63
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
жылы латынға көшіп, көзі жарқ етіп ашылғандай болды. Бірақта, бұл көшудің
өзінде де кемшіліксіз боғанымыз жоқ» [2, 248].
Жұмысымыздың материалы ретінде 1931 жылы шыққан «Әйел теңдігі»
журналынан және 1940 жылы шыққан «Социалистік Алтай» газетінен қазақ
есімдерінің латын әліпбиі бойынша жазылуын қарастырдық.
1931 жылы шыққан «Әйел теңдігі» журналының №1-2-3 нөмірлерінде
пунк туацияға аса мән берілмеген. Журналдағы мақалаларда бас әріп мүлдем
кездеспейді. Жалқы есімдердің барлығы кіші әріппен жазылған. Бұлайша жа-
зу үрдісі араб жазуының әсерінен болуы мүмкін. Араб жазуындағы тыныс
белгілер жайында Р.Сыздық мынандай пікір айтады: «Жазба мәтіндерде тыныс
белгілерінің ережелерін түзу (жасау) және оны пайдалану проблемасы қазақ
мәтіндерінде ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында көтеріліп, ХХ ғасырдың
басында дұрыс, сауатты жазу үшін пунктуация өте қажетті проблема екендігі
орнықты. Араб таңбалы жазуда тыныс белгілерінің жоқ болғандығы, бас әріп
таңбасының жоқтығы мәтінді дұрыс жазуға, түсініп оқуға кедергі келтіретіндігі
сөз болды. Әсіресе «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттері жарық
көре бастағанда, тыныс белгілерін қолдану әрекеті басталды. «Синтаксистік
тұтастық» (период) деп аталатын мәтін сегменттерін (бөліктерін) айырып азат
жолдан (абзацтан, жаңа жолдан) бастап жазу да осы кезде көрінді. А. Бай-
тұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде, ХХ ғасырдың басында шығып
тұрған «Қазақ», «Айқап» газеттерінде кеңінен орын алды. Араб жазуымен
ұсынылған мәтінде орын алмаған (және орын алуы мүмкін де емес) мәселе –
бас әріптің қолданылуы болып қала берді, сондай-ақ дефис пен сызықшаның
қолданысы, оқшау сөздердің сөйлемдегі өзге сөздерден тыныс белгілерімен,
көбінесе үтірмен бөлектетіліп көрсетілуі сияқты пунктуацияның жеке тұстары
да әлі айқындалып, тұрақталмағандығы көрінді» [3].
Журналда барлық сөйлемдер кіші әріппен басталғанымен, мақала мәтініндегі
жаңа логикалық ой азат жол арқылы бөлініп отырған. Ал журналдың №11-12
нөмірлерінде кісі аттары, жер-су аттары, жалпы жалқы есімдер бас әріппен
беріліп отырған.
1929 жылы қабылданған латын әліпбиінде сөздердің жуан не жіңішке айты-
луына байланысты қабылданған ij, ьj, uv, yv қос дыбыстар біраз дау тудырған.
Кейінірек бұл қос дыбыстарды бір ғана «i», «u» таңбаларына ауыстырылды.
«Әйел теңдігі» журналында ij, ьj, uv, yvқос дыбыстармен жазылған антро-
поним, топонимдер кездеседі: nurim kelini qazьjna, Qanapьja ǝjeli Bǝʙic, ijbano
basnesen, ʙǝkyv.
Журналдың аталған нөмірінде Çetpispaj qьzь және Çetpisʙaj qьzь деп екі түрлі
жазылған, яғни алғашқысында «р» (п) таңбасымен берілсе, соңғысында «в» (б)
таңбасымен берілген.
Антропонимика