Семинар сабақтары және өзіндік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата05.03.2020
өлшемі367,24 Kb.
#59625
1   2   3   4   5
Байланысты:
treatise18748


ДӘРІС САБАҚТАРЫ 

 

1 дәріс. Кіріспе.  

 

Дәріс ұйымдастыру-жобалық тәсіл бойынша өткізіледі. 



Дәріс мақсаты : тарихнама ғылымы мен пәнінің негіздерін ұғындыру 

Негізгі 

ұғымдар: 

тарихнамалық 

деректер, 

тарихнамалық 

факт, 

тарихнамалық  заңдылықтар,  тарихнамалық  дәстүр,  тарихнамалық  мектеп, 



тарихнамалық зерттеу принциптері мен әдістері 

Негізгі мәселелер:  

1.тарихнама  ғылымы  мен  шетелдер  тарихы  тарихнамасы  пәнінің  мақсаты 

мен міндеттері 

2. жалпы тарихтың тұжырымдамасы 



Қысқаша  мазмұны:  Тарихнама  пәні  және  оның  міндеттері.  Жалпы 

тарихтың тұжырымдамасы. Тарихи кезеңдер. Тарихи дәуір ұғымы. Қоғамда  

тарихи сананың қалыптасуы. 

Өзін бақылау сұрақтары: Шетелдер тарихнамасы пәнінің негізгі деректері; 

жалпы  тарихтың  тұжырымдамасы;  тарихнаманың  негізгі  кезеңдері; 

тарихнама ғылымының методологиясы 

Ұсынылатын  әдебиеттер.  Историография  истории  средних  веков.  - 

М.,1975.; Историография истории нового времени стран Европы и Америки. 

Учебное пособие. - М., 1990. 


 

2-дәріс.  Ежелгі  Шығыстың  тарихнамалық  дәстүрінің  негізгі  белгілері 

және антикалық тарихнама.  

 

Дәріс проблемалық тәсіл бойынша өтізіледі. 



Дәріс мақсаты: Антикалық тарихнаманың мәнін ашу 

Негізгі сөздер: тарихнамалық дәстүр, рационализм, тарихи білім 

Негізгі мәселелер:  

1Ежелгі Шығыстың тарихнамалық дәстүрі 

2. Антикалық тарихнаманың даму үрдістері 

Қысқаша  мазмұны:  Геродот,  Фукидид,  Ксенофонт,  Аристотельдің  тарихи 

еңбектері және оларда рационализмнің көрініс табуы. 



Өзін бақылау сұрақтары: Аристотельдің тарихи шығармаларына шолу. 

Ұсынылатын әдебиеттер. Историография истории средних веков. - М.,1975 

 

3 - дәріс. Ежелгі Ром тарихнамасы.  

 

Дәріс ахуалды шешу тәсілі бойынша өтікізіледі 



Дәріс мақсаты: Ежелгі Ром тарихнамасының сипатын анықтау 

Негізгі сөздер: анналдар, компилятивті әдіс, тарихнамалық дерек 

Негізгі мәселелер:  

1. Ежелгі Ромнің тарихшылары және олардың еңбектері 

2. Тарихты зерттеудегі римдіктердің ұстанған әдіс-тәсілдері  

Қысқаша  мазмұны:  Анналдар  тарихи  шығарманың  түрі  ретінде.  Кейінгі 

империядағы Ром авторларының еңбектеріндегі компилятивті әдіс. 



Өзін  бақылау  сұрақтары:  Ежелгі  Ромдағы  негізгі  тарихнамалық  деректер: 

тарихи зерттеулердің құндылықтары мен кемшіліктері. 



Ұсынылатын әдебиеттер. Историография истории средних веков. - М.,1975 

 

4 -  дәріс. Ерте ортағасырлық тарихнамасы.  

 

Дәріс ақыл-ойға шабуыл тәсілі бойынша өтізіледі. 



Дәріс мақсаты: Ерте ортағасырлық тарихнамаға талдау жасау 

Негізгі 

сөздер: 

тарихнамалық 

дәстүр, 

теология, 

тұжырымдама, 

тарихнамалық дерек 



Негізгі мәселелер:  

1Ерте ортағасырлардағы тарихнамалық дәстүр; 

2Тарихнамадағы теологиялық бағыт 

Қысқаша мазмұны  Ерте ортағасырлық дәстүрдің қалыптасуына антикалық 

тарихнаманың әсері. Августин Аврелийдің теологиялық тұжырымдамасының 

қалыптасуы. ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы “Тарих”-тарихнамалық шығарманың түрі. 

Өзін  бақылау  сұрақтары:  Антикалық  тарихнаманың  негізгі  белгілері; 

Августин және оның еңбектері;  



Ұсынылатын  әдебиеттер.  Историография  стран  Европы  и  Америки  в 

средние века. - М., 1983. 



 

5- дәріс. Классикалық ортағасырдың тарихнамасы.  

 

Дәріс ахуалды шешу тәсілі бойынша өткізіледі. 



Дәріс мақсаты : Классикалық ортағасырлық тарихнамаға сипаттама беру 

Негізгі  сөздер:  үрдіс,  прогресс,  провиденциализм,  эсхатология,  тарихи 

тұжырымдама 



Негізгі мәселелер:  

1. Тарихнамадағы зайырлы үрдіс және шынайылық. 

2. Провиденциализмнің мәні және эсхатологиялық көзқарастың белгілері  

Қысқаша  мазмұны:  Тарихнамадағы  зайырлы  үрдістердің  дамуы.  Тарихи 

оқиғалардың  себеп-салдарының  дәстүрлі  көріністерінің  қалыптасуы. 

Провиденциализм  тарихи  зерттеудің  әдісі  ретінде.  Эсхатологиялық 

көзқарастар және оның тарихи тұжырымдамаға әсері. 



Өзін 

бақылау 

сұрақтары: 

Тарихнамадағы 

зайырлы 

үрдістердің 

қалыптасуы; тарихи зерттеулердегі жаңа әдістердің орын алуы 

Ұсынылатын  әдебиеттер.  Историография  стран  Европы  и  Америки  в 

средние века. - М., 1983. 



 

6  - дәріс.  Дүниежүзілік  тарихты  зерттеудегі  гуманистік  дүниетанымның 

қалыптасуы.  

 

Дәріс пресс-конференция тәсілі бойынша өткізіледі. 



Дәріс  мақсаты:  Тарихты  зерттеудегі  гуманистік  дүниетанымның 

қалыптасуын айқындау 



Негізгі сөздер: рационалистік әдіс, антикалық дәстүр, гуманизм, дүниетаным 

Негізгі мәселелер: 1. Рационалистік әдіс және оның белгілері 

2. Тарихнамадағы гуманизм 



Қысқаша мазмұны:  Тарихи зерттеудегі рационалистік әдістің қалыптасуы. 

Гуманистік  дәуірдегі  антикалық  дәстүрдің  қайта  өрлеуі.  Гуманистердің 

провиденциализмді сынауы. Жан Бодэ және оның тарихи көзқарастары. 

Өзін  бақылау  сұрақтары:  Тарихнамадағы  гуманизм;  Жан  Бодэнің  тарихи 

ой - пікірлері 



Ұсынылатын  әдебиеттер.  Историография  стран  Европы  и  Америки  в 

средние века. -М.,1983. 



 

7 -8  дәрістер. Кейінгі ортағасырлардағы гуманизм және Реформация.  

 

Дәріс талдау және баға беру тәсілі негізінде  өткізіледі. 



Дәріс  мақсаты:  Кейінгі  ортағасырлардағы  еуропалық  тарихнамаға 

сипаттама беру 



Негізгі  сөздер:  реформация,  гуманизм,  капиталистік  уклад,  тарихнамалық 

мектеп 


Негізгі  мәселелер:  1.  Кейінгі  ортағасырлардағы  тарихи  зертеулердің 

бағыттары мен белгілері;  



2. Неміс гуманизмінің мәні мен мазмұны 

Қысқаша мазмұны: ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы тарихнаманың жалпы белгілері. 

Неміс  гуманизімінің  ерекшеліктері,  оның  реформациямен  байланысы. 

Шығармалардағы  капиталистік  укладтың  көрініс  беруі.  Батысеуропалық 

тарихнаманың дамуындағы реформация кезеңіндегі еңбектердің маңызы. 



Өзін  бақылау  сұрақтары:  реформация  кезеңіндегі  тарихнамалық 

деректердің  жалпы  мазмұны;  гуманистік  мектептің  өкілдері  және  олардың 

шығармалары 

Ұсынылатын  әдебиеттер.  Историография  истории  нового  времени  стран 

Европы и Америки. Учебное пособие для студентов вузов, обучающихся по 

спец. «История». Под. ред. И.П. Дементьева. - М.,1990. 

 

 

9 - дәріс. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Англияда тарихи ойдың дамуы.  

 

Дәріс салыстырмалы талдау және жүйелеу тәсілі негізінде  өткізіледі. 



Дәріс  мақсаты:  Жаңа  замандағы  ағылшын  тарихнамасының  дамуы 

үрдістерін ашу. 



Негізгі сөздер: тарихи білім, тарихи тұжырымдама, реставрация, тарихи ой 

Негізгі мәселелер:  

1. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи ойдың дамуына әсері 

2. Реставрация дәуірі және тарихи білім. 

3. Ағылшын ағартушылары және олардың тарихи білімді жетілдіруге қосқан 

үлестері 

Қысқаша  мазмұны:  Буржуазиялық  революция  және  оның  тарихнамаға 

әсері.  Диггерлер  мен  левеллерлердің  тарихи  көзқарастары.  Индепенденттер 

мен  монархистердің  тарихи  тұжырымдамасы.  Томас  Гоббс,  Джеймс 

Гарринтон. Реставрация дәуіріндегі тарихи білім. Джон Локк. 

Ағылшын  ағартушыларының  тарихи  ойлары.  Тарихи  білімнің  жағдайы. 

Давид Юм, Эдуард Гиббон. Адам Смиттің тарихи көзқарастары. 



Өзін бақылау сұрақтары:  Ағылшын тарихнамасының даму үрдістері және 

оның ерекшеліктері; Реставрация, төңкеріс кезіндегі тарихи білім 



Ұсынылатын  әдебиеттер.  Репина  Л.П..,  Зверева  В.В..,  Парамонова  М.Ю. 

История исторического знания.  -М., Дрофа, 2004. 



 

10 - дәріс. Францияда тарихи идеялардың дамуы.  

 

Дәріс жүйелеу тәсілі негізінде  өткізіледі. 



Дәріс  мақсаты:  ХУІІ  –  ХУІІІ  ғасырлардағы  Франциядағы  тарихи 

идеялардың дамуы бағыттарын көрсету 



Негізгі ұғымдар: физиократтар, энциклопедистер, тарихнмалық мектептер 

Негізгі мәселелер: 1. Француз ағартушылығы және тарихи ой. 

2.  Энциклопедистердің  тарихи  еңбектері.  Ұлы  Француз  революциясы  және 

тарихи білімнің жетілдірілуі 


Қысқаша  мазмұны:  ХҮІІІ  ң.  Француз  ағартушыларының  тарихи 

көзқарастары.  Жан  Мелье,  Буленвилье,  Дюбо  және  герман  -  роман 

мәселелері. 

Шарль 


Луи  де  Монтескье,  Вольтер.  Физиократтар. 

Энциклопедистер.  Дени  Дидро.  Поль  Анри  Гольбар,  Гийом  Рейналь,  Жан-

Жак Руссо. Габриэль Бонно де Мабли. 

Ұлы  француз  революциясы  қайраткерлерінің  тарихи  көзқарастары. 

Антуан Барнава, Франсуа Волбней, Ж.П. Марат, М. Робеспьер. 

Жан  Антуан  Кондорсе  –  энциклопедистердің  кіші  буын  өкілі.  Франсуа 

Бабеф “Заговор равных”. 

Өзін бақылау сұрақтары: Француз ағартушыларының тарихи көзқарастары 

және олардың тарихи білімді дамытуға ықпалы; энциклопедистердің тарихи 

шығармашылығына сипаттама 

Ұсынылатын  әдебиеттер.  Репина  Л.П..,  Зверева  В.В..,  Парамонова  М.Ю. 

История исторического знания.  - М., Дрофа, 2004. 



 

11–дәріс. ХҮІІІ ғ. неміс ағартушыларының  тарихи ойлары.  

 

Дәріс пресс-конференция тәсілі бойынша өткізіледі. 



Дәріс  мақсаты:  ХУІІІ    ғасырдағы  Германиядағы  және  АҚШ  –  тағы  тарих 

ғылымының жай – күйін айқындау 



Негізгі  сөздер:  тарих  ғылымы,  буржуазиялық  –  радикалдық  бағыт, 

демократиялық идеялар, американ ағартушылығы 



Негізгі мәселелер:  

1. Неміс ағартушылары және олардың тарихи ойлар 

2. ХУІІІ ғасырдағы Солтүстік Америка ағартушылары және олардың тарихи 

еңбектерінің негізгі мазмұны 



Қысқаша мазмұны: Германиядағы тарих ғылымы. Неміс ағартушыларының 

қоғамдық-тарихи  идеялары.  (Юстус  Мезер,  Иссак  Изелин,  Г.  Лессинг, 

Иоганн  Гердер).  Г.  Форстердің  буржуазиялық  -  радикалды-демократиялық 

идеялар. И. Кант, Ф. Шиллер, И. Гете, Шлецер. 

ХҮІІІ  ғ.  Солтүстік  Америка  ағартушыларының  тарихи  көзқарастары. 

1775-1783  жж.  Солтүстік  Америкадағы  тәуелсіздік  үшін  күрес.  ХҮІІІ  ғ. 

Американ  ағартушылары.  Вениамин  Франклин,  Томас  Джефферсон,  Томас 

Пейн. 


Өзін бақылау сұрақтары:  Неміс ағартушыларының қоғамдық тарихи және 

буржуазиялық  радикалды-демократиялық  идеялары;  ХУІІІ  ғасырдағы 

Солтүстік  Америкадағы  тәуелсіздік  үшін  күрес  және  тарихи  білімнің 

қалыптасуы 



Ұсынылатын  әдебиеттер.  Шамшиденова  Ф.М.  Шетелдердің  жаңа  заман 

тарихының тарихнамасы. Оқу құралы. - Алматы.,  2006. 



 

12  –  дәріс.  ХІХ  ғасырдағы  тарихи  ойдың  дамуы.  ХІХ  ғ.  бірінші 

жартысындағы тарихи  білім.  

 

Дәріс жобалау тәсілі бойынша өткізіледі. 



Дәріс  мақсаты:  ХІХ    ғасырдағы  Батыс  Еуропадағы  тарихи  ойдың  дамуы 

бағыттарын анықтау 



Негізгі  сөздер:  тарихи  ой,    буржуазия-либералдық  мектеп,  утопиялық 

социализм,  қайта  құру  дәуірі,  «Құқық»  тарихи  мектебі,  романтикалық 

тарихнама,  

Негізгі мәселелер:  1.Франциядағы тарих ғылымының дамуына  үлес қосқан 

ойшылдар 

2. Ағылшын тарихнамасының негізгі бағыттарын 

3. ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы неміс романтикалық тарихнамасы 



Қысқаша  мазмұны:  Францияда  тарихи  ой  мен  ғылымның  дамуы. 

Буржуазия-либералдық  мектеп.  ХҮІІ  ғ.  француз  революциясының  тарихы.  

Сталь,  Минье,  Тьер  еңбектерінде.  Утопиялық  социализм  и  қайта  құру 

дәуіріндегі тарихи ой.  

Англиядағы тарихи білім. Ағылшын тарихнамасының басты бағыттары.  

Германияда тарихи ғылымның дамуы. Қоғамдық ойдың басты бағыттары. 

“Құқық  тарихи  мектебі.  20-40  жж.  неміс  романтикалық  тарихнамасы. 

Тарихшылардың  Гидельберг  мектебі  (Шлоссер,  Гервинус,  Гейссер, 

Циммерман,  Маурер).  АҚШ  тарихнамасы.  Романтизм.  Ерте  мектеп 

тарихшылары. 



Өзін  бақылау  сұрақтары:  Францияда  тарихи  ой  мен  ғылымның  дамуы; 

неміс  романтикалық  тарихнамасы;  АҚШ  тарихнамасы  және  ерте  мектеп 

тарихшылары 

Ұсынылатын  әдебиеттер.  Шамшиденова  Ф.М.  Шетелдердің  жаңа  заман 

тарихының тарихнамасы.. Оқу құралы. -Алматы.,  2006. 



 

13-14 дәрістер. ХІХ ғ. екінші жартысындағы тарихи ғылымның дамуы.  

 

Дәріс «дөңгелек стөл» тәсілі бойынша өткізіледі. 



Дәріс  мақсаты:  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  Батыс  Еуропадағы 

тарихи білім мен ғылымның даму үрдістерін айқындау 



Негізгі  сөздер:  ағылшын  позитивизімі,тарихи  мектептері,  экономикалық 

тарих,  радикалды  бағыттар,  буржуазиялы-либералды  бағыт,  католиктік 

бағыт, жаңа либерализм, позитивизм 

Негізгі мәселелер: 1.Англиядағы тарих ғылымы 

2.Француз революциясының тарихнамасында 

3.Неміс, итальян, американ тарихнамалары және олардың сипаттамасы 

Қысқаша  мазмұны:  Ағылшын  тарих  ғылымы.  Ағылшын  позитивизімі. 

Оксфорд  және  Кембридж  тарихи  мектептері.  Экономикалық  тарих. 

Кеннингем, Эшли, Тойнби. Отарлау саясатының тарихнамасы.  

50-60 жж. француз тарихнамасы. Француз революциясы тарихнамасының 

радикалды бағыттары. Буржуазиялы-либералды бағыт. Республикалық бағыт 

тарихнамасы.  Париж  Коммунасының  тарихнамасы.  Францияның  сыртқы 

саясатын  зерттеу.  А.  Сорель,  А.  Дебидур.  Европаның  басқа  елдері  француз 

тарихнамасында. Шарль Сеньобос. 



ХІХ  ғ.  50-90  жж.  герман  тарихнамасы.  Кіші  герман  және  Ұлы  герман 

тарихи мектептері. 

ХІХ  ғ.  70-90  жж.  герман  тарихнамасы.  Жаңа  тарихи  мектеп.  Католиктік 

бағыт. Бржуазиялық тарихнамадағы жаңа либерализм. 

АҚШ  тарихнамасы.  Джон  Дрепер,  Ф.  Дуглас,  Джеймс  Скулер,  Джеймс 

Родс, Дж. Мак Мастер. 

Итальян  тарихнамасы.  Позитивизм  (Рисорджименто)  тарихын  зерттеу: 

Поляк тарихнамасы. Краков және Варшава мектептері. 



Өзін  бақылау  сұрақтары:    ХІХ    ғасырдың  екінші  жартысындағы  Батыс 

Еуропадағы  тарихнамасының  негізгі  белгілері  және  даму  үрдістері; 

Франциядағы, Англиядағы, Германиядағы, АҚШ  – тағы, Италиядағы тарихи 

мектептер 



Ұсынылатын  әдебиеттер.  Репина  Л.П..,  Зверева  В.В.,  Парамонова  М.Ю. 

История исторического знания.   - М., Дрофа, 2004; Историография истории 

нового  времени  стран  Европы  и  Америки.  Учебное  пособие  для  студентов 

вузов,  обучающихся  по  спец.  «История».  Под.ред.  И.П.Дементьева.  -  М., 

1990. 

 

15 – дәріс. ХХ ғ. басындағы Батыс Европада тарихи білімнің дамуы.  



 

Дәріс ахуалды шешу тәсілі бойынша өткізіледі. 



Дәріс  мақсаты:  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  Батыс  Еуропадағы  тарихи 

білімнің дамуы бағыттарын көрсету. 



Негізгі  сөздер:  либералды-республикалық  бағыт,  утопиялық  социализм, 

революция  тарихы  қоғамы,  консервативтік  тарихнама,  буржуазиялық 

әлеуметтану 

Негізгі мәселелер:  

1. Ағылшын тарихнамасының негізгі бағыттарын 

2. Француз, неміс тарихнамасы, және олардың өзіндік ерекшеліктері 

Қысқаша мазмұны: Ағылшын тарихнамасының негізгі бағыттары. Отарлау 

саясатының тарихы. 

Француз  тарихнамасы.  Либералды-республикалық  бағыт.  Утопиялық 

социализм тарихының мәселелері. 1848 ж. революция тарихы қоғамы. 

Герман  тарихнамасы.  Консервативтік  тарихнама.  (Макс  Ленц,  Рейнгольд 

Козер, Отто Хинце). 

Неміс  буржуазиялық  әлеуметтануы.  Макс  Вебер,  Эрнест  Трельч,  В. 

Зомбарт. 



Өзін  бақылау  сұрақтары:  ХІХ    ғасырдың  екінші  жартысындағы  Батыс 

Еуропадағы  тарихи  білімге  сипаттама;  әртүрлі  елдер  тарихнамасындағы 

мектептер мен бағытар 

Ұсынылатын  әдебиеттер.  Репина  Л.П.,  Зверева  В.В.,  Парамонова  М.Ю. 

История исторического знания.   - М., Дрофа, 2004; Историография истории 

нового  времени  стран  Европы  и  Америки.  Учебное  пособие  для  студентов 

вузов,  обучающихся  по  спец.  «История».  Под.  ред.  И.П.  Дементьева.  - 

М.,1990. 


 

СЕМИНАР САБАҚТАРЫ 

 

1 тақырып. Ежелгі Шығыс және Рим тарихнамасы.  

Мақсаты:  Ежелгі  Шығыс  және  Ром  тарихнамасының  ерекшеліктерін 

көрсету. 



Негізгі мәселелер: 

1.  Ежелгі Шығыс тарихнамасының өзіне тән белгілері. 

2.  Ежелгі Ром тарихнамасына сипаттама. 

3.  Тарихи еңбектердің сипаты. 



Әдістемелік  тәсілдердің  түрлері:  семинар  сабағы    ұйымдастыру-жобалау 

тәсілі  бойынша  өткізіледі.  Студенттер  ежелгі  Шығыс  тарихнамасының 

қалыптасуы және  ерекшеліктері туралы қысқаша хабарламалар жасауы тиіс. 

Ежелгі  Ром тарихнамасын сипаттайтын  хабарламалар дайындау студенттің 

өзбетінше  ізденуіне  мүмкіндік  береді.    Олардың  ерекшеліктерін  ашатын 

салыстырмалы  кесте  құрастыру  студенттерді  талдауға  үйретіп,  ой  қорытуға 

машықтандырады.    Тарихи  еңбектердің  сипатын  ашу  тарихнамалық  баға 

бере білуді меңгеруге жол ашады. 



Әдістемелік ұсынымдар: мәселені Шығыстың көне дәуірдегі тарихнамасын 

талдауда негізгі тарихнамалық деректерді анықтаудан бастау қажет.  

      Оқытушының  назарына.  Семинар  сабағында  алдын-ала  дайындалып, 

құрастырылған  библиография  бойынша  топтағы  студенттерді  2  немесе  3 

шағын  топқа  бөліп,  ежелгі  тарихнаманың  ерекшеліктерін  бір  бірімен 

салыстыру  арқылы  қарастыру  оларға  сипаттама  беруді  ғылымиландырады. 

Студенттер    бір бірімен сұрақ – жауап, проблемалық сауалдар қою арқылы 

байланыс  орнатып,  өздері  дайындап  келген  материалдарымен  өзгелерді 

таныстыруы қажет. Сонда сабақ мақсатына қол жеткізіп, дәрісте алған білім 

тереңдей түседі. 



Әдебиеттер: История Древнего мира. - М., 1969., История Древней Греции. - 

М., 1973., Историография Древего Востока. – М., 2002. 



 

2 тақырып. Ерте ортағасырлық тарихнама.  

Мақсаты: Ерте ортағасырлық тарихнаманың негізгі белгілерін анықтау. 

Негізгі мәселелер: 

1.  Тарихнамалық дәстүрдің қалыптасуы. 

2.  Аврелий Августин және оның тұжырымдамасы. 

3.  Тарихнамалық шығармалардың түрлері. 



Әдістемелік  тәсілдердің  түрлері:  семинар  сабағы  проблемалық  тәсіл 

бойынша  өткізіледі.  Проблема  ретінде  ерте  ортағасырлық  тарихнаманың 

ерекшеліктерін  анықтау  мәселесі  қойылады.  Осыған  орай  тақырыптың 

мазмұнын ашуға бағытталған проблемалық сұрақтар алдын ала дайындалып, 

студенттерге  беріледі.  Сол  сауалдар  логикалық  ретте  қойылып,  студенттер 

жеке  немесе  топ  болып  жауап  бере  алады.  Жауаптарды  бағалауда  оның 

толықтығы және студенттің өзбетінше ізденісі ескеріледі. 


Әдістемелік  ұсынымдар:  Тарихнамалық    дәстүрдің  қалыптасуының 

алғышарттарын  айқындауда  Иордан,  Григорий  Туркский,  Иседор 

Сивильский,  Беда  Достопочтенный,  Павел  Диакон  еңбектерінің  маңызын 

көрсетуден  бастаған  жөн.  Тарихнамалық  дәстүрдің  ерте  ортағасырлардан 

бастау  алатындығының  себептерін  ашудың  өзі  проблемалық  ахуалды  шешу 

болып табылады. 

      Бұдан  соң  ертеортағасырлық  тарихи  шығармалардың  дүниеге  келуіне 

хрестиан  дінінің  ықпалын,  тарихшының  шындыққа  көзқарасын,  тарихты 

жазудағы  әдіс-тәсілдерін  ашып  көрсету  келесі  проблемалық  мәселені  шешу 

болып саналады. Аврелий Августиннің дүниені түсінуі және тарихи оқиғалар 

мен  үдерістерге  көзқарасын  жүйелі  түрде  анықтау  барысында  тағы  бір 

проблема  шешімін  табады.  Мұнда  А.  Августиннің  өмірбаяны  туралы  да 

айтуды  ұмытпаған  абзал.  Негізгі  түйіткілдерді  дәптерге  жазып,  конспект 

түрінде 


дайындау 

айтылатын 

ойды 

жинақтауға, 



ой 

қорытуға 

машықтандырады. 

      Ерте  ортағасырлардағы  тарихнамалық  еңбектерді  түрі,  жанры,  мазмұны, 

хронологиясы,  т.б.  жағынан  сыныптауда  тарихнамалық  кесте  құрастырып, 

талдау студенттердің логикалық ойлау қабілеті мен мәселеге шығармашылық 

тұрғыда келуге үйретеді. 

Әдебиеттер:  Историография стран Еуропы и Америки в средние века.  - М., 

1973;  Вайнштейн  О.Л.  Историография  средних  веков  в  связи  с  развитием 

исторической мыслей от начала средних веков до наших дней. – М., 1940.  

Вайнштейн  О.Л.  Очерки  развития  буржуазной  философии  и  методологии 

истории  в  ХІХ-ХХ  вв.  –Л.,  1979;  Жумагулов  К.Т.  Древнегерманское 

общество:  проблемы  и  концепции.  –  Алматы:  Дәуір,  1993;  Жумагулов  К.Т. 

Проблемы  возникновения  и  развития  феодализма  в  Западной  Европе.    - 

Алматы:  «Қазақ  университеті»,  1996;  Жумагулов  К.Т.  Проблемы  истории 

германских  племен  (с  древнейших  времен  до  начала  средних  веков).  – 

Алматы, 2002. 



 

3  тақырып.  Әлем  тарихын  зерттеудегі  гуманистік  дүниетанымның 

қалыптасуы.  

 

Мақсаты:  әлем  тарихын  зерттеудегі  гуманистік  дүниетанымның 

қалыптасуының алғышарттары мен себептерін анықтау 



Негізгі мәселелер: 

1.  Провиденциалистік және эсхатологиялық көзқарастар. 

2.  Рационалистік әдістің қалыптасуы. 

3.  Жан Бодэ және оның еңбектері. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет