Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет32/33
Дата16.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#62782
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
bilimdi akparattandyru


337

 оқыту  үдерісінің барлық кезеңдерін қамтиды: курсты 
құрастыру, оқыту үрдісін жоспарлау, тыңдаушыларға курстың 
жəне басқа қажетті материалдардың жеткізілуін, оқыту бары-
сын бақылау жəне талдау;
- аудиториядағы күндізгі оқыту тəрізді оқытуға толықтай 
мүмкіндікті беретін корпоративтік жаңа көзқарасты 
электрондық курстарды қолдану арқылы қашықтықтан 
оқытуды ұсынады;
 -  оқу курсының білім алушылары мен басқарушыларына Web-
интерфейс арқылы өзбетіндік жұмыс жасау мүмкіндігін береді, 
сондай-ақ оқытудың тиімділігін арттырады жəне мекемедегі 
білім беру үрдісінің қаржылық шығынын қысқартуға 
көмектеседі;
-     үлкен мекеме үшін бұл көптеген қызметкерлерді бірыңғай меке-
меде қабылданған стандарттар мен ережелерге сай оперативті 
оқытудың мейлінше сапалы, тиімді жəне пайдалы əдісі болып 
табылады;
-  оқытуды дербестендіру мүмкіндігін береді. Əрбір топ үшін 
тыңдаушылар  жəне əрбр жеке тыңдаушы үшін оқытудың 
дербес жоспары жоспарлануы мүмкін. Тыңдаушы оқытудың 
классикалық үрдісін жəне білімді беру үрдісін беру арқылы 
қажетті ақпаратты қажетті салада жылдым алу мақсатында 
экспертпен оперативті қарым-қатынас жасау мүмкіндігін ала-
ды.
ҚОЖ «қиын» кемшіліктері, Oracle МКБЖ қажет етеді.
-  WebTutor  қашықтықтан оқыту жүйесі келесі модульдерден 
тұрады:
1. Оқу курсының редакторы, интербелсенді жаттығулар редак-
торы, тест редакторы, бақылау сұрақтары  қамтылған қашықтықтан 
оқытуды басқару модулі;
2. Оқу порталын басқару модулі порталдың ақпараттық материал-
дары редакторын, ұйымдастырылған құрылымды/қолданушыларды 
енгізуді сақтау орнын; форумдарды басқару/модельдеуді қамтиды;
3. Мəліметтермен алмасуға арналған шлюз. Бұған қызметкерлерді 
есепке алу жүйесінен мəлметтерді енгізу, (Active Directory, LDAP-
мен интеграция);  кез келген реляциялық мəліметтер қорының 
негзінде құрылған қоймағы мəліметтерді экспорттау кіреді; 
Кез келген масштабтағы филиалдық желісі бар компания үшін 
WebTutor  таратылған қашықтықтан оқыту жүйесінің негізінде оқу 

338
материалдарымен (SCORM, AICC) алмасудың халықаралық стан-
дартын қолдайды.
- «Прометей» жүйесі модульдік архитектурасы қажетінде жүйені 
кеңейтуге, модернизациялауға жəне масштабтауға мүмкіндік береді. 
Жүйе келесідей модульдерден тұрады.
-   типтік Web-узел – оқу орталығы, курстар мен пəндер тізімін, 
ұйымдағы Интернеттегі немесе Интернеттегі тьюторлар тізімі  
туралы ақпаратты беретін HTML-беттерінің жиынтығы;
-   «Администратор» АЖМ (Автоматтандырылған жұмыс модулі). 
Модуль администратордың өз қызметтік міндеттерін орында-
уын қамтамасыз етеді. Оның міндеттеріне келесілер жатады: 
жүйені басқару, оның компонеттеріне қолжетімділік құқығын 
шектеу, жаңа тьюторларды жəне ұйымдастырушыларды тіркеу. 
Қолданушы Желіге қосылған кез келген клиенттік компьютер-
мен жұмыс істей алады.
-   «Ұйымдастырушы»  АЖМ.  Модуль  ұйымдастырушылардың 
өздерінің қызметтік міндеттерін орындауын қамтамасыз етеді: 
оқушылар тобын қалыптастыру, тыңдаушыларды тіркеу, оқыту 
ақысын төлеуді жəне оқу материалдарын жіберуді бақылау.
- «Тьютор» АЖМ. Бұл модуль тьютордың өзінің қызметтік 
міндеттерін орындауын қамтамасыз етеді. Оның міндеттеріне 
мыналар жатады: тыңдаушыларға кеңес беру, олардың 
үлгерімін бақылау, тестілеу, сынақ кітапшасына бағаны қою, 
басшылыққа есеп беруді қалыптастыру.
-  «Тыңдаушы» АЖМ. Бұл модуль тыңдаушыны курсты оқып-
үйренуге арналған барлық қажетті құралдармен қамтамасыз 
етеді. Тыңдаушы тьютормен жəне курстастарымен қарым-
қатынас жасай алады, курстың электрондық версияларын 
оқып-үйренеді, зертханалық жұмыстарды орындай алады, тест 
тапсыра алады, қатемен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады.
-   «Трекинг» модулі мəліметтер қорында оқу орталығының Web-
серверінде орналасқан ақпараттық материалдарға деген ха-
барламаларды есепке алады, сондай-ақ кім не туралы, қашан 
жазғандығы, ия ақпаратты қарағандығы  туралы есепті береді.

«Курс» модулі курсқа тыңдаушылар, тьюторлар, 
ұйымдастырушылар жəне администраторлар тұрғысынан 
қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Əрбір қолданушы үшін 
курстар тізімі топтағы оның неге мүшелігінің негізінде 
қалыптасады.

339
-  «Тіркеу» модулі жаңа тыңдаушылар жүйесіне тіркейді жəне 
олар туралы ақпаратты мəліметтер қорына енгізеді.
- «Тест» модулі əрбір тыңдаушы үшін тест тапсырмасын 
қалыптастырады. Мəліметтер қорында сұрақтардың жауабын 
сақтайды, оларды талдайды жəне алынған балды есептейді. 
Тестті тапсыру туралы нақты есепті тіркейді жəне оны келесі 
талдау үшін серверде  сақтайды. 

 «Тест дизайнері» интербелсенді режимде жаңа тесттерді 
құруға, бұрыннан бар тесттерді мəтіндік файлдан кеңейтуге 
жəне өзгертуге мүмкіндік береді.
-   «Есеп» модулі төлемақының түсуін бақылауды жəне оқу мате-
риалдарын таратуды бақылауды қамтамасыз етеді.
- «Есептер» модулі оқу мекемесінің іс-əрекеті туралы түрлі 
есептерді қалыптастырады.
-   «Курс дизайнері» модулі автономды режимде, оларды  кейіннен 
оқу орталығының серверінде орналастырылатын электронды 
оқу курстарын құруға мүмкіндік береді. Жергілікті компьютер-
ге орнатылған жеке программаны білдіреді. Бұл компьютерді 
Желіге қосу міндетті емес. 
-  жүйенің кемшілігі Microsoft өніміне тіркелгенінде болып та-
былды, сондықтан масштабтануы жеткіліксіз.
Naumen Learning – оқу орталғының жұмысын, оқу материалдарын 
дайындау мен қашықтықтын оқытуды жүзе асыруды автоматтандыруға 
арналған кешендік жүйе. Naumen Learning арқылы мыңдаған пайдала-
нушылар жоғары жəне орта арнайы оқу мекемелерінде, корпоративтік 
оқу жəне тренинг-орталықтарында жəне консалтингтік компаниялар-
да электрондық формада оқудан өтеді.
Аталған жүйенің артықшылығы мен мүмкіндіктері:
-  жұмыс орнынан жəне жеке компьютерінен үзіліссіз интернет 
арқылы қашықтықтан оқыту жəне тестілеуден өту мүмкіндігі;
-   кез келген ыңғайлы уақытта оқыту, оқытудың персоналданған 
программалары;
- ағымдағы, бұрынғы жəне жоспарланатын оқыту туралы 
барлық қажетті ақпарат қамтылған ыңғайлы жеке кабинет. 
Қарым-қатынас пен презентацияның тіркелуі, оқытушымен, 
əріптестерімен қатынас, білім базасы;
-   жоспарланған оқу жағдайлары туралы хабарлама;
-  əртүрлі қалаларда орналасқан тыңдаушылардың үлкен тобын 
қашықтықтан оқыту мүмкіндігі;

340
-   оқу ақысының орта бағасының төмендеуі; 
-  динамиканы бақылап отыру мүмкіндігі жəне оқыту үрдісін 
қатысусыз басқару.
Оқу мекемелерінде Naumen Learning-ді қолдану саласы 
оқушыларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жəне оқу 
курстарын басқару. Жүйе барлық оқу мекемесінле немесе жеке 
бөлімшелерде, филиалдарда, факультеттерде жəне кафедраларда 
қолданылуы мүмкін.
Шешілетін міндеттер:
-  оқу мекемесінің электрондық архивін құру;
-  оқушыларды қашықтықтан оқытуды жүргізу мүмкіндігі;
- оқытудың түрлі кезеңдерінде оқушыларды электронды 
тестілеу;
-  оқушылардың үлгерімі туарлы аналитикалық есептерді құру 
мүмкіндігі;
- кері байланыс жүйесін жəне оқу мекемесінің ақпараттан-
дырылған потенциалды жəне əрекет етуші тұтынушылар 
қызметін құру.
J2EE платформасына негізделеді жəне операциялық жүйеге 
бекітілмеген.
- «Униар» компаниясы дайындаған «ДОЦЕНТ» (Қашықтықтын 
оқытушы орталық) автоматтандырылған қашықтықтан оқыту 
жүйесі жоғары дəрежелі қашықтықтан оқытудың программалық-
əдістемелік құралдарының кешенін құрайды, сондай-ақ интер-
нет интранет технологияларына жəне білім берудің компьютерлік 
оқытушы программалары жəне тестілеу жүйелеріне негізіндегі 
қазіргі əдістемесіне негізделген тыңдаушыларды қайта даярлау жəне 
тестілеу.
ДОЦЕНТ құрамына келесілер кіреді:
- таңдаушыларды қайта даярлау мен тестілеуге бағытталған 
оқытудың автоматтандырылған қашықтықтан оқыту жүйесі;
-  оқытушы жəне  бақылаушы программаларды құрудың аспаптық 
құралдары;
- берілген күрделілік бойынша жеке тестерді құру мен 
генерациялауға арналған графикалық қабықша;
- есеп пен статистиканы, түрлі формадағы есепті енгізуге 
арналған оқу орталығының орталықтандырылған мəліметтер 
қорын сүйемелдеу құралы;
-  оқытушы программалар жиынтығы;

341
- автоматтандырылған жұмыс орны: «Адмиистратор АЖО», 
«Куратор АЖО», «Оқытушы АЖО», «Тыңдаушы АЖО», Вир-
туалды оқу орталығының қызметін қамтамасыз ететін үрдіс.
Кемшілігі – пайдаланушыларда ҚОЖ интерфейсінде кедергілер 
кездеседі, ҚОЖ қызметінің жеткіліксіздігі жəне Microsoft өніміне 
тіркелуінде.
- e-Learning Server коропкалық өнімі Интернет/Интранетте өзіндік 
оқу орталығын  құруға жəне қашықтықтан оқытудың толықтай циклін 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу орталығының сервисіне 
келесілер кіреді: оқытушыларды, курстарды жəне білім алушы-
ларды электрондық деканатқа тіркеу, курстың, оқу жоспарының, 
сабақ кестесінің материалдарын қалыптастыру; on-line дəрістер, 
семинарлар, сынақтар, тестілеу, тренингтер жүргізу; білім алушы-
лар мен оқытушылардың конференциясы, чаттар, хабарландыру 
тақтасы арқылы қарым-қатынасын қалыптастыру, сонымен қатар 
кітапханаларды құру жəне əртүрлі типтегі статистиканы енгізу. 
Модульдік архитектура, ашық код жəне құралдарды баптау жəне 
интеграциялаудың қызметі негізінде e-Learning Server жылдым 
кеңейтіледі. IMS жəне AICC-қа толықтырумен SCORM 2004 специ-
фикациясын қолдайды. 
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға 
арналған ЖОО-на арналған нұсқасы, жүйенің ядросының қызметінен 
басқа келесідей негізгі қасиеттерді қамтиды:
- мамандықтар мен бағыттарын жоспарлауды қалыптастыру (оқу 
мекемесінің талаптарына сəйкесінше);
- мысалы, семестр аяқталғаннан кейін білім алушыларды топтық 
аудару, есепке алу, оқудан шығару жəне т.б., 
- кредиттік жүйені сүйемелдеу (credit learning – Болон келісімімен 
сəйкесінше).
Еркін таратылатын LMS\LCMS
OpenSource жүйесінің LMS\LCMS талдау негізінде келесілер 
ерекшеленген: ATutor, Claroline, Dokeos, LAMS, Moodle, Sakai. 
Сұрыптаудың негізгі көрсеткіштері жүйені қолдау дəрежесі жəне 
көптілді сүйемелдеу болып табылады. 
ATutor жеткіліктілік жəне бейімділік идеясын есепке ала отырып 
дайындалған оқу контентін басқарудың еркін таратылатын web – 
бағдарланған жүйесін білдіреді. Администраторлар бірнеше минут 

342
ішінде Atutor-ды өңдей жəне инсталлизациялай алады жəне өзінің 
жүйені безендіру шаблондарын дайындай алады. Оқытушылар on-
line сабақты жүргізу үшін оқу материалын жылдам жинақтайды, 
мазмұнын құрылымдайды. Білім алушылар оқытудың бейімделген 
ортасында жұмыс істейді.
Claroline (Classroom Online) – оқытушылардың тілегін есеп-
ке алу негізінде қашықтықтан оқыту сайттарын құру платформа-
сы. Лувен университетінің католикалық педагогика жəне муль-
тимедиа институтында жасалған. PHP/MySQL/Apache орнатуды 
талап етеді. Ол 2000 оқушыларға дейін қабылдай алады. Claroline 
сабақты құруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды басқаруға 
мүмкіндік береді. Қосымшасы викторина, форумдар, календарь, 
құжатқа қолжетімділікті шектеу қызметін, сілтеме катологын, білім 
алушылардың табыстарын бақылау жүйесін, авторизация модулін 
қамтиды.  
Dokeos-(fork) Claroline (версия 1.4.2.) тармағына негізделген 
қашықтықтан оқыту сайттарын құру платформасы. Тармақ 
түпнұсқаны сол немесе басқа бағытта өзгерту мақсатындағы еркін 
таратынатын программалық өнімнің клонын білдіреді.
Dokeos-Claroline дайындаушылардың алдыңғы командасының 
кейбір мүшелерінің жұмысының нəтижесі, сондай-ақ олар 
келесілерді ойлап тапты:
- қосымша бағытын өзгертуді. Енді олар университетке қарағанда 
мекемелерде қолдануға ыңғайлы. Claroline үлкен көлемдегі 
білім алушылар мен курстар санын сүйемелдеуде көрінетін 
университеттік орта үшін жақсы бейімделген. Dokeos 
кəсіби клиенттерге, мысалы, кəсіпорын қызметкерлеріне 
бағдарланған. 

платформаға арналған қосымша сервистер жиынын 
ұйымдастыруға. Dokeos атауы қосымшаға да, сонымен қатар 
платформаға: хостинг, интеграцияланған контент, қосымша 
модульдер жасау, техникалық сүйемелдеу жəне т.б. əртүрлі 
сервистер жиынтығын ұсынатын бірлестікке де жатады.
Тармақ жақын уақытта ерекшеленгендіктен, екі қосымша да қазір 
бір-біріне ұқсайды, сондай-ақ олардың эргономикасында, интерфейс 
құрылымында, функционалында қазірден бастап байқалатын кейбір 
айырмашылықтар бар.
Moodle-online-сабақтар мен оқытушы web-сайттарды ұйымдас-
тыруға арналған жүйе. «Moodle» сөзі - «Modular Object-Oriented 

343
Dynamic Learning Environment» сөзінің аббревиатурасы. Орыстілді 
ортада «Мудл» жəне «Моодус» (модульдік объектіге-бағдарланған 
динамикалық басқару ортасы).
Ол кез келген РНР сүйемелденетін операциялық жүйеде: Unix, 
Linux, Windows қолданылады. Мəліметтер MySQL  жəне PostgreSQL 
мəліметтер қорында сақталады, бірақ басқа мəліметтер қорын 
басқару жүйелері қолданылуы мүмкін.  Программа жеңіл орнаты-
лып, орнатылуы мен программаның жаңа версияға көшуде өңделуі 
қиындық тудырмайды.  
Moodle   қашықтықтағы ортада оқыту үдерісін толықтай 
сүйемелдеу үшін кең спектрлі мүмкіндіктер ұсынады, атап айтқанда 
оқу материалын берудің түрлі тəсілдері, үлгерімді бақылау мен 
білімді тексеруде. Өзінің қызметтік мүмкіндіктері бойынша, 
ұсынылатын электрондық оқыту жүйесінің пайдаланушыларға 
арналған оқып-үйренудегі қарапайымдылығы мен қолдануға 
 
ыңғайлылығы көптеген талаптарды қанағаттандырады. Қазіргі 
кезеңде оны əлемнің ірі университеттерінде қолданады.
Sakai оқу білім беру кеңістігін ұйымдастырудың онлайн жүйесін 
білдіреді.  Sakai   дайындаушылар бірлектігімен сүйемелденетін 
түпкілікті коды толықтай ашық жүйе болып табылады. Жүйеге IMS 
Common Cartridge, SCORM стандарттары мен спецификациясын 
сүйемелдеу кіріктірілген.
Ашық кодты жүйелер коммерциялық жүйелер шешетін тап-
сырмаларды шешуге мүмкіндік береді, бірақ мұнда пайдаланушы-
ларда нақты жүйені өз қажеттіліктеріне жəне ағымдағы білім беру 
жағдайына қарай ақырына дейін жасау жəне бейімдеу мүмкіндігі бар.
Қашықтықтан оқытуды табысты енгізудің тағы бір құпиясы 
сəйкесінше нақты талаптарға байланысты программалық 
қамтамасыз етуді дұрыс таңдау болып табылады. Бұл талаптар білім 
алушылардың қажеттіліктеріне, оқытушылардың қажеттіліктеріне 
жəне көп жағдайда оқытудың барысы мен нəтижелерін бақылау 
қажет администратордың қажеттіліктеріне қарай анықталады.
ҚОЖ-н екі  топқа шартты түрде бөлуге болады:
-  құралдардың толық жиынтығы бар жүйелер – оқыту материал-
дарына, топпен оқытуға жəне білімд бағалауға қолжетімділікті 
қамтамасыз ететін құрал-саймандардың толық жиынтығы 
бар жүйе: BlackBoard 5.5; Educator; The Learning Manager 3.2; 
WebCT 3.7 (3.8) Campus Edition; WebCT Vista 1.2; NauLearning 
жəне т.б.

344
-   Bazaar 7; Claroline 1.2.0; 1.4; ATour 1.3; 1.4; Sakai; Moodle 1.1 
жəне т.б. программаның түпкілікті кодын модифициялауға 
мүмкіндік беретін лицензиямен дайындалған жəне таратылған 
ашық коды бар жүйелер.
-   Дизайн құрал-саймандарының толық жиынтығы жүйесі – курс-
ты құруға, жүйенің сыртқы түрін редакциялауға жəне шаблон-
ды құруға Moodle 1.1;  ATour 1.3 (1.4); The Learning Manager 
3.2; BlackBoard 5.5 (6) жəне т.б.
-  Мейлінше танымал жүйелер - ANGEL 6.0; BlackBoard 5.5; 6; 
WebCT 4.1 Campus Edition жəне т.б. пайдаланушылар арасында 
көбірек таратылған.
-  Оқытушының жұмысын толықтай сүйемелдейтін жүйелер – 
курсты басқару, оқытушыға көмек, бағалау, студент ағымын 
басқару қызметін сүйемелдейтін жүйелер:  NauLearning; 
ANGEL 5.6; 6.0; Anlon 4.1; ATour 1.3; 1.4 жəне т.б.
Ыңғайлылық үшін салыстырмалы талдау жүргізуде əрбір топтан 
бір адамнан таңдау қажет етіледі (5 жүйе 5 топтан).
Бірінші топқа BlackBoard 5.5 бөлінеді, қалғандарынан бұл 
жүйеде оқытушы материалға, топпен оқытуға жəне оқушыларды 
бағалауға қолжетімділікті қамтамасыз ететін толықтай құрал-
саймандар жиынтығы бар. 
Екінші топта Bazaar 7 таңдалады, бұл жүйе толық ашық коды 
бар жүйе.
Үшінші топта Moodle 1.1, бұл өте танымал қашықтықтан оқыту 
жүйесі, онда курсты құруға, жүйенің сыртқы түрін редакциялауға 
жəне шаблондарды құруға  құрал-саймандардың көп жиынтығы бар.
Төртінші топта ANGEL 6.0 іріктеледі, ол басқа жүйелермен 
салыстырғанда мейлінше танымал жүйе болып табылады.
Бесінші топта NauLearning. Тобында NauLearning  оқытушының 
жұмысын жақсы сүйемелдейді (курсты басқару, оқытушыға көмек, 
бағалау, студент ағымын басқару). 
Талдау жасау үшін көрсеткіштерді ерекшелеу жəне 
көрсеткіштерге салмақ беру керек. Салмақ қашықтықтан оқыту 
саласындағы мамандардың эксперттік бағалау əдісімен анықталған. 
Толық кесте 28 бет ұзындыққа ие, мейлінше маңызды көрсеткіштерді 
қарастырайық. 1-кестеде келтірілген, сəйкесінше көрсеткіштердің 
бағалары жəне салмағын көбейтіп, нəтиже аламыз. 

345
1-кесте. Қашықтықтан оқыту  жүйесінің көрсеткіштерін салыстыру
Жүйелер
Angel
6.0
Bazaar
7
Black 
Board 
5.5
Moodle
1.1
Nau-
Learning
Көрсет-
кіштер 
салмағы
критериялар
Форумдар
7
7
5
7
6
3
Ішкі пошта
6
6
0
0
6
3
Жазба кітап,
журналдар
5
5
0
5
4
2
Чат
6
3
5
6
6
4
Видеосервистар
5
0
0
0
1
4
Сынып тақтасы
5
0
5
0
1
5
Пландау прогресі
6
5
5
7
6
4
Координировалық 
анықтама
6
7
6
7
7
6
Курс бойынша іздеу
4
3
5
6
5
5
Синхронизациялық 
 оффлайн жұмысы
3
0
4
0
3
5
Топтық жұмыс
4
5
3
7
4
4
Өзіндік бағалау
7
6
5
8
7
8
Қатысушы 
портфолиосы
5
6
5
7
6
5
Идентификация
8
8
7
8
8
10
Курстық рұқсат
8
7
6
8
5
7
Тіркеу анықтамасы
4
5
6
6
5
3
Автоматтық 
тестілеу бағасы
9
6
7
9
8
10
Басқару курсы
8
6
5
7
6
8
Мұғалімге көмек
8
8
8
8
8
7
Онлайн 
аттестациясы
8
6
7
8
6
5
Қатысушының 
маниторингі
9
6
6
9
7
4
Курстық шаблон
6
6
6
6
5
7
Оқыту планын 
басқару
8
7
5
5
6
7

346
Сыртқы пішінін 
өзгерту
7
6
5
6
4
6
Оқытушының 
түрлендіру əдісі
5
4
4
5
4
3
Оқытушылық 
стандарттың 
сəйкестігі
6
7
6
7
6
5
Кленттік браузерге 
талап
8
8
8
8
8
9
Мəліметтер қорына 
талап
8
8
8
8
6
5
Серверді 
программалық 
қамтамасыздандыру
7
6
6
7
6
5
Windows сервер
8
8
8
8
8
4
шығындар
1
8
8
8
3
9
Программалық 
ашық кодтар өнімі
0
7
0
7
0
9
Қорытынды
1160
1124
1025
1234
1022
Талдау нəтижесінде Moodle өте жақсы қашықтықтан оқыту 
жүйесі деген тұжырым жасауға болады. Ол толыққанды қашықтық-
тан оқытуға қажетті барлық мүмкіндіктерге ие жəне оқыту үдері-
сінде пайдалануға мейлінше тиімді. 
Moodle-дің беретін мүмкіндіктерінің дəрежесі бойынша 
танымал комерциялық ҚОЖ салыстыруға болады, сонымен қатар 
олардан ашық түпкілікті кодымен таратылатындығымен ерекше-
ленеді – бұл жүйені нақты білім беру жобасының ерекшеліктеріне 
сай баптауға мүмкіндік береді, қажеттілігіне қарай жаңа модульдер 
қосуға болады. 
11.5 LMS Moodle мүмкіндіктерінің сипаттамасы
Moodle –  бұл сапалы қашықтан оқыту курстарын жасауға 
арналған қашықтан оқыту ортасы. Бұл программалық өнімді 100-ден 
аса əлем елдерінің университеттері, мектептері, компаниялары жəне 
тəуелсіз оқытушылары пайдаланады. Өз мүмкіндіктері бойынша 
Moodle оқу үдерісін басқарудың белгілі коммерциялық жүйелерімен 

347
салыстыруға келеді, сонымен қоса олардан табысты түрде ашық 
алғашқы кодтарымен таралуымен ерекшеленеді, осының өзі оны 
кез келген ерекше білім беретін жобаларда, жаңа қызметтермен 
толықтырып пайдалануға мүмкіндік береді. 
Moodle-дің басқа мүмкіндіктерінде атап көрсету керек:
-   білім алмасудағы оқу тапсырмаларын бірігіп шешу үдерісіндегі 
білім алуды белсенді формада ұйымдастыруға мүмкіндік 
беретін зертханалық білім беру технологиясына бағдарлау;
-   коммуникацияға арналған зор мүмкіндіктер: əртүрлі формат-
тағы файлдармен алмасу, тарату, форум, чат, білім алушылардың 
жұмыстарына сын пікір жасау мүмкіндігі, ішкі пошта жəне т.б.
-   əртүрлі бағалау жүйесін қолдану мүмкіндіктері (балдық, ауыз-
ша);
-   білім алушылардың жұмыстары туралы толық ақпарат алу 
мүмкіндігі (белсенділігі, оқу жұмыстарының мазмұны мен 
уақыты, портфолио);
-   жалпы қайта программалаусыз құрастырылған стандартқа 
сəйкес өзгертулерді енгізу мүмкіндіктері;
-   білім деңгейі əртүрлі, физикалық мүмкіндіктері əртүрлі 
(мүгедектерді қоса), əртүрлі мəдениеттегі адамдармен жұмыс 
істеуге арналған ынғайлы программалық интерфейс;
-   мoodle жүйесінде курстардың форматының 3 түрі бар: формум, 
құрылым (күнтүзбеге байланыссыз оқыту модулі), күнтүзбе 
(күнтүзбеге сəйкесінше оқыту модулі). Курста кез келген 
қорлар санымен (веб-беттер, кітаптар, файлдарға сілтеме, като-
логтар) жəне кез келген курстың интербелсенді элементтерінің 
саны болуы мүмкін.
Бұл элементтерге жататындар:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет