ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ҚАТЫНАСТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ
ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ТАЛДАУ
Ⱦ
Ȼɿɥɿɦɞɿ ɚԕɩɚɪɚɬɬɚɧɞɵɪɭ ɫɚɥɚɫɵɧɞɚ ɠԛɪɝɿɡɿɥɝɟɧ ɡɟɪɬɬɟɭɥɟɪ
Ȼ.Ȼɚɣɦԝɯɚɧɨɜɬɵԙ
ԑɵɥɵɦɢ ɦɟɤɬɟ-
ɛɿɧɞɟ ɨԕɵɬɭ
ԛɞɟɪɿɫɿɧɞɟ
ɤɨɦɩɶɸɬɟɪɥɿɤ
ɬɟɯɧɨɥɨɝɢɹɥɚɪɞɵ
ɟɧɝɿɡɭ ɦԥɫɟɥɟɥɟɪɿ
ԕɚɪɚɫɬɵɪɵɥɞɵ,
ɨɫɵɧɵԙ ɧɟɝɿɡɿɧɞɟ
ɨԕɵɬɭ ԛɞɟɪɿɫɿɧɞɟ
ԥɪɬԛɪɥɿ
ɛɚԑɞɚɪɥɚɦɚɥɵԕ
ԕԝɪɚɥɞɚɪɞɵ
ԕɨɥɞɚɧɭɞɵԙ
ԥɞɿɫɬɟɦɟɫɿ
ɠɚɫɚɥԑɚɧ
(Ȼ.Ⱦ.ɋɵɞɵԕɨɜ,
Ɋ.ɋ.ɒɭɚԕɛɚɟɜɚ,
Ɋ.Ȼ.Ȼɟɤɦɨɥɞɚɟɜɚ,
Ⱥ.Ԧ.Ȼɚɣɞɵɛɟɤɨɜɚ
ɠԥɧɟ ɬ.ɛ.).
ȿ.ɕ.Ȼɢɞɚɣɛɟɤɨɜɬɵԙ
ԑɵɥɵɦɢ ɦɟɤɬɟɛɿɧɞɟ
ɫɬɭɞɟɧɬɬɟɪɞɿ
ɚԕɩɚɪɚɬɬɵԕ
ɬɟɯɧɨɥɨɝɢɹ
ԕԝɪɚɥɞɚɪɵɧ
ԕɨɥɞɚɧɭԑɚ
ԥɞɿɫɬɟɦɟɥɿɤ
ɬԝɪԑɵɞɚɧ ɞɚɣɵɧɞɚɭ,
ɢɧɮɨɪɦɚɬɢɤɚ ɩԥɧɿɧ
ɨԕɵɬɭ ɠԥɧɟ
ɢɧɮɨɪɦɚɬɢɤ
ɦɚɦɚɧɞɚɪɞɵ
ɞɚɣɵɧɞɚɭ
ɦԥɫɟɥɟɥɟɪɿɦɟɧ
ɚɣɧɚɥɵɫԕɚɧ
(ɀ.Ԕ.ɇԝɪɛɟɤɨɜɚ,
Ƚ.ɀ.ɇɢɹɡɨɜɚ,
ɒ.ɒɟɤɟɪɛɟɤɨɜɚ,
Ⱥ.ɂɛɚɲɨɜɚ,
ɗ.Ⱥ.Ⱥɛɞɭɤɚɪɢɦɨɜɚ
ɠԥɧɟ ɬ.ɛ.).
ɀ.Ⱥ.Ԕɚɪɚɟɜɬɵԙ
ԑɵɥɵɦɢ
ɦɟɤɬɟɛɿɧɞɟ
ɚԕɩɚɪɚɬɬɵԕ-
ԕɚɬɵɧɚɫɬɵԕ
ɬɟɯɧɨɥɨɝɢɹɧɵ
ɠɚɥɩɵ ɨɪɬɚ
ɦɟɤɬɟɩɬɿԙ ɨԕɭ
ԛɞɟɪɿɫɿɧɞɟ
ɩɚɣɞɚɥɚɧɭ, ɨɪɬɚ
ɠԥɧɟ ɠɨԑɚɪɵ ɨԕɭ
ɨɪɵɧɞɚɪɵɧɞɚ
ɢɧɮɨɪɦɚɬɢɤɚɧɵ
ɨԕɵɬɭ ɦԥɫɟɥɟɥɟɪɿ
ԕɚɪɚɫɬɵɪɵɥԑɚɧ
(Ɇ.Ȼ.ȿɫɛɨɫɵɧɨɜ,
ɀ.ɋ.ɋɚɪɞɚɪɨɜɚ,
ɋ.Ɍ.Ɇԝɯɚɦɛɟɬɠɚɧ
ɨɜɚ,
Ȼ.Ɍ.Ⱥɛɵԕɚɧɨɜɚ
ɠԥɧɟ ɬ.ɛ.).
Ƚ.Ԕ.ɇԝɪԑɚɥɢɟɜɚɧɵԙ
ԑɵɥɵɦɢ ɦɟɤɬɟɛɿɧɞɟ
ɛɿɥɿɦ ɛɟɪɭɞɿ
ɚԕɩɚɪɚɬɬɚɧɞɵɪɭ
ɠɚԑɞɚɣɵɧɞɚ
ɷɥɟɤɬɪɨɧɞɵԕ
ɨԕɭɥɵԕɬɚɪɞɵ
ɞɚɣɵɧɞɚɭɞɵԙ
ɩɟɞɚɝɨɝɢɤɚɥɵԕ
ɧɟɝɿɡɞɟɪɿ ɦɟɧ ɬԛɪɥɿ
ɨԕɵɬɭ ɦɚԕɫɚɬɵɧɞɚԑɵ
ɛɚԑɞɚɪɥɚɦɚɥɵԕ ԕԝɪɚɥ-
ɞɚɪɞɵ ɠɚɫɚɭ ɦԥɫɟɥɟɥɟɪɿ
ԕɚɪɚɫɬɵɪɵɥԑɚɧ. Ȼɿɥɿɦɞɿ
ɚԕɩɚɪɚɬɬɚɧɞɵɪɭɞɵԙ
ɩɟɞɚɝɨɝɢɤɚɥɵԕ
ɬԝɠɵɪɵɦɞɚɦɚɫɵɧ
ɠɚɫɚɞɵ
(Ⱦ.Ɇ.ɀԛɫɿɩɚɥɢɟɜɚ,
ɒ.Ɍ.Ⱥɛɢɲɟɜɚ,
ɒ.ɏ.Ԕԝɪɦɚɧɚɥɢɧɚ ɠԥɧɟ
ɬ.ɛ.)
Орта мектептің оқыту үрдісінде
математиканы оқытуда ақпараттық-
қатынастық технологияларды
қолдану
Бастауыш мектептің оқыту
үрдісінде математиканы
оқытуда ақпараттық-қатынастық
технологияларды қолдану
Э.А.Абдыкаримова: компьютерлік
модельдеудің негізінде мектеп фи-
зикасын оқытудың əдістемесі.
Ж.Т. Билялова: бастауыш сынып-
тарда математиканы оқытуда оқу
есептерін пайдалану əдістемесі.
Р.Б. Бекмолдаева: жаратылыстану-
математикалық бағдарлы мек-
тептерде туынды тақырыбын
компьютерлік технологияны
қолданып оқыту əдістемесі
А.Ө.Байдыбекова: бастауыш
сынып математикасын оқытуда
компьютерді пайдалану əдістемесі
Р.С. Шуақбаева: жоғары сы-
нып оқушыларына көпжақтарға
берілген есептердің шығару үйрету
əдістемесі.
Ж.Ы. Сардарова: білім беруді
жаңарту жағдайында бастауыш
мектепті ақпараттандырудың тео-
риясы мен практикасы.
258
259
Б.Т.Абыканова: компьютерлік
технологияны пайдалану арқылы
оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырудың
дидактикалық шарттары.
А.Б.Медешова: бастауыш сынып
оқушыларының оқу икемділігін
ақпараттық технология арқылы
дамытудың педагогикалық
шарттары.
Р. С. Шуақбаева «Жоғары сынып оқушыларын көпжақтарға
берілген есептерді компьютер көмегімен шығаруға үйрету
əдістемесі» атты диссертациялық жұмысында, егер көпжақтарға
берілген есептерді шығаруға үйрету барысында компьютердің
мүмкіндіктерін тиімді пайдалану əдістемесі жасалынса, онда
оқушыларды есептер шығаруға үйретудің сапасы артады, өйткені бұл
жағдайда оқушылардың кеңістікті елестету қабілеттері мен дағдысы
қалыптасып, көпжақтар элементтерінің арасындағы байланыстарды
өз дəрежесінде сапалы игеретінін анықтады.
Б. Т. Абыканова «Компьютерлік технологияны пайдалану
арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың
дидактикалық шарттары» атты диссертациялық жұмысында егер
оқушылардың танымдық іс-əрекетіне компьютерлік технологияның
педагогикалық
мүмкіндіктері
тиімді
пайдаланылса,
онда
оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып,
шығармашылықпен əрекет жасау дағдылары дамитынын, сөйтіп
білім сапасының артатынын анықтаған.
Еліміздегі саяси, əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай
білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп
жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына
сəйкес жүзеге асырылуда.
XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа
компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда бастауыш мектеп
пəндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен
оқыту нəтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең
басты орын алады. Бұған себеп – оқыту үдерісінде туындайтын
компьютерлендірудің
педагогикалық-психологиялық
жаңа
проблемалары əлі толық шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін
үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік,
телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам
өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық
жəне телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда
əрбір жеке тұлға оқу жəне жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге
қатарға жəне əрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Əрбір елдің технологиялық даму дəрежесіне оның экономикалық
қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің əлемдік
қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық жəне
саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік
мəселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, əлдебір елде
қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның
материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды
парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру
жəне қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам
өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық үдерісінің
негізіне айналады. Ақпараттық-технологиялық дамуға жəне
оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс
деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы
мемлекеттің рөлі тəуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен
қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың
өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-
телекоммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының
оқыту үдерісіне қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық
əдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде
қолдануды қажет етеді.
Мектептердің білім деңгейін көтеру жəне онда интерактивті
құралдарды пайдалану арқылы оқу-тəрбие үдерісін тиісті
деңгейге
көтеру,
мектеп
мұғалімдерінің,
басшыларының,
педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп
есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте
жаратылыстану бағытының пəндерін оқыту сапасын арттырып,
білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте
қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру
жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісінде оңтайландыру
мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Компьютер жəне интерактивті құралдар арқылы жасалып
260
261
жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін
қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды
табуға итеріп, нəтижесінде өздерінің кəсіби потенциалдарының
қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам
аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын
жəне компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан
тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға
болады.
Бастауыш сынып оқушыларының интерактивті құралдар
көмегімен қалыптасатын жəне жүзеге асырылатын ойлау қабілеті
бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше
болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте
сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге
болады:
1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы
түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен əр түрлі қосымшалары бар
жұмысты түсіндіру қиын əрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге
болады
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкін-
дігін қолдануға болады
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы
бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң əсер етеді.
Оқу үдерісінде, оның ішінде практикалық сабақтарда
интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тəжірибесіне,
шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар
оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дəстүрлі оқыту
əдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды.
Бұл оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттырады.
Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану
оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.
Компьютерлік технологияларды қолданып бастауыш мектеп
оқушыларын математика есептерін шығаруға үйрету болғандықтан,
енді Қазақстанда бастауыш мектепте компьютерлік технологияны
қолдану мəселесіне байланысты айналысқан Ж. Ы. Сардарова,
А. Ө. Байдыбекова, А. Б. Медешовалардың еңбектеріне тоқталайық.
Ж. Ы. Сардарова «Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш
мектепті
ақпараттандырудың
теориясы
мен
практикасы»
тақырыбындағы докторлық диссертациясында егер білім беруді
жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың
теориялық-əдіснамалық негіздері айқындалып, оны тиімді түрде
жүзеге асыру жолдары анықталса жəне ақпараттық сауаттылық
қалыптастыру тұжырымдамасы жасалып, моделі құрылса, онда
бастауыш сыныптан бастап қазіргі ақпараттық құралдарды өз
қажетіне еркін қолдана алатын, ақпараттық сауаттылықтары
қаланған жеке тұлға тəрбиелеуге мүмкіндік артады. Ал ол өз
кезегінде, бүгінгі толассыз ақпарат ғасырында өз бетімен кез
келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдап, əрекеттенетін іскер де
шығармашыл болуға баулиды.
А. Ө. Байдыбекова «Бастауыш сынып математикасын оқытуда
компьютерді пайдалану» атты диссертациялық жұмысының
мақсаты – бастауыш мектептің математика пəндерін оқыту
үдерісін жетілдірудегі дербес компьютердің мүмкіндіктерін ашу
жəне компьютерлік құралды пайдалану арқылы төменгі сынып
оқушыларының оқу іс-əрекеттерін қалыптастырып, одан əрі
дамытуға арналған.
А. Б. Медешова «Бастауыш сынып оқушыларының
оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытудың
педагогикалық шарттары» атты диссертациялық жұмысында егер
бастауыш сынып мұғалімдері оқытудың ақпараттық технологиясын
қолдану əдістемесімен қаруланып, оны нəтижеге бағдарланған білім
беру үдерісіне пайдаланса, онда бастауыш сынып оқушыларының
оқу икемділігінің дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені
ақпараттық технологияны қолдану бастауыш білім мазмұнын тиімді
меңгеруге ықпал ететінін дəлелдеген.
Ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, білім сапасын
көтеруде бастауыш сатының алатын орны ерекше екендігі белгілі.
Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін
қалыптастыру мəселесі əлі де болса жеткілікті дəрежеде ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан зерттелмегені айқындалып, біріншіден,
бастауыш сатыдағы білім беру үдерісі дəстүрлі əдіс арқылы
262
263
ұйымдастырумен шектеліп қалуда, ал дəстүрлі білім беру ұсынылып
отырған білім мазмұнын толық меңгеруге кепілдік бермейтінін
жəне оған сəйкес бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігі
нашар дамитынын қазіргі бастауыш мектеп тəжірибиесі көрсетіп
отыр. Екіншіден, оқушылардың оқу икемділігін дамыту олардың
оқу іс-əрекетінің ұйымдастырылуына, ол білім мазмұнының
берілуіне тəуелді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының
компьютермен жұмыс жасауға қызығушылықтары байқалады, бұған
бастауыш білім мазмұнында көңіл бөлінбегендіктен икемділіктің
қалыптасуы төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан бастауыш
сынып оқушыларының сапалы білім алуы үшін ақпараттық
технологияны қолдану əдістемесін жасау талап етіледі жəне мұны
бүгіннің өзінде жасау қажет екендігін анықтаған.
Көптеген жаңашыл ғалымдардың зерттеулерінде бастауыш
сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың жаңа
бағыттарының бірі – білім мазмұнын оқушының толық меңгеруін
іске асыратын оқыту технологиясын жетілдіру мəселелері
айқындалады.
Ақпараттық технологияны пайдалану негізінде бастауыш
сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың тиімділігі оған
қажетті мазмұндық жобалау, іс-əрекеттік, технологиялық шарттарды
орындағанда ғана мүмкін болатындығын көрсеткен. Бастауыш
сынып оқушыларының оқу икемділігін дамытудың құрылымдық
моделі жасалған.
Бұл зерттеулер компьютерлік технологияны қолданып
оқытудың көрнектілігін арттыруға, математикалық ұғымдарды
қалыптастырғанда олардың дерексіздендіруден (абстрактілігінен)
туындайтын қиыншылықтарды болдырмауға, оқушылардың,
оқу əрекеттерін даярлау арқылы олардың белсенділігін арттыру
мəселелеріне қатысты проблемаларды шешуге жағдай жасайды.
Ақпараттық технологияларды пайдалану, сондай-ақ компьютерлік
технологияларды жасау мен қолдануды қажет етеді. Ол бағдарламада
дəстүрлі оқытудан ерекше педагогикалық-үйретушіліктің логикасы
жүзеге асырылады. Бастауыш сыныптарда математика сабағында
компьютерлік оқыту бағдарламалары оқушылардың математикалық
үдеріске сергек қатысуға, компьютердің көмегімен мəселенің
шешуін іздеуге ұмтылысын оятады.
Демек, бастауыш сынып оқушыларында математикалық
есептерді шығаруға қажетті біліктіліктерді қалыптастыруда
компьютерлік технологияны пайдаланудың маңызы зор десек
қателеспейміз.
Психологтардың пікірлерінше, оқушының негізгі логикалық
ойлау құрылымы, оның интеллектті 5 жастан 11 жас аралығында
қалыптасады екен. Осы жаста теориялық сана мен ойлау пайда
болып, тиісті қабілеттер (рефлексия, талдау, ойша жоспарлау)
дамып, осы жаста балаларда оқуға деген қажеттіліктің мотиві де
пайда болады.
Екінші жағынан балалардың іс-əрекетіндегі сүйікті форма –
ойын екені де белгілі. ССРО-дағы психология мектебінің негізін
салушы Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин жəне
басқалар ойынды жетекші деп бекер атамаған, яғни балалардың
психикалық дамуын анықтаушы қызмет деп бағалаған. Ойын
неғұрлым табиғи жолмен баланы əртүрлі əрекет түріне
жақындастырады жəне осы кезде қажетті де пайдалы дағдылар мен
біліктіліктерді қалыптастырады.
Тəжірибе көрсеткендей, компьютерлерді балалардың ойындық
дамытушы əрекетінде 3-4 жастан бастап пайдалану мүмкін екенін
жəне компьютер ойын элементтерінің түрін едəуір арттырып
өзгертуге, олардың ойынға кіру əдісін түрлендіруге ықпал етеді.
Əрекеттің жаңа түрлерін игеру заңдылығын көрсететін өзгеріс-
тер ең алдымен баланың танымдық санасында байқалады. Компью-
тер психикалық үдерістің дамуының бірқалыпты емес динамикасын
(қабылдау, образдық, қимылдық, логикалық ойлану) «теңестіруге»
мүмкіндік береді. Екінші жағынан компьютер бала үшін танымның
күрделі объектісі болып, оны меңгеру баланың іс-əрекетін
ұйымдастыруға, оның құрылымдылығына, яғни интеллектуалдық
құрылымның белгілі бір дəрежеде жетілуін талап етеді. Компьютер
оқу құралы ретінде потенциалдық мүмкіндіктерді іске асыруға
жағдай жасайды, мысалы, графикалық образдың бейформалылығы
немесе оны жүзеге асырудың стереотиптік жағдайы.
Бастауыш мектептердегі оқытудың сипаттық ерекшелігі – ең
алғашқы күннен бастап оқушылардың меңгеруге тиісті ақпарат
көлемінің күрт өсуі болып саналады. Бұл оқушылардың көпшілігінде
ақпаратты саралау мен есте сақтауда едəуір қиындықтар туғызады.
Өйткені, адаптация – жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал
ақпараттарды толықтыру өте тез жүреді. Сондықтан да осы кезеңдегі
264
265
педагогиканың көкейкесті міндеті оқыту үдерісінің тиімділігін
арттыру, материалды меңгеру уақытын қысқарту. Оқушылар ақпарат
тасқынының салмағын қалыпты көтеруі үшін, оларды ақыл-ой
əрекетінің (заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау, обьект пен
түсінік арасындағы тəуелділікті табу, теңеу, жалпыны тауып, жекені
ажырату, логикалық тұжырым құру) əдіс-тəсілдеріне баулыған жөн.
Осы мəселелерді шешу үшін жаңа компьютерлік технология да
табыспен қолданылып келеді.
Мектеп информатикасының негізгі міндеті 1980 жылдар
соңында-ақ оның басты идеологы академик А. П. Ершовтың
еңбектерінде қарастырылған болатын. Бұл еңбектерде «компьютерлік
сауаттылықтың» əрбір адам үшін өте қажет жəне олар өз
қызметтерінде компьютерді пайдалана білуі керек деп түсіндірілген
болатын.
Алайда, ақпараттық технологияның қаулап өсуі мен ақпараттық
қоғамның қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің
республикамызда да ақпараттық мəдениетті қалыптастыру
талабы туындады, яғни оқушылардан заманауи компьютерлік
технологияларды меңгеруі ғана емес, өмірге жаңа көзқарасты,
жаңаша ойлау стилін қалыптастыруды талап етіп отыр.
Бірінші сынып үшін курстың мазмұны: пернетақтамен жəне
«Тышқан» манипуляторымен жұмыс істеуді үйрену, тура жəне
кері санаққа, сандар құрамына жəне қарапайым арифметикаға,
əріппен, буынмен, жəне сөзбен жұмыс істеуге жаттығу. Мұғалімнің
оқулығынан өзге, оқушы үшін «Компьютер – сенің досың» атты
бояу кітапша да бар.
Екінші сынып үшін курстың мазмұны: алғаш рет жиын
ұғымымен, олардың заңдылықтарымен, жиындарды кластарға бөлу
сияқты ұғымдармен танысу. Оқушылардың есте сақтау қабілетін
жетілдіру үшін «Санақшы, тапқыш, есте сақтағыш» атты жаттығулар
жинағы қарастырылған.
А. В. Горячев басшылығымен Мəскеу экономика-статистикалық
институтының авторлық ұжымы «Информатика ойындар мен
есептерде» атты курс бастауыш мектеп оқушылары үшін арналып
жасалған.
Курстың негізгі міндеттері:
ақпараттық технология саласында есеп шығару
біліктілігін дамыту:
есептерді шығаруда логиканы пайдалану;
есептерді шығаруда алгоритмдік тəсілді қолдану;
есептерді шығаруда жүйелілік тəсілдерді қолдану;
есептерді шығаруда белгілі бір нəтижеге бағытталған тəсілді
қолдану.
Бастауыш
мектептерге
арналған
компьютерлік
технологиялардың қарастырылған талдауынан көргеніміздей,
қалыптасқан оқу мазмұнының екі жетекші компонентін бөліп
қарастыруға болады. Біріншісі – оқушылардың ойлау əрекеттерінің
құрылымын қалыптастыратын, адам өмірі мен қоғамдағы ақпарат-
тық үдерістің маңызын ұғындыратын, ақпараттық технологияны
қолдануда машықтық біліктіліктерді дамытушы ғылым ретінде
информатиканы оқып-үйрену қажет. Екіншісі – мектеп пəндерін,
мысалы, математикадан есептер шығаруға үйретуде, орыс тілінің
сауаттылығын арттыруда жəне т.б. пəндерді оқытқанда оқушылар-
дың оқу қызметінде компьютерлік технологияларды пайдалану
қажет. Осы екі компоненттің екеуі де қоғамның қазіргі талабына
жəне информатика бойынша білім стандартының талабына жауап
береді.
Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияны қолдануда
оқу мазмұнының жетекші компоненттерін бөлу басқа да шетел
мектептерінде пайдаланылуда. Францияда 1986 жылы қабылданған
бастауыш мектепте білімді компьютерлендіру бойынша деректива-
лық құжатта былай делінген: «Мұғалім компьютерге қандай
мақсатпен баратынын анық білуі тиіс: информатика ұғымын меңгеру
үшін бе немесе басқа пəндерге қатысты білімді меңгеру үшін бе?».
Осыған байланысты оқушылардың меңгерген білімдерін бағалауға
болады.
Жоғарыда айтылған компьютерлік əдістемелік-бағдарламалар-
дан өзге, Мəскеудегі «Никита» фирмасында жасалған 3 жастан 10
жасқа дейінгі балаларға арналған дамытушы ойындар да белгілі
болып отыр. Олар балаларды көркемдік деңгейінің жоғарылығымен,
сюжеттік тартымдылығымен, грaфикалық, музыкалық қасиеттері-
мен өзіне тартады. Алайда, олардың көпшілігі мектепке дейінгі
балалар үшін ойындық сипатта жасалған, əдістемелік нұсқауларының
жоқтығынан оларды қолдану тиімділігі төмендейді.
Компьютерлік «Əліппе сабақтары» бағдарламасы қазіргі
заманғы қуатты компьютерлерге арналған. Ол балаларды оқытуға
ыңғайлы, өзінің керемет кең мүмкіндіктерін жақсы көрсете біледі.
266
267
Мысалы, ғажайып түрде жасалған мультипикация элементтері,
компьютерлік дизайн жəне музыкалық стерео сүйемелдеулері бар.
«Əліппе сабағына» кəсіпқой дикторлардың дауысы жазылған,
бұл балаға оны үлкендердің көмегінсіз-ақ пайдалануға қолайлы
жағдай туғызады. Мұнда бағдарламаланған оқыту идеялары да
жақсы қолданылады: бала бір əріпті толық меңгермей тұрып, келесі
əріпке көше алмайды. Өкінішке орай, «Əліппе сабағы» негізінен
компьютерді үй жағдайында пайдаланатын балалар үшін арналған
жəне өзінің техникалық талабы бойынша оған көп мектептердің
қолы жетпей отыр.
Қазіргі уақытта үй жағдайындағы компьютерлерге балаларға
тартымды болуы үшін оларға қойылар талапты, яғни компьютерлік
бағдарламалардың жоғары көркемдік деңгейі, мультипликациялық
жəне музыкалық элементтермен толықтығы, əдемі ойластырылған
дизайні толық қанағаттандырады. Алайда, отандық мектептердің
экономикалық жағдайының төмен болуына байланысты мұндай
бағдарламалар алдымен жеке секторлар үшін арналып жасалған.
Мектептегі оқу үдерісіне компьютерлік технологияны ендіру,
қиындықтармен бірге, басқа да жаңа мəселелерді туғызады.
Жұмысқа жоғарыда аталып өткен шектеулерден өзге, санитарлық-
гигиеналық нормаларға сəйкес, тағы да талап етілетіндері:
техниканың əртиптілігі;
компьютер жəне шығын материалдарының жоғары
құны, сонымен қатар компьютерлік əдістемелік-бағдарламамен
қамтамасыз ету;
сервистік қызметтің сапасының төмендігі;
оқулықтар мен көмекші құралдардың тапшылығы;
тəжірибе алмасу жүйесінің жоқтығы;
информатика пəні мұғалімінің тұрақтамауы;
бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы ақпараттық
сауаттылығының төмендігі.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен
экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мəселесі бүкіл
халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары
психологиясын меңгерген дүиежүзілік бəсекеге төтеп беретін,
өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке
айналады. Ол дəрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас
ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
Қорыта
келгенде,
бастауыш
мектепте
компьютерлік
технологияны қолдану барысына жасалған талдау төмендегідей
тұжырым жасауға мəжбүрлейді:
Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндіктері,
балалардың мектепке дейінгі жастан бастап компьютерге ойын
құралы ретінде үлкен қызығушылықпен қарауы, олардың сапалы
оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта шетел жəне отандық мектептерде компьютер-
лік технологияны бастауыш мектептерде пайдалану ауқымының
кеңейе түсу үдерісі байқалады. Жаңа педагогикалық-бағдарламалық
жүйелер жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-
гигиеналық нормалары анықталып, үй жəне қашықтан оқыту
жүйесінде жаңа мүмкіндіктер ашылуда.
Оқу мазмұнының қолданбалы компонентінің рөлі артып
келеді. Негізінен пəнаралық белсенді байланыстарға орныққан оны
теориялық біліммен салыстырғанда информатиканы ғылым ретінде
оқытуға бағытталған.
Компьютерлік технологияны бастауыш мектепте қолданудың
өзіне тəн ерекшелігі – сабақты ойын үлгісінде жүргізу.
Компьютерлік технологияны оқу үдерісіне пайдалануды
жетілдіруде бірқатар кедергілер кездеседі, олардың негізгісі –
мектептердің экономикалық базасының жəне мұғалімдердің
ақпараттық сауаттылығының төмендігі.
Сонымен, бастауыш мектептерде компьютерлік технологияны
пайдалану үдерісін одан əрі дамыту үшін аса көңіл бөліп қарайтын
мəселе, осыған сəйкесті педагогикалық бағдарламалық құралдар
жасалынып оқу үдерісінде қолданылса, онда бұл құралдарды
оқушыларды оқыту мен дамыту ісіне тиімді пайдалануға жағдай
жасалады.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Білім беруді ақпараттандыруды» қалай түсінесіз. Бастауыш
білім беруді ақпараттандырудың қазіргі кездегі жағдайын талдаңыз.
2. Электронды оқулықтарды сипаттап, электронды оқулықпен
жұмыс істеу əдістемесін саралаңыз.
3. Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық мүмкіндік-
терін айқындаңыз.
4. Интерактивті тақтамен жұмыс жасау іскерліктеріңізді
жетілдіріңіз, интерактивті тақта элементтерін сипаттаңыз.
268
269
Достарыңызбен бөлісу: |