Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


-   жеке мектеп пəндері жəне осы пəндердің жеке тақырыптары  бойынша тест тапсырмаларын құрастыру;  -



Pdf көрінісі
бет22/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru


-   жеке мектеп пəндері жəне осы пəндердің жеке тақырыптары 
бойынша тест тапсырмаларын құрастыру; 
-   тесттік тапсырмалардың құрылымын жасау;
-   мектеп оқушыларының білім нəтижелеріне диагностика жасау-
да түрлі тəсілдерді қолдану; 
-   тесттік тапсырмалардың мазмұнын таңдау белгілерінің 
анықталуы мен қолданылуы;

227
-   білім беру, болжау, бақылауда тесттік бақылау жүйесінің 
қолдану ерекшеліктерін анықтау;
-   тест нəтижесінде оқушының алған бағасын анықтау тəсілдері 
мен шкалаларын белгілеу;
-   білім беру нəтижесінің тесттік өлшемін ақпараттандыру мен 
автоматтандырудың мүмкін жолдарын зерттеу; 
-   Ақпараттық-қатынастық технологиялар бақылап-өлшеу, 
құрамы жəне жасап бітіру құралдарын құрастыру;
-   жалпы орта білім беру жүйесінде ақпараттық-қатынастық 
технологиялар бақылап-өлшеу құралдарын практика жүзінде 
қолдану кепілдіктерін құрастыру;
Тесттік формадағы тапсырмалардың дəстүрлі тапсырмалар 
мен сұрақтардан артықшылығы қыскалық, логикалық жіктелуі, 
стандарттылық жəне тестілеу мен бағалау нəтижесін өткізу 
процедурасының біркелкілігі. Дəл осы артықшылықтар тесттерді 
мектеп оқушыларының білім нəтижелерін бағалау жəне осы 
нəтижелердің мемлекеттік білім беру стандарттарының талап-
тарына сай тексерілуі үшін керек етеді. Тесттік тапсырмаларды 
ұсыну формалары олардың құрамын барынша жеңілдетті жəне 
педагогикалық бақылау мен өлшеу үдерісін автоматтандыра-
тын ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын жасауға 
мүмкіндік жасады.
7.2.3 Оқытудың нəтижелілігін өлшеу əдістемесі 
Бақылап-өлшенген ақпараттық-қатынастық технологиялар құ-
ралдарын құрастыруда қазіргі кездегі дидактиканың жағдайымен 
келісілген кепілдемелер мен талаптарды ескеру қажет. Осындай 
құралдар мен технологияларды əзірлеуде қарастыру қажет:
-   мектеп оқушыларының себебі, олардың назары мен 
қызығушылығын тұғызуға қажетті құралдардың бар;
-   бақылау мен бағалау жүйесіндегі оқу материалдарының, 
тапсырмалар мен жаттығулар қиындылығы мен күрделілік 
дəрежелерінің бөліктелуі;
-   жалпылау үдерісін жеңілдетуге арналған формализациялау 
жəне қажетті тəсілдер құралдарының бар болуы;
-   мектеп оқушылараның бақылау нəтижелері мен білім өлше-
мімен анықталатын қорытынды жалпылауыш сұлбалардың 
бар болуы;

228
-   оқу құралдарының құрамдас бөліктерін, бақылау жұмыстары 
мен жаттығулар түрлерін анық айқындайтын белгілер мен 
басқа да символдардың қолданылуы;
-   теориялық сипаттамалардың пркактикалық мысалдар-
мен бақылануы, практикадан алынған мысалдар негізінде 
құрастырылған бақылап-өлшеу материалдарының құрасты-
рылуы;
-   оқу материалы мен мектеп оқушыларының дербес танымдық 
қызметіне сүйеу болатын қосымша дидактикалық қызметтер 
сипаттамасына ие бақылау-өлшеу материалының арасындағы 
байланыс сипаттамасы (жаңа материалды түсіндіру, оқы-
тушылардың кеңестері, бейнеконференциялар, форумдар 
жəне т.б.).
-   тілдік стильдің қолжетімділігі мен достығы, оның оқушылар-
дың мақсаттық топтарына бағыты;
-   оқу материалдары, сұрақтар жəне бақылау кешенінің тапсыр-
малары мен білім деңгейін өлшеу бойынша навигацияның 
жеңілділігі;
-   жалпы қабылданған анықтамалар мен терминологиялардың 
сақталуы;
-   барлық пайдаланылған объекттер мен қарым-қатынастарды 
құрайтын анықтамалық режим;
-   мектеп оқушыларының өзіндік жұмысы берілген материал-
ды игеру ретінде, сонымен қатар сəйкесінше бақылау-өлшеу 
үдерістері ретіндегі қате əрекеттерді өзгерту мүмкіндігінің 
орындалуы.
Ақпараттық жəне қатынастық технологиялардың педагогикалық 
өлшеу жүйесіне кіруін айта отырып, өлшеу мен бақылаудың 
өнімділігін айтатын аспекттерді бөліп қарастыруға болады. Соны-
мен қатар бұндай аспекттер педагогикалық өлшеумен айналысатын 
оқытушылар мен серіктестердің дайындық жүйесіне ену керек. Бұл 
аспекттердің қатарында: 
-   əрбір оқушыға педагогикалық өлшеу дайындау мен жүргізуге 
арналған қиын жұмысты орындаудан оқытушының босаты-
луы,
-   оқытушыға кəсіби əрекетті шығармашылық іске асыру үшін 
уақыт беру,
-   оқу нəтижелілігінің жан-жақты жəне толық тексерілуін 
қадағалау,

229
-   педагогикалық өлшеулердің объектілігі мен оларды стандарт-
тауды қадағалаудың өсуі,
-   педагогикалық өлшемнің нысандануы мен бір ізге салуының 
жоғарғы дəрежесі,
-   бірнеше оқушыларға арналған өлшемнің бір уақытта өту 
мүмкіндігі,
-   телекомуникациялық технологияларды қолдана отырып, 
қашықтан педагогикалық өлшеуді ұйымдастыруды қадағалау 
мүмкіндігі,
-   көптеген оқытушыларды бақылау-өлшеу материалдар қорын 
жасау, жүргізу жəне қолдануға назарларын аудару мүмкіндігі,
-   педагогикалық өлшем нəтижелерін жасаудың жедел қимыл-
даушылығы мен көп факторлылығы,
Педагогикалық өлшемді ақпараттандырудың мүмкін теріс əсері 
көрінеді:
-   оқушылардың компьютерлік технологиямен жұмыс істеу 
жылдамдығы – көптеген жағдайларда педагогикалық өлшеу 
нəтижелеріне əсерін тигізетін негізгі фактор;
-   оқушылардың компьютердегі жұмыс үдерісін келесі талдау мен 
бағалау серпінінде сақтау мүмкін емес, оның жұмыс нəтижесі 
қағаз түрінде сақталуы мүмкін;
-   білім беру стандарттары мен оқу бағдарламалары жалпы 
орта білім беру жүйесінде қолданылатын техника түрі мен 
бағдарламалық қамтамасыз етудің тізімін белгілемейді. Бұл 
қорытынды бақылауға əсерін тигізетін компьютерлер мен 
бағдарламаларды оқытуда қолданылатын ақпараттық жəне 
бағдарламалық қамтамасыз ету түрінің сəйкессіздігіне əкеліп 
соғады;
-   көптеген жағдайларда Ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялар құралдары педагогикалық өлшеудің объектілігін 
теріс көрсететін фактор болып табылады. Оқу нəтижесін 
өлшеудің педагогикалық жүйесінің сəтті енгізілуі үшін үш 
негізгі міндетті шешу керек. Олардың біріншісі, осындай 
өлшеу жүйелерін маңызды, сонымен қатар технологиялық 
деңгейде жасаудан тұрады. Білім талаптарына сай əрбір 
оқушының жетістіктерінің, біліктілігі мен дағдыла-
рының нəтижесін анықтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік 
жалпы орта білім беру стандарттарына тіркеулі жүйелері. 
Екінші міндет, оқытушылардың қазіргі кездегі жүйелер мен 

230
өз пəні аумағында өлшенетін педагогикалық құралдарды 
кешенді қолдану қажет екендігін көрсетеді. Соңғысы, 
үшінші міндет, ол оқушылардың білімін тексеру мен өзін-өзі 
тексеру біліктілігі мен қарым-қатынасын жасау қажеттілігіне 
қатысты.
7.3 Тəрбиелеу мен оқудан тыс жұмыстағы 
ақпараттық технологиялар
Ақпараттану жəне қатынастық технологиялар оқушы-
лардың оқудан тыс жəне сыныптан тыс жасалатын жұмыстарына 
қолданыла отырып, оқушының дамуында жоғары нəтиже көрсетуі 
мүмкін. 
Кез келген мектептегі оқудан тыс жасалатын жұмыстар оқушы 
өміріндегі маңызды элементтердің бірі жəне мұғалімдер мен оқу 
басқармасында да маңызды рөл атқарады. Осыған орай, бұл бағыт 
негізгі үш компоненттен тұрады: 
-  оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары, 
-   мұғалімдердің оқушылармен жасалатын сыныптан тыс 
жұмыстары, 
-   сыныптан тыс жұмысты басқару жүйесі. 
Білім беру мекемелерінде ең алдымен, білімнің сапалылығының 
артуы керек екендігін естен шығармаған жөн. Оның негізгі түрлі 
бағыттарының арасынан оқу барысында оқушы өзі қалаған бағытты 
таңдайды. 
Кез келген мектепте мұндай оқушы қалаған бағыттарды 
анықтауға арналған арнайы адамдар бар. Мысалы оқушымен сы-
ныптан тыс жұмыс жасайтын мұғалім-тəлімгер, тəрбиеші, сынып 
жетекшісі, мектеп директоры басқармасы жəне т.б мамандар айна-
лысады. 
Бұл мамандар оқушы мектептен тыс жерде, бос уақытта не-
мен айналысатынына, немен шұғылданатынына аса көңіл бөлу ке-
рек. Үдеріс барысында оқушы қалауына бағытталған оқытудың 
əдістемелік құралы жасалып, оқушы сол əдістемелік құрал арқылы 
экспериментальдық-зерттеу мəселелерімен айналысуға мүмкіншілігі 
ашылады. Оқушылардың білімді жетілдіру барысында жинаған 
ақпараты жəне оны іздеу қабілеттілігі оқыту барысындағы негізгі 
мəселелердің (факторлардың) бірі. 

231
Ақпараттану жəне қатынастық ақпараттар технологиясында сы-
ныптан тыс жұмыстың келесідей түрлері атап көрсетіледі: 
-   өтетін орны (сыныпта немесе сыныптан тыс (мектептен тыс));
-   уақытша жүргізу (сабақта жəне сабақтан тыс);
-   берілген тапсырмаларды шешуге деген құлшынысы (оқуда 
жəне оқудан тыс).
Сыныпта сыныптық жəне сыныптан тыс тапсырмалар болады. 
Көптеген сыныптық жұмыстар сыныптан тыс жерде жүргізіледі 
(табиғаттану сабағы саябақта, дене шынықтыру спорт залдарда). 
Жоғарыда атап кеткендей сыныптық жəне сабақтық, сыныптан 
тыс жəне сабақтан тыс деп қарастыруымызға болады. 
Сабақтық жəне сабақтан тыс орындалатын тапсырмалар-
ды байланыстыруға болмайды, өйткені сабақта сыныпта отырып 
шешетін тапсырмалар қарастырылады. Көптеген сыныптан тыс 
орындалатын факультатив сабақтар мен жеке шығармалар сыныптан 
тыс тапсырмалар болып есептелінеді. Көркем əдебиеттер, театрлық 
студиялар, спорт секциялары сыныптан тыс бос уақытта жүргізілуі 
тиіс. 
Сабақтан тыс жұмыс – оқушылардың мектептегі сабақтық-
тəрбиелілік негізін қалыптастыратын негізгі кезеңнің бірі. Сабақтан 
тыс (сыныптан тыс) бағыттар, əдіс-тəсілдер сонымен қатар 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану 
бұл кезеңде тапсырмалардың барлығы дерлік сəйкес келеді. 
Сабақтан тыс жұмыстар сыныптастар арасында немесе қатар 
сыныптар арасында жүргізілетін сыныптан тыс əлеуметтік-
педагогикалық жəне тəрбие беру мақсатында жүзеге асатын дис-
куссиялар, кездесулер, саяхат жасау, музей жəне театрларға бару, 
еңбекпен айналысуға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар. 
Сабақтан тыс жұмыстар өзін-өзі басқаруға жəне сынып арасын-
да жүргізілетін оқушылардың қарым-қатынасын жақсартуға 
көмектеседі. Көп жоспарлық сыныптан тыс жұмыстар барысында 
оқушылардың мəдениеті қалыптасады. 
Сабақтан тыс жұмыстар балалардың қосымша білім алуы-
мен тығыз байланысты, себебі осы бағытта оқушының көркем 
əдебиетте, техникада, экология-биологиялық, спорттық жəне т.б 
да бағыттары қалыптасады. Оқушылардың қосымша білімі – жас 
жеткіншектердің қосымша программаларды меңгеруге, білім жəне 
тəрбие бағытында өз қалаулары бойынша таңдау алуға мүмкіндік 
беретін негізгі бағыт. Алайда қосымша білім беру бағыты мектептегі 

232
оқу-тəрбиелік үдеріспен жəне сабақтан тыс уақытта қатар жүргізілуі 
керек. 
Сыныптан (сабақтан) тыс қосымша білім берудің мақсаты – 
оқушының шығармашылық танымдылығын арттыру, өмірге дұрыс 
көзқараспен бейімделуге мүмкіндік беру, көпшілік қоғамда өзін 
қалай ұстауға тəрбиелеу. 
Балалардың сабақтан тыс жұмыс пен қосымша білім арасын 
байланыстыратын түйін əр түрлі факультатив сабақтар, мектептегі 
ғылыми қоғамдар, кəсіби бағытталудың бірлесуі, таңдау курста-
ры болып табылады. Жұмыстың мазмұны мен əдісі шешілетін 
мақсаттар мен тапсырмаларға байланысты оларды басқа да білім 
беру үдерісіне жатқызуға болады. Оқушылардың қосымша білім 
алуы əрекеттің нақты бағытындағы жəне білім аясындағы қосымша 
білім бағдарламаларын дамытуды қамтамасыз ететінін естен 
шығармау керек.
Жалпы орта білім беру жүйесінде сабақтан тыс жұмыстың 
артықшылығы оқу бағытына - оқушылардың оқу қызметіне беріледі.
Оқу əрекеті – теориялық білімдерді жəне оқу тапсырмала-
рын шешу үдерісіндегі əрекет əдістеріне бағытталған оқушылар 
əрекеттері түрінің негізгі бір түрі.
Өз кезегінде оқудан тыс əрекет – оқудың əлеуметтенуіне, оқудан 
тыс уақыттағы оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің 
өсуіне бағытталған оқушылар əрекеттері түрінің бірі.
Жоғарыда саналған оқушылар əрекетінің барлық түрлері 
тұлғалық өзіндік мінездеменің бар болуына қарамастан бір-
бірімен тығыз байланысқан, ол оқу əрекетінің бағыты жəне 
оқушылардың түрлі əрекеттерін ақпараттандыруда қолданылатын 
ақпараттық құралдар мен ресурстар бағытымен сəйкестіндірілген 
ақпараттандыру үдерісінің дамуында көрінуі тиіс. 
Оқытушылар алдындағы аталған ерекшеліктерді ескере отырып, 
ақпараттық жəне қатынастық технологиялардың артықшылықтарын 
қолдану мен қамтамасыз етуші. Оқушылардың оқудан тыс əрекетін 
ұйымдастыру міндеті қойылады: 
-  оқудан жəне сабақтан тыс əрекеттердің тиімділігі мен 
сапасының жоғарылауы; 
-   оқушылардың танымдық жəне шығармашылық əрекетінің оқу 
ақпаратын компьютерлік визуализациясы, ойын жағдайлары-
ның қосылуы, басқару мүмкіндіктері, оқушылардың оқудан 
тыс əрекеттері режимін таңдау есебіндегі активизациялау;

233
-   қазіргі өңдеу құралдарын қолдану, сақтау, ақпаратты беру, со-
нымен қатар түрлі пəн аясындағы міндеттерді шешудегі (мы-
салы, автоматтандырылған, тұлғалық оқу жүйелері, оқудан 
тыс мерекелік шаралары мен бос уақыттарды ұйымдастыруда 
қолданылатын электрондық оқулықтар) жəне аудиовизуалдық 
пəнаралық байланыстардың тереңдетілуі;
-   оқудан тыс мерекелік шаралар аясында алынған білімнің 
практикалық бағытталуының жоғарылауы;
-   информатика жəне ақпараттық технологиялар аясындағы білім, 
білік жəне дағдылардың бекітілуі; 
-   оқушылардың ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдары көмегімен дамыған тұлғалық-шығармақшылық 
əрекетіне танымдық қызығушылығының құрастырылуы;
-   оқудан тыс əрекет формаларының тəрбиелік əсерінің өсуі;
-   оқушылармен жұмыс даралау мен саралауды іске асыру; 
-   қазіргі қатынастық құралдар көмегімен оқушылардың еркін 
мəдениетті əңгімелесу мүмкіндіктерінің дамуы;
Оқушылардың оқудан тыс жəне сабақтан тыс əрекеттерін 
ақпараттандыру мақсаттарының негізгілері:
-   біркелкі ақпараттық кеңістіктің құрылуына мектепті тарту;
-   оқушыларда ашық ақпараттық қоғам дүние танымының 
құралуы, ақпараттық қоғам мүшелерінің дайындығы;
-   компьютерге əңгімелеу, оқу, өзін көрсету, шығармашылық 
қарым-қатынас жасауды құрастыру;
-   оқушылардың шығармашылық, өзіндік ойлау қабілетінің да-
муы, өзіндік іздеудің білімі мен біліктілігінің құрастырылуы, 
ақпаратты талдау мен бағалау, ақпараттық технологияларды 
қолдану дағдысына ие болуды дамыту;
-   оқушылардың танымдық жəне шығармашылық белсенділігінің 
дамуы;
-   оқушылардың тұлғалық-шығармашылық əрекетке танымдық 
қызығушылығының орнықты қалыптастырылуы;
-   назар, ес, елестету, кабылдау, ойлау, ұғымдылықтың дамуы;
-   сабақтан тыс əрекеттің барлық формаларының тəрбиелік 
əсерінің жоғарылауы;
-   жалпы орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық 
қорлардың дамуы;
-   оқытушылар, оқушылар мен ата-аналар арасындағы тиімді 
ақпараттық қарым-қатынасының ұйымдастырылуы; 

234
-   білім мекемелерінде ақпараттық ресурстардың дамуы (мектеп 
ішілік сайттар, газеттер, стендтер, медиатекалардың жəне т.б. 
жүргізілуі); 
-   Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының əлеу-
меттік-тəрбиелік жұмысқа енгізілуі;
-   мектеп ішілік жұмыста даралау мен саралауды іске асыру;
-   еркін мəдениетті əңгімелесі мүмкіндіктерінің дамуы;
-   өзара іс-əрекет пен өзара түсінушілікке үйрету;
-   баланың тұлғалылығының жан-жақты дамуы;
-   балалар мен жастардың мазмұндық бос уақыттарының 
ұйымдастырылуы;
Оқушылардың оқудан жəне сабақтан тыс ақпараттандыру 
мақсаттарына жету үшін ұйымдастырылуы керек:
-   жобалық əрекеттің өтуі мен құрастырылуы;
-   Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарына, басқа 
да ресурстарға қолжетімділік жəне оларды оқушылар, 
оқытушылар мен мектеп серіктестерінің қолдануына көмек 
көрсету (оқушылардың танымдық жəне дамытушылық 
əрекеттері);
-   Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын колда-
нумен сабақтан тыс əрекеттер (кружоктар, пəндік зертха-
налар, байқауларды жəне олимпиадаларды ұйымдастыру, 
оқушылардың жеке əлеуметтенуінің тəрбие жұмысы мен 
əрекетінің басқа да формалары дəне т.б. );
-   Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолда-
нумен көптеген ақпараттардың мектеп құралдарының жұмысы 
(Интернет желісінде жаңаланған мектеп беттері, газеттер, жур-
налдар, бейне, кабинеттердің жабдықталуы);
-   мектептегі компьютерлік клубтағы балалардың уақыты (мы-
салы, программистер клубы, Инернет-клуб, «кіші сыныптағы 
оқушыларға арналған компьютер», компьютерлік таныстыру 
клубы, компьютерлік шахмат клубы жəне т.б.)
Оқушылардың оқудан жəне сабақтан тыс əрекеттерінде 
балаларға арналған қосымша оқытуды ақпараттындыру құралдарына 
қойылатын талаптарға жауап беретін Ақпараттық-қатынастық 
технологиялардың арнайы құралдары қолданылуы керек. 
1. Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдары 
материалдарды оңай жаңалау мен олардың ұйымдастурылу 
формаларының үздіксіз жəне қатысты принциптері бойынша жаса-

235
луы керек. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының 
мазмұны толтырылу материалы оқушылардың жеке əрекетінің да-
муына бағытталған.
2. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдың мазмұны 
мен формасына байланысты оқушылардың қосымшы білім 
жүйесінде, оқудан жəне сабақтан тыс əрекеттерінің саралануын 
қажет ету есебінде жасалуы керек. 
3. Мұндай Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құрал-
дарының жұмыс істеуі оқушылардың тəжірибесі мен білімі негізінде 
құрастырылуы керек.
4. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары əрекеттің 
жылдамдығы мен траекториясының жеке мүмкіндігін көрсету керек
5. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарымен жұмыс 
жасау аяқталысымен мəнді практикалық нəтиже алынуы керек, 
мүмкіндігінше оқушылардың жеке мақсаттары да дамытылуы керек. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары кішкене уақыт 
аралығында барынша жақсы нəтижелерге жетуге мүмкіндік беруі 
керек.
6. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары оқушы-
лардың қосымша байланыс пен өзара байланыстарына қолжеткізу 
мүмкіндіктерін жасау керек.
Ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарында 
оқудан тыс əрекеттерді ақпарттандыру үшін жоғары дəрежедегі 
қатынастық мүмкіндіктер қарастырылуы қажет. Мұндай құралдар 
білім беру жүйесіндегі барлық субъектілері арасындағы коммуни-
кациялар жүйесіне сүйене отырып, түрлі қатынастық аймақтарға 
шығудың қарапайым жəне белсенді құралдарын игеруі керек. 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының осындай 
мүмкіндіктерінің арқасында оқушылардың оқудан жəне сабақтан 
тыс əрекеттері аясында қарым-қатынас жасаудың түрлі формаларын 
жасау мен дамытуға, үлкен аумақтағы географиялық аумақтардағы 
жұмыстарға қабілетті болу, шетелдік оқу əрекеттеріндегі қарым-
қатынасты негіздей алуға жағдай жасайды. 
Оқушылардың сабақтан тыс жұмыс уақытын ақпараттандыру 
үшін ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын жобалау-
да оқушылардың түрлі дараланған мүмкіндіктерін қанағаттандыру 
үшін ақпараттық-қатынастық технологияладыңр құралдарында 
техникалық, мазмұндық жəне методикалық мүмкіндіктерін оқудың 
даралану əрекетіне ерекше назар аудару керек.

236
Мұндайақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының 
құрамына практикалық оқудың негізгі кезеңін тұрғызатын 
дұрыс жауапты талап етуші тапсырмалар, дамушы тəжірибесіне 
негізделген тапсырмалар кіреді. ИКТ құралдары жұмысының 
сценариі оқушылар жылдамдығы мен траекториясының дараланған 
мүмкіндігін таңдауды қарастыруы қажет.
Оқушылардың уақыты мен сабақтан тыс жұмысын 
ақпараттандыру үшін ақпараттық-қатынастық технологиялардың 
құралдары ИКТ құралдарымен жұмыстың сыртқы мінездемесін 
қарапайым жəне үздіксіз түрде өзгертуге мүмкіндік беретін құрал-
саймандар жинағын күйге келтіру ұсынылады.
7.4 Ғылыми-əдістемелік іс-əрекеттерді 
ақпараттандыру
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі əрекет түрлерінің ажырамас 
бір түрі – ереже бойынша оқу мекемелеріндегі оқытушылар мен 
қызметкерлерге жүктелген ғылыми жəне əдістемелік зерттеу. Ереже 
бойынша мұндай зерттеулер оқушыларды оқытудың жаңа əдістері 
мен құралдарын жасауға, жастармен бірге тəрбиелік жұмысты 
ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеуге бағытталған. 
Оқытушылар қазіргі заманғы жетістіктерге педагогикалық 
үдерісті өздерінің танымдарын жүйелі түрде кеңейткенде, жекелен-
ген айғақтарды жүйеге келтіргенде, өз мамандығының əлеуметтік 
əдебиетімен танысқанда, ғылыми-зерттеу жəне ғылыми-əдістемелік 
жұмысқа белсенді түрде ат салысқанда ғана барынша жақындата 
алады. Зерттеу жұмысын қажетті деңгейде жүргізбейтін қазіргі 
заманғы оқытушы ғылыммен жəне ғылыми-негізделген тəжірибелік 
əрекетпен айналысуға мүмкіндігі бар мамандарды дайындай алмай-
тыны жалпыға мəлім. 
Оқытушылардың ақпараттық ғылыми-зерттеу əрекеттері жай-
лы айтатын болсақ, олар жасаған жүйелі баяндамалар, реферат-
тар мен есептер, олардың ғылыми жəне əдістемелік əрекетінің 
нəтижелерін бақылау мен жүйелеумен тоқтап қалмау керек. Осындай 
жобалардың орындалуы барысында ғылыми жетістіктердің белсенді 
бекітілу үдерісі жүргізіледі, ғылыми əдебиеттер мен анықтамалық 
құралдарды оқу кезінде алынған білім жүйеленеді, оқушылардың 

237
оқуы мен тəрбиеленуіне бағытталған кəсіби əрекет бағытын түзету 
қажеттілігіне қорытынды жасалады. 
Оқу орындарының ғылыми-зерттеу əрекеті ортасын 
құрастырудың аталған аспекттері ақпараттық жəне қатынастық тех-
нология құралдарының жалпы орта білім беру құрылымына енгізілу 
толық бағытын туғызады. 
Сонымен қатар, ғылыми жəне əдістемелік зерттеуді 
ақпараттандыру ерекшелігі ғылыми-зерттеудің ақпараттық жаса-
луды автоматтандыруда іске асырылған мектептегі оқу əрекетін 
ақпараттандыруда қолданылатын əдістер мен жолдардағы 
ақпараттық ресурстарды жасауға жəне пайдалануға рұқсат бермейді
Ақпараттандыру көзқарасында анықталған оқытушылардың 
ғылыми-зерттеу жəне ғылыми-əдістемелік əрекеттерінің негізгі 
құрауыштарын қарастырайық.
Ғылыми жəне педагогикалық зерттеудің жүргізілуі 
оқытушыларды қолжазбалық, баспалық жəне электрондық мате-
риалдарды жинау, оларды жұмыс істету, сыни бағалау аннотация-
сын құрастыру, зерттеу мен əдістемелік проблемаларға қатысты 
ағымдағы əдебиетті бақылау, ғылым саласында отандық жəне 
шетелдік жаңалықтардың ашылуын қадағалауды құрастыруда 
маңызды рөл атқаруы тиіс. Бұдан бөлек оқытушылар зерттеу про-
блемасына қатысы бар білім көздеріне сілтемелер жасалған түрлі 
библиографиялық баспаларды қолданулары керек. Ереже бойынша 
мұндай жұмыстың нəтижесінде өзінің ғылыми еңбектері басылады, 
əдістемелік жұмыстары жəне оқушыларға арналған оқу материалда-
ры жарияланады, диссертациялар қорғалады. 
Осыған байланысты қолданылатын ақпараттық-қатынастық 
технологиялардың құралдары ғылыми жəне əдістемелік көз-
қараста анықталған əлемдік ақпараттық ресурстарға жол ашып 
қана қоймай, кітап қорын реттеу, жасау, өткізілетін зерттеу жұмыс-
тарының маңыздылығы жағынан ақпараттық бөліктерді сақтау 
мен есептеуді көрсетуі қажет. Сонымен қатар мұндай ақпарат-
тық ресурстар мен жүйелер ғылыми жəне əдістемелік зерттеудің 
аралық жəне қорытынды бақылауларынан тұратын барлық іс-
қағаздарды тізімделмеген түрде сақтау мүмкіндігіне ие болулары 
керек.
Ғылыми жəне əдістемелік зерттеулердің көбісі ақпаратты жасау 
мен көрсетудің арнайы құралдарын колданбаса іске асуы мүмкін 
емес. Бірінші кезекте мұндай құралдар қатарына көптеген экс-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет