2132-Нұсқа
1-мәтін
Пән тарихының тамыры ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда, ол он
бес мың жылды құрайды екен. Алғашқы пәннің өсімдігі бидай да, суды да, арпа да емес, кәдімгі
емен екен.
295
Ежелгі адамдар емен жаңғағын үгіп, одан ұн жасаған. Бұған археолотардың қазба жұмыстары
дәлел. Дәнді-дақылдарды қолдан егуді, оның дәнінен ұн жасауды адамдар бірте-бірте
меңгерген. Сұйық ботқа қазіргі нанның бастапқы түрі болған. Ал Африка мен Азияның
бірқатар елдерінде осындай быламықтарды нан ретінде әлі де қолданады.
1. Алғашқьі нан неден жасалған?
A) Арпа-бидайдан
С) Емен жаңғағынан
Е) Қарағай жаңғағынан
B) Шырша жаңғағынан
D) Ұннан
2. Мәтін мазмұнына қай макал сәйкес келеді?
A) Ас елдің құты
C) Ас атасы нан
Е) Ac иесімен тәтті
B) Жаман ауруға жақсы ас
D) Kәciп, кәсіп түбі нәсіп
2-
мәтін
1. «Көптік - құдіреттіліктің бір белгісі» дегенді айтқан қазақ қандай шаруаға болса да жұмыла
қимылдаудың артықшылығын пайымдаған. Сондай істері арқылы бауырмалдығын,
ынтымағын, бір-біріне ізет-құрметін танытып отырған. Ел ішіндегі күш-қайраты жоқ, жалғыз
ілікті қарт адамдарға қамқорлық жасау арнайы ұйымдастырылады. Кеудесінде жаны бар қазақ
канша қалжыраған халге түссе де, ары мен намысын жоғары ұстайды. «Жаным - арымның
садағасы» дейтіні содан. Қандай қамқорлық жасалса да, ол сол адамның намысыпа тимеуі
керек. Барлык шара сол негізге құрылады. Сопдай шаракыц бір түрі асар. Жапғыз басгы қарт
адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт-желеңдері жабыла қолқабыс беріп, тез
тындырып тастау әдісін қазақтар «асар» деп атайды. Мұның өмірлік, коғамдық және
әлеумеіттік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасында
шаруасын тындырып алады.
2. Асардың да ел қолдаған жөн-жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Тіл назарын
аударған, жұрт қолдаған сипаты сақталады. Күші мығым, қайратты жігіттердің құрбы-
құрдастарын жәрдемдесуге шақыруы асарға жатпайды. Асарды үйінде қайратты кісісі жоқ не
наукасқа шалдығыпқалған, шаруасының науқаны өтіп бара жатқан адамдар жасайды. Ағайын -
жұрты мұны қостайды. Сөйтседе асар салушы жиналған қауымды қанағаттандыратындай
дәрежеде дайындалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектігі толық әзірленді.
3. Асар - қазақ арасында біріне-бірі көмек көрсететін ымыралы салт. Ағайынын разы қылy үшін
қандай киындық болса да көптің біріккен күшімен қатар тұрып жеңудің амалы, нақты шара.
3.
Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар
A) Шаруасының науқаны өтіпбара жатқан қауқарсыз адамдар D) Жалғыз басты қарт адамдар
B) Күші мығым, қайратты жандар
E)Үйінде ер адамы жоқ қауқарсыз
жандар
C) Үйінде қайратты адамы жоқ, балалы-шағалы әйелдер
4.
Асты сызылған сөзге балама бола алатын нұсқа
A) Келісімге келу
C) Ақылы көмек беру
Е) Бірлесіп көмек беру
B) Тіл табысу
D) Жоспарлы көмек беру
5.
Мәтінде қозғалатын мәселе
А) Аяушылық
C) Туысқандық
E) Жолдастық
B) Шыдамдылық
D) Қамқорлық
6.
Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтіннің 1-бөлімінің мағынасын ашып тұр?
A) Жаман бұзар, жақсы түзер.
D) Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
B) Барымен базар, жоқты қайдан табар?
Е) Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің.
C) Көп түкірсе- көл.
3-
мәтін
Тау етегі. Жалпақ аңғардың теріскен беті сірескен қалын қарағай. Күнгей беті тақырлау. Өрге
тырмысып, жотаның төбесіне қарай өрмелеген, таспадай тартылған жалғыз-аяқ жолдың
жатасында бармақтай-бармақтай кілтиген кішкене көкшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен
алысқа, көкпеңбек аспанға телміреді.
- Coншақадалып, қайда қарап тұрсыңдар? деп сұрады гүлдерінің желкесіне өрмелеп шығып
алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа.
- Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтың қайда барып
тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмын.
296
- Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат секілді.
ІІІөбі де қою, құйқадай ұйысқан.
- Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан
жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз.
- Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойыңдар.
- Е, неге, біз де жол тауып алайық та.
- Гүлдср ұшпайды, орнында тұрып тұқым себеді. Сол тұқымы келесі жылда көктеп, ұрпағы
тарайды. Ал гүлдің ұшқаны өлгені. Шаңға көміліп, жүргіншілер табанының астында
жаншылып жатады.
Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау айтпастан
бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді.
Жұлдыздар төніп,
Қадала жерге қарайды.
Жарығын төгіп,
Бакытқа соны балайды.
Үмітке теліп,
Телміртіп тұрды талайды.
Алайда гүлдер кызыл қанат көбелек ұшып кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір
жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла ұшар емес.
7.
Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жен, босқа әуреленбей- ақ койыңдар»
деген сөздері қандай мақсатпен айтылған?
A) Жігерлендіру үшін
C) Қанағаттандыру үшін
Е) Көңілін көтеру үшін
B) Қол ұшын беру үшін
D) Босқа үміттендірмеу үшін.
8.
Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан гүлдердің қандай қасиеті көрінеді!
A) Талапшылдығы
C) Даукестігі
E) Қайрат-жігері
B) Мақсатшылдығы
D) Арманшылдығы
9.
Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел
A) Жол мұраты - жету
C) Арманның үлкен, кішісі болмайды E) Жақсы сөз - жарым
ырыс
B) Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді D) Таң атпаймын десе, күн қоймайды
10.
Мәтіннің стилі
A) Публицистикалық
C) Ғылыми
Е) Көркем әдебиет
B) Ресми іс қағаздар
D) Ауызекі сөйлеу
11.
Гүлдердің армандауына себеп болған не?
A) Құмырсқа
C) Жұлдыздар
Е) Көбелек
B) Қарағай
D) Жел
12. Мәтіннің тақырыбына лайық атау
A) Қызыл қанат көбелек
C) Арманшыл гүлдер
E) Гүлдер айтысы
B) Орындалған арман
D) Қызғаншақ құмырсқа
4-
мәтін
Ертеректе, өзі бай, өзі дана бір кісі болыпты. Үлкен шаһардың шетінде өз қолымен тұрғызған
сән-салтанатты үйлері, ат шаптырым ауласында түрлі-түрлі жеміс ағаштары сыңсып, бұлбұл
құстары жүз құбылта, құйқылжыта ән салады екен.
Сонау-сонау қиянда тұратын бір адам әлгі дана кісінің әңгімесін тыңдауға құмартып жолға
шығыпты. Апталап сапар шегіп, шаршап-шалдығып бір күні келіп жетеді. Паңдықтан ада,
қарапайым бай жолаушыны қабылдап, ас суын ұсынып бұйымтайын сұрайды.
– О, қадірменді ақыл иесі! Алыс-алыс қияндағы елімнен келгендегі мақсатым, сіздің даналық
сөздеріңізді тыңдасам деп едім, – дейді ілтипатпен.
– Дәл қазір даналық әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұрғаны, – дейді бай. – Ас ішіп, әл
жинасаң, былай істе. Қолыңдағы қасыққа екі тамшы май тамызайын. Бірер сағат осы маңда
бол, қасықтағы майға да көз қырыңды сала жүр, келістік пе?
– Келістік, – дейді жолаушы.
Уақыт жылдам өте шығады. Жолаушы дана қарияның алдына келеді.
– Жә, айта қойшы жарқыным, бағанадан бері не көрдің? Не білдің?
– Ештеңені көре қойғаным жоқ… Баққаным, қасықтағы екі тамшы май болды.
– Онда, дана сөздерімді естуге асықпа! Тағы екі сағат жүре тұр.
– Тақсыр-еке, неге олай айтасыз? Өзіңіз емес пе, майға қара деген…
297
– Ия, солай дедім! Бірақ, мынау сән-салтанатты үйлер, анау жеміс-жидектері сыңсыған ағаштар,
онда сайраған бұлбұлдардың әуезді үндеріне құлақ түрмейсің бе?! Алла Тағаланың
жаратқандарына таң қалмайсың ба?! Бірақ, қасықтағы майға да көз қырыңды салғайсың…
– Мақұл, – дейді жолаушы.
Межелі уақыттан соң мейман тағы да байдың алдына келеді.
– Не көрдің, не білдің! Баянда?!.
– Бау-бақшаңыздағы ағаштарға қарап, терең-терең ойларға кеттім! Алланың құдіретіне қайран
қалдым! Таң-тамашамын… Сіздің еңбегіңізге, соншама құштарлықпен, махаббатпен өсірген
өскіндеріңізге Жаратқан иіп, мейірімін төгіп осыншама көркемдік пен келісімді сыйлаған екен!
– Жолаушы алған әсерінен айыға алмай, аузы ашылып таңырқауын айта берді, айта берді.
– Тәңірінің сый-құрметін, табиғаттың үйлесімділігін көре білген көкірек көзің ояу екен!
Рахмет, жолаушым! Ал қасықтағы май қайда?
– Ой-бу, қа-ап!.. Сән-салтанаты келіскен шаһарды, бау-бақшаны тамашалаймын деп қасықтағы
майды төгіп алыппын!
– Ендеше, даналық сөздеріме құлағың сал, қадірменді мейманым! Әлбетте, он сегіз мың
ғаламның иесі Рахман-Рахымның жаратқандарына таңырқағаның жөн! Сол арқылы Алланың
ұлылығы мен құдіретіне көзің жетеді! Сондай-ақ, Раббымыздың пенделеріне парыз еткен іс-
амалдарына да аса ұқыпты болғын! Ең ұлығы – Ұлы үйлесім разылығы үшін сәждеге бас
қойып, намазға жығылу екендігін есіңнен шығарма! Қасықтағы майға келер болсам, ол фәни
жалғандағы – тіршілігің, нәсібің! Оны да ұмытуға болмас! Бірақ, дінде де, дүниеуи тіршілікте де
орташа болғын! Отаныңды сүю, жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу, иманды, инабатты ұрпақ
тәрбиелеу де адами міндетің! Осы айтқандарымды тепе-тең ұстасаң, екі өмірде де бақытқа
кенелесің! Жортқанда жолың оңғарылып, Жалғыз Жаратушы жар болсын! – дейді дана қария
батасын беріп.
13. Екінші кейіпкердің данакісіні іздеп келудегі мақсаты
A) Әнгімесін тыңдау
C) Ақыл сұрау
E) Кеңес беру
B) Батасын алу
D) Жақын танысу
14. Жолаушыны таңырқатқан үй иесінің касиеті
A) Жомарттылығы
С) Құдіреттілігі
Е) Шешендігі
B) Еңбекқорлығы
D) Асқан дәулеті
15. Дана қарияның батасы
А) Осы айгқандарымды тепе-тең ұстасаң, екі өмірде де бақытқа кенелесің!
В) Жортқанда жолың өзі арылып, Жалғыз жаратушы жар болсын!
C) Отаныңды сүю, жақсы сөзсөйлеу, жақсылық істеу міндетің!
D) Дінде де, дүниеуи тіршілікте де орташа болғын!
Е) Иманды, инабатты ұрпақ тәрбиелеу де адами міндетің!
16. Байдың даналық әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұр деп, қасықтағы екі тамшы май ұсыну
себебі
A) Қонағының көңілін аулау
D) Майдың пайдалы қасиетін анықтау
B) Майдың шипалық қасиетін анықтау
E) Бойынан өткерген жағдайлар арқылы
ой түйгізу
C) Қонағының шыдамдылығын сынау
17. Мәтін мазмұны бойынша Алланың ұлылығы мен құдіреті
A) Сайраған бұлбұлдардың әуезді үні
D) Екі өмірде де бақытқа кенелу
B) Он сегіз мың ғаламды жарату
E) Инабатты ұрпақ тәрбиелеу
C) Жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу
I8. Байдың мейманына айтқан даналық сөздеріне қатыстынүсқа
А) Құрғақ cөзбас ауыртар,
D) Дүние бақыты тыныштық
Құрғақ қасық ayызды жыртар.
тапқан жүрек пен адал нәсіпте
В) Көп ішінде сөйлеген көсемдіктің белгісі.
Е) Ақылды адам жай-жай сөйлейді,
С) Енбектің қадірін білген адам бакытты адам
Жан-жағын байқай келеді
19. Дана қарттың екі тапсырманы қатар беруініңсыры
A) Асқан ақылың болсын, ақылыңа бақ-дәулетің сай болсын
B) Жаратушының құдіретіне таң қалумен қатар, несібеңді де ұмытпау
C) Бұлбұлдардың сайраған үніне құлақ түріп, рахат ғұмыр кешу
D) Уақыт аз кесілгендіктен, бос уақытыңды пайдалы іске арнау
E) Жаратқанға таңырқап, ұлылығы мен құдіретіне куә жеткізу
20. Адам несібесінің символы
298
А) Салтанатты шаһар
С) Ат шаптырым аула
Е) Бақша
ағаштары
В) Қасықтағы май
D) Сайраған бұлбұлдар
2350-Нұсқа
1-мәтін
1. Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау
алыстан көк толқынның қонырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.
2. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге
ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
3. Құсы кеп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс кұраққа салады.
Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан,
әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін
шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.
1. Екінші азатжолда не туралы айтылған?
A) Көлді мекендейтін жәндіктер туралы
B) Көл атауы туралы
C) Көлдің көлемі туралы
D) Қамысты құрақтағы құстар туралы
E) Көлдегі балықтар туралы
2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?
A) Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты
B) Көк толқындардың жылдамдығына байланысты
C) Көл толқынының сылдырына байланысты
D) Көлдің әдемілігіне байланысты
E) Көл толқындарының бұйралығына байланысты
2-
мәтін
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі - бойдақ. Күн батқанға
дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде
бойдақ болғаны ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады»,
— деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ».
Осындай ойымен түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үйінің
алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей
бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар - қартайғанымда олар
маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам
болмайды», — дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір
қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш
азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып
жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге
қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тыя
алмады.
3. Автордың мэтінді жазудағы мақсаты қандай?
A) Ниеттес адамдардың мейірімділігін үлгі ету
B) Үлкенді сыйлауды дәріптеу
C) Адал еңбек етуге шақыру
D) Адамдарды кәсіппен айналысуға шақыру
E) Көркем мінезді үлгі ету
4. Екі дос неліктен өнімді бір-бірінің үйіне тасыды?
A) Досы отбасын асырай алмағандықтан
B) Досы өтініш жасағандықтан
C) Досына қарыз болғандықтан
D) Өзі үйленбеген, бойдақ болғандыктан
E) Досына көмектескісі келгендіктен
299
5. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A) Жақсы жұмыс - жанға тыныс.
D) Айтулы достың малы бір,
B) Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды,
Кемедегінің жаны бір.
Жер - қазына саусаң да таусылмайды.
E) Еңбегің қатты болса,
C) Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.
Татқаның тәтті болар.
6. Неліктен достардың өнімі азаймады?
A) Жерлері құнарлы болғандықтан
B) Өнімді үнемдеп пайдаланғандыктан
C) Екеуі еңбексүйгіш болғандыктан
D) Бір-бірінің үйіне өнім апарғандықтан
E) Өнімді көп жинағандықтан
3-
мәтін
I. Аяқ астынан есіктің алдында жатқан, талай жылдан бері керегіме жарап жүрген балтам
жоғалды. Ары іздедім, бері іздедім - жоқ. Қора-қопсының ішін аударып-төңкеріп, астан-
кестеңін шығара қарадым. Жоқ. «Өз-өзіңе мығым бол, көршіңді ұры тұтпа» деген нақылды
ұлық тұткан қазакеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде.
Досхан деген қызметтес дизайнер жігіт қайным болып келеді. Ол жұмысқа осы балта
жоғалатын күні алғаш рет «шайтан арбамен» келген болатын. Әрі ол үйінде қызу құрылыс
жұмысын бастап жатыр. Күдігім соған ауғандай.
II. Тағы да бір күн өтті. Аяқ астынан жиенім келе қалсын.
- Аға, өткен жолы тойға шақыру таратып жүріп көлігіммен үйіңізге соқсам, есіктеріңіз
құлыптаулы. Ары отырып, бері отырып, сіздер келе қоймаған соң, көршілеріңізге қалдырып
кетіп едім. Әйтеуір аманат қой, соны алған-алмағаныңызды білейін деп келіп едім, - дейді.
- Ауыл қалай, ағайындар аман ба? - деп хал сұрасып жатырмыз.
- Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа қажетті заттар алып кеткен едім. Соның біразын
осы жолы түгендеп әкетіп барамын, - деді.
Ойыма әлгі қу балтам caп ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап төмен
қарағандай болды. Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді.
III. Балта табылғанша қанша адамды ұры етерімді кім білсін. Сенбі күні кешкілік үйді
жинастырып жүрген қызым: - Көке, іздеп жүрген балтаңыз мынау ма? - деп құж желке
балтамды аяқ киім қоятын сөренің астынан шығарып тұр. «Сен алдың!» демесем де, ішкі
ойыммен ұры тұткан маңайымдағылардан ұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да,
Құраққа да, жиеніме де қараймын, олардың түрлерінен ешкандай ұрлық жасаған
«қылмыскердің» белгісін таба алмадым. Балта табылған соң, әлгі күдік-күмәндар күл болып
ұшып кеткендей. Досханның баяғы сол жымия күліп жүргені, Құрақтың сол еңбекқорлығы,
жиенімнің жібектей ұяңдығы, басқа ештеңе жоқ.
IV. Өзгені өзгеге танытуға, ғайбаттауға, нақақтан жала жабуға, қара күйе жаға салуға
құмарақпыз, ал енді өзге түгілі өзімізді өзіміз осы күнге дейін танымай келгенімізге
қайранмын. Үш күн тығылып жатып, өзімді өзіме танытқан «алтын сапты» балтама қарай
бердім.
7. III бөлімнен автордың қандай адам екені көрініп түр?
A) Өзінің кемшілігін түсіне алатын
B) Өзінің кемшіліктерін мойындамайтын
C) Нәрсенің байыбына бармай жатып әрекет жасайтын
D) Түк болмағандай өмір сүре беретін
E) Өзінің іс-әрекетіне сенімді
8. Жиенінің қандай әрекеті «балтаны осы ұрлады» деген сенімін нығайта
түстi?
A) Оның үй иесінің жоғында келіп-кеткені
B) Жиенінің шакыру билеттерін таратуы
C) Әңгіме кезінде жиенінін ұялып, төмен карай бергені
D) Жиенінің аяқ астынан келуі
E) Жиенінің қолының шеберлігі
9. Кандай жауап мәтіннің негізгі түйіні бола алады?
A) Өзін танымаған өзгені танып жарытпас.
B) Досыңның қимасына көз салма.
C) Ат жүйрігін түлкі сүймес.
D) Ала жіпті аттамағанның абыройы артык.
300
E) Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.
10. Қорытынды бөлімдегі автордың айтқысы келген ойы
A) Дәлелсіз айып таққандарды кешіре білу керек.
B) Алдымен адам өзін-өзі танып білуі керек.
C) Адамды танып-білмей, шешім қабылдаудың сөкеттігі жоқ.
D) Барлық адамды танып-білу мүмкін емес.
E) Балтасының табылғандығына қуанышын.
11. мәтін қандай стильде жазылған?
A) Публицистикалық
C) Көркем әдебиет
Е) ауызекі сөйлеу
B) Ресми ісқағаз
D) Ғылыми
12. 1 бөлімде автор алдымен кімнен сезіктенді?
A) Жиенінен
C) Өзінен
E) Құрақтан
B) Отбасы мүшелерінен
D) Қызметтесінен
4-
мәтін
I. Жеделхат - телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда
ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз
маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне
чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал
телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы
жеделхат болып табылады.
II. Жеделхатты кез келген қызметкер кұрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда
жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12
сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.
Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың
бағасы да томен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн.
III. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде
жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген
немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «үкіметтік», «жедел», «жай» болып
үшке бөлінеді.
Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың
категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін,
қол.
IV. Жеделхат...
Мекенжайы («кімге»). Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді
мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы:
480021, Қазақстан,
Алматы қаласы,
Мұқанов көшесі, 227, офис 47 немесе
250000, Украина,
г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44.
Алушының аты-жөні («кімге»). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, кейде
фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Білім меңгерушісіне» т.б.
V. Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу
болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп
қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн.
Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса, онда
етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: «жіберіңіз», «салып жіберіңіз», «шешім
қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашық рай тұлғасында
колданылатын. Мысалы: «алдым», «жеткізілді», «келеді», «орындалады», «барады» т.б.
«Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «қалай да» сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті
жок, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп тұр. Цифрларды
жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 - бір нөл бір үш төрт жеті, бұларды бір сөз ретінде
біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті.
Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс белгілері
қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды.
Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне қол қойылған кезде фамилия қажет болғанда жіберушінің
қызметі қоса корсетіледі.
301
13. Ақпарат алу немесе мәселені шешу мазмұнындағы жеделхатта қолданылатын етістік
формасы
A) Қалау рай
C) Қалау мен ашық рай
E) Бұйрық рай
B) Ашық рай
D) Шартты рай
14. Қай жауапта III бөлімде берілген мәлімет дұрыс жеткізіліп тұр?
A) Ел ішінде жүретін хаттарға ешқандай белгі қажет емес.
B) Ел мен ел арасында жүретіи қүжатгарды «сыртқы» құжаттар дейді.
C) Халықаралық кұжаттарда «үкіметтік» деген белгі болуы мүмкін.
D) Құжат елден шетелге жіберілгенде «жедел» деген белгі қойылады.
E) Бір ел ішінде қатынап жүретін құжаттарды «жай» құжаттар дейді.
15. Жеделхаттың мәтініндегі ең көп сөз саны
A) 200
B) 250
C) 100
D) 150
E) 300
16. Қандай сөзді IV бөлімдегі көп нүктенің орнына қоюға болады?
A) сипаты
C) бланкісі
E) толтыру үлгісі
B) мәтіні
D) құрастыру үлгісі
17. Жеделхаттың бөлінуі
A) 5
B) 1
C) 3
D) 2
E) 4
18. Қандай құжат түрі ақпараттық-анықтамалық құжаттарға жатпайды?
A) Телефонхат
C) Акті
E) Құттықтау хат
B) Жеделхат
D) Түсініктеме
19. Жеделхатты жеткізудің ең қысқа мерзімі
A) 1 сағат
C) 24 сағат
E) 3 сағат
B) 10-12 сағат
D) Жарты сағат
20. Жеделхатта цифрлардың жазылуы
A) Цифрлар жазылмайды C) Жазбаша жазылады E) Бөлшек түрінде
B) Рим цифрымен
D) Арап цифрымен
Достарыңызбен бөлісу: |