«Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ұлты үшін атқарған ұлы еңбектерінің куәсі.
Журнал 1911 жылдың қаңтары мен 1915 жылдың қыркүйегі аралығында Троицк қаласынан кейде айына бір рет, кейде екі рет шығып тұрған қазақтың алғашқы қоғамдық саяси және әдеби-мәдени журналы.
«Сералин революциялық-демократиялық интеллигенцияның алдыңғы қатарлы өкілі болды. ...Ол халық алдында сөйлеген сөздерінде қазақ және орыс халықтарының достығы идеясын насихаттады, ол қазақтарды орыстардан революциялық күресті меңгеруге, орыс мәдениетін үйренуге үгіттеді, қазақтарды отаршылдыққа көшіп, жер шаруашылығымен шұғылдануға шақырды»
Басылымның 88 саны жарық көрген. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдармен оқырмандар хаттарын жариялаған. Жер, сьезд, сайлау т.б. мәселелер көтерген мақалалар журналдың ортаңғы беттерінде орналасқан. Ал “фельетон”, “хабарлар” айдарымен берілген материалдар, көңіл айтулар, жаңа кітаптар туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.
Журналда А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғырұлы, Б.Өтетілеуұлы, С.Дөнентайұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ә.Ғалимұлы т.б. қалам қайраткерлерінің еңбектері жарияланған.
Журналда А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғырұлы, Б.Өтетілеуұлы, С.Дөнентайұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ә.Ғалимұлы т.б. қалам қайраткерлерінің еңбектері жарияланған.
«Айқап» ұлт тарихы мен мәдениеті тақырыбын да біршама зерделеген. Қалайда журнал ХХ ғасыр басында қазақтың саяси, мәдени деңгейінің өсуіне айрықша ықпал еткен.