326
замендер, кеңес берулер, өзіндік жұмыс жəне т.б. секілді оқытудың
тиімді формалары шығарылған. Мұның бəрінің ҚОЖ специфика-
сында оқыту кезеңінің жанасқан немесе жанаспаған түрлерінде
белгілі бір анықталған орыны бар.
Төменде электрондық оқытудың формасы ретінде қарастырылған,
оқытудағы ҚОЖ каноникалық формалар тізімінде қолданылатын си-
паттамалар көрсетілген.
Дəрістер. Олар оқыту кезеңіндегі оқушылардың теориялық
негіздерінің даярлығын жасайтын негізгі оқыту формаларының бірі.
Мақсаты – пəн бойынша ғылыми білім негіздерін жүйелендіріп беру,
мəселелерді шешу, белгілі бір аймақтық ғылым мен техниканың
жағдайы мен өрлеу перспективтерін анықтау, күрделі жəне түйінді
сұрақтарға көңіл аударып, жинақтау.
Дəрістің əдістемелік жағдайда қолданылуы оқыту материа-
лындағы жүйелі мəселелер жинағын мазмұндап ұсыну. Жүйелі
дəріс курсында оқыту программасы кезектесе отырып дəстүрлік,
кіріспе, орнатылатын, біркелкі, мысалдар жəне қорытынды
дəрістерден тұрады. Электрондық оқытуда орнықты дəрістің маңызы
зор.
Дəріске қойылатын жалпы талаптар ҚОЖ-да сақталады.
Бұл – ғылымилық, қолжетімділік, форма мен мазмұнның тұтас-
тығы, басқа оқыту пəндерімен байланыстың шектеулігі.
Мазмұндаманың əсер етушілік қасиеті мен талаптары да ау-
дио- жəне бейне- түріндегі, тіпті «электрондық дəрістерде де» ар-
найы белгілердің көмегімен мəтіндік файл ретінде ұсынылып,
толығымен қанағаттандырылады. Электрондық оқытудағы дəрістер
шынайы жəне «шынайы емес» уақытта, жалпылай жəне жекеше
жүргізіле береді. Жалпылай жүргізілетін дəрістерді теледидарлер
қолданылады. Компьютерлік бейнеконференциялар жекелей оқыту
түрінде, ал жобалау техникасы болған жағдайда – экранда компью-
тер мониторындағы кескінді жобалау үшін жəне жалпылай оқытуда
қолданылады.
ҚОЖ-да жүргізілетін дəріс тəсілдері сан алуан. Əрине, оның
ішінде тиімді болып табылатын мəтіндік түрдегі жүргізілетін
дəрістер («электрондық дəрістер»). Олардың келесідей
артықшылықтары бар. Оқушының оқу барысында түсініксіз, оқудың
екшелеу, талдау кезеңіндегі түсінбеген жағдайларын бірнеше рет
сұрақ қойып білуге мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар, мəтінде
мазмұнның жалпы құрылымын көруге ыңғайлы. Мəтіндік мате-
327
риалды оқытудан кейін қалған басқа да сұрақтары, ереже бойынша,
терең мазмұнды, құрамдас формалы, дəріс соңында материалдың
маңызды талқылануы жəне оның мағынасы секілді негізгі қасиеттер
қалыптасады. Жалғыз ғана, мұнда психологиялық көзқарас бойын-
ша лектормен қарым-қатынасқа түсу кезеңінде оқушы сасқалақтап
қалады.
Мұғалімнің хабарламасы арқылы алынған материалға қарағанда,
жазба түріндегі алынған материалмен алғаш танысу тиімді. Мұнда
дидактикалық тиімді нəтиже, материалмен танысқаннан кейін, мы-
салы, электрондық пошта арқылы мұғалімнен кеңес алу секілді
тəсіл береді.
Семинарлар. Барлық пəндерде белсенді, кеңінен қолданысқа
ие болып табылатын оқыту формаларының бір түрі. Семинарлар
ереже бойынша, шынайы шығармашылық талқылаулардан өтіп,
қарастырылып отырған тақырып бойынша серіктестік пікірсайысқа
түсу негізінде құрылады. Қазіргі таңда педагог ғалымдардың
зерттеуі бойынша семинарлық оқытудың кемшілігі – оған барлық
тыңдаушылар белсенді араласпайды, шығармашылық дискуссия-
лар барысында, сұрақтарды даярлауда жəне алдын ала болатын
қойылымдарға қатыспайды.
Электрондық оқытуда семинарлар компьютерлік бейне- жəне те-
леконференциялар ретінде жүргізілуі мүмкін. Педагогикалық аспект
бойынша бейне түрінде жүргізілетін конференцияларда да дəстүрлік
семинарлар секілді қатысушылар компьютер мониторынан бір-бірін
көріп отыратындықтан айырмашылығы жоқ.
Мұндай онлайн семинарлардың (немесе вебинар) тиімділігі əр
жерде орналасқан көптеген адамдармен шағын уақыт аралығында
оқыту кезеңін жүргізуге қолайлы. Сонымен қатар, вебинар
көшірмесін жасап, вебинарға қатыспаған оқушылар қайталап көру
мүмкіншілігі бар.
Кеңес берулер. Бұл – оқушының оқыту материалын жекелей
зерттеу кезеңінде туындаған мəселелерге жетекшінің көмек беруі.
Кеңес берулер жекелей жəне топпен жүргізілуі мүмкін. Кеңес беру
кезеңінде тыңдаушының жекелей қасиеттері (интеллектуалды,
моральдық қасиеттері, психикалық мінез-құлқы жəне оқушының
көңілі, есте сақтауы, елестету жəне ойлау қабілеті) байқалады.
ҚОЖ-да негізінде телефон, электрондық пошта, бейне- жəне
телеконференциялар секілді кеңестер қолданылады. АКТ құралын
таңдау мұғалім мен оқушының жұмыс орнындағы аппараттық-
328
программалық жабдыққа қарай іске асады. Көбіне телефон жəне
электрондық пошта жиі қолданысқа ие.
Зертханалық жұмыстар. Бұл оқыту түрі техникалық
мамандыққа оқытуда көптеп қолданылады. Оларды, компьютерлік
желіні жеке зертханаға орнатуда немесе орталық компьютерге қосуда
қолжетімділік мүмкіндігі болған жағдайда, эксперимент жүргізгенде
немесе зертханалық тəжірибені «үйге» орнату мүмкіншілігі арқылы
жүзеге асырады.
Бақылау шаралары. Білім беру кезеңінде оқушының оқу мате-
риалын теориялық жəне тəжірибелік нəтижесін қаншалықты жетік
меңгеруін бақылаумен, тексерумен қорытындыланады.
11.4 Электронды оқытуды ұйымдастыру жүйелері
Электрондық оқытуды ұйымдастыруда оқыту үдерісін
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін электрондық оқыту ортасын
таңдау маңызды рөл атқарады. LMS\LCMS-ді (Learning Management
System) таңдаудың негізгі белгілеріне келесілер жатады:
-
функционалдылық. Жүйеде əрдеңгейлі қызметті, атап айтқанда,
форумдарды, чаттарды, оқушылардың белсенділік талдама-
сын, курстарды жəне оқушыларды басқаруды жəне басқа да
жинақтауларды білдіреді;
-
сенімділік. Бұл қасиет басқаруды ыңғайлау жəне қолданыста
бар үлгі қорында контентті жаңарту қарапайымдылығын
білдіреді. Басқару ыңғайлылығы жəне ішкі əсерлерден қорғау
жүйеге қолданушылардың қарым-қатынасына, оларды пайда-
лану тиімділігіне айтарлықтай əсерін тигізеді.
-
тұрақтылық. Жұмыстың əртүрлі режимдеріне жəне
қолданушылардың белсенділік деңгейіне қатысты жүйе
жұмысының орнықтылық деңгейін білдіреді;
-
құн. Жүйенің өз құны мен оны енгізу, курсты дайындау жəне
жүргізу құндары қоса алынады;
-
тыңдаушыларға (студенттерге) лицензия санына шектеудің
болуы немесе болмауы;
-
контентті дайындау құралдарының болуы. Оқу контентінің
кіріктірілген редакторы курсты дайындауды жеңілдетіп қана
қоймай, сондай-ақ əртүрлі саладағы оқу материалдарын
біріктіріп көрсетуге мүмкіндік береді;
329
-
SCORM көмегі. SCORM стандарты электрондық курстармен
алмасудың халықаралық негізі болып табылады жəне оның
жүйеде болмауы жинақылықты төмендетіп, тасымалдау курс-
тарын құруға мүмкіндік бермейді;
-
білімді тексеру жүйесі. Онлайн режимінде оқушылардың
білімін тексеруге мүмкіндік береді. Əдетте мұндай жүйеге
тесттер, тапсырмалар жəне форумдардағы оқушылардың
белсенділік деңгейін тексеру кіреді.
-
қолдану ыңғайлылығы. Жаңа жүйені таңдауда оны қолдану
ыңғайлылығын қамтамасыз ету керек. Əлеуметтік оқушылар
қолайсыз болып көрінген немесе қозғалту барысында қиындық
туғызған технологияны қолданбайтындықтан, бұл маңызды
параметр. Оқыту технологиясы интуитивті түсінікті болуы
қажет. Оқыту курсында көмек мəзірін табу, бір бөлімнен екінші
бөлімге көшу жəне құрастырушымен қарым-қатынас оңай
жүзеге асырылуы керек;
-
модульдік. Электрондық оқытудың қазіргі заманғы жүйелерінде
курстың құрамы басқа курстарда пайдалануға болатын микро-
модульдер немесе оқу материалдарының блоктарынан тұрады;
-
қолжетімділікті қамтамасыз ету. Оқушылар кез кел-
ген уақытта, кез келген жерден оқу программасына кірерде
кедергілерге тап болмауы қажет, сондай-ақ олардың жеке
бас кемтарлықтары да қарастырылуы тиіс (ағзаның шектеулі
қызметі, көзінің нашар көруі). Сондай-ақ программалық
жабдықтың шектеулі ортасын пайдаланатын «ертеңгі күн»
технологиясын қолдану əлеуметтік қолданушылар ортасын
айтарлықтай азайтады;.
Электрондық оқыту ұйымдары жүйелерін талдау жəне
жіктеу
Электрондық оқыту ұйымдарының түрлі құралдарының ішінен
келесі топтарды бөліп алуға болады:
-
авторлық программалық өнімдер (Authoring Packages),
-
контентті басқару жүйелері (Content Management Systems -
CMS),
-
оқытуды басқару жүйелері (Learning Management Systems -
LMS),
-
оқыту контентін басқару жүйелері (Learning Content
Management Systems - LCMS)
330
Авторлық программалық өнімдер (Authoring Packages)
Авторлық өнімдер оқытушылар программалау тілдерін
қолдану барысында кездесетін қиындықтарды жою үшін арнайы
дайындалған. Бұл программалар əдетте оқытушыларға визуалды
программалау ортасында өз бетімен оқу контентін құруға мүмкіндік
береді. Кодтау сцена артында орындалады. Оқытушы тек қажетті
ақпаратты керекті орынға орналастырумен ғана айналысады. Бұл
ақпарат мəтін фрагменті, иллюстрация немесе бейнефрагмент
түрінде экранға тінтуір көмегімен орталастырылады.
Бұл өнімдердің кемшілігі оқыту үдерісін жəне барлық
оқушылардың үлгерімін уақытымен бақылай алмау болып та-
былады. Ереже бойынша олар оқу үдерісі жайлы ақпаратты ұзақ
уақыт сақтауға емес, оқушымен тез кері байланыс орнататын сабақ
дайындауға арналған.
Дегенмен, мұндай программалардың көп бөлігінде бір уақытта
оқушылар арасында байланыс орнату құралдары жоқ. Əдетте
онда чаттарды, талқылауларды немесе екіжақты аудио алмасуды
ұйымдастыру мүмкін емес. Интербелсенділік те əдетте шектеулі.
Байқап отырғанымыздай, мұндай жүйелер электрондық оқыту
ұйымдарының кейбір мəселелерін ғана шешеді.
Контентті басқару жүйелері (CMS)
Контентті басқару жүйелері гарфикалық, дыбыстық, аудио, бей-
не, мəтіндік жəне басқа да файлдардың каталогтарын құруға жəне
оларды басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай жүйеде оқытушыға
немесе құрастырушыға өзіне қажеттіні тез табу үшін кілт сөздер
арқылы іздеуге мүмкіндік беретін мəліметтер қоры бар.
Контентті басқару жүйесі, əсіресе, біршама оқытушылар курстар-
ды дайындап жатқан жағдайларда тиімді, олар оқу материалдарының
үзінділерін əртүрлі курстарға пайдаланып отырады. Бұл курстарды
аз уақытта дайындауға мүмкіндік береді, мысалға, бизнесменнің
жаңа суретін өңдегенше, оқытушы оны дайын суреттердің ішінен
тауып алып қоюына болады.
Мұндай жүйелер Web-сайттарды, оқыту материалдары бар
порталдарды жасауға ыңғайлы, бірақ, толық қашықтықтан оқыту
жүйесін ұйымдастыруға олар қолайлы емес.
Оқытуды басқару жүйесі (LMS)
Электрондық оқытуда, басқа оқыту үдерістеріндегі сияқты
мазмұндық бөлімімен қатар ұйымдастыру компоненті болады. Курс-
331
тардан өту үдерісін басқару элементтері дамыған электрондық
кітапханаларда бар, бірақ e-learning үлкен жүйесін жүзеге асы-
ру үшін бұл қызмет аздық етеді. Оқу контентін қажет уақытында
тиісті адамдарға жеткізу жұмысын, оқу ресурстарын пайдала-
нуды қадағалауды, жеке тыңдаушылар жəне топты басқаруды,
оқытушымен бірге жұмыс жасауды ұйымдастыруды, есеп беруді,
т.с.с. автоматтандыру қажет болады. Бұл қызметтер e-learning-ді
орнататын платформасы бар оқытуды басқару жүйесін LMS (ҚОЖ
– «қашықтықтан оқыту жүйесі») жүзеге асырады, бірақ кейбір
жағдайларда дəстүрлі оқыту үдерісін басқаруға да пайдаланыла
алады.
LMS жүйесі негізінде əр оқушыға оқу материалын анағұрлым
тиімді үйренуге жеке мүмкіндік беруі, ал оқу үдерісінің менеджеріне
оқу бағдарламасын жасауға қажетті құралдарды алуға, оларды
өткізуді басқаруға, оқытудың тиімділігін көрсететін есепті жасауға,
оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыруға
мүмкіндік беруі тиіс. Оқушылар барлық оқу контентінің жіберілу
нүктесі болып табылатын LMS-дан оқу порталына кіруге мүмкіндік
алады, сондай-ақ, арнайы сілтемелердің көмегімен қосымша мате-
риалдарды пайдалану арқылы өткізілген аралық алдын ала тесттердің
негізінде сəйкес оқу тректерін таңдайды.
LMS-дің əкімшілік қызметтері бірнеше негізгі аймақтарды
қамтиды. Оқушыларды басқаруға қолданушылардың жүйеге жəне
оқу контентіне тіркелуін жəне кіре алуын бақылау, оқушыларға
жалпы курсты таныстыру жəне есеп беру үшін топқа ұйымдастыру,
аудиториялық жəне оқытушылық ресурстарды басқару жатады. LMS
сонымен қатар, оқу үдерісінің қосымша элементтерін (практикалық
сабақ, зертханалық жұмыстар, тесттер, бүрге жұмыс жасау
құралдары, ішкі материалдарға сілтемелер, т.б.) интеграциялауға
жауап береді.
Сондай-ақ, LMS оқу контентін бөліп беруге жəне пайдалануға
мүмкіндік береді. Олардың қатарында іздеуге ыңғайлы каталог
курстарды ұйымдастыру, міндетті оқуға жəне өз еркімен оқуға
арналған курстарды бөлу, жеке оқу тректерін (мысалы, оқушы-
лардың берілген қызмет қорында) дайындау жəне басқа да оқу
контентін толықтай бере алатын механизмдер, оқытушымен қарым-
қатынастың синхронды жəне асинхронды режимдерін қолдау. LMS-
нің маңызды элементі оқу үдерісінде электрондық оқытуға салынған
қаржының тиімділігі жайлы қорытынды шығаруға көмектесетін есеп
332
беру болып табылады. LMS-да бақылау жəне белгілі бір тақырыпты
меңгеру барысында оқушы (немесе топ – «ұжымшыл оқушы»
моделі) қалай дамып келе жатқандығы жайлы есептер механизмі бо-
луы тиіс.
LMS-дің мүмкіндіктері
- Электрондық оқытуды қолдау. LMS оқу сыныптарында
дəстүрлі (аудиториялық) сабақтар мен желілік оқу курстарының
негізіндегі виртуалды оқытуды қарапайым жолмен біріктіру
мүмкіндігін беруі тиіс. Бұл мүмкіндіктер біріккен кезде
қарапайым сабақты да, жекелеген (жеке тұлғаға арналған)
сабақтарды белсендендіреді.
- Оқу мекемелерінде қолданылатындай, LMS оқу мекемесінің
бірегей ақпараттық жүйесімен үйлесуі қажет, бұл оқушыларды,
профессорлық-оқытушылық құрамды (қашықтықтан білімді
жетілдіру), т.с.с. қосқанда үйренушілердің барлық катего-
риясын электрондық оқыту жүйесіне қосуды жеңілдетуге
мүмкіндік береді.
- Басқару құралдары. LMS басқарушыларға қолдану-
шыларды тіркеу мен профильдерді басқаруға, рөлдерді
анықтауға, тьюторларды, курс авторларын тағайындауға,
контентті басқаруға, ішкі бюджетті, қолданушылардың
төлемдері мен шығындарды басқаруға мүмкіндік беруі
тиіс. Басқарушылар оқыту мəліметтер қорына еркін кіре
алуы, жеке жəне топтық көрсеткіштер бойынша есеп құру
мүмкіндігі керек. Жүйе үйренушілерге, нұсқаушыларға
жəне оқу сыныптарына сабақ кестесін құруға мүмкіндік беруі
тіис.
- Контент интеграциясы. LMS-ға сыртқы өндірушілерден
курстың кең ауқымды белсенділігін қамтамасыз ету өте
маңызды. Кейбір LMS-лар өз өнімдерін дайындау құралдарымен
ғана сəйкес келеді, ал басқалары оқу контентінің стандар-
тымен өте шектеулі түрде сəйкес келеді. LMS жеткізушісі
үшінші фирмалардың өнім контентін сертификациялауы жəне
курстарға кіру сырғымалы менюді пайдаланған сияқты оңай
болуы қажет.
- Стандарттарды орындау. LMS-тің SCORM жəне AICC
сияқты стандарттарды қолдауы қажет. Стандарттарды қолдау
дегеніміз LMS-тің пайдаланылған дайындау құралдарына бай-
333
ланыссыз стандартқа сəйкес біріктірілген контент пен курстар-
ды импорттауына жəне басқаруына болады деген сөз. Егер
жеткізуші контентті сертификацияламаса, онда оны қосымша
сертификаттауға шығындаласыз.
- Тестілеу мүмкіндігі. Бағалау жəне тестілеу модульдерінің
міндетті бар болуы, сонымен қатар, анағұрлым сервистік
қадам: а) курстың (жүйелік сабақтың) əр бөлімінің бөлігі
ретінде тестті (бағалау модулін) қосу мүмкіндігі пайда болады;
б) тестілеудің (бағалау модулінің) өздік модулі бар, мысалға,
жеке бөлімді немесе толық курсты оқу нəтижесі бойынша.
- Білімдерді басқару. Білімдерді басқару модулі ұйымға арнайы
аумақта жұмыс коллективінің компетенциясына оқытуда күш
салу аймағын инденцификациялау қажеттілігін анықтауға
мүмкіндік береді. Білімдерді бағалау пікір алмасу мен 360 градус
əдісін қоса алғанда əртүрлі қайнар көздерден алынуы мүмкін.
Менеджерлер келесілерді анықтайды: деңгейлестіру, орта-
шаландыру немесе білім деңгейін анықтау үшін нəтижелерді
салыстыру. Бизнес сондай-ақ бұл қызметті білім бойынша
спецификалық талаптарға жауап беретін жұмысшылар іздеу
үшін пайдалана алады.
LMS e-learning желілік ортасына қажетті қорғау механизмімен
де қамтамасыз ете алады, сондай-ақ, үлкен көлемді оқу жобала-
рында мекеме ресурстарын жоспарлау жəне қызметшілерді басқару
жүйелерімен біріктіруді қолдайды.
LMS платформалар əртүрлі дайын курстарды ұсына алуы үшін
интероперабелділік стандарттары құрылған. Airline Industry CBT
Committee компьютерлік треннингтердің басқару жүйелерімен бай-
ланысын сипаттайды жəне Web-курстарға сəйкес интероперабелділік
стандарттардың дамуына негіз болып табылады. ISM стандарты
оқыту платформаларына кеңінен таныс, сондай-ақ Sharable Content
Object Reference Model (SCORM) – АҚШ қорғаныс министрлігі,
Advanced Distributed Learning программасы аясында дайындалған
оқыту Web-контентін құруға арналған техникалық спецификациялар
үйлесімділігі.
Оқыту контентін басқару жүйесі (LCMS).
Соңғы жылдары оқу контентінің (Learning Content Management
System, LCMS) басқарылуымен жүзеге асатын жүйенің жаңа кла-
334
сы дамып келе жатыр. LMS-дан айырмашылығы, мұндай жүйелер
оқыту үдерісін емес, оқу бағдарламаларын басқару тапсырмасын ше-
шуге негізделеді жəне назар менеджерлер мен үйренушілерге емес,
контентті дайындаушыларға, курстың əдістемелік жинақтаушы
мамандарына жəне оқыту жобасының жетекшілеріне аударылады.
LCMS-дің негізінде өз тыңдарманы жəне арнайы қолдану контенті
бар көп ретті қолданылатын оқу объектілерінің жинақтамасы сияқты
оқыту мазмұнын жеткізу концепциясы жатыр. Талдаушылардың
байқағанындай, аты соншалықты ұқсас екі класс арасындағы ше-
караны айыру өте қиын: LCMS жүйесінің көптеген өндірушілері
оларға оқытуды ортақ басқару қызметін қосады, ал LMS-дің жетекші
шешімдері қазіргі уақытта оқу контентін басқару мүмкіндіктерін де
қосады.
LCMS-дің көптеген мүмкіндіктеріне қарамастан, ол өзіне келесі
компонеттерді қоса алуы қажет.
Оқыту объектілерінің репозиториы. Бұл оқыту контентін
басқаратын жəне сақтайтын орталық мəліметтер қоры. Осы ор-
тадан оқушының жекелей оқу талаптарына сай оқыту объектілері
қолданушыларға толық курс бөлімінің құрамы болатын немесе
жеке элемент ретінде немесе үлкен оқыту моделінің бөлімі ретінде
қолжетімді болады. Түпкі өнім Web, CD-ROM немесе қағаз бетінде
ұсынылады. Əрбір объект қойылған талаптарға байланысты түрлі
мақсатта жəне бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Контенттiң
үйлесiмдiлiгi жеткiзудiң əдiсiнен тəуелсіз қамтамасыз етiледi. Жеке
элементтер үшін XML-ң логикалық программаның кілттік сөзімен
қамтылады.
Автоматтандырылған ауторингтің программалық қамсыздан-
дырылуы. Бұл ПҚ репозиторий қолжетімділігі үшін көптеген
оқыту объектілерін құруда қолданылады. Оқу контентінің негізгі
əрлеу принциптеріннен тұратын, архивті нұсқада жəне шаблон ав-
торын ұсына отырып, қосымша өңдеуді автоматтандырады. Бұл ша-
блондарды қолдану арқылы автор репозиторидегі бар объектілерді
жəне жаңа немесе ескі объектілер комбинациясын қолданып, жаңа
курстар өңдеп шығарады. Бұл тақырыптардың зерттеушілері, оқыту
курстарын көркемдеушілер, медиа-жабдықтарды құраушылар,
тəжірибелік құрамның көшбасшылары жəне тағы басқалар ав-
торлары болып есептеледі. Бұл құрылғы сонымен қатар, оқыту
контентінің кітапханасы ұйымындағы аудиовизуалды материалдар,
арнайы интерфейстер жəне оқыту əдістемесі секілді жылдам кон-
335
вертациялауда қолданылуы мүмкін. Автор ұйыммен жұмыс жасай
отырып, аутсорсингтік өңдеулерді іске асыра алады.
Бейненің интерфейсі (контенттің ұтылуы). Оқыту объектілерін
кешендік оқытумен сəйкестендіріп ұсынуда, алдын ала тестілеуде
жəне / немесе қолданушылар сауалдарын қанағаттандыру мақсатында
материалдардың бейнесінің интерфейсі қажет. Бұл контент нəтижелер
трекингін қамтамасыз етеді, сəйкес ақпарат көзіне сілтеме жасайды
жəне бағалаудың түрлі нұсқалары мен қолданушылармен кері бай-
ланыс жасайды. Бұл интерфейс LCMS қолданатын нақты белгілі бір
ұйымға арналып құрылады. Мысалы, ұйымның қабылдауы бойынша
шешілген стильді көрсету мақсатында контент ұйымның эмблемасы
мен веб-беттерінде, көркемдеу элементтерінде көрсетілуі мүмкін.
Сонымен қатар, бұл басқару элементтері жəне көркем құралдары та-
лап қойылған аймақ бойынша тіркеуге алынады.
Əкімшілік ету құрылғылары. Бұл қосымша оқушылардың
есептік жазбаларын басқаруда, каталогтағы курсқа өтуде, нəтижені
зерттеуде, оқыту кезеңі жайлы есеп берулерде жəне басқа да
қарапайым əкімшілік басқару қызметтерінде қолданылады. Бұл
ақпарат ілгерірек əкімшілік қызметті жүзеге асыруға арналған LMS-
ке жіберіледі.
LCMS нарығы əзірге жеткіліксіз шикі, алайда ол жылдам даму-
да; бұл сыныптас жүйелер уақыт өткен сайын көп қолданысқа ие
жəне тек қана e-leaming қажетті инфрақұрылым ретінде ғана емес,
сонымен қатар, ИТ инфрақұрылым бөлігі ретінде жалпы батыстық
корпоративтік компанияларды қолданылаы. Оған дəлел, SAP (SAP
Learning Solution), Oracle (iLeaming), PeopleSoft (Enterprise Learning
Management) компаниялары мен жалпы білім беруді басқаратын
өндірушілердің қызығушылығы.
Электрондық оқытуды ұйымдастыру жүйесін талдау
Виртуалды оқыту ортасында платформа таңдау мəселесі кілттік
жəне келесідей факторларды таңдаудан туындайды: ортада қандай
талаптар қойылады, қандай функционалдық сипаттамалары бо-
луы керек, қандай орта қолданушыларына бағытталған жəне талап
етілген платформалардың құрамында қандай қасиеттері болуы.
Қазіргі уақытта электрондық оқытуды ұйымдастыру жүйесінің
негізгі екі тармағы бар: коммерциялық жəне еркін таратылатын
LMS\LCMS.
336
Коммерциялық LMSXLCMS
Нарықтың білім беру шарттарында пəндік қолданысқа
бағытталған немесе электрондық оқытуға арналған бірнеше
коммерциялық өңдеулер ұсынылған. Олар:
-IBM Lotus Workplace Collaborative Learning (LWCL) – бұл əмбебап
жүйесі дəстүрлі жəне электрондық оқытудың басқару жүйесінде
жұқа, сенімді жəне масштабтық, оқыту материалдары мен ресурста-
рын сипаттайды. Мұндай жүйелер ірі басқару компаниялар мен хол-
дингтермен қатар оқыту мекемелерінде де қолданылады. Сонымен
қатар, жүйенің Shareable Content Object Reference Model (SCORM)
жəне Aviation Industry CBT Committee (AICC) секілді салалық стан-
дарттары бар.
Олардың:
-
түрлі топтағы қолданушыларға арналған курстардың
қолжетімділігін басқарады;
- оқыту үдерісін басқарады;
- сабақтың өтілу барысы мен оқыту программаларын құрады
жəне зерттеп отырады;
- күнтізбелік жоспар мен сабақ кестесін құрады жəне басқарады;
- оқыту материалдарын құрып, енгізу жəне курстық каталогтар-
ды басқару;
- оқыту қорытындыларын тестілеу жəне зерттеу;
- дискуссиялар мен хат алмасуларды қамтамасыздандыру;
- алшақ/ мобилдік қызметкерлер үшін оқыту үдерісін қамту
сияқты қызметтік мүмкіншіліктері бар.
Бұл жүйенің кемшілігі оның IBM шешімдерімен байланысты-
рылуы жəне орыс тілінің шектелуі:
- Oracle Learning Management (OLM) – оқытуды басқарудың
корпоративтік жүйесі. Оқытудың барлық іс-əрекеті түрлеріне
арналған (дəстүрлі жəне онлайн оқыту режиміндегі):
- курсты жəне оқудың бағдарламасын жоспарлау жəне оқыту
үрдісін жоспарлау жəне қамтамасыз ету (дəрісхананы, нұсқаушыны,
жабдықты, қашықтықтан курстарды жəне т.б), дəрісханаларда
жəне онлайн курстардағы курсқа шақыруды, сондай-ақ қызметкерді
оқытудың барлық жағдайына араластыру, қаржыларды есептеу.
OLM оқытуды басқару жүйесі:
- оқудың үдерісінің барлық қатысушыларын: оқушы, оқу
үдерісінің оқытушысы жəне оқу бағдарламасын жеткізушісінің
менеджерлері;оқытудың біртұтас ақпараттық ортасына
біріктіруге мүмкіндік береді;
|