87
- айналысушыларды бір-бірінен жеткілікті қашықтықта
орналастыру;
- шашылған снарядтарды белгі берілгеннен кейін жинату,
найзаның ұшы жоғары қарап тұрғанына кӛз жеткізу.
Снарядты ұстау және лақтыру тәсілдерін үйретуде жүйелі түрде
мынадай жаттығулар пайдаланылады:
- аяқтар иық деңгейінде, дене салмағы табанның алдыңғы
бӛлігіндеі ,қол шағын доппен иық алдында, шынтақта бүгілген,
қол тӛмен түсірілген. Имитациялық лақтыру жүйелі және
үздіксіз қолдың алға-жоғары түзелуінен тұрады (үзіліссіз 8-10
рет). Содан кейін қол тӛмен қарай, жанға, кері және бастапқы
кезіне қарай жылжуды жалғастырады;
- Сол бастапқы кезінен шағын допты еденге лақтырғаннан
кейін ұстау;
- Сол,тек шағын допты қабырғаға лақтыру, одан кейін 3-тен
5м қашықтықтан нысанаға (2,5 м биіктікте орналасқан 1 м
диаметрлі шеңбер) лақтыру;
- Түрегеп тұрып, содан кейін лақтыру бағытына жанымен
тұрып, сол аяқ алға қойылады.
Жаттығудың мақсаты – қолдың жұлқи тарту қозғалысын
меңгерту,қолдың бұлшық еттерін босаңсыту, лақтыру
бағытында қолды дәл иық үстімен асыру және жүйелі алға-
жоғары.түзу ұстау
Достарыңызбен бөлісу: