Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет13/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Тарихи топонимика


16

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Ә.Баһадүр шежіресінде Алашадан татар мен монғол елі тарайды [9,13]. Рашид 

ад-дин Алашаны Нұх  пайғамбардан таратады. Яғни жер әлемін Нұхтың Хам, 

Сам, Яфет атты ұлдарына бөліп береді. Ал түріктер Яфетті Абдулджа (Алаша) 

деп атап кеткен, әрі өздерінің түп бабасы Алаша деп таниды. Алаша хан көшпелі 

болған, оның жазғы жайлауы  Ортау мен Қазтауы, сол жақта Инаншы деген қала 

да бар. Алаша ханның қысқы қонысы да сол маңда – Борсық, Қақиян, Қарақұм 

жерінде [8,81-82]. Міне, осы деректерде сөз болатын Алаша хан мазары Рашид 

ад-дин еңбегінде сөз болатын Ортау мен Қазтауынан аса алыс емес, Орталық 

Қазақстанның Ұлытау ауданы жерінде. Ескерткіштің жалпы кө лемі 9,73х11,9 м. 

Биіктігі 10 м. Ескерткіш қазір мемлекет тарапынан қорғауға алын ған. Ал Ала-

ша ханның қай мезгілде өмір сүргендігі туралы пікірлер әр текті. Ғ.Мұсабаев 

– Іле өзені бойынан табылған тастағы жазуға сүйеніп, Алашты ғұн дәуірі не-

месе б.з.б. ІV ғасырға тән деген болжам айтса,[24,27], А.Сейдімбеков Алаш пен 

Алаша  ханды  екі  тарихи    тұлға  ретінде  қарастырып,  мазарға  қатысты  Алаша 

хан  тарихын  әрі  қойғанда  VІ-VІІ  ғғ.  Оғыз  ортасынан,  бері  қойғанда  Х-ХІ  ғғ. 

Қарахан  заманынан,  тіпті,  ХІІ-ХІІІ  ғғ.  Шыңғысхан  дәуірінен  іздеу  қажет  дей 

отырып,  мазардың  ХІ-ХІІ  ғғ.  салынғанына  тоқталады.  Алаша  хан  мазарының 

иесі Алаша хан туралы шежіре, аңыздар  ХVІІІ-ХХ ғғ. арасында қазақ даласын-

да болған орыс тілді зерттеушілер еңбектерінен де мол көрініс береді. Мәселен, 

ХVІІІ  ғасырда  Петербург  ҒА-ның  мүшесі  Г.Ф.Миллер  Алаша  хан  есімінің 

1489-1508 жылдардағы дипломатиялық жазбаларда жиі ұшырасатынын айтса, 

[25,163-250], ХІХ ғасырда зерттеуші Н.И.Красовский үш жүзді Алашаның үш 

әйелінен (Болған ана, Талмас Ана, Белең Ана) тарайтыны туралы жазған. Осы 

аталған аналардың бейіттері күні бүгінге дейін Орталық Қазақстандағы Сары-

су,  Кеңгір  өзендерінің  бойында  сақталып  қалған.  Олар  –  Болған  ана,  Талмас 

ана, Белең ана мазарлары деп аталынады. Бұл деректер Алаша ханның аталған 

өңірде мекендегенін растай түседі. Алаша хан мазары салынған өңір – оғыздар 

мен қыпшақтардың ежелгі мекендері. VІІІ ғасырда құлаған түркі қағанатынан 

соң да Орталық Қазақстанның ұлан-ғайыр даласын түркі тайпасы мекендеп қала 

берген  [26,62].  Алаша  хан  этнонимінің  халықтық  этимологиясы  Г.Н.Потанин, 

Ш.Уәлиханов,  Ә.Диваев,  А.Левшин,  А.Янушкевич  еңбектерінде  ұшырасады 

[27,50-51]. Онда дүниеге келген баланың алапес (бетінде ала дағы бар) болуы-

на байланысты Алаша аталғаны туралы айтылады [28,179-180]. Этноним  ала 

түбіріне «ша» жұрнағы жалғану барысында жасалған, мағынасы «денесі мен бет 

пішіні ала адам» дегенді білдіреді. Монғол үстемдігі заманында Европа король-

дары мен Рим папасы түрлі саяси мақсатпен монғолдарға бірнеше рет Қазақстан 

территориясы арқылы елшіліктер жіберген. Мәселен, 1245 жылы ІV Иннокен-

тий папа итальяндық Плано Карпиниді, 1253 жылы Франция королі ІХ Людовик 

Вильям Рубрукты монғолия хандығына аттандырған [13,44-45]. Алайда олардың 

еңбектерінде    Орталық  Қазақстанға  тән  топонимдер  ұшыраспады.  Академик 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет