Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет12/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Тарихи топонимика


15

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

«Таңбалы тас», «Хан көтерген», «Дабыл қорасы», «Топырақ суырған», «Алтын 

шоқы», «Хан Ордасы», «Хан қыстағы», «Хан аралы», «Хан басы», «Орда базар», 

«Едіге тауы» және т.б. деп аталатын топонимдер осының айғағындай. Шыңғыс 

хан мен баласы Жошыға байланысты дүниеге келген «Ақсақ құлан» күйі және ел 

аузындағы аңыз бойынша құландарды қыру үшін қазылған ордан пайда болған 

Құланөтпес өзені атаулары бұл ойымызды  толықтыра түседі. Жалпы Шыңғыс 

хан жорығы, монғолдар үстемдігі Орталық Қазақстан жерінде монғол тілдес то-

понимдер жасай алмаған. Олардың Орталық Қазақстандағы мекендері, тарихи 

істері тағы басқа әрекеттеріне сәйкес қойылған атаулардың дені қазақ тіліне тән 

сөздерден жасалған. Оның  басты себебі  - аталған өңірде  олардың санының 

аздығы мен олардың да түркі тілін жетік білуінде болса керек. Әрі олардың да 

көшпелі өмір салтын ұстануы, басып алған жерлеріне орын теуіп, елді мекен 

орнатпауы, картаға түсіріп, жазба тілде деректеп, есте жаңғыртпауы да әсер ет-

кендей.  Сонымен  қатар  Шыңғыс  хан  жорығына    байланысты    топонимдердің 

бәрін де осы өңірдің  негізгі тұрғындары қойып, атап отырғандай. Оны жоғарыда 

аталған топонимдердің сөздік құрамы мен тілдік заңдылықтары айқындай түс-

пек. Түрлі тарихи жазба мұралардағы Орталық Қазақстан топонимдерінің кө-

рі ні сі сөз болған материалдар негізінде  шектелмейді. Әрі оны қолда бар мате-

риалдар  көлемінде  тізімдеп,  толық  қарастырып  шығу  да  мүмкін  емес.  Себебі 

хал қымыздың тарихына қатысты деректер күн санап, жаңа қарқынмен зерттелу 

үстінде. Яғни туған жер топонимдері тарихына  қатысты ізденістер алдағы күн-

дерде  өз жалғасын таба бермек. 

Орталық Қазақстанның Ұлытау өңірінде Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары 

Жошы  хан  және  т.б.  талай  рет  ту  тігіп,  хан  ордалары  мен  түрлі  қорғандар 

тұрғы зуға  себепкер  болған.  Ж.Е.Смайылов  орта  ғасырлық  жазба  деректер  ав-

торлары пікірлеріне сүйене отырып, ХІІІ-ХІV ғғ. Қазіргі Ұлытау жерінде  Ор-

да-Базар,  Белен  Ана,  Болған  Ана,  Сарайлы,  Тұрайлы,  Сарай,  Жошы  Орда-

сы,  Шот  Қара  және  т.б.  қалашықтар  мен  қорғандардың  болғандығын  айтады. 

Бұл  пікірді  Б.А.Ахмедов,  В.П.Юдин,  Ә.Х.Марғұлан  да  растайды  [11,21].  Бұл 

атаулар  құрамындағы  «Орда»  орта  ғасырда  көшпелі  орталық  немесе  аста-

на  ұғымында  қолданылса,  базар  сауда  орталығы  мағынасын  білдірген.  Яғни 

Ордабазар  көшпелі  түріктердің    көшпелі  астанасы,  сауда  орны  қызметінде 

қолданылып жүріп, кейін қорған, астана, қа ла атауына айналғандай. Бұл қала 

Ахмет ханның ұлысы ретінде ХV ғасырға дейін өмір сүрген  [22,52]. Оның орны 

қазіргі Жезқазған қаласының солтүстік шығысына қарай 45 шақырым жердегі 

Кеңгір  өзені  жағасында.  Сарайлы,  Тұрайлы  қалаларының  Жошы  хан  мазары 

маңында,  Кеңгір  өзені  бойында  болғандығы  туралы  тарихи  деректерді  жоққа 

шығара отырып, Ж.Е.Смайылов бұл қалалардың орны Жезді өзені бойындағы 

Аяққамыр кешенінің жанында деп көрсетеді [11,22]. Көне жазбалардағы  дерек 

көздеріне Жошы хан атауларымен Алаша хан есімі  де қатар айтылады [23,17]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет