Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
treatise20490


Аврелий,  лақап  аты  Блаженный  (354-430  ж.).  Оның  ықпалы  ортағасырлық 
батыста  мәдениет құруымен  әйгілі.  Августин  Аврелий патристика  кезеңінің 
ірі  философы  және  христиан  шіркеуінің  ірі  теологы  болды.  Ол  кӛптеген 
шығармаларды жазды, оның ішіндегі атақ алғаны «Академиктерге қарсы», 
«Жан  мәңгілігі»,  «Құдай  қаласы  туралы»,  «Тәубеге  келу»,  «Ғажайып 
және  жарамды  зат  туралы»  және  т.б.  Августин  философиялық  сенімді 
адамның  ішкі  жан  дүниесімен  ашады.  «Тәубеге  келу»  еңбегінде,  ең  басты 
маңызды мәселе ғарыш емес, адам деп жазады. Әлем жұмбақ емес, біз ӛзіміз 
жұмбақпыз».  «Ӛзіңді-ӛзің  сырттан  іздеме,  ӛзіңе  қайта  орал,  ақиқат  адам 
жанының ішінде . . . ». Жан мәңгілік. Ол – Құдайдың кейпі.  
Августин  бойынша  Сократтың  «Ӛзіңді  таны»  еңбегінде  Құдайдың 
образы  мен  оған  ұқсастықты  іздейді.  Адамзат  Құдаймен  әлемнің  соңғы 
бӛлшегі  қып  жаратқан.  Мұндағы  ең  бағалысы  –  оның  жаны  –  Үштік  Құдай 
образы.  Адам  мен  Құдайдың  байланысы  туралы  мұндай  мәселені  шешу 
ортағасырлық еуропалық философияға тән.  
 Барлық  болмыстың  себепкері  болғандықтан  Құдай  философиялық 
пікірлердің  орталығы  болып  табылады.  «Құдай  дегеніміз  –  бұл  ақиқат». 
Августин  және  оның  ізбасарлары  үшін  Құдайдың  бар  болуы  ақиқаттың  бар 
болуымен дәлме-дәл келеді дейді.   
 Философия 
ретінде  христиандық  догматтарды  сипаттай  келе 
Блаженный Сократ пен оның ізбасарларына еріп олар «жақсылық», «ақиқат», 
«махаббат», «жамандық», «адамгершілік» танудың сұрақтарын іздейді. Оның 
белгілерін айқындау мәселесіне келгенде ол платонизм мен неоплатонизмге 
арқа сүйейді. Августиннің ойы бойынша  діни  философияның  ең  маңызды 
мақсаттарының бірі ол Құдайды тану және дінге деген махаббат. Құдайды ол 
шексіз,  мәңгілік,  абсолютті  бастамасы  деп  білген,  ал  шынайы  ӛмір  ол 
жаратылыстың  жемісі.  Құдай  әлемді  жоқтан  жаратып,  оны  ары  қарай 
жаратуын  жалғастыра  беретіндіктен  ол  ары  қарай  дами  береді.  Осылайша 
табиғат  және  Құдай  дуализімі  дәлелденеді,  бірақ  неоплатонизмге  қарағанда 

Августин Құдайды – адамды және әлемді ӛзінің еркіне сәйкес жаратқан жеке 
тұлға ретінде  таниды.  Әлем де,  адам да  құдіретті күшке  тәуелді.  Осылайша 
христиандық философия жазмыш идеясын және фатализмді негіздейді. 
Жазмыш  идеясына  сүйене  отырып,  Августин  Блаженный  дамудың 
теологиялық  концепциясын  құрастырады.  Ортағасырлық  кезеңді  «қазіргі 
заман»  түрінде  анықтау  шіркеу  әкелері  христиандық  әлемді  «пұтқа 
табынушылар»  ортасына  қатал  қарсы  қойғаннан  кейін  пайда  болды. 
Августиннің  ілімі  бойынша,  адам  дүниеге  келмей  тұрып  т.б.  оның  іс-
әрекеттері, қылықтары Құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі 
игілікке (адам оған лайықты болмаса да,) немесе азаптарға (жазықсыз болса 
да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың 
түрлерінің  бастамасын  енгізіп,  әрі  қарай  ӛздері  дамитындай  мүмкіндік 
береді.  Адамзат  тарихы  да  осы  заңдылыққа  бағынады.  Тарихтың  даму 
негізінде  адам  санасының  ӛзіне  сенімділігі  (бұл  сенімнің  негізі  Құдай)  мен 
Құдайға  деген  сүйіспеншіліктің  танымдық  күші  жатыр.  Осы  түсінікті 
басшылыққа  ала  отырып,  Августин  адамзат  тарихы  бір-біріне  қарсы  екі 
патшалықтың  күресінің  нәтижесі  деп  тұжырымдайды.  Олар  Құдайға  қарсы, 
күнделікті  ӛмірдің  қызығын  күйттейтіндер  мен  Құдай  патшалығы 
арасындағы күрес. Августин Құдай патшалығы дегенде жердегі оның ӛкілі – 
Рим  шіркеуін  айтады.  Шіркеу  Құдай  патшалығы  атынан  сӛйлейтін 
болғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек.  
«Тәубеге  келу»  еңбегінде  уақыт  Құдайдың  еншісінде  деп  жазады.  Ол 
ӛткен күндерді, бүгінгі күнді, болашақты қосады. Әйтсе де «ӛткен күндер  – 
енді жоқ, ал болашақ – әлі келген жоқ». Осы шақ болмыстың үздіксіз болуы. 
Ол  уақыт  адамның  рухани  әлемінде  ғана  ӛмір  сүреді,  ӛткен  шақ,  осы  шақ, 
келер шақ болып бӛлінуі. Ӛткен шақтың болғаны – бұл естелік, осы шақ – ол 
интуиция,  келер  шақ  –  үміт  күту.  Осылайша  жан  уақытқа  табынады,  себебі 
ол естелікпен, интуиция және үміт күтумен байланысты». Басқаша айтқанда, 
табиғат субъективті. 
Августиннің  оқуында  еркіндік  ең  басты  рӛлде  ойнайды.  Ол  еркіндік 
сананы  билейді  «сана  ойланып,  еркіндікті  қалайды».  Адам  еркіндігі 
туылғаннан  берілген  құқығы.  Адам  Христостың  заветтерімен  еркін  бола 
алады.  «Христосқа  қызмет  ету  шын  еркіндікті  әкеледі»,  –  деп  жазды 
Августин.  
Сенімге қызмет ету Августин бойынша діни және сендіру болып екіге 
бӛлінеді.  Августин  бойынша,  тек  саналы  жандар  ғана  сенімге  ие  болады. 
Үміт  сенімнен  жоғары  болады.  Бірақ  соқыр  сенім  жақсылыққа  әкеп 
соқпайды.  Сана  сенімге  деген  қызметті  қалыптастырады,  ал  ғылым  –  дінді 
қалыптастырады.  
Сонымен  сенім  концепциясын  қарастырғанда,  ол  тек  діни  феноменге 
ғана  емес,  адамдық  кӛзқарасқа  әкеп  соғады.  Ол  сенім  санаға  қарама-қайшы 
келмейтінін  нұсқайды.  Сенім  ол  Құдайды  танудың  құралы.  Сенім  мен  сана 
тығыз  байланыста,  санасыз  үміт  болмайтыны  сияқты,  үмітсіз  сана  да 
болмайды. 

Августиннің  сана  теориясында,  платонизм  мен  креационизм  ойымен 
негізделеді.  Ол  бірнеше  қатарды  қосады:  сезіну,  қабылдау,  ӛзгерістер.  Бұл 
дене деңгейі білімнің толық кӛлемін бере алмайды. жан автономды, санамен 
ақиқатқа жетеді. Бұл процесс ақиқат интеллектісін ашады. Жан – автономды 
және  спонтанды  қарқынды,  ақыл-оймен  бірге  шындыққа  жетеді  (барлық 
заттардың  шынайы  ӛлшемімен),  яғни  ӛсетін  және  ӛлетін  ой  жеткен 
шындықты, орнықты форманы, заттырдың жасалуын, барлық үлгілерді. Бұл 
жол  Құдайды  сену  ашылатын  жол  болып  табылады.  Бұл  жол  ӛзін-ӛзі  тану 
жолы – Құдай жолы, оның жақсылық, ақиқат, махаббат және тұрмыс сияқты 
маңызды атрибуттары.  
Августин  үйреткен:  адам  жаны  –  жақсылық  пен  жамандықтың  күресі. 
Жақсылық  Құдайдан  болады,  ал  жамандық  кемшіліктен  немесе 
жақсылықтың 
жоқтығынан 
болады. 
Неоплатонизмде 
жамандық 
концепциясын  негіздей  келе,  ол  Құдайды  тек  абсолютті  жақсылыққа 
қатыстырады.  Бірақ  әлемді  жамандық  билейді.  Теодицея  жайында  ӛзінің 
ілімінде  Августин:  «Егер  әлемді  Құдай  билесе,  неге  жамандық  бар?»  дейді. 
Ол  жамандықты  үш  кезеңге  бӛледі:  метафизика-онтологиялық,  моральдық, 
физикалық.  Онтологиялық  кӛзқарас  жағынан  қарағанда  жамандық  жоқ,  ол 
тек  «дефект»,  яғни  тұрмыстың  жоқтығы.  Әлдебір  жамандықты  жариялай 
отырып, адамдар ӛз пайдасы мен ӛзіне тиімді кӛзқарас бойынша қате пікірде 
болады. Моральдық жамандықтың бары рас. Бұл біздің еркімізден тыс күнә 
болып  табылады.  Жамандық  физикалық  (ауру,  жан  азаптары,  ӛлім)  күнә 
болады. 
 Ол  мынадай  қорытындыға  келеді:  адам  жамандықты  тек  махаббат 
арқылы ғана жеңе алады. Осындай тезисті алға қоя отырып, адамның мәнісі – 
махаббатта деп біледі. Августин бойынша, махаббат екі түрлі болады, ӛзіне 
деген  махаббат,  Құдайға  деген  махаббат.  Жеке  тұлғаның  бағасы  оның 
махаббатқа  деген  ӛлшемімен  беріледі.  Адам  тағдыры  жерде,  бұйырған 
махаббатта болады. Яғни, жамандық – ол ӛзіне деген махаббат, ал жақсылық 
– Құдайға деген махаббат.  
Патристиканың  соңғы  кезеңінде  Августин  Блаженныймен  қатар  грек 
патристикасының  соңғы  могикандары  деп  аталатын  Дионисий,  Максим 
Исповедник,  Иоанн  Дамаскин  болды.  Олар  христиандық  теологияны 
құрады,  энциклопедиялық  сипаттағы  еңбектерін  жазды,  схоластикалық 
философияның негізін салды. 
 Дионисийді (V-VІ ғғ.) апостол Павел Ареопагтағы уағыздарымен дінге 
кергізген.  Дионисийдің  атақты  еңбектері:  «Кӛктегі  иерархия»,  «Шіркеу 
иерархиясы»,  «Құдайлардың  атауы»,  «Мистикалық  теология».  Бұл 
жұмыстарында  ол  «апофатикалық»  теологияны  жете  зерттейді.  Оның  мәні, 
Құдайды  түрлі  атауға  ие  болуы  мүмкін,  тек  оның  атрибуттарын  бӛлуге 
болады.  «Кім  бәрінен  жоғары  болса»  сол  кӛрінбейді,  сезілмейді,  бірақ  ӛзін 
иерархистік әлемде ашылатын ғаламдық сапта, үндестікте кӛрсетеді.  
Максим  Исповедник  (580-662  жж.)  «Құдай  мен  Христосты  тану 
туралы ойлар», «Теологиялық жазбалар», «Әкейіміздің пайымдаулары» 
деген  еңбектерінде  табиғатты  құдіретті  образға  жатқызады.  Оның  ұраны: 

«Үмітсіз  жасалған  істер  –  ӛлім».  Сондықтан  ол  әлем  тарихы  шіркеу 
тарихындағы  мистикалық  әлемнің  бір  бӛлігі  деп  есептеген.  Христостың 
үлесінде бір ғана энерия (монофизиттар) және бір ғана күш (монофелиттар) 
бар екеніне сын кӛзбен қарайды. Оларға қарағанда «Христостың екі табиғаты 
және екі еркіндігі бар: құдіретті және адамдық қасиет» деп санайды.  
Осы  кезеңнің  ең  маңызды  шығармасы  Иоанн  Дамаскиннің  (675-753 
жж.)  «Православиялық  сенімнің  нақты  мазмұны»,  мұнда  Шіркеу  әкейі 
ілімінің  негізінде  теологиялық  оқу  құрылады,  ол  патристика  ойын  жүйелеп 
құрады,  аяқтайды.  Х  ғасырдың  басында  оның  шығармалары  славян  тіліне 
аударылып,  Русь  жеріне  әйгілі  болады.  Осыдан  бастап  орыс  философиясы 
басталады, яғни Құдайға деген махаббат нағыз философия болып есептеледі.  
  
4.4. Ортағасырлық христиандық философияда схоластиканың 
қалыптасуының негізгі кезеңдері (Северин Боэций, Иоанн Скотт 
Эриуген, Ансельм Кентерберийский, Петр (Пьер) Абеляр, Фома 
Аквинский, Иоанн Дунс Скотт, Уильям Оккам) 
 
Патристика  мен  схоластика  арасында  бір  ортақ  мақсат  болды,  Құдай 
сӛзін  кӛпшілікке  жеткізу,  христиандық  идеологияны  құру,  патристика  діни 
догмаларды жүйеледі, схоластика оны жай адамдарға қол жеткізе алатындай 
қылды.  
Схоластика  аясында  VІІІ-ХV  ғасырларда  ортағасырлық  философияда 
логикалық  теологияның  негізі  ӛз  дамуын  бастайды.  Бұл  кезең  үш  сатыға 
бӛлінеді: ХІІ ғасырға дейін – ерте схоластика, ХІІІ ғасыр – схоластиканың 
гүлденуі,  кейінгі  схоластика  –  ХIV-XV  ғғ.  Христиандық  философия 
аристотелизмнің негізгі ойлары мен логикасын кең кӛлемде қолданады. Бұл 
кезеңде  Еуропада  Аристотельдің негізгі  еңбектері  мен оған  қатысты  шығыс 
философтарының грек және араб тілінен аударылған түсініктемелері белгілі 
болатын.  
Схоластика  –  рационалды  негіздеу  және  антикалық  философия 
элементтері  қолданылған  христиандық  наным-сенімді  үйренудің  жүйеленуі. 
Схоластика  шеңберінде  философия  «дін  ілімі  қызметшісінің»  рӛлін 
атқарады  және  жеке  ғылым  болып  есептелмейді.  Схоластика  кездейсоқ 
құбылыс емес, Еуропаның мәдени ӛміріндегі заңды құбылыс.  
Дін  мен  философияның  синтезінде  қоғамдық  астар  бар.  ІХ  ғасырдан 
бастап феодолизмнің қалыптасу шыңында «ортақ қарым-қатынас тіл (латын), 
кӛкте  жалғыз  Құдай  (христиан  діні),  жерде  ортақ  билік  (саяси  және 
мемлекеттік  биліктің  орталықтандырылуы»  деген  ұстаныммен  біртіндеп 
европалық  ұлттардың  бірігуі  басталды.  Еуропалық  ұлттардың  бірігуіне 
олардың арабтарды еуропалық жерлерден ығыстыруы мен Араб халифатына 
қарсылығы  себеп  болды.  Олардың  діні  мен  философиясының  бірлігі  саяси 
және  қоғамдық  бірігуіне  себеп  болды.  Осы  кезеңде  ғылымның  бұрынғы 
«ханшасында»  таңдау  болмады:  оның  әлеуметтік  мәртебесі  ӛзгеріп  кетті. 
Интеллектуалды  ағартуға  монополия  шіркеу  қолына  ӛтті.  Философия  басқа 
да  гуманитарлық  тәртіптер  сияқты  тек  қана  шіркеулердегі  мектептерде 

болашақ шіркеу қызметкерлеріне оқытылатын. Осы жағдайларда схоластика 
гүлденеді («школа» – мектеп деген сӛзден) және «теология қызметшісінің» 
міндеті  анықталады:  ақиқатты  іздеу  емес,  формалды  дәлел  және  дайын 
ақиқат сынынан қорғану, Библияда «ашылу» түрінде кездеседі.  
Схоластика шеңберінде екі негізгі мәселе зерттеледі: 1) Құдайдың бар 
екендігі жан-жақты дәлелденеді; 2) универсалия  – ортақ түсініктердің болу-
болмауы,  егер  бар  болса  онда  оған  нақты  заттар  сәйкес  келу-келмеуі 
анықталады.  
Христиандық  философия  логикадан  және  Аристотельдің  ойларынан 
тұрады.  Бұл  уақытта  Еуропада  Аристотельдің  еңбектері  және  шығыс 
философтарының  комментарийлері  грек  және  араб  тілдерінен  латын  тіліне 
аударылған жұмыстары әйгілі болды.  
Схоластика  –  христиандық  сенімнің  антикалық  философияда 
қолданатын  жүйесі.  Схоластика  философияның  діни  қызметшісі  міндетін 
атқарады. Ол Еуропаның мәдени ӛмірі болып табылады.  
Схоластика  жайында  ең  бірінші  Северин  Боэцийдің  (480-524  жж.) 
еңбектерінде кездеседі, оны орта ғасыр «Сумма» деп атаған. Ол латын тіліне 
Платон,  Аристотель,  Порфирий,  стоиктер  мен  неоплатониктер  еңбектерін 
аудармақшы  болады  (бірақ  48  жасында  император  саясатына  қарсы  келгені 
үшін ӛлім жазасына кесіледі) .  Әйтсе  де  оның  Аристотель  еңбектерінен 
аудармалары 
«Категориялар», 
«Аналитиктер», 
«Топиктер»», 
«Софистикалық  жоққа  шығарулар  туралы»,  «Пайымдаулар  туралы» 
ХІІІ ғасырға дейін аристотельдік ілімнің жалғыз діңгегі болды. 
Боэцийдің  «Философиямен  жан  тыныштығы»  түрмеде  жазылған  5 
кітаптан  тұратын  еңбегі  әйгілі  болды.  Қараңғы  қапаста  жатқан  ол  әділдікке 
сенбейді, сондықтан ӛмірде әділетсіздік билейді.  
Оның  қараңғы  қапаста  пайда  болған  ханшасы  –  оны  жұбатушы 
философия  болды.  Оның  әлемді  Құдай  билейді  деген  сенімі  пайда  болды. 
Философия Боэцийге адамның мәңгілік табиғатын және оның кӛктегі орнын 
еске  салады.  Осы  ойларды  түйіндей  отырып,  ол  ӛлімді  қорықпай  қарсы 
алады. 
Боэцийдің  түйіндеуі  бойынша,  тек  философия  ғана  оны  мазалаған 
сұрақтарға  жауап  бере  алады.  Айқын  ақиқат  –  қарапайым  және  керемет: 
жақсылық  мақтанда  емес,  атақта  емес,  байлықта  емес,  рахаттануда  емес, 
биліктің  күшінде  де  емес.  Жақсылық  –  Құдайға  сенуде,  ӛйткені  бұл  қай 
жерде мүмкін болатын болса, сол жерде ақыл мен сенімді қосу керек. 
Берілген трактатта схоластиканың маңызды мәселелері қарастырылады, 
уақыттың мәңгілікке қатынасы. Осы бір мәселені шешу қатынас пен заттың 
байланысын  іздеді.  Бұл  мәселенің  классикалық  анықтамасы:  «саналы 
табиғаттың индивид субстанциясы». Құдай жайында баяндаулардың дәлдігін 
(бар екендігі, қайырымдылығы) талқылай отырып «бар екендігі» (id quid est) 
мен  болмыс  (esse)  арасындағы  айырмашылықтарды  түсіндіреді:  болмыс 
(тіршілік ету) және мағына бір түсінік емес: тек қана қарапайым түп негізі 
бар Құдайда ғана болмыс пен мағына сәйкес келеді. Ал жаратылған заттарға 
келетін  болсақ  олар  қарапайым  емес  күрделі,  оны  біз  болмысы  мен 

мағыналарының  ұқсамайтындығына  қарап  білсек  болады.  Сол  немесе  басқа 
зат тіршілік ету үшін болмысқа қатысы болу керек немесе басқаша айтқанда 
құдіретті  күшпен  жаратылуы  тиіс.  Заттар  болмыстың  анықтамасында 
кӛрсетіледі.  Яғни  жаратылған  заттарға  қатысты  айтатыны,  олар  оңай  емес, 
тым  күрделірек  болады.  Заттың  мәні  оның  қызмет  ету  анықтамасында.  Бұл 
байланысқа  Боэций  «универсалия»  деген  термин  енгізеді,  яғни  жалпы 
заттардың атауы. Заттың құрылу уақытын тәжірибеден алуға болады. 
Бұл ойларды Боэцийге дамытқан Иоанн Скот Эриуген, ол христиандық 
әлемді  неоплатоникалық  оқумен  қосуға  тырысты.  Адам  жаннан,  тәннен 
тұрады  деп  есептеді.  Адамның  жаны  ӛзіне  тәуелді  емес,  ол  Құдаймен 
сыйланған, қашанда жақсылық пен әділдікке ұмтылады. Жан жақсылық пен 
жамандықтың  арасын  таңдайды.  Табиғат  бойынша,  тән  жанға,  жан  тәнге 
тәуелді.  
Боэцияның  бұл  ойларын  Иоанн  Скотт  Эриуген  (810-877  жж.) 
дамытып,  христиандық  ілімді  неоплатондық  іліммен  байланыстырғысы 
келген.  Ол  адамды  жаннан,  рухтан  және  денеден  тұрады  деп  есептеді.  Рух 
адамдарға тек Құдайдың кӛмегімен келеді, рухы бар адам жақсылыққа құмар 
болады. Жан жақсы мен жаманды таңдаушы. Табиғи заңдылық бойынша жан 
рухқа  бағынса,  дене  –  жанға  бағынуы  керек.  Эриугеннің  пайымдауынша, 
екіжақтылық  күшті  жан  қызығушылықтан  алады.  Жамандық  табиғаттан, 
Құдайдан немесе денеден шықпайды, оны адам ӛз еркімен жасайды.  
«Табиғаттың  бӛлінгіштігі»  трактатында  Эриуген  табиғат  аясында 
барлық жаратылыс пен  Құдайды  зерттеген.  Ол  табиғатты: «жаратушы  және 
жаратылмайтын»  (Жаратушы  Құдай);  «жаратпайтын  және  жаратылған 
табиғат»  (жаратылыс  әлемі);
 
«жаратпайтын  және  жаратылмағандардың 
табиғаты»  (Құдай  барлық  жаратылыстың  себебі)  деп  бӛлді.  Эругеннің 
теологиясы ӛз еңбектерінде жаратылыстың және Құдайдың барлығы туралы 
ілімін  паш  етеді.  «Құдайды  барлық  жаратылыстың  жаны»  деген  пантеистік 
пікірі үшін шіркеу қызметкерлері тарапынан бірнеше рет сотталды. 
Схоластиканың  екінші  фазасы  «Жетілдіру  үшін  сенемін»  принципін 
ойлап тапқан Ансельм Кентерберийскийден (1033-1109 жж.) бастау алады. 
Ол Құдайға сену мен оған құлшылық ету және шайтанның азғыруына түсіп 
күнәһар  атанудың  себептерін  рационализдік  бағытта  түсіндіргісі  келді. 
Ансельм әр адамда Құдайдың барына деген сенім бар деп ойлады.  
Оның  теологиясынада  ерік  маңызды  орын  алады:  жақсылық  жасау 
адамға  Құдайдан  берілген.  Августин  секілді  ол  да  ой-сана  сенімнің 
ақиқаттылығын түсіне алмады, оның басты мақсаты Құдайды дәлелдеу еді.  
Ансельм  Құдайдың  болмысын  тӛрт  тармаққа  бӛліп  дәлелдеуін 
ұсынды.  Оның  үш  тармағында  Ансельм  Құдайды  оның  әрбір  жаратылысы 
бір-біріне  ұқсамайтындығымен  түсіндірді.  Мәселен,  әрбір  істің  қайыры  бар. 
Біз затты тілегенде, оның қайырын тілейміз. Бірақ заттардың барлығы бірдей 
қайырлы  емес,  оның  әрқайсысы  жарамды  емес.  Олардың  қайыры  үлкенді-
кішілі жарамдылығында, оның қайыры – Құдай. 
Ансельмнің  тӛртінші  дәлелдемесінде  қайырдың  астарында  «Құдай» 
ұғымы  бар  екендігін  байқаймыз.  Құдай  –  ӛзге  заттарға  қарағанда 

тереңірек зерттелетін тақырып.  Кейін Ансельмнің осы дәлелдемесін Кант 
«Құдайдың  онтологиялық  дәлелдемесі»  деп  атаса,  Николай  Кузанский 
«абсолютті максимум» деген екен. 
Схоластикалық  тәсілдің  негізін  қалауда  маңызды  рӛлді  Пьер 
Абельярдың (1079-1142 жж.). «Sic  et Non»  («Бар  және  жоқ»)  еңбегі алады. 
Христиандық  туралы  кітаптан  кӛшірмеде  Абеляр  меншікті  жауаптарды 
бермеді,  ол,  ақырғы  жауаптар  барлық  теологиялық  сұрақтарда  болды, 
сондықтан бұны ары қарай зерттеу керектігінде. 
Абелярдың  пікірінше,  шынайы  ӛмір  сүретін  жалқылар,  бірақ  олардың 
ӛзара  ортақ  қасиеттері  болады.  Сӛздер  мен  заттар  арасындағы  арақатынас 
орнаған кезде ғана талдау нақты болады деп Абельяр тұжырымдаған. Осыған 
орай,  ол  реалистер  мен  номиналистерді  сынға  алып,  ӛзінің  үшінші 
кӛзқарасын  ұсынған.  Абеьлярдың  пікірінше,  универсалия  дегеніміз 
заттардағы  әмбапты  білдіреді.  Әмбебап  жалқылар  шынайы  ӛмір  сүреді, 
себебі ол Құдайдың ақыл-ойында бар. Адамға ең керегі Құдайға сенуі болып 
табылады.  
Схоластиканың  үшінші  фазасы  аристотелизм  арқасында  дамыған 
«алтын  ғасыр»  деп  аталады.  Бұл  ғасырдың  ең  кӛрнекті  ӛкілі  –  Фома 
Аквинский  (1226-1274  жж.).  Оның  «Пұтқа  табынушыларға  қарсы 
сумма»,
 
(Боэцияның  шығармасына  пікір),  «Жарытылыс  туралы», 
«Табиғат»«Теологияның жиынтығы» деген еңбектерін айтуға болады. 
 Фоманың  пікірінше,  «Құдайдан  басқа  ешнәрсе  жоқ.  Болмыстың  ӛзі  –
Құдай. Бұл жоғары ақиқат. Қалғанының бәрі оның ой-ӛрісінің жемісі.». Бұл 
тезис  кез  келген  ақиқат  Құдайдың  ақиқатына  тәуелді.
 
Бәрі  Құдайға 
байланысты.  Дін  Құдайдың  табиғатын  түсіндіретін  ілім.  Ол  аристотельдік 
ілімге  сүйене  отырып,  ӛзінің  пікірін  нақтылау  үшін  бұған  қатысты  5  дәлел 
келтіреді.  
1)  Қозғалысқа  қатысты  дәлел.  Ол  қазір  кинетикалық  дәлел  делінеді. 
Яғни, барлық заттар қозғала алады, ал қозғалып тұрған заттар басқа заттарды 
қозғалысқа әкеледі. Сондықтан бұны Құдайдан басқа ешкім қозғамайды.  
2)  Дәлел.  Материалдық  әлемде  ӛзінің  түбінің  бірінші  себептен  алушы 
себептес  тәртіп  ӛмір  сүреді,  яғни,  салуға  қажет  біреудің  алғашқы  қандай 
барлық нәрсе Құдайдан. 
3) Кездейсоқтық дәлелі. Бұл тұжырым табиғатта және қоғамда тек бір 
данадан  ғана  заттар  бар  дегенді  білдіреді.  Бұлар  пайда  болады  және 
жойылады  немесе  ӛмір  сүре  аладын,  ӛмір  сүрмейді.  Бұл  кез  келген  заттар 
ӛздігінен пайда болмайды дегенді білдіреді. 
Қоғамдағы  және  табиғаттағы  «қажеттілік  пен  кездейсоқтықта» 
дәлелдер ӛмір сүретін бірліктер айғақ заттардан, кездейсоқтықтан құртылады 
немесе  жоғалады  дегенді  атап  айтады.  Мұнда  кез  келген  құбылыс  жоқ 
болады,  олар  табиғатта  ӛмір  сүрмеген.  Олар  ӛздігінен  пайда  болмаған. 
«Сондықтан әлдебір қажетті жанды жаратушы Құдай бар». 
4)  Дәлелдеу  кемелділіктің  дәрежелерін  нұсқайды.  Заттарда  түрлі 
дәрежелер кемелділік болмыстың және абзалдықтың, кӛріктің кӛрсетілуі. Бұл 
біреудің  барлық  түйірлер  үшін  игіліктің  және  кӛрінген  кемелділіктің 

себебімен  болып  табылған  –  жаннның  болатынына  қарамастан,  оны  біз 
Құдайдан деп атаймыз.,  
5) Дәлелдеу әлемде ақыл – ойға қатысты құбылыстар, іс-әрекеттер мен 
мінез-құлық болады. Мұны біз Құдайдан деп білеміз  
Аквинат жалпылық турасында шынайылықтың жоғалу ұстанымын осы 
дәлелдеуге ұқсатады. 
 – Жаратылыс жеке нәрсеге байланысты құрылады. 
–  Адами  интеллект  арқылы  жалпы  универсалия  үндеседі.  Осы 
дәлелдемелерге  сүйене  отырып,  Аквинат  универсалия  мәселесін  шешуде 
қалыпты  релизм  позициясын  ұстанады.  Ол  болмыстың  жалпы  3  аспектісін 
бӛліп қарастырады. 
-  универсалия  заттарға  дейін  пайда  болған  және  құдіретті  ақылда  бар 
идеялар, бастапқы формалар ретінде. 
-  жалпы  дүние  бірліктен  тұрады.  Бұл  «тікелей»  адам  санасымен 
шешіледі. Сондықтан да заттардан кейін пайда болады. 
Аквинаттың  айтуынша,  «Ақыл-ой  мен  философия  сенімнің 
алғышарттар  болып  табылады».  Теология  мен  философия  бір-бірімен 
тығыз  байланысты:  сенім  ақылды  пайдаланады,  сенім  шындықтан 
алыстамайды.  «…сенім  ақыл  арқылы  жетіледі,  ал  теология  –  философияны 
жетілдіреді». Философия мен теология арасындағы айырмашылық зерттеудің 
мәнінде  емес,  Құдай,  адам,  әлемде  жатыр  дейді  басқалар  Ал  философия 
болса,  ол  да  діни  догманың  дұрыстығын,  ақиқаттылығын  ӛзіне  тиесілі 
беделімен дәлелдеуі керек. Фоманың болжауынша, ақыл мен сенім Құдайдың 
шынайылығын кӛрсетеді. Фома Аквинский шынайылықты үшке бӛледі: 
- «жалпы шынайылық» – Құдайдың құдіреті арқылы болады;  
-  «ерекше  шынайылық»  –  Құдайдың  құдіретімен  болады,  адамдармен 
қарым-қатынас, ерекше тарихи жағдайлар, т.б. 
Аквинаттың  ойы  бойынша,  адам  ӛмірі  Құдайға  қатысты.  Ол  бұрын 
Құдайға жақын болған. Бірақ күнә жасағаннан кейін ол Құдайдан алыстады, 
оған  қарсы  шықты.  Ізгі  ойы  тұманданды.  Адам  Құдаймен  байланысты 
жоғалтты.  Ол  байланысты  тек  қасиетті  кітап  арқылы  жӛндей  алады.  Ол 
адамның табиғаты рационалды, ойы жақсылық пен жамандықты біледі дейді. 
Тек  оның  еркін  ойы  ғана  жан-жақпен  байланыста  болады  немесе  күнә 
жасайды. Жамандық туралы ойын ол грек философтарының айтқанын мәнге 
алады,  жамандық  дұрыс  ойдың  болмауында  емес,  Құдаймен  байланысты 
үзуде Фоманың ойынша, жамандық соңы жан мен еркіндіктің құртылуында 
(Августин Блаженный).  
Ол  адам  табиғаты  рационалды,  оның  ақыл-ойы  жамандық  жасауды, 
адамдықты біледі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет