Оқулық Алматы, 2014 2 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата20.03.2020
өлшемі1,53 Mb.
#60548
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Технолгоия китабы


Дəстүрлі сабақтар
Мұғалімнің əдістері
Оқушының іс-əрекеті
Тақырыпты түсіндіреді
Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер 
туралы 
айтып 
береді
Кейіпкерге мінездеме береді
Мəтіннің идеясын анықтайды
Оқулық  бойынша  мұғалімнің 
түсіндіргенімен байланыстырып 
айтады
Мəтіннің көркемдік ерекшелігін 
мысалдар арқылы түсіндіреді
Мəтіндегі негізгі сөздерді тауып, 
айтып 
береді, 
дəптерлеріне 
жазады
Тақырыпқа  шығарма  жазуды 
тапсырады
Шығарма жазады
Сабақты  қорыту  сұрақтары 
жалпы қойылады
Жауап береді
RWCT  сабақтары
Мұғалімнің əдістері
Оқушының іс-əрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды
Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа 
қызықтырып 
бағыттайды
Мəтінмен өздері танысады
Мəтіндегі  ең  құнды  нəрсені 
анықтауды ұсынады
Əр түрлі əдістер арқылы мəтінді 
зерттейді
Кейіпкердің 
ерекшеліктерін 
тануға бағыттайды
Жеке  кейіпкерлерді  талдайды, 
өздерін  олардың  орнына  қойып, 
қарайды, салыстырады
Мəтіннің 
тілдік 
ерекшелігі 
туралы сұрақ қояды
Əр 
түрлі 
əдістер 
арқылы 
шығарманың  негізгі  мазмұнын 
анықтайды
Өз ойларын жазуды ұсынады
Ойларын  қорытып,  оны  қағаз 
бетіне түсіреді
Ойларын қорытуға бағыттайды
Өз тұжырымдамасын жасайды
Осы салыстыру кестелерінен «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» 
бағдарламасының  негізгі  қағидаларының  шығармашыл  тұлға 
қалыптастыруға бағытталғандығы айқындалады. Академик Лернер 
бойынша білім-мəліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар, 
шығармашылық  іс-əрекеттер,  көңіл-күй  құндылық  бағдарларынан 
тұрады. Осыны ескерсек, сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы 
аталған  бағдарлардың  іске  асып,  нəтижесін  беретіндігіне  күмəн 
болмайды.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі  сабақтарында сыни тұрғыдан 
ойлау технологиясының тиімділігі
Қазіргі  кезде  мектептерде  жиі  қолданылып  отырған  қазіргі 
заманғы  педагогикалық  технологиялардың  бірі – оқушылардың 
жазу  мен  оқуда  сын  тұрғыснан  ойлау  қабілетін  қалыптастыруға 
бағытталған  əдіс-тəсілдер.  Осындай  əдістеме  негізінде  бастауыш 
сынып  оқушыларына  қазақ  тілі,  əдебиеттік  оқу,  дүниетану 
пəндерінен терең де тиянақты білім беруге болады.
Оқытуды  жеке  тұлғаға  бағыттау  арқылы  кез  келген  сабақтың 
дамытушылық,  тəрбиелілік  мүмкіндіктерін  пайдаланып  жəне  осы 
жүйені  қолдану  барысында  қазақ  тілі,  əдебиеттік  оқу,  дүниетану 
сабақтарында  бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық 
қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.
Бастауыш  мектептің  оқу  үдерісінде  сабақтарды  «Сыни 
тұрғыдан  ойлау»  технологиясы  стратегиялары  негізінде  құрып 
оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тəсілін бастауыш сынып мұғалімі 
іс-тəжірибесіне  енгізу  нəтижесі  оқушылардың  бойында  мынадай 
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.
• Əрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен 
жəне ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
•  Жеке  дауысты  (кейіпкер,  жазушы,  бірге  оқитын  оқушы) 
қабылдауға үйренеді;
•  Ойын  жаңа  ақпараттар  арқылы  білдіреді  /мағынаны  тану 
кезеңінде/;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгіліні пайдалана алады;
•  Өз  біліміне  сүйеніп,  мəселенің  шешімін  дұрыс  тауып,  ойын 
жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.

302
303
Сызба
СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ɀɈԐȺɊɕ 
ȾȿԘȽȿɃȾȿȽȱ 
ɈɃɅȺɍ 
ɋɂɉȺɌɌȺɆȺɋɕ 
ȺȾȺɆɇȺɇ 
ԔȺɀȿɌ ȿɌȿȾȱ 
ɪɟɮɥɟɤɫɢɜɬɿ 
ɛɚԑɚɥɚɭ 
ɛɚԑɵɬɬɚɥԑɚɧ 
ɦɚԕɫɚɬ ԕɨɸ 
ɲɵԑɚɪɦɚɲɵɥɵԕ 
ɚɧɚɥɢɬɢɤɚɥɵԕ 
ɤɨɧɫɬɪɭɤɬɢɜɬɿ 
ɋɚɥɦɚԕɬɵ, 
ԧɥɲɟɦɞɿ 
ɥɨɝɢɤɚɥɵԕ 
Ȼɚɫɵɦɞɵԕ-
ɬɚɪɞɵ 
ɚɧɵԕɬɚɣ ɚɥɭ 
ɀɟɤɟ 
ɠɚɭɚɩɤɟɪɲɿ-
ɥɿɤɬɿ 
ԕɚɛɵɥɞɚɭ 
Ⱥԕɩɚɪɚɬɩɟɧ 
ɠԝɦɵɫ ɠɚɫɚɭ 
ɦԥɞɟɧɢɟɬɿɧɿԙ 
ɛɨɥɭɵ 
Ɉɣɥɚɭ 
ԛɪɞɿɫɬɟɪɿɧ 
ɛɚԑɚɥɚɭ 
Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-
пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады. 
Сабақтар  баланың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше 
білім  алуына,  шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал  етеді. 
Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты əрі жеңіл өтетіндігін, 
ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, 
əрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Оқушылардың  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеттерін дамытуға  
арналған  оқытудың  əдіс-тəсілдері    оқушыларға    құбылыстардың  
себептерін    толық      ұғынуға,  ережелер    мен    заңдылықтардың  
сырларын    терең  түсінуге,  олардың    ғылыми    біліміндегі    орнын  
аңғаруға    қолайлы    жағдаяттар    жасайды.  Сабақ    барысында  
оқушылардың  сыни  тұрғысынан  ойлау  қабілеттерін  жетілдіруге,  
дамытуға    арналған    оқыту  технологиясы    оларға    еркін    ойлауға 
мүмкіндік    береді.  Тақырыптың    негізі    өзегін,  бағытын,  мəн-
мағынасын  түсінеді,  тіл байлығын  жетілдіреді,  өз  ойын  қысқа,  
мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыланады, пəнге қызығушылығы  
артады,  ғылым  негіздерін  игеру  əдістерін  меңгереді,  сөйтіп    өзін  
келесі  мəселені  талдауға  дайындайды.
Осындай əдіспен бастауыш мектептің дүниетану сабақтарында  
оқушыларға «Гүл өсімдік  сəукелесі»  тақырыбы  бойынша  өткізілген  
сабақ  жоспары төмендегідей  мазмұнда  жасалды.
Сабақтың  білімділік,  дамытушылық,  тəрбиелік  мақсаттары  
белгіленді. Мұнда  гүлдің  тірі  табиғат өкілі  екенін  дəлелдеу,  оның  
мүшелері,  атқаратын  қызметі  жəне  оған  қажетті  жағдайлар  жасау  
жөнінде  түсінік  беріледі.
Сабақта  суреттер,  альбомдар,  жұмбақтар,  нобайлар  қолданы-
лады. Оқушылар топтарға бөлінеді, əр топтың қорғайтын, дəлелдей-
тін  «Гүл  өсімдік  сəукелесі», «Гүл  табаны», «Аталық», «Аналық»  
сияқты    тақырыптары    белгіленді.  Топ    оқушылары    берілген  
тақырыптар    жөнінде    білгендерін,  оқығандарын,  өз    ойларын  
ортаға  салды, бір-бірлерін  сынады,  толықтырды,  теріс  айтылған  
пікірлер    түзетілді,  шалағай    жауаптардың    мазмұны    кеңейтілді.  
Нəтижесінде    ұжымдық    тұжырым,  қорытынды    жасалды,  осы  
қорытынды  тірек-сызба  түрінде көрсетіледі.  
Бастауыш  мектептің  əдебиеттік  оқу  пəнін  оқытуда  сыни 
тұрғыдан  оқыту  технологиясының  стратегияларын  пайдалану 
барысында  мұғалім  оқушыларды  жеке  тұлға  ретінде  ала  отырып, 
олардың  іс-əрекет  түрлерін  мақсатты  қалыптастыру,  өздік,  дербес 
ізденуге  баулып,  əрбір  оқушыны  өз  беттерімен  көркем  туындыны 
оқуға,  талдауға,  бағалауға  жетелеу  қажет.  Сонымен  қатар  «Сыни 
тұрғыдан  ойлау»  технологиясы  дайын  білімді  қайталап  айту  емес, 
оны өз белсенділіктері бойынша алуға тəрбиелейді. Оқушылардың 
өзіндік  жұмысына  мақсатты  бағдарлар,  айқын  міндеттер  қойғыза 
білуге үйретеді.
Бастауыш  мектептің  оқу  үдерісіне  сыни  тұрғыдан  ойлау 
стратегияларын  пайдалану  оқушыларды  проблемалық  сұрақтарды 
бөліп  алу,  əзірлеу,  соны  талқылау,  өзіндік  қорытынды  жасау,  өз 

304
305
беттерімен талдау, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау жұмыстары 
балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
 Қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы бойынша 
жүргізілген сабақтарда бастауыш сынып оқушылары іздеудің мəн-
жайына  қанығады,  білімді  тереңінен  айтуға  төселеді,  дəлелдер 
келтіру,  дəлелдеу  тəсілдеріне  жаттығады,  теория  мен  практика 
бірлігін игереді, жеке жəне топпен бірлесіп, мəселе түйінін шешіп, 
жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, 
өткір  сындарды  тыңдап,  одан  тиісті  қорытындылар  жасай  білуге 
машықтанады.
Сонымен қатар «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту» жобасында жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдері 
бұл  сабақтар  баланың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  өз 
бетінше  білім  алуға,  шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал 
ететіндігін  атап  өтсе,  оқушылар  оқудың  (сабақтардың)  қызықты, 
жеңіл  өтетіндігін,  ұжымда  бірлесіп  жұмыс  жасауға  үйрететіндігін, 
білімнің тереңдігі, əрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Бастауыш  сынып  оқушыларын  сыни  тұрғыдан  ойлау 
технологиясы  стратегиялары  бойынша  оқыту,  үйрету  барысында 
мынадай қорытыныды жасауға болады:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін табады.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын 
тыңдап, талқылайды (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3.  Өзіндік  қорытыныдылары,  оның  қаншалықты  ғылыми, 
шындыққа жақын екенін саралайды.
4.  Білімді  өз  бетімен  алуға  деген  ынтасын,  шығармашылық 
жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырады.
5.  Білім  дəрежесі  деңгейін  саралау  /өзіндік  талдау,  синтез, 
бағалауының деңгейі қалыптасады/.
6.  Бір-бірімен  ынтымақтастығы,  пікірлерін  айта  білуі,  қорғай 
білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7.  Оқушыларда  жазу  кезінде  ғажайып  ойлар  пайда  бола-
ды,  сонымен  қатар  өзінің  жəне  өзгеледің  пікірі  мен  тəжірибесіне 
құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы əрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады жəне ол 
кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тəжірибесімен, пікірлерімен бөлісуге 
үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10.  Жұмыс  барыстарын  алмасу  арқылы  оқушының  өз  ойын 
ашық,  жасқанбай  айтуға,  басқа  адамның  ойын  дұрыс  қабылдауға 
үйренеді.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1.  Дəстүрлі  оқыту  мен  оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан 
ойлауды  дамыту  технологиясы  арқылы    оқытудың  мақсаты  мен 
міндетінің өзгеру кестесін толтықтырыңыз.
Дəстүрлі оқыту
Сын тұрғысынан ойлау 
арқылы оқыту
Оқушы
-  білім  мен  дағдыны 
игереді;
- т.б.
- өзін-өзі дамыту жəне өзін-
өзі жетілдіру
- т.б.
Оқу үдерісі -  тəжірибе  мен  білімді 
игеру;
- т.б.
- оқушының жекелей дамуы, 
жеке тұлғаның қалыптасуы, 
өзін-өзі жетілдіру;
- т.б. 
Нəтиже
-  оқушыларды  болашақ 
тыныштықты, 
бір 
қалыпты, 
жоспарлы 
өмірге дайындау,
- т.б.
-  қазіргі  мектепте,  қазіргі 
ұжымда  жайлы  «өмірге» 
жағдай жасау;
- т.б.
2. «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын    тұрғысынан  ойлауды  дамыту» 
технологиясы  бойынша  мақсаттары  мен  тəсілдерінің  мəліметтер 
кестесін толтырыңыз:
Кезеңдері
Шақыру
Іске асыру
Рефлексия
Мақсаты
-оқып үйренушінің 
өткен білімі мен 
тəжірибесін өзекті 
ету;
- т.б.
- оқып үйренуші-
мен жаңа білімді 
алу;
- т.б.
- жаңа білімді 
беру;


306
307
Тəсілдері
- «Миға шабуыл»;
- т.б.
- инсерт əдісі 
бойынша 
белгілеумен 
мəтін оқу
- т.б.
- Инсерт 
таңбалау 
кестесі;
- т.б.
Нəтижелер - маңызды 
тəжірибе; 
- т.б.
- жүйелі білім;
- т.б.
- берілген 
білім;
- т.б
 3. «Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту» 
технологиясында жиі қолданылатын стратегияларды сипаттаңыз:
Стратегия атауы
Мазмұны
Инсерт
Миға шабуыл
Топтық пікірталас
Үзілістермен  оқу  жəне  Блум 
сұрақтары
Кластерлер
Синквейн
«Жетілдірілген дəріс»
Эссе
Басты терминдер
Шатастырылған 
логикалық 
баулар
«Білемін – Білгім  келеді – 
Білдім» кестесі
Өзара сұрақ
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Мирсеитова С. С. Словарь RWCT. – Алматы: Верена, 2005.
2.  Стилл  Д.  Ж.,  Мередит  К.,  Темпл  Ч.,  Вальтер  С.  Сын 
тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Оқу мен 
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлама жобасы 
үшін дайындалған əдістемелік құрал. – Алматы, 1998.
3.  Темпл  Ч.,  Стилл  Дж.,  Мередит  К.  Бірлескен  оқу. «Сыни 
ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін əзірленген V 
құрал. – Алматы, 1998.
4. Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сабақтарды жоспарлау жəне 
бағалау. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін 
əзірленген VI-құрал. – Алматы, 1998.
5. Темпл Ч. Стратегии для использования в любых предметных 
областях. – Алматы, Фонд ХХІ век, 2002.
6. Темпл Ч. Критическое мышление и критическая грамотность. 
–  Перемена,  Международный  журнал  о  развитии  мышления  через 
чтение и письмо, 2005, том 6, №2.
7.  Фостер  К.  Вводные  вопросы  для  активизации  критического 
мышления. – Перемена,  Международный  журнал  о  развитии 
мышления через чтение и письмо, 2004, том 5, №4.
8.  Хербек  Дж.,  Бейер  К.  Обучение  критической  грамотности: 
Как  помочь  будущим  учителям  осознать  роль  чтения  и    письма  в 
раскрепощении  личности. – Перемена,  Международный  журнал  о 
развитии мышления через чтение и письмо, 2003, том 4, №4.
9. Дьяченко В. К.  Новая дидактика.  – М.: Народное образование, 
2001.
10. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. 
Алматы, 2005.
11. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – 
Алматы, 2004.
12.  Өстеміров  К.  Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  мен 
оқыту құралдары. – Алматы, 2007.
13.  Жүнісбек  Ə.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технология 
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
14.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации 
/Сост.  А.  П.  Чернявская. – Ярославль:изд-во  ЯГПУ  им.  
К.Д.Ушинского, 2002.
15. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
16. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г. 

308
309
14. ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ЖЕТІЛДІРУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
14.1.  Дидактикалық бірліктерді ірілендіру – 
математикалық білім беру технологиясы
Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру  деп  аталатын  математи-
калық  білім  технологиясы 1964-1996 жылдар  арасында  академик 
П.  М.  Эрдинестің  жетекшілігімен  жүргізілген  теориялық  жəне 
тəжірибелік  ізденістердің,  практикалық,  жұмыстың  нəтижесінде 
өмірге келді.
П. М. Эрдниев «дидактикалық бірліктер» деген ұғымды осыдан 
20 жыл бұрын енгізген.
Автор  оқу  материалынан  кіші  көлемде  берілетін  ақпаратты 
алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді 
ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға 
өріс ашылады.
Академиктер  В.  Журавлев,  А.  Маркушевич,  т.б.  бұл 
технологияның тиімділігін атап өтіп, «ғасыр идеясы» деп таныған. 
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, 
оқушының  ақыл-ойының  дамуы,  математикалық  ой-өрісінің 
кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дəл осы əдістемені қолдану 
барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады.
Оқушының  білімінің  сапасына  əсер  ететін  факторлардың 
бірі  оқулық  болса,  ондағы  жаттығулардың  мəні,  мағынасы, 
мүмкіндіктерінің рөлі зор.
Бүгін  де  дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру  жаңашылдық 
технология ретінде əр түрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда.
Мысалы:  Калмыкия  республикасының  барлық  мектептерінің, 
Екатеринбург,  Самара,  Хабаровск,  Братек,  т.б.  қалаларының 
тəжірибесіне енген.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор 
Т.  Қ.  Оспановтың  жетекшілігімен  жазылған  «Математика»  оқу-
лықтары осы теорияға негізделген.
Сондықтан  оқушының  жеке  басын  дамытуға  бағытталған  бұл 
əдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп 
толық  айтуға  мүмкіндік  бар.  Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру 
əдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
1.  Қарама-қарсы  ұғымдарды,  əрі  өзара  байланысты  операция-
ларды қатар оқыту.
2. Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
3. Деформацияланған жаттығуларды пайдалану.
4.  Өз  бетінше,  шығармашылыққа  берілетін  тапсырмалардың 
үлес салмағының артуы.
Осы  қағидалардың  əрқайсысына  жеке  тоқталып,  олардың 
оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
Оқыту  практикасы  «қосу  мен  азайту», «көбейту  мен  бөлу» 
бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың 
тиімділігін көрсетіп отыр.
 Біріншіден, бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал 
үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден, ойлау 
операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді.
Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сəйкес оқушы 
мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.
Мысалы: Бірліктер түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау 
арқылы  шешу  ойлау  əрекетінің  ішкі  потенциалды  резервтерін 
ашуға  көмектеседі.  П.  К.  Анохин  тұжырымдамаларымен  айтсақ, 
табиғаттың  айнымас  зандылықтарының  бірі  «кері  байланыс» 
заңының іске қосылуымен тиімді.
Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру  технологиясының  басты 
ерекшеліктерінің  бірі  кері  есептерді  шығару  «кері  есеп»  ұғымы 
ғылымға  өзіміз  жоғарыда  айтып  өткен  академик  П.  К.  Анохин 
енгізген  кері  байланыс  (афферентация)  деген  психологиялық 
ұғыммен байланысты. 
Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы 
баланың  белеенділігі,  қызығушылығы  артады,  шығармашылық 
дербестік пайда болады.
Математикалық 
əдебиеттерден 
мынадай 
ережені 
көп 
кездестіруге  болады. «Математикадағы  басты  нəрсе-ұғымдарды 
ой  елегінен  қайта  өткізе  білу».  Кез  келген  тура  есепті  кері  есепке 
айналдыруда бір сан екі рөлде болады. 
Бірінші жағдайда екі санның қосындысы, көбейтіндісі түрінде 
болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді қызметін атқарады.
Жаңа  буын  оқулықтарында  бес  түрлі:  қосындыны  табуға, 
қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кем санды табуға, айырмалық 
салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын 

310
311
есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға 
байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген. 
«Кері  есеп»  ұғымы  алғаш  көрнекіліктер  арқылы  түсіндірілуі 
тиімді.  Мысалы:  столға 5 кітап  қойып,  оның  жанына  портфельді 
орналастырған соң, мына есеп айтылады.
Столда 5 кітап  бар,  ал  портфельдегі  кітаптардың 3-еуі  артық. 
Портфельде қанша кітап бар?
Бұдан  соң:  не  белгілі,  не  белгісіз,  артық  па,  кем  бе  екенін 
анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Есеп  шығарылады.  Кері  есепке  көшер  алдында,  столдағы 
кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдағы 
кітаптың одан 3-еуі кем. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған 
соң, алдынғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? 
деген сұрақтарға жауаптар алынады. 
Белгісізді  бірінші  жағдайда  қандай  амалмен  тапқанымызды 
анықтаймыз. Содан кейін ғана «кері есеп» ұғымы енгізіледі. 
Бақылау сұрақтары:
1.  Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру  технологиясының 
мақсатын айқындаңыз.
2.  Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру  технологиясының 
тұжырымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
3.  Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру  технологиясының 
əдістерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
4.  Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру    технологиясының 
мазмұнына сипаттама беріңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Дьяченко В. К.  Новая дидактика. – М.: Народное образова-
ние, 2001.
2.  Таубаева  Ш.  Т.,  Барсай  Б.  Т.  Оқытудың  қазіргі  технология-
лары. Алматы, 2005.
3. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – 
Алматы, 2004.
4. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары. – Алматы, 2007.
5. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі 
– сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008
6.  Педагогические  технологии:  Методические  рекомендации 
/Сост.  А.  П.  Чернявская. – Ярославль:  изд-во  ЯГПУ  им.  К.  Д. 
Ушинского, 2002.
7.  Селевко  Г.  К.  Современные  образовательные  технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
8. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990 г.

312
313
15.  ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жоспар:
15.1. «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары.
15.2. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы.
15.3. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері.
15.4. Дəстүрлі жəне дамыта оқыту жүйелерін салыстыру.
15.1.  «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары
«Даму  дегеніміз – материалдық  жəне  идеялық  объектілердің 
қайтымсыз,  жаңа  сапаның  пайда  болуына  алып  келетін  заңды 
өзгерісі.  Егер  жаңа  сапа  қандай  да  бір  қатынасында  ескіден  озса, 
онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік түрі 
келетінде тұрады,» – деп тұжырымдайды З. Кариев.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез 
келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму»  ұғымы  сөздікте «... мөлшерлік  өзгерістердің  белгілі 
бір  өлшем  шегінен  шығып,  сапалық  өзгерістерге  айналуы», – деп 
түсіндіріледі.  «Даму»  ұғымының  психологиялық  анықтамасы 
–  жаңарту  үдерісі,  жаңаның  өмірге  келіп,  ескінің  жоғалуы  деген 
мағынаны  береді.  Барлық  табиғат  құбылыстары  сияқты  бала 
психикасы  да  үнемі  диалектикалық  жолмен  дамып,  өзгеріп,  бір 
деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. 
И.  Я.  Лернер  «даму»  деген  ұғымды  педагогикалық 
заңдылықтарға негіздей отырып, адамның əртүрлі қиындықтардағы 
мəселелерді  шеше  білуге  дайындығы  деп  түсіндіреді.  Мұндай 
анықтама  интеллектуалдық  іс-əрекетті  жоғары  орынға  шығарады. 
Мəселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-
ой  қызметі  де  соншалықты  кең,  аумақты,  демек  даму  деңгейі  де 
жоғары болады. 
Л.  В.  Занков  ақыл-ой  қызметінің  төмендегідей  көрсеткіштері 
дамуды  іске  асырады  деп  есептейді.  Олар  байқампаздық,  өз 
ойын  еркін  жеткізе  білу,  практикалық  іс-əрекеттер  атқара  білу. 
В. В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, 
қорытындылай  алу  дағдысын  есептейді.  Тұтас  алғанда  барлық 
авторлардың  даму  туралы  ойлары  оқыту  барысында  баланың 
психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды 
жəне оның басты шарты ретінде əрекет алынады.
Ал  бүгінгі  мектеп  оқушысы  мұғалімнің  баяндауын  мұқият 
тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мəліметті өз бетінше 
оқып-танып,  əр  түрлі  зерттелетін  объектілер  мен  құбылыстарды 
бақылап  жəне  дайын  ережелерді,  нұсқауларды  басшылыққа  ала 
отырып, əр түрлі іс-əрекет жасайды. Мұндай оқу танымдық əрекет 
репродуктивтік  іс-əрекет  деп  аталады.  Бұл  іс-əрекет  алдын  ала 
дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады. 
Оқыту  мен  дамыту  арасында  тығыз  байланыс  бар  екенін 
психология ғылыми жеткілікті дəрежеде дəлəлдеп берді деп айтуға 
болады. Бұл мəселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың 
рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол 
дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үдеріс деген 
көзқарастарды  қатты  сынға  алды.  Ең  алғаш  рет  бала  дамуының 
төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.  Бала  дамуының  жақын  аймағы – баланың  тек  үлкендердің 
көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.  Бала  дамуының  қол  жеткен  аймағы – баланың  үлкендердің 
көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. 
Дамудың  қол  жеткен  аймағы  жақын  аймақпен  өзара  қызметтесе 
отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
  Мектеп  оқушыларының  танымдық  қызығушылығын  дамыту-
дың  негізгі  факторы  олардың  білімі  мен  дағдыларының    дəрежесі 
ғана  емес,  сонымен  бірге,  баланың  маңызды  психикалық  қызмет-
терін,  ақыл-ой  жұмысының  тəсілдерін  қалыптастыруға  мүмкіндік 
беретін  оқу  үдерісін  жолға  қою  керектігі  саналады.  Оқушының 
шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық əрекеттері 
арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту 
сабақтары деп білеміз. 
Дамыта  оқыту – күрделі  құрылымды,  біртұтас  педагогикалық 
жүйе.  Оның  нəтижесінде  əр  оқушының  өзін-өзі  өзгертуші  субъект 
дəрежесіне  көтерілуі  көзделіп,  оқыту  барысында  соған  лайық 
жағдайлар  жасалады.  Дамыта  оқытудың  дəстүрлі  оқытудан 
айырмашылығы  көздеген  мақсатында,  мəнінде,  мазмұнында, 
дамытудың  негізгі  факторында,  мұғалімнің  рөлі  мен  атқаратын 
қызметінде, əдіс-тəсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің 

314
315
түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің əрекеттестік ерекшеліктерінде, 
олардың 
қарым-қатынас 
сипатында, 
танып-білу 
үдерісін 
ұйымдастыру жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде. 
«Дамыта  оқыту»  деген  термин  психология  ғылымының 
қойнауында  туып,  баланың  дамуын  қарастырған  (Ж.Пиаже), 
ойлаудың  əртүрлі  деңгейін,  типтерін  (Л.  В.  Выготский, 
А.  Н.  Леонтьев,  С.  Л.  Рубинштейн)  жəне  басқа  да  психиканың 
функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, 
Н. А. Менчинская) жəне т.б. іс-əрекет теориясының психологиясын 
жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты 
талданды.  Нəтижесінде  дамыта  оқыту  проблемасына  арналған 
екі  іргелі  эксперимент  жасалып,  оның  бірін  Д.  Б.  Эльконин, 
В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады. 
Кейінгі  жылдары  дамыта  оқыту  психология  мен  педагогика 
ғылымдарының  келелі  мəселесіне  айналды.  Жүйенің  авторлары 
«дамыта  оқыту  деп – оқыту  мақсаты,  міндеттері,  əдіс-тəсілдері 
баланың даму заңдылықтарына сəйкестендірілген оқытуды» атайды. 
Оқыту  арқылы  баланың  психикасында  жаңа  құрылымдар  пайда 
болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. 
Жүйенің  басты  мақсаттарының  бірі – баланы  оқыта  отырып 
жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, 
шешім  қабылдауға  дағдыландыру,  жекелік  қасиеттерін  ескеру, 
басшылыққа алу, əрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. 
Дамыта  оқыту – дəстүрлі  оқытуға  соңғы  уақыттарға  дейін 
балама жүйе деп қарастырылды. Оның нəтижесінде əр оқушы өзін-
өзі  өзгертуші  субъект  дəрежесіне  көтерілуі  көзделіп,  соған  оқыту 
барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нəтиже берді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет