I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет50/53
Дата15.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62648
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
2 5382291292648637481


2-мәтін 
Әлемдегі ең үлкен шөл - 9 000000 шаршы км аумақты қамтитын Сахара шөлі. Бұл құмды шөл 
Солтүстік  Африканың  бүкіл  жазығын  алып  жатыр.  Туаректік  диалектіде  «Сахара»  сөзі  «шөл» 
деген мағынаны береді. 
Құмды,  шөлейтті  аймақтың  жаз  мезгіліндегі  температурасы  58  градусқа  дейін  көтеріледі,  ал 
қыста 15-28 градус аралықты ұстап тұрады.Шөл даланың кейбір бөліктерінде бірнеше жылдар 
бойы жаңбыр тамшысы тимеген жерлер де бар. 
Сахарадағы жалғыз су көзі - Hiл өзені. Шығысқа қарай ағатын аталмыш өзен кұмды аймақтың 
басым  бөлігін  басып  өтеді.  Дегенмен  Сахараның  кей  бөлігінде  ылғалды  алқаппен  жер 
астындағы  бұлақтан  шығатын  құдык  бар.  Бұл  ерекше  құмды  аймақта  жол  талғамайтын 
көлікпен  серуендеуге  келген  туристер  үшін  арнайы  бөлімшелер  орналасқан.  Сахара  шөлінде 
құрма ағаштары мен дәмі тіл үйірер жүзім өседі екен. 
Құмды  аймақта  Тегази  деп  аталатын  қала  бой  көтерген.  Мұндағы  үйлер  тұзды  тастардан 
салынған. Бұл қала - ғаламшарымыздағы сусыз, құрғақ, шөлейтті орындардын бірі. 
Орг-эр-равиден  келетін  керуеншілер  ылғалды  алқап  жақын  маңда  деп  ойлап  сағымның 
кұрбанына айналып жатады. 
3. 
Мәтіп қандай үлгіде жазылған? 
A) 
Талқылау негізінде 
B) 
Көзқарас негізінде 
C) 
Ақпараттық үлгіде 
D) 
Болжам негізінде 
E) 
Пікір негізінде 
4. 
Қай сөйлем екінші азатжолдың мазмұнына сәйкес? 
A) 
Құмды аймақтарда жол талғамайтын көлікпен жүруге болады. 
B) 
Даланың біраз аймақтарында жауын жаумаған жерлер кездеседі. 
C) 
Суы жоқ аймақ болса да құрма жемісі өседі. 
D) 
Керуеншілер су іздеу барысында сағымға алданады. 
E) 
Ең үлкен аймақты қамтитын жер - Сахара шөлі. 
5. 
Мәтінге атау беріңіз 
A. 
Сахара ағаштары туралы 
B. 
Ніл өзені туралы 
C. 
Сахара шөлі туралы 
D. 
Оңтүстік Африка 
E. 
Тегази қаласы туралы 
З-мәтін 
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда 
екі  шелектің  біреуі  тесік  екен.  Бүтін  шелек  өзіне  құйылған  суды  қожайынның  үйіне  сол  күйі 
шашау  шығармай  жеткізеді  екен  де,  ал  тесік  шелек  болса,  толтырып  құйылған  судың  үйге 
жеткенше  жол  бойы  сыздықтатып  отырып,  әрең  дегенде  жартысын  ғана  апаратын  көрінеді. 
Бұл  жағдай  дәл  осылай  тұп-тура  екі  жыл  бойы  жалғасыпты.  Cy  тасушы  күн  сайын 
қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Cay 
шелек  өзінің  қалтқысыз  қызметін  мақтаныш  көрген  сайын,  тесік  шелек  байғұстың  іштей 
мұңайғаны сонша - жерге кіріп кете жаздап үялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен. 
Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су 
тасушыға  қысыла-қымтырыла:  «Сізден  кешірім  сұрасам  деп  едім,  білсеңіз  ылғи  алдыңызда 
ұяттан өртене жаздаймын», - депті, назарын төмен салған күйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?» 
деп  сұрапты.  Шелек:  «Өйткені  менің  бір  бүйірім  тесік  болғандыктан  ылғи  да  сіз  толтырып 
құйған  судың  жартысын  ғана  жеткізіп,  өзіме  жүктелген  міндетті  толық  орындай  алмай 
жүргеніме  іштей  қатты  қысылам.  Менің  кесірімнен  сіз  де  өзіңізге  тиесілі  толемақынызды 
толықтай ала алмай келесіз», - дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да 
қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», - депті жай ғана. 
Тесік  шелек  байқаса,  қожайынның  үйіне  жеткенше  жолдың  өзі  жағы,  шындығында, 
жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы 
түсіп  тұрған  күнді  де  байқапты.  Сонда  су  тасушы:  «Көрдің  бе?  -  деп  сұрапты,  -  бұл  сендегі 
кемшілікті  менің  байқағандығым  әрі  оның  өз  жөнін  тауып,  орайластыруымның  жемісі,  -  деп 
сөзін жалғастырыпты. Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсан, күн сайын біз 

322 
 
 
өзеннен  су  алып  қайтқанда  оларды  суғарып  тұрдың.  Екі  жылдан  бері  осы  әдемі  гүлдермен 
қожайынды  таңқалдыра  өтер  жолды  жайнатып  келдім.  Егер  сен  тесік  болмағаныңда 
қожайынымыздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді», - деп түсіндірген екен. 
7. 
Cy тасушының ерекше қасиетін көрсетіңіз.
 
A) 
Әңгімешілдігі 
B) 
Алғырлығы 
C) 
Сенімсіздігі 
D) 
Дарындылығы 
E) 
Тапқырлығы 
8. 
Мәтін стилі
 
A) 
Көркем әдебиет 
B) 
Ауызекі сөйлеу 
C) 
Публицистикалык 
D) 
Ic қағаздар 
E) 
Fылыми 
9. 
Мәтінде бүтін шелектің қай қасиеті көрінеді?
 
A) 
Намысқойлығы 
B) 
Жағымпаздығы 
10. 
Тесік шелекке тән қасиет
 
A) 
Ізеттілік 
B) 
Өшпенділік 
11. 
Мәтінге лайық атау
 
A) 
Тесік шелек 
B) 
Риза қожайын 
C) 
Жалқаулығы 
D) 
Мақтаншақтығы 
 
C) 
Қорқақтық 
D) 
Батылдық 
 
C) 
Жаңа шелек 
D) 
Өзен жағасы 
E) 
Озбырлығы 
 
E) 
Менмендік 
 
E) 
Бүтін шелек 
12. 
Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз
 
1. 
Гүлге оранған жол 
2. 
Екі шелек туралы 
3. 
Тапқыр су тасушы 
4. 
Кінәлі тесік шелек 
A) 
1.3.2.4 
B) 
3.1.2.4. 
0   
4.1.2.3. 
D) 
2.1.4.3. 
E)  
2.4.3.1. 
 
 
 
 
 
 
 
 
4- 
мәтін 
1. 
Төрт түлік малды  тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдімгі сүттен небір тамаша 
тағамның түрін жасай білген. Солардың бірқатарын атап өтуге болады: қымыз, шұбат, айран, 
қатық,  қаймак, балқаймақ,  кілегей,  ақ  қаймақ,  ақ  ірімшік,  қызыл  ірімшік,  сусыз сүт,  сыпырма 
сүт, кұрғақ сүт, қойыртпақ, іркіт, сарысу, тасқорық, шалап, сүт кеспе, сүт салма, уыз, сірне, құрт, 
торақ құрт, сықпа, сүзбе т.б. Міне, бұлар жылқы мен түйенің, қой мен ешкінің, сиырдың сүтінен 
жасалған тағамдар. Осылардың ішінде таза көшпелі өмір салттың сұранымы дүниеге әкелген 
тағамның  бірі  -  құрғақ  сүт....  От  қуалаған  малдың  тісіне  ерген  елдің  көші-қон  кезінде  төрт 
түліктің  аяғын  көштен  бұрын  қимылдататын  әдеті.  Ақар-шақар  елдің  «әуп»  деп  тұрып  кете 
қоюы оңай емес, артынып-тартынып жүріп сауын малынан екі-үш күн кейіндеп қалатын жайы 
жиі  болады.  Өмірдің  осы  бір  сұраным-мұқтажы  құрғақ  сүт  дайындауды  дүниеге  келтірген 
сияқты. 
2. 
Сәрсенбінің  сәтіне  көшеміз  деген  хабар  тиісімен-ақ,  әр  шаңырақтың  ас-  суына  ие  отанасы 
қолы епсекті біреудің тілін таба жүріп, жаңадан сойылған қойдың терісін түгінен арылттырып 
алады. Теріні түгінен айырудың мұндайда екі тәсілі қолданылады. Бірі - иіс салу тәсілі. Тек иіс 
өтіп кетпейтіндей, идін быршыған дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек. Екіншісі 
-  теріні  жібітіп  отырып,  өткір  ұстарамен  түгін  қырып  тастайды.  Сонан  соң  түксіз  теріні  суға 
салып,  шуашы  мен  шайырынан  айырғанша  әбден  сапсып  жуады.  Ақжемделіп  май-сөлінен 
арылған тері шүберектей болып тазарған кезде, керегеге жая салады. 
3. 
Келесі  күні  қой-ешкіні  қосақтап  жібереді  де,  мол  етіп  сүт  сауады.  Ол  сүтті  мүмкіндігінше 
үлкен  қазанға  толтыра  құйып,  әлгі  теріні  соған  салады  да,  астына  маздатып  от  жағады. 
Біраздан сон тері салған сүт шымырлап қайнай бастайды, Қайнаған сайын қойыла бастайды. 
Қайнаған сайын сүттің бар маңызын тақыр тері бойына сіңіре береді. Бір мезгілдер болғанда, 
сүт  қойыртпақтанады.  Tepi  болса  ағара  бөртіп,  әбден  ісінеді.  Содан  қоюланған  сүт  сарқыла 
таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде от үзіледі де, тері қазаннан алынады. Tepi түнімен 
жел  қағып  тобарсып,  ертеңіне  күнімен  тұрса  кеуіп-ақ  қалады.  Келесі  күні  тағы  да  қой-ешкі 
қосақталып,  дәу  кара  қазан  сүтке  толады.  Тағы  да  астына  жайнатып  от  жағып,  әлгі  сүт  сіңді 
теріні  тағы  да  салады.  Осы  жағдай  үшінші  рет  қайталанады.  Сол  кезде  сүт  сіңген  терінің 
калыңдығы бармақ елі болып, өн-бойына уыз сүттің маңызы тұтылады. Үшінші рет жайылған 

323 
 
 
тері  тобарсып  кебе  бастаған  кезде  шиыршықтап  орайды  да,  маңызы  ұшып  кетпес  үшін 
қарынға немесе бүйенге сала салады. 
4. 
Келесі күндері тең буылып, үй жығылып, таң құлан иектенгенде моншақтай тізілген көш те 
қозғалады.  Бие  сауым  өтеді...  Ет  асым  өтеді...  Күн  иықка  көтерілген  кезде  түйе  қомында 
тербеліп  келе  жаткан  балалардың  маңдайын  күн  шалып,  таңдайы  кеберсіп,  қыңкылдай 
бастайды. Мұндайда езуінен мәйегі кетпеген ерке балаға қымыз береді, ішпейді... Айран береді 
ішпейді...    Қойыртпақ    береді,    ішпейді...    Cy    береді,     ішпейді.     Оған     керегі     тіл   
үйірген уыз сүт. 
Сонда      балажан      ана      қарынның      ауызын      шешіп,       сүт       сіңген       теріден  
алақандай   ғана   кесіп   алады   да,   тостағанға    құйған    суға    тастап    жібереді.    Сол-ақ    
екен   уыз   иісі   бұрк   етіп   тәбет   шақырып,   тостағандағы   су    жаңа    сауған    сүттей    
болып   шыға   келеді.   Тек   қана   сүт   ішіп   үйренген   ұл   дем     алмастан    тостағанды    
басына    бір-ақ      көтереді.      Сол      кезде      тостағанның      түбінен      бір      жапырақ      «бірдеңені»   
көреді      де      «бұл      не?»        дегендей        анасына        қарайды.        Анасы        болса,        «жей        ғой,   
боташым!»    дейді.    Сары    атанды    бесік      еткен      ерке      ұл      бал      татыған      уыз      құйқаны   
жайлауға жеткенше ермек етеді. 
13. 
Мәтіннің нешінші азат жолында толық дайындалған кұрғақ сүт туралы айтылады? 
A) 
Үшінші 
B) 
Екінші 
C) 
Бірінші 
D) 
Бесінші 
E) 
Төртінші 
14. 
Құрғақ сүт жасауда пайдаланылатын басты жабдық 
A) 
Түйе қомы 
B) 
Қой терісі 
C) 
Қой қарыны 
D) 
Жылқы қарыны 
E) 
Қой бүйені 
15. 
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді? 
A) 
Шапқан - озар, жатқан - қалар. 
B) 
Біткен іске сыншы көп. 
C) 
Мал жисаң, қонысын тап, 
Ac жисаң, ыдысын тап. 
D) 
Жердің сәні- егін, 
Ердің сәні - білім. 
E) 
Отынды шапқанға жақтыр, 
Малды тапқанға бақтыр. 
16. 
Мәтін қандай стильде жазылған? 
A) 
Ауызекі сөйлеу стилі 
B) 
Публицистикалық стиль 
C) 
Fылыми стиль 
 
 
 
 
 
 
 
 
D) 
Ресми іс-қағаздар стилі 
E) 
Көркем әдебиет стилі 
17. 
Түйе қомында келе жатқан балагтардың сұрап ішер сусыны 
A) 
Қойыртпақ 
B) 
Шалап 
C) 
Айран 
D) 
Қымыз 
E) 
Уыз сүт 
18. 
Дайын болған құрғақ сүтті сақтау әдісі 
A) 
Қоржында не қалтада 
B) 
Tepiгe орап қояды 
C) 
Адалбақанда 
19. 
Теріні түгінен тазалаудың тәсілі 
 
D) 
Сандықта не қорапта 
E) 
Қарында немесе бүйенде 
A) 
Кептіру 
B) 
Түгін кыру 
C) 
Далаға жаю 
D) 
Сапсып жуу 
E) 
Жел каптыру 
20. 
Кұрғақ сүт жасауға қай түліктің сүті пайдаланылады? 
A) 
Қой мен ешкі 
B) 
Бие 
C) 
Түйе 
D) 
Сиыр мен қой 
E) 
Сиыр 
 
2363-Нұсқа 
 
1- 
мәтін 
Осы күнгі құстардың ең ірісі және ең жүйрігі - түйеқұс. Оның биіктігі екі жарым метр, 
салмағы отыз алты килограмма дейін жетеді. Мойны мен басы мамықсыз болады. Аяғы екі 
саусақты, қанаты нашар жетілген. Қоразының түсі қара, 
ОІІЫН 
канат, құйрық қауырсындары 
ақшыл. Мекенінің түсі қоңыр болып келеді. 
Түйеқұстар топтанып жүреді, олар құмды даланы мекендейді. Түйеқұстар өсімдіктіқ 
ұрығын, жемісін, ұсақ жәндіктерді жейді. 
Түйекұстың жүйріктігі сонша, ол ит, түлкі, қояндардан озып кетеді. Оның бір айлық 
балапанының өзі сағатына елу километр жылдамдықпен жүгіреді. 

324 
 
 
Түйекұстың етін жейді. Ал қанат, кауырсындары әсемдікке пайдаланылады. 
1. 
Түйекұс қандай жерді мекендейді? 
A) 
Орманды алқапты 
B) 
Егінді даланы 
C) 
Тоғай ішін 
2. 
Түйеқұстың баска құстардан ерекшелігі 
A) 
Түсі қара 
B) 
Мамығы пайдалы 
C) 
Еті пайдалы 
D) 
Өзе
1-
н жағасын 
E) 
Құмды даланы 
 
D) 
Қауырсындары ақшыл 
E) 
Ең жүйрігі 
 
2- 
мәтін 
Арқар - қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 
сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр 
жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, 
бұралып иілген, айшыкты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. 
Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды 
мекендейді. Арқар - биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. 
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы 
өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік 
белдеуіне қарай ауысады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею 
кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардын басты жауы — қасқыр мен барыс. 
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып 
барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір 
топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды 
арқар-меринос қойын шығарды. 
3. 
Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? 
A) 
Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады 
B) 
Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді 
C) 
Арқардын мүйізіне қарап жасын анықтады 
D) 
Арқардан төрт түлік түрін шығарды 
E) 
Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті 
4. 
Арқардың негізгі жауы нелер? 
A) 
Шөп қоректілер 
B) 
Жыртқыш кұстар 
C) 
Үй жануарлары 
5. 
Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? 
Е)Жыртқыш аңдар 
Е) Жұптұяқтылар 
A) 
Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан 
B) 
Мүйізі үлкен болғандықтан 
C) 
Егіз төл беретіндіктен 
D) 
Сирек төлдейтіндіктен 
E) 
Меринос қойымен будандастыратын 
3- 
мәтін 
1. 
Амансыңба, Бауыржан! 
Қазір сенің ең жұлдызды сәтің. Пән олимпиадасынан республикалык олимпиадада жеңімпаз 
атану екінің бірінің қолынан келе бермейді. Мектеп директоры Нұрмағамбет агайың сол 
хабарды ести сала аудан орталығындағы ауруханадан сұранып шығып, жетті емес пе? Үйіне 
бармастан бірден мектепке соғып, жиналыс жасап сені құттықтады. «Мектебіміздің тарихында 
тұңғыш рет біздің оқушымыз республикалық додадан бірінші орын алып келіп отыр!» - 
дегенде өзіңе қадалғаи жүздеген көзден қысылып, төмеи қарадың. Сол олимпиадада иеленген 
«Мақтау қағазы» мен карақалпактың «Қырық қыз» дастаны, директордың қолынан қайта 
алғанда, тіпті ауырлап кеткендей болды. Ал кеште Нұралы ағайың бастаған бір топ мұғалім 
үйіне кіріп келе жатканда кеудеңді мақтаныш биледі. Әкеңнің сәл мақтаныңкырап сөйлегенін 
де көрдің. Қалаға барса, сен үшін кітап сатып әкеліп жүретін Атажан көкең: «Біздің Баукең 
Төлеген ағасы сияқты шайыр болады...» - дегенде ұрланып өлең жазып жүргеніңді бэрі 
білетіндей қысылғаның не? Абырой болғанда, оныңды ешкім байқамады. 
2. 
Енді басқа тірлікті сөз қылайық. Саған айтатын ақылым: өзімшілдік - жақсы өасиет емес. 
Ылғи: «Менікі дұрыс!» - дей беруге болмайды. Әсіресе, футболда. Футбол - ұжымдық ойын. 
Төрткүл ауданында болған жарыста не істедің? Тақтакөпір ауданының құрамасымен 
ойнағанда алғы шептегі Жамбыл мен Түгелбайға ұпай беріп келмей, өзің гол салғып келдің. Екі 

325 
 
 
рет алаң ортасында доптан айырылып калдың. Соның бірі гол болып қақпаларыңа енді. 
Балалар ойын соңында кінә артқанда мойындамай қойдың. Тіпті өздерін кінәлі ғып шығардың. 
Бірақ сенікі дұрыс емес екенін ішің біледі ғой. Сол жолы ұтқандарыңда, жартылай финалға 
шығар едіндер. Мүмкін, әрі қарай ақтық сынға тұяқ іліктірер ме едіңдер... 
3. 
Дегенмен сен бақыттысың, Бауыржан. Әке-шешең, бауырларың қасыңда. Ал армандарын 
тіпті ғажап. Кейде түнімен ұйықтамай, армандайтының бар. Сол армандарыңа жетесің түбі. Ал 
әзірге сабағыңды жақсы оқы! 
6. 
Арқар қандай жерлерді мекендейді? 
A) 
Құмдауыт ойпатгарды 
B) 
Жазық даланы 
C) 
Егін алқаптарын 
D) 
Шөлейт жерлерді 
E) 
Tay бөктерлерін 
 
7. 
Үшінші бөлім Бауыржанды қандай 
бала ретінде танытады? 
A) 
Арманшыл 
B) 
Бауырмал 
C) 
Сабырлы 
D) 
Ұқыпты 
E) 
Тиянақты 
8. 
Мәтінде 
қандай 
стиль 
түрлері 
кездеседі? 
A) 
Публицистикалык, көркем эдебиет 
B) 
Көркем әдебиет, іс қағаздары 
C) 
Ресми, көркем әдебиет 
D) 
Ғылыми, публицистикалык 
E) 
Ауызекі, публицистикалық 
9. 
Екінші азатжолда автор Бауыржанның қай қасиетін сынға алады? 
A) 
Өркөкіректігін 
B) 
Шыдамдылығын 
C) 
Мансапқорлығын 
10. 
Бауыржанның құпия әуестенушілігі 
A) 
Поэма жазу 
B) 
Шежіре жазу 
C) 
Өлең жазу 
Д) Естелік жазу 
Е) Әңгіме жазу 
D) 
Екіжүзділігін 
E) 
Табандылығын 
11. 
«Мектебіміздің тарихында тұңгыш рет біздің оқушымыз республикалық додадан бірінші 
орын алып келіп отыр!» - дегенде өзіңе қадалған жүздеген көздсн қысылып, төмен қарадың» 
дегсн пікір Бауыржанның қай қасиетін танытады 
A) 
Сенімсіздігін 
B) 
Ұялшақтығын 
C) 
Жасқаншақтығын 
12. 
Мәтін мазмұны бойынша дұрыс тұжырымдар 
D) 
Немқұрайлығын 
E) 
Салғырттығын 
1. 
Бауыржан - республикалық олимпиада жеңімпазы. 
2. 
Бауыржаннын тілекшілерінін бірі - Атажан көкесі. 
3. 
Бауыржан өлең жазумен қатар, спортқа да жақын. 
A) 
Біріншісі мен екіншісі 
B) 
Біріншісі мен үшіншісі 
C) 
Үшеуі де бұрыс 
D) 
Екіншісі мен үшіншісі 
E) 
Үшеуі де дұрыс 
4- 
мәтін 
Бір жігіт жолда кетіп бара жатып ойда жоқта қомақты әмиян тауып алды. Жан-жағына 
қараса, ешкім көрінбейді. «Әмиян тауып алдым, кімдікі?» деп айқайлап үш рет айтқандай 
болды. Дегенмен өз даусын басқалар түгілі өзі де естімеді. 
Былайырақ шығып алып әмиянды ашып қараса, ішінде бір машинаға жетерлік қаржы бар 
сияқты. Қуанғаннан не істерін білмей аңтарылып қалды. Ішінде бір жылылық пайда болып, 
бала-шағасының былтырғы ескі киімдерімен жүргені, жұбайының жөні түзу бір көйлегі жоғы, 
ал өзінің бес-алты жылдан бері бір жаңа киім алмағаны, өздерінің көптен бері тойып тамақ та 
жемегені есіне түсті. Әмиянды қалтасына сала бергені сол еді, кенет бұрыштан ботадай 
боздаған, киімі жұпынылау кісі шыға келді. 
- Айналайын адамдар-ау, қайырымды жандар, балаларымның анасы айықпас дертке 
шалдығып, соны емдету үшін ағайындарым мен жаны жайсаң адамдар ауыздарынан жырып 
берген қаржымды әмиянымен қоса жоғалттым. Енді не істеймін? Жұбайыма қажетті 
операцияны қаржысыз қалай жасатамын? Жұбайым о дүниелік болып кетсе, балаларымның 
күні не болады? Бұл азапты көрсеткенше, маған тезірек өлім жібере қойшы, тәңірім, - деп 
жылайды. 

326 
 
 
Әмиян тауып алған жігіт ары ойланды, бері ойланды. Ақыры ұяты жеңіп, ботадай боздаган 
кісінің жанына қалай жетіп барғанын, әмиянды ақшасымен қосып қалай бергенін өзі де 
байқамай қалды. 
Кенет үйлердің тасасынан топырлаған адамдар шыға келгенде, әмиян тауып алған жігіт сасып 
қалды. Топтың ішінен салиқалы жігіт ағасы шығып, әмиян тапқан жігітті қапсыра құшақтай 
алып: 

Бауырым, саған үлкен рахмет, мені мынау тобырға күлкі қылмадың. Өмірде әлі де мейірімді 
адал жандар барын дәлелдедің. «Ондай жандар мына заманда жоқ, өткен ғасырларда ада 
болып кеткен. Егер ондай адамды тауып берер болсаң, осы тұрған бәріміз жабылып, саған он 
жылқы береміз. Ал таба алмасаң, бар байлығынды бізге бересің» - деп қоймаған соң, 
серттескен жайым бар еді. Мынау ботадай боздап жүрген адам осы қаладағы театрдың актері. 
Өз рөлін тамаша ойнап шықты-ау деймін. Мені жерге қаратпағаның үшін, әлемде әлі де адал 
адамдар бар екенін дәлелдегенің үшін, тауып алған әмияныңды ақшасымен қоса саған бердім. 
Бұдан бөлек мына тобырдың менен жеңілгендері үшін беретін он жылқысын да саған бердім, - 
деді. 
Қызық көрмекші болып келген тобырдын еңселері түсіп кетіпті. Өздерінің арасынан әмиян 
тауып алған жігіттей адам шыққанына сенбейтін сияқты. 

Мынау қатыгез, дүрбелең, тек қара басының қамын ойлайтын, компьютер басты заманда әлі 
де тазалықтың бар екенін дәлелдеген АДАМ деген атыңнан айналайын, әмиян тауып алған 
жігіт, - деді салиқалы жігіт ағасы толқып тұрып. 
13. 
Мәтін бойынша өмірде жақсылықтың бар екеніне сенімін жоғалтпаған кейіпкер кім? 
A) 
Олжалы болған пенде 
B) 
Уәделескен жан 
C) 
Киімі жұпыны жігіт 
D) 
Жиналған қауым 
E) 
Театр актері 
14. 
Мәтіннін қорытынды бөліміндегі жігіт сөзінің түйіні. 
A) 
Ақкөңілден арамдық шықпас, 
Арамдық шықса да, жамандық шықпас. 
B) 
Көңіл - қазы, көз - таразы. 
C) 
Байлыққа кол жеткізу - әркімнің арманы. 
D) 
Адам болмысы - ізгілік пен адалдық. 
E) 
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік. 
15. 
Жақсылық пен жамандықты айыру үшін тобырдың осындай әрекетке баруына не түрткі 
болды деп ойлайсың? 
A) 
Адами құндылықтардың жұтаңдауы. 
B) 
Ақша мен байлықтың басты құндылық болуы. 
C) 
Байлыққа қол жеткізуге ұмтылуы 
Д) Өмірде пиғылы, ары таза адамдардың көп болуы. 
Е) Байлықтың адамды бақытқа жеткізуі 
16. 
Қызық көрмек болған тобырдын еңсесінің түсуіне не себеп болды? 
A) 
Серттескен адамның жеңілуі. 
B) 
Әмиянның қайтарылуы 
С)  Серттескен  адамның  күлкіге  қалуы. 
Д)    Әмиянын  жоғалтқан  адамның  сөзі. 
Е) Әмиянның жоғалуы. 
17. 
Топтын арасынан шыққан жігіт қандай? 
A) 
Атақкұмар 
B) 
Жүрегінің түгі бар 
C) 
Мақтаншақ 
D) 
Ақ жүрек 
E) 
Ниеті қара 
18. 
Жігіттің әмиянды қайтарып беруіне не себеп болды? 
A) 
Өзінің кедейлігі есіне түсті. 
B) 
Ар-үяты жеңіп шықты 
C) 
Жиналған топтан сескенді. 
D) 
Өзін ұры санайды деп корыкты. 
E) 
Одан да көп ақша аламын деп ойлады. 
19. 
Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз. 
1. 
Күңіреген жігіт 
2. 
Көңілі түскен топ 
3. 
Оңай олжа 
4. 
Сенімін жоғалтпаған жан 
A) 
3.4.1.2. 
B)  
3.4.2.1. 

327 
 
 
С) 2.4.1.3. 
D) 
3.1.2.4. 
E) 
1.3.4.2. 
20. 
Оңай олжаға кенелген жігіт пен уәделескен жігітті не байланыстырады? 
A) 
Отбасылық жағдайлары 
B) 
Кеңпейілдіктері 
C) 
Жүрек адалдығы 
D) 
Әлеуметтік жағдайлары 
E) 
Кедейліктері 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет