- оқу материалын жүйелендірілген жəне құрылымдалған түрде
көрсету;
- оқу ақпаратының əрбір бөлігін қалыптастырған жəне бейне-
леген кездегі ретроспективтерді жəне білім қалыптастырушы
перспективтерді, іскерлік жəне дағдыларды есептеу;
- игерілетін матриалдың пəнаралық байланысын есептеу;
-
оқу материалын беру жəне білім алушылардың əсерінің
дидактикалық негізделген тізбегі:
-
оқу логикасымен анықталатын білім алу үдерісін ұйым-
дастырудың кезектілігі;
- электрондық білім беру басылымдары ұсынатын ақпараттардың
байланыстарын қамтамасыз ету. Олар тəжірибеде мысал-
дар келтіру, күрделі ойын шараларын құрастыру, тəжірибелік
196
сипаттағы тапсырмаларды ұсыну, тəжірибе жасау, нақты
үдерістердің жəне құбылыстардың үлгісі есебінен орын-
далады.
Электрондық білім беру басылмдары мен ресурстары жəне
олардың компоненттерінің бақылау-өлшеу құрамдық жəне қызметтік
өзгермелілігін қамтамасыз ету талабы. Оқу жүйесінің қажет-
тілігі оқу материалының (мазмұндық өзгеруі) мазмұны бақылау-
өлшеу материалының мазмұнына сай талаптарды жəне білім
алушылардың (қызметтің өзгеруі) қызметін бағалау деңгейін
қамтамасыз ететін электрондық білім беру басылымдары талапта-
рына қойылады.
Өлшеу-бақылау электрондық білім беру басылымдары мен
ресурстарын жəне олардың компоненттерін пайдаланудағы
сенімділікті қамтамасыз ететін талап электрондық білім беру ба-
сылымдары қолдану арқылы оқу материалдарын меңгеру деңгейін
дұрыс өлшеу ықтималдығы ретінде анықталады. Талап көпреттік
өлшеу нəтижелерінің тұрақтылығын немесе бір ғана сынаушының
оқу нəтижесін қамтамасыз етуде оқу жүйесіндегі қажеттіліктерге
жауап береді.
Дəстүрлі дидактикалық талаптармен қоса, электронды білім
беру басылымдары мен ресурстарына, оқытуға арналған дəстүрлі
басылымдар, оқытуды ақпараттандыру құралдарына арнайы
дидактикалық талаптар қойылады. Бұл талаптың ерекшелігі
электрондық білім беру басылымдарын жəне ресурстарын əзірлеу
жəне орындау барысында заманауи ақпараттық жəне байланыс тех-
нологиялары қолданылады.
Бейімделу талабы мектеп оқушысының тұлғалық ерекшелігіне
электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының лайық
болуын түсіндіреді. Талап оқу үдерісі кезінде білім алушының
психологиялық ерекшеліктеріне, электрондық білім беру
басылымдары пайдалану арқылы білім мен іскерлігінің
деңгейіне бейімделу, лайық болу дегенді білдіреді. Электрондық
білім беретін басылымдар мен ресурстарды жасау барысында
электрондық білім беру басылымдарның үш бейімделу деңгейін
бөліп көрсеткен жөн. Бейімделудің бірінші деңгейі – бұл білім
алушының өзінің тұлғалық қарқынына сай келетін материалдарды
меңгеру үшін таңдау жасау мүмкіндігі. Бейімделудің екінші деңгейі
дегеніміз оқу əдістемесі жəне оның құрамы нəтижесінде ұсынатын
негіздерге байланысты білім алушының жай-күйін зерттеп-анықтау.
197
Бейімделудің үшінші деңгейі ашық тəсілге шоғырланған, яғни ол
ықтимал тұтынушыларды жіктеуді талап етпейді жəне электрондық
білім беру басылымдары авторлары барынша білім алушы
құрамында көбейту мақсатымен сонша нұсқаларды дайындауға ын-
талануда.
Оқуды интербелсенділік талабы оқу үдерісінде білім
алушының электрондық білім беру басылымдары немесе ресурста-
ры мен өзара əрекеті екі жақты орын алуы қажет дегенді білдіреді.
Электрондық білім беру басылымдарының құралдары диалог
пен кері байланысты қамтамасыз етуі тиіс. Диалогты ұйымдас-
тырудың маңызды жері – оқушылар мен оқытушылардың
əрекеттеріне электрондық білім беру басылымдарының жəне
ресурстарының адекватты жауап беруінің міндеттілігі. Кері байла-
ныс құралдары оқушының əрекеттерін бақылайды жəне реттейді,
ары қарай не істеу керектігіне ұсыныстар жасайды, анықтамалық
жəне түсіндірмелік ақпараттарға тұрақты рұқсат беруді іске асы-
рады. Оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша қате диагностикасы
бар бақылау кезінде кері байланыс құралдары жұмыстың сарап-
тау нəтижесін білім деңгейін көтеру бойынша ұсыныстармен қоса
шығарып береді.
Интербелсенділік пен кері байланысты барынша егжей-тегжейлі
қарастыру қажет, себебі интербелсенділік жəне кері байланыстың
болуы көптеген электрондық білім беру басылымдарының ерекше
айырмашылықтары болып табылады.
Үш сатылы кері байланысты «оқытушы – электрондық білім беру
басылымдары – оқушы» екі негізгі түрге бөлуге болады: сыртқы
жəне ішкі.
Ішкі кері байланыс дегеніміз жаттығуды орындау барысында
білім алушының əрекетіне жауап беру мақсатымен электрондық
білім беру басылымдарынан келіп түсетін ақпарат. Мұндай байла-
ныс білім алушының оқу үлгерімін өзіндік басқаруға жəне реттеуге
арналған. Ішкі кері байланыс білім алушыға өзінің оқу үлгерімінің
табыстылығы немесе қателігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік
береді. Ол білім алушыны рефлекцияға итермелейді, ары қарай
əрекеттер жасауға ынталандырады, оқу қызметінің нəтижелерін
бағалауға жəне түзеуге көмек береді.
Ішкі кері байланыс кеңес беретін жəне нəтижелі болып бөлінуі
мүмкін. Кеңес беру ретінде көмек, түсіндірме, сыбырлау, үлгісін
көрсету жəне т.б. болуы ықтимал. Нəтижелі кері байланыс та əрқилы
198
бола алады: білім алушыға шығарылған есептің дұрыстылығын жəне
дұрыс жауапты көрсету немесе шығару жолдары туралы ақпаратты
хабарлайды.
Сыртқы кері байланыстың ақпараты компьютерлік техника жəне
ақпараттандыру құралдарын пайдалану арқылы оқытып жатқан
мұғалімге келіп түседі. Жəне білім алушының қызметін немесе
электрондық білім беру басылымдары жұмыс істеу режімін түзету
үшін қолданылады.
Электрондық білім беру басылымдары қойылатын талаптарды
қарастыруды жалғастырайық.
Білім алушының интеллектуалдық əлеуетін дамыту талабы
электрондық білім беру басылымдары жəне ресурстармен жұмыс
жасаған кезде білім алушының ойлау жүйесін (алгоритімдік, көрнекі-
үлгілік, теориялық), тиімді шешім немесе күрделі жағдайдың
бірнеше шешімін қабылдау шеберлігін, ақпаратты өңдеу іскерлігін
(деректерді өңдеу жүйесін, ақпараттық-іздеу жүйелерін, деректер
қорын жəне басқаларды пайдалану негізінде) қалыптастыра оты-
рып, оқу жүйесінің талаптарына жауап береді.
Бақылау-өлшеу электрондық білім беру басылымдары мен
ресурстардағы есептердің бірегейлігін жəне қалыптастырылуын
қамтамасыз ететін талап. Осы талапқа сəйкес білім алушыға
қойылатын тапсырма өлшеудің немесе бақылаудың басталуына
дейін толығымен болмауы қажет жəне білім алушы электрондық
білім беру басылымдары мен жұмыс жасаған уақытында
кездейсоқ түрде қалыптастырылуы тиіс. Осылайша əр білім алушы
шығаратын есеп əртүрлі болуы қажет. Бұл мұғалімдік өлшеулердің
объективтілігін жəне адекваттылығын қамтамасыз етуде білім
берудің қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарды пайдала-
на отырып оқудың дидактикалық цикліның толықтығын (түгелдігін)
жəне үздіксіздігін қамтамасыз ететін талап – электрондық білім беру
басылымдары бір сеанс ішінде ақпараттық жəне байланыс техни-
каларымен жұмыс істеу барысында дидактикалық циклдің барлық
түйіндерін орындауға мүмкіндік туғызуы.
Оқытудың ақпараттық құралдары білім алушының білім
жүйесіне жəне оның тілдік біліміне қатысты дайындалуы қажет. Оқу
материалының мазмұны белгілі бір жас мөлшеріндегі оқушылар то-
бына түсінікті болу керек. Бірақ өте қарапайым болмауы тиіс, себебі
ол көңіл бөлуді төмендетуі мүмкін.
199
Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты құрылатын
басты эргономикалық жəне соған қатысты талаптар білім алуға де-
ген ынтаны жоғарылатуды қамтамасыз етеді жəне электрондық
білім беру басылымдары мен ресурстардың жұмыс режімін жəне
ақпаратты бейнелеуге қойылатын талаптарды орнатады.
Оқу үрдісін ақпараттандыру үдерісі кезінде білім алушының
адамгершілік қарым-қатынасын қамтамасыз ететін талаптар
негізгі эргономикалық талаптарға жатады, олар:
- электрондық білім беру басылымдарда немесе ресурстарда
достық арақатынасты ұйымдастыруды;
- білім алушыға қажетті анықтамаларды, сілтемелерді жəне
əдістемелік нұсқауларды пайдалануға мүмкіндік беруді;
- жұмыстың бірізділігін жəне қарқынын таңдауға мүмкіндік
беруді білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтау арқылы қолданылып
отырған электрондық білім беру басылымдары мен ресурстардың
білім алушының санасына кері əсер етуден аулақ боламыз. Осылай-
ша, электрондық білім беру басылымдары қолданылуымен өтетін
сабақтарда жағымды орта пайда болады.
Денсаулық сақтау сипатындағы талап электрондық білім
беру басылымдарын жəне ресурстарды əзірлеуге жəне пайдалануға
қойылады жəне компьютерлік техникамен жұмыс жасаудағы тазалық
талаптарына, санитарлық нормалар мен ережелерге сай жасалған.
Электрондық білім беру басылымдарын жəне ресурстарды сараптау
үшін оқушылардың дербес компьютермен жұмыс жасаған кезінде
еңбек ету жəне демалу режіміне қатысты талаптар өте маңызды
мəнге ие болады: қолданылатын оқудың ақпараттандыру құралдары
мына түрде əзірленуі тиіс, яғни, олардың жұмыс жасау мерзімі
компьютерлік техникамен жұмыс жасау уақытының санитарлық
нормаларынан асып кетпеуі тиіс.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстардың білім
алушылардың жас ерекшелігіне жəне компьютерлік техникамен
жұмыс істеудің санитарлық нормаларына сай болуы оқу үрдісін
ақпараттандырудың тиімді жағдай жасаудың бірі екендігін айтқан
жөн. Бұл талаптарға сəйкес келмеушілік білім алушылардың
ақпаратты түсіне алмауына немесе олардың денсаулықтарының на-
шарлауына əкеліп соқтырады.
Эргономикалық талаптармен эстетикалық талаптар тығыз
байланысты. Олар электрондық білім беру басылымдары мен
200
ресурстардағы эстетикалық безендірудің сəйкес болуын, оқу
ортасының графикалық жəне бейнелеу элементтерінің бірізділігін
жəне айқындығын жəне ақпараттық-қатынастық технологиялар
құралдарына арналған түстер мен бояулардың үйлесімділігін орна-
тады.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарға
қойылатын эстетикалық талаптарды сақтау жəне есепке алу
əрдайым міндетті емес. Олар білім берудің ақпараттық құралдарын
əзірлеу бойынша ұсынылымдық сипатқа ие болады. Сонымен қатар,
ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын дайындау
кезінде бір ғана «эстетикалық» тұғырды сақтаудың маңыздылығын
атап өткен жөн болар.
Сапаның басты талаптарын ақпараттық құралдармен ілесетін
мазмұндық материалдар да қанағаттандыру керек. Мұндай
материалдардың қатарына, бірінші кезекте, техникалық жəне
əдістемелік ілеспе құжаттарды жатқызу қажет.
Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар электрондық
білім беру басылымдары мен ресурстардағы əдістемелік нұсқаулар
мен қызмет көрсететін персоналға, оқытушыға жəне оқушыларға
арналған нұсқаулықты сауатты жəне тиянақты ресімдеу керектігіне
негізделеді.
1. Білім беретін ақпараттық құралдарды əзірлеу жəне олар-
ды қолдану барысында сəйкесті ілеспе құжаттар түгел бо-
луы қажет. Бұл əзірлеуші, тапсырыс беруші жəне тұтынушы
арасындағы интерфейсті қамтамасыз етуге жол ашады. Сонымен
қатар, ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары компо-
ненттерінің функцияларын меңгеруге жəне жетілдіруге мүмкіндік
туғызады.
2. Электрондық білім беру басылымдарынан талап етілетін
құжаттама толық болу керек жəне шынайы электрондық басылым-
дар мен ресурстарға сəйкес келуі тиіс.
3. Құжаттама электрондық білім беру басылымдары мен ресурс-
тарды пайдалану барысында мұғалімнің тиімділігін төмендетпеуі
тиіс.
Екінші топтағы электрондық білім беру басылымдарына
қойылатын талаптардың (оқу үрдісінің түрінен жəне деңгейінен
тəуелді болатын арнайы талаптар) жалпы бірдей əсері болмайды
жəне ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының кейбір
түрлеріне қатысты ғана таралады.
201
Ары қарай, оқыту сабақтарының кейбір түріне ғана қолданы-
латын электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарына
қойылатын арнайы талаптар баяндалады.
Жаңа оқу материалдары баяндалатын сабақтардың
ақпараттандыру құралдары материалды бейнебейнелеу-
мен, анимациялық көріністермен, дыбыстық сүйемелденуі бар
ілеспелермен баяндауға мүмкіндік жасау қажет жəне мұғалімге
күрделі құбылыстарды жəне үрдістерді паш ету үшін, сабақта
жасалған мəтінді, графикті, дыбысты визуалдаушы құралдарды беру
керек.
Зертханалық сабақтарды ақпараттандыру құралдарының
құрамына оқушыларды есеп жұмысына дайындау, жұмысқа рұқсат
беру, тəжірибе жасап көру (соның ішінде, қашықтықтан рұқсат алу-
ды қоса алғанда), тəжірибелік мəліметтерді өңдеуге, зертханалық
жұмыстың нəтижелерін рəсімдеуге арналған автоматтандырылған
құралдар кіреді. Мұндай электрондық білім беру басылымдары
мен ресурстары білім алушының өзіндік жұмыс жасау қарқынын
реттеуіне мүмкіндік беруі қажет. Яғни, жылдамдатылған неме-
се баяулатылған уақыт режімінде əртүрлі құбылыстарды неме-
се үдерістерді зерттеп тану үшін виртуалды зертханада жасалған
моделдеуші компоненттер болуы тиіс. Зертханалық сабақтарды
ақпараттандыру құралының қатарына, сонымен бірге, оқушылардың
білімін, іскерлігін жəне дағдыларын қадағалауға арналған икемдік
автоматтандыру құралдары кіруі тиіс.
Тəжірибелік сабақтарды ақпараттандыру құралдары оқушыға
сабақтың тақырыбы, мақсаты жəне сабақты өткізу тəртібі туралы
ақпаратты беруі қажет, əрбір білім алушының білімін қадағалау
керек, білім алушыға жауабының дұрыстығы жөнінде ақпарат
ұсынуы тиіс, қажетті теориялық материалды немесе есепті шығару
жолының əдістемесін көрсету керек, білім алушылардың білімін
бағалау қажет, оқытушының, ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарының жəне оқушының арасында кері байланысты
жүзеге асыру тиіс.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттандыру құрал-
дары оқытатын пəннің оқу бағдарламасына сай жасалуы қажет
жəне теорияны терең меңгеруге бағытталу керек. Мұндай
электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының мəтін-
дік-тəуелді анықтамалары, түсініктемелері жəне сыбыр сөздері ба-
рынша егжей-тегжейлі баяндалатын жүйесі болуы тиіс.
202
7.1.2 Білім беру электрондық ресурстары жəне олардың сапасы
Жалпы орта білім жүйесінде қолданылатын ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарының сапасын бағалаудың бас-
ты əдістерінің бірі саралау жəне сараптама болып табылады.
Электрондық білім беру басылымдарын жəне ресурстарды оқу
үрдісіне іс жүзінде пайдалану арқылы оларға саралау жүргізу қажет.
Осылайша, конференцияларда, семинарларда, көрмелерде, презен-
тация жəне басқа да қоғамдық іс-шараларда оқуды ақпараттандыру
құралдарымен əзірленген басты сапалық сипаттамаларын талқылау
жəне көрсету керек. Кешендік саралау нəтижесінде түзету жүйесі
қалыптасады. Оны əзірленген ақпараттық-қатынастық технология-
лар құралдарын жетілдіру барысында есепке алу қажет.
Саралау үрдісі жəне электрондық білім беру басылымы мен ре-
сурстарды ары қарай жетілдіру интеративті циклдік сипатқа ие жəне
сапа талабына ақпараттандыру құралы арқылы толығымен сəйкес
келгенше жалғастыра беру тиіс.
Электрондық білім беру басылымдарын жəне ресурстарды са-
ралау үшін оқу үрдісіне оқушылардың эксперименталдық тобын
енгіземіз. Топ ішінде əртүрлі үлгерімдегі білім алушылар болуы
қажет (үздіктер, «жақсы» жəне «үздік» бағаға үлгеретіндер, «жақсы»
жəне «қанағаттанарлық» бағаға үлгеретіндер).
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстардың
ерекшелігіне қарай саралауды дəл бағалау үшін бірнеше
эксперименталдық топтарды пайдалануға болады.
Электрондық білім беру басылымдарын оқу үдерісіне пайда-
ланбастан бұрын оқушыларды алдын ала дайындап, оларды оқу
пəнінің тақырыбымен таныстыру керек. Мұнда сабақ беру үшін ба-
сылым жəне ресурс қолданылады. Келесі тарататын материалдар-
мен таныстыра отырып, қажетті нұсқаманы өткізу керек. Одан əрі,
электрондық білім беру басылымдарын немесе ресурстарды пайдала-
на отырып, оқу сабағы өткізіледі. Бұл жерде, электрондық білім беру
басылымдары немесе ресурс қатаң түрде əдістемелік нұсқаулықтар
мен ұсыныстарға сай келеді жəне ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялар құралдарының нақты түрі сүйемелденеді.
Оқушылардың басылыммен немесе ресурспен жұмыс жасауы
кезінде оқу материалын игеру қадамы жəне тиімділігі бақыланады,
білім алушылардың сұрақтары, жұмыс кемшіліктері, оқу жүйесінің
басқа ақпараттандыру құралдарымен өзара əсерлесу мəселелері
203
тіркеліп отырады. Сабақ аяқталғаннан кейін жауаптар, ақпараттық
құралдардың жағымды сипаттамалары ұжымдық талқылау бары-
сында анықталады.
Ережеге сай, саралауыш сабақтар оқытушылардың, əзір-
леушілердің, сарапшылардың жəне оқу жүйесінің осы дəрежедегі
ақпараттандыру құралдарын өңдеумен айналысатын мамандардың
қатысуымен өткізіледі. Саралаудың соңғы сатысында сарапшылар
білім алушылардың барлық сұрақтары мен шағымдарына талдау
жасау қажет. Яғни, бұл құбылыстар олардың электрондық білім
беру басылыммен немесе ресурстармен жұмыс істеу кезінде
туындаған.
Саралау қадамын талдау нəтижелері жəне нақты оқу үрдісі
кезіндегі ақпараттандыру құралдарының айқындалған ерекше
жұмыс жасауы кəсіпорын-əзірлеуіштер мамандарына жіберіледі.
Олар, өз кезегінде, электрондық басылымдарды немесе ресурстарды
жетілдіру мақсатымен тиісті шараларды қолданады.
Электрондық білім беру басылымдарының жəне ресурстардың
сапасын бағалайтын жүйенің негізі болып сараптама технология-
сы қарастырылады. Тəуелсіз құзыреттілік сараптаманы жүргізу
мақсаты ретінде білім беру жүйесінің ақпараттық құралдарының
сапалық көрсеткіштері алдын ала анықталған халықаралық,
мемлекеттік жəне салалық стандарттардың, нормативті-техникалық
құжаттардың жəне т.б. талаптарына сай болуын орнату болып
есептеледі. Сонымен қатар, көрсетілген электрондық білім беру ба-
сылымдарын қолдану негізінде оқу үдерісінің сапалылығын жəне
тиімділігін қамтамасыз ету маңызды.
Барлық электрондық білім беретін басылымдар мен ресурстар
үшін арналған сапаны сараптайтын əмбебап бірыңғай жүйе келесі
негізгі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- жұмысты ұйымдастыру жүйелік ыңғай жасау негізінде іске
асуы қажет;
- сарапшы ретінде əртүрлі саланың мамандары тартылуы тиіс,
себебі, бұл жағдай электрондық білім беру басылымдары жан-
жақты сараптамалауға мүмкіндік береді;
- жоғары білікті сарапшылардың (өз саласының жетекші ма-
мандары) еңбегі мен тəжірибесін тек ғаламдық шешімдерді
қабылдауға ғана пайдалану қажет;
- электрондық білім беретін басылымдарды жəне ресурстарды
сараптамалау бойынша жұмыстар негізгі жəне дайындаушы
204
деп екі топқа бөлінуі тиіс; дайындаушылық жұмыстарды ең
төменгі білікті мамандар жүзеге асыра алады;
- сараптамадан өткен электрондық білім беру басылымда-
ры мүмкіндігінше өзгертіліп жəне жетілдірілгендіктен оқу
жүйесінде пайдалану үрдісі кезінде сапаны сараптамалық
бағалау рəсімі толық көлемде мерзімдік қайталанып тұруы
қажет.
Кешендік сараптаманы ұйымдастыруға қойылатын талаптар
дегеніміз – электрондық білім беретін басылымдарды жəне ре-
сурстарды құру жəне қолдану бойынша техника-технологиялық,
психологиялық-педагогикалық жəне дизайн-эргономикалық
аспектілерді сараптамалау əдісі.
Техника-технологиялық сараптама. Техника-технологиялық са-
раптама жүргізу барысында анықталады:
- құралдардың талап етілетін орталарда, желілік режімде, басқа
басылымдар жəне ресурстармен үйлескенде қалыпты жұмыс
жасай алу мүмкіндігі;
- заманауи мультимедиа құралдарын жəне байланыс техноло-
гияларын қолданудың дұрыстылығы;
-
жұмыс жасау қабілетінің тұрақтылығы, сенімділігі,
гетерогенділік, ақауларға беріктігі;
- тіркелмеген құбылыстардан қорғау сапасы жəне оның бар бо-
луы;
-
инсталляция жəне деинсталляцияның қарапайымдылығы,
сенімділігі жəне толықтығы;
- талап етілетін жадының көлемі
- техникалық кешеннің, ілеспе құралдың жеткіліктілігі (қажетті
жүйелік программалардың, қаріптердің жəне басқалардың бар
болуы);
- инсталлятордың жұмысының дəрежелері (егер инсталлятордың
болуы қарастырылған болса);
- барлық мəлімденген функциялардың жəне электрондық білім
беру басылымдары мүмкіндіктерінің жұмыс істеу қабілеттілігі;
- диагностикалау, алдын ала ескерту, жүйенің қабілеттілігі қайта
қалпына келтірілгеннен кейін жұмыс жасауды жалғастыру
бөлімшелерінің бар болуы;
-
электрондық білім беру басылымдары бір мезетте басқа
құралдармен қызмет жасауының дұрыстығы;
- тұтынушылардың сұраныстарына жауап беру жылдамдығы.
205
Психологиялық-педагогикалық сараптама. Психологиялық-
педагогикалық сараптама жүргізу барысында электрондық білім
беру басылымдары -ды жəне оның құрауыштарын электрондық
білім беретін басылымның немесе ресурстың типі бойынша, білім
беру деңгейі бойынша, оқыту үрдісінің типі жəне түрі бойын-
ша бағыттау іске асырылады. Сонымен қатар, ақпараттандыру
құралдарының мазмұнын жəне баяндалуын бағалау, дидактикалық,
əдістемелік жəне психологиялық талаптарға сай келуі, арнайы
əзірленген педагогикалық əдістемені пайдалану жəне əдістемелік
қолдау көрсету жүзеге асырылады.
Тексеру кезінде анықталады:
- электрондық білім беру басылымдарының қолданылу мақсаты
жəне саласы;
- əдістемелік оқыту жүйесінің аясында жобаланған электрондық
білім беру басылымдары пайдаланудағы педагогикалық
мақсаттылық;
- əдістемелік дəрежесі;
- білім беру жүйесінің балама ақпараттандыру құралдарына
сəйкес келу деңгейі.
Сонымен бірге, сараптама жасау кезінде мамандар электрондық
білім беретін басылымдардың немесе ресурстардың дидактикалық
жəне əдістемелік талаптарға сай болу деңгейін бағалау қажет:
- ғылымилығы;
- қолжетімділігі;
Достарыңызбен бөлісу: |