3-
мәтін
Біздің ауыл Іле өзенінің арнасына жақын орналасқан. Мұнда қыс қытымыр болғанымен,
жазы жайсаң. Әр үйдің ауласында бау-бақшасы бар. Онда алуан жеміс ағаштары: алма, өрік,
жиде өсіріледі. Әсіресе бағбан Алмабай атайдың бағы өте көрікті, ағашы қалың, көлеңкесі қою
болғандыктан, күннің көзі өтпейді. Шие ағаштары мен қарақаттарының арасынан жол тауып
315
өтудің өзі бір тауқымет.
Жердің беті жасыл желекке бөленгенде, мұндағы бауларды бұлбұл мекендейді де, түнге
қарай тыным таппай құбылта сайрайды. Ауыл бұлбұл әніне ұйып қалады. Тындаған сайын
тыңдағың келеді.
Өз ауласындағы бақтың арасынан бұлбұл әнін естіген Есен бұталарды аралап, оны ұстап
алмақ болып іздей бастады. Сыбдырдан шошынған бұлбұл сайрауын тыя қойды. Ештеңе таба
алмаған Есеннің ұзағаны сол еді, бұлбұл қайта сайрап қоя берді. Есен тағы да бұталарды аралап
әуреге түсті. Бұлбұл да тым-тырыс.
Есен бірнеше күн тосты. Ешбір дыбыс естілмеді. Мұнысы несі? Басқа бақтардын бәрінде
бұлбұл сайрап тұр. Тағаты таусылған Есен жолдасы Сәлімге барды. Сәлім - Алмабай атайдың
немересі. Бақшаның ішіндегі бүлдіргенді суарып жүр екен. Есен бакқа кіре бергенде, жап-
жақын жерден бұлбұлдың сызылған әні естілді.
Есен айқайлап жіберді:
-
Әне, бұлбұл!
-
Айқайлама, - деді Сәлім бәсең дауыспен.
Есеннен сабыр кеткен.
-
Жүр, ұстап алайықшы!...
-
Жоқ, болмайды...
-
Неге?
-
Ұстағанды бұлбұл ұнатпайды, тұтқындықты азап көреді. Ән салмай қояды. Бұлбұл еркін
жүруге тиіс. Өзіне нұқсан келтірмейтін, ешкім қорқытып, үркітпейтін кең, тыныш жерде ғана
қамсыз өмір сүреді. Еркін сайрайды.
Есен ойланып қалды: «Бақшамнан мен үркіткен бұлбұл осында қоныстанды ма екен ?...»
Бұлбұл тынымсыз сайрайды. Өзін мәпелеп, қорғаған балаға алғысын жаудырып тұрған секілді.
7.
Неліктен Сәлім Есеннің айқайламауын өтінді?
A)
Жұмысына бөгет жасады
B)
Бұлбұлдарды шошытқысы келмеді
C)
Есенмен дос болғысы келмеді
D)
Атасын оятқысы келмеді
E)
Бұлбұлдар әнін естігісі келді
8.
Есенге қандай қасиет жетіспейді?
A)
Алғырлық
B)
Сабырлылық
C)
Пысықтық
D)
Сыпайылық
E)
Өткірлік
9.
Мәтін мазмұнына сәйкес әнші құс нені ұнатады?
A)
Таулы аймақты
B)
Шулы аймакты
C)
Бостандықты
10.
Есен неге ойланып қалды?
A)
Қателігін түсінгендіктен
B)
Бұлбұлға ұя салуды жоспарлағандықтан
C)
Сәлімге ренжігендіктен
D)
Бұлбұлға ренжігендіктен
E)
Асыраған бұлбүлдарын қимағандыктан
11. Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар
1 .Құстар әнін тыңдау.
2.
Құстарға қамқор болу.
3.
Құстар тыныштығын сақтау.
A)
Екіншісі мен үшіншісі
B)
Біріншісі мен екіншісі
C)
Біріншісі мен үшіншісі
D)
Қараңғылыкты
E)
Жазық даланы
D)
Барлығы бұрыс
E)
Барлығы дұрыс
12.
Есеннің ауласындағы бұлбұлдар неге сайрамады?
A)
Тыныштығы бұзылғандықтан
B)
Басқа құс болмағандықтан
C)
Маңайындағы құстар сайрамағандықтан
D)
Есенді ұнатпағандықтан
E)
Ағаштары аз болғандықтан
4-
мәтін
Қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел
құрметіне бөленіп жүргенде, бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты:
-
Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей күшті бар ма? Болды ма, кезікті ме?
316
Сонда Қажекең:
-
Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы
қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, - деп әңгімесін бастапты.
-
Осындағы бір азамат жалғыз өзімді қонаққа шақырды. Көбіне елге сыйлы азаматтар,
әншілер мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды қоса шақыратын
да, отырыстьң өзі көңілді, қызықты өтетін. Шақырған үйдің мол дастарқанының төрінде
жалғыз мен. Үй иесі сөзге сараң, әлденеге алаңдаулы. Бір уақытта пар ат жеккен пәуеске
сартылдата, қатты екпіндетіп келіп, есік алдына тоқтай қалды. Одан дембелше келген жігіт
түсіп: «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бере кіріп келді. Бір тізерлеп отыра қалып, нан ауыз
тиді де, маған карап:
-
Қажы ага! Уақытым аз, асығыспын. Сізді қонаққа шақыра келдім. Осы қазір жүріңізші! - деп
түрегелді. Атып тұрып, ере жөнелдім. Пәуескеге отырып, Ертіске келдік. Бір қайықшы
қайығымен тосып тұр екен. Қайықка отырдық. Содан өзен ортасындағы Түйемойнақ аралына
алып келді. Аралда бір жігіт тайқазанға ет асып жатыр екен. Дастарқан жайып, тамақты түсіріп
болған соң мені әкелген жігіт қайықшы екеуі кетіп өалды.
Аралда әлгі жігіт екеуміз ғана. Тамақ ішіп болдық. Сонда ғана әлгі бауырдың шақырған себебін
түсіндіргені.
-
Аға, арманым елдің даңқын көтерген сізді бір көру, қонақ етіп, құрмет көрсету еді. Енді
сізден бір өтінішім, мені бір сынап көріңізші. Өйткені, өз күшімді сынайтын адамды жолықтыра
алмай жүрмін, - дегені.
-
Қалай, күресіп пе? - деп сұрадым.
-
Иә.
Аралда екеумізден басқа ешкім жоқ болса да, ағаштардың арасындағы тасалау жердегі
алаңкайға ертіп барып:
-
Жол сіздікі, жасыңыз үлкен, - деп аяғын алшақтау қойып тұра қалды.
Әлгіні олай-бұлай итерем, тартам. Тартып тұрып, итеріп қалам. Итеріп
тұрып, тартып қалам. Тамырын тереңге жіберген емен секілді, былқ етпейді. Тұрған орнынан
қозғалта алмай-ақ койдым, қақиған мойны да иілмейді.
-
Ал енді өзің көр, - деп кезекті бердім. Сол-ақ екен ол бір қолымен иығымнан қапсыра ұстады
да, шыр айналдырып, дедектете жөнелді. Бір уақытта екінші қолымен қоса ұстады да, жерден
көтере айналдырды. Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен күрессем де, еш уақытта мұндай
күйге түспеген едім. Әлгі жігіттің қолында орамалдай желпілдеп, айнала ұшып жүрмін. Бір
уақытта тік көтеріп алды да, жерге екі аяғыммен дік еткізіп қоя койды. Сосын басын иіп, тізесін
бүгіп, еңкейе тағзым етіп Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін! - деді.
Күші асып тұр, тағы аға деп сыйлап, жықпай тұр. Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына
жолатпағаны да менің абырой-даңқыма сызат түспесін деген сақтығы
екен.
Мен қазақ болып туғаныма, үлкенді сыйлаған әдет-ғұрпыма, оны білетін інілер барына
қуанып, жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп, құшақтап алдым. Көзімнен жас та шығып кетті.
Осындай ініні көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындаймын.
-
Жүр, бауырым, менімен бірге. Дүниежүзінде саған тең келер ешкім жоқ. Өзім аралатам, үнемі
жаныңда болам. Дүниежүзінің балуандарын енді сен жығасың. Жүр, менімен бірге! - дедім.
Сөзіме, көңіліме риза болып тұр, бірақ басын шайқайды. Өмір бойы көре алмай жүрген туысын
тапқандай, елжіреп ағалай береді.
13.
Әңгіме соңында Қажымұқан кандай көңіл күйде болды?
A)
Сабыр етті
B)
Басу айтты
14.
Күресте кім жеңіске жетті?
A)
Бейтаныс жігіт
B)
Балуан Шолақ
15.
Мәтіннің стилі кандай?
C)
Ренжіді
D)
Толқыды
C)
Қажымұқан
D)
Қайықшы жігіт
E)
Күмәнданды
E)
Тең түсті
A)
Ауызекі сөйлеу стилі
B)
Ғылыми стиль
C)
Көркем әдебиет стилі
D)
Ресми іс-қағаздар стилі
E)
Публицистикалык стиль
16.
Мәтін мазмұнынан жігіттің қандай қасиеті көрінеді?
A)
Атаққұмарлығы
B)
Кішіге мейірімділігі
C)
Үлкенді сыйлауы
17.
Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай?
D)
Шешендігі
E)
Барға қанағатшылдығы
A)
Қазақ халқының қонақ күту дәстүрін насихаттау
317
B)
Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету
C)
Қазақ халкының үлкенді құрмет тұтатын салт-дәстүрін дәріптеу
D)
Қазақ еліндегі ұлттық спорт түрлерін мақтан ету
E)
Балуандардың дүниежүзілік күреске жету жолын көрсету
18.
: Жігіттің Қажымұқанды қонаққа шақыруының басты себебі неде?
A)
Жора-жолдастарымен таныстыру
B)
Қажымұқанды жығып, даңққа бөлену
C)
Дәм таткызып, әнін тыңдату
D)
Күшін Қажымұқанға сынату
E)
Үй ішін балуанмен таныстыру
19.
Түйемойнақ аралында неліктен Қажымұканның жамбасы жерге тимеді?
1.
Қажымұқанның күші басым болғандықтан
2.
Қажымұқанды сыйлағандықтан
3.
Қажымұканның абырой-данқына сызат түсіргісі келмегендіктен
A)
Біріншісі мен екіншісі дұрыс
B)
Барлығы бұрыс
C)
Екіншісі мен үшіншісі дұрыс
20.
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A)
Күш атасын танымас.
B)
Ep айтқанынан қайтпас.
C)
Батыр жарасыз болмас.
D)
Тәуекел тау жығады.
E)
Шешінген судан тайынбас
D)
Барлығы дұрыс
E)
Біріншісі мен үшіншісі дұрыс
2322-нұсқа
1-мәтін
Осы күнгі құстардың ең ірісі және ең жүйрігі - түйеқұс. Оның биіктігі екі жарым метр,
салмағы отыз алты килограмға дейін жетеді. Мойны мен басы мамықсыз болады. Аяғы екі
саусақты, қанаты нашар жетілген. Қоразының түсі қара, оның қанат, құйрық қауырсындары
ақшыл. Мекенінің түсі қоңыр болып келеді.
Түйеқұстар топтанып жүреді, олар құмды даланы мекендейді. Түйеқұстар өсімдіктін
ұрығын, жемісін, ұсақ жәндіктерді жейді.
Түйеқұстың жүйріктігі сонша, ол ит, түлкі, қояндардан озып кетеді. Оның бір айлық
балапанының өзі сағатына елу километр жылдамдықпен жүгіреді.
Түйеқұстың етін жейді. Ал қанат, қауырсындары әсемдікке пайдаланылады.
1. Түйеқұс қандай жерді мекендейді?
A)
Орманды алқапты
B)
Өзен жағасын
C)
Егінді даланы
D)
Құмды даланы
E)
Тоғай ішін
2. Түйеқұстың басқа құстардан ерекшелігі
A)
Еті пайдалы
B)
E
H
жүйрігі
C)
Мамығы пайдалы
D)
Түсі қара
E)
Қауырсындары ақшыл
2-
мәтін
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі - бойдақ. Күн
батқанға дейін жүмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннін
бірінде бойдақ болғаны ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс
болмады», - деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім
де жоқ». Осындай ойымен түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының
үйінің алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы
бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар - қартайғанымда
олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын
адам болмайды», - дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының
қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны
неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің
қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды
түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы
алдында көз жастарын тыя алмады.
318
3. Екі дос неліктен өнімді бір-бірінің
үйіне тасыды?
A)
Досына қарыз болғандықтан
B)
Досы отбасын асырай алмағандықтан
C)
Досына көмектескісі келгендіктен
D)
Өзі үйленбеген, бойдақ болғандыктан
E)
Досы өтініш жасағандыктан
5. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты
қандай?
A)
Ниттес адамдардың мейірімділігін үлгі
ету
B)
Үлкенді сыйлауды дәріптеу
C)
Адал еңбек етуге шақыру
D)
Көркем мінезді үлгі ету
4. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес
келеді?
A)
Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.
B)
Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.
C)
Ақыл - дария, алсаң да таусылмайды,
Жер - қазына саусаң да таусылмайды.
D)
Жақсы жұмыс - жанға тыныс.
E)
Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
E)
Адамдарды кәсіппен айналысуға шақыру
6. Неліктен достардың өнімі азаймады?
A)
Бір-бірінің үйіне өнім апарғандықтан
B)
Екеуі еңбексүйгіш болғандықтан
C)
Жерлері құнарлы болғандықтан
D)
Өнімді үнемдеп пайдаланғандықтан
E)
Өнімді көп жинағандықтан
3-
мәтін
Tay етегі. Жалпақ аңғардың теріскей беті сірескен қалың қарағай. Күнгей беті тақырлау.
Өрге тырмысып, жотаның төбесіне қарай өрмелеген, таспадай тартылған жалғыз аяқ жолдың
жағасында бармақтай-бармактай шілтиген кішкене көкшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен
алысқа, көкпеңбек аспанға телміреді.
-
Сонша қадалып, қайда қарап тұрсыңдар? - деп сұрады гүлдерінің желкесіне өрмелеп шығып
алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа.
-
Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтың қайда
барып тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмыз.
-
Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат секілді.
Шөбі де қою, құйқадай ұйысқан.
-
Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан
жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз.
-
Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойындар.
-
Е, неге, біз де жол тауып алайық та.
-
Гүлдер ұшпайды, орнында тұрып тұқым себеді. Сол тұқымы келесі жылда көктеп, ұрпағы
тарайды. Ал гүлдің ұшқаны - өлгені. Шаңға көміліп, жүргіншілер табанының астында
жаншылып жатады.
Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау
айтпастан бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді.
Жұлдыздар төніп,
Қадала жерге қарайды.
Жарығын төгіп,
Бақытқа соны балайды.
Үмітке теліп,
Телміртіп тұрды талайды.
Алайда гүлдер қызыл қанат көбелек ұшып кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір
жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла алар емес.
7.
Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел
A)
Жақсы сөз - жарым ырыс
B)
Арманның үлкен, кішісі болмайды
C)
Жол мұраты - жету
D)
Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді
E)
Таң атпаймын десе, күн қоймайды
8.
Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан гүлдердің қандай қасиеті көрінеді?
A)
Қайрат-жігері
B)
Мақсатшылдығы
C)
Даукестігі
9.
Мәтіннің стилі
A)
Көркем әдебиет
B)
Публицистикалық
C)
Ғылыми
10.
Мәтіннін тақырыбына лайық атау
D)
Талапшылдығы
E)
Арманшылдығы
D)
Ресми іс кағаздар
E)
Ауызекі сөйлеу
319
A)
Қызғаншақ құмырсқа
B)
Арманшыл гүлдер
C)
Орындалған арман
11.
Гүлдердің армандауына себеп болған не?
D)
Гүлдер айтысы
E)
Қызыл қанат көбелек
A)
Жел
B)
Жұлдыздар
C)
Көбелек
D)
Құмырсқа
E)
Қарағай
12.
Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттін қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойыңдар»
деген сөздері қандай мақсатпен айтылған?
A.
Қанаттандыру үшін
B.
Қол үшын беру үшін
C.
Көңілін көтеру үшін
D.
Босқа үміттендірмеу үшін
E.
Жігерлендіру үшін
4-
мәтін
Жуықта Шығыс Қазақстанның Қатонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар
мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен
құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық
агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған
байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара
жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа
пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және
Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға
Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне
келуі - күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонактардың әрбір әрекеті мен жүріс-
тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың канына
сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс
санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылык кұратын керінеді.
Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылықка 2 жыл пайдаланылган кұс
міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы
сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде
жүзеге асырылып отырган осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты.
Біріккен Араб Әмірлігі табиғат ресурстарына өте бай. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян
келтірмеуіміз және құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп
тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар
көбейіп кетті.
Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға
мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялык
жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға
арнайы келіпті. Ол Күршім және Қатонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған
сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар,
ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді.
- Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің
табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға
бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының
қолына түспесе болғаны, - дейді экологиялык жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх
Мухаммед Ахмет Аль-Баварди.
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық денгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап
келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдагы арнайы кұстардың емханасында
сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық
қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық
арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін
онын соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылык машығын есіне
түсіруі үшін қажет.
13.
Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?
A)
Машығын еске түсіру үшін
B)
Құстардың серіктесіп ұшуы үшін
C)
Көгершінді босату үшін
D)
Көгершінмен салыстыру үшін
E)
Оларды жарыстыру үшін
320
14.
Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
A)
Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз
B)
Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты
C)
Құстардың арнайы емделу орталықтары бар
D)
Аңшылыкпен тек казақ халкы айналысады
E)
Біріккен Араб Әмірлігінде табиғат ресурстары тапшы
15.
Мәтіннін реттілігін көрсетіңіз 1 .Қаржылық көмек
2.
Мемлекеттік қолдау
3.
Жоба жетекшісінің көзқарасы
4.
Еркіндіккебосау 5.Экологиялык жоба
A)
2.4.1.3.5.
B)
5.3.1.2.4.
C)
5.4.2.3.1.
D)
1.4.5.2.3.
E)
3.1.5.4.2.
16.
Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай азатжолда бейнеленген?
A)
5
B)
3
C)
1
D)
2
E)
4
17.
Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық денгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы
жұмсап келеді?
A)
Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін
B)
Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін
C)
Құстардың ортаға бейімделуі үшін
D)
Құтгардың бостандықта таралуы үшін
E)
Елінің мәртебесін көтеру үшін
18.
Мәтін не туралы?
A)
Аңшылык
B)
Құстарды қорғау
C)
Құстардың уақытша бостандығы
D)
Ителгілердің өмірі
E)
Сұңқарлар өмірі
19.
Дубайдағы экологиялык агенттік жобасының басты мақсаты
A)
Саятшылық өнерді жандандыру
B)
Сұңкар түрлерін жинау
C)
Сұңкарлардын санын қалпына келтіру
D)
Қаражат табу үшін өсіру
E)
Сән-салтанат, серілік кұру
20.
Мәтіннін бірінші азатжолы қандай мақсатта берілген?
A)
Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу
B)
Араб Әмірлігімен жасалған экономикалык келісімшартты жариялау
C)
Экологиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәлімет беру
D)
Құстарды еркіндікке жіберу туралы мәлімет беру
E)
Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу
2326-нұсқа
1-мәтін
Қажымұқан жас кезінен күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел
таңғалады екен.
Қыстың кақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап,
мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға көтеріп салыпты да, аттың
қамытын мойнына іліп, шананы ауылға озі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге
жайылыпты.
Атақты палуан Франция, Германия, Қытай, Түркия, Польша елдеріне барып, өнер көрсеткен.
Қажымұқан өмірінің соңғы жылдарын Оңтүстік Қазақстан облысында өткізді. Осы күнгі Бөген
ауданы оның қартайған кездегі кұтты мекені болды. Қайда жүрсе де елдің құрметіне бөленген
адам әрқашан бақытты.
1.
Мәтінге лайық тақырып
A)
Жеңіске жету
B)
Күш атасы
C)
Құтты мекен
D)
Жеңіс жолында
E)
Күрес өнері
321
2.
Ауыл адамдарын таңғалдырған Қажымұқанның іс-әрекеті.
A)
Атының мертігіп қалуы
B)
Қақаған аязда орманға баруы
C)
Шет елдерге шығуы
D)
Халықаралык күресте жеңуі
E)
Атты шанаға өңгеріп алып келуі
Достарыңызбен бөлісу: |