интеллигенттер, қазақша айтсақ, зиялылар екендігі
күмәнсіз.
Олардың Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан
Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сұлтанмахмұт
Торайғыров, Ғұмар Қараш, Мағжан Жұмабаев, Мұхаметжан
Тынышбаев, Жақып Ақбаев және тағы басқа көптеген көрнекті
өкілдерінің қай-қайсысы да өмірлік мақсат ретінде қазақ халқына
қызмет етуді өмірлік мақсат ретінде таңдады. Әрбір халықтың және
әрбір адамның еркіндігі секілді жалпыадамзаттық құндылыққа
жету үшін қоғамды өзгерту қажеттігін жақсы түсінген қазақ
серкелері осы өзгеріске апарар жол ретінде сөз бен ой арқылы
халықтың санасына әсер ету жолын таңдады.
Олардың «Қазақ», «Қазақстан», «Айқап», «Сарыарқа», «Абай»
сияқты газет-журналдарды ашу мен білім беру арқылы халықтың
көзін ашу ісіне белсенді араласқандағы көздеген мақсаттары
да осы еді. Олардың осы жылдары жазған шығармаларының,
мақалаларының тақырыбы да адам табиғаты, адамдық қатынастар,
адам өмірінің мәні, бақыт, ізгілік пен зұлымдық мәселелері болды.
Адам мәселесі – қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт
Торайғыров шығармашылығының өзегі. Оның адам, қоғам,
тағдыр, өмір туралы шым-шытырық ізденістері де, өз өмірі
де Абай мен Шәкәрімнің философиялық толғаныстары мен
өміріне өте ұқсас. Сұлтанмахмұттың өз бетімен білімге ұмтылуы,
қолын байлаған жоқшылыққа қажымай, тынбастан ізденуі, өмір
қиыншылығын рухының өрлігімен, жігерінің мықтылығымен
жеңе білуі таңдандырмай қоймайды.
45
I тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының
рухани мұрасын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Ақынның өмірі де, шығармашылығы да бірталай зерттелді,
бірақ академик С.Қирабаев дұрыс атап көрсеткендей: «Бәрін де
білетін сияқтымыз. Дегенмен жалпы жұртқа беймәлім «ақын
құпиясы» да аз емес» [2]. Осы сөздерді оның философиялық
көзқарастары туралы да айтуға болады. Ақынның философиялық
дүниетанымы туралы аз жазылып жүрген жоқ. Бірақ кейбір
ғылыми еңбектерде оның философиялық көзқарастарын
тым әсірелеп, жасанды түрде ұлы философ ретінде көрсетуге
тырысушылық байқалады. Әрине, бұл жақсы ниеттен туған
әрекет болар, дегенмен де нендей нәрсені, қандай тұлғаны бол-
сын қаз-қалпында, өзіндік болмысын кемітпей де, тым асырмай
да объективті бейнелеген дұрыс және одан Сұлтанмахмұттай
тұлғаға келер нұқсан жоқ.
Рас, Сұлтанмахмұт Сократ, Платон, Руссо, Толстой секілді
ғұламалардың философиялық туындыларын іздеп жүріп оқыды,
өмірдің қиын кезеңдерінде өзін толғантқан мәселелердің жауабын
солардан тапты. Олардың ойлары оның өмірлік принциптерін
қалыптастыруға әсер еткені де күмәнсіз. Бірақ Сұлтанмахмұт
ақын толық философ ретінде қалыптасып үлгермеді. Тағдыр ке-
скен 27 жастың саналы ғұмыры қоғам дамуының күрделі кезеңіне
тап келген ақынның көп уақыты өмірден өз соқпағын табу жо-
лына кетті. «Айқап» журналына қызметке келуі, кейін қайтадан
кетуі, Баянауылға барып «Шоң» серіктігін ұйымдастыруға талап-
тануы, патшаның тақтан түсуі мен Алашорданың дүниеге келуін
қуана қарсы алуы – осының бәрі оның тым қысқа өмірінің тын-
бастан іздену кезеңдерінің негізгі сатылары. Қараңғы халықты
оятып, надандықтан құтқаруды, болашаққа жол сілтеп, адам
еркіндігі салтанат құратын қоғамға жету жолдарын көрсетуді
көксеген ақынның өмірі осыншама қысқа болмағанда ол та-
лай философиялық туындыларды дүниеге әкелетіні сөзсіз еді.
Өмірінің соңында жазған «Социализм» еңбегі соның айғағы.
Қазақ жұрты қайткенде бақытты елдердің қатарына
қосылады деп толғанған ақын басқа елдердің тарихын тексереді.
Оның ойынша, барлық адамдары тегіс бақытты елдер санаты-
на жету қазақ елі үшін оңай. Себебі, Еуропа елдері жүріп өткен
жол бар, алдыңғы бастаушылардың қиындығын қазақ елі енді
қайталамайды, адаспайды. Қазақты бұрынғыдай жаншып, бас
көтертпейтін орыс отарлаушылары да жоқ. Ақпан революциясын
қазақтың өзінен басқа да зиялылары секілді үлкен үмітпен қарсы
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
46
алған Торайғыров қазан төңкерісін де жылы қабылдады, олар
қазақ жұртына енді еркіндік пен азаттық әкеледі, «қазаққа енді
керегі – жетілген жұрттардың...білімін тез үйреніп, қайткенде сол
қатарға тез қосылу қамын қылу», – деп қуанды [3, 157 б.].
Сұлтанмахмұт қоғамды көркейтетін ғылым, сондықтан қазақ
даласында мектеп, медресе, газет, журналдарды көбейту керек
деп түсінді. Ол ғылымды екі жікке бөледі: «бірі – дене азығы,
бірі – ар азығы. Дене азығы дегеніміз – осы күнгі адам баласының
жеңіл күн көруіне себеп болып жүрген саймандар білімі; ...ар
азығы дегеніміз – әділдік. Осы соңғы ар азығы – әділдік табылмай
басқа дене азығы өнерлерінің көбеюімен жалпы адам баласының
күн көрісі ауыраймаса, жеңілеймейді, бақытсыздығы көбеймесе,
азаймайды» [3, 159 б.]. Сұлтанмахмұт ар ғылымын адамның күн
көрісін жеңілдетуге арналған ғылымдардан осылайша жоғары
қояды. Оның осы ойының дұрыстығын адамзат дамуының бүкіл
тарихы дәлелдейді. Алысқа бармай-ақ өзіміз өмір сүріп отырған
қоғамның келеңсіз құбылыстарының түбіне үңіліп көрейік.
ХХ–ХХІ ғасырларда адам өзін қоршаған ортаны танып-білу,
игеру жолында тамаша жетістіктерге қол жеткізді. Адамның
күн көрісін жеңілдететін қаншама нәрсе дүниеге келді: теле-
фон, мұздатқыш, теледидар, бейнемагнитофон, компьютер,
ұялы телефон, интернетті атасақ та жеткілікті. Бірақ бір сәтке
ойланайықшы, осының бәрі адамның адамшылығын арттыр-
ды ма? Адам тән рақатын ғана ойлап, жан азығын, ар азығын
ұмытып кеткен жоқ па? Күнделікті өміріміз, өкінішке орай, бұл
күмәнімізді растайды. Қоғамымызда материалдық құндылықтар
үстемдік құрып отыр да, олардан туындайтын мансапқорлық,
бақталастық, жағымпаздық күшейіп, ар-ұят, иман, ізгілік,
мейірімділік, туыстық, жолдастық секілді адамгершілік қасиеттер
азайып барады. Оған етіміз әбден үйренгендей. Сонда адамның
адамдығы неде? Шәкәрім айтпақшы, «осы өмірден басқа өмір жоқ
болатыны болса, жаралыспен жағаласып, адамдармен арпалы-
сып өмір сүргенше, жасамаған артық емес пе?» [4, 546 б.]. Осы ой
біздің қоғамның басым бөлігіне әлі жетпей жатқандығы өкінішті.
Адамның адамшылығының өлшемі – ар-ұятты ұмытқан
қоғамның бақытты бола алмайтынын Сұлтанмахмұт жақсы
түсінді, ар азығы жетіспеген, тек дене азығы дамыған қоғамда
құлдық өркендейтіндігін басқа елдердің мысалынан көре білді.
Дене азығының молшылығына қолы жеткен, бірақ адамгершілігін
47
I тарау. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының
рухани мұрасын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
дамытпаған, өзіне ғана емес, басқаларға да кеңпейілділік,
ақжүректік, мейірімділік, ғылыми тілмен айтсақ, гуманистік
көзқарас көрсетпеген елдер өзінен кейін қалған жұрттардың да-
муына тосқауыл болып, оларды өз игілігіне пайдаланып қана оты-
рады деген ойды қоғам мүшелеріне байланысты да айтуға бола-
ды. Әрбір мүшесі өзін ғана ойлаған, ар-ұжданын ұмытқан қоғам
ешқашан гүлденбек емес. Сұлтанмахмұттың: «Қазақты бақытты
қылуға кірісе бастаған біздің мектептеріміз, матбағатымыз осы
бастан жас буындарымызға Еуропаның дене азығы өнерлерімен
бірге, ар азығын да беру керек», – деп түйіндейтіні де сондықтан
[3, 162 б.].
С. Торайғыров ар азығының басымдылығы туралы өз
ойларының бастауы Руссо мен Толстой философиясының әсері
екенін жасырмайды. Француз ойшылы Жан Жак Руссо кезінде
ғылымды қоғамның көрі ретінде бағалап, оның дамуына үзілді-
кесілді қарсы болғаны белгілі. Толстой да ұят пен имандылықты
бәрінен жоғары қойды. Осы ой Шәкәрім философиясының да түп
қазығы. Сұлтанмахмұт бұл мақаласын: «...бұл ар азығы не нәрсе?
Европа жұртында қандайлық өскен нәрсе? Қазақта қандайлық
бар? Енді мен сөзді солай қарай аударып, білгенімді баяндасам
керек», – деп аяқтағанмен, мақаланың жалғасы жоқ. Әлде жазыл-
мады, жазылса да, жарияланбады. Сірә, жоғалып кеткен болуы
керек, осындай тамаша ойларын ақынның әрі қарай өрбітпеуі
мүмкін емес сияқты. Бірақ оның бүкіл шығармашылығы осы
ар азығы туралы өзінің, қазақ халқының, жалпы адамзаттың
түсінігіне толып тұр, дайын жауап десе де болғандай.
Осы тұрғыдан алғанда оның «Айтыс» туындысы оқшау
тұрған дүние. Ұзақ жылдар бойы ұлтшылдық айдарымен қалың
көпшіліктің көңілінен аластатылған еңбектің «ақталып», ғылыми
айналысқа түскеніне де көп болған жоқ, сондықтан бұл шығарма
оқырманға әлі де болса беймәлім. Шындығында осы еңбек біздің
қоғамға дәл қазір керек туынды. «Айтыс» – ақынның өз еліне,
халқына, ұлтына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, қазақ
халқының рухани құндылықтарын асқақтата жырлауға толы.
Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа байып
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
48
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.
Кіргені есік, шыққыны тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.
Кешегі хан Шығыстың ұрпағына
Талай царь, талай кінәз тәжім еткен.
Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанамын
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
деп басталатын, өз ұлтына перзенттік шынайы махаббат-
тан, ұлтының құдыретіне деген мақтаныштан туындаған осы
еңбегінде С. Торайғыров қазақ халқының болмысын, тыныс-
тіршілігін, ең бастысы – рухани асыл қасиеттерін ашып көрсетеді
[5]. Қазақтың малы ортақ мырзалығы, сүттей ұйыған бірлігі мен
ынтымақтастығы, кең ақылды билерінің қара қылды қақ жарған
әділдігі, елі жатқа жем болмау үшін атқа қонған батырлардың
ерлігі, құдай жолын үйреткен пірлердің ақ ниеті, қазақ өмірінің
айнасы болған Абай, Бұхар, Ахмет, Міржақып, Мағжандардың
ақындық шеберлігі, ішкі және сыртқы тазалыққа үйрететін ис-
лам дінінің мінсіздігі – бәрі-бәрі ақын туындысында өте әсерлі,
мазмұнды суреттелген. Сұлтанмахмұт қазақтың тіл өнеріне ерек-
ше тоқталады, қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін дүниетанымдық
сипаты жағынан дін мен философиядан да жоғары қояды, «өмірді
ұғынуда Марксіңнен кеткен әрі» деп бағалайды:
Байқасаң қазақтықтың өзінде бар,
Дүниенің генийлігі, пайғамбары [5].
Бірақ ақын қазақтың осы қасиеттерінің бірте-бірте жоғалып
бара жатқанынан қауіптенеді, «Күнбатыстан суық жау көрінгелі»
халықтың азғанын, ұят пен құдайды ұмытқанын өкінішпен мой-
ындайды. Қазаққа жат теріс қылықтардың қала қазақтарынан
байқалуы оны шошындырады, себебі білім мен мәдениет ошағы
болып отырған қалада ар мен ұжданның орнын әлсізді жеген
күш басты, жалақорлық пен күндестік жайлап, қазақ «елдік»
деген сөзді ұмытты. Қала қазағы мен ауыл қазағының айтысы
|