293
Мұндай бағаламаушылық білім беруді ақпараттандыру үдерісінің
мəнімен жалпы түрде танысумен түсіндіріледі.
Жалпы түрде талдау оқыту үдерісіне ақпараттық-қатынастық
технологиялардың енгізілуі компьютерлік құралдардың көмегімен
оқушыларға көрсетілетін оқытушыға белгілі мазмұн ретінде
қабылданады. Мұндай əдіс оқушылардың көрнекі-бейнелі жəне
теоретикалық бейнелі ойлауын жандандыратын мүмкіндіктерін
қолданылмаған етіп қалдырады.
Оқушыларды оқытуда ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын қолдануда қазіргі заманғы педаго-гикалық
кадрлардың дайындығын қалыптастыру үдерісінде оң əсер беретін
бірнеше негізгі факторлар бар. Əсіресе, мұғалімдердің біліктілігін
көтеретін көпдеңгейлік жүйені құру қажет.
Білім беруді ақпараттандыру жағынан қарасақ, барлық оқыту-
шыларды екі негізгі категорияға бөлген жөн: дайын ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдарын қолданатын оқытушылар
жəне педагогикаға бағытталған компьютерлік құралдарды
құрастырушы оқытушылар. Оқытушылардың бірінші категориясы
соңғы деңгейге дейінгі қолданушыны дайындауға бағытталуы керек.
Оқытушы компьютермен қарапайым жұмыс жасаудың дағдыларын
меңгеруі, кең таралған əмбебап бағдарламалық пакеттер жайын-
да алғашқы түсінік алуы, мəтіндік редакторлармен, электронды
таблицалармен жұмыс жасап үйренуі, өз пəні саласында дайын
компьютерлік бағдарламалармен жұмысты меңгеруі, əріптестерімен
жəне оқушылармен телекоммуникация құралдарымен, əлемдік
ақпараттық көздерге қол жеткізу құралдарымен қарым-қатынас жа-
сауды меңгеруі қажет.
Оқушыларды оқытуда ақпараттық-қатынастық технологи-
ялар құралдарын қолдануға тырысатын пайдаланушы-оқыту-
шыға ақпараттық білім беру технологиялары негізінен
психологиялық-педагогикалық дəрістер курсын өту ұсынылады.
Мұндай курстарды практикалық түрде жүзеге асыру көптеген əр
түрлі қиындықтар туғызады, себебі оның мазмұны психология-
лық-педагогикалық пəндер циклы мен бағдарламалық пен
компьютерлік жəне телекомуникациялық технологияларды
аппараттық жабдықтаумен байланысты пəндердің түйіскен жерін-
де орналасқан. Бірақ тиісті əкімшілік қолдаулар арқылы, егер оны
оқуға əр түрлі мамандар қосылса, мұндай курс шындық болуы
мүмкін.
294
Өздігінен қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды
құрумен айналысатын екінші категориялы мұғалімдердің дайын-
дығы білікті қолданушы немесе бағдарламалаушыны дайын-
дау деңгейіне жақындау керек. Бұл электрондық ресурстардың
құрылымын рационалды жобалау жəне түсіну үшін өте қажет.
Құрастырушы-оқытушылар үшін курста біліктіліктің жоғарылауы
немесе өздігінен құрастыру негіздерімен жəне ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдарын қолданумен, осыған бай-
ланысты педагогика жəне психология негіздерімен танысу маңызды
болады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын құрастыру
барысында жүйелік жəне қолданбалы бағдарламалаушылар, пси-
хологтар, дизайнерлер, эргономика саласындағы мамандардың
қатысуымен құрылған шығармашылық ұжымның болуы қажет,
бірақ сапалы жобаның құрылуының жеткілікті шарты болмайды.
Білім беретін электрондық ресурстың негізгі ойы, мазмұны мен
идеясы пəн оқытушысымен ұсынылып, жетілдірілуі керек. Со-
нымен қатар, оған өзінің ойлары мен идеяларын қолданып жатқан
аппаратураның, бағдарламалық жабдықтаманың, құрастырушылар
ұжымының кəсіптік дайындығы деңгейінің нақты мүмкіндіктерімен
үйлестіру қажет.
Оқушыларды оқытуда қолданылатын электрондық ақпарат-
тық ресурстардың тек педагогикалық қана емес, бағдарла-
малық құралдар болуына байланысты, оқу материалының
құры-лымын мұқият тексерусіз олар арқылы оқу курсының
мазмұнды бөлігін беру мүмкін емес. Осылайша, бүкіл курс бо-
йынша ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын
реляциялық жобалау үшін құрастырушы-оқытушыларға оқу
пəнінің мектептік материалы жайында жалпы құрылымдық-
жүйелік түсінігі, мамандандырылған құралдармен жəне оқу
құралдары мазмұнын құрастыру технологиялары жөнінде түсінігі
болуы қажет.
Құрастырумен жəне ақпараттық-қатынастық технологиялардың
құралдарын қолданумен белсенді түрде айналысатын оқытушылар
оқыту үдерісінде білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолдануға
дайындығының жеткілікті деңгейін иеленуі қажет. Бұл дегеніміз
оқытушылар қолданушы дағдыларын иеленуі керек, бағдарламалау
жайында түсінігі болуы жəне өз пəнінің мамандары болуы керектігін
білдіреді.
295
Білім беру саласында ақпараттық-қатынастық технологиялар-
дың құралдарын қолданатын мұғалімге қойылатын талаптар
барлық педагогқа ұсынылатын дəстүрлі талаптан, білім беруді
ақпараттандыру үдерісінде қазіргі заманғы ақпараттық техноло-
гияларды қолданумен жəне ақпараттық-қатынастық технология-
ларды практикалық қолдану құралдарымен байланысты ерекше
(спецификалық) құрастырылуы қажет.
Дəстүрлі талаптарға мыналар жатады:
Ұйымдастырушылық (жұмысты жоспарлау, оқушылардың топта-
суы, т.б.);
- Дидактикалық (оқу материалын нақты таңдау жəне дайын-
дау біліктілігі, құрал-жабдық; оқу материалының қолжетімді,
анық, мəнерлі, дəл жəне жүйелі түрде берілуі; танымдық
қызығушылықтарын жəне рухани қажеттіліктерін дамытуды
ынталандыру);
- Перцетивтік (тəрбиеленушілердің рухани əлеміне кіру
біліктілігі, олардың эмоциялық жағдайларын обьективті түрде
бағалау, психикалық ерекшеліктерін ашу);
- Коммуникативтік (оқушылармен, олардың ата-аналары-
мен, əріптестермен, оқу орындарының басшыларымен
педагогикалық қарым-қатынас жасай білу);
- Суггестивтік (оқушыларға эмоционалдық-ерікті əсер ету);
- Зерттеушілік (педагогикалық жағдайлар мен үдерістерді тану
жəне обьективті бағалай білу);
- Ғылыми-танымдық (таңдаулы салада ғылыми білімді меңгеру
қабілеттілігі);
- Пəндік (оқыту пəнін кəсіптік деңгейде білу).
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану
жағдайында сəйкес талаптар барынша өзгертіледі. Мысалы,
электрондық пошта арқылы жүзеге асырылатын виртуалды
оқу сабағын немесе консультацияны жүргізу барысында суггес-
тивтік немесе перцетивтік қабілеттерді көрсетудің қиынды-
ғын елестетуге болады. Педагогқа дəстүрлі педагогикалық
техника, əсіресе вербальді емес қарым-қатынас құралдары қажет
болмайды:
- экспрессивті-мəнерлі қозғалыс (жүріс-тұрысы, дене қимылы,
мимика, т.б.);
- такесика (қол алысу, жақындау, т.б.);
- проксемика (бағыт, қашықтық, т.б.);
296
- просодика мен экстралингвистика (интонация, дауыс, тембр,
үзіліс, күлкі, т.б.).
Сол уақытта қазіргі заманғы ақпараттандыру құралдарымен жəне
білім берудегі электронды басылымдармен жұмыс жасауға қажетті
ерекше талаптар ерекшеленеді. Мұндай талаптардың ішіне, мыса-
лы, оқытушының дидактикалық қасиеттерді білуі мен ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдарымен қолдану біліктілігі
кіреді.
Компьютерлендірілген ақпараттық білім ортасында мұғалім-
дердің спецификалық қызметіндегі психологиялық-педагогикалық
мəселелер бүгінгі күнге дейін əлі зерттелмеген өз ерекшелігі бар.
Сонымен қатар, жан-жақты білімді ақпараттандыру технологияла-
ры мен құралдарының таралуына қарамастан оқу үдерісін басқару,
оқушыларды дамыту жəне тəрбиелеу тəрізді мұғалімнің негізгі
міндеті маңызды болып қалуы қажет.
Жалпы орта білім беруге жаңа ақпараттық технологиялар-
ды енгізуге жəне құрастыруға педагогикалық кадрларды дайын-
дау əкімшілік қолдаусыз мүмкін емес. Себебі, оқушыларды
оқытуда ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын
қолдануға педагогтардың дайындығын қалыптастыру үдерісінде
оқытушылардың ескішілдігімен қоса үлкен кедергі – оқу орын-
дарының ұйымдастырушылық құрылымының салғырттығы.
Мұның дəлелі ретінде сəйкес қосымша оқыту қызметкерлерінің
жетіспеушілігіне, мұғалімдердің қызметіндегі жаңашыл конструк-
тивті ынталандыру мен мақұлдаудың тапшылығына, оқу үдерісін
ақпараттандыру бойынша жұмыс үшін оқытушылар уақытының
жетіспеушілігіне əкелетін мектеп əкімшілігінің қызметіндегі
мəселелерге сілтеу жасау жеткілікті болады.
Білім беруді ақпараттандырумен айналысатын білікті маман-
дар ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолда-
нумен оқытуға байланысты стандарттар мен саясатты өндірудің
қажеттілігін көрмейді жəне қатынаспаушылық тəрізді келеңсіз
көзқарастарды ұстанады. Осыған байланысты білім беруді
практикалық ақпараттандыруға бастапқы кезде педагогтардың
үлкен дайындық дəрежесіне бағдарланған, жалпы орта білім берудің
қазіргі заманғы ұйымдастырушылық инфрақұрылымын құруға
бағытталған əкімшілік саясат қажет.
Шетел мемлекеттерінің тəжірибелері қазіргі заманғы ақпараттық
жəне қатынастық технологияларды құру жəне енгізу мəселелеріне
297
педагогикалық қоғамның қызығушылығын ынталандыруға арналған
мамандандырылған басылымдарды жариялаудың орындылығына куə
болады. Ондай басылымдар мамандардың кең тобына бағытталуы
керек:
- барлық дайындық деңгейі мен барлығына бағытталған
педагогтарға;
- жалпы орта білім беру жүйесінің əкімшілігіне;
- əр түрлі мектептік пəндердің оқытушы-əдіскерлеріне;
- компьютер мен адамның қарым-қатынас интерфейсі,
графикалық айқындауыштар, жасанды интеллект, компью-
терлік техника, телекоммуникация жүйелері тəрізді əр түрлі
ақпараттық жəне қатынастық технологиялар саласындағы
мамандардың;
- психологтардың;
- эргономистердің;
- əлеуметтанушылардың;
- тіл мамандарының.
Ондай баспалар білім беруді ақпараттандыру мəселелерімен
айналысатындардың қызметтерін байланыстыратын буын, тəжірибе
алмасу, құрастыру жəне білім мен біліктілікті тасымалдайтын
орталық болуы қажет.
Оқытушылардың оқу үдерісінде ақпараттық құралдарды қолдану
мен құрастыруға дайындығын қалыптастыруға конкурстарды өткізу,
жаңашылдардың еңбегін мадақтау, сонымен қатар каталогтардың
келесі басылымдармен құрастырылған электрондық ақпараттық
ресурстардың сертификациясы себепші болады. Сетрификатты беру
мен мағлұматтарды жариялау каталогтағы сертификацияланған
бағдарламалар жайлы оқытушы-құрастырушылардың ғылыми
жəне əдістемелік еңбектердің тізіміне құрылған электрондық оқу
құралдарын қосуға дəлелдеме беру қажет.
Аталғандардың басқасынан оқыту үдерісінде ақпараттық техно-
логияларды қолдану бойынша конференцияларда тəжірибелермен
тікелей тұлғааралық алмасу маңызды нəтижені береді. Есте қаларлық
жағдай, ондай конференциялар баяндамалардың мазмұнымен
жақынырақ танысуға ғана емес, сонымен қатар, оқытуға арналған
бағдарламалық жабдықтамалардың өнімдерін көруге, жалпы орта
білім беруді ақпараттандыруға бағытталған ақпараттық-қатынастық
технологиялардың құралдарын қолданудың жəне құрудың əр түрлі
тəсілдерін салыстыруға мүмкіндік береді.
298
10.2
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы
оқытушыларды дайындау жүйесі
Ақпараттандыру құралдарын пайдалану оқытушылардың
еңбегінің қарқындануына, сонымен қатар оқушыларды оқытудың
тиімділігіне оң əсер етеді. Сонымен қатар, кез келген мұғалім
ақпараттық жəне қатынастық технологиялардың енгізілуінің
жеткілікті оң əсерден көп жағдайда ақпараттық құралдарды қолдану
оқушыларды оқыту тиімділігінің жоғарылуына əсер етпейді, ал
кейбір жағдайда ондайды қолдану кері əсер тигізетінін растайды.
Мұндай орынды жəне ақталған оқытуды ақпараттандыру мəселесінің
шешуі кешенді жəне жан-жақты жүзеге асырылуы қажет. Соны-
мен қатар, оқыту ақпараттық жəне телекомуникациялық техноло-
гиялар құралдарын мүлтіксіз, орынды, ретті қолдану білім беруді
ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды дайындау мазмұнына
кіруі қажет.
Білім беруді ақпараттандыру негіздеріне болашақ жəне қазіргі
мұғалімдерді кешенді түрде оқыту қажет. Ол үшін оқытушылардың
дайындығын жүйелендіруге мүмкіндік беретін, олардың мазмұнын
аса іргелі жəне үнемі өзгеріп, дамып отыратын ақпараттандыру
құралдарына тəуелділігін азайтатын оқыту мақсаттары мен
принциптері жүзеге асырылды.
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды
дайындайтын негізгі мақсаттар:
- білім берудегі ақпараттық жəне телекомуникациялық техноло-
гияларды қолданудың жағымды аспектілерімен танысу;
- ақпараттық қоғамда білім беруді ақпараттандырудың рөлі мен
орны туралы түсінікті қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен ақпараттық-қатынастық технология-
лардың құралдарын тиімді қолдану салалары туралы түсінікті
қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен білім беру технологияларын құру,
өңдеу, ұсыну, ақпаратты сақтау мен тасымалдау ортасында
тиімді қолдану саласы туралы түсінікті қалыптастыру;
- ақпараттандырудың жалпы əдістерімен, оқу үдерісінің
дəл қажеттіліктерімен, оқу орындарының оқудан тыс,
ғылыми-зерттеушілік жəне ұйымдастырушы-басқарушылық
қызметтерін оқу нəтижелерін басқару жəне өлшеумен танысу;
299
- олардың сапаларының принциптері мен əдістерін бағалауға
негізделген білім беруді ақпараттандыру құралдарына
қойылатын талаптар туралы білімін қалыптастыру;
- ақпараттық білім беру ортасын енгізу жəне қалыптастырудағы
оқытушылардың қатысуға деген нық əрекетін жасау;
- қалыптасып келе жатқан білім беруді ақпараттандыру тіліне
оқыту (терминологияны параллельді жүйелендіру мен бекіту);
- оқытушылардың қазіргі заманғы əлемде ақпараттық
технологиялардың рөлі мен орнын оқушыларға түсіндіруге
қосымша мүмкіндік беру.
Білім беруді ақпараттандыру саласында оқыту мазмұнындағы
бірінші кезектегі орындардың бірін білім берудегі ақпараттық жəне
телекомуникациялық технологияларды орынды, дəл жəне тиімді
қолдану алады.
Егер ақпараттық технологияларды қолдану білім беру жүйесінің
қажеттіліктеріне нақты жауап беретін болса, онда ақпараттық
құралдардың көмегінсіз оқыту мүмкін емес жəне қиын болса, тек осы
жағдайда ақпараттық технологияларды қолдану орынды болады жəне
оқытуда тиімділіктің жоғарылауына алып келеді. Оқытушыларды
дайындау жүйесіндегі оқу үдерісіне қатысты, сондай-ақ оқытушы
қызметтерінің басқа саласына қатысты анықталатын бірнеше шарт-
тар тобымен таныса кету қажет.
Бірінші топқа оқушылардың белгілі білім жүйесін
қалыптастырумен байланысты қажеттіліктерді жатқызуға бо-
лады. Мұндай қажеттіліктер бірнеше пəннің мазмұнымен қатар
танысқанда, пəнаралық сипаты бар сабақтарды өткізу барысын-
да туындайды. Сонымен қатар олар микро- жəне макроəлемдер
элементтерін оқығанда, сондай-ақ дəстүрлі оқытуда табылмайтын
бірқатар түсініктерді, теориялар мен заңдылықтарды оқу қажет
болғанда туындайды.
Екінші топтың қажеттіліктері оқушылардың репродуктивті
іскерліктерді меңгеру қажеттіліктерімен анықталады. Бұл топтың
қажеттіліктері есептеу, есептеудің нəтижелерін өңдеу, тексе-
ру жағдайларында туындайды. Мұнымен қоса, екінші топтың
қажеттіліктері əр пəн бойынша типтік біліктіліктерді өңдеу жəне
жалпы білімдік біліктіліктерді (жалпы педагогикалық – жүйелендіру
жəне классификациялау, талдау жəне синтездеу, тəжірибені
рефлексивті жоспарлай білу, ақпаратты жинау жəне талдауды жүзеге
асыру) қалыптастыру барысында туындайды.
300
Үшінші топтың қажеттіліктері оқушылардың шығармашылық
шеберліктерін қалыптастырумен анықталады. Мұндай қажеттіліктер
бірнеше мүмкін шешімдердің ішінен біреуін таңдауға болатын
оңтайландырылған міндеттерді шешу кезінде, ең үнемді шешімді
немесе үдерістің жүрісі барысында аса ұтымды шешімді қабылдау
кезінде туындайды. Бұл топтың қажеттіліктері берілген гипо-
тезаларды тексеруде есептің шешу мен қойылымы барысында,
конструктивтік-комбинаторлық шығармашылық шеберліктерін
дамыту қажеттілігі барысында туындайды. Сонымен қатар бұған
үрдістерді модельдеу қажеттілігінен шығатын немесе оқушыға
үдерістер мен оқиғалардың өтуіне əсер ететін факторлар тура-
лы тұжырым жасауына мүмкіндік береді. Ең аяғы, нақты оқу ор-
нына қол жетпейтін, жүргізу барысында құралдарды қажет ететін
зертханалық тəжірибелер барысында туындайтын қажеттіліктерді
де жатқызуға болады. Мұндай зертханалық тəжірибе педагогикалық
өлшемдер аясында жүргізілуі мүмкін жəне сонымен қоса ақпараттық
жəне телекомуникациялық технологиялардың қажеттілігін өз аты-
нан еліктіруі мүмкін.
Төртінші топтың қажеттіліктері оқушыны тəрбиелеу,
оқушыларда белгілі бір тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру
қажеттілігімен байланысты. Төртінші топқа жататын қажеттіліктер
əлеуметтік, экологиялық жəне басқа да мəселелерді шешу
арқылы оқушыларды адамгершілікке тəрбиелеу мүмкіндіктерін
құратын модельдеуді ұйымдастыру үшін туындайды. Сонымен
қатар, білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолданудың
қажеттіліктері оқушыларда басқа адамдарға, өзіне жəне өз ағзасына
қатысты жауапкершілік сезімді қалыптастыру үшін туындауы
мүмкін.
Жоғарыда аталған қажеттіліктермен қатар, ақпараттық жəне
телекомуникациялық технологияларды орынды жəне тиімді қол-
дану үшін оқытушыларға электрондық басылымдар мен ресурс-
тарды қолданудың, білімді ақпараттандырудың негізгі жағымды
аспектілерін білуі қажет. Ондай аспектілерді білу мұғалімдерге
оқушылардың жұмысының қазіргі заманғы ақпараттандыру
құралдарымен байланысты кері жағдайларды азайтуға жəне
артықшылықтарды көбейтуге əкелетін ақпараттандыруды қолдануға
көмектеседі. Оқытушылар дайындығының сипатталған жүйесіне
ақпараттандыру құралдарын қолданудың мүмкін болатын кері сал-
дарымен танысу қосылуы қажет.
301
Келтірілген факторлар бір жағынан, білім беруді ақпараттан-
дыру саласындағы педагогикалық кадрларды дайындау жəне қайта
дайындау қажеттілігін айғақтайды. Екінші жағынан, келтірілген
мəселелер оқушыларды «көп болса, жақсы болады» деген ұстаным
бойынша білім беруде Ақпараттық-қатынастық технологиялардың
құралдарын қолдану жалпы орта білім беру жүйесінің тиімділігін
жоғарылатуға əкелмейді. Ақпараттық-қатынастық технологиялар
құралдарын қолдануда өлшенген жəне нақты дəлелденген əдістеме
қажет.
Осылайша, кəсіптік қызметте ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялардың құралдарын тиімді жəне дəйекті қолдану үшін
оқытушылардың дайындығының мазмұнына келесі компоненттер
мен тақырыптар кіруі қажет:
1. Қазіргі заманғы ақпараттық жəне телекомуникациялық
технологиялар жəне оларды білім беруде қолдану. Білім беруді
ақпараттандырудың жағымды жақтары. Білім беруді ақпараттандыру
құралдарын қолданудың мақсаттылығы мен тиімділігі. Білім беруді
ақпараттандыру жəне қоғам өмірі.
2. Білім беруде қолданылатын аудиовизуальдық жəне
техникалық құралдардың түрлері. Компьютерлер жəне олардың
түрлері. Перифириялық құрылғылар. Мультимедиа технологиялары
мен құралдары. Білім беруде пайдаланылатын телекомуникациялық
құралдар.
3. Ақпаратты сақтау жəне ұсыну технологиялары. Ақпараттық
модельдеу технологиялары. Ақпаратты тасымалдау технологияла-
ры. Оқыту құралы ретіндегі компьютерлік желілер ресурсы.
4. Оқу үдерісіндегі ақпараттық жəне телекомуникациялық
технологиялар. Білім беруде пайдаланылатын ақпараттық жəне
қатынастық құралдары сапасын бағалау əдістері. Күндізгі жəне
қашықтық оқытудағы ақпараттандыру технологиялары. Білім беруді
ақпараттандыру құралдарын қолдану негізінде оқытудың саралануы
мен жекеленуі.
5. Басқаруды ақпараттандыру жəне оқыту нəтижелерін өлшеу.
Оқудан тыс қызметтерді ақпараттандыру. Ғылыми жəне əдістемелік
зерттеулерді ақпараттандыру.
6. Оқу
орнының
ұйымдастырушылық-басқарушылық
қызмет-
терін ақпараттандыру. Ақпараттық технологиялар жəне ата-аналар-
мен жұмыс жасау.
302
7. Ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыратын фактор-
лар жүйесі. Ақпараттық білім беру кеңістігі ақпараттық білім беру
ортасының жүйесі ретінде.
Қорытындылай келе, білім беруді ақпараттандыруда оқы-
тушыларды оқытуда басты бағыт техникалық жəне компьютерлік
құралдармен технологиялық аспектілермен жұмыс жасап оқытудан
білім беретін электронды басылымдар мен ресурстарды таңдау жəне
орынды қолдануға, дұрыс мазмүнды қалыптастырып оқытуға өту
қажет. Қазіргі заманғы оқытушы педагогикалық оқу орындарын-
да оқытылып жатқан, информатика курсының мазмұнына кіретін,
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар саласындағы
білімдерді иеленумен ғана емес, сонымен қатар өз кəсіптік
деңгейінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың мама-
ны болуы қажет.
10-тарау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Білім берудегі ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялар-
ды енгізу шарттарына сай оқытушы қандай сапаларды иеленуі қажет?
2. Оқытушылардың кəсіптілігі білім беруді ақпараттандыру үдерісінің
қарқындылығына қалай əсер етеді?
3. Ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану
үшін оқытушыларда қандай білім, білік, дағдылар болуы қажет?
4.
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды
дайындаудағы негізгі мақсаттар қандай?
5. Ақпараттық-телеқомуникациялық технологияларды тиімді қолдану
үшін оқытушыларды дайындау мазмұнына қандай тақырыптар
енгізілуі қажет?
6. Ақпараттық-телекомуникациялық технологияларды ұтымды пайда-
ланатын оқытушы моделі қандай?
7. Оқытуда ақпараттандыру құралдарын қолданудағы оқытушылардың
дайындығын жоғарылату үшін ең тиімді қадамдарды атаңыз.
8. Басқаруды ақпараттандыру жəне оқыту нəтижелерін өлшеуді қалай
түсінесіз?
9. Оқу орнының ұйымдастыру-басқару қызметтерін ақпараттандыруды
қалай түсінесіз?
303
11-ТАРАУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖƏНЕ ОҚЫТУ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
11.1 «Электрондық оқыту» ұғымының мəні мен мазмұны
Е-learning термині Web базасындағы CD-ROM тренингтері
негізіндегі компьютерлік курстарды Internet технологиялардың
қарқынды дамуы ығыстырған уақытта 1999 жылы пайда
болды. Олармен аймақтық бөлінген ұйымдардың қызметкерлерін
қамту өте оңай жəне арзанға түсті. Мұндай орталықтандырылған
оқу үдерісін басқаруды ұйымдастыру оңай əрі тиімді болып табы-
лады. Бұл желі білім алушыларды, оқытушылар мен менеджерлерді
байланыстыратын консолидерген виртуалды ортаны құруға жол
ашты.
Бірақ, көп уақыттың өтуіне қарамастан, e-learning термино-
логиясы тұрақтала қоймады. Əлі күнге дейін бірыңғай, жалпыға
түсінікті, тұрақты, мамандарға түсінікті бір де бір электрон-
ды оқытудың түсінігі қалыптаспаған. Көптеген əр түрлі ұқсас
терминдері бар. Мамандардың көбі e-learning оқытуды
интернет технологиясыны қолданумен құрылған деп ойлай-
ды. Мысалы, М. В. Моисеева, Е. С. Полат, М. Ю. Бухаркина-
лар «e-learning – педагогикалық технологияларды жүзеге асыру
үшін, интернет технологияларды оқытуда қолдану» деп анықтама
береді. P.J.Edelson, V.V. Pitman жəне т.б. e-learning-ді online
оқыту ретінде қарастырады, басқа да Web-based training, CBT-
computer Based Training, BadrulKhan сияқты авторлары e-learning-
ті оқу үдерісіндегі интернет жəне мультимедиалық технология,
ақпараттық технологияларды қолдану ретінде ұсынды. ЮНЕСКО
мамандары «e-learning – интернет жəне мультимедиа көмегімен
оқыту» ретінде анықтама берді. Анықтамалардың əр түрлілігіне
қарамастан, барлық жоғарыда аталған авторлар e-learning-ті
компьютерлік, ақпараттық, интернет технологияларын қолданып
оқыту базасы ретінде қарастырады.
Е-learning туралы толығырақ еуропалық комиссия жаңа ақпа-
раттық технология, мультимедиалық технология жəне интернетпен
оқу сапасын көтеру үшін сервис пен ресуртарға қолжетімділікті
жақсарту үшін жəне де нақты уақыт режимінде бірігіп жұмыс жасау
жəне қашықтықтан біліммен алмасу деп анықтама береді.
|