Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата08.04.2020
өлшемі1,14 Mb.
#61983
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
k090620154


Үздіксіз-ағымдық,  аздаған  демалыс  интервалы  арқылы 
жаттығуларды  бірге,  бірінен  кейін  бірін  орындаудан  тұрады. 
Бұл əдістің ерекшелігі – жұмыс қуаттылығын (ең жоғарысы 60% 
қа  дейін)  арттыру  мен  бір  немесе  бірнеше  дөңгелену  арқылы 
жаттығулар  санын  арттыру  негізінде  бірте-бірте  жекелеген 
жүктемелерді  арттыру.  Бір  уақытта  жаттығуларды  орындау 
уақыты  қысқарады  (15-20  с  дейін)  жəне  демалыстың  ұзақтығы 
арта  түседі  (30-40  с  дейін).  В.В.  Чуниннің  пікірінше,  бұл  əдіс 
қозғалыс сапаларының кешенді дамуына ықпал етеді. 
Ағымдық-интервалдық,  техникасы  бойынша  қарапайым 
жаттығуларды  20-40  секундта  орындауға  негізделгендіктен  (ең 
жоғары  қуаттылықтың  50%-дай),  əр  бекетте  ең  аз  демалады. 
Оның  мақсаты  –  бақылау  уақытын  1-2  айналмаға  азайту.  Бұл 
тəртіп жалпы жəне күш төзімділігін арттырады, тыныс алу жəне 
жүрек-тамыр жүйелерін жетілдіреді. 
Қарқынды-интервалдық, 
шұғылданушылардың 
дене 
дайындығының  арту  деңгейі  арқылы  пайдаланылады.  Оның 
тапсырмаларының  қуаттылығы  ең  жоғарысының  75%  құрайды 
жəне  қарқындылық  пен  жұмыс  уақытының  қысқаруы  арта 
түседі  (10-20  с  дейін).  Оның  мақсаты  –  стандарты  көлемі  мен 
демалыстың уақыттық параметрлерінің сақталуы (40-90 с дейін) 
Бұл  тəртіп  жоғары  жəне  «жарылма»  күшті  дамытады.  30-40  с 
демалыс 
интервалы 
күш 
жəне 
жылдамдық 
төзімділігі 
жаттығулары нəтижелерінің өсуін қамтамасыз етеді.  
Дəстүрлі  айналма  жаттығулардың  жоғары  тиімділігі 
бірқатар  кемшіліктерден  де  кем  еемес.  Оның  кейбіреулері  сол 
идеяның  өзінде  жатса,  кейбіреулері  ұйымдастыру-практикалық 
сипатқа  ие.  Мысалы  дəстүрлі  айналма  жаттығу  бір  жаттығу 
сабағындағы 
қозғалыс 
сапаларын 
қалыптастырудың 
физиологиялық заңдылықтарын ескере бермейді, олардың қатаң 
дифференсациялаусыз  кешенді  түрде  дамуын  ғана  қамтамасыз 
етеді. 

 
176 
Бекеттерде  жаттығулар  орындаудың  үздіксіз-ағымдық  əдісі 
қалыпты демалыс уақытын (əр түрлі функционалдық мүмкіндік-
тері  арқылы  бірдей  шұғылданушыларға),  мақсатқа  сай  деп 
тануға  келмейді.  8-10  бекетте  шұғылданушылардың  үлкен 
контингенті ұйымдастырудың практикалық аспектінде қалыпты 
емес мүліктер мен құрал-жабдықтардың едəуір көп санын талап 
етеді.  Бұл  құрал-жабдықтарды  түрлі жастағы,  түрлі жыныстағы 
жəне  дайындығы  əр  түрлі  топтар  арасында  кеңінен  пайдалана 
бермейді.  Белгілі  бір  сабақтардың  міндеттерінің  өзгеруі  олар 
өткізілетін 
орындардағы 
құрал-жабдықтардың 
орын 
ауыстыруын  қажет  етеді.  Сабақтарды  өткізетін  уақыт  факторы 
да  маңызды  факторлардың  бірі  болып  табылады.  80-100  адам 
шұғылданатын  кездерде  шұғылдану  уақыты  2,5-3  сағатқа  дейін 
ұзартылуы  мүмкін,  бұл  дене  шынықтырудың  көпшілік 
формалары  үшін  шындыққа  сəйкес  келмейді.  Бұл  кемшіліктер 
түрлі  санаттағы  еңбекшілердің  дене  дайындығы  барысында 
түрлі  айналма  жаттығудың  дəстүрлі  формаларын  кеңінен 
енгізуге кедергі жасап отыр [3, 25б. ]. 
И.А.  Гуревич  ұсынған  кесте  бойынша  (сурет  13),  мұғалім 
мен  оқушы  арасындағы  басқаруға  қолайлы  тұтас  тұйық  жүйе 
жасайтын  тура  жəне  кері  байланысқа  ие  бағдармаланған 
айналмалы  жаттығуды  ұйымдастыру  уақытындағы  өз  байланыс 
моделі  көрсетілген.  Тура  байланыс  оқушыға  бекеттік  карточка-
тапсырмаларда  көрсетілген  жаттығу  жəне  орындау  тəсілдері 
туралы  ақпараттарды  беру  үшін  арналған.  Ал  кері  байланыс 
оқытушыға  оқушының  жаттығуларды  меңгеру  дəрежесі  туралы 
ақпараттарды  алуы  үшін,  сонымен  қатар  айналма  жаттығу 
кезінде оған ішкі жəне сыртқы ортаның əсерін білу үшін қажет. 
Мəтінді 
жəне 
бейнелі 
кестелі 
ақпараттармен 
бағдарламаланған  бекетті  плакаттар  жасау  жəне  оларды 
орналастыру мен сақтау тəсілдерін анықтау. 
Қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты 
дене  сапаларын  артықшылықпен  дамыту  қажеттілігі  бірқатар 
ғылыми  зерттеулер  арқылы  дəлелденген.  14  суретте  айналма 
жаттығу барысында күш, жылдамдылық, төзімділіктердің өзара 
байланысы  жəне  ептілік пен  икемділіктің  дифференсациялануы 
көрсетілген. 

 
177 
 
Айналмалы  жаттығу  əдісін  қолдану  арқылы  дене 
дайындығының түрлі үлгісін жасау барысында қажет шарттар: 
-  дене  қабілеттерін  дамытуға  кезекті  мақсаттарын  анықтау 
мен олардың оқытудағы нақты дамуы кезеңдерін белгілеу; 
-  жаттығуларға  терең  талдау  жасау,  олардың  оқу-жаттығу 
материалдарымен  өзара  байланысын  анықтау,  сонымен  қатар 
жекелеген 
жаттығулардың 
белгілі 
бір 
дағдылары 
мен 
біліктілігінің оң жəне теріс алмасуын есте сақтай білу;  
-  жаттығулар  кешені  сабақ  пен  жаттығудың  белгілі  бір 
бөлігіне  топтың  дене  дайындығы  дəрежесін  ескеру  арқылы 
енгізу; 
-  жас  жəне  жыныс  ерекшеліктерін  ескеру  арқылы 
жаттығуларды  орындау  барысында  бекеттердегі  жұмыс  жəне 
демалыс көлемін анықтау; 
-  жаттығуларды  орындау  жүйелілігін  жəне  бір  бекеттен 
екіншісіне  өтуде,  сонымен  қатар  кешенді  түрде  айналмалы 
жаттығу арасында қайта өту барысында қатаң сақтау. 
 
2. Айналма жаттығуды ұйымдастыру мен өткізудің 
əдістемелік еркшеліктері 
 
К.Е.  Ахметов  [4]  айналма  жаттығуды  ұйымдастыру  мен 
өткізуді 4 кезеңнен тұрады деп есептейді: 
1. Бағдарламаларды салыстыру: 
- жаттығуларды іріктеу; 
- оларды орындаудың ізбе-ізділігін анықтау; 
- жүктемелердің бағдар беруші есебі; 
- жұмыс нүктелерінің («бекеттерінің») орналасуы; 
- жұмыс топтарының сандық құрамы. 
Бағдарлама 
жаттығу 
міндеттері, 
шұғылданушылар 
контингенті  мен  материалдық  базаларды  ескеру  арқылы 
жасалады. 
2. Бағдарламаны тексеріп көру (1-2 сабақ). 
Міндеттер: 
- жаттығуларды жаттап алу, 
- жаттығулар құрамы мен жұмыс нүктелерін нақтылау; 
-  бір  бекеттен  екіншісіне  ауысу  ретін  анықтау  (бір 
уақыттық, ізбе-із, дабыл бойынша, өз бетімен); 

 
178 
- «жүктеме бекеттерін» қарастыру; 
- жұмыс топтарының құрамын нақтылау. 
3. Жүктемелерді тестілеу мен есептеу (2-3 сабақтар) 
Міндеттер: 
-  ЖТ  –  жоғары  тестіні  алу  (уақытты  есептеу  немесе 
есептемеу  арқылы  жаттығуларды  қайталаудың  жоғары  тесті) 
жаттығулардың əрбір түрі бойынша; 
-  айналма  жаттығулардың  жекелеген  карточкаларын 
толтыру; 
-  əрбір  жұмыс  нүктесі  бойынша  жүктемелерді  есептеуді 
нақтылау (жекеше); 
-  ЖТ  жартысында  бір  айналманы  өту  уақытын  анықтау 
(ЖТ*ЖТ/2*1 айналма); 
- əрбір сабақтың тапсырмаларын анықтау. 
4. 
Тікелей 
жүргізу, 
тапсырмаларды 
орындау 
жəне 
жүктемелерді реттеу (3-6 апта): 
- жаттығу процесін басқару; 
- консультациялық көмек, орындауға бақылау жасау; 
- жеке дара карточкадағы жүктемелерді есептеу өзгерістері. 
Жеке карточкада болуы тиіс: 
- жаттығулар тізбесі; 
- жоғары тест; 
- бастапқы тапсырма; 
- мақсатты тапсырма; 
- əрбір сабақ бойынша тапсырма; 
- оларды орындау; 
- жұмыс пен демалыс уақыты; 
- өту уақыты. 
Айналма 
жаттығудың 
ұйымдастыру-əдістемелік 
сипаттамасы: 
1.  Шұғылданушылар  кішірек  топтарға  бөлінеді  (1-4  адам), 
жұмыс нүктелерінің (бекеттерінің) саны – 4 тен 12 ге дейін. 
2.  Жаттығулар  бір  уақытта  орындалады,  немесе  ізбі-із 
жалғасу арқылы. 
3.  «Бекеттен» «бекетке» ауысу дабыл бойынша іске асады, 
немесе өзбетінше тапсырмаларды орындаған соң іске асады. 
4.  Əрбір жаттығу бойынша жүктемелер жеке дара тестілеу 
арқылы анықталады. 

 
179 
5.  Айналма  жаттығу  бағдарламасы  тұрақты  түрде  ұзақ 
уақытқа созылады (4 айға). 
6.  Жаттығулардың  көлемі  мен  қарқындылығы  үздіксіз 
өзгеріп отырады. 
7.  Өзгерістер шамасы мен сипаты алдын-ала есептеу, жеке 
дара реакция мен жаттығу эффектісі арқылы анықталады. 
8.  Көлем 3 айналмаға дейін артуы мүмкін. 
9.  Қарқындылығы 30% дейін артуы мүмкін. 
10. Сабақтардың жиілігі аптасына 1 реттен 3 ретке дейін.  
11. Бір сабақтың ұзақтығы 10 минуттан 60 минутқа дейін. 
В.А.  Романенко,  В.А.  Максимович  [5]  80-100  адамның  жас 
жəне  жыныстық  пен  функционалдық  мүмкіндіктерін  ескеру 
арқылы  қозғалыс  дайындығы  процесін  басқаруға  мүмкіндік 
беретін  айналма  жаттығу  нұсқасын  ұсынды.  Осы  нұсқалардың 
айналма 
жаттығулардың 
дəстүрлі 
формаларынан 
айырмашылығы 
бір 
сабақта 
нақты 
қозғалыс 
сапасын 
тəрбиелейтін  бұлшық  еттер  жұмысының  бағытынан  тұрады. 
Төрт  бекеттің  əр  қайсысында  құрылымы  жағынан  түрліше 
жаттығулар пайдаланылады, бірақ бірдей физиологиялық тəртіп 
əрқашан 
сақталады. 
Қозғалыстардың 
биомеханикалық 
құрылымы  ескерілгенімен  (ептілікті  тəрбиелеу  кешендерінен 
басқасы),  ол  кейінге  ысырылады  да  оларды  пайдалану  тəртібі 
алға шығады. Сабақтарды осылай құру əдістемесі төрт бекеттің 
əр  қайсысында  əрбір  шұғылданушы  үшін  физиологиялық 
негізделген  жəне  оңтайлы  дене  жаттығулары  тұсында  ғана 
мүмкін. Бір реттік жүктеме оның жеке дара ауыспалы шамасына 
сəйкес таңдалады. 
Дене  тəрбиесін  ұзақ  процесс  ретінде  қарастыруға  болады, 
олар  оқу  жылдары  бойынша  бөлінеді,  оның  əр  қайсысында 
циклді  түрде  бағдарлама  қайталанып  отырады,  бірақ  барған 
сайын  сапалық  жағынан  жоғары  деңгейде  қарастырылады. 
Сонымен  қатар  онда  айналма  жаттығу  əдісі  арқылы  іске 
асырылатын  жалпы  жəне  арнайы  кəсіптік-қолданбалы  дене 
дайындығын жоспарлау ерекше орын алады. 
И.А.  Гуревичтің  пікірінше,  «…барлық  сабақтарға  арналған 
жалпы  жəне  арнайы  кəсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы 
материалы оқу жылы бойында дене тəрбиесінің бағдарламасына 
сəйкес жоспарланады. 

 
180 
Мұғалімнің  қарауы  бойынша  бұл  материал  айналма 
жаттығу  кешеніне  бірігуі  мүмкін  немесе  сабақтың  кез-келген 
бөлігін  бөліп  өткізуге  болады.  Айналма  жаттығулардың 
мақсатты  түрде  бағыттылығы  үш  түрлі  маңызды  міндеттерді 
шешуге  мүмкіндік  береді:  жалпы,  арнайы  жəне  кəсіптік-
қолданбалы  дене  дайындығын  бір  уақытта  жəне  өзара 
байланысқан  түрде  салыстырмалы  түрдегі  қысқа  уақыт 
аралығында жəне үлкен тиімділікпен іске асырылады» [6, б.9]. 
Айналма  жаттығуды  іске  асыру  барысында  студенттердің 
морфофункционалдық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. В.А. 
Романенко,  В.А.  Максимовичтердің  пікірінше,  «…20  жасқа 
қарай  ағзаның  морфофункционалдық  жүйесінің  қалыптасуы 
аяқталады да, 30 жасқа дейін бұл жүйелер салыстырмалы түрде 
қалыпты  жұмыс  істейді.  Осы  жас  аралығындағы  əйелдер 
ерлерден  бұлшық  еті  мен  төзімділгі  жағынан  ерекшеленеді, 
қозғалыс 
жылдамдығы 
жағынан 
оларға 
жол 
береді. 
Кардиореспираторлық  жүйе,  қанның  оттегі  сыйымдылығы, 
оттегі  тəртібінің  үнемшілдігі  көрсеткіштері,  ОЖС  мен  оттегі 
жетіспеушілігі 
оларда 
төмен 
болып 
келеді. 
Дегенмен, 
əйелдердің  ерлерге  қарағанда  икемділік  көрсеткіштері  артық 
болып  келеді.  Олардың  буындарындағы  қозғалмалылығы  да 
артықшылыққа  ие.  Осы  жəне  басқа  да  көрсеткіштерді  дене 
шынықтырудың 
көпшілік 
формаларымен 
шұғылдану 
практикасында ескеру қажет». 
25-30 
жастарда, 
ал 
кейде 
тіпті 
ертерек 
қозғалыс 
функцияларының 
инволюциялық 
процестері 
басталады, 
биологиялық  даму  процестері  параллель  емес,  гетерохронды 
түрде  жүреді,  яғни  уақыттан  артта  қалады.  Бірінші  кезекте  ол 
жылдамдық сияқты қозғалыс сапаларына қатысты болады. Оны 
құрайтындардың бəрі де зардап шегеді: қозғалыс реакциясының 
латенттік  кезеңі,  жеке  қозғалыс  жылдамдығы  мен  қозғалыс 
қарқыны. 
Жас 
кезде 
ептілікті 
жетілдіру 
үшін 
экстремальді 
жағдайларға  жақындатылған  альтернативалы  шешімдер  мен 
жағдайлар  қажет.  Бұл  талаптарды  өрмелеу  эстафеталары, 
өрмелеп  асу,  акробатикалық  жаттығулар,  бірнеше  заттарды 
тасымалдау, 
доптармен 
жəне 
спорт 
ойындарының 
элементтерімен жонглерлық жасау қанағаттандырады. 

 
181 
Сонымен  қатар,  ертерек  берілген  уақыт  интервалында 
акробатикалық жаттығулардың кешендері де пайдалы болар еді. 
Үйлестіру  қабілеттерін  қолдау  үшін  айнадан  көрсетілетін 
жаттығулар  мен  жаңа  биомеханикалық  құрылымдарға  ие 
қозғалыс 
жаттығулары 
тиімді 
болып 
келеді. 
Азырақ 
дайындалғандарға қозғалыстардың кеңістік-уақыттық жəне күш 
сипаттамасын  меңгеруге  кеңес  беріледі.  Оларға  жататындар: 
түрлі  бастапқы  жағдайлардан  белгіленген  бір  нүктеден 
белгіленген  нүктеге  секіру,  бір  немесе  бірнеше  доптармен 
жонглерлық  жасау,  көздеп  ату,  қозғалмалы  жəне  спорт 
ойындары жəне т.б. 
Жаттығу  əдісі  –  қайталамалы:  орташа  жəне  жоғары 
қарқындылықта 
(шұғылданушылардың 
дайындығына 
байланысты). 
Бұл  жаста  инволюция  процестері  өзіне  күш  қабілеттерін 
қоспайды. Дегенмен соңғы он жылдықтар ішінде 20-30 жастағы 
адамдардың бойында күшке қатысты көрсеткіштердің төмендеуі 
байқалады.  Оның  негізгі  себебі  –  гипокинезия  себебінен  май 
тканьдерінің арта түсуі болып табылады [ 5, б.110-113]. 
 
3. Жоғары оқу орындарында студенттердің кəсіптік-
қолданбалы дене дайындықта айналма жаттығу əдісін 
қолдану еркшеліктері 
 
Студенттердің  екі  жылы  бойы  дене  тəрбиесі  пəнін  оқу 
процесінде  шеңбер  жаттығуларын  жоспарлаудың  өзіндік 
ерекшеліктері келесімен сипатталады.  
10 кестедегі айналма жаттығу əдісін өткізу оқу жылындағы 
бағдарламаларды  өтудің  реттілігін  жəне  оның  əр  түрі  бойынша 
сабақтардағы  айналма  жаттығуларының  мазмұны  ұсынылады. 
Оқу  жылының  басында  студенттерді  айналмалы  жаттығу 
əдісімен таныстыру қажет. 
А)  Кестеде  көрсетілген  бағдарламалық  материалдың  15 
түрінен  бекеттік  плакаттар  дайындадық.  Плакаттың  жоғарғы 
жағына  ұзынынан  «бекет»  сөзі  1-ден  15-не  дейін  жазылды. 
Өлшемдері: плакаттікі –18*12, бекеттік тапсырманікі - 15*8 см. 
 Б)  Берілген  бекеттік  тапсырмаларда  сызбалық  жəне 
мəтіндік  ақпарат  үндесті.  Осындай  модель  тиімді  оқыту  мен 

 
182 
қабылдауға, санадан өткізуге жəне бекеттік тапсырмаларды одан 
əрі меңгеруге оңтайлы жағдайлар туғызады.  
В)  Студенттер  жеңіл  атлетика,  баскетбол,  волейбол, 
гимнастика  элементтерін  өтіп  болғаннан  соң,  ұсынған  бекеттік 
тапсырмаларда 
көрсетілген 
жаттығуларды 
үйренді. 
Студенттерді  қайталаудың  жоғарғы  көрсеткішін  анықтау  үшін 
сынақтан  өткіздік  жəне  əрбірі  МТ/4  немесе  МТ/2  стандартты 
өлшемге ие болды. 
Əрбір  бекеттегі  жаттығулар  еркін  қарқында,  уақыт 
есептелмей жүргізіледі; 
Г)  Əрбір  бекетті  орындап  болғаннан  кейін  студенттердің 
жүрек қағыстары тексерілді (10 секундтың ішінде);  
Д)  Біз  айналма  жаттығу  əдісінің  аталған  нұсқасын  жүзеге 
асыруда  орташа  алғандағы  нақты  орындау  нəтижелерін 
тексердік.  
Осылайша,  студенттер  айналма  жаттығу  əдісі  кешенін 
орындауды меңгеріп алады. 
 Айналмалы  жаттығу  əдісінің  келесі  үлгілерің  қолдану 
қажет. 
Жаттығулар 
үзіліссіз, 
қайталаудың 
стандартталған 
көрсеткішімен  өткізілді.  Жаттығуларды  меңгергеннен  кейін 
жəне  əрбір  бекетте  30  жұмыс  жəне  30  демалыс  принципі 
бойынша  қайталаудың  ең  жоғарғы  көрсеткіші  анықталған  соң 
жаттығулық стандартталған уақытпен жаттығу өткізіледі. Əрбір 
айналымды  өту  өлшемі  мен  уақыты  стандартты  болғанымен 
айналмалы  жаттығу  саны  көбейе  береді.  Айналмалы  жаттығу 
əдісі  аяқталғаннан  соң,  студенттер  есеп  карточкасына  тек 
айналып өткен айналма мен бекет санын толтырады. 
Бірінші  жылы  оқығанда,  гимнастика  сабақтарына  бірінші 
жарты  жылдықта  6-8  сабақ  бойынша  айналма  жаттығу  əдісін 
енгізу  қажет.  Айналма  жаттығу  əдісі  станциялардың  санына 
байланысты  жоғары  тығыздық  пен  уақыт  көлеміне  сəйкес 
келеді, оның əсіресе дене тəрбие сабақтарында маңызы ерекше. 
Алға  қойған  сабақтың  мақсатына  қарай  айналма  жаттығу 
əдісін  оқытушы  негізгі  сабақтың  басында  немесе  соңында 
жоспарлауына  болады.  Оны  қолдану  оқушылардың  əр  топтағы 
санына  да,  оқу  жылына  да,  дене  тəрбиесі  дайындығы  мен 
техникалық  шеберліктеріне  де  байланысты.  Оны  сабақтың 

 
183 
негізгі  бөлімінің  басына  енгізу  үлкен  күшті  жəне  ерік  күш-
жігерді (тиімді жағдайларда алға қойған мақсаттарға жету үшін) 
талап ететін дене тəрбиесі саласы бойынша алда тұрған ұтымды 
жұмыстармен байланысты.  
Мұндай  кешеннің  рөлі  алда  тұрған  жұмыстарға  студент 
ағзасының  бітімі  даярлығы  болып  табылады  жəне  жалпы 
дамытушылық жүйесі негізгі міндеттерді шешетін сипатталады. 
Негізгі  сабақ  алдындағы  айналма  жаттығуларын  қолдану  адам 
ағзасы  əлі  шаршамаған  жағдайда  жəне  зор  көлемдегі 
жұмыстарды  атқаруға  дайын  кездегі  дене  тəрбиесі  сапаларын 
дамытумен  байланысты.  Сабақтың  негізгі  бөлімін  құрайтын 
кешендер  күш  жұмсауға  бағытталған  жалпы  дамытушылық 
сипатқа 
ие 
болады 
жəне 
кəсіптік-қолданбалы 
дене 
дайындығымен  тығыз  байланысты.  Онда  жеткілікті  дəрежеде 
күш  жұмсайтын  жəне  жылдамдықтағы  жаттығулар  болуы  тиіс. 
Негізгі  сабақтың  аяғында  айналма  жаттығуының  кешені  сирек 
жоспарланады  жəне  сабақ  кезіндегі  жүктеме  тығыздығы 
жеткіліксіз болған жағдайда ғана жоспарланады. 
Мұндай  кешендердің  мақсаты  –  дене  шынықтыруды 
дамытуға  қол  жеткендерді  саптау  жəне  бекіту,  сондай-ақ  өткен 
оқу материалдарын жетілдіру. 
Дене  шынықтыру  сабақтарында  айналма  жаттығу  əдісі 
əсіресе  гимнастика  сабақтарының  тығыздылығын  арттырып 
қана  қоймайды,  сонымен  қатар  жалпы  ағзаға  өнімді  əсер  етеді. 
Жүктеме  концентрациясының  тиімділігі  –  қысқа  мерзімде 
жалпы жəне дене даярлығын табысты дамытуға алып келеді.  
Гимнастика 
сабағындағы 
айналма 
жаттығу 
əдісін 
ұйымдастырудың 
үлгі-схемасы 
төмендегідей: 
1-сабақта 
студенттер  станциялардағы  сабақтардың  ұйымдастырылуымен 
(кесте  11,  сурет  15),  олардың  орналасуымен,  жаттығуларды 
орындаудың 
ретімен, 
ауысуымен, 
есеп 
карточкаларына 
жазумен, есептеумен т.б. мəселелермен танысады. 
2-сабақта əр станциядағы жаттығуларды орындауын МТ (ең 
жоғарғы  тест)  анықтайды.  Схема  бойынша  жүктеме  МТ/2 
немесе МТ/4 топтың дене шынықтыру даярлығына байланысты. 
 

 
184 
Кесте 10 - Оқу жылында бағдарламаларды өтудің реттілігі жəне 
оның  əрбір  түрі  бойынша  айналма  жаттығу  əдісінің  сабақтағы 
бағыттары 
 
 

 
185 
Кесте 10 жалғасы 
 
Се-
местр 
Бағдарла- 
ма 
бөлімдері 
Айналма  жаттығу  əдісінің 
бағыты 
Бақылау  
түрі 
Гимнасти-
ка 
Кешен  иық  белдеуінің 
бұлшық  еттерін,  қол,  іш 
пен  арқаны  дамытуға, 
буын-дардың  қозғалысын 
ұлға-йтуға,  дене  құрылы-
сын 
қуаттандыруға, 
вестибу-лярлық 
аппаратты  
жаттықтыруға 
бағы-
тталған. 
Тартылудан 
нормативтерді 
қабылдау. 
Футбол 
Кешен 
дене 
күш 
қасиеттерін 
дамытуға 
бағытталған, 
сондай-ақ 
жаттығулардан 
құ-
ралады,  ойын  техника-
ларын 
жетілдіру 
негізінен 
атлетикалық, 
қолданбалы 
жəне 
снарядты 
гимнастика 
жаттығулары  енгізіле-ді. 
Жеңіл 
атлетикадан 
– 
лақтыру, 
секіру 
жəне 
жүгіру 
жаттығулары. 
Ауыр 
атлети-кадан 

түрлі 
ауырлықтағы 
жаттығулар. 
Футболдан 
нормативтерді 
қабылдау. 

Жеңіл 
атлетика 
Кешен  10-15  бекеттен 
жəне 
жылдамдық, 
секірушілік,  
100м,  1000м, 
3000м. 
қашықтыққа 

 
186 
жалпы 
жəне 
жылдамдықтық 
күш-
жігер 
сияқты. 
дене 
тəрбиесі 
сапасын  дамытуға  əсер 
ететін 
жаттығулардан 
тұрады. 
 Кешеннің 
бағыты 
студенттердің 
дене 
шынықтыру 
даярлығы 
деңгейінің 
қалпымен 
анықталады. 
жүгіру 
мен 
бір 
орынан 
ұзындыққа 
секіру. 
 
3-6  сабақтарда  МТ/4-1  немесе  МТ/2+1  бір  немесе  бірнеше 
қайталамаларды  əр  сабақта  белгілі  бір  дəрежеде  ұлғайтумен 
өткізіледі.  7-сабақта  өткен  циклдарды  қайталаумен  жаңа  МТ 
анықталады. Жаңа циклда өту одан бұрын да жүруі мүмкін. 
Ол  студенттер  үшін  іріктелген  кешеннің  өзін-өзі  ақтап 
шыққандығына  немесе  əлі  де  жалғасу  қажеттілігіне  қарай 
реттеледі. 
Жеңіл  атлетика  бойынша  айналмалы  жаттығу  əдісінің 
мамандандырылған  кешені  10-15  бекеттен  тұрады  жəне 
жылдамдыққа,  секіруге,  жалпы  жылдамдық,  шыдамдылыққа 
жылдамдық-күш  сияқты,  күш  қабілеттерін  дамуына  əсер  ететін 
жаттығулар  енеді,  ол  тірек-қозғалыс  аппаратын  нығайтуға 
тығыз  байланысты  болады.  Кешеннің  бағыты  қабылданатын 
бақылау  жаттығуларының  көрсеткіштерімен  анықталады  жəне 
мұнда 
олардың 
дене 
даярлығын 
жан-жақты 
қамтитын 
жаттығулардың орын алуы тиіс (қосымша).  
Дене  тəрбиесі  сабақтарында  айналма  жаттығу  əдісін 
жүргізуде 
жеңіл 
атлетика 
бойынша 
топтың 
мамандық 
ерекшелігімен  қатар  олардың  дене  даярлығының  дəрежесін  де 
есепке  алу  керек.  Нашар  дене  даярлығы  жағдайында 
студенттерге қосымша жаттығулар ұсынылуы қажет: 
Үйге  тапсырма  бере  отырып,  олардың  орындалуын  келесі 
сабақтарда бақылап отырған дұрыс. 

 
187 
Оқыту  жүйесі  ұзақ  жəне  сабаққа  белгілі  талаппен  қарауды 
қажет  етеді.  Осының  барлығын  оқуға  деген  түйсігіне  жеткізіп, 
оларды  үнемі  жəне  жүйелі  түрдегі  сабақтарға  үйрету  керек. 
Айналма  жаттығулары  жеңіл  атлетика  сабақтарында  І  оқу 
жылының ІІ жарты жылдығында бақылау жұмыстарынан кейін І 
жəне ІІ жарты жылдықта қолданылады. 1-ші оқу жылы сабақтар 
қарапайым  түрде  жүргізілу  керек,  ал  кейін  неғұрлым  күрделі 
түріне өтуге болады. Онда нəтижелерінің есебі талап етіледі. 
Кешеннің қызмет ету мерзімі 4-6 сабаққа созылады. Кейбір 
станциялармен  ауыстыруды  шартты  жағдайларды  ескере 
отырып,  сондай-ақ  өткен  материалдарды  жүзеге  асыруға 
болады.  Айналма  жаттығу  əдісін  спорт  алаңдарында  немесе 
стадионда өткізген жағдайда станциялық плакаттар жəне оларға 
қоса 
ауа-райының 
қолайсыз 
жағдайында 
сақтау 
үшін 
жабындардыда  əзірлеп қою  керек.  Ойын сабақтарында  айналма 
жаттығуларының  мазмұны  ойын  станцияларын  құрайды.  Сабақ 
бойына  оқушылар  белгілі  бір  ретпен  бір  станциядан  екінші 
түріне  өтеді.  Олардың  əрқайсысында  мақсатты  жаттығуларды 
араластыра  отырып  орындайды.  Тапсырмаларын,  нақты  дене 
сапасын жетілдіруге, оқыту мен тəрбиелеуге бағытталған ойын.  
Сабақ  барысында  тек  қана  дене  күші  сапасын  дамыту  ғана 
емес, сондай-ақ ойнау тəсілдерінің техникасы да жетіледі. Түрлі 
варианттарды  қолдану  топтың  дене  жəне  техникасының 
дайындығы жəне оқу жылына байланысты шарттар 1-ші орынға 
қойылады.  Ойынға  бағытталған  арнайы  кешендер  түрлі 
құралдарды 
пайдалана 
отырып, 
негізгі, 
атлетикалық, 
қолданбалы  жəне  снарядты  жаттығу  гимнастикадан  алынған 
жаттығуларды  кіргізу  қажет.  Жеңіл  атлетикадан  секіру, 
лақтыру, 
жүгіру 
бойынша 
жаттығулар. 
Ұсынылған 
жаттығулардың  əрқайсысы  дене  бітімінің  белгілі  бір  бөлігіне 
əсер  ететіндей  жəне  белгілі  бір  дене  сапасының  дамуына 
есептелген болып іріктелуі тиіс.  
Спорт ойындарының техникалық тəсілдерін жетілдіру үшін 
алдын-ала зерттелген ойын элементтерінен тұратын жаттығулар 
кешені  пайдаланылады.  Техникалық  элементтерді  жасауға, 
үйрену  мен  дағдыландыруды  жетілдіруге  бағытталған  ойын 
арқылы  дене  сапасы  тəрбиесі  жөніндегі  бекеттер  санының 
арақатынасы  3:1  құрайды.  Сондықтан  спорттық  жаттығуларға 

 
188 
сəйкес  келетін  техникалық  элементтерді  шамадан  тыс  көп 
қолданудан аулақ болу керек.  
Шаңғы 
дайындығы 
бойынша 
сабақтарда 
айналма 
жаттығуларын  пайдалану.  Айналма  жаттығу  əдісін  пайдалана 
отырып,  шаңғы  бойынша  сабақтарды  қызықты  да  түрлендіріп 
құрастыруға болады. 
Қар  əлі  түспеген  уақытта  осындай  осындай  сабақтарды 
спорт залдарда, сондай-ақ спорт алаңдарында да ұйымдастыруға 
болады.  Ең  маңыздысы,  кешенге  қол,  аяқ,  дене  бітімі,  арқаны 
қосымша  тартылулар  мен  түрлі  снарядтар  пайдаланып, 
жылдамдықты  дамыту  үшін  қысқа  аралықтарға  жүгіруге, 
секіруге  байланысты  жаттығулар,  жалпы  төзімділікке  –  жүкті 
тасу,  көтеру,  жеке  күрес,  қиын  қозғалыстар,  ауыспалы 
жылдамдықтағы  аяқ  ұшымен  жүгіру,  қоспалы,  араластырып 
түрлі кедергідегі қозғалыстарға ауысу, баспалдақпен жүгіру т.б. 
жаттығулар кіргізу керек.  
Шаңғы сабақтарында айналма жаттығуларын ІІ жəне ІІІ оқу 
жылына 
өткен 
материалдарды 
жетілдіру 
жəне 
бекіту 
сабақтарына  енгізуге  болады.  Мұндай  сабақтарды  өткізу  үшін 
айналма  жаттығуларының  формасы  мен  əдістерімен  алдын-ала 
таныстыру  негізгі  шарт  болып  табылады.  Барлық ұйымдастыру 
мəселелерін  шаңғы  базасында  алдын-ала  түсіндіру  кезінде 
шешуге болады. 
1-ші  сабақта  станциялардағы  жаттығуларды  орындау  мен 
таныстыру  ұсынылады.  Келесі  жаттығулар  станцияларда 
ауырлық  жүгін  қосып  отыру  тапсырмаларымен  орындалады. 
Келесі циклға өтуді оқытушы алдына қойылған міндеттің қалай 
орындалғанына қарай өзгертуіне болады. Шаңғымен өткізілетін 
сабақ жергілікті жердің рельефін білуді, жоғарғы ұйымшылдық 
пен жақсы дайындықты талап етеді. 
Сондықтан  рельеф  пен  сабақтың  нақты  міндеттерін  ескере 
отырып,  станцияларды  білікті  орналастырудың  маңызы  зор. 
Сабақты  кезектілік,  жүйелік,  көрнектілік  жəне  белсенділік 
сияқты негізгі дидактикалық принциптерге сəйкес құру қажет.  
Шаңғы 
оқуында 
айналма 
жаттығуларының 
типтері 
бойынша  сабақты  құру  жəне  ұымдастыру  əдісі  төмендегідей 
мəселелерді қарастырады: 
-  шаңғы сабағы үшін орынның болуы; 

 
189 
-  сабақты  өткізу  үшін  жердің  рельефін  зерттеу  жəне 
станцияларды іріктеу; 
-  30х50  см  көлеміндегі  ылғалға  неғұрлым  төзімді  плакат-
станциялар  дайындау  жəне  оларды  бекітетін  биіктігі  1  м 
шамасындағы таяқшалар дайындау; 
Шаңғы  оқуына  шығар  алдында  алдын-ала  станцияларды 
белгілеп, зерттеу қажет; 
Спорт  алаңдары  мен  спорт  залдарында  өтетін  сабақтарда 
гимнастика,  жеңіл  атлетика  жəне  спорт  ойындары  бойынша 
айналма жаттығуларын өткізуді ұйымдастыру мен оқушыларды 
алдын-ала таныстыру; 
Станциялық 
плакаттар 
мен 
шектеулі 
жалаушаларды 
орналастыру  (ол  үшін  түрлі  жолдармен  қиындыларын  бірінші 
рет оқушылардың өздерімен бірге жасау керек. Əуелі алдын-ала 
оқытушының өзі не болмаса үздік оқушы жасап көрсету керек). 
Егер  қалың  қар  түссе  станциялардың  өзінде  немесе  бір 
станциядай жиегіне дейін шаңғымен жол салып бастыру қажет. 
Ол  үшін  қатарды  бұзбай,  бір  ізбен  барлық  станциялардан  өтіп 
шығу керек. 
Станциялардың саны: 
А) Сабақта өтілетін міндеттерді шешуден; 
Б) айналма сабақтарына жоспарланған уақытта; 
В) жасы мен жынысына қарай дайындық дəрежесіне; 
Г)  əрбір  станциядағы  оқушылардың  санына  байланысты 
(тəжірибелік  жұмыстардың  нəтижесі  көрсеткендей,  станция 
саны  нақты  жағдайларға  байланысты  8-15-тың  шамасында 
болуы мүмкін).  
Айналма  жаттығу  əдісінің  варианттары  мен  тəсілдері  еркін 
іріктеледі.  Үзіліссіз  жаттығуларды  ұсынуға  болады.  Əсер  ету 
көлемі  мұндай  жағдайда  1-ден  3  айналып  өтуге,  ал  əсер  ету 
ұзақтығы 30-дан 60 минөтты құрайды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет