Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Жүн маталардың 2-сорты үшін 1-сорт маталарға міндетті түрде болатын



Pdf көрінісі
бет20/30
Дата01.04.2020
өлшемі6,36 Mb.
#61231
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
9b05049b-3702-11e3-a987-f6d299da70eecgiirbis 64.exe


Жүн маталардың 2-сорты үшін 1-сорт маталарға міндетті түрде болатын 
нормаланған ауытқулар келесі көрсеткіштер  бойын- ша  жіберіледі: майдың 
мөлшері, жартылай жүн (аралас) маталар қүрамында өсімдіктекті, жасанды 
және  синтетикалық  талшықтардың  болуы;  таза  жүн  маталарының 
сіңдіруден және сулы үтіктеуден оты- руы, түстің түрақтылығы. 
Мақта,  жүн  және  жібек  маталары  үшін  2  сортты  маталардың  ауытқу 
нормалар  деңгейінде  болғандықтан  оларға  қосымша  айыптық  баллдар 
қарастырылған. 
Егер физика  - механикалық көрсеткіштер бойынша бірнеше ауытқулар 
болатын  болса,  онда  олардан  тек  қана  көп  балл  қойылғандарды  ғана 
есептейді. 
Мақта,  жүн  және  жібек  маталарының  сортын  физика  -  механикалық 
көрсеткіштердің  және  сыртқы  түр  ақаулардың  ауытқуымен  белгіленетін 
айып баллдардың қосындысы бойынша анықтайды. 
Көп  тараған  және  жергілікті  ақауларды  әртүрлі  баллдармен  ай- 
ыптайды. Берілген матадан жергілікті ақаулар табылған жағдайда олардың 
айыптық  баллдарын  шартты  үзындыққа  келесі  формула  бой-  ынша 
есептейді: 
Б
М
 
= Б' * ^ /Ц 
М 
у 
мүндағы, Б' - ^ үзындықты мата бөлігінің бетіндегі сыртқы түрінің жергілікті 
ақаулары  үшін  айыпты  баллдардың  қосындысы,  ^  -  матаның  шартты 
үзындығы. 
Матаның  шартты  үзындығы  матаның  сортын  анықтайтын  стан- 
дарттарда көрсетіледі және олардың еніне байланысты болады. 
Сыртқы түрдің көп тараған ақаулары бойынша баллдардың қосындысы 
жіптің нақты үзындығын ескерусіз есептелінеді. 
Айыпты  баллдардың  соңғы  қосындысын  келесі  формула  бойынша 
есептейді: 
Б = Б + + Б , 

м' 
мүндағы,  Б
1
 
-  физико  -  механикалық  көрсеткіштерге  арналған  айыптық 
баллдар,  Б
р
-  сыртқы  түрдің  таралған  ақауларына  арналған  айыптық 
баллдар,  Б
м
-  сыртқы  түрдің  жергілікті  ақауларына  арналған  айыптық 
баллдар. 
Бірінші,  екінші  және  үшінші  сортты  маталарға  арналған  айыптық 
қосындылардың шектері 7.2 кестеде келтірілген. 
Физика-механикалық  көрсеткіштер  және  сыртқы  түр  ақаулары  үшін 
зығыр  маталардың  сортын  анықтағанда  айыптық  баллдар  берілмейді. 
Бағалауды  барлық  физика  -  механикалық  көрсеткіштер  бойынша  диф- 
ференциалды түрде жүргізеді, ал сыртқы түр ақауларын шектейді: 
бірінші  сортты  матада  таралған  ақаулар  болмауы  қажет,  ал  жергілікті 
ақаулар матаның 30 м
2
 
шартты ауданында сегізден аспауы қажет, екінші 
197 

сортты  матада  кең  таралған  ақау  бірден  аспауы  керек  немесе  шартты 
ауданға  келетін  жергілікті  ақаулар  22  аспауы  керек,  егер  екінші  сорт-  ты 
матада таралған ақау болатын болса, онда шартты ауданға келетін жергілікті 
ақаулар 17 аспауы қажет. 
Кесте 7.2 - Айыптардың шектік қосындылары 
Мата сорты
 
Әртүрлі маталарға арналған айыптық баллдардың саны, (көп 
емес)
 
Мақта матасы
 
Жүн матасы
 
Жібек матасы
 
1-ші
 
10
 
1 2
 
5-7
 
2-ші
 
30
 
36
 
9-17
 
3-ші
 
-
 
-
 
25-30
 
30  м
2
  шартты  аудандағы  ақаулар  санын  қайта  есептеу  келесі  форму- 
ламен жүргізіледі: 
3 *   1 0
3
 
П = П,
 
ф
  І 8  
мұндағы,  Пф  -  Ь  (м)  ұзындықты  және  8  (см)  енді  мата  бетінен  анықталған 
жергілікті ақаулардың нақтылы саны. 
7.2.1.  Тоқыма жаймаларының сапасын бағалау 
Тоқыма жаймалардың сапасын бағалау кезінде физика - механи- калық 
қасиеттердің  көрсеткіштерінің  нормаға  сәйкестілігі,  олардың  көркемдік  - 
эстетикалық бағасын  төмендететін  сыртқы  түр ақауларының болуы,  түстің 
тұрақтылығы қарастырылады. 
Тоқыма  жаймалардың  физика-механикалық  қасиеттерінің  нормалық 
көрсеткіштері  барлық  жаймалар  түрлеріне,  жайманың  талшық  құрамына, 
тағайындалуына 
байланысты 
қосымша 
болып 
бөлінеді. 
Тоқыма 
жаймалардың  физика-механикалық  қасиеттерінің  жалпы  көрсеткіштеріне: 
шикізаттың құрамы, әртүрлі тал-шықтардың пайыздық мөлшері, жіптердің 
сызықтық тығыздығы, көлдеңінен және бойлай жайманы тоқу тығыздығы, 
үзу  жүктемесі  жатады.  Сыртқы  және  іш  киімдік  трикотаж  жаймасының 
қосымша  көрсеткіштері  -  созылғыштығы  және  үйкеліске  тұрақтылығы 
болып табылады. 
Жайма  бірде  бір  көрсеткішке  сәйкес  келмесе,  онда  ол  ақаулы  болып 
саналады. 
Тоқыма  жаймалары  сыртқы  түр  ақауларына  байланысты  бірінші  және 
екінші  сортқа  бөлінеді.  Жайманың  сорты  1м
2
  жаймада  табылған  ақаулар 
саны және олардың өлшеміне байланысты қажетті стандарттардың 
198 

кестесі  бойынша  қойылады.  Екінші  сортты  жайманың  1м
2
  ақау  үштен  көп 
емес  болуы  тиіс,  сондай  -  ақ  1м
2
  келетін  маңыздылығы  әртүрлі  ақаулар 
болатын  болса,  онда  сорт  төменгі  сортқа  сәйкес  ақаулар  бой-  ынша 
анықталынады. 

2
 жайманы сорттау кезінде оны ойша төрт бойлай бөлікке бөледі, оның 
әрбіреуі  0,25  м
2
  тең.  Егер  бір  бөліктің  ауданында  үштен  көп  ақау  бойлай 
бағытта  орналасатын  болса,  онда  бүл  бөлік  сортсыздыққа  жа-  тады,  ал 
қалған үш бөлік ақауға және оның өлшеміне байланысты бірінші және екінші 
болуы мүмкін. 
Барлық жайманың салмағынан, бірінші сортты жайманың салмағын алу 
жолымен  оның  мөлшерін  анықтауға  болады,  ол  сәйкесінше  екінші  сортты 
және сортсыздалған бөліктерге сәйкес болып келеді. 
Тоқыма  жаймаларының  сыртқы  түр  ақаулары  негізінен  қалыңдығы 
және  ширатылуы  біркелкісіз  жіптерді  қолданудан,  жіптердің  үзілуінен, 
машинаның  дүрыс  жүмыс  істемеуінен,  сонымен  қатар  өңдеу  процесстері 
кезінде  пайда  болады.  Жаймаларда  ең  көп  кездесетін  ақаулардың  бірі: 
жуандылық  пен  жіңішкелік,  шүбарлылық,  ілмектер  үзындығынын 
біркелкісіздігі,  түсірілген  ілмектер,  ілмекті  бағаншаларының  қиғаштануы, 
кірленулер  мен  дақтар.  Тоқыма  жаймаларының  өңдеу  үдерістеріндегі 
ақаулары маталардағы ақауларға сәйкес болып келеді. 
7.2.2.  Беймата жаймаларының сапасын бағалау 
Беймата  жаймаларының  сапасы  олардың  типіне  және  қолданылуына 
байланысты  бағаланады.  Беймата  жаймаларын  екі  түрге  бөледі:  маталық 
(жайғақты тігілген, жіпті тігілген, мата тігілген, инетесімді, желімденген және 
қиыстырылған)  және  күспелі  (жайғақты  тігілген,  инетесімді).  Стандарт 
бойынша  оларды  түрмыстық,  ыспалық,  аяқ-  киімдік,  аралық,  сүзгілік, 
жиһаздық және күспелік болып бөледі. 
Беймата  жаймаларын  оларды  өндіру  технологиясына  байланы-  сты 
физика  - механикалық,  физика - химиялық көрсеткіштер  және  сыртқы  түр 
ақаулары бойынша бағалап, оларды 1 және 2 сорттарға жатқызады. 
Тоқылып  -  тігілген  және  желімденген  жаймалардың  норма  бой-  ынша 
физика  -  механикалық  көрсеткіштеріне  ені,  беттік  тығыздығы,  үзу 
жүктемесі,  үзілу  үзаруы,  үйкеліске  түрақтылығы,  қаттылығы,  пил-  линг 
түзуге түрақтылығы, қыртыстанбауы, жуудан кейін сызықтық өлшемдердің 
өзгеруі,  сіңдіруі,  сонымен  қатар  химиялық  тазалаудан  кейін  физика  - 
механикалық  көрсеткіштердің  өзгеруі  жатады.  Сон-  дай  -  ақ,  тоқылып  - 
тігілген жаймалар үшін үзындығы бойынша тігу тығыздығы мөлшерленеді. 
Екінші  сортты  жаймаларда  бірінші  сорттың  минимальды  норма- 
ларынан қалыптасқан ауытқулары жатқызылады. Егер ауытқу өлшемі 
199 

қажеттіден жоғары болса, онда жаймаларды сортсыздықтарға ауысты- рады. 
Жайманың  нақты  белгіленуіне  байланысты  сыртқы  түр  ақаулары 
бойынша сорттылық бағаланады. 
Маталардағы  сияқты  ақаулар  таралған  және  жергілікті  болуы  мүмкін. 
Бірінші  сортты  жаймаларда  келесі  таралған  ақаулар  болмауы  қажет: 
қыртыстар, қажетті аймақтарда түк пен үйпаның жеткіліксіздігі, жайманың 
немесе  суреттің  қиғаштануының  3%  жоғары  болуы,  енінің  біркелкісіздігі, 
бойлай  және  көлдеңінен  жолақтылығы,  кірленуі,  қылпықтылық, 
түстіреңктілік. 
Екінші  сортты  жаймаларда  таралған  ақаудың  тек  біреуі  ғана  бо-  луы 
қажет.  Сонымен  қатар,  мынандай  жергілікті  ақаулар  болуы  тиіс:  тесіктер, 
мата  үзындығы  бойынша  10  см  көп  жамаудың  болуы,  2  см  жоғары  майлы 
дақтар,  тігу  жіптерінің  бесреттік  қалыңдауы,  матаның  үзындығы  бойынша 
10  см  жоғары  тігу  жібінің  үзілуі,  аймақтарда  түкті  ілмектердің  жоқтығы. 
Бірінші  сортты  жайманың  35м
2
  шартты  ауданда  сыртқы  түрдің  жергілікті 
ақаулардың  саны  12  аспауы  керек,  ал  екінші  сортты  жаймада  -  24  аспау 
қажет. 
Матаның бояуға тұрақтылыгын багалау 
Матаның  бояуға  түрақтылығы  қабылданған  нормаларға  сәйкес  болуы 
керек: МЕМСТ 28000-8, МЕМСТ 29223-91, МЕМСТ 11518-88 (мақта матасы), 
МЕМСТ  10138-93  (зығыр  матасы),  МЕМСТ  7779-75  және  МЕМСТ  20777-96 
(жібек). 
Маталардың 
әртүрлі 
физико-химиялық 
әсерлерге 
төзімділігін 
зертханалық  сынақтармен  М
Е
МСТ
 
9733.0-83  және  М
Е
МСТ
 
9733.27-  83 
бойынша  тексереді  және  сыналған  үлгілерді  эталондармен  салы-  стырып 
баллмен бағалайды. Эталон ретінде көк және сүр түстердің эталон шкаласы 
қолданылады. 
Көк  түстер  эталон  шкаласы  жарық  сәулелерінен  матаның  түсінің 
өзгеруін және бояу түрақтылығын 1-8 баллдармен бағаланады. 
Сүр  түстер  эталон  шкаласы  мата  түсінің  әртүрлі  физико-химиялық 
әсерлерден өзгеруін және бояу түрақтылығы 1-5 баллдармен бағаланады. 

8-БӨЛІМ 
ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ҮЛБІР 
8.1.  БАҒАЛЫ ҮЛБІР ШИКІЗАТЫ ЖӘНЕ 
ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТЫ 
Қазахстанның  кең  территориясы  әр  түрлі  бағалы  аңдарға  бай  және 
аңшылық  кәсібі  дамыған,  адамдар  өмірінде  алатын  орны  айтарлықтай,  ал 
терілері үлбір өндірісінің тауар айырбасының маңызды саласын құрайды. 
Алуан  түрлі  айлалы  тордың  көмегімен,  өз  беттерімен  атудың  және 
қақпанның көмегімен  тиін,  сусар,  түлкі, ақ тышқан, сілеусін, бұлғын, қоян, 
қара  күзен,  кәмшат,  су  тышқан,  құндыз,  қасқыр  және  аюларды  көптеп 
аулады. 
Аса  бағалы  аңшылық  аңдары  -  бұл  бұлғын,  сусар,  кәмшат,  сілеусін, 
күзен, өзендік құндыз, тиін, қара күзен, су тышқаны және ондатр. 
Аңшылық арқылы жабайы бағалы аңдардың 40 жуық түрі аулана- 
ды. 
Аңдарды  өсіру,  ұстау  және  жем  беру  тәсілдерін  тұрақты  жетілдіру,  аң 
өсіру  шаруашылығын  жоғары  дәрежеде  ұйымдастыруға  және  рентабельді 
бағалы аң терісінің өндірісіне айналдыруға мүмкіндік береді. 
Бағалы  аң  терісін  дамытумен  негізінен  арнайы  маманданған  аң  өсіру 
шаруашылығы айналысады. Аң өндірісі көптеген елдерде бар,  сондай-ақ аң 
өсіру  шаруашылығы  тұтынушылар  арасында  үлкен  даму  алды.  Соңғы 
жылдары саз құндызын өсірумен аң шаруашылығы айна- лысуда. 
Торда  күзеннің  алуан  түрлерін  түсті  түрлерін,  күміс-қара,  плати-  на,  ақ 
тұмсықты,  ақшақарлы,  қызыл  түлкіні,  көгілдір  түлкі,  бұлғын,  саз  күзені 
және  күзен  өсіріледі.  Сонымен  қатар  шаруашылықта  жанат,  уссуриялық 
жанатын,  ондатр,  көгілдір  түлкіні,  күміс-қара  түлкімен  бу-  дандастыру 
жұмыстары жүргізіледі. 
Мал  шаруашылығының  барлық  салалары:  мал,  қой,  ешкі,  бұғы,  қоян 
шаруашылығы үлбір және қой ішігінің шикізатын алатын қайнар көз болып 
табылады. 
Ірі мүйізді мал үй жануарларының аса көп тобының бірі. 
Үлбір өндірісінде бұзау үлбірі деп аталатын ірі мүйізді малдың алғашқы 
түкті  жабыны  бар  бұзау  терісі  қолданылады.  Ең  жақсысына  биіктігі  1  см 
дейін  болатын  қалың,  құлпырмалы  немесе  тегіс,  жылтыр  түкті  қабаты  бар 
терілер жатады. Түкті қабатының биіктігі 2,5 см бо- латын терілер былғары 
өндірісінде қолданылады. Түкті жабынның 
201 

үзындығы жон арқасының ортасынан миллиметрлік сызғышпен өлшенеді. 
Біздің  еліміздің  кең  территориясында  сыртқы  ортаның  әсерінен 
қалыптасқан және будандастыру жүмыстарын жүргізу арқылы шығарылған 
-  асыл  түқымды  ат  түқымдарын  өсіріледі.  Түқымына  қарай  аттар:  мінетін, 
жеңіл жегілетін және ауыр көтеретін деп бөлінеді. 
Үлбірге  биіктігі  2  см  аспайтын  қалың  түкті  қүлын  терілері 
қолданылады.  Үлбірлі  қүлын  терілерін  жасына  тәуелді  келесі  түрлерге 
жіктейді: қүлын -  түсік  және  жылбысқы  терілері; қүлын  -  еметін - үш айға 
дейінгі  қүлын  терісі;  қүлын  -  өскінді-  үш  айдан  6  алты  айға  дейінгі  қүлын 
терісі. 
Үлбірлі  бүзау  және  қүлынның  өңделген  терілерін  боялған  және 
боялмаған түрде, ерлер және әйелдер пальтосын және жартылай паль- тосын 
дайындау үшін қолданылады. 
Қаракөл малын өсіретін негізгі елдер Өзбекстан, Қазақстан, Түркмения, 
Украйна және Ресей болып табылады. 
Қаракөл  дайындамаларының  жартысынан  көбі  қара  түсті,  10%-  сүр 
және 15% - қанық-сүр түсті, қалғаны будандастырылған қаракөл. 
Үлбір шикізатын  алу үшін,  жас  және  өскен ешкі  терілері қолданылады. 
Малдардың  түлегеннен  кейінгі  қазан-қараша  айында  сойылған  терілері 
қолданылады.  Өңделген  табиғи  және  боялған  ешкі  терілерінен,  үлкен  ешкі 
терілерінен балалардың  және әйелдердің паль- тосын,  жартылай пальтосын 
және бас киімдерді дайындайды. 
Әдемі,  жақсы  жылу  сақтағыштық,  қажетті  ылғал  және  бу  өткізгіштік 
қасиеті бар табиғи үлбірлерді қысқы киімдерді дайындау үшін қолданылады 
(үстіңгі материал ретінде, сондай-ақ сәндік және жылытатын ретінде). 
Әр  түрлі  малдардың  өңделмеген  терілері  бағалы  үлбір  шикізаты  деп 
аталады. Бағалы - үлбір шикізатының ассортименттерін үш классқа бөледі: 
бағалы шикізат, үлбірлі шикізат және теңіз аңдарының үлбірлі терілері. 
Бағалы  шикізат  деп  -  аң  аулау  арқылы  алынған  жабайы  аңдардың 
өңделмеген терілерін атайды. 
Үлбір  шикізаты  деп  -  түкті  қабаты  жақсы  дамыған  кейбір  үй 
жануарларының  өңделмеген  терілері  (қаракөл,  қоян,  қүлын,  елтірі  және 
бүзау терілері). 
Теңіз  аңдарының  үлбірлі  терілері  деп  -  үлбір  бүйымдарын  жасауға 
жарамды,  белгілі  бір  жастағы  теңіз  мысығының,  итбалық  және  нерп 
терілерін атайды. 
Үлбір  бүйымдарын  тігу  үшін  түкті  жабыны  жақсы  дамыған,  сыртқы 
түгін  жақсартатын  және  қажетті  қасиеттерін  қамтамасыз  ететін,  сәйкес 
бояудан және әрлеуден, өңдеу операцияларынан өткен терілер қолданылады. 
Бүндай терілер жартылай фабрикат деп ата- лады. 
202 

Бағалы  -  үлбір  жартылай  фабрикатының  ассортименті  келесі  топтарға 
бөлінеді: бағалы жартылай фабрикат - өңделген бағалы аң терілері; қаракөл 
жартылай  фабрикаты  -  әртүрлі  түқымдас  қойлардың  өңделген  терісі;  қой  - 
үлбір жартылай фабрикаты 
-  өңделген  әр  түрлі  түқымдас  үлкен  қой  терілері  (үлбірлік  қой  терілері); 
үлбірлі жартылай фабрикат - өңделген қоян, мысық, ит, бүғы, қүлын, бүзау, 
ешкі  терілері;  теңіз  аңдарының  терілері  -  өңделген  теңіз  мысығының  ит 
балықтың және нерптің терілері; пластина және үлбір. 
8.2.  БАҒАЛЫ - ҮЛБІР ТЕРІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 
Бағалы-үлбір  терісі  былғарыдан  және  түкті  жабыннан  түрады. 
Былғарыны  көлденең  кесіндісінде  эпидермис,  өзең  және  терасты  -  май 
қабаттарын  ажыратуға  болады.  Өзеңінде  түкті  қабаты  бар  былғарыньщ 
негізгі  қабатын  қүрылымдағы  болатын  коллагенді,  эласты,  ретикулинді 
талшықтар, өзара тоқылу нәтижесінде түкті қабаты бекітіліп, бағалы - үлбір 
терісінің  негізін  қүрайтын  тығыз  және  берік,  қалыңдығы  жоғары  тоқыма 
түзеді. 
Былғары  астары.  Әр  түрлі  қалыңдықты,  тығыздықты  бола-  ды, 
сондықтан  алдымен  созылуға  беріктігін,  созылғыштығын  және  салмағын 
анықтайды. 
Түкті  жабын  үлбірді  сипаттаудағы  анықтағыш  көрсеткіші  болып 
табылады,  себебі  бүл  көрсеткіштен  үлбірдің  эстетикалық  қасиеті  ғана  емес 
және басқада пайдалану қасиеттері тәуелді. Түкті жабынды қүрайтын түктер, 
әр  түрлі,  қалыңдығы,  биіктігі,  бүйралылығымен  және  ішкі  қүрылымымен 
ажыратылады.  Түкті  жабын  үш  негізгі  шаш  түріне  бөлінеді:  мамық, 
қылшық және бағыттауыш. Мүның әрқайсысы теріде өзінің функцияларын 
орындайды. 
Мамық  түктер  -  аса  жүқа  және  қысқа,  әрдайым  қатты  бүйраланған. 
Олар  негізінен  түктің  негізгі  көлемінің  көпшілігін  қүрайды,  сонымен  қатар 
жартылай фабрикаттың эстетикалық және пайдалану қасиетіне әсер етеді. 
Қылшық - жуан әрі үзын және бағыттаушы жүндерге қарағанда жиі өскен. 
Багыттауыш  түктер  -  ең  жуан,  үзын,  серпімді,  сирек  өскен,  басқа 
жүндерге қарағанда үшы шығып түрады. Олардың боялуы айтарлықтай бір 
түсті.  Түкті  жабындағы  бағыттауыш  түктердің  саны  1  см
2
  10-15  да-  надан 
келеді. 

8.3.  БАҒАЛЫ - ҮЛБІР ШИКІЗАТЫНЫҢ ТЕРІЛЕРІН 
АЛҒАШҚЫ РЕТТІ ӨҢДЕУ 
Терілерді  бірінші  ретті  өңдеу  екі  операциядан  тұрады:  терілерді 
сыпырып алу, яғни жануар денесінен бөліп алу, және консервілеу, яғни теріні 
өңдеуге дейін сақтауға болатын күйге келтіру. 
Бағалы - үлбір шикізатын өңдеу келесі операциялардан тұрады: 
-  суға  жібіту  -  терілерді  сойылған  кездегі  күйге  келтіру,  суға  белгілі  бір 
уақыттқа  орныластыру  жолымен  жүргізіледі.  Суға  жібіту  нәтижесінде 
ылғалдау 70 % жетуі мүмкін; 
-  шел  қабатын  алып  тастау  және  бөлу  -  бұл  біріншісінде  етті  қабаты 
алынып тасталынады, ал екіншісінде - қопсытылады, нәтижесінде былғары 
өзеңі аса жұмсақ болады
-  майсыздандыру  -  терілерді  өңдеу  арқылы  былғарыдан  және  түкті 
қабатынан майды кетіру; 
-  пикельдеу - теріні өңдеудің негізгі процессі. Ол теріні пикелмен өңдеуден 
тұрады  (күкірт  және  тұз  қышқылынан,  ас  тұзынан),  соны-  мен  қатар 
былғары  негізгі  құрғақ  коллаген  талшықтарынан  ажырайды,  нәтижесінде 
терілер бір уақытта консервіленіп, белгілі бір механикалық және химиялық 
қасиетке ие болады; 
-  ашыту  -  бұл  үлбір  терілерін  майсызданудан  соң  нан  квасымен  өңдеу. 
Бұл  ұзақта  қымбат  тұратын  процесс.  Ол  тек  бағалы  үлбір  және  қаракөл 
өндіру  үшін  қолданылады.  Ашыту  терілерге  өте  жұмсақтық,  иілмелі  және 
жақсы тартылу қасиетін береді; 
-  илеу  -  бұл  терілерге  қосымша  жоғарғы  температураға  және  ылғалға 
әсеріне шыдамды болу үшін керек болған жағдайда ғана қолданылады. Илеу 
негізінен хром немесе алюминий тұздарымен жүргізіледі; 
-  майлау  бұл  пикельдеу,  ашыту  немесе  илеуден  кейінгі  орындала-  тын 
процесс,  және  тері  өзеңін  маймен  немесе  май  эмульсияларымен  өңдеуден 
тұрады; 
-  эпилирлеу  -  мамық  талшықтан  тегіс  бетті  үлбір  алу  мақсатында 
қылшық және бағыттауыш талшықты қырқудан тұрады. Оны қоян, ондатр, 
мысық, теңіз мысығын ұқсату кезінде қолданылады. Қырқу процессі арнайы 
машинада жүргізеді; 
-  жұлу  -  бұл  өте  қатты  қылшық  және  бағыттауыш  талшықтары  бар 
терілерде ғана орындалады; 
-  үтіктеу - бұралаңдаған талшықтарды,  әсіресе қой талшықтарын  жазу 
үшін  орындалады,  бұл  180-220°С  температурада  үтіктеу  білігінен  өткізу 
арқылы  орындалады.  Түкті  жабын  дұрыс  бекуі  үшін  үтіктеу  ал-  дында 
формалинмен өңделеді. 
204 

8.4.  МАМЫҚ - ҮЛБІР ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ 
ҚАСИЕТТЕРІ 
Үлбір  бүйымдарын  дайындауда  жарамды  мамық  -  үлбір  жартылай 
фабрикаты өзіне берілген пішімдер мен өлшемдерді сақтай отырып, жоғары 
тозуға төзімді және жақсы жылу сақтағыш қасиетін қамтитын бүйымдарды 
дайындауға мүмкіндік жасайды. 
Үлбірге  үсынылатын  басты  талап  -  жақсы  жылу  сақтағыштық  қасиеті 
болғандықтан,  жылу  өткізгіштік  ең  негізгі  қасиеттері  болып  табылады. 
Үлбірдің  жылу  өткізгішітігі  түкті  жабынның  үстап  түратын  ауа  санына, 
былғары  өзеңінің  тығыздығы  мен  қалыңдығына,  пайдала-  ну  кезіндегі 
түгінің сығылу дәрежесіне тәуелді болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет