Жеңіл атлетика



Pdf көрінісі
бет26/109
Дата22.04.2020
өлшемі1,47 Mb.
#63801
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   109
Байланысты:
жеңіл атлетика лекцияя

Қашықтық бойымен жҥгіру. Старттық қозғалыстан кейін 
жүгірушінің  басты  мақсаты  -  адымды  ұзарту,  жедел  қимыл 
арқылы жылдамдықты ӛсіру. Осы арада аяқты жиі қозғалтудың 
маңызы  зор.  Егерде  аяқ  жиілігінің  тұрақты  ұзындығы  болмаса, 
жылдамдық тӛмендейді, адым жиілігі шаршаған сайын тӛмендей 
береді. Жеделдікті ұзақ сақтаудың бірден бір кепілдемесі денені 
бос  ұстап,  еркін  жүгіру  керек.  Түзу  сызықпен  жүгіру,  басы 
артық  қимылдың  байқалмауы  үнемді  техниканы  кӛрсетеді. 
(Жүгірушінің  қозғалыс  техникасын    бейне  оқу  фильмдерді 
талдау арқылы сипаттама беріледі). 
Жүгіру  әдісін  талдауды  жүгіруші  тік  қалыпта  тұрғанда 
жасау  керек.  Итеретін  аяқ  тізе  мен  табан  буыны  арасы  бүгіліп 
серпілуге  дайын,  осы  кезде  сермейтін  аяқ  сирақ  буынынан 
бүгіліп,  тез  алға  қозғалып  итеретін  аяқтың  зор  күшпен 
жазылуына  әсерін  тигізеді.  Итеретін  аяқ  жерден  серпілгеннен 
кейін сермейтін аяқтың тізе буыны бір деңгейге дейін кӛтеріліп, 
бел  сәл  иіліп,  жамбас  алға  қарай,  дене  керекті  бағытқа 
бағытталып, тік, бос ұсталады. Кӛз қиығы да алға бағытталады. 
Итеру кезеңі аяқталғаннан кейін ұшу кезеңі  басталады. Жерден 
кӛтеріліп  серпілген  аяқ  сирақ  буынынан  бүгіліп,  тӛмендеп  келе 
жатқан  сермейтін  аяққа  қарай  ұмытылады.  Сермейтін  аяқ  түзу 
сызық  бойымен  табанның  бас  жағына  ешқандай  бұрылусыз 
қойылады.  Сермейтінаяқтың  тез  тӛмендеп  жерге  қойылуы,  тізе 
буынның  толық  жазылуына  кедергі  болмауы  керек,  сонда  ол 
дененің  ортақ  нүктесіне  қойылады.  Сонымен  қатар  қозғалыс 
кезіндегі  кедергіні  азайтады,  аяқ  тез  серпілуге  дайын  болады. 
Қолдың бүгілу бұрышы жүгіру кезінде әр түрлі ӛзгереді. 
Ұшу бӛлігі кезінде жамбас жедел бір-біріне жақындатылып 
отырады. Итерілген аяқ күш қуатына байланысты артқа жоғары 
қозғалады.  Аяқ  жолға  табанмен  қойылған  кезде  кедергі 
күштердің  бәсеңдеуіне  әсер  етеді.  Спринттік  жүгіруде  табанды 
тік,  алға,  бір  бағытта  қоюды  талап  етеді.  Табан  сырт  жаққа 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


41 
 
бұрылып  қойылса,серпілу  нашарлайды.Оң  аяқ  пен  сол  аяқтың 
жүгіру адымы жүгіру кезінде бірдей емес. Cпринтерлік жүгіруде 
қолдың  қозғалысы  тез  және  қуатты.Шынтақ  буыннан  бүгілген 
қолдың  бұрышы  шамамен  90  градус.Саусақтарды  босаңқы, 
сығылмай  үстайды.  Қолдар  бір  келкі  қозғалады,  алға 
қимылдағанда  қол  сәл  ішке  қарай,  ал  артқа  қозғалғанда  сырт 
жаққа  бағытталады.Қол  белсенді  қозғалғанда  иықты  кӛтеру  ол 
сығылып жүгірудің бірінші кӛрінісі. 
Мәре. 
Ара 
қашықтық 
аяқталар 
кезде 
жоғарғы 
жылдамдықты  ұстауға  күш  салу  абзал.  Ақырғы  адымда  денені 
алға  қарай  еңкейтіп,  мәре  сызығынан  жүгіріп  ӛту  қажет,  ал 
егерде  бірнеше  адым  қалғанда  спортшы  секіріп  ӛтетін  болса, 
тепе-теңдікті  жоғалтып,  кей  жағдайда  құлап  қалуыда  ықтимал, 
жылдамдық  ӛсудің  орнына  тӛмендейді.  Жүгіруші  мәреге  қатар 
жеткен  кезде,  тең  сайыста  еңкеюдің  немесе  иықты  бұрудың 
маңызы  зор.  Осындай  қозғалыс  кӛбінесе  спортшыны  жеңіске 
жеткізеді Спринтерлік жүгіруде жылдамдықтың  физиологиялық 
қалыптасуын  қарастырайық.Жүгірушінің  шеберлігіне  және 
жасына қарамастан 1ші секӛнтте 55%.2-шіде 75%.ал 3-шіде 91%. 
Ал 4-де 95%. 5-де 99%,ал 6-да 100%. 
 
4-сурет. а)мәреге жету; б)мәреге жету жүйесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет