17
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Ә.Марғұлан ХІV-ХV ғасырлардағы итальяндардың Индия мен Қытайға сауда
жасау мақсатында жасалған карталарына (1375 ж. Каталон картасы; 1367 ж.
Ағайынды Пицигани; 1459 ж. Фрамаур) талдау жасау барысында осы карталар-
да қазіргі Нұра өзені бойында Ақсикент қаласы болғандығын жазады [7,9-11].
Аталған өңірдің кейбір көне атаулары ХV-ХVІІІ ғғ. Арасындағы парсы, түркі
шығармаларын талдауға арналған еңбектерде де ұшырасады. Оны қазақ тарих-
шылары аударып, баспадан шығарған [29,36]. Осы материалдар жинағындағы
Мұхаммед Қайдардың «Тарих-и Рашиди» еңбегінде Көкшетеңіз (Балқаш кө-
лінің көне атауы) бен Иртыш (Ертіс) гидронимдері берілсе, Хафиз Тыныштың
«шараф-намей шахи» еңбегінде Орталық Қазақстан жеріне тән Сарық-Су (Са-
рысу), Улуғ-Таг (Ұлытау), Уч-Кунгур (үшқоңыр), Иланчук (Жыланшық өзені),
Кендірлік (өзен), Қырық Қарақлар (Қырыққарақшы), Қызыл-Қақ (Қызылқақ),
Ақкөл топонимдері мен Болған ана, Талмас ата, Белең ана және т.б. некронимдері
ұшырасты [30,243-281;540-543]. Осы орайда ономаст ғалым Е.Керімбаевтың
төмендегі пікірі түркі ономастикасына қатысты аз ұшырасатын тарихи мате-
риалдарға басқаша көзбен қарау қажеттігін айғақтайтындай. «Мы вправе ут-
верж дать, что то или иное собственное имя, «попавшее» в какой –нибудь исто-
рическии письменный (датированный) памятник, могло существовать многие
сто летия и даже тысячалетия до момента его письменной фиксации. Это утверж-
дение в полной мере относится к истории собственных имен тюркских народов,
не имевших письменных традиций ранней фиксации ономастического мате-
риала» [31,49-50]. Келтірілген тарихи деректер Орталық Қазақстан аймағының
кө не дәуірлерден түркілік, одан бері де қазақ ұлысының, арғын тайпасының (бес
мейрам) атамекені болғандығын тарихи этникалық тұрғыдан дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: