260
білім беру облысының құрылымын негізінде құрастыруға болады.
Сонымен қоса, бұндай бөліну құрылымды өте үлкен етеді. Түсінікті
құрылымның деңгейі мен күрделілігі оқу мақсатынан, жасалған
білім берудегі мультимедиа құралдарын қолдану ерекшелігі мен
мақсатынан бөлек əрбір нақты жағдайда анықталуы керек екендігі
анық.
Түсініктер мен олардың арасындағы байланыстың əр түрі те-
заурус атауына ие болды. Анық айтатын болсақ, тезаурус ұғымы
мағыналы қарым-қатынаспен берілген кейбір тілдердің көптеген
мағынасын білдіруші элементтер (сөздер, сөз тіркестері жəне т.б.)
деген мағынаны білдіреді.
Тезаурус көптеген ұғым тапсырмасының нақты əдісі
жəне олардың қарым-қатынасын тусіндіру қамтылған. Мысалы,
дəстүрлі жалпы тілдік тезаурус Роджет сөздігінде сипатталған.
Дəстүрлі тезаурустың кілті əрбір сөзге оның айдары көр-
сетілген (сонымен қатар, синониммен байланысты сөздер)
əліпбилік сөздікті білдіреді. Айдардың айдар түрлеріне бөліну
құрылымы сөздер көптігінде тек-түрлік байланыс туғызады. Те-
заурус ұғымы (грек тілінен thezaurus – қазына, байлық, қор)
педагогикаға сөздер мағыналы ұяшықтарға топтастырылған бір
тілдік сөздіктердің жасалуымен байланысты өмірге келген лексико-
графиядан келді.
Мультимедиа ресурстардың мазмұнды толықтырылуының жа-
салуына қажетті білім беру облысында тезаурустардың құрылуы
келесі кезеңдермен келісе отырып өткізілуі мүмкін.
1. Білім беру облысының негізгі түсініктерін қамтитын əдеби
қорларды талдау негізінде, олардың анықтамасы мен ұғымы тізімінің
жасалуын анықтау.
2. Түсініктер арасындағы байланыстар, олардың жіктелу
белгілерінің анықталуы, қарым-қатынас құрастырудың түрлі
белгілерінің сəйкестігінің байланысын қарастыруды анықтау.
3. Тезаурустың құрастырылуы – ұғымдар арасындағы өзара
байланысқан сипаттама қарым-қатынасы.
4. Иерархиялық құрылым түріндегі түсінік жүйесінің
құрастырылу үлгісі.
5. Түсініктер арасындағы қатынасты жобалаумен байланысты
анықтамаларды толықтаудың қажеттілігін анықтау.
6. Құрылған ұғым құрылымының мағыналы тұйықтыққа,
мағынаға қайшы еместігіне жəне қолжетімділікке тексеру.
261
7. Білім беру құралдарының мазмұны мен жасалуын анықтауға
қажетті білім беру облысының ұғымы жүйесін түзету мен анықтау,
концептуалды қосымшалардың жасалуы.
Құрастырылған тезаурустар келесі білім беру облысы
құрылымының құрастырылуына жəне білім берудегі мультиме-
диа ресурстарды құрастыру мақсатында жасалуға арналған өзіндік
шикізат көзі болу керек.
Тезаурусты көрнекі түрде кесте түрінде көрсетуге болады,
бұл жерде t
i
–білім беру облысының ұғымы, ал v
i
– логикалық бай-
ланыс.
3-кесте. Білім беру облысындағы тезаурусты кесте түрінде ұсыну
t
1
t
2
t
3
...
t
n
t
1
v
1
...
t
2
...
v
3
t
3
...
v
4
...
...
...
...
...
...
t
n
v
2
...
v
i
байланысын анықтау қағидасы əр түрлі болуы мүмкін. Іс-
тəжірибеге барынша жақындатылған мағынааралық байланыстың
қалыптастырылу жүйесінің тəсілдерін қарастырайық. Жеке алғанда
мағынааралық байланыстың құрылымдық жəне семантикалық
бірізділігі белгілі.
Құрылымдық байланысқа «бөлігі болу», «ие болу», «түр тармақ
болу», «тұру» жəне т.б. байланыстардың анықтамасы жатады.
Педагогикалық мағынаға ие семантикалық байланысқа «жалпы-
лау», «нақтылау», «ұқсастық», «анықтау», «жеңiлдету», «ауытқу»
жəне «түзету» қағиадалары бойынша постулаттанған байланыстар
жатады.
Байланыстың тағы екі түріне сəйкес құрастырылған
мағынааралық байланыстар бар: «мирасқор болу» (немесе «ата-ба-
ба болу») жəне «негізгі болу (немесе «көкейкесті болу «Мирасқор
болу» қатынасының сипатында «конкретизация» немесе «анықтау»
түріндегі қатынас таңдалуы мүмкін.
Пəндік жəне білім беруші облыстағы тезаурусты жобалауда
мультимедиа құралдарды мазмұнды толықтыру құрылымымен қатар
262
өзі жасаушы сипатында таңдалатын қатынастардың бірі. Егер негізгі
қатынас болып «ата-баба-мирасқор» таңдалса, онда тезаурус жалпы
түсінік орналасқан жоғарғы деңгейдегі жіктеуді ұсынады. Бұндай
ұғым жүйесі мен байланыс жүйесінің мысалы ретінде жануарлар
мен өсімдіктердің биологиялық жіктелуі немесе жалпы білім беру
ортасында жиі қолданылатын химиялық элементтердің деңгейлік
жіктелуін қарастыруға болады.
Егер өзіндік жасаушы сипатында «көкейкесті-негізгі» қатынасы
таңдалған жағдайда тезаурус күрделі объект немесе үдерістің
деңгейлік сипатын көрсетеді, ал оның жоғарғы деңгейлері өте күрделі
объектілерге (құрылымдық немесе идеялық) сəйкес келеді. Мысал
ретінде техникалық құрылғылардың (корабль, авто қозғалтқыш,
компьютер) деңгейлес сипаттамасын немесе мектеп курсындағы ма-
тематика есептерін шешудегі иерархиялық мақсаттарды (əрекеттер,
біліктер) алсақ болады.
Білім беру облысының тезаурусын құрастыруда жəне оның
мультимедиа-ресурстарды жасауда қолданылуда өзіндік жасау
қатынасын таңдау жалпы білім беру жүйесіндегі оқу үдерісінде
оның кезекті қолданылу мақсаты, формасы мен контекстімен
анықталады.
Тезаурустың анықтылығы үшін берілген кесте шын мəнінде t
i
төбесі бар граф, ал v
i
-дің а элементтері оның қабырғалары на сəйкес
келеді. Граф дегеніміз көптеген төбелер-терминдер мен көптеген
байланыстар-төбелер арасындағы байланыстар. Бірақ тəжірибе
көрсеткендей айнымалылары бар графтар (графта қабырғалары
бойынша төбесінен өзіне дейінгі жолдар) тезаурустың электрондық
нобайларын жасауға, олардың құрастырылуына, тіпті мультимедиа
құралдардың жасалуына арналған мінсіз құрылым емес. Берілген
мəселенің шешілуі алдыңғы граф-тезаурустағы айнымалылардың
жойылуы есебінде арнайы ішкі графтардың қолданылуы арқылы
іске асады.
Граф түсінігі тезаурус сипаттамасына көбірек сəйкес келетіні
анық. Бұл анықтаманы нақтылау үшін информатика курсындағы
жалпы білім берудегі кейбір түсініктердің қарапайым графтық
ұсынылуы мысалын келтіруге тырысамыз. Бұндай түсініктер сипаты-
на «Ақпарат». «Визуалді ақпарат», «Дыбыс», «Мəтін», «Графикалық
бейне», «Компьютер», «Алгоритм», «Берілгендер», «Бағдарламалау
тілі» жатсын. Олардың байланысуының берілген əдістері суретте
көрсетілген графты тудыруы əбден мүмкін.
263
Ақпарат
Визуалді
ақпарат
Берілгендер
Бағдарламалау
тілі
Дыбыс
Алгоритм
Графикалық
бейне
Компьютер
Мәтін
3-сурет. Информатика курсының жалпы білім беру түсінігінің граф
түрінде ұсынылуы
Мектеп математикасының негізгі түсінігін көрсететін графтың
басқа мысалы келесі кестеде көрсетілген. Ол жерде мындай
түсініктердің өзара байланысы көрсетілген: “Сандық мағыналар”,
“Арифметикалық ұғымдар”, “Қарапайым бөлшектер”, “Нату-
рал сандар”, “Бүтін сандар”, “Ондық бөлшектер”, “Қосу”, “Ше-
геру”, “Бөлу”, “Көбейту”. Əрине құрылымның басқа белгілеріне
негізделген түсініктердің берілгендерін байланыстыратын басқа да
құрылымның құрастырылуы мүмкін.
Білім беру облысы мазмұнының граф түрінде ұсынылуы
оқу мазмұнын жасаумен айналысатын мамандарға арналған
түсініктердің байланысы туралы кең көлемді ақпарат бере алады.
Берілген ақпараттық құрылым граф түсінігінде бар конкретизация
жолымен сол немесе одан да басқа мультимедиа ресурстарға оңай
ауысатын, сонымен қатар түсіндіру, тапсырма, тест, тəжірибелік
тапсырмалар жəне т.б. түріндегі оқу материалына сəйкес келетін
төбелердің толықтырылуымен жақсы негіз немесе «қаңқа» бола ала-
ды.
264
Сандық
мағыналар
Натурал
сандар
Арифметикалық ұғымдар
Шегеру
Ондық бөлшектер
Көбейту
Қарапайым
бөлшектер
Қосу
Бүтін
сандар
Бөлу
4-сурет. Мектеп математика курсы түсінігінің граф түрінде ұсынылуы
Графта айнымалылардың бар болуы оның өңделуін, соны-
мен қатар түсінігін қатты күрделендіреді. Айнымалылар граф
құрылымын құртады, «жалпыдан» «жекеге» жəне «қарапайымнан»
«күрделіге» өту туралы бұрын құрылған стереотиптерді бөледі, ал
бұл қағидалар оқу үдерісінің əдістемесі негізінде дəстүрлі түрде
жатыр. Айнымалылардың оқу мазмұнында немесе оқу мульти-
медиа құралында болуы кейбір түсініктерді оның анықтамасына
сүйенбей меңгеруді бастай отырып жəне одан кейінгі түсініктерді
меңгере отырып, оқушы оқып кеткен материалына қайта оралуына
əкеліп соғуы мүмкін. Бұндай жағдайда оқу материалын мазмұндау
логикасының бар болуы туралы жалғыз сұрақ туындайды. Одан
басқа циклдарға ие графтар ереше бойынша өңделуге нашар
беріледі. Барлық төбелерді кезегімен қарастырумен байланысты
ақпараттық құрылымның элементарлық аралауы бұндай жағдайда
қатты қиындатылған.
Айнымалылардың жойылуына алып келетін графтарды
өзгертудің бірнеше əдістері бар. Олардың қатарында мардым-
сыз байланыстарды жаратпау, циклдық құрылымды бір төбеге
біріктіру жəне сəйкес түсініктің қайта құрастырылуы, түсінік
пен басқа да тəсілдердің байланысу негізінде жататын белгінің
өзгеруі.
265
Білім беру облысында тезаурустардың ұсынылуымен
байланыстырылған графтарда айнымалылардың бар болуына шек-
теу енгізу əрекеті құрылым - ағаш немесе иерархиялар ақпаратын
сақтауға қолайлы анықтамаға əкеледі. Ағашты (иерархияны) айны-
малылары жоқ байланысу графы ретінде анықтайық. Қорыта кел-
генде ағаштың кейбір төбесінен бағыт бойынша жылжи отырып
біз оған қайта оралмаймыз, сəйкестендірілген мультимедиа
құралдарын қолданумен оқытудың кезектес мінездемесіне сəйкес
келеді. Бұл кезде берілген төбемен байланысты бір төбеден келесі
бірнеше төбеге өту мүмкіндігі қалады. «Ағаш» түсінігі үшін
берілген төбемен байланыса алатын төбе санына ешқандай да шек-
теу қойылмайды.
«Ата-ана төбесі ұлдарын теруді тудырады» қағидасы бойынша
байланыс тудыратын иерархиялар тезаурусты жəне білім беру об-
лысы мазмұнының көпшілігін қарапайым түрде аппроксимация жа-
сайды. Иерархия ағаштары тезаурусқа кіретін түсініктің логикалық
бағыныштылығын анық көрсетеді, «жалпы-жеке» қатынасы, төменгі
деңгейдегі түсінік арқылы түсінікті нақтылау əдістері туралы сөз
қозғауға мүмкіндік береді жəне іс-тəжірибеде жалпы орта білім
беру жүйесіне арналған мультимедиа құралдарын мазмұнды түрде
толықтыруға мүмкіндік береді.
8.3 Оқу ақпаратын гипермəтін түрінде келтіру
Білім беруші мультимедиа ресурстарды құрастыруда
гипермəтіндік технологиялардың қолданылуы тезаурустар-
ды құрудың сипатталған жолдарымен тығыз байланысты болуы
мүмкін. Глоссаримен (əліпбилік тізіммен), түсініктермен жəне
қосымша гипермедиа-ақпараттармен жабдықталған түсініктер ие-
рархиялары білім беру облысының тезаурустары болып табылады.
Бұндай тезаурус тəжірибе жүзінде гипермедиа-құралдардың тезау-
русымен толығымен сəйкес келеді: екі жағдайда да біз түсініктің
көптігімен, олардың арасындағы байланыстар жəне кейбір қосымша
ақпараттармен жұмыс жасаймыз.
Осыған байланысты білім берудегі гипермедиа ресурстардың
қабылдану үдерісі (дəстүрлі «қағаз» оқулығы) барын-
ша құрастырылған жəне ақпараттық мақаламен байланысты
ағаштың əрбір төбесіне арналған генерациямен иерархиялық
266
құрылымның айналып өту үдерісіне берілген иерархия
қаңқасына сəкес гиперсілтемеден (тезаурус түсінігі арасындағы
байланыс) жəне қосымша мультимедиа файлдарда ұсынылған
ақпараттан компьютерлік өңдеуге (тезаурус түсінігі) келуі
мүмкін. Бұл жағдайда иерархия төбесінің атауы өз кезегінде
сəйкестендірілген ақпараттық мақаланың атауымен бірдей болатын
гипермəтіннің тезарустық мақаласының кіріспесімен сəйкес келуі
керек.
Иерархия мен əліпбилік тізімнің құрастырылуы мен түзетілуі
кезінде білім беру облысы түсінігін анықтауға арналған шектеусіз
атаулар қолданылуы мүмкін. Олардың ішіне сөздер, фразалар жəне
де мағынасы бойыншы аяқталған сөйлемдер де кіреді. Бұл жағдайда
дəл осы төбелердің «көп сөзді» атауы тезаурустік жəне ақпараттық
гипермəтіндік мақалалар кіріспесіне арналып қолданылады.
Құрамында көптеген түсініктер мен олардың арасындағы
байланыс кіретін білім беру облысының тезаурусы оқу үдерісі
нəтижесінде оқушыға жететін мағыналық негізді ұсынады. Бұл бай-
ланыста мультимедиа ресурстарды қоса кез келген оқу құралының
мазмұны берілген ақпараттық иерархиямен қатаң сəйкестігі түрінде
құрастырылуы керек. Дегенмен іс-тəжірибе қалыпты оқу үдерісіне
бұл жеткіліксіз екендігін көрсетеді. Білім беру облысы тезаурусын-
да болатын ақпараттық қордың ерекшелігі оқушыларға жеткізілетін
қосымша оқу мультимедиа ресурстары қажет. Бұл ретте осын-
дай мультимедиа материалдың мазмұны, көлемі мен түрі білім
беру облысының ерекшелігіне ғана тəуелді емес, сонымен қатар
оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктеріне тəуелді түрде өзгеруі
керек.
Иерархиялық құрылымның гипермедиа жəне мультимедиа
қағидасы бойынша құралған түрлі ақпараттық объектілермен
толықтырылуы қажет. Анық айтар болсақ иерархиялық
құрылымның əрбір төбесі құрамына төбемен байланыс-
тырылған төбе параметрлері, түсініктемелер жəне көптеген
қосымша файлдар кіретін бірнеше атрибуттарға ие. Қосымша
ретінде барлық ақпараттық форматтардың файлдары болады
жəне өзінің құрамына мультимедиа ақпарат-қарапайым немесе
форматталған мəтін, бейнелер, сұлбалар, кестелер, диаграммалар,
суреттер, аудио немесе бейне жазбалар, сұрақтар немесе тесттер
жауаптары жəне т.б. кіреді. Қосылған файлдардың болуы немесе
болмауы түсінік құрылымында бейнеленбейді, бірақ оның тобында
267
білім беру мультимедиа ресурстарын жасауға қажетті ақпараттық
кешендер жүйесін ұсынады. Қосылған файлдардың құрауыштары
иерарзияның берілген түсінігіне сəйкестендірілген мультиме-
диа ресурстың гипермедиа беттерінің мазмұнын құрастыруда
қолданылады.
Кез келген гипермедиа ресурстарға қойылған тезаурустар
көмегімен жасалған стандарттық талаптардан басқа иерархияны
өңдеуде жасалатын мамандандырылған талаптарға да бағынуы
тиіс. Жеке алғанда гипермедиа құралдарды ақпараттық беттер-
мен немесе индекспен қоса құралды мазмұнды толықтыру құрамы
бар беттер барлық білім беру мультимедиа ресурстары беттерінің
кіріспе иерархиясын жəне жіктелген мазмұндамасы да қатысу
керек. Бұндай иерархияның əрбір элементі жасалатын мульти-
медиа құралдардың сəйкестендірілген бетінің гиперсілтемесі болу
керек.
Білім берудегі гипермедиа құралдардың құрылуы кезінде
оның жəне гипермəтіндік навигация жүйесін құрастыратын басқа
құралдардың беттерінің құрастырылу ерекшеліктері көрсетілген.
Əрбір гипермедиа бет кіріспесінде иерархиялық құрылым төбесіне
сəйкес келетін білім беру облысы тезаурусының элементі болып
табылатын ат жарияланады. Мультимедиа құралдары бойынша
навигациялауға ұсынылған барлық гиперсілтемелер экранда негізгі
3 топқа топтастырылуы қажет.
Олардың біріншісі («ата-ана» тобы) бетке жалғыз берілген
төбе-бетке қатысы бар төбе-ата-анаға сəйкес келетін гиперсілтемеден
тұрады. Басқаша айтқанда, бұл топ жарияланатын түсінікке арналған
бетке қатысты гиперсілтемеден тұрады. Берілген топ əрқашан тек
бір гиперсілтемеге ие болатыны ағаш-иерархия түрінде, əрбір төбе
бірден көп емес ата-анаға ие бола алады деген мəліметтер ұйымының
сипатталған ерекшеліктерімен келісілген. Бұдан «ата-ана» тобы
ешқашан бос бола алмайтынын (бұл ағаштың байланысу сипатына
қарама-қайшы болар еді), соңына қарай білім берудегі гипермедиа
құралдың ең бірінші негізгі титулдық беті ереже бойынша басқа
беттерге сілтеме берсе де, мультимедиа ресурстардың мағынасын
толықтыра алатындай болу керек.
Екінші топ («ұлдар»тобы) ағымдағы беттің мазмұнын
толықтыратын немесе нақтылайтын гиперсілтемелерге ие. Мұндай
гиперсілтемелік түсініктің иерархиялық құрылымына берілген
төбе ата-анасы болып табылатын төбе-ұрпақтар сəйкес келеді.
268
Гиперсілтемелердің бұндай бөлінуі оқушы деңгейі төмен мате-
риалды қарауға күтпеген жағдайда гипермəтіндік беттерді барын-
ша ыңғайлы қарастыру мүмкіндігін туғызады, егер гипер мəтіндік
ақпараттық мақаланың мазмұны оны қызықтырмаса немесе ол
үшін белгілі болса жəне керісінше егер гипермəтіндік мақаланың
материалы пайдаланушыға пайдалы немесе қызықты болса, ол
гипермəтіндік мақаланың берілген ақпараттық бағыт туралы нақты
материалдарға ие анық жазылған жəне топтастырылған кіріспелерін
пайдалана алады. «Ұлдар» тобы бірнеше гиперсілтемеге ие болатын
жағдайлар болуы мүмкін.
Гиперсілтемелердің соңғы үшінші тобы («ағалар» тобы) негізгі
беттің мағыналық деңгейіне ие иерархияда ағалар төбесіне сəйкес
келетін ақпарат бар бетке сілтеме жасайды. Басқаша айтқанда
бұндай топ дəл сол мезетте қаралып отырған бетке қатысы бар,
материал тақырыбына немесе туысқандық «тақырып» материалы-
на ұқсас гипермəтіндік мақалалар кіріспесін атап айтуды қамтиды.
Қорыта келгенде иерархияның берілген деңгейін ұсынушы барлық
түсініктермен танысу үшін оқушыға үшінші топтағы гиперсілетемге
сілтеме жасайтын барлық «ағалар-беттерін» кезегімен көрсету
жеткілікті. «Ағалар» тобы бос болмауы керек, сол уақытта
қарастырылып отырған беттің ерекше əдіспен белгіленген аз деген-
де бір гиперсілтемесі болу керек. Осының арқасында оқушы қарап
отырған бет «ата-ана»-«бауырлар»-«ұлдар» мағыналы иерархиялық
жүйесінде қандай орынға ие екендігі жайлы қосымша ақпаратқа ие
бола алады.
Білім берудегі гипермедиа құрал беттерінде гиперсілтемелердің
осылай орналасуы бір гипермəтіндік беттен басқасына өтуінің
динамикалық өзгерісі қағидасының жүзеге асуы жайлы айтуға
мүмкіндік жасайды. Гипермəтін беттері арасында қолданушылық
өтумен байланыстырылған мағыналық деңгейдің өзгеруі
(иерархиялық түсінікті бастапқы түрімен берілген мағыналық
түсінікке қатысы бар) экранда визуалданған гиперсілтеме жүйесі де
өзгереді: онда алдыңғыдай жоғарыда көрсетілген үш топ белгілен-
ген, бірақ гиперсілтемелердің өздері не топтар арасында орналаса-
ды, не берілген мағыналық деңгейге қатысы жоқ сияқты экраннан
жоғалып кетеді. Сонымен, мысалы, «ұлдар» тобы гиперсілтемесінен,
«ата-ана» тобы гиперсілтемесінен өту кезінде жаңа ғана қаралған
гипермəтіндік бетке араласады, «бауырлар» тобының гиперсілтемесі
ауысуға дейін «ұлдар» тобында болған көптеген гиперсілтемелерге
269
араласады. Өз кезегінде иерархияның ішкі ағашы құрылымымен
сəйкес келетін, төбемен байланысты, білім беруші гипермедиа
құралдардың ақпараттық мақаласында мағынасы жасырын тұрған
тезаурустік түсініктің əдісі болатын «ұлдар» тобы толығымен
жаңаланады.
Мультимедиа-ресурстардың автоматтық генерациясында осын-
дай қағиданың қолданылуы оқушыға ұсынылған ақпаратты оңай
түсінуге мүмкіндік береді: нақты мультимедиа материалды меңгере
отырып, ол қажет кезде оны тəлпіштей алады, ұқсас түсініктердің
сипаттамасын көреді немесе мазмұнды материалдың көлемді түріне
өте алады. Мультимедиа ақпаратпен жұмыстың осындай əдісі жал-
пы орта білім беру жүйесінде оқу үдерісінің тұлғалық жоғарылауына
бағытталған.
Одан басқа оқытушылар мен оқушылардың орналасуы білім
берудегі гипермедиа құралдардың барлық беттерін қарастыратын бір
бетке барлық ұлдар беттері қаралатын алгоритм пайда болады, одан
кейін бауырлар бетіне өту жүзеге асады. Егер бауырлар беттерін жəне
олармен сəйкес келетін ішкі ағаштарды қарау аяқталса, ата-ана бетіне
өту іске асса, онда қарау циклы ата-ана бауыры үшін қайталанады.
Ақпараттық мақалаға сəйкес сол немесе одан бөлек түсінікті меңгере
отырып, оқушы түсінік пен түсініктерді көлемдейтін меңгерілген
түсінік мағынасына бағынышты туыстық түсініктің тізімін көреді.
Мультимедиа ресурсқа арналған осындай навигацияда оқушы өзінің
гипермедиа ақпаратымен танысып қана қоймай берілген білім беру
облысының түсінігі арасындағы мағыналық байланысының толық
суретін алады.
Осындай қасиеттерге ие білім беруші гипермедиа құралдардың
жасалуы жалпы білім беру облысында бар білім беру облысының
ерекшеліктеріне, мазмұны мен білім беру жүйесінің басқа
əдістемелік кешеніне ешқндай қатысы жоқ екендігі анық. Қазіргі
заманғы мектепке сəйкес келетін мектеп пəндерінің немесе
оқу əрекетінің түрлеріне тəуелсіз олардың ақпараттандырылуы
гиперсілтемелердің динамикалық өзгерісі сипатталуын қадағалайтын
гипермедиа құралы қорында мүмкін бола алады. Мұндай жағдайда
оқытушылар мен оқушылар басқаруға біркелкі навигацияның
ақпараттандыру құралдары бойынша инвариант қағидасын, муль-
тимедиа құралдармен операциялау, сонымен қатар сəйкес ақпарат-
тандыру құралдарының оқу үдерісінде қолданудың біркелкі
қағидасын алады.
270
Сипатталған технологияны пайдалану кезінде білім берудегі
мультимедиа-ресурстың құрылуы мен жедел өзгеруі иерархиялық
модель құрылымының мазмұны мен алдыңғы өңделуі жұмысының
режимінде іске асады. Білім берудегі гипермедиа құрал-
дардың жасалу жəне түзетілу үдерісінің автоматтандырылуы
мəтінді жазу бойынша жаттанды жұмысты иерархиялық құры-
лымды жасаудың арнайы тілдеріне жəне олардың ақпараттық
гипермедиа-қосымшаларына сəйкес ауыстыруға мүмкіндік береді.
Мультимедиа ресурс мазмұнының кез келген кезекті өзгерісі оның
құрылымының айқын түзетілуіне немесе ақпараттық гипермедиа-
мақалалардың қазіргі кезде бар қажетті иерархиясына жəне келесі
мультимедиа құралдарды қайта жинақтауға қосылуына əкеліп
соғады.
Білім берудегі мультимедиа-ресурстардың дизайны мен интер-
фейсінің əзірленуі осындай құралдарды маңызды толықтыруды
құрастыру сияқты өте маңызды болып табылады.
Оқытушылар мен психологтар жүргізген зерттеулер
компьютерлік оқытушы бағдарламалар жұмысының тиімділігі
көбінесе бағдарламалық интерфейстің сипатында анықталады.
Мультимедиа-ресурстардың дизайны оқушылардың əрекетіне,
шаршауына жəне басқа да маңызды көрсеткіштердің қатарына
тікелей əсер етеді. Сондықтан білім беру ортасының интерфейс
дизайны интуициялық деңгейде жасалмауы керек. Ғылыми
негізделген, өлшенген жəне ойластырылған жүйелік көзқарас
қажет.
Білім беруші мультимдеиа-құралдардың интерфейсін құрастыру
жайлы ұсыныстарды:
Достарыңызбен бөлісу: |