304
Соңғы уақыттарда e-learning 2.0 термині көптен таралуда. Ол
Web 2.0 технологиясын қолданумен байланысты электрондық
оқытуды ұйымдастыру ортасындағы үдерісті көрсетеді. e-learning-
нен басты айырмашылығы қашықтықтан оқыту курсын қолдану,
білім алушыларға оқытуды жүргізу мақсатында жеткізіледі жəне
e-learning 2.0 Web 2.0 құралының блогтар, wiki, əлеуметтік желілерін
қолдануды мақсат етеді.
Электрондық оқыту (e-learning) – бұл, коммуникациялық жəне
ақпараттық технологиялардың қазіргі құралына мультимедиа
құралдарына, бейне байланыс құралдарына сүйене отырып, оқытушы
мен білім алушы, білім алушылардың өзара əрекеттестіктерінің
басқаша формасын ұсынатын арнайы оқыту формасы. Басқада
оқу формасы секілді, əрбір оқу жүйесі тəрізді компонентті
құрамы: мақсаттан, барлық оқу формаларына шартталған əлеу-
меттік тапсырыстан, мазмұннан, əр түрлі əрекеттестіктегі
анықталған бағдарламалардан, оқу мекемесіндегі нақты стандарт-
тардан, əдістерден, ұйымдастыру формаларынан, оқу құралдарынан
тұрады.
Е-learning-нің артықшылықтары мен кемшіліктері
Е-learning–нің дəстүрлі оқытумен салыстырғандағы басты
артықшылықтарының бірі, жекелілік болып табылады, білім
алушылардың оқыту материалдарын таңдау мүмкіндігінің бар
болуы, оқытудың интеллектуалды жүйесі деп аталатын шапшаң-
дықты реттеу жəне оны игеру уақытының бар болуы. Оқу ақпара-
тының берілуінен жəне білімнің меңгеруін бақылауынан оқыту-
шыларды босатады, əрбір білім алушымен жекелей оқытуға
уақыт табылады, ал қазіргі электрондық пошта сияқты
коммуникациялық технология құралдары бұл қатынасты ыңғайлы
əрі жылдам етеді.
Е-learning технологиясын қолдану білімді бағалау, дағдысы
жəне дəрежесі жайлы қажетті ақпаратты толығырақ алуға мүмкіндік
береді, сонымен қатар сұрақтарға кеткен уақыт жайлы, амалдар
саны, үлкен қиындықтар туғызған сұрақтар мен тапсырмалар жəне
т.б. көрсетеді. Осындай ақпараттарды ала отырып, өтіліп жатқан
оқытуды басқаруды əлдеқайда жеңілдетеді.
Е-learning-нің маңызды артықшылығы осы бағдарламаны
қолдана отырып, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды оқыту үшін
305
қолданылуы болып табылады. Сонымен қатар бұл электрондық
оқыту дəстүрлі күндізгі оқу формасына өз себептеріне байланыс-
ты келе алмайтын азаматтарға сапалы білім беру мүмкіндігін
береді. Мысалы, тұрғылықты жерінде сапалы білім беретін оқу
орнының жоқтығы. e-learning-нің тағы да бір артықшылығы
бұл өндірістен ажырамай оқу мүмкіндігі, сонымен қатар
дəстүрлі күндізгі оқумен салыстырғанда бағасы тиімді болады.
Алғашқы жоғарғы инвестициялардың қажеттілігіне қарамастан,
электрондық оқыту дəстүрлі күндізгі оқытумен салыстырғанда
əлдеқайда арзан.
e-learning-ді қолдану артықшылықтарының арасынан ақпаратты
жақсы меңгеру бағытындағы педагогикалық артықшылықтарды
бөліп көрсетуге болады:
- Қолжетімді оқу құралдарының əртүрлілігі. e-learning элек-
тронды оқытуды қолдану барысында оқу ақпаратын əр түрлі
əдіспен ұсыну оқытушы үшін шек қоймайды: дəстүрлі иллю-
страциялар мен бейнероликтертерден бастап, анимациялық
схемаларға дейін қолданылады.
Барлық осы құралдар дəстүрлі күндізгі оқытуда да қолданыла
алады, алайда ол көп қолданылмайды, ал e-learning де бұл міндетті
түрде қолдануды талап етеді. Нəтижесінде, бұл электрондық оқыту
дəстүрлі күндізгі оқытумен салыстырғанда өте тиімді болып табы-
лады.
- Қолданылған технологиялардың икемділігі. Интербелсенді
курстың қолдану аясы шектеусіз. Оқытушы қойылған
тапсырмаға байланысты мультимедиалық материалды əр түрлі
бағытта бере алады: автономды құрал, тақырып бойынша
анықтамалық, дəріске қатысты материалдар, білімді бақылау
жүйесі жəне т.с.с.
Қазіргі компьютерлік технологияларды қолдану негізіндегі
интербелсенді курстардың жоғарғы сапалы жұмысымен байланысты
техникалық артықшылықтарды да бөліп айта кеткен жөн. e-learning-
нің білімдегі техникалық артықшылықтарына мыналар жатады:
Оқу материалдарының сандық табиғаты.
- Тарату. Дербес компьютерлер немесе басқада интербел-
сенді құралдарды қолдану үшін оқу курстары құрылады.
Баспа сөз басылымдарынан айырмашылығы мəліметтерді
тасушылар (аудио жəне бейнедисктар, кассеталар),
интер-белсенді материалдарды физикалық тасымалдау-
306
шылардың еш қатысынсыз, мысалы, Интернет арқылы тараты-
ла алады.
- Өзектендіру. Əр бір жаңа мəліметтер, толықтырылған
мəліметтер немесе өзгертулер, сонымен қатар фактілік жəне
техникалық түзетулерді қайта басып шығармаса түзетуге бол-
майды (оқулық, диск, бейнелекция). Мультимедиялық курс
абсолютті ыңғайлылық пен қысқа уақыт ішінде жəне ешқандай
шектеусіз өз мазмұнын өндіруге мүмкіндік береді.
- Интеграция. Интернеттің дамуымен жəне байланыс желілердің
ауқымының өсуімен, оқу материалдырының дəстүрлі фор-
масынан бұрын мультимедиалық материалдардың басты
артықшылығы минималды шығындармен ақпаратты шексіз та-
рату мүмкіндіктері бар. Осындай өзгешелікпен қашықтықтан
оқыту кешені қазіргі уақытта таратылуда, дəстүрлі – күндізгі,
кешкі, сырттай жəне жедел оқыту формалары дербес формасы-
на айналуда. Сонымен, e-learning-ді қазіргі оқу жүйесіне енгізу
қажетті буын болып барады.
- Кең қолжетімділік. Қашықтықтан оқыту жүйесін қолданғанда
немесе онлайн курсын өтуде төменгі немесе орта буынды дер-
бес компьютерді қолдана білу жеткілікті жəне минималды
қосымша құрылғылар жинағының (дыбыстық динамика жəне
CD привод) бар болуы жеткілікті, сонымен қатар жылдамдығы
64 кб\сек жəне одан жоғары Интернетке қолжетімді болуы
шарт. Қазіргі кезде мұндай компьютерлік конфигурациялар
мен осындай жылдамдықта қосылған Интернет желісі орта
жəне үлкен қалалардың тұрғындарына қолжетімді.
Электронды оқытудың артықшылықтарымен қатар, басқа да
жаңалықтар секілді кемшіліктері болады.
Олардың негізгілерін психологиялық жəне техникалық деп
бөлуге болады.
Психологиялық фактормен байланысты кемшіліктер:
- электрондық оқыту көбіне оқытушымен, сонымен қатар білім
алушылармен бетпе-бет қарым-қатынаста бола алмайды.
Эмоциональдық көмек беретін қасында адам болмағандықтан,
оқу үдерісінде бұл маңызды кемшілік болып табылады. Алайда
коммуникациялық каналдардың дамуы бейнекоференциялық
байланыс, интернетпейджер, чаттар, форумдар мен
электрондық пошталар бұл кемшіліктің аздап болса да орнын
толтыруға мүмкіндік береді;
307
- электрондық оқытуда бағдарламаны жетістікті ету білім
алушының ынта-жігерінің бар болуына байланысты. Егер
адам оқытушының үнемі бақылауынсыз өз бетімен оқи алма-
са, компьютер алдында ұзақ уақыт жалғыз отыра алмаса, бұл
қашықтықтан оқуына кедергі жасап қана қоймай, өз бетінше
жұмыс жасауға мүмкіндік бермейді;
- білім алушының жəне оқытушының компьютерлік
сауаттылығының жетіспеушілігі, қашықтықтан оқыту
тəжірибиесінің жоқтығы. Біздің мемлекетте көп оқытушылар
мен білім алушылар мұндай оқыту əдісіне дайын емес.
Технологиялардың жетілдірілмеуіне байланысты кемшіліктер:
- Электрондық оқыту үшін қажетті техникалық жабдықтары бо-
луы керек. Ең жоқ дегенде, интернеті бар дербес компьютер,
дербес компьютерді қолдану дағдысының бар болуы жəне ин-
тернет желісін қолдана білуі керек.
- Интернетті оқытудың басты проблемасы білімді тексеру
барысындағы қолданушының аудентификациясы болып та-
былады. Себебі, осы уақытқа дейін тиімді технологиялық
шешім қабылданбады, қашықтықтан оқыту бағдарламасының
көбі күндізгі емтихандық сессияны ұсынады. Байланыстың
ар жағында кімнің отырғанын білу мүмкін емес. Бұл өте
үлкен проблема болып табылады жəне осыған байланысты
оқытушылардан арнайы шара қолданылуы талап етіледі. Бұл
проблема көбіне камера орнату арқылы шешіледі.
- Оқыту жүйесін қамтамасыз ететін бағдарлама секілді, оқу
контентіне де, оқытудың бастапқы кезең жүйесіне инве-
стиция қажет. Сонымен қатар, аппараттық құралдарға да
кететін шығынды есептеу керек. Əрине бұл жағдайда шығын
құрылымы мен мөлшері оқыту ұйымдарының даму деңгейі
жəне оқу жүйесін құру үшін таңдалған шешімге тəуелді бола-
ды.
- Электрондық оқыту контентін құру бұл үдеріске барлық
қатысушылардан арнайы білімді талап етіледі. Мұнда жалғыз
оқытушының бұрынғыдай дəріс конспектілерін дайындау ын-
тасы жеткіліксіз. Сапалы оқу курсын құру үдерісінде əр түрлі
маман иелері: оқытушылар, педагогикалық дизайнерлер,
бағдарламалаушылар, анимациялар мен бейнемонтаж жасай-
тын мамандар жəне т.б болуы керек. Бұл оқу контентін құру
мүмкіндігіне белгілі бір шектеу қояды.
308
- Оқыту жүйесінде қолданылатын электронды оқу курстарының
көбі қайтарымды байланыс деңгейімен қамтылмаған. Көп
бар курстардың мазмұнды негізін мəтінді материалдер мен
қарапайым графикалық (сурет, фото) қамтиды, білімді бақылау
блоктары тесттік тапсырмалар негізінде жасалынған. Білім
алушыларды осындай сипаттамамен қызықтыру əрине мүмкін
емес. Бұл білім алу мен дағдыларды игеруге кедергі болып
келеді.
- Мамандықты игеру барысында электронды оқыту кейбір
мамандықтарға шектеу қояды: қашықтықтан медициналық
мамандық, актерлік шеберлік алу жəне т.б. Тек қана шынайы
практикалық жəне зертханалық жұмыс кезінде ғана игерілетін
дағдылар болады.
e-learning-нің кемшіліктер қатарына мыналарды да жатады:
· Оқу басталған жағдайда, оперативті өзгерістерді енгізу
қиындығы.
· Техникалық инфраструктураға тəуелділік. Инфраструктураның
істен шығуы білім алудың тиімділігінің төмендеуіне, тіпті
мүлдем бұзылуына əкеліп соқтырады.
· e-learning-нің технологиялық ортасында сапалы мамандардың
жетіспеушілігі.
Е-learning-нің қолдану саласы
Мұндай оқыту формасы барлық аудандарда қолданыла алады. Ең
көп қолданыс тұлғаның біліктілігін көтеру кезінде көрініс табады.
Ол тыңдаушыларға ұсынылатын артықшылықтарымен шартталған.
Олар қатарында:
- қашықтықтан оқыту;
- жекелей оқыту;
- өндірістен ажырамай оқуды өту мүмкіндігі жəне т.б.
e-learning-нің тағы бір қолданылу бағыты бұл жоғарғы оқыту
орындарында пайдалану болып табылады. Əсіресе e-learning-ді
екінші жоғарғы білім алу кезінде қолдану кең етек жайды. Өндірістен
ажырамай оқуды өту мүмкіндігін екінші жоғарғы білім алушылар
өте жоғары бағалайды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін оқытуды ұйымдастыру
негізінде e-learning-нің рөлі өте маңызды. Мүмкіндігі шектеулі
азаматтар тек осылай ғана сапалы білім ала алады. Қазіргі кезде
309
электронды оқытудың пəн аймағы бойынша ешқандай шектеуі жоқ
екенін айта кеткен жөн. Ол тіпті шет тілдерін меңгеру сияқты қиын
ортада да қолданысын тапқан.
Сондай-ақ e-learning оқушылар мен студенттерді оқыту ортасын-
да да қолданысын тапты. Қазіргі студенттер мен оқушылар – негізінен
басты қолданушылар. Олар үшін оқу ақпаратын электрондық түрде
қабылдау өмір заңдылығы болып табылады. АКТ олардың жұмыс
құралына айналды.
E-learning бұл үздіксіз білім беру үшін білім мен білікті дамы-
ту, жаңа жұмысқа бағытталған ақпараттық ортадағы жаңа білім
технологиясының өмірі. Егер оны толықтай меңгеріп алса, қашан,
қайда болса да, тіпті шекарадан өтпей, үйде-ақ отырып, оқуға
мүмкіндік береді, ол адамның білімге деген көзқарасын өзгертеді.
E-learning-нің негізгі педагогикалық аспектісі оқыту барысын-
да оқушыға субъект ретінде қарап, курсты оқыту мақсатының бар
болуы. Бұл жағдайда оқытушы оқу мүмкіндіктерін ұсынып, оған
қолдау көрсетеді.
Мына жағдайды айта кеткен жөн, e-learning-мен жəне осын-
дай технологиялармен айналысатын мамандар олардың қандай
проблема туғызатынын білмей жатып, барлық мүмкіндіктерді
қамтуға асығады. Электрондық оқытуды қолдану негізінде
базалық жүйе болғанша біраз уақыт өтуі керек. Бұл мақсатта
e-learning-ді стратегия ретінде емес, арманға жету жолы ретінде
қарастыру қажет.
Қазіргі таңда, оған қызығушылық арта түсуде. ЮНЕСКО-
ның өзі электрондық оқытуды модернизация мен ұлттық білім
жүйесін дамытуда маңызды рөл атқаратынына қызығушылық та-
нытып отыр. E-learning технологиясы білім берудің жаңа стилі
жəне олардың біліктілік пен дағдыны дамыту білім алушылар үшін
тиімділігі анықталды. Дамыған мемлекеттерде (Финляндия, Нор-
вегия, Сингапур жəне т.б.) E-learning инновациялық дағдыларды
дамыту негізінде маңызды əдіс ретінде мемлекеттік деңгейде
қарастырылады.
ТМД мемлекеттерінде де ұлттық білім жүйесін дамыту
механизмі, білім беру модернизациясы жəне орналасқан орны-
на тəуелсіз сапалы білім беру жəне оның материалды негізін құру
ретінде электронды оқытуды бағдарламасын дамытуды мемлекет өз
қолына алмақшы.
310
11.2 Қазақстандағы электрондық оқыту
2011-2020 жылдары Қазақстанда электрондық оқыту жүйесін
(e-learning) енгізу республикадағы негізгі басым бағыттардың бірі
болып отыр. Мұның негізгі мақсаты жаппай нəтижелі білім беру-
ге бағытталған білім беру барысындағы барлық қатысушыларды
жақсы білімдік ресурстар мен технологиялармен қамтамасыз ету.
Алға қойылған мақсаттың нəтижесінде жетістікке жету білім
сапасын арттырады, білім беру басқармаларының тиімділігін
айқындайды, сыртқы орта мен ақпараттық бірлестік жəне келесідей
шарттар қойылады:
- білім беру басқармасын автоматтандырады;
- білім беру үдерісін технологиямен қамтиды;
- отандық сандық білім беру ресурстарының өнеркəсібін құруға
жағдай жасайды.
Білім беру жүйесіне электрондық оқыту жүйесін енгізу
өзара байланысқан нормативті-құқықтық, инфрақұрылымдық,
программалық жəне бөлімдік-əдістемелік негізгі бірқатар тапсырма-
ларды шешуді ұсынады.
Электрондық оқытудың нормативті-құқықтық қамтуы
нормативтік құжаттар қатарына бірнеше өзгерістер мен
толықтырулар енгізуді, сонымен қатар, жаңа нормативті-құқықтық
құжаттар құруды талап етеді. Жекелей алғанда, жоғары МЖБС
қосымшалар енгізілуі тиіс, электрондық оқыту жүйесінде арнайы
мамандандырылған жəне техникалық педагог кадрлар даярлауда,
МЖБС орта білім беруде - электрондық оқыту жүйесін міндетті
бөлімі ретінде қолдану.
Білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың жағдайы жүйе
өлшемін орнатады жəне мақсат талабы, мазмұнын, құрамын, фор-
масы мен электрондық оқыту əдісін, ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар (АКТ) аймағындағы оқытушы мен білім алушылар
даярлау деңгейінің талап ету жағдайын, білім беру мекемелерінде
АКТ-ны қолдану көлемінін арттыруды талап етуді анықтайды. Осы-
лайша, электрондық оқытуды қолдану мектепке дейінгі тəрбиелеу
жəне жалпылай оқыту талаптарының 20 пайызын жеңілдетеді деп
есептелінеді.
Мектепке дейінгі оқыту мекемелерінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану дамыған пəндік
311
аймақтың негізгі жəне туынды факторы болып табылады.
Компьютер жəне интербелсенді құрылғылар мектепке дейінгі
жастағы балаларға физиологиялық-гигиеналық, эргономикалық
жəне психологиялық-педагогикалық, шектеулі кеңестер мен
рұқсат беру нормаларын қадалаған жағдайда ғана қолданысқа
беріледі. Баланың психикалық жəне психофизиологиялық
мүмкіндіктерін дамыту мақсатында компьютерлік ойындар
жəне оқыту программаларын қолдануға кеңес беріледі. Дəстүрлі
шектеулі жəне компьютерлік құрылғыларды баланың жеке
дамуына пайдаланған жағдайда ғана жақсы нəтижеге қол жеткізуге
болады.
Жасы жетпеген жас жеткіншектер компьютер алдында көп отыр-
мауы керек, санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша компьютер-
мен жұмыс істеу уақытылы шектеулеріне сəйкес қана пайдалануға
тырысу қажет.
Орта білім беру мекемелерінде электрондық оқыту құрылғысын
30 пайыз көлемде оқу жүктемесі бойынша пайдалануға кеңес
беріледі.
Электрондық оқыту оқу барысында субъектілер арасын-
да бір-бірімен өзара интербелсенді байланыс орнатып жəне
білім алушылардың білімді ақпараттандыру ортасында оқу-
танымдық іс-əрекет түрлерін дамыту жəне жылдам кері байланыс
орнату арқылы жүзеге асады. Электрондық оқыту шартта-
ры бойынша оқушы оқыту мазмұнын өзіндік қабылдап, қажетті
білімді меңгеріп, қолданбалы программалық жабдықтар мен
сандық оқыту ресурстары көмегімен қабылдайды. Мұғалім негізгі
жəне жалғыз білім көзі емес, оқушыға тек бағыт бағдар беріп,
оқушының оқу материалдарымен қамтылып, онымен жұмыс жаса-
уын ұйымдастырып, оқушы мен оқу мақсатының қарым-қатынасын
қадағалап, қажет жағдайда кеңес беріп, қолдау көрсетіп отыра-
тын тьютор ретінде жұмыс жасайды. Ақпараттық-білімдік ортада
оқушының бағасы, теңбе-тең жеткен жетістігі мен өзін-өзі бағалауы,
ата-ана жағынан қадағалау мүмкіндіктерін кеңейту шарттары
қойылады.
Техникалық ұйымдар мен мамандандырылған білім беруде
электрондық оқытуды пайдалану 30%-ға дейін қолдануға кеңес
беріледі. Электрондық оқыту мазмұны арнайы мамандыққа даяр-
лауда техникалық оқыту программасы жəне мамандандырылған
білім беру бағытына сəйкес анықталады. Электрондық оқыту
312
оқытушының оқушыны оқыту көлемінің ерекшеліктеріне сəйкес,
оқытуды ұйымдастыру желісімен, оқыту технологиясына сай түрлі
формада жүзеге асады. Педагогикалық кеңестің шешімі жəне
оқушының оқыту программасын меңгеру келісімі бойынша осы
оқыту формалары қолданылады. Арнайы формада оқытуда жəне
түрлі технологияларды пайдалануда оқытудың бірыңғай стандарты
қолданылады.
Электрондық оқытудың негізгі шарты мемлекеттік білім беру
стандартының талаптарына сай жəне оқу орнының меңгерушісімен
келісілген типтік оқыту жоспары немесе мамандыққа даярлауға
бағытталған оқытудың жұмыс жоспары негіз болады.
Электрондық оқыту кезеңінде оқытудың келесідей түрлері
қолданылады: бейнедəрістер, кеңес беру, онлайн семинарлар,
практикалық тапсырмалар, зертханалық жұмыстар, бақылау
жұмыстары, өзіндік жұмыстар, тəжірибе, курстық жобалар
(курстық жұмыстар), квалификациялық жұмыстарды орындау
(дипломдық жұмыстар), магистрлік диссертациялар. Оқыту пəнінің
ерекшеліктеріне сəйкес басқа да оқыту түрлерінің мүмкіншілік-
тері бар.
Оқу белсенділігінің барлық түрі электрондық оқытудың шарттық
көмегі арқылы жүзеге асырылады:
- мұғалімнің оқушылармен аудиториядағы педагогикалық
қарым-қатынасы немесе электрондық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы қарым-қатынасы;
- тьютордың оқушылармен аудиториядағы педагогикалық
қарым-қатынасы немесе электрондық байланыс құралдарын
пайдалану арқылы қарым-қатынасы;
- электрондық оқыту құралдарымен оқушының өзіндік жеке
жұмысы.
Жоғары мамандандырылған ортада білімнің түп негізінің
қолжетімділігінің жоғарылауын қанағаттандыратын талаптар, Бо-
лон үдерісінің жоғары білім беру құрылымының жəне еуропалық
жоғары білім беру аймақтарының бірлестігінің параметр-
леріне сəйкес қажеттіліктеріне қол жеткізу мақсатын қояды.
Ол үшін ЖОО-да 100% интернет желісінің кең көлемді қолда-
нылуы мен университет порталдарын құру көзделінеді (болжанады).
ЖОО-ның техникалық даярлығы кезеңінде оларды Республикалық
ЖОО аралық электрондық кітапханамен қосылуы қамтамасыз
етіледі.
313
Күндізгі оқу бөлімінде электрондық оқыту құралын 30%
көлемде пайдалануға кеңес беріледі. Электрондық оқыту мұғалімнің
оқушыны оқытудағы міндетті сабақтар көлемі мен оқыту барысын
ұйымдастыру, оқыту технологиясы секілді ерекшеленетін түрлі фор-
малар арқылы ұсынылады. ЖОО-ның ғалымдар кеңесінің шешімі
бойынша жəне білім алушылардың келісімі бойынша міндетті
оқыту программалары осындай формалармен үйлесіп меңгеріледі.
Арнайы формада оқытуда жəне түрлі технологияларды пайдалануда
оқытудың бірыңғай стандарты қолданылады.
Технологиялық инфрақұрылымның дамуы Интернет желісінің
мүмкіншілігі жоғары білім беру орындарында оқытудың барлық
түрін қамтитын, оқыту жоспары қарастырылған жəне оқыту
барысының календарлық графигінен тұратындығы болжанады.
E-learning жүйесі ҚР Ғж/еБМ білім беру порталымен жəне үш
деңгейлі иерархиядан құрылуы тиіс:
- бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының барлық білім беру
деңгейлері іске асатын жəне областық түйінмен ақпараттың
іске асуы мен координациялық орталығы болып табылатын
негізгі орталық түйін жүйесі.
- екінші деңгей – белгілі бір аймаққа қатысты білім беру орын-
дарына қызмет көрсететін орталық сервер болатын облыстық
серверлік аймақтар деңгейі. Бұл деңгейде ақпарат областық
білім беру орындарымен жүзеге асырылып, білім беру
басқармаларының порталдарында жарияланады.
- үшінші деңгей – бұл АКТ инфрақұрылымымен жəне білім беру
орындарының жүйелендірілген қажеттіліктерін қамтамасыз
ететін деңгей.
Осылайша, мектеп алаңында деңгейлік сервердің көмегін орна-
ластыру үшін келесідей жүйелер қарастырылуы керек:
- Мектеп порталы;
- Мектепті басқару жүйесі (SMS);
- Сынып бөлмелерінің басқару жүйесі (CRMS);
- Оқыту үдерісінің басқару жүйесі (LMS);
- Тестілеу жүйесі (TSM);
- Оқушылар денсаулығының физикалық жəне психологиялық
электрондық мониторинг жүйесі;
- Ақпараттық анықтама жүйесі (IMS).
Мектепті басқару жүйесі (School Management System,
ары қарай – SMS) – мектепті басқару үдерісін автоматтан-
314
дыруға, кəсіптік өндірісті автоматтандыруға, есеп беруді
жүйелендіруде администраторлық саясат сапасын жақсартуға
мүмкіншілік беретін программалық жабдық. Оның құрамына
план секілді модульдер; сабақ кестесі; электрондық журнал;
электрондық күнделік; анкета; статистика; есеп бөлімі; кітапхана
жəне т.б. кіреді.
Оның негізгі қолданушылары білім беру үдерісінде қатысу-
шылар мен басқарушылар болып табылады. Мұғалімдер мен ата-
аналарға SMS жүйесі білім алушының сабаққа қатысуы мен оқу
үлгерімін, сонымен қатар тек білім алушыларды бағалап қана
қоймай, мұғалімдер мен мектеп басқармасы жұмыстарын да
бағалауға мүмкіндік береді.
Жүйеге ену үшін администратордан тағайындалған қолданушы
логины мен кілттік сөзі терілу қажет.
Сынып бөлмелерінің басқару жүйесі (Classroom Management
System - CRMS) – бұл программалық жабдық мұғалімге сабақ бары-
сын толық қадағалауға жəне мультимедиа кабинетінде жүргізілетін
сабақтардың негізгі қызметтерін үйретуге мүміндік береді: басқару,
білім алушыларды бақылау жəне олармен қарым-қатынас. Ол екі мо-
дульден тұрады: мұғалімдер жəне білім алушылар.
Мұғалім модулінің негізі сабақ өту барысын қадағалайды:
басқару, оқушылармен қарым-қатынас жасау, экран арқылы
олардың əрекеттерін зерттеп отыруға мүмкіндік жасайды. Ол
мұғалімге компьютер сыныбында сабақ өту барысында жұмыс ор-
нынан алшақтамай толық қадағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің
оқушыны бұлай сырттай зерттеуі оқушыны негізгі оқыту барысында
алаңдатпайды жəне мазаламайды.
Оқушы модулі мұғаліммен қатар, сыныптағы басқа да оқушы-
лар арасындағы өзара қарым-қатынастың болу мүмкіншілігін
қамтамасыз етеді. Ол тапсырмаларды орындай отырып, өзінің
мониторында кескінделген мұғалім сұрақтарына, сондай-ақ тест
сұрақтарына нақтылы уақыт аралығында жауап беріп отыруын
қамтамасыз етеді; мұғалім берген тапсырма бойынша форумдарға
қатысады; хабарламалар арқылы басқа да оқушылармен немесе
мұғаліммен хат алмасады жəне т.б.
CRMS жүйесі Интернет желісіне шыға отырып, оқытудың түрлі
əдістерін қолдану мүмкіншілігін жасауға қабілетті: қос-қостан, топ-
пен, жекелей жəне жаппай жұмыс жасау жəне т.б.
Оқыту үдерісінің басқару жүйесі (Learning Management
|