Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет10/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
treatise20490


 
     Бақылау сұрақтары: 
 
1.Левкипп, Демокриттің атомистік материализмі. 
2.Сопылардың, 
Сократтың 
философиясы: 
ұқсастықтары 
мен 
ерекшеліктері.  
3.Платонның объективті идеализмі. 
4.Аристотельдің форма және материя туралы ілімі. 
5.Эллинистік философияның ерекше белгілері қандай?  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 IV Бӛлім 
Ортағасырлық еуропалық христиандық философия 
 
4.1. Христиандықтың таралуы және христиандық философияның 
басталуы 
 
Еуропалық  ортағасыр  философиясы  –  Рим  империясының  күйреуімен 
байланысты (V ғ.) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға 
дейін (ХIV-XV ғғ.) ӛмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты 
дамыды.  Тіпті  философияны  діннің  қызметшісіне  айналдырып  жібірді. 
Философия діннің шырмауынан шыға алмады.  
Еуропалық  ортағасыр  –  бұл  тарихтың  мыңжылдық  ортасы,  Рим 
империясының  таралуы  мен  қайта  ӛрлеу  дәуіріне  дейін.  Бұл  уақыт 
христиандықтың таралу кезеңіне келеді.   
Христиандықта қасиетті кітап болып Библия саналады, оның канондық 
мазмұны  Жоғары  және  Жаңа  Заветтен  алынады.  Христиандықтың  негізгі 
қайнары  иудеизмнің  Яхва  Құдайынан  алынады.  Христиандықтар  толықтай 
еврейлік Ескі Заветті қабылдады. Олардың тӛртеуі оншақты Жоғары Заветті 
дін культінің негізгі қағидасы болып табылады (ӛзіңе тұлға жасама, ұрлама, 
ата-анаңды  сыйла,  артық  нәрсені  тілеме).  Осы  қағидаларды  қабылдап, 
христиандық  ілім  жақындарына  деген  мабаббат,  яғни  Исус  Христостың 
айтуы  бойынша  жасалды.  Оның  мәні  «Ӛзін  басқалармен  қалай  аралассаң, 
олар сенімен де солай араласады».  
Христиандықтың  негізі  Исус  Христостың  миссиясына  жатады,  ол 
барлық  адамзаттың  күнәсі  үшін,  ӛзі  кресте  қиналып  ӛледі,  оның  екінші 
ӛмірге  қайтып  оралуы  әлемге  қиын  сот  болады.  Библия  бойынша,  адамзат 
Құдайдың  жасаған  образымен  құрылған,  ол  Құдайға  табынуы,  оның 
құдіретін сезінуі қажет. Құдайдың еркін орындау ӛз еркімен орындау секілді. 
Адамның  ӛзін  жетілдірудегі  ең  негізгі  құрал  болып  ақыл  да,  интеллект  те 
емес  индивид  еркіндігі,  демек  жаратушыға  ұқсап  бағу,  оның  жоғары 
мадағына  лайық  болу,  Құдайдың  еркін  оңай  қабылдау  қабілетімен 
тұжырылымдалады. 
Жай  адамдарға  христиандық  Рим  мемлекетінің  қағидаларына  кереғар 
келеді,  мұнда  адам  ӛмірінің  құны  жоқ  етін,  ал  моральдық  және  этикалық 
нормалар әрбір қадамда кездесетін. Сондықтан христиандық, «қорлық, зәбір 
кӛргендердің»  діні,  барлығы  Құдай  алдында  тең,  ол  адамдардың  жүрегінен 
орын алды. Ол үміт сыйлады, жерде мемлекет емес, адам маңызды болатын 
қоғам пайда болады деп. 
Басында  христиандықтың  ізбасарлары  аскетизм  мен  қорлыққа  тап 
болды.  Оның  таралуы  «Құдай  кӛкте,  жалғыз  тағала  жерде»  деген  ұранмен 
таралды.  Мемлекет  те,  діни  билік  те  бір-бірінен  тірек  іздеді.  Сондықтан 

христиандық  ортағасырлық  Еуропада  бір  ресми  идеология  болды. 
Христиандық  мемлекеттік  дінге  айналғаннан  кейін,  байлар  мен  күші 
барлардың  дініне  айналды.  Мемлекеттік  кӛзқараспен  қарағанда  христиан 
болсаң,  құрметті  әрі  мақтаулы  боласың.  Шіркеулер  сол  заманның 
феодалдары үшін мықты институтқа айналды.   
Мемлекеттік  дін  болған  христиандық  мыңжылдық  уақыт  аралығында 
нешеме  рет  тарқап,  түрлі  топтарға,  секта,  мектеп,  бағыттарға  бӛлінді.  Ірі 
бағыттары  (католицизм,  православие,  протестантизм)  ғасырлар  бойы  ӛзара 
шайқасып,  қан  тӛгісті.  Діни  соғыстардың  айуандығы,  крест  шайқасы, 
еуропалық  инквизиция  тек  күші  барлардың  кӛзқарасын  қорғау  үшін  ғана 
негізделді, Исус Христостың оқуына түк қатысы болмады.  
ХІІ-ХІІІ  ғғ.  басында  рим-католик  шіркеуі  орталықтандырылған 
идеологиялық  және  саяси  ірі  ұйымға  айналады.  Ӛздерінің  ықпалын  жүргізу 
үшін  Иннокентий  ІІІ  папаны  Исус  Христостың  орынбасары  деп 
тағайындайды,  инквиция  енгізіледі,  ол  мектептер  мен  университеттердің 
оқуларында  «еретиктермен»  қатаң  есеп  айырысады.  Батыс  еуропалық 
университеттер  ішкі  автономиясынан  айырылды,  философияда  тек  болашақ 
шіркеу  қызметшілері  ғана  оқыды,  ал  ең  жоғары  факультет  теология  болып 
саналды.  
Теология  діни  ақиқаттардың  жүйесімен  айналысты.  Бұндай  идеология 
теориялық  түсініктемені  қажет  етеді.  Бұның  дәлелі  аясында  ұсынылған  топ 
догматтар  негізі  болған,  лон  теологиясында  басым  дамыған  еуропалық 
ортағасырлық философия болды.  
 Жаратылыстың діни қағидалары (догматтары): 
- Құдай әлемді құрды, жоқтан бар жасады; 
- әлемнің құрылуы ол Құдайдың әмірімен пайда болды; 
- әлем Құдайдың құдіреттілігінен пайда болды; 
- табиғат ӛзін-ӛзі құра алмайды; 
- айналадағы қоршаған бүтіндей әлемді Құдай жаратқан; 
- Құдай мәңгілік, тұрақты; 
- әлем Құдайдың әмірімен пайда болды; 
- тек қана Құдай шынайы болмыс  болып саналады; 
-  Құдай  жаратқан  әлем  шынайы  болмыс  емес,  ол  Құдайға  қатысты 
екінші орында; 
-  әлем  ӛзін  жетілдіре  алатын  күшке  ие  емес  сондықтан  басқаның 
(Құдайдың) ерік-жігерімен пайда болды, сондықтан ол тұрақсыз, ӛзгермелі; 
- Құдай мен оның жаратқан заттарының арасында нақты шекара жоқ. 
Жарату идеясы жамандық пен жақсылықтың шешімін табады: 

Қоршаған ортаны тұтастай Құдай жаратты; 

жақсылық пен әділдіктің түйіні мен тасымалдаушысы – Құдай; 

Қоршаған әлем о бастан-ақ жақсылыққа толы

жақсылықты  шайтан  (сатана)  –  Құдайға  қарсы  тұрған  азғын 
періште әкеледі; 


әлемде  алғашында  жамандық  болмаған,  сондықтан  жиі 
сондықтан  ол  жақсылық  атын  жамылып  ӛзінің  зұлым  мақсаттарына  қол 
жеткізеді; 

әлемде  жақсылық  пен  жамандықтың  арасында  үздіксіз  күрес 
жүріп  жатады,  бірақ  әлемді  Құдай  жаратқандықтан  және  Құдай  мейірімді 
болғандықтан жақсылық жамандықты жеңіп отырады. 
 
 Ашылудың діни қағидалары (догматтары): 
- әлемді Құдайды танып қана тануға болады
- Құдай санаға тәуелді емес
- Құдайды  кӛру  мүмкін  болмағандықтан,  ол  адамдарға  Библия  арқылы 
санамен танылуды ұйғарды; 
- Құдайды  және  бүкіл  тіршілікті  танудың  жалғыз  әдісі  –  Библия 
түсініктемесі; 
- Құдайды тану тек құдіретті жолмен, адам сенімімен танылады. 
Бұл  догматтардың  (монотеизм)  мен  ашылуды  діни  идеологиядан 
құрайды, ол теоцентристикалық философия типімен біріктірілген.  
 
4.2. Христиандық догматика негізінің қалыптасуы (патристика-
апологетика дәуірінің бірінші кезеңі, Александрия діни мектебі, 
Каппадокийск «шіркеу әкелері» және гностицизм) 
 
Орта  ғасыр  дәуірінде,  патристика  кезеңінде  (ІІ-VІ  ғғ.),  ең  бірінші 
баспалдақтар  апологетиктерге  жатады.  Апологетиканың  мақсаты  –  ақыл-
парасатқа  жүгінген  дәлелдердің  кӛмегімен  дін  ілімін  қорғап,  сақтау. 
Апологетиканың 
құрамына 
мыналар 
енеді: 
Құдай 
болмысының 
дәлелдемелері,  жанның  мәңгілігі,  Құдайдың  сыр  беруінің  белгілері  туралы 
(оның  ішінде  ғажайыптар  мен  сәуегейліктер  туралы)  ілім,  дінге  және  оның 
жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа 
діндерге талдау. 
Грек 
философиясының 
элементтері 
христиан 
ойшылдарының 
ассиямиляциясын  Юстина  Мученика  бастаған.  Ол  христиан  мен  грек 
философиясының  ортақ  нүктелері  кӛп  деп  санаған.  Юстиннің  ойынша, 
барлық жақсы философтардың арасында мынадай түйіндеме жүрген: барлық 
тірі  жан  ӛзінің  пайда  болу  болмысында  құдіреттен  жаратылан.  Ол  Платон 
мен басқа философтардың ойларын еске алады, адам ӛлгеннен кейін де ӛмір 
бар  деп.  Платон  мен  Моисейді христиан  ойшылдары деп есептеуге  болады. 
Юстин  Платонның  космогония  мен  еркіндік  туралы  үздік  идеяларын 
Египеттегі Моисейдің ілімдерінен алып пайдаланды, сондықтан да Платонды 
христиандық  ойшыл  деп  айтуға  болады.  Оның  айтуы  бойынша 
философтардың жоғарыда кӛрсетілген мәселелері дұрыс, бірақ олардың жан 
туралы  ілімімен  келіспейді.  Осыған  қарамастан  ол  философтардың 
ілімдерінде  «ақиқаттың  сәулесі  бар»  және  оны  кездейсоқтық  деп  түсіндіру 
мүмкін емес екендігін нақтылайды. Ол осы кездейсоқтық бастауларын Логос 
туралы іліммен қарастырған. Гректердің ұлттық дәстүрлі философиялық ойы 

бойынша  адамның  миы  шындықты  логос  арқылы  немесе  бәрін  қамтитын 
нақтылық  арқасында  түсіне  алады.  Юстин  бойынша  осылардың  бәрі  логос 
немесе Құдайдың сӛзі арқылы іске асады.  
Юстиннің оқушысы Татиан христиан дінінің варварлық қатынастарын 
классикалық мәдениетке және философияға қарама-қайшы қоюды мақтаныш 
тұтқан.  «Гректерге  сӛз»  жазбасында  ол  христиандықты  мадақтап,  оны  грек 
философиясына қарсы қойған. Гректер варварлар деп қарсы сӛйлеген адамды 
атаған. Осыған байланысты Татиан нұсқаған, таза грек тілі жоқ, Грекияның 
түрлі  облыстарында  сан  түрлі  сӛйлейді.  Сондықтан  адамдар  риториканы 
ойлап  тапты,  яғни,  сӛз  бағасын  түсіне  біліп  сатқанға,  жоғары  баға  берген, 
осылайша жалған мен әділетсіздікті анықтады. 
Татиан  бойынша  гректердің  барлық  бағалы  заттарын  варварлар  басып 
алған.  Мысалы,  астрологияны  вавилондықтардан  үйренді,  геометрияны  – 
египеттіктерден,  хатты  –  финикийліктерден.  Осындай  сипаттаманы 
философия мен діниге қатысты ұйғаруға болады, Моисейдің жазбалары кӛне 
уақытқа,  тіпті  Платон  мен  Гомерге  қатысты.  Яғни  гректер  даналықты 
варварлардан үйренген, олар варварлардың аналығын түсінбейді. Сондықтан 
«гректердің  даналығын»  жайдан  жай  Моисей  білген  ақиқаттан  қашу  деп 
білеміз.  
Пұтқа табынушы Құдайларына да қатысты  Татианның критикасы бар: 
Гомер  және  басқа  да  грек  ақындары  олардың  зинақорлық,  бала  ӛлтіру, 
жарамсақтану  сияқты  масқара  істерін  әшкерелеген.  «Мұндай  адамнан  да 
тӛмен  Құдайларға  табынуға  болмайды».  Әйтеуір,  дейді  Татиан,  пұтқа 
табынушылар  бас  иетін  кӛптеген  мүсіндер  негізінен  мүсіншілерге  модель 
болған жолдан тайдыратындар кейпін бейнелейді. Осыдан ол «Христиандар 
тӛменгі  қоғамдық  топтарға  жатады  дейтін  сол  пұтқа  табынушылардың  ӛзі, 
тӛменгі топтағы адамдарға бас иеді» деп қорытындылайды. 
Филосософия  мен  Татианның  христиандық  сенімінің  бір-біріне 
байланысы  жоқ  екенін  анықтап,  бӛлген  Септимий  Тертуллиан  (160-220 
жж).  Ол  христианның  радикалды  қозғаушысы  болған,  ӛзі  кинизм  мен 
стоицизмнің ықпалында болса да осындай тұжырым жасаған. Оның ойынша, 
христиандықты  қабылдау  үшін  тек  қана  сенім  керек,  әрбір  ақиқатты  іздеу 
қауіпті. Тертуллиан «Павел апостолдың жолдауында» «сеніммен танимыз» 
деген  жаңа  ұстаным  белгіледі.  Павел  былай  деген:  «Исус  Христос  үшін 
барлығын  да  оқып  білеміз,  ӛз  Құдайым  үшін  бәрінен  де  бас  тарттым,... 
Христосымды  табу  үшін  және  оның  ішінен  ӛз  сенімімді  табу  үшін,  оның 
қайта тірілгенін, оның қиындыққа деген тӛзімін түсіндім». 
Стоиктер  іліміне  сәйкес  Тертуллиан  барлық  нәрсенің  тәнімен  бірге 
жаны да бар екенін мойындаған. Ол Құдайда тылсым бір құдірет бар екеніне 
сенген.  Тертуллиан  ақиқаттың  ашылуы  жайлы:  «Бұл  ешқандай  нәрсеге 
сәйкес келмейді» деген, «бұл мүмкін, әлде мүмкін емес». 
Тертуллианның  айтуы  бойынша  ақиқаттың  ұлы  құпиясы  бар.  Ақыл 
құтқару ісінде әлсіз. Бірақ теолог ақылды түгелімен жоққа шығармайды. Ол 
тек  «сенім  үстемдік  ету  керек,  ӛйткені  ол  мақсат  қояды,  пән  мен  тиімді 
білімнің  арасын  анықтап  береді»  деп  атап  кӛрсетеді.Тертуллианның  айтуы 

бойынша,  бәрі  де  сенімнің  шегінен  шығады,  немесе  Інжіл  ғана  Құдай 
танымының,  сондай-ақ  кез  келген  барлық  білімдердің  бастауы,  қайнар  кӛзі 
болып  табылады.  Құдай  адам  ӛмірін  басқарады,  ал  философиялық  ақыл-ой 
Құдайдан  тек  қана  бас  тартады.  Сенім  түсінігі  айқын  ақиқат,  сондықтан 
«философия теологияға қызмет ету керек». Тертуллиан теологияға persona 
(Бет)  деген  ұғым  енгізді,  ал  Әке  мен  Ұлдың  қарым-қатынасын  патша  мен 
уәзірдің қарым-қатынасы сияқты қарастырды. 
Жаңа заманның бірінші ғасырында діни философияның орталығы Грек, 
Египет  және  Таяу  Шығыс  халықтары  мәдениеті  араласып  жатқан 
Александрия  қаласы  болды.  Осы  мәдениеттің  ықпалын  ӛзіне  қабылдай 
отырып,  Александрия  Құдайтану  мектебін  құрушылар  –  экзегетиканың 
(пайым  білімі)  негізін  қалады.  Христиандықты  эллинистік  философияның 
соңы  деп  санай  отырып,  олар  тән  мен  жан  туралы  және  рухани  ой 
жазбаларын тапқысы келді. 
Осы мектептің кӛрнекті ӛкілі, экзегетиктердің (герменевтикалықтардың 
негізін  қалаушы  Филон  Александрский  (б.д.д.  шамамен  25  ж.  б.д.  50  ж.) 
болып  табылады.  Исустың  осы  замандасы  пұтқа  табынушылық 
философиясының  жақсы  үлгілері  иудей  жазбаларына  сәйкес  келетінін,  бір 
негізден  шыққандығын  тұжырымдайды.  Оның  айтуы  бойынша,  бұндай 
сәйкестіктер  ӛте  кӛп,  мәселен  философтар  ілімі  Киелі  жазбалармен  сәйкес 
келеді.  Филон  мынаны  дәлелдеуге  тырысты:  Құдай  туралы  жазбалар 
философтар  Абсолютімен  бірдей,  адамгершілік  туралы  иудей  ілімі  грек 
философтарының кӛрнекті ӛкілдерінің ілімдерінен еш айырмашылығы жоқ. 
Христоспен 
сәйкестендірілген 
Филон 
логосы 
жазбалардағы 
теологиялық  интерпретацияға,  грек  философиясы  мен  Библия  нанымының 
қосылуына  жол  берді.  Оның  эгзегетикасын  Климент,  Юстин,  Ориген, 
Григорий Нисский, Августин т.б оқып үйренді. 
Филонның  ізбасары  Флабий  Климент  (150-219  жж.)  пұтқа 
табынушыларды  христиан  сеніміне  тартты.  «Эллиналарға  ӛсиет»  деген 
еңбегінде  ол  христиаиндық  сенім  Платон  философиясының  негізі  екенін 
түсіндіруге  тырысты.  Бір  ғана  ақиқат  бар,  Платон  баяндаған  ақиқат  Исус 
Христостың ақиқатынан және жазбалардағы ақиқаттан ерекшелене алмайды. 
Оның ойынша гректерге философия берілсе, еврейлерге заң (Тора) берілген. 
Бұлардың  екеуі  де  Христоспен  ашылған  ақиқаттың  соңына  әкеліп  соғады. 
Грек  философтарының  рӛлі  еврейлер  пайғамбарларының  рӛлімен  бірдей 
болды.  Жазбалар  аллегория  түрінде  немесе  Климент  сӛзімен  айтқанда 
«ӛсиет»  түрінде  құралған.  Қасиетті  жазбалар  бірнеше  мағына  беруі  мүмкін. 
Тура  мағынаны  елемей  қоюға  болмайды.  Бірақ  оны  дұрыс  пайдалана 
білмейтіндер  аузынан  ана  сүті  кеппеген,  есеюге  қабілетсіз  жас  сәбилер 
тәрізді. «Анайы сенімді» қанағат тұтатын адамдарға ол жазбалар мағынасын 
жете түсінетін данагӛйлерді қарсы қоятын.  
Клименттің  дарынды  ізбасары  Клод  Ориген  (185-254  жж.)  заң 
бойынша  христиандық  теология  ілімін  бір  жүйеге  келтіруші  болып 
есептеледі. 

Оригеннің нақтылауы бойынша адам рухтан, денеден, жаннан тұрады. 
Рух адамның ӛзіне тәуелді емес, ол Құдайдан дарыған және әрдайым ақиқат 
пен ізгілікке ұмтылады. Жан  болса жеке  адамды құрайды,  осыдан даралану 
басталады,  ерік  бостандығы  адамгершілікті  анықтаудың  маңызды  бӛлігін 
құрайтындықтан, Ориген бойынша жақсылық пен жамандықты дәл осы жан 
таңдайды. Табиғаты бойынша жан рухқа, ал дене жанға бағынуы тиісті. Бірақ 
жанның  екіжақтылық  күшіне  байланысты  адамды  әуесқойлық  пен  сезімге 
құлшындыра  отырып  оның  «тӛмен  бӛлігі»  «жоғарысына»  қарағанда  жиі 
басымдылыққа  ие  болады.  Бұның  әдетке  айналуына  байланысты  адам 
жаратушымен  жасалған  табиғи  тәртіпті  кері  етуші  күнәһар  болып  қалады. 
Жауыздық  Құдайдан  да,  табиғаттан  да  емес  адамнан,  дәлірек  айтсақ 
бостандықты атүсті, салғырт пайдалануынан.  
Оригеннің  кейбір  жай  күйі  еретикалықпен  саналған,  сонымен  қатар 
апокатастаси  ілімі  жайында  –  құдіретті  игілік  пен  қайырымдылықтың 
шексіздігінің  арқасындағы  барша  жанның  соның  ішінде  ібілістің  де  қашып 
құтыла алмайтын құтқарылуы.  
III  ғасырдың  аяғы  мен  IV  ғасырдың  басында  шіркеуде  Христостың 
бойындағы  адамдық  және  құдіреттілік  мағынасының  бірігіп  келуі  қызу 
талқыланады.  Пресвитер  Арий  (256-336  жж.)  Христосты  мінсіз  ӛнегеліктің 
жоғары  деңгейіне  жатқызады,  бірақ  оның  құдіреттілігін  мойындамайды. 
Диакон  Афанасий  (296-373  жж.)  Құдайда  бар  құдірет  оның  ұлында  да  бар 
деген  баяндама  қалдырды.  Осы  сұрақ  жайындағы  таластың  қорытындысы 
Никилік (325 ж.) және Халкидондық (451 ж.) соборларда Афанасий мен Арий 
арасында  шешілді.  Құдайдың,  Құдай  ұлының  және  Әулие  Рухының 
жалғыздығы жайындағы баяндама ресми түрде бекітіліп, бұдан бұлай шіркеу 
заңы  болды,  ол  бойынша  Христосты  бойында  құдіретті  және  адами 
табиғатының  бірігуі  бар.  Үшбірлік  туралы  баяндама  абсолютті  ізгіліктің, 
абсолютті білімдарлық пен абсолютті құдіреттіліктің иесі Құдайдың жалғыз 
екендігі жайындағы иудаизмдегі пісіп жетілген пікірді ары қарай дамытады. 
Барлық тірі ағзалар мен заттар оның жаратылысы болып табылады, барлығы 
құдіретті еріктің еркін әрекетімен жаратылған.  
Теологтарға  сәйкес  христиандықтың  екі  орталық  догматы  Құдайдың 
үшбірлігі және Құдайға сену жайында айтады.  
Каппадокийліктер  басшысы  Әйгілі  Василийдің  (330-379  жж.) 
«Гомилии  на  Шестоднев»  (Құдайдың  жерді  алты  күнде  жаратқаны 
туралы)  трактатында  ең  басты  Болмыс  Кітабының  (Книга  Бытия)  бірінші 
бӛліміне кеңінен түсініктеме берілген. Мұнда христиандық бір Құдайға сену, 
«Құдай» ұғымына сипаттама беріледі. Василий материядан жаралғанымызды 
теріске шығарып, жамандық әлемге материядан пайда болғанын, Құдай жаңа 
ӛмір,  әлемді  жоқ  нәрседен  құра  алады,  мұнда  жамандық  болмайды  деп 
пайымдаған.  Василий  жамандыққа  табиғи  апаттарды,  кедейшілікті,  ауруды, 
ӛлімді қоспайды. 
Әлемнің  пайда  болуын  христиандық  постулаттарында  әжептеуір 
мәселеге айналдырған. Василийдің айтуы бойынша, табиғи заттардың әлемді 
ӛзіндік  орны  бар,  олар  пайда  болатын  және  жойылатын  уақыты  болады, 

ӛткен  шақ  болғаны,  болашағы  сияқты.  Ол  Құдайдың  жаратқан  әлемін 
таңғажайып  деп  таныды,  әлемде  пайда  болған  әрбір  заттың  ӛзіндік  орны, 
атқаратын  ӛз  міндеті  бар  және  ол  жаралған  басқа  нәрселермен  тығыз 
байланыста.  
Әйгілі  Василийдің  ағасы  Григорий  Нисский  (335-394  жж.)  «Адам 
жаратылысы»  атты  еңбегінде  адам  Құдайдың  қалауымен  жаратылған,  бас 
еркіндігі  мен  саналы  сезімге  ие  тұлға  деп  тұжырымдайды.  Яғни  адамның 
ӛлетін  тәні және ӛлмейтін рухы бар  тұлға  болғандықтан, ол  кӛзге  кӛрінетін 
және кӛзге кӛрінбейтін екі әлемнің байланысы.  
Адам – жан мен материяның арасындағы, тән мен жанның байланысы. 
Құдай адамның жанында ғана орын табады. Жаратушы бізге еңбек, махаббат, 
еңбек, әділдік, сұлулық және жақсылық беріп жарылқаған.  
Діни  философияның  ең  кеш  дамыған  түрі  –  гнестоцизм.  Оның 
ізбасарлары Василид, Валентин, Маркион және т.б. «гносис» (сана) терминін 
қолданған. Мұндай түсініктеме эллинистік және шығыс тілдерінде кездеседі. 
Гносиктердің  ең  басты  объектісі  Құдай  бар,  сондай-ақ  ол  адам  жанының 
құтқарылуымен 
байланысты. 
Христиандықтардың 
қызғанушыларына 
ұнамайтын  жақтары  да  болды,  «бұл  әлем  жамандықтан  тұрады,  оны  Құдай 
жаратпаған,  ол  Демиургтен  пайда  болған»  дейді.  Ал  Христосты  кӛктен 
түскен тәні бар тұлға деп санаған. Гностицизм бойынша Құдай мен адамдар 
эондар деп аталады, яғни әлемнің тұрақты бір бӛлшегі. Адам жамандық жоқ 
басқа  бір  әлемнен  пайда  болған.  Бұл  әлемде  біз  қуғындамыз,  біздің 
Отанымыз – басқа әлемде.  
Мұндай  пайымдаулар  әрине  «еретиктерге»,  шіркеу  қызметшілеріне 
ұнамады.  Гностиктердің  ойы  бойынша,  ғылым  –  Христос  пен  бірнеше 
шәкірттеріне  ашылған  құпия.  Гностиктердің  осы  ойлары  туралы  еңбектер 
1945 ж. Египетте табылған «Апокрифтің жаңа заветтерінде» кездеседі. Ол 
ӛткен ғасырдың 70-жылдарында тұңғыш рет жарық кӛрді. 
Жарық  пен  қараңғының,  жақсылық  пен  жамандықтың,  материя  мен 
жанның  күресі  гностиктерге  тән.  Гностицизмнің  тағы  бір  ерекшелігі 
теодицея,  доктрина  болады,  олар  «егер  Құдай  адамға  мейірімді  әрі  әділ 
болса,  неге  жауыздық  та  бар?»  деген  сияқты  сұрақтарды  шешеді.  Осындай 
сұрақтарды  шеше  отырып,  гностиктер  Құдай  –  жаратушы  және  Құдай  – 
жазалаушы деген пайымдауларды енгізеді.  
 
4.3. Философияның христиандық догматикасын әзірлеу 
(патристика дәуірінің екінші кезеңі – Августин Аврелий, Дионисий 
Ареопагит, Максим Исповедник, Иоанн Дамаскин) 
 
Патристиканың  екінші  кезеңі  ІV  ғасырдың  басымен  V  ғасырдың 
жартысы,  христиандық  шіркеулер  грек-рим  қоғамында  елеулі  тұлға  болған 
кезеңге тап келеді. Бұл кезең классикалық патристика деп аталады. Шіркеу 
әкейлері  жаңа  теологиялық  және  христиандық  идеологияны  құрайды. 
Ортағасырлық  Еуропада  діни  идеология  еуропалық  халықтардың 
консолидациясында  ең  басты  факторлар  болды,  экономиканың  дағдарысқа 

ұшырауы  кезеңінде  шіркеу  басшылары  христиандық  мораль  және  оған 
сену жолын кӛтерген. Бұл кезеңде христиандық философияның догматикаға 
негізделген жұмыстары қызу жүре бастады.  
Батыс және Солтүстік Еуропада соңғы VІІІ ғасырдан бастап феодализм 
қарқынды  тарала  бастады.  Бұл  жер  мәдениет  орталығы  мен  философиялық 
ойлардың  шоғырланған  ортасы  болды.  Батыс  еуропа  халықтарында  ортақ 
мәдени  және  тіл  (латын)  кеңістігі  пайда  болады.  Шіркеу  ірі  феодал  болды 
және иерархиялық феодалдық ұстанымдардың негізінде басқарылды. Шіркеу 
мектептері және монастырлар мәдени орталықтарға айналды. Білім тек діни 
мағынада  болды.  Философия  тек  қана  монастырь  мектептерінде  оқытылды, 
оны  болашақ  шіркеу  қызметкерлері  оқыды.  ХІІІ  ғасырдан  бастап 
университеттер пайда бола бастағаннан-ақ ӛнер факультеттерінде философия 
(платонизм, неоплатонизм және аристотелизм араб тілінен аударма ретінде) 
оқытыла  бастады.  Философияның  мақсаты  ғылыми  жұмыстар  емес,  шіркеу 
догмаларын қарастыру болды.  
Христиандық  догматиканың  құрылуына  үлкен  үлес  қосқан  Августин 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет